Банк клиенттері


Карагандинский экономический университет
Казпотребсоюза
Кафедра «Банковский менеджмент и финансовые рынки»
КУРСОВАЯ РАБОТА
По дисциплине «деньги, кредит, банки»
На тему: «Банктік маркетинг және оның ерекшеліктері»
Выполнила: Сакенова Г. С.
Научный руководитель Жукенова М. А.
к. э. н, ст. пр.
Қарағанды 2021
МАЗМҰНЫ
1. КІРІСПЕ
1. 1. Коммерциялық банктердің маркетинг қызметінің экономикалық негізі
1. 2. Банктік маркетингінің түсінігі, мәні, функциялары
1. 3. Банктік маркетингінің ерекшеліктері
1. 4. Банктік өнімдер нарығының қалыптастыруындағы маркетингтік қызметтердің рөлі
2. Коммерциялық банктердің маркетинг қызметтерін талдау («Қазақстан халық банкі»)
2. 1. Банктік маркетинг қызмет көрсету нарығының сипаттамасы
2. 2. Банктерде жүргізілген негізгі маркетинг зерттеулер
2. 3. Банктік маркетинг өнімдерін талдау
3. Коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерін жетілдіру жолдары және оның тиімділігі
3. 1. Маркетинг қызмет нарығында туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3. 2. Маркетинг нарығындағы туындайтын мәселелерді шешу жолдары
3. 3. Банктік маркетинг дамуындағы жаңа тенденциялар және оны Қазақстанда қолдану
4. ҚОРЫТЫНДЫ
5. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТТЕР
КІРІСПЕ
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Банк өзіне жаңа клиенттерді тарту үшін нарыққа жаңа өнім немесе жаңартылған өнім шығару қажет. Баніктік маркетингті пайдалана отырып, банктер нарыққа сапалы өнім шығара алады. Банктік маркетингтің теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну тақырыптың мақсаты болып табылады. Міндеті - банктік маркетингке анықтама беру, түрлерін, тәсілдерін және Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- банк маркетингінің теориялық аспектілерімен танысу
- жаңа банк өнімдерін бағалау және талдау
- банк өнімдері нарығының дамуының бағыттарын анықтау
- банк өнімері нарығында туындайтын мәселелерді қарастыру және шешу жолдарын анықтау
Жұмыстық әдістемелік негізі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнамалық және нормативтік актілері банк істеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актілері, Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің материалдары қолданылады.
Зерттеудің пәні - коммерциялық банктердегі маркетингтік дамуының қазіргі жағдайы.
Зерттеудің объектісі - банктердегі маркетингтің жағдайы және жетілдіру жолдары.
Курстық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Коммерциялық банктердегі маркетингті отандық және шет елдік экономистердің ғылыми еңбектерінде жан - жақты зерттелген. Виноградова Т. Н, Колесникова В. И, Искакова Л. Н, Усоскин В. М сияқты экономистердің еңбектерінде банктік операциялардың мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.
1. Коммерциялық банктердің маркетинг қызметінің экономикалық негіздері
1. 1. Банктік маркетинг түсінігі, мәні, функциялары
Маркетингтің пайда болуы тарихи көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға, саясат және жарнама) ақшалай - тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады.
Экономиканың, социологияның және басқарудың түйіскен жерінде дербес ғылым ретінде болатын маркетингтің теориялық негіздерін американдық Сайрес Маккромик (1809 - 1884 жж. ) жасады. Тарихта ол алғашқы комбайынды құрастырушы ретінде белгілі. Тек техникалық білімі болса да, ол нарықты зерделеу және талдау, баға саясаты мен сервистік қызмет секілді қазіргі маркетингтің бағыттарын құрып кетті. Маркетинг кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде өнеркәсіпте 50 - ші жылдары кеңінен тарады. Банк саласына 60 - жылдары банк қызметін еңбек жемісін сақтайтын сала ретінде кейіннен ене бастады. 1970 - ші жылдары банктер өздерін және өздерінің қызметтерін жарнамалай бастады. Кейінгі 80 - ші жылдары банк маркетингінің коммерциялық банктерді басқарудың тұтас жүйесі ретінде рәсімделімен сиппатталды. Қазіргі таңда банктер маркетингтің әдістері мен тәсілдерін пайдаланып жүр.
Банктік маркетинг - бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктердің жақсы білуі. Банктік маркетинг « банк өнімдерін » көбейтуге бағытталған (банктік операция, қызметтер) қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүргізеді. Оған мыналар жатады:
- Маркетингтік зерттеулерді жүргізу, ақпараттарды жинау, талдау
- Банк өнімін жасау
- Көрсетілген қызметтер мен операцияларға баға белгілеу
- Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру
Банктік маркетингте клиент басты орын алады. Банктің басты тұлғасы банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе қызметтерді көрсетуге тиіс екендігін клиенттер алдын ала болжайды.
Ороро
Банк қызметтері - қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны клиенттер сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін тигізеді. Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты аса маңызды рөл атқарады. Ол келесідей алты кезеңнен тұрады:
- Баға белгілеу міндеттерін қою.
- Сұранысты анықтау.
- Шығындарды бағалау.
- Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.
- Баға белгілеу әдісін талдау.
- Түпкілікті бағаны белгілеу.
Банктік маркетинг функциялары. Банк маркетингі арнайы функцияларға ие. Ол - банк өнімдерін өткізу бағытындағы банктің маркетингтік әрекеті түрлерінің қосындысы.
Банктік маркетингтің функциялары :
- ақпарат жинау
- маркетингтік зерттеулер
- банктік өнімді шығару және айналысқа түсіруді жоспарлау
- жарнама
- банк өнімдерін айналымға енгізу
Банк өнімдерінің болуы ол қаржы нарығындағы бәсекелестіктердің тұрақтылығымен сипатталады. Банктің бар әрекеті жаңа банк өнімін шығаруға бағытталған. Бұдан банктің әрекеті көлемі, рентабельдік деңгейі, салынған капиталдағы пайда нормасы және өзге де көрсеткіштер көрінеді.
1. 2. Банктік маркетингінің ерекшеліктері.
Банк сферасындағы маркетинг ерекшелігі ең алдымен банк өніміне байланысты. Ол банк жасаған кез - келген қызмет не операция банк әкімшілігі мен оның барлық қызметтерінің саясатының мақсаты - клиенттерді тарту, өз қызметтерін тарату, өз қызметтерін тарату сферасын кеңейту, нарықты жаулап алу, алынатын түсімді көбейту болып табылады. Осыдан келіп мәні мен мақсаты қаржы нарықтарында бәсекелестігі күшейіп бара жатқан банк маркетинг жұмысының тиімділігі келіп шығады. Маркетинг - үлкен дайындықты, терең және жан - жақты талдауды қажет ететін, банк бөлімшелерінің басшысынан төменгі бөліміне дейін белсенді жұмыс істеуді қажет ететін банк философиясы мен стратегиясы. Маркетингтік бағыт банктің өз өніміне емес, алдымен клиент сұранысына икемделуін талап етеді. Сондықтан нарықты жете зерттеп, өзгеретін талғамдарды талдау, банк қызметтерін тұтынушылар сұранысын білу аса қажет. Банктік маркетингті клиенттер сұранысына сай банктің ең түсімді банк өнімдерін іздеуі және қолдануы ретінде көрсетуге болады. Бұл банктің мақсаттарын анықтап нақты жету жолдары мен тәсілдерін және арнайы шараларды ұйымдастыруға септігін тигізеді. Сөйтіп банктік маркетинг бір мақсатты орындауға, бағытталады: шаруашылықтағы уақыт босаған ақша құралдары мен кірісті дұрыс пайдалану.
Банктерде маркетинг аясында келесі принциптерді жүзеге асыру керек:
- Нақты нарық мақсатқа жету үшін барлық қызметкерлердің қосыла жұмыс істеуі.
- Маркетинг әрекетінің кешенділігі (жоспарлау, талдау, жүйелеу, бақылау) .
- Маркетингтің преспективті және ағымдағы жоспарлауының біртұтастығы.
- Қабылданып жатқан маркетингтік шешімдерді бақылауға алу.
- Банктегі әр қызметкер жұмысының жан - жақты әрі белсенді болуына қолдау көрсету.
- Қызметкерлердің үнемі өз санатын көтеруге қызығушылық танытуын қамтамасыз ету.
- Банк коллективінде жайлы психологиялық климат құру.
Клиентке өзге нәрсе емес, жүзеге асырылып жатқанды ұсыну - банктік маркетинг бағытының негізі болып табылады.
Банктің маркетинг әрекетінің ерекшелігі үнемі өзгерісіне ұшырап тұратын әралуан факторларды қалыпты ұстап отыруында жатыр.
Банктік маркетингтің негізгі тәсілдері - клиентпен сөйлесу, акционерлік дивиденттер келуін қадағалау, өзге несиелік және банктік емес мекемелермен салыстырғанда осы банк қызметтер ерекшелігін клиентке ұғынықты жеткізу, қызметтерді сатуға қызметкерлердің материалды қызығушылығын туғызу.
Қазіргі кезде тікелей маркетингке көп назар аударылуда. Өйткені ол клиентті қызметтермен таныс етіп қана қоймай, оны бірден әрекет етуге итермелейді.
Сонымен, банктік маркетингтің ерекшелігі - бұл клиенттерді тарту және көрсететін өз қызметтері көлемінің аясын кеңейту болып саналады.
Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмендегідей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу болып саналады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz