Географиядан проблемалық оқытудың белгілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Ахметова Э. Б., Баймағанбетова К. Т.

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДАҒЫ

ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Оқу-әдістемелік құрал

Қостанай 2016

ӘОЖ 372. 891 (075. 8)

ББК 74. 262. 6я73

А 94

Пікір берушілер:

Аяпбекова А. Е. г. ғ. к., Тұран-Астана университеті, Туризм және сервис кафедрасының доценті

Өтегенова Б. М. п. ғ. к., доцент, ҚМПИ, педагогика кафедрасының меңгерушісі

Ахметова Э. Б., Баймағанбетова Қ. Т.

А 94 География сабақтарындағы проблемалық оқыту технологиясы: оқу әдістемелік құралы / Э. Б. Ахметова, Қ. Т. Баймағанбетова. - Қостанай: ҚМПИ, 2016. - 54 бет

ISBN 978-601-7839-19-2

Бұл оқу-әдістемелік құралында «Қазақстанның физикалық географиясы» және «Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы» курстарынан зертханалық сабақтар бойынша проблемалық тапсырмалар жинағы берілген. Мұнда географияны оқыту үдерісінде студенттерде білім мен іскерлік қалыптастыруға арналған географияны оқытудың интерактивті әдістемелері жеке тақырыптар түрінде қарастырылып, курстарды оқып-үйрену әдістемелері көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құралы жоғары оқу орындары «География» мамандығы студенттеріне, оқытушыларға пайдалануға ұсынылады.

ӘОЖ 372. 891 (075. 8)

ББК 74. 262. 6я73

ISBN978-601-7839-19-2

© Қостанай мемлекеттік

педагогикалық институты, 2016

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

1. Проблемалық оқыту технологиясын география курстары бойынша зертханалық сабақтарда қолдану әдістемесі . . . 6

2. География курстары бойынша проблемалық жағдаят құрудың әдістемелік тәсілдері . . . 11

3. География курстары бойынша проблемалық жағдаятты шешу кезеңдері . . . 15

4. «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінен зертханалық сабақтарда проблемалық оқыту технологиясын қолдану . . . 21

5. Қазақстанның географиялық орны және зерттелу тарихы . . . 22

6. Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы . . . 24

7. Қазақстанның физикалық - географиялық аудандастырылуы . . . 28

8. «Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәнінен зертханалық сабақтарда проблемалық оқыту технологиясын қолдану . . . 33

9. Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы . . . 34

10. Қазақстан шаруашылығы мен өнеркәсіптері . . . 38

11. Қазақстанның көлік кешені . . . 46

12. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінуі. Қазақстанды экономикалық аудандастыру . . . 48

Қорытынды . . . 53

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 54

КІРІСПЕ

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылған жаңа талаптарға сай болашақ педагогтардың белсенділік пен дербестік қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпаратты технологияны қолдану, оның әлемдік білім кеңістігіне енуіне жол ашуда. Болашақ маман жоғары оқу орны аудиториясында қалыптасады, одан болашақ түлектің біліктілік деңгейі анықталады.

Сондықтан жоғары мектеп педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру - берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т. б. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі инновациялық орта ретінде қалыптасып келеді. Әлбетте, ол жаңа білім мазмұны мен инновациялық білім беру технологиялары мен әдістерді, яғни инновациялық ұйымдастыру-дидактикалық шарттарын қамтитын инновациялық білім беру жүйесін дамытуды талап етеді.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың инновациялық технологияларын меңгермейінше, сауатты, әрі жан-жақты маман болу мүмкін емес. Сондай инновациялық технологиялардың бірі - проблемалық оқыту технологиясы .

Бүгінге дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазіргі интерактивті оқыту әдістерін енгізіп, оларды педагогтар оқыту үдерісінде кеңінен қолданып жүр. Солардың бірі болып табылатын проблемалық оқыту технологиясын өз жұмысымызда жан-жақты зерттеп, әдістің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға бағыттадық. Зерттеу барысында проблемалық оқыту технологиясын география сабағында жан-жақты пайдалану үшін келесідей шектеулер (қиындықтар) мен проблемалар бар екеніне көз жеткіздік:

  1. проблемалық оқыту технологиясы туралы арнайы әдебиеттердің жеткіліксіздігі;
  2. жағдаятты құру әдістемесінің болмауы;
  3. техникалық мүмкіндіктердің болмауы;
  4. мұғалімдердің проблемалық оқыту әдісімен сабақ беру тәжірибесінің болмауы;
  5. мұғалімнің дайындығына көп уақыттың кетуі.

Осындай кедергілерді жою мақсатында болашақ мамандарға, қазіргі мұғалімдер мен оқытушыларға көмекші оқу-әдістемелік құрал ретінде «Қазақстанның физикалық географиясы» мен «Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәндері бойынша проблемалық оқыту технологиясының әдістемесін ұсыну көзделді.

Жұмысты жан-жақты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз география бойынша проблемалық оқыту технологиясының әдістемесін, проблемалық тапсырмалар мен проблемалық жағдаяттар жинағын құрастыру және оны география курстарынан зертханалық сабақтарда пайдалану жолдарын ұсыну болды.

Проблемалық оқыту технологиясы негізінен экономикалық салаларды оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген инновациялық әдістердің бірі. Бұл технология білім жүйесінде өткен ғасырдан бері қолданылып келе жатса да, география пәні бойынша проблемалық оқыту технологиясының толықтай әдістемесі дәлірек зерттеліп қарастырылмаған.

География сабағында жаңа технологияларды дұрыс әрі тиімді пайдалану үшін оның оқыту әдістемесі міндетті түрде қажет. Сондықтан, осындай қажеттілікті ескере отырып, жұмысты география курстарынан зертханалық сабақтар бойынша проблемалық оқыту технологиясының әдістемесін дайындау мен оны сабақта тиімді пайдалану жолдарына арнадық.

1. Проблемалық оқыту технологиясын география курстары бойынша зертханалық сабақтардақолдану әдістемесі

Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.

География курстарында проблемалық оқыту мәні проблемалық жағдаят туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.

География курстары бойынша проблемалық оқытудың мақсаты - ғылымитаным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессін де меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Проблемалық оқыту - ойлауоперациялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық жағдаят, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

География курстары бойынша проблемалық оқытудың жаңа әдістері мен түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады: іскерлік ойындар, оқушылардың баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, кері байланысты дәрістер, дәріс-диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, пікірталас, ұжымдық-танымдық оқу және тағы басқалар.

География курстарында проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе - жаңабілім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі.

Проблемалық оқыту кезінде география сабақтарында жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамға таңғалу, дағдарыс пайда болады да “оның мәні неде?” деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни - болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушының көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі - проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: “субъект-объект-субъект” қарым-қатынастарына түседі.

География сабақтарында проблемалықоқыту мақсаты:

  • білім, білік, дағдыға ие қылу;
  • өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • танымдық және шығармашылық икемділікті дамыту.

Проблемалық оқыту әдістерінің география :

  • алдын ала белгіленбеген, кенеттен;
  • проблемалықмазмұндау;
  • эвристикалық;
  • ;
  • зерттеушілік
  • лабораториялықжұмыс;
  • проблемалықжан-жақты эксперимент;
  • мәселені проблемалықшешу;
  • проблемалықтапсырма;
  • проблемалықжағдай (ойын түрінде) .

Атақты поляк педагогі В. Оконь түсіндірмелік және проблемалық оқыту сипаттамасын салыстыра қараған. Мұның негізінде көптеген тұжырымдар жасалды. Проблемалық оқыту ерекшеліктеріне тоқтала кетейік.

Проблемалықоқыту тұжырымықарастырады:

  • білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтынүрдіс;
  • бала дүниені тануда адамзат жүріпөткен жолмен жүреді:
  • бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдапқанақоймайды, білімге мақсатында меңгереді;
  • оқытуда табысқа жетудіңшарттары;
  • оқу материалын түсіндіруде проблема туғызу;
  • баланыңбелсенділігі;
  • оқытудыңбалаөмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.

Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі - оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблеманы міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалы жағдаят пайда болады, осыған орай, оқушының ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.

Сонымен, ойлауға үйрету дегеніміз диалектикалық қарама-қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты шындықты тануға үйрету деген сөз.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
  • оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
  • берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
  • оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді.

Географиякурстары бойынша проблемалық оқытудың артықшылығы: студенттердіңзейіннің дамуына мүмкіншілік жасайды, байқампаздықты танытады, оқушының танымдық іскерлігін белсенді дамытады, жауаптылық, сыншылдық, өзін сынау, бастамашылдық және өзіне баға беру әрекетін дамытады. Бұдан басқа проблемалық оқыту білімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Географиякурстары бойынша проблемалық оқытудың кемшілігі: оның оқу үдерісінде оқушыға қиындық туғызатындығы, соның арқасында шешу жолын ізденуге көп уақыттың кетуін жатқызуға болады. Сонымен қатар бағдарламаланған оқытуға қарағанда проблемалық оқытудың технологиясын құрастыру оқытушының шеберлігі мен көп уақытын талап етеді.

Тап осы жағдайлар проблемалық оқытуды кең қолдануға кедергі келтіреді. Бірақ, оған талпыну керек және әрбір шебер педагаг оны қолданады, өйткені проблемалық оқыту зерттеумен байланысты және осыған сәйкес дәстүрлі оқытудан ерекшеленеді. Себебі кез келген зерттеу-жаңа білім алу үрдісі, ал оқыту-белгілі білімдерді тарату үрдісі болып табылады. ал проблемалық оқыту зерттей отырып оқытуға, оқыта отырып зерттеуге үйретеді. Міне, тек осылай ғана шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға болады.

Практиканы жалпылау және теориялық зерттеулердісараптау нәтижелері негізінде М. И. Махмутов «проблемалық оқыту» ұғымына мынадай анықтама береді: «Проблемалық оқыту - бұл оқытудың дамытушы типі, онда оқушылардың дайын ғылым тұжырымдарын өзіндік іздеу қызметімен сәйкес келеді, ал қойылған әдістер жүйесі жорамалдау мақсаты мен проблемалық принциптерге қойылады; оқушылардың өзіндік танымын қалыптастыруда оқыту мен үйретудің өзара әрекетіне бағыттайды, оқу мен ойлау (шығармашылықты қоса есептегенде) мүмкіндіктерін игеру жолында ғылыми ұғымдар мен қызмет тәсілдерін тұрақтандыруда проблемалық жағдаяттар жүйесі айқындалады»(Махмутов М. И. Проблемное обучение. М., 1975) .

Проблемалық оқытудың негізгі идеясы (ойы) - негізінен оқушылардың оқу қызметінде танымдық оқу есептері мен тапсырмаларын құру. Проблемалық оқытудың негізгі қызметтері мен айрықша белгілерін М. И. Махмутов тұжырымдады. Ол оларды жалпы және арнаулы деп бөледі.

Проблемалық оқытудың жалпы қызметі:

  • оқушылармен білім жүйелері мен ақыл - ой әдістері мен практикалық қызметтерді игеруі;
  • оқушылардың өзіндік танымдық және шығармашылық ерекшеліктерін дамыту;
  • жан жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Проблемалық оқытудың арнаулы қызметі:

  • білімді шығармашылық игеру дағдыларына тәрбиелеу (жекелеген шығармашылық әдістер немесе қисынды тәсілдерді қолдану) ;
  • білімді шығармашылық қолдану дағдыларына тәрбиелеу (жаңа жағдайларда игерілген білімді қолдану) және оқу мәселелерін шешуге үйрену;
  • шығармашылық тәжірибелерін жинақтау және қалыптастыру (ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық мәселелерді және көркемдік бейнелеу болмысын шешу) ;
  • білім, әлеуметтік, адамгершілік және танымдық қажеттіліктер әдіс тәсілдерін қалыптастыру.

География курстары бойынша проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін төмендегі кесте арқылы тұжырымдауға болады.

1-кесте.

Географиядан проблемалық оқытудың белгілері

1. Білімді проблема қоя отырып түсіндіру.

2. Оқушыларды дербес іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.

3. Зерттеу, іздендіру әдісі. Оқытудың нәтижелі өнімі.

Мұғалім сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге жұмылдырады.

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге жұмылдырады.

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдейді, салыс-тырады, қорытынды шығарады. Өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

Географиялық қарама-қайшылық ой-дамуының қозғаушы күші. Проблемалық оқыту оқытушы үшін әр түрлі деңгейдегі қиындықтар тудыруы мүмкін, қандай және қанша іс-әрекеттерді қою және проблеманы шешуді ол өзі жүзеге асыруына тәуелді. Сонымен проблемалық оқыту оқушының танымдық көкжиегін кеңейтеді, шығармашылық белсенділігін арттырады, білім игеру қарқынын тездетеді, қасиет сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады.

Практика көрсеткеніндей проблемалық оқыту үрдісі оқушылардың зияткерлік қиындықтарының әр түрлі деңгейін, олардың танымдық белсенділігін тудырады: оқушылардың өзіндік танымы өте жоғары болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін.

Осымен байланысты проблемалық оқытудың түрлері мен деңгейлерін бөлу әрекеті толығымен түсінікті. М. И. Махмутов проблемалық оқыту түрлерін шығармашылықтың қазіргі түрлері бойынша айыра білу деп есептейді. Бөлінген негіздерге сәйкес ол проблемалық оқытудың үш түрін жіктейді:

  1. Ғылыми шығармашылық - теориялық зерттеу, яғни, оқытудың жаңа ережелерін, заңдарын, дәлелдерін ашу және іздеу; проблемалық оқытудың осы түрі негізінде теориялық оқу мәселелерін қою мен оларды шешу жатады;
  2. Практикалық шығармашылық - практикалық шешімдерді іздеу, яғни, белгілі білім және жаңа жағдаяттарды қолдану әдістері, құрастыру, өнертабыс; проблемалық оқытудың осы түрлері негізінде практикалық оқу мәселелерін қою мен оларды шешу жатады;
  3. Көркем шығарма -шығармашылық бейнелеу, соның ішінде сурет, ойын, әуен және т. б. сияқтылар негізіндегі іс-әрекеттің көркем бейнесі.

Географиядан проблемалық оқытудың барлық түрлері білім алушылардың репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметтерінің болуымен, мәлімет іздеу және мәселені шешумен сипатталады.

Оқыту үдерісі төмендегідей жағдайлармен қамтамасыз ететін болса эффективті болып есептеледі:

  • оқушылардың білім, білік және дағды көлемін кеңейту;
  • білімді тереңдету және орнықтыру, оқытудың жаңа деңгейі;
  • оқудың танымдық сұранысының жаңа деңгейі;
  • танымдық өзіндік жұмыс жасау қабілеті мен шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жаңа деңгейі.

Проблемалық оқыту арқылы оқушыларды ғылыми зерттеу ізденісіне баулуда пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық жұмыстардың ұтымдылығын анықтауда, әсіресе, оқушылардың қабілеті, икемділігі, дарыны осындай жұмыстарда көрінеді. Шығармашылық жұмыстар оқушылардың өз беттерімен іздену, зерттеу, қорытынды жасау іс-әрекетіне түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.

Проблемалық оқытудың оқушыларды географиялық ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігін төмендегідей саралауға болады:

  • Оқушылар өздеріне «беймәлім» проблеманы шешуге жұмылады.
  • Іздену, зерттеу жұмыстарына төселеді.
  • Бұрынғы білімдерін жаңа мақсатқа пайдалана білу дағдылары дамиды.
  • Жаттандылықтан дайын білімді қайталап айтудан, өнімсіз еңбекпен сақтандырады, шығармашылық жұмыстарға белсендіреді.
  • Білімді өз ізденістерімен алуға жаттықтырады.
  • Өздерін- өздері оқыту, өзін-өзі тану үрдістері жүреді.

Оны негізге алған география сабақтарына төмендегідей талап қойылады:

  • Сабақ мақсатын белгілеу, пайдаланылатын оқу жабдығы, әдіс-тәсілдер, оқу формаларын сұрыптауда проблемалық оқыту талаптары басшылыққа алынады.
  • Мұғалім тақырыптың басты проблемасын тауып, қойылатын сұрақтарды реттейді.
  • Берілетін білім проблемалық сұрақтарға негізделеді;
  • Мұғалім проблема қоя отырып түсіндіреді.

Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың дербес ізденісіне, өзіндік зерттеулеріне жағдай туғыза отырып, оларды проблемалық ситуацияны шешуге жетелейді.

2. География курстары бойынша проблемалық жағдаят құрудың әдістемелік тәсілдері

География курстары бойыншапроблемалық жағдаят проблемалық оқытудың басты элементі болып табылады. Сабақта проблемалық оқытуды ұйымдастыру проблемалық сұрақтар, тапсырмалар және жағдаяттар негізінде жүргізіледі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.

География курстары бойыншапроблемалық жағдаят - ой қозғау көмегімен және оқушылардың танымдық сұранысы көмегімен жасалатын проблемалық оқытудың негізгі элементі, ойлау үдерісі белсендендіріледі. География курстары бойыншапроблемалық жағдаятты мұғалім белгілі бір әдіс-тәсілдер мен құралдар көмегімен арнайы құрастырады.

Географиядан проблемалық жағдаят құрудың әдістемелік тәсілдері :

  • тәжірибелік іс-әрекетте қарама-қайшылық тудыру;
  • бір сұраққа әр түрлі көзқарастарды баяндау;
  • оқушыларды қарама-қайшылыққа әкелу және оның шешу тәсілдерін табуды өздеріне ұсыну;
  • топқа мәселені жан-жақты ұстанымда қарастыруды ұсыну;
  • оқушыларға салыстыру, қамту, жағдаяттан қорытынды шығару, деректерді сәйкестендіру жұмыстарын жасауға түрткі болу;
  • қамтуға, негіздеуге, нақтылауға, ойлауға, талқылауға бағытталған нақты сұрақтар қою;
  • проблемалық теориялық және практикалық тапсырмалар ұсыну;
  • проблемалық міндеттер қою, мысалға, жеткіліксіз, артық немесе әдейі қате берілген деректер, сұрақтар қоюдағы белгісіздік, мәселені шешудегі уақыттың шектеулігі.

География сабақтарында проблемалық оқытуды ұйымдастыру барысында оқытудың дәстүрлі әдістерінен бас тартуға болмайды. Қағида бойынша әр түрлі әдістер қолданылады. Тақырыпқа және ақпараттың күрделілік деңгейіне байланысты түрліше әдістер қолданылады:репродуктивті, түсіндірмелі-иллюстративті, іздеу, эксперименттік, және т. б.

Географияда проблемалық жағдаяттың келесідей типтері ажыратылады.

Бірінші типті негізіненжалпылама және кеңінен тараған деп есептеуге болады: оқушылар мәселенің шешу тәсілдерін білмейтін жағдайда проблемалық жағдаятты туындату, оқу немесе өмірдегі жағдаятпен жаңа деректерге түсінік беру.

Екінші тип жаңа практикалық жағдайда оқушылардың бұрын меңгерген білімдерін қолдану қажеттілігі туындаған кезде пайда болады.

Үшінші тип проблемалық жағдаят мәселені шешу жолының теориялық жағынан мүмкін, ал осы таңдап алынған тәсіл практикалық жағынан жүзеге асыруда мүмкін емес болып, қарама-қайшылық болған жағдайда жеңіл қалыптасады.

Төртінші тип оқу тапсырмасын орындауда тәжірибе жүзінде нәтижеге жетіп, ал соған теориялық негіздеме жасауда оқушылардың білімдерінің жетіспеуі арасында пайда болған қарама-қайшылықтың әсерінен проблемалық жағдаяттың туындауы.

жағдаятты құрудың бірнеше негізгі тәсілдерін көрсетуге болады:

1. Оқушыларды құбылысқа, дерекке, олардың арасындағы сәйкессіздікке теориялық түсіндірме жасауға ынталандыру. Бұл оқушылардың ізденушілік әрекетіне әкеледі.

2. Мектепте, үйде, т. б. орындарда оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындау барысында туындаған оқу және өмірдегі жағдаяттарды қолдану.

3. Тапсырмаларды құбылысты түсіндіруге немесе оларды іс жүзінде қолдану жолдарын іздеуге бағыттау.

4. Гипотеза, қорытынды шығару және оларды тексеру.

5. Оқушыларды проблемалық жағдаят нәтижесінде салыстыруға, деректерді, құбылыстарды сәйкестендіруге ынталандыру.

6. Пәнаралық байланысты ұйымдастыру. Көбінесе оқу пәнінің материалы проблемалық жағдаят құруды қамтамасыз етпейді, сондай жағдайда оқытылатын материалмен байланысы бар басқа пәннің деректерін қолдануға тура келеді.

7. Тапсырмаларды өңдеу, сұрақтарды қайта құру.

Бұдан басқа географиялық жағдаяттың көптеген типтері де бар, оларды төмендегідей бөлуге болады:

  1. Проблемалық жағдаят. Проблемалық жағдаяттарда мәселе алдын ала анықталады және оқушылар мұндай жағдаятпен жұмыс жасамаған жағдайда ғана қолданылады. Проблемалық жағдаяттың нәтижесі басты мәселені анықтау және құрастыру болып табылады.
  2. Жобалық жағдаят. Жобалық жағдаят үшін нәтиже ретінде жағдаятта туындаған мәселені жеңу бойынша жасалатын әрекеттер бағдарламасы болады.
  3. Сипаттау жағдаяты. Біріншіден бұл жағдаятта нақты жағдаят сипатталады да шешім талап етілмейді. Бастысы, мұндай жағдаятпен жұмыс барысында не жасау керек - бұл берілген шешімнің артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау болып табылады. Ол оқушылардың теориялық түсініктерін жеңілдетеді.
  4. Ашық жағдаят. Мұндай жағдаятта нақты сұрақтар болмайды. Оқушылар жұмысының маңызды бөлігі анализ алдында тұрған мәселені құрастыру және олардың шешу жолдарын анықтау болып табылады.
  5. Жүйелі жағдаят. Бұл жағдаятта өмірдегі шынайы жағдаят беріледі - жағдаяттың физикалық және экономикалық жүйесі сипатталады.
  6. Айсберг-жағдаяттары. Оқушыларда жеткілікті ақпарат болмайды. Олар мәселені шешу үшін өздері мәліметті табу және білу керек.
  7. Сериялық жағдаят. Бірнеше аяқталмаған жағдаяттардан тұрады, келесі жағдаят алдыңғысының жалғасы болып келеді.
  8. Классикалық (Гарвардтық) жағдаят.
  9. Тактикалық және стратегиялық жағдаяттар.
  10. Микро:- мини: - жалпы жағдаяттар.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
Географияның оқыту әдістері
Географияны оқыту әдістемесі
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Географияны оқыту әдістері
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
География сабақтарында инновациялық технологияларды пайдаланудың ғылыми негіздері
Географияны оқыту
Оқушылардың білімін бағалау
Оқушыларды белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылыққа баулу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz