Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ МҚКҚ

БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Курстық жұмыс

Орындаған:0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенті Аманжол Б Жетекшісі: Г. Балабаевна мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер оқытушысы

Нұр-Сұлтан,2022жылы
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек арқылы ұжымдыққа тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Балаларға ересектердің еңбегін таныстыру және бағалай білу дағдыларын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу- тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар мектеп жасына дейінгі балалардың болашақ қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы және оған деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің адамзат болып өсуінің, жеке адамды адамгершілік және зиялы көзі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты. Бұл өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді, ойын ересекердің еңбегін бейнелейді. Балабақшада балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру бір формада өтеді. Басында жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейін шағын топтармен орындалатын жұмыстар жүктеледі. Балалардың еңбегі мен ойынның арасын ажырату қиын, себебі алғашқы еңбек әрекеті ойыннан басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен кездеседі оларды танып біледі.
Аранайы әдебиеттерге шолу

Мақсаты: Балалардың еңбекке деген талпынысын ояту. Адамгершілікке тәрбиелеу арқылы ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.
Зерттеу міндеттері: -Балалардың еңбекке деген қызығушылығын ояту. -Үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпеу қарауға үйрету -Көпшілік үшін еңбек ете білуге және қоғамдық бағытта еңбектенуге баулу,
Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу болжамы:
Зерттеудің теориялық маңызы: Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу арқылы, ересектердің еңбегін бағалау дағдыларын қалыптастыру бойынша мәліметтер жинақталды.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Зерттеудің әдістері:
Зерттеудің құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, глоссарий, қосымша және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАЛАЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙ ОТЫРЫП, ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БАҒАЛАЙ БІЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Мектепке дейінгі еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің еңбек үлгісімен танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады. Балалар еңбек арқылы өзіне-өзі қызмет етуге, шаруашылық тұрмыс қызметіне және т.б өзіне қажетті түрлі дағдыларымен іскерлікке үйренеді, қиыншылықтарды жеңе білу, өз бетінше әрекет жасау қабілеті дамиды, айналасындағы заттардың қасиеттерін біледі.
Балалар еңбек ете жүріп, дене құрлысы жағынан да шынығады, таза ауада еңбектенеді: қазу, су әкелу, қар күреу және т.б. Балалар күш жұмсауға қиыншылықтарды жеңуге үйренеді. Орыс педагогі А.С.Макаренко балаларды ұжымдық еңбекте тәрбиелеуді ерекше бағалаған, ұжымдық еңбек барысында балаларды бір-біріне деген жағымды қарым-қатынас, жауапкершілік пайда болатынын атап көрсеткен.
Бау-бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбек сүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады.
Балалардың еңбегіне басшылық етуде педагогтардың алдында міндеттердің екі тобы тұрады: еңбектің әр алуан түрлері жөнінде дағдылар мен іскерліктер тәрбиелеу; еңбекке оңды көзқарас және адамың еңбек әрекетін ойдағыдай орындауға қажетті: еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәуелсіздік, өзара көмек т.б қасиеттерін тәрбиелеу. Балалардың еңбек әрекетін ұйымдастыру формалары бойынша жоспарлауды мейлінше ұтымды түрде жүзеге асыру керек. Еңбек ұйымдастырудың ең қарапайым формасын - тапсырма беруді жопарлай отырып, тәрбиеші оның мазмұнын, оны орындауға қатыстырылатын балаларды көрсетеді.
Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі. Бұл олардың қызметке ынтасын сақтауға, оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар:
-өзіне-өзі қызмет көрсету
-шаруашылық-тұрмыстық еңбек
-табиғаттағы еңбек
-қол еңбегі
Еңбектің жекелеген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес. Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар. өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған. Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзін-өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді, өзіне-өзі қызмет көрсету міндет терінде ұсыныла бастайды. Мектепке дейінгі сәбилік шақта өзіне-өзі қызмет көрсету белгілі қиыншылықтарға байланысты, ал мұның өзі дағдылардың қалыптасу процесін тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті орындаудағы құлықсыздығын туғызады. Ал тәрбиеші осы балалардың өзіне-өзі қызмет көрсете білу қабілетін дамыта бастайды, қажетті әркеттерді орындауда ұқыптылық пен мұқияттылық, дербестік болуына күш салады, тазалықпен мұнтаздыққа әдеттенеді. Осының бәрі сабырлықты табандылықпен игі тілектестікті, сәбилердің кейде пайдасыз ықыласының өзін қолдап көтермелеп отыруды талап етеді. Балалардың өзіне-өзі қызмет көрсетуін басқара отырып тәрбиеші әрбір баламен жеке дара жұмыс жүргізеді, онымен алуан түрлі байланыс жасайды, көтеріңкі көңіл күйін қолдап отырады. Киімінің және оның түрлі бөлшектерінің, қажетті әрекеттердің аттарын атай отырып, балалардың сөздік қорын кеңейтеді.
Мектепке дейінгі естияр шақта өзіне-өзі қызмет көрсетуде әжептәуір дербес болып қалады, еңбектік бұл түрі олардың тұрақты міндетіне айналады. Тәрбиелік міндеттердің қиындатыла түсуі, қимыл-әрекеттердің сапасына, өзін күтц процесіндегі ұйымдасқан тәртіпке, оған жұмсалатын уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді. Тәрбиеші балаларда өзара көмектесу тәсілін қалыптастырады, оларға жолдастарынан қалай көмек сұрауды, қалай көмек көрсетуді, көмектескені үшін алғыс айтуды үйретеді. Мектепке дейінгі ересек шақта өзіне өзі қызмет көрсетудің жаңа төсегін жинау, аяқ киімін жинау дағдыларын игереді. Бұларға байланысты процестер неғұрлым күрделі тәрбиелік міндеттерді балалардың бойында мұнтаздық пен тазалық әдеттерін, құбылыстарының арасында өзін дұрыс ұстау дағдысын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Еңбек тапсырмалары-балалардың еңбегін ұйымдастырудың ең қарапайым түрі.Олар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуде ерекше тәрбиелік маңызы бар. Олар көбінесе ойын және еңбек міндеттерін ажыратпайды, өз бастамасы бойынша қалай жұмыс істеуді білмейді, ересектер оларды тапсырмалар беру арқылы жұмысқа тартады. Еңбек тапсырмасы дегеніміз балаға бір немесе кезкелген құрдастарымен бірге орындалуы керек нақты тапсырманы беру. Тапсырма ол баланы өзіне-өзі қызмет көрсетумен де, ұжым үшін қиындықпен де байланысты жұмысты орындауға міндеттеу.
Еңбек тапсырмаларын орындау балалардың еңбекке деген қызығушылығын, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Бала назарын аударып, оны соңына дейін жеткізуге және тәрбиешіге тапсырманың
орындалуы туралы хабарлауға күш салуы керек.
Балалардың еңбек қызметін ұйымдастыру нысаны ретіндегі тапсырмалардың ерекшеліктері бар: олар әрқашан ересек адамнан келеді, нәтиже алуға нақты көңіл бөлінеді, міндет нақты анықталады. Олар балалармен жеке жұмыс жасау үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Баланың тапсырманы орындау барысында жұмыстың дұрыстығын, еңбек дағдылары мен дағдыларының болуын, баланың тапсырмаға қатынасын, жұмысты соңына дейін жеткізе алуын бақылау ыңғайлы.
Ұйымның нысаны бойынша еңбек тапсырмалары жеке, кіші, жалпы болуы мүмкін; ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді, тұрақты немесе бір реттік. Тапсырмалар арқылы тек еңбекке тәрбиелеу ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, физикалық, ақыл-ой және эстетикалық мәселелерді шешуге болады. Балалармен тәрбие жұмысының тәжірибесінде жеке тапсырмалар жиі кездеседі (көбінесе ұжымдық, екі-үш баланың кіші топтары).Тапсырмалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
Қазақтың тұрмыс - салт дәстүрі негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың әдістемесі
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Пәндер