Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру

Орындаған: Элеусизова Алина
Тобы: 402
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім
Біліктілігі: 0111083 Шетел тілі мұғалімі
Ғылыми жетекшісі: Сәрсекова Г.К.

2021-2022

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Экономикалық тәрбиенің формалары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

II Оқушыларға экономикалық білім берудің әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытудың критериалды және деңгейлік сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Экономика сабақтарында оқушылардың тұлғасын табысты әлеуметтендірудің шарты ретінде экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе
Адамзат дауының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әржақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.
Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой - пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс - әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің иақсатын жеке адамды жан - жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен практикалық еңбектің тікелей байланысы, дененің және ақыл - ой дамуының біртұтастығы деп түсінуге болады.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне байланысты. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; б) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан - жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл - ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.
Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.
Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады.
Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу - тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге тренинг семинар ұйымдастырылып, экономика пәнінің мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдірді.
Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады. Осылардың көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі өзгертіліп, нарықтық қатынасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.
Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде балаларды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді.
АҚШ - та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері, педагогтері мен өкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауаптылықпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолданудың зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп, олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі керек.
Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалық сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдаланылады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі.
Чехия, Венгрияда, Болгарияда, Германияда балалар еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарыменбірге мемлекеттен жалға алған жеке қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикағаден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балаларжеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән береді. Басты нәрсе - адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп есептеледі.
Германияның жоғары оқу орындарында Экономикалық педагогика деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.
Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият бізге өскелең ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі. Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:
1. Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірден-бір буын емес.
2. Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім мәселелерін шешу.
3. Экономикалық материалды оқу пәндері бойынша оқу құралдарына енгізу.
4. Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
5. Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың: экономистердің, бизнесмендердің, журналистердің, социологтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш салу.
6. Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген кітапша-жинақ, кеңінен танымал оқу құалдарын шығару.
7. Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді байдалану.
Экономикалық тәрбие мәселесі А.С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің еңбектерінде, А.Ф. Амед, Г.П. Александров, И.А. Малышев, М.П. Мельникованың жұмыстарында, еңбекке баулу және өндіріс жағдайындағы экономикалық білім беру Л.А. Фридман, А.Х. Сатаров еңбектерінде мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық тәрбие беру мәселесі Т. Е. Сергеева, Н. Б. Кулакова, В. С. Зайцев еңбектерінде қатыстырылған.
Қазақ халқының ұлы ағарушысы Ы. Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық - қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училещелерін ұйымдастырды.
Ы. Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады.
Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысты. Оқушыларға нарық экономикасын түсіндіру үшін және еркін кәсіпкерлік жүйесінде өндірісті басқарудың кейбір сарамандық дағдыларын меңгеру үшін экономикалық білім берудің маңызы зор. Бірақ, біз оқушыларға бүгінге дейін даяр білімді меңгертумен ғана шектеліп келдік. Сондықтан өмір талап етіп отырғандай, қазіргі өтпелі кезеңде әрбір отбасының күнделікті күн көруіне қажетті табыс көзінің қайдан келетінін үйреткеніміз жөн. Оқушылар кез-келген затты сатып аларда, оның көңілін екі нәрсеге аудартуымыз қажет. Біріншісі, керекті затты сатып алу үшін ақша табу, екіншісі, сол тапқан ақшаны қалай жұмсау керектігін ойланту. Дегенмен, табыс табуды алыпсатарлықпен шатастыруға болмайды.
ҚР Білім туралы заңында білім жүйесінің нарық жағдайында қызмет етуінің нақты механизмін анықтауға ұсыныс жасалған. Оқушыларды еңбекке баулудың сан алуан жолы бар. Солардың бірі - оқушыларға экономикалық білім беру.
Экономикалық білім беру деп - - оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру мақсатында берілетін білім. Оқушылардың экономикалық білім берудің мақсаты - қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту. Экономикалық білім теориясы қоғам өмірінің материалдық негіздерін түсінуге, қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынып, қоғам мен жеке адам мүддесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа көзқарастарды қалыптастыруы керек. Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі кездегі өте кешенді мәселелердің бірі. Сондықтан, оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру керек.
Негізгі мақсат қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай оқушылардың экономикалық ойлауын қалыптастыру. Осының негізінде оқушылар қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін ұғынуы, қоғам және тұлғаның мүдесі үшін қоғамдық өндіріс пен еңбекке жаңа қатынастарды қалыптастыру керек. Бастауыш мектеп, негізгі базистік мектеп және бағдарлы мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарына экономикалық тәрбие мәселелерін жүйелі өндіру мүмкіндігі туып отыр. Бастауыш мектептегі қол еңбегі барысындағы құнттылық, еңбек барысындағы үнемшілдік, бағдарлы мектептегі салалық еңбектің экономикалық негіздері тәрбие жұмысын жаңа негізге көшірудің құралына айналуда.
Халыққа білім беру біздің елімізде мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынған. Мемлектіміздің экономикалық саясатына өзгерістер енуіне байланысты білім беруді қаржыландыру да қолға алынуда. Білім берудің мемелекеттік стандартына сай оның белгілі бір мөлшерде қаржылануы сақталады. Қаржыландыру кезі мемлекет тарапынан және оқығаны үшін оқушылардың төлемімен құрылады.
Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейкесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру.
Зерттеудің мақсаты - мектеп оқушыларының экономикалық білім беру барысында педагогикалық негіздерін қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Мектеп оқушыларына экономикалық білім берудің теориялық негіздерін айқындау;
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие берудің маңызын анықтау.
Зерттеудің болжамы - егер оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экономикалық оқыту мен тәрбие беру деңгейін жоғарлату мақсаты қойылса, онда оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін, сабақтан тыс формаларын пайдалану арқылы оқушылардың экономикалық тәрбиесін жоғарлатуға болады.
Зерттеу объектісі - мектептегі оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні - мектептің жалпы оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды экономикалық тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері:
Курстық жұмыс тақырыбының мазмұны бойынша педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
Мектептің құжаттарын және оқушылардың жұмыстарын зерттеу;
Мектептің экономика сабақтарындағы оқыту үрдісін педагогикалық бақылау,
Әңгімелесу әдісі.
Курс жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Оқушыларға экономикалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны

Экономикалық тәрбие және білім беру шаруашылық іс-әрекетті жақсартудың өндірісті басқарудағы белсенділікті арттырудың қажетті және маңызды шарты. Мұның негізгі міндеттері мемлекеттің жүргізіп отырған экономикалық саясатымен айқындалады. Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік-экономикалық тәрбиесі мен білім алуына жоғары талаптар қойып отыр. Себебі, бұрын қалыптасқан экономикалық саясат, экономикалық қатынастар күйреп, жаңа-рыноктық, экономикалық саясат пен қатынастар орын тебуде.
Осы талаптарға сай оқушылардың экономикалық ойлауын дамыту үшін мектеп төмендегідей міндеттерді ескереді:
Қоғамның рыноктық экономикалық заңдары мен заңдылықтары меншіктің түріне қарай өндіріс дамуы мен өмір сүру заңдылықтары жөніндегі білімдерді игеру;
Мемлекеттің экономикалық теориясы мен саясатын, өндірісті жедел қарқынмен дамыту міндеттерін тәжірибеде шешудің жолдары мен әдістерін жақсы білетін, өзінің оқу-өндірістік іс-әрекетінде жоғары нәтижелерге жетуге қабілетті, өз ісіне ие бола алатын, өзіне және қоғам игіліне ұқыпты және ыждағатты қатынас жасайтын тұлғаны қалыптастыру;
Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатыса алатындай, еңбектің жаңа, алдыңғы түрлері мен әдістерін тез игеретіндей мүмкіндік беретін біліктермен қаруландыру;
Ақыл-ойға сиымды қажеттіліктерді қалыптастыру.[1]
Экономикалық тәрбие және білім беру мектептегі барлық оқу пәндерінің мазмұны арқылы жүреді.
Оқушылардың экономикалық ойлауын дамытуда, әсіресе Құқық негізлері, Тарих, География, Биология, Еңбекке баулу, т.б. пәндерінің мүмкіндіктері мол.
Ең алғашқы мектеп оқушыларының экономикалық білімі әр түрлі пәндер бойынша сабақта қалыптасады. Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылық тәжірибесінде ең жақсы тұқым сорттарын пайдалануда, тыңайтқыштарды ұтымды етіп өсімдіктерді қоректендіруде тәжірибе жұмысы экономикалық нәтижені көруге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылық тәжірибесі оқушылар өндіріс бригадасының учаскесінде ұйымдастырылады. Республикамыздың әр түрлі зоналарында топырақ және ауа райы жағдайлары еске алынып, тәжірибе учаскесінде мәдени өсімдіктері өсіріледі.
Өсімдіктерді өсіру олардан мол өнім алу үшін агротехникалық ережелер басшылыққа алынады. Әсіресе еске алатын басты мәселелердің бірі-дақылдар егілетін жердің топырағындағы қоректі элементтердің мөлшерін агрохимиялық лабораторияда анықтайды. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдеттегі нормаларына сүйеніп, топырақтағы қоректі заттардың және минералдық тыңайтқыштардың орта есеппен мөлшерін анықтап, топырақты қоректендіреді.
Химия сабақтарында, әсіресе эксперимент өткізуде оқушылар еңбек мәдениетіне төселеді, бірлігі дамиды, лаборатория жабдықтарын, аспаптарды(приборларды), реактивтерді құнттап ұстайды, түрлі материалдарды, электроэнергияны, суды үнемдеп жұмсауда олардың жауапкершілік сезімі артады.
Физика сабақтарында ғылыми-техникалық прогресстің маңызды бағыттары анықталады. Олар өндірісті электрлендіру, механикаландыру, автоматтандыру. Бұл бағыттармен танысу үшін сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылар мұғалімдердің тікелей басшылығымен әр түрлі экономикалық тақырыптарға баяндамалар, рефераттар жазады, физика пәнінен айналадағы ортаны қорғауға және халық шаруашылығының салаларына ықпалы баяндалады.[6]
Оқушылардың экономикалық тәрбиесінде қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек ерекше орын алады. Өйткені олар еңбек арқылы түсіретін қаржының құндылығына түсінеді. Егер еңбек материалдық құндылықты өндіруге бағытталса, онда ұтымды табысқа жетеді.
Өнімді еңбекте оқушылардың жоспарлау ісіне, өнімділік процесін ұйымдастыруға, есеп алу, бақылау және нәтижесін талдау жұмыстарына оқушылардың қатысуының маңызы өте зор. Бұлардың бәрі материалдық қаржы қорын, жұмыс күнін өнімді пайдалана білуге, ұйымшылдыққа, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық тәрбиеде оқушылар мынандай ұғымдарды білуі қажет. Олар: ұлттық кіріс, қаржы, еңбек ақы, пайда, рентабелдік, өзіндк құн, еңбек, акция, бизнес, рынок т.б.
Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесі негізгі бағыттардың бірі. Бұл мәселе негізінен отбасында шешіледі, мектептің қатынасы жанама ғана А.С. Макаренко: Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі пәні
Оқушыларға экономикалық білім берудің педагогикалық негіздері
Оқу – тәрбие процесінде экономикалық тәрбие беру әдістемесі
Оқушыларға экономикалық тәрбие беру
Мектеп окушыларының көзқарасын қалыптастыру
Экологиялық тәрбие беруде физиканың рөлі
Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудi теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
Педагогикадан дәрістер жайында
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Пәндер