Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
- Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі.
- Мәлімет жинағыштар.
- Файлдар жүйесі.
- Файлдар каталогы.
- Файлдар маршруты.
- Пайдалануға болмайтын файл аттары.
- Файл аттарының стандартты түрлері.
- MS DOS операциялық жүйелерінің құрылымы.
- Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі.
Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген бағдарламалық жабдықтардың ажырамас екінші бір бөлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін береді. ОЖ екі негізгі қызметті атқарады:
- барлық қолданбалы және жүйелік бағдарламалардың жұмысын, оларды бір-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып, қамтамасыз ету.
- әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.
ОЖ-адам мен ЭЕМ аппараттарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе біріктірілген бағдарламалар тобы. Оның құрамына өз командалары және драйверлер сыртқы құрылғыларды басқару бағдарламалары утилиттер - жұмысты жеңілдететін бағдарламалар және т. б. Компьютерлердің әр түрлі модельдерінде қолданылатын ОЖ-ның мүмкіндіктері де әрқалай бола береді. Ең көп тараған ОЖ түрлеріне, MS DOS, CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер WINDOWS бағдарламалар жатады.
MS DOS жүйесі 1981 жылы IBM PS компьютерлерімен бірге шығып, ол әр бір компьютерге орналастырылған болатын. Қазіргі кезде стандартты операциялық жүйе ретінде WINDOWS есептеледі. Бірақ MS DOS жүйесінің негізгі түсініктері операциялық жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады.
2. Мәлімет жинағыштар.
Дербес компьютерде бағдарламалар мен мәліметтерді негізгі сақтаушы құрал ретінде магниттік дискідегі жинағыштар пайдаланылады. Сондықтан да, ЭЕМ-нің нәтижелі жұмыс істеуі осы мәлімет жинағыштарды тиімді қолдана білуге байланысты. Жинағыштар ЭЕМ-нің сыртқы құрлысына жатады, олар латын әріптерімен белгіленіп соңына қос нүкте қойылады А:, В:. Көптеген ДК-лер А: және В: болып белгіленетін екі иілгіш магниттік дискідегі жинағыштан және С: таңбасымен көрсетілген қатты магниттік дискідегі жинағыштан тұрады. ЭЕМ-ді іске қосқанда ОЖ-ның төмендегі стандартты шақыру белгісі экранға шығады мысалы, А:\>-А: жинағышының іске қосылғанын көрсетеді; С:\>-C: жинағышының іске қосылғанын және оның жұмыс істеуге дайын екенін көрсетеді.
Алғашқы CD-ROM-да ақпаратта алмасу жылдамдығы 150 кбайт/с еді. Үлкен көлемді дисктердің бейне ақпараттарын көруге бұл жылдамдық аз еді. Сондықтан оқу жылдамдығы екі есе үш есе үлкейтілген моделдер шығарыла бастады. Қазіргі кезде 40 есе жылдамдатылған құрылғылар шығарылуда. Көптеген мысалдар үшін 4-тік жылдамдықтағы дисководты қолданады, ал ойындар үшін жылдамдығы жоғары дисковод қолданылады. Егер диск сапасыз болса, немесе ластанса оқу жылдамдығы автоматты түрде төмендейді.
Көбінесе ОЖ ЭЕМ жадына жұмысты жеңілдететін NORTON COMMANDER бағдарламасымен бірге жүктеледі. Мұндай кезде дисплей экранның жоғарғы қатарында дискінің аты мен оның мазмұны жазылған екі тіктөртбұрыш тәріздес терезелер, ал экранның ең соңғы қатарында А:\> немесе С:\> деген ОЖ-ның командаларын енгізуге арналған қатар пайда болады.
Операциялық жүйенің тұрақты сақтау орны болып магниттік дискілер немесе дискет есептеледі. Дискінің негізгі бөлігі мәліметтер мен бағдарламаларды сақтауға арналған, оларға қоса магниттік дискілерде мәліметтер мазмұны (каталог, директорий) да сақталады.
3. Файлдар жүйесі.
Файл (file-бума десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған бір мәтіндес ақпарат жиыны. Файл бағдарламадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, тексттен тұру мүмкін. Әр бір файлдың файлдар каталогында, мазмұнында тіркелген өзіндік атауы болуы керек. Файлдың толық атауы екі бөліктен құралады: аты, заты.
Файлдың аты, заты, символымен берілген көлемі операциялық жүйенің күнтізбелігі мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары деп аталады. Олар файл жазылғанда, өзгертілгенде немесе көшірілгенде тіркеліп отырады.
4. Файлдар каталогы.
Каталог деп - осы файлдар жайлы толық мағлұмат беретін дискідегі облысты айтамыз, яғни файлдың аттарын, көлемін, өлшемін көрсетеді. Компьютерді жиі қолданған жағдайда файлдар саны жылдам өседі, сондықтан оларды сұрыптап, кластарға және топтарға бөлу қажеттілігі туады. Бұл осы файлдар каталогтары арқылы іске асады. ЭЕМ-нің сыртқы жадының бір бөлігі не тарауы деп қарауға болады. Әр бір каталогтың белгілі бір атауы болуы тиіс. Каталогтар тізімі тағы басқа топқа тіркелуі мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді тармақталған ағаш тәріздес болып файлдар жүйесі құрыла береді. Файлдардың аты алфавит бойынша, не құрылған уақыты бойынша каталогтағы тізімге енгізіп отырады. Каталог файлдарды іздеуге, реттеуге, тексеруге, көшіріп алуға, қағазға басуға ыңғайлы болады.
Әр бір дискіде негізгі каталог немесе 1-ші деңгейдегі каталог бар. Бұл каталогқа жәй файлдар және 2-ші деңгейдегі ішкі каталогтар кіреді. Кез келген уақытта тек бір дискімен жұмыс істесек, ол ағымдағы диск болып есептеледі. Сонымен қатар, әр бір уақытта ағымдағы жинағышта бір каталог іске қосылып тұрады, оны ағымдағы каталог деп атайды. ЭЕМ-ді іске қосқанда экранға көбінесе түпкі каталог немесе ЭЕМ-ді өшірген кезде ағымда болатын каталог шығады. Ағымдағы каталогты басқа каталогқа ОЖ-ның стандартты шақыруында ағымдағы дискінің аты, содан соң файл каталогтарының аттары көрсетіледі.
*. *- файлдардың толық атының белгісі.
5. Файлдар маршруты.
Файлдар жоғарыда көрсетілгендей түрде құрылыс, онда тек файл атын емес, оның тұрығын, каталогын, деңгейлерін көрсету қажет. Мұндай тізбектелген файлдар атауы -маршрут деп аталады. Маршруттағы атаулар бір-бірімен «\» таңбасымен бөлініп тұрады.
Командаларды файлдың атын толық көрсету үшін дискінің атын маршрутты, файлдың атын және түрін толық көрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты мынандай болады [ < дискінің аты > :\ ] [ < маршрут >] < файлдың аты> [ < түрі > ]
Егер дискінің аты немесе маршруты көрсетілмесе, онда өзіміз жұмыс істеп отырған дискінің ағымдағы каталог екпінді деп есептеледі. Сонымен, әрқашанда бір диск және оның бір каталогы іске қосылып, ағымдағы екпінді күйде болады. Ол дискінің және каталогтың аты экранда көрсетіліп тұрады.
Мой компьютер→ С:\ Диск 3, 5(А) Мой компьютер→C:\winnt\profiles\
Байзакова\Личная\
Сетевое окружение\Server12\Students\ЭПк-222\Байзакова\ Керек файлдарды танда
Топтар Аты-жөні
Егер файлды қай жерге сақтаған жеріңді ұмытсаң, онда Пуск-Поиск-Файлы и папки батырмаларын басу керек.
Егер файлдың атын ұмытпасаң сол файлдың атын жазып содан соң «Найти» батырмасын басу керек.
Ал, егер файлдың атын ұмытсаңыз, бірақ файлдың тұрақты типін білсеңіз, онда мынадай үлгіде көрсету керек: . тұрақты типі (Мысалы: *. doc) . Кейін «Найти» батырмасын бас.
Содан кейін компьютер автоматты түрде көрсетілінген буманың ішіндегі көрсетілінген үлгі бойынша файлдарды іздестіріп тізімін шығарады.
Тапсырма:
- өзіңнің кейбір файлдарды көрсетілген түрлерімен ашып көр.
- Найти (Ізде) батырмасын пайдаланып кейбір файлдарыңды тап.
6. Пайдалануға болмайтын файл аттары.
Кейбір үш әріп тіркестерінен тұратын аттар сандартты құрылғылардың аттары болып келеді. Оларды файлдың аттары немесе заттары ретінде пайдалануға болмайды.
Мысалы,
PRN- негізгі баспаға беру құрлысы, 1-ші принтер;
LPT2-қосымша 2-ші принтер;
CON-консоль, яғни берілген мәндерді енгізетін болсақ, пернелік, экранға шығатын-дисплей;
AUX-негізгі коммуникалық канал;
NUL- бағдарламаны қалыптастыру, жетілдіру және орындау мақсатында қолданылатын жалған құрал.
7. Файл аттарының стандартты түрлері.
Файл атына тіркелеп тұратын оның заты немесе типі онда сақталатын ақпараттың тегіне, мазмұнына, түріне қарап беріледі. Файлдарды түрлеріне қарап біріктіруге мүмкіндік беретін мына төмендегідей стандартты типтер болады:
ASM-ассембілер тілінде жазылған программа;
BAK-негізгі файлға зақым келген жағдайларда қолданылатын резерв файл;
BAS-BASIC тілінде жазылған бағдарлама түріндегі файл;
BAT-дестелі түрде өндеуге арналған командалық файл;
COM-тәуелсіз орындалатын командалық файл;
ДАТ-берілген мәліметтер файлы;
ДОС-өңдеуге арналған мәтіндік файл;
EXE-ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін, бірден орындалатын файл;
PAS-Паскаль тілінде жазылған бағдарламалардың файлы;
TXT-мәтіндік файл.
8. MS DOS операциялық жүйелерінің құрылымы.
MS DOS операциялық жүйесі дискеттің немесе С: дискісінің түпкі каталогында файлдар түрінде орналасады. MS DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі топқа бөлінеді.
Резидентті командаларға қызмет ететін COMMAND. COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар тез орындалатын жиі қолданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т. б. командалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz