Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің қалыптасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
- ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі: құрылу тарихы мен даму кезеңдері . . . . .
1. 2 Өлкетану ісіндегі тарихи-өлкетану музейінің орны
- ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Музейдің ғылыми зерттеу қызметі және қор жұмысы . . .
2. 2 Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі . . .
- ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫ
3. 1 Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің қалыптасуы
3. 2 тарауша
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
1. 1
«Музей» ұғымы алғашқыда ежелгі Грекиядан өз бастауын алады. Грек философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын жасауға арналған сәнді ғимараттары антика дәуірінде «мусейсон» немесе «музалар храмы» деп аталған. Музейсон қазіргі түсінікпен храмдарды емес, құрбан болғандарды және көбіне тау шатқалында, бұлақ жағалауларында қайтқандарды көрсете білді. Музалар басында бұлақ бастаулары негізінде қалыптасты. Кейінірек оларды өнер және ғылым, творчестволық сый дарыған ретінде саналды. Соның бір мысалы ретінде Феспиялық қасиетті музаны айтуға болады. Геликан тауының баурайында орналасқан жан-жағын қоршаған құдай мүсіндері болған. Ол қоғамдағы адамзат пен табиғаттың алғашқы пайда болуын, тарихи ескерткішті зерттейтін, жинақтап сақтайтын ғылыми-ағарту мекемелері болған. Музейлердің қорында ең бастысы заттық және бейнелеу, өнер туындылары қамтылған. Сонымен қатар, жазбаша деректер, тарихи құндылығы бар қолжазбалар мен кітаптар сақталады. Жалпы әлемде музейлердің қалыптасуы мен дамуы сол халықтарға тән өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне байланысты. Қазақ-ежелден еркіндік аңсаған, сол ғасырлар бойына басына түскен сан алуан адам төзгісіз қиыншылықтарға мойымай, ата-баба жерін, асыл мұрасын ат үстінде найза ұшымен қасық қаны қалғанша қорғаған халық. Бойына сіңген бұл қасиеттердің құпиясы қашаннан қазақтың ата-баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт-дәстүрін сақтап, өсіп келе жатқан ұрпақтарына тәлім-тәрбие және үлгі-өнеге көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Әрине тәлім-тәрбие тек атадан қалған нақыл сөздермен, шебер әрі орынды айтылған ақыл-кеңеспен, немесе жағымсыз қылықтарға тиым салып отырумен шектелмейтіні белгілі. Осыған орай, халқымыз өз ұрпағын тәрбиелеуде, оларды өмір ағымына бейімді етуде көрнекілікті де, пайдалана білген. Атап айтсақ, қашаннан кез-келген қазақтың шаңырағынан ата-бабасынан естелік ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа ардақтап, мұра етіп қалдырып келе жатқан әртүрлі бұйымдарды кездестіруге болады. Олардың арасында тарихта белгілі тұлғалардың жеке заттары, халқымыздың жауынгершілік замандарда қолданған қару-жарақтары, қолөнер туындылары және т. б. бар. Сондықтан, қазақ ертеден өз ұясының ең қастерлі бұрышын қазіргі тілмен айтқанда шағын музей ретінде пайдаланды десек қателеспейміз. Ата-бабадан қалған мұраға деген осындай құрмет пен қастерлеу нәтижесінде көптеген тарихи құнды бұйымдар қазіргі заманда тәуелсіз республикамыздың алтын қорын, мәдени қазынасын толықтырып, ұлттық мақтанышымыз болып отыр. Алғашқы музейлер қазақ даласында 19 ғасырдан бастап қалыптаса бастады. 1830 жылы 12 қараша күні Орынбор генерал-губернаторы граф П. П. Сухтелен жергілікті халықты және тұрғындарын өлкенің табиғатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін жәдігерлерді губерния орталығында ұйымдастырғалы жатқан музей үшін табыстауға шақырады. Бұл шақыру қала тұрғындары мен жергілікті халық өкілдерінің қолдауына ие болып, нәтижесінде ашылғалы отырған музей үшін түрлі жәдігерлер жинала бастады. Олардың арасында ескі қару-жарақ, үй тұрмысы және этнографиялық бұйымдар, кітаптар мен портреттер болды. Жинастырылған жәдігерлер негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық музейі ашылды. Музейді ұйымдастыру жұмысына және оның жәдігерлері қорының қалыптасуына 1830-1838 жылдар аралығында Орынбор қаласында қызмет атқарған орыстың белгілі ғалымы В. И. Дальдің қосқан үлесі ерекше. Орынборда өткен 8 жылдың аралығында В. И. Даль Орал, Гурьев, Бөкей ордасына және т. б. жерлерге жыл сайын сапарға шығып қазақ халқының тұрмысы, фольклоры мен этнографиясы жайында көптеген деректер жинастырды. Осы сапарлар және басқа да жорықтар барысында жинастырылған этногрфиялық бұйымдар ұйымдастырылып отырған музейлер жәдігерлер қорын ұлғайта түсті. Кеше де, бүгін де музейлерге ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметтер тән. Бұл музей қызметінің іргелі саласы-экспозициялар мен көрмелерде айқын бой көрсетеді. Музейлер түрі мен саласына қарай іштей жіктеледі де. Олардың типі - негізгі қоғамдық белгісіне қарай анықталады. Осы белгілерге сәйкес музейлердің салалары арнайы өндіріс, ғылым өнер, салалары бойынша анықталады. Олардың ішкі жағдайлары музейлерде көрініс табады.
Қазіргі таңда әлемдік музейлердің бірнеше түрлері бар. Олар:
- Тарихи музейлер-тарих ғылымдарының жүйесімен біріктірілген музейлер жатады: тарихи археологиялық, нумизматикалық, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, тарихи-экономиялық, ағарту және білім тарихы, арнайы тарихи және т. б.
- Өнертану музейлері-өнер және өнертану тарихына жататын музейлер. Мысалы: бейнелеу өнері музейі, сурет галереялары, скульптура (мүсін) музейлері, қолданбалы өнер музейлері, қолөнер, гравюра кабинеттері, театр, музыка, киноөнері музейлері және т. б.
- Жаратылыстану тарихи музейлері-жаратылыстану ғылымдарына жататын музейлер. Оларға: биологиялық, ботаникалық (өсімдіктану), жануартану, геология, минералогия, палеонтология, антропология (адамтану) және экологиялық музейлер жатады.
- Техникалық музейлерге-техника ғылымдар және өндіріспен байланысты музейлер: политехникалық, техникалық, авиация, байланыс, тау-кен ісі, темір жол көлігі, жеке кәсіпорындар музейлері, техника ескерткіштері т. б.
- Әдебиеттану музейлеріне әдебиетке, жазушылардың өмірі мен қызметіне байланысты музейлер.
- Мемориалды музейлер маңызды топты құрайды.
- Кешенді музейлер-екі не одан да көп негізгі салаларды байланыстыратын музейлер: тарихи-өнертану, тарихи-сәулет, ауылшаруашылық музейлері (жаратылыстану ғылымы мен тарих салаларының бірігуі) және т. б. кешенді музейлердің ішінде кең тараған өлкетану музейлері мұнда жекелеген өнер бөлімдері де кездеседі.
... жалғасыАтадан қалған мұраға деген құрмет пен қастерлеу нәтижесінде көптеген тарихи құнды бұйымдар қазіргі заманда тәуелсіз республиканың алтын қорын, мәдени қазынасын құрап, ұлттық мақтанышымызға айналды. Олар саяси, ғылыми, мәдени, экономиялық талаптарды өте қажет ететін өзіндік қоғамдық институттар. Айта кететін жәйт, алғашқы музейлер қазіргі күнгі кейпінде қазақ даласында ХІХ ғасырдан бастап қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда еліміз саяси және экономикалық тұрғыдан тұрақтанды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі көп ұлтты мәдениетті дамытуға олардың ұлттық дәстүрлері мен рухани қазыналарын өркендетуге барша халықтың ұлттық қазыналарын қорғау арқылы ұлттық ерекшеліктерінің сақталуына кең жол ашты. Республикамыздағы музейлер бағытының ең басты міндеті - мәдени және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту және қолдау болып табылады. Өткен жылдардың тәжірибесі мен жаңа қоғамдық-саяси ахуал мәдени және рухани өміріміз іспеттес, негізгі ұстанымы ашық, ғылыми және халықтың көпшілік бөлігіне жаңа музейлерді құруға негізделеді. «Бүкіл әлемде жаһандандыру үрдісі қарқынды жүргізіліп жатқан бүгінгі таңда Қазақстан музей ісіне түбегейлі өзгеріс жасап, халықаралық байланыстарын жандандыру қажет екендігін өмір талап етіп отыр. Жақын және алыс шетелдердің жетекші музейлерімен көрмелер мен мамандарды тәжірибеден өткізу, халықаралық музей форумына қатысу, зерттеу, жинау және ғалыми-ақпараттық салалары біріккен жобаларды жүзеге асыру әлемдік мәдениеттің жетістіктерін игеруге зор мүмкіндік беретіні анық». Музей пәні-әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдағы және табиғаттағы дамуын зерттейді. Музей тарихи қоғамдық институт ретінде музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музейдегі зерттеу-музей заттарының-коммуникативті жүйелерін (сақтау режимі, консервациялау, реставрациялау тәсілдері) толық анықтау болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рөл атқарады. Музейлердің қызметі негізінен ғылыми-зерттеу, қор сақтау, экспозиция және көрмелер ұйымдастыру, экскурсия ұйымдастыру бағыттарында жүргізіледі. Музей экспозициясы ғылыми концепцияға сәйкес, қорда жинақталған коллекциялар негізінде құралады. Экспозицияның тақырыптық бағыты бөлімдер мен хронологиялық шеңберді қамтиды. Ғылыми зерттеу бағытында қорда сақтаулы жәдігерлерді әлемдік өнер мәдениетінің дамуымен салыстыра отырып зерттеулер жүргізіледі. Ғылыми-зерттеулер негізінде тақырыптық-экспозициялық жоспар құрастырылады, өткізілген көрмелердің каталогтары, жинақтары шығарылады. Сондай-ақ, қордағы жәдігерлердің ғылыми сипаттамалары жазылады. Экскурсия ұйымдастыру және жүргізу бағытына келушілерді көркемсурет өнерінің шығу тарихы және дамуымен таныстырады. Музейлер далалық зерттеулер мен жүйелі бақылау барысында әлеуметтік тәсілдерді қолданады. Мәселен, консервация, реставрация жасау үшін салыстырмалы талдау (анализ), типология және химиялық талдаулар жүргізеді. Музей құрылымына-музей ісінің теориясы, тарихы (музей тарихнамасы), деректану, ғылыми зерттеудегі ғылыми әдістер жатады. Обьективті тұрғыдан алсақ, музей басқа ғылымдармен байланысты. Музейлерге тән салалар арнайы және қосалқы ғылыми пәндермен тығыз байланысты. Музейдің дамуы музей тәжірибесінде және арнайы ғылыми әдебиеттерде көрсетілген. Дүние жүзінде 70-ші жылдардың басында 100-ден аса музейге арналған журналдар жарық көрді. Оның ішінде ЮНЕСКО-да Халықаралық музейлер кеңесі шығарған журналдар: «The museums journal» (Ұлыбритания), «Museum news» (АҚШ), «Musees de France» (Франция) және т. б. Сол кездерде бұрынғы КСРО-да «Советтік музей», «Музейное дело в СССР» және т. б. түрлері де жарық көрген. Жоғарыда аталған журналдардан бұрынғы Одақтағы республика музейлерінің жоспарлары мен атқарған жұмыстары жайлы білуге болатын. Қазіргі таңда, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында Ресейден кейінгі кәсіби басылымы бар Қазақстанның «Қазақстан музейлері» журналын музей мамандары қуана қарсы алды десе де болады. 2002 жылдың желтоқсан айынан бастап, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді насихаттау үшін «Қазақстан музейлері» мәдени танымдық және ғылыми-әдістемелік журналды шығара бастады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев «Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі таңда еліміздің тарихын қайта жаңғыртып, төл мәдениеті мен ғылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап жүйелеу, оларды келешекке сақтап жеткізу, өзге жұртқа барымызды көрсетіп насихаттау-абыройлы міндеттің бірі» дей отырып, «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаттары мен басым бағыттарын айқындап берді. Мәдениет саласының белгілі мамандарының ой-пікірлері, көзқарасы жинақталып, археологиялық, тарихи-мәдени экспедициялардың нәтижелері көрсетіліп, қылқалам шеберлерінің туындыларын насихаттай бастады. 2003 жылы қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы түгенделмеген ұлттық тарихымызда қайта зерделеуге журналға жаңа бағыт сілтегендей болды. Журналда тарихи құндылықтарды табу, музейлік жәдігерлерді жинау, экспозициялық-көрмелік жұмыстарды жетілдіру және жұртты елең еткізген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу туралы қызықты мақалалар жариялана бастады. Яғни, қоғам дамуына және оның мүшелері үшін осындай қажетті қызмет атқарып отырған республика музейлерінің тарихын, олардың ғылыми-зерттеу, қор жинақтау, мәдени-ағарту қызметтерін және қол жеткізген жетістіктері мен жіберген кемшіліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеу нәтижесінде көрсетудің мәні зор. Музейлер қазақ халқының тарихын, өнерін, мәдениетін, бұйымдарын көрсетуде ерекше орын алады. Осы мүмкіндік арқылы көрерменін еліне, өнеріне деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттырады. Бұл кімді де болсын мәдениеттілікке, парасатылыққа жетелейді. Тәуелсіз мемлекетімізге экономиканы өркендетумен қатар дәстүрлі мәдениетті жаңғырту қатар жүргізіліп келеді. «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру үшін өткені мен болашақтың куәсі іспеттес музейлерге, тарихи-мәдени ескерткіштерге көп көңіл бөлінуде. Уақыт толқынында музейлердің саны да, сапасы да көтерілуде. 1991 жылдың тәуелсіз мемлекет танылған Қазақстан Республикасының музейлерінің қалыптасуы, өсу тарихы да ширек ғасырды қамтиды. Қазақстанның әлемдік аренаға дербес мемлекет ретінде шығуымен ел тарихына деген қызығушылық арта түсуде. Музейлерге қолдау көрсету, музейлердің халықаралық байланысын дамыту, бірлестігін нығайту жолында 2000 жылы Қазақстан Республикасының халықаралық музейлер кеңесінің Ұлттық комитеті құрылды. 2002 жылғы Түркістанда өткен музей қызметкерлері басқосуында, Қазақстандағы Ұлттық комитет төрағасы болып - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директоры, профессор Б. Өмірбеков сайланған болатын. Ұлттық комитетті құрудағы мақсат-Халықаралық музейлер кеңесінің мақсат-міндеттерінің жүзеге асырылуына республика музейлері мен кәсіби қызметкерлері арасында қолдау көрсету болып табылады. Республикамыздағы музейлер бағытының ең басты міндеті - мәдени және рухани құндылықтарымызды сақтау, дамыту және қолдау болып табылады.
Осы негізде бабадан қалған асыл мұрамызды насихаттаудағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың игі бастамаларын жүзеге асыру бағытында жұмыс атқарып отырған іргелі мәдениет ордасының бірі - Шығыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейі. Шығыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану музейі республикамыздағы ескі мұражайлардың бірі болып табылады. Ол Халықтар үйі жанында 1915 жылдың өзінде ұйымдастырылған болатын. Оның негізіне жергілікті өлкетанушылар топтамалары жатады. 1939 жылы музей атауы облыстық дәрежесін алады. 1946 жылға дейін бірнеше рет жабылып, кейін қайта ұйымдастырылған. 1967 жылы 10 қарашада мемлекеттік комиссия облыстық музейге Урицкий көшесі 40 үйіндегі жаңа ғимаратты беру туралы актісіне қол қойған. Аталмыш ғимаратта музей қазіргі уақытқа дейін өз жұмысын атқарып келеді. Қазіргі таңда музей ежелгі дәуірлерден бастап біздің заманымызға дейінгі Шығыс Қазақстан тарихы ескерткіштерінің ең ірі сақтау қоймасы болып саналады. Шығыс Қазақстан облысындағы тарих пен мәдениеттің ірі орталығы ретінде тарихи - өлкетану музейі екі рет бұрынғы КСРО- да ең мықты музей ретінде танылған. Музейдің жалпы аумағы 1404, 7 м. кв. жерді алып жатыр. Экспозиця келесідей залдарда орналастырылған: табиғат, тарих, археология, этнография, ежелгі Қазақ Алтай көшпелілерінің мәдениеті, Ұлы Отан соғысы тарихы залы, Өскемен тарихы залы, көрме залдары. Музей қоры 140 мыңнан астам көрме қойылымдарын қамтиды. Солардың ішінде жалпы көрініске тек 10 мыңы ғана ұсынылған. Бұл - экспозициялық жерлердің аздығымен түсіндіріледі. Музей залдарының бірінде Шығыс Қазақстан облысы табиғатының байлығы көрсетілген. Бұл облыста сүтқоректілердің 114 түрі, құстардың 400 түрі, өсімдіктердің 3500 түрі, 15 мыңнан астам жәндік түрлері ұсынылады. Қорларда этномологиялық, орнитологиялық, зоологиялық, минерологиялық, палеонтологиялық, ботаникалық топтамалар, құстар мен сүтқоректілердің тұлыптары сақталуда. Музейдің қызықты залдарының бірі аймақтың археология мен сәндік - қолданбалы өнеріне арналған. Археологиялық топтамаларда 1947 жылдан бастап барлық экспедиция материалдары ұсынылған. Ол Қазақстандағы ең үлкен залдардың бірі болып саналады. Залдарда танымал археологтар С. Черников, А. Максимова, Ф. Арсланова, З. Самашевпен табылған ежелгі қорғандардың қазыналары сақталады. Бірегей экспонаттардың қатарында б. з. б. ХІІІ ғасырға жататын ат бейнеленген қола қанжар, Зевакин обасынан табылған руникалық жазулары бар айна бар. Этнографиялық топтамада Шығыс Қазақстан облысы халықтарының тарихы көрсетілген. Экспонаттар арасында ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жасалған қобыз, түскиіз, күміс, 1852 жылғы ер адамның үйлену тойына киетін жейдесі, Өскемен қаласының 1821 - 31 жылдардағы метрикалық кітабы бар. «Ежелгі Қазақстандық Алтай көшпелілерінің мәдениеті» залында атақты Берел қорғанынан табылған б. з. б. IV-III ғасырларға жататын көркем заттарды көруге болады. Ежелгі көшпелілердің скиф - сақтық аң стилімен ағаш, былғары, киізден жасалған, алтын жұқалтырмен, қалайы мен қызыл жосамен қапталған, керемет қолданбалы өнер туындылары көрермендерді таң қалдырары сөзсіз. Өскемен қаласының ХVIII-XX ғасырлардағы тарихы залында қаланың қалыптасуы мен дамуын көрсететін заттар қойылған. Экспонаттардың ішінен тулалық самаурындар, швейцар, неміс, орыс шеберлерінің сағаттары, валдай қоңыраулары, Гарднер мен Кузнецовтың фарфор және фаянс ыдысы, вена жиһазын тамашалауға болады. ҰОС кезеңінің экспозицялық залында соғыс майдандарындағы шығыс қазақстандықтардың ерліктері мен тыл жұмысшыларының ерен еңбектері туралы айтылады. Қазіргі заманға арналған соңғы залда Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің дамуы, Шығыс Қазақстан облысы өндірістік потенциалының өсуі, өлкенің ірі кәсіпорындарын әлемдік экономикаға интеграциялау мәселелері көрсетіледі. Бүгінгі таңда музей барлық аудан орталықтарында филиалдарын ашқан облыстың ғылыми - әдістемелік ақпараттық орталығы болып табылады. Экспозиция материалдары негізінде музейдің ғылыми қызметкерлерімен республикалық және халықаралық журналдарда 250 ғылыми мақала жарияланды, облыс табиғаты бойынша 10 монография мен тарихы бойынша 15 кітап жазылды, атап айтсақ «Шығыс Қазақстанның физикалық картасы», «Шығыс Қазақстаннығ Қызыл кітабы», «Халық жаны мен жады», «Шығыс Қазақстан феномені», т. б. ұжымның жоғары кәсібилігі тек облыстық тарихи - өлкетану мұражайына халықаралық ғылыми бағдарламаларды жасауда, «Қазақстандық Алтайдың скиф - сақтың мәдениеті: генезис мәселесі, мәдениеттердің сабақтастығы», «Алтай - Саян экоаймақтарының Қазақстандық бөлігінінің биоалуантүрліліктің тұрақты дамуы мен сақталуы», «Еуразия металлургтік провинциясында металлургтік және метал өңдеуші ошақтар жүйесіндегі Шығыс Қазақстан», «Мәдение мұраны сақтау», «ШҚО Қар барысының сақталу бағдарламасы» тақырыптарындағы халықаралық экспедицияларға қатысуға мүмкіндік береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz