Өлеңдегі қажет ақпаратты тауып, сұраққа жауап жаз


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Оқу сауаттылығы дегеніміз - қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі. Яғни, оқу сауаттылығының негізі - мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады.

Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет.

Оқылым дағдыларының ерекшеліктері оқу сауаттылығын арттырудың бірден бір жолы.

Оқылымның мынадай ішкі дағдыларын әр сабақ барысында қолдануға болады.

1. Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу - мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу.

2. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу - мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажет пайыздық көрсеткіштерді, жылдарды немесе қажетті сөздерді тауып алу.

3. Детальді түрде оқу- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.

4. Сөз мағынасын контексттен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару.

5. Мәтін құрылымын түсіну - мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы, кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.

6. Болжай білу - оқылым тапсырмасы алдында қолданылатын тәсіл. Оқушылар мәтінді оқымас бұрын оның мазмұны мен көтеретін мәселесі жөнінде ойланып, талқылап көреді. Ол үшін олар мәтін тақырыбына, оған берілген суретке қарап болжай отырып, сол тақырыпта өз білімдерін қолданады. Бұл тәсіл мәтінді оңай түсінуге көмектеседі.

7. Мәтін түрлерін ажырата білу - әр мәтіннің өзіндік ерекшелігін, ұйымдастырылуын, стилін ажырата білу. Мәтін түрлері: хат, мақала, жарнама, әңгімелер, поэма, құттықтау қағазы, ақпараттық брошюра, үнпарақ, хабарландыру, т. б.

Бұл дағдыларды іске асыру үшін құрылатын тапсырмалардың да өз реті болуы тиіс. Мысалы, оқылымға арналған тапсырмалар құрылымы төмендегідей:

Оқылым алдындағы тапсырма: мәтін тақырыбын ашуға бағытталған тапсырмалар, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.

Оқылым барысындағы тапсырма: әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар (сұрақтар) . Алғашқы сұрақтар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі тапсырмалар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.

Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Мысалы, бір оқиғаны сипаттап беру немесе оқиғаға баға беру. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалуы керек.

Әрине, алыстан іздеудің қисыны жоқ, қазіргі жаңартылған білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының бәрі оқушыны танып білуден, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне қарай жұмыстануға бағытталған.

Осы оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды дұрыс құрастырып беретін болсақ, оқушыларымыз функционалды сауатты болып шығары сөзсіз. Осы айтылған ойымды өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып дәлелдейін. 2-4 сыныптардың әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасында 2. 1 «Оқу түрлерін қолдану» бөлімшесінде спиральді түрде берілген оқу мақсаттары мынадай:

2. ​2. ​1. ​2шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу: 2. ​2. ​1. ​2
шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу
3. ​2. ​1. ​2шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу: 3. ​2. ​1. ​2
шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
4. ​2. ​1. ​2*шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу: 4. ​2. ​1. ​2*шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу

Бұл мақсаттар оқушылардың оқу сауаттылығын біртіндеп күрделендіру арқылы дамытуға бағытталғаны көрініп тұр. Енді осы мақсаттарға жетуде қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қандай тапсырмаларды қолданғаныммен бөлісейін. Бұл оқу мақсаттағы ең негізгі тұс-қажетті ақпаратты тауып оқу. Оқи отырып, шығармадағы қажетті ақпаратты ажырата алу білігін дамытуда суретті сызба, кесте, сұрақтар тапсырмалар арқылы орындату тиімді. Екінші сыныпта оқушылардың көпшілігінің іштей оқу дағдысы деңгейі көпшілігінде төмен болады, тек дауыстап оқығанда ғана мәтін мазмұнын түсінеді. Сондықтан, іштей оқи отырып, қажетті ақпаратты дұрыс белгілей алуы үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып суретті кестелер бердім.

Кестенің суретпен болатын себебі, 2-сынып оқушылары көп сөзбен берілген тапсырмадан гөрі суретпен немесе өзіне қызықты белгілермен берілген тапсырманы орындауға қызығушылығы жоғары болатыны белгілі. Қадыр Мырзаәлидің «Не үшін?» өлеңін оқымас бұрын оқушыларға мынадай суретті кесте таратылды. Тапсырма: Өлеңді оқып, суреттегі дене мүшелері не үшін қажет екенін жазып шық. Жұпта орындайды. Кесте:

Дене мүшесі: Дене мүшесі
Не үшін керек?Ақынның жауабы:

Не үшін керек?

Ақынның жауабы

Сенің жауабың?: Сенің жауабың?
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдістемелік нұсқау. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 4-сынып мұғалімдеріне арналған
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Қалыптастырушы бағалаудың әдістері
Формативті бағалау әдістері
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Сабақ типі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz