Медицина қызметкерлерін қолдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстанның медициналық жүйесі жаңа пандемияға дайын ба?

КІРІСПЕ

Dictionary.com сәйкес 2020 жыл сөзі пандемия деген сөз болды.

Коронавирустық инфекцияның бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда таралуынан туындаған пандемия түрлі салаларға қатты әсер етті және өмірімізді дейін және кейінге бөлді.

Ол халықтың денсаулығы -- ұдайы көңіл бөлуді, қамқорлық пен нығайтуды талап ететін ең үлкен құндылық екенін көрсетті.

Жаңа аурудың күтпеген жерден пайда болуы және кенеттен енгізілген карантиндік шектеулер дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесінің "заманауи обаға" қаншалықты дайын еместігін көрсетті. Барлық елдердің үкіметтері COVID-19-ға қарсы күресте бірікті. Қазақстанда да денсаулық сақтау саласын қолдау және қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мемлекеттің белсенді қолдауы мен саясатының арқасында біз дағдарыс кезеңінен өтіп, біртіндеп пандемияға дейінгі өмірге орала бастадық.
Алайда, COVID-19-дан кейін әлем келесі пандемияға жақсырақ дайын болуға шақырылды. Бұл үндеулер індетті алдын-ала болжауға және болдырмауға немесе оның таралуын тиімді түрде ұстап тұруға болатындықты сезіну арқылы әлеуметтік-экономикалық күйзелістерге азырақ әкеліп, өлім-жітімнің алдын алуға мүмкіндік берер еді. Бұл солай ма?

Қазақстанның медициналық жүйесі 2020 жылы пандемиямен қалай күресті?
2021 жылы жағдай қалай өзгерді?
Жағдайды жақсарту үшін қандай шаралар қолданылды?
Болашақта денсаулық сақтау жүйесі қандай бағытта өзгереді?
Мен өз жұмысымда осы сұрақтарға жауап беруге тырысамын.

Менің жұмысымның мақсаты: деректерді зерттеу және талдау, олардың негізінде жақын болашақта қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің даму гипотезасын жасау.

Ал басты міндет - пандемияның күрделі кезеңінде Қазақстанның қалай күрескенін, қандай шаралар қолданылып, осы қиын-қыстау жылда медицина саласының қалай дамығанын білу.

Жоғарыда аталған сұрақтарға жауап алу және мақсатыма жету үшін мен келесі әдістерді қолдандым:
1) Мен мемлекеттік статистикамен таныстым және депутаттар мен министрлердің пандемиямен байланысты жағдайға қатысты жауаптарын талдадым, сондай-ақ 2020 және 2021 жылдардағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат туралы ақпарат алу үшін әртүрлі Интернет-ресурстарды зерттедім.
2) Мен SurveyMonkey платформасында сауалнама жүргіздім. Талдау жүргіздім және алынған мәліметтер негізінде тұрғындарды қолдау және COVID-19 таралу мәселелерін шешу жөніндегі мемлекеттік саясатқа тұрғындардың көзқарасын анықтадым.
3) Жағдайды екінші жағынан көру және оны ішкі жағынан бағалау үшін мен пандемия кезінде пациенттермен тікелей жұмыс істеген дәрігермен сұхбат жүргіздім және барлық жағдайды өз көзіммен көрдім.
4) Сондай-ақ Қазақстандағы ахуалды көрнекі түрде көрсету үшін мен шет елдердің тәжірибесін талдап, біздің жағдайларымызбен салыстырдым.
Осының барлығы маған Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің барлық оң және теріс жақтарын объективті бағалауға мүмкіндік берді.
Деректер SWOT кестесі форматында ұсынылған.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

НЕГІЗГІ БӨЛІМ (400)
1. 2020 ЖЫЛДАҒЫ ПАНДЕМИЯ
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша,
Қазақстанда COVID-19 ауруының алғашқы жағдайы 2020 жылғы 13 наурызда тіркелді. Ол 2020 жылдың 9 наурызында Германиядан келіп, үй карантинінде болған Алматы қаласының тұрғыны еді. Үш күннен кейін, 16 наурызда, мемлекет басшысымен Төтенше жағдай режимі енгізілді.
Төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша:
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
ҚР Премьер-министрі орынбасарының төрағалығымен Қазақстанда коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Ол комиссия қазіргі уақытта да жұмысын жалғастыруда.
ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы базасында қазіргі уақытта тәулік бойы жұмыс істейтін қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі Жедел орталық құрылды.
Қазақстанда коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде, оның ішінде теміржол, автомобиль, әуе, теңіз көлігі нысандарында 2020 жылғы 31 қаңтардан бастап санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілді.
Шұғыл түрде КВИ таралуына қарсы іс-қимыл Жоспары қабылданды.

Сурет 1. COVID-19 жаңа толқынына дайындық аясында өткізілген іс-шаралар тізімі.
Қабылданған шаралар КВИ ауруын тежеді және мамыр айына дейін қатаң карантин режимінің арқасында қалыпты болды. Тұрғындарға үйде болуға, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып - бұл маска режимі, қолды дезинфекциялау, қолғап кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау, тек дүкенге, дәріханаға және далаға қысқа серуенге шығуға кеңес берілді.
2020 жылдың 11 мамырынан бастап қатаң шектеу шараларын жеңілдету басталды. Өкінішке орай, бұл тұрғындардың сақтық шараларын қатаң сақтамауына, ал ол өз кезегінде белсенді сыртқы және ішкі көші-қоны бар ірі қалаларда инфекцияның таралуына жол берді.
Осыған байланысты шектеу шараларын 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап күшейту туралы шешім қабылданды. Бұл шаралардың енгізілуі Республикадағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әкелді.
Карантин енгізілгеннен кейін инфекцияның таралу қарқындылығын сипаттайтын көрсеткіштің - инфекцияның репродуктивтілігі көрсеткішінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалды.

Сурет 2. 2020 жылдан 2021 жылға дейінгі күндер бойынша инфекция жұқтырғандар саны.
2. 2021 ЖЫЛҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
2021 жылы қазақстандықтардың өмірінде короновирустық инфекциямен байланысты және пандемияға дейінгі өмірді қалпына келтіруге бағытталған 2 ауқымды өзгеріс болды: "Ashyq" қосымшасын енгізу және мемлекет тарапынан вакцинациялаудың белсенді саясаты.

1) Ashyq

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен (ДСМ) бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша деректерді бақылау және талдау үшін "Ashyq" қосымшасын әзірледі.

Ashyq - бұл қоғамдық орындарға келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Кірер алдында пайдаланушы арнайы QR кодын сканерлейді және оны кіреберістегі әкімшіге ұсынады. "Ashyq" мобильді қосымшасы QR-кодты пайдалану және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялау есебінен келушінің мәртебесін анықтауға мүмкіндік береді:
* жасыл мәртебе - келуші деректер базасында COVID-19 ПТР-тестілеу бойынша теріс нәтижелі адам ретінде көрсетілген;
* көк мәртебе - ПТР тестілеу нәтижелері жоқ, байланыс жасаушы ретінде есепке алынбаған;
* сары мәртебе - деректер базасында байланыс жасаушы ретінде көрсетілген;
* қызыл мәртебе - базада COVID-19-ға оң нәтижемен тіркелген.

Бұл қосымша бизнес үшін карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға, сонымен қатар COVID-19-дың таралу қаупін азайтуға және жұқтыруға әкелетін байланыстар санын азайтуға мүмкіндік береді.

2021 жылғы 26 ақпанда Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов азаматтарға көптеген нысандарға ПТР-тестілерсіз баруға мүмкіндік беретін Ashyq жобасын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Қосымшаны пайдалану кәсіпкерлер үшін де, қарапайым тұрғындар үшін де тегін.

2) Вакцинация

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды.

Қазақстанда барлығы 10 млн адам вакцинациялауға жатады. Коронавирусқа қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін шалғай өңірлерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде 233 көшпелі егу бригадалары жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының кез келген азаматы тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде КВИ-ға қарсы профилактикалық егуді тегін ала алады.

Қазақстан Республикасында азаматтарға профилактикалық егуді вакциналарының бес түрімен: "Спутник V", "QazVac", "Hayat-Vax", "КоронаВак" және "Синофарм" алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген.

КАЗВАК туралы толығырақ.
2020 жылғы 9 мамырда қазақстандық ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірледі. Вакцина қауіпсіз технология бойынша иммуностимуляторды қосу арқылы өлтірілген вирустан жасалды. 15 мамырда ДДҰ оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы барлық вакциналар бірдей қауіпсіз және тиімді. Бұл екпеден кейін вируспен тікелей байланыста болған 100 егілген адамның кем дегенде 91-ін аурудан қорғайды, сонымен қатар егілгендерді аурудың ауыр зардаптарынан қорғайды.

Екпені бірнеше жерде алуға болады:
тұрғылықты жері бойынша емханада;
тұрғылықты жеріне байластырусыз егу пунктінде.
Егу пункттері сауда - ойын-сауық орталықтарында және базарларда орналасқан. Бірақ алдын ала қоңырау шалып, вакцинаның бар-жоғын нақтылап алу қажет.

Қазақстанда вакцинация жүргізу ерікті болып табылады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 77-бабының 18) тармақшасына сәйкес кез келген медициналық шара, оның ішінде вакцинация егілушінің ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі. Ақпараттандырылған келісім ақпараттандырылған келісімге қол қою және күнін көрсету арқылы құжатталады.

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында вакцинацияның электрондық төлқұжаты, басқаша айтқанда, вакцинацияның медициналық тарихы енгізілді. ВЭТ-та азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация шарасын өткізу кезеңдері, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат жазылады.

Сонымен қатар, вакцинацияны халық арасында ілгерілету мақсатында мемлекетпен келесі акциялар өткізілуде:

1) Ұтыстар мен жүлделер. Мысалы, Қазақстанда вакцинациялау қарқынын жеделдету үшін 2021 жылы MEGA сауда ойын-сауық орталығында коронавирусқа қарсы егілгендер арасында "Астана Моторс" компаниясынан Hyundai Accent автомобильдерінің ұтыс ойыны өткізілді. Акция Алматы және Нұр-Сұлтан әкімдіктерімен бірлесіп өткізілді. Мұндай акциялар әр түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр, жақында вакцинацияланған адамдар арасындағы автомобильдердің ұтыс ойындарын Польша, АҚШ, Ресей, Индонезия, Қытай және т. б. елдердің үкіметтері өткізе бастады.

2) Халықтың барлық топтарын вакцинациялау үшін әртүрлі вакцина түрлерін сатып алу. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Pfizer компаниясынан Сomirnaty коронавирусына қарсы вакцинаның 4,2 млн дозасын сатып алды. Бұл 2,1 млн адамды қамтуға мүмкіндік береді. Осы препаратпен вакцинациялау үшін 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйел адамдар бекітілді.
3) медициналық қызметкерлер, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің қызметкерлері мен контингенті, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері сияқты тәуекел топтар үшін тегін вакцинациялауды жүзеге асырады.

Сурет 3. 2021 жылы Қазақстанда екпе алған тұрғындар саны

1. ШАРАЛАР
Техникалық жарақтандыру
Медицина қызметкерлерін қолдау
* Медициналық көмек көрсету форматы қайта қаралды. Осылайша, 259 Денсаулық сақтау ұйымы қосылған ұлттық телемедициналық желі арқылы консультациялық қызметтер көрсету белсенді дами бастады. Бұл ретте республикалық клиникалардың мамандарымен өңірлік стационарларда ем қабылдап жатқан пациенттерге консультация берілуде.
* Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдері қайта қаралды, сондай-ақ шалғайдағы ауылдық пункттер үшін көлік медицинасын жаңғырту бойынша шаралар қабылданды.
* Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында КВИ диагностикасына 145 зертхана және 64 биологиялық материал алу пункті (оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханалары - 25, жеке зертханалар - 57, медициналық ұйымдар зертханалары - 60, ветеринариялық зертханалар - 3) тартылды. Іске қосылған барлық зертханалардың жалпы қуаты тәулігіне 108 319 зерттеуді құрайды.
* 2020 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20%-ға өсті.
* Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру және олардың қызметін кәсіби қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс шеңберінде медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту және ізгілендіру, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруды кезең-кезеңімен енгізу көзделген);
* Ауылдық елді мекендерге келген жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі (2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджет шеңберінде көтерме жәрдемақы 12,4 % (717 маманның 89-ы), тұрғын үй - 3,6% (717 маманның 26-ы) төленді.
* Медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі күшейтілуде (медицина кадрларын даярлауға арналған гранттар 1500 орынға дейін ұлғайтылды, 2020 жылы жалпы сомасы 639 млн теңгеден астам сомаға 15 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды).
* Жатақханамен қамтамасыз ету, коммуналдық шығындарды, байланыс қызметтерін өтеу, жалдау төлемдерін әлеуметтік төлеу, балабақшалардан орын бөлу, ерлі-зайыптыларды жұмысқа орналастыру және т.б. арқылы дәрігерлерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

2. БОЛАШАҚ
Тұрғындарға, әсіресе ауылдық жерлерде, медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында амбулаториялық-емханалық көмектің қолжетімділігін жақсарту, сондай-ақ диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, аудандық ауруханаларда мамандандырылған медициналық көмекті дамыту және нығайту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені қабылданатын болады.
Сондай-ақ жаңа ауруханалар, соның ішінде короновирустық науқастар үшін мамандандырылған ауруханалар салынады. Бұл салада ілгерілеушілік байқалады, мысалы, Көкшетау қаласында 2021 жылы жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Жаңа инфекциялық орталық барлық заманауи талаптарға сай.

Сурет 4. Көкшетау қаласындағы жаңа жұқпалы аурулар ауруханасынан алынған сурет.

Сонымен қатар, 2022 жылы денсаулық сақтау жүйесінің алдында мынадай міндеттер тұр:
- биологиялық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;
- 15 млн-ға дейін халықты КВИ-ға қарсы вакцинациямен қамтамасыз ету;
- 200-ден астам жаңа АМСК нысандарын салу;
- медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру.
ӘДІСТЕР (500-600)
1. САУАЛНАМА
2. Мен 2021 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында пандемия кезінде мемлекет жүргізіп отырған саясатқа халықтың көзқарасын және адамдардың 2020 және 2021 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне қаншалықты риза болғанын білу мақсатында "SurveyMonkey платформасында Қазақстан пандемияны қаншалықты жеңе алды? деген тақырыпта сауалнама жүргіздім. Сауалнамаға 25 адам қатысты.
Сауалнама көрсетті:
1) қатысушылардың 52% - ы қыздар, ал 48% - ы ер адамдар.
2) қатысушылардың жасы 12-ден 70-ке дейін болды. Алайда, көпшілігі 41-50 жастағы топқа жатады.
3) 86. 77% короновируспен ауырған, ал 13.33% бұл ауруды сезінбеген.
4) Қатысушылардың 20% - ы ауырмаған, ал 33.33% - ы қатты ауырған. 46.67 %-ы коронавирустың симптомсыз түрімен ауырған.
5) Басым көпшілігінде, атап айтқанда адамдардың 93.33%-ында туыстары мен жақындарының бірі ковидпен ауырған.
6) Нәтижесінде қатысушылардың 80%-ы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесімен тікелей бетпе-бет араласқан.
7) Пікір тең бөлінді: 40%-ы Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін "3"-ке бағалайтынын білдірді, ал 40%-ы "4" - ке бағалады. Алайда оны "2" (6.67%) және "5" (13.33%) деп бағалағандар да болды.

Кейбір жауаптар мынадай үлгіде болды:
* Маған жақсы көмек көрсетілді, мен бәріне ризамын
* Мен жаңа салынған ауруғанада жатқан болатынмын. Сол жерде болған аппаратура маған ұнады, алайда, дәрігерлер оны қалай қолдануды білмейтіні сезілді. Сонымен қатар, кей дәрігерлердің тәжірибесі көп болса да, ескерілген емдеу жолдарын қолданатыны маған ұнаған жоқ
* Маған көмек уақытымен көрсетілді және, қуанышыма орай, жақсы дәрігерлерге тап болдым, бірақ аппаратура тым ескі болды.
* Көрсеткен көмектеріне көңілім толмады
* Барлық науқастарды бірдей емдейді. Әр кісіге бөлек карау керек қой
* Көптеген факторларды ескермейтін хаттама арқылы емдей беретіні маған ұнамады, сол себептен 3 бағасын қойдым
* Компетенциясы жоғары медициналық мамандар аз, олар емханада жұмыс істейді, ал поликлиникада білімі, тәжірибесі аз мамандар қабылдау жүргізеді (терапевтер). КМИС деген программасы ұзақ жұмыс істейді, соның кесірінен кезек жиналады. Кейін шаршағанынан Авиценна (жеке аурухана) сияқты жерлерге барып тұруға мәжбүр боласың. Себебі олардың көмектерімен мен сауығып кеттім
* Көмекті уақытымен көрсететін болса да, оның сапасы жоғары деп бағалай алмаймын. Сонымен қатар, аурухана қызметкерлері әрдайым жақсы бола бермейді.

8) 80%-ы жағдай жақсы жаққа өзгерді және жүйе осы кезеңде дами алды деп ойлайды. Тиісінше, 20%-ы бәрі сол бір қалыпта, еш өзгеріс байқалмағанын айтады.

9) Бұдан әрі Болашақта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі қандай болуын қалайсыз? деген ең көп таралған сұраққа жауаптар ұсынылады:
* Қазақстандағы медицина халықаралық деңгейге шығып, бәсекеге қабілетті болады
* Келешекте шетелдік стандарттарға сай келетін ауруханалар пайда болатынына және жақсы дәрігерлердің көбейетініне сенемін
* Болшақта денсаулық сақтау жүйесінің сапасы артатынына сенемін
* Бәрі жақсы болады
* Шет мемлекеттер деңгейіне жетеміз
* Неғұрлым заманауи және сандық
* Оңтүстік Корея деңгейінде болатындығымызға үміттенемін
* Сапасы артылса екен деп үміттенемін
* Болашақта бізде медицина сапасы артатынына және жақсы дәрігерлердің көбейетініне сенемін.

3. СҰХБАТ
Мен ауруханада жұмыс істейтін және пандемия кезінде адамдарға көмектескен дәрігер Болат Абишевпен сұхбат жүргіздім. Ол менің сұрақтарыма келесідей жауап берді:

1) Қазақстанның медициналық жүйесі 2020 жылы пандемиямен қалай күресті?
"Қазақстанның медициналық жүйесінің 2020 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соvid-19 инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастырудағы мейіргердің рөлі
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде
Қазақстан Республикасысының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы денсаулық тақырыбы
Персоналды дамыту әдістері
Биомедициналық этиканың теориялық негіздері
Мейіргер қызметкерлерімен өзара әрекеттесетін халықаралық ұйымдар
Пәндер