Онлайн жеткізу саласындағы ірі компаниялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Шымкент қаласы
химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Бағыты:
Бөлімше:
Тақырыпша: Короновирустық пандемия жағдайының Қазақстандағы онлайн жеткізу бизнесіне әсері қандай болып жатыр?

Орындаған: Махан Азат
Жетекшісі: Бейсенов Мәди

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Pest талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе

Тақырып өзектілігі: Соңғы жылдар ішінде орын алып отырған оқиғалар мен түрлі процестер, атап айтсақ коронорвирустық пандемия бүкіл әлемдегі дүр сілкіндірді. Бұл адамзаттың өмірін осы жайтқа дейін және кейін деп бөлетін жағдайға алып келді. Адамзат үшін бұл пандемияның зияны көптеген салаларда байқалды адамдардың психологиялық жағдайынан бастап экономикалық, политикалық деңгейге дейін. Короновирус пандемиясы 2019 жылы 17 Қарашада Қытайда ең бірінші болып тіркелген. Ал Қазақстанға алғаш рет 2020 жылы 13 наурызда 2 адамнан табылып күннен күнге таралып кеткен. Сол себепті 16 наурыздан бастап республикада 11 мамырға дейін әрекет ететін төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл режим елімізде түрлі шектеулер мен адамдар арасындағы дистанция ұстау секілді шарттарға алып келді. Сол себепті күллі халық өз үйлерінен шыға алмай төрт қабырғаның арасында қалып койды. Бұл Қазақстандағы орта және кіші бизнестің құбылмалы болуына алып келді. Пандемияға дейін өзекті болған бизнестер сұраныстан шығып үлкен зардап шегті ал кейбіреулері өте өзекті болып пайдағы кенелді. Соның ішінде онлайн жеткізу бизнесі де орын алып отыр.
Онлайн жеткізу саласы Қазақстан нарығында өте жас бизнестердің бірі болып табылады. Бұл төтеше жағдай кезінде жабылған түрлі офлайн бизнестердің сандық форматқа көшуіне үлкен көмегін тигізді. Түрлі мейрамханалардан, супермаркеттерден, дәріханалардан өндірілетін шикізатты тұтынушыға цифрлік бағдарламаны қолдана отырып есігінің алдына дейін жеткізіп беру мүмкіндігін берді. Бір ерекшелігі бизнес тек өзі өркендеп қоймай қатарлас бизнестердің зардап шекпеуіне алып келді. Сондай-ақ, онлайн жеткізу саласы "сұраныс бойынша" кез-келген нәрсені жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік берді.
Алайда онлайн жеткізу бизнесінің осындай жетістіктерге жетуіне Қазақстан нарығының өте қызықты болуында. Бізде смартфондардың жақсы енуі - азаматтардың 70% - ында смартфондар бар және 88% Интернетке қол жетімді, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Сондықтан Қазақстанда осы саланың күрт дамуы таңқаларлық емес. Сонымен қатар бұл көрсеткішті Қазақстандағы "Glovo" бас директоры Кәрім Богуспаевта дәлелдеп отыр. Екі айлық карантиндік режим барысында Glovo қосымшасын жүктеу саны 2 есеге артты. Сервис осы көрсеткіш бойынша нарықта жетекші орынға ие болды. Glovo - да тапсырыс саны 34% - ға, ал орташа чек 24% - ға өсті. Glovo компаниясы өзге елден келген бренд болып табылады және сонымен қатар және екі компанияда Қазақстан нарығына көз салып осы бағытта инвестициялар жасаған. Бұл Елбасымыздың жолдауында айтылған "Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты." мәселелер жүзеге асып отырғанын көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы пандемиялық режимнің арқасында өзгеріске ұшыраған онлайн жеткізу бизнесінің еліміздің экономикасына қалай әсер етті, осы мәселені зерттеу болып табылады.
Зерттеу сұрақтары:
Онлайн жеткізу бизнесінің пандемияға дейінгі өзектілігі кандай еді?
Онлайн жеткізу бизнесі пандемия кезінде қаншалықты өзекті болды?
Онлайн жеткізу бизнесі Қазақстан экономикасының дамуына қалай әсер етті?
Бұл бизнес короновирус пандемиясынан соң да өзекті болып қала бермек пе?
Зерттеу әдістері: Интернеттегі ақпаратты зерттеу, талдау әдістерінің көмегімен қажетті фактілер алынады, сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып сауалнама мен сұхбат жүргізіледі.
Жұмыс құрылымы: Менің жобам: кіріспе, 2 бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Карантин уақытындағы кіші және орта бизнестегі жалпы жағдай
Тақырыпты ашу мақсатында Қазақстандағы 2019 және 2020 жылдар арасындағы мәліметтерді анықтап, Қазақстанның экономикалық жағдайын бағалаймыз.
2019 жылы Қазақстандағы электрондық коммерция нарығындағы жалпы сату 113 млрд теңгені құрады сол кезеңде 2020 жылы сату көлемі 59% - ға өсті. Өсуге локдаун айтарлықтай әсер етті Қазақстанда 2020 жылдың көктемінде. Бұл кезең бүкіл бөлшек сауда саласына бұрын-соңды болмаған әсер етті. Бұрын электрондық коммерция секторына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығын цифрландыру терминдері
Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту
Әлеуметтік медиа ұйымды жылжыту құралы ретінде
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен өсуін талдау
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Туризмді дамыту саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар
Маркетингтік стратегияны анықтау
Шығындар плюс стратегиясы
Интернет журналистиканың дамуы және қалыптасуы
Карантиннің тамақтану саласына тигізген әсері
Пәндер