SQL кестелеріндегі мәліметтердің модификациясы


Алматы қалалық білім басқармасы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі
КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырып:
Мамандығы: 1304000-Есептеуіш техникасы және
бағдарламалық қамтамасыздандыру
Бөлім менгерушісі
Себаева Г. Ж.
«___»___ 20___ж.
КЖ жетекшісі
Таншаева А. К.
«___»20___ж.
Студент
.
Топ: 3 ЕТ және БҚ «А»
«___» 20___ж.
Алматы 20__ж
МАЗМҰНЫ
Бет
КІРІСПЕ. . . .
Негізгі бөлім . . . . . . . . .
Арнайы бөлім… . . . …… . . . . . .
Мәліметтер қоры туралы қысқаша түсінік және мәліметтер қорының объектілерін басқару . . .
SQL тілінің теориялық аспектілері . . .
SQL - тегі мәліметтер қорын өңдеуді көрсету
Ұсыныс . . . . . .
Қорытынды . . . . . . … . . .
Қолданылған әдебиет тізімі . . . . . . .
Кіріспе
SQL ( Structured Query Language ) - бұл құрылымдық сұраныстар тілінің қысқартылған атауы. Ол реляциялық деректер базасында мәліметтерді өңдеу және құру құралдарын береді. Қазіргі таңда компьютерлік өнеркәсіпте SQL тілі ең маңызды тенденция болып тұр. Соңғы жылдары SQL тілі деректер базасының жалғыз тілі болып табылады. SQL дерекқорлар үшін арнайы жасалған бағдарламалау тілі болып келеді. SQL-ді пайдалана отырып, дерекқордан ақпаратты сұратуға, деректерді жаңартуға және қайта жасауға, дерекқор жүйесінің құрылымын құруға және өзгерте отыра және деректерге қатынасты басқара ала аласыз. SQL серверлері үшін пайдаланылатын жалпы бағдарламалық жасақтама ол Microsoft Access, MySQL және Oracle бағдарламаларын қамтиды.
SQL даму тарихынан.
SQL 1969 жылы IBM зерттеушісі Эдгар Ф. Кодд SQL тілін дамыту негіз болатын салыстырмалы деректер базасының үлгісін анықтап шыққан зерттеуші. Жай сөзбен айтсақ, реляциялық деректер базасының үлгісі әртүрлі деректермен байланысты жалпыға бірдей ақпарат немесе кілт болады. Мысалы: пайдаланушы аты сіздің нақты атыңызбен және телефоныңызбен байланысты болады.
Бірнеше жылдан кейін IBM Codd-тың қорытындыларына сәйкес негізделе отыра, реляциялық дерекқорды басқару жүйелері үшін жаңа тілде жұмыс істей бастады. SQL тілі бастапқыда SEQUEL деп аталды немесе Structured English Query Language деп аталмақшы болған. Бұл жоба, System/ R деп аталатын жоба, бірнеше енгізулер мен түзетулер арқылы өтті және түпнұсқа тілге дейін бірнеше рет өзгертілген.
SQL 1978 жылы тестілеуді бастағаннан кейін IBM SQL/ DS (1981жылы) жәнеде DB2(1983жылы) қоса коммерциялық өнімдерді дамыта бастаған. Басқа жеткізушілер өздерінің коммерциялық SQL - негізіндегі ұсыныстарын жариялап, өздерінің талаптарын орындатқан болатын. Олардың қатарына 1979 жылы шығарылған бағдарламалар Oracle6 Sybase және Ingress кірді.
Компютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсізідігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер базасының технологиясы облысындағы өндріс жетекшілерімен қолдауы оны деректербазасының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер базасының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді. Төменде SQL жұмысының сұлбасы бейнеленген. Есептегіш жүйеде маңызды ақпарат сақталған деректер базасы болады. Егер есептегіш жүйе кәсіпорынның кадрлар бөліміне қатысты болса, онда деректер базасында кәсіпорында қызмет ететін адамдар жайлы ақпарат (аты-жөні, туған жылы, телефоны, қызметі және т. б. ) сақталуы мүм кін.
Деректер базасын басқаратын компьютерлік бағдарлама деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Егер қолданушыға деректер базасындағы мәліметтерді оқу қажет болса, онда оларды SQL тілінің көмегімен ДББЖ-нен сұрау керек. ДББЖ сұраныстарды өңдейді, қажет болған мәліметтерді тауып оларды қолданушыға жібереді. Мәліметтерді сұрау және нәтиже алу процесі деректер базасында сұраныстар деп аталады, яғни сұраныстардың құрылымдық тілі деп.
Деректер базасында қолданылатын SQL тілі логикалық байланысқан кесте-қатынастар жиынтығы түрінде берілген мәліметтермен операциялар жүргізуге бағытталған. Осы тілдің құрылымының ерекшелігі өңдеу процедурасына емес, мәліметтерді өңдеудің соңғы нәтижесіне бағытталуында болып келеді. SQL тілі мәліметтердің, индекстердің қайда орналасқанын, және нәтиже алу үшін қандай операциялар тізбегін пайдалану керектігін өзі анықтайды, сондықтан бұларды ДБ сұраныстарында көрсетудің қажеті жоқ.
SQL- құрылымды сұранымдар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұраныстарды құруға болады. Сұраныс - бұл белгілі бір ақпараттарды алуға талап болып табылады. SQL - сұраныстардың көмегімен:
- Қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;
- Бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;
- Күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдана ала алады;
- Мәліметтер жиынтығының кез - келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;
- Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;
SQL тілінің әртүрлі жүйеге негізделген көптеген диалектілері бар. SQL- ді қолдануға қандай жүйеде жұмыс жасасаңыз, соның сәйкес құжаттарын қараған жөн.
SQL сұраныстың екі түрі болады олар: статикалық және динамикалық деп бөлінеді.
Статикалық SQL сұраныстар қосымшаны құру барысында жазылады.
Динамикалық SQL сұраныстар коды қосымша орындалу барысында құрылады немесе өзгертіледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- MICROSOFT SQL SERVER
SQL- дің бірнеше әртүрлі версиялары бар. MICROSOFT SQL SERVER Transact - SQL деп аталатын версиясын қолданылады.
Microsoft SQL Server - Windows NT нарығында мәліметтер базасының серверлерінде ең атақты сервер болып табылады. Microsoft SQL Server - реляционды мәліметтер базасын басқару жүйесі болады. Бұл клиент сервер әдетте, сервелік программа деп аталатын екі құрымлымды архитектураларының бірі болып табылады. Клиенттік программалар көбінесе пайдаланушылар өңдеген қосымшаларды немесе Microsoft Access сияқты МБ-ден автономды программалық жүйелерді білдіртеді.
Клиентті сервермен байланыстырушы құрал - SQL тілі болып табылады. Көптеген файл-сервер негізіндегі желілік МББЖ-і сұратуларға жауап берген кезде өте көп артық ақпараттар береді. Бұл жүйемен салыстырғанда клиент-сервер жүйесі тек қана сұратуда көрсетілген ақпаратты береді. Ал бұл ақпараттық жүйелерді басқаруда SQL-дің тиімдірек құрал болуына мүмкіндік бере алады.
Логикалық құрылымдар. Microsoft SQL Server - де екі түрлі кестелер пайдаланылады олар: жүйелік және пайдаланушы кестелер. Жүйелік кестелер әрбір мәліметтер базасында сақталады және МБ-ң каталогының кестелері деп немесе жүйелік кестелер деп аталады. Жүйелік кестелер олар Microsoft SQL Server - де пайдаланушы МБ - ң объектілерінің жағдайының ізін басу үшін қолданылады.
Кесте - бұл пайдаланушылардың қарым-қатынаста болу объектісі болып табылады. Microsoft SQL Server - де кестелер барлық мәліметтерді сақтаушы объект ретінде пайдаланылады. Ереже сәйкес бойынша, кестеде бір типті ақпарат сақталынады: мердігерлер туралы, тапсырыс берушілер туралы, тауарлар туралы және тағы да басқалар туралы мәліметтер болады. Кез-келген түрдегі ақпаратты, мәліметті сақтау үшін өзіндік кестелер құру керек.
Курсорлар. Курсорлар Declare cursor операторының көмегімен активтендіріледі. Microsoft SQL Server - де екі типті курсорды құра алады олар: динамикалық және тек қана алдыға ауыстырылатын курсорлар. Курсорлар көбінесе сұратулардың нәтижесінде алынған көптеген мәліметтерде белгілі бір операцияларды орындау үшін қажет.
Индекстер. Microsoft SQL Server МБ - дағы индекстер күнделікті өмірде қолданылатын кез-келген индекс сияқты рөлді атқарады. Бұл - ақпаратты немесе ақпараттың белгілі бір түрін тез табуға мүмкіндік бере алатын құрал болып табылады. Индекс - бұл кестедегі мәліметтерге кіру үшін және де мүмкіндігін жылдамдатуға Microsoft SQL Server - де арнайы қолданылатын объект. Индекстердің екі түрі бар олар: кластеризделген және кластеризделмеген деп аталады.
Кластеризделген индексті қолданғанда кестедегі мәліметтер физикалық түрде ретке келтіріледі. Кестеде бір ғана кластеризделген индекс бола алады және ол кластеризделмеген индекске қарағанда әдетте бір бетке аз болады, сондықтан кластеризделген индекстер ережеге сәйкес бойынша тезірек жұмыс істейді.
Триггерлер. Бұл белгілі бір шарттар пайда болғанда автоматты түрде активтендірілетін арнайы объекттер болып табылады. Берілген шартты сақтағанда триггер жұмыс істейді де онда көрсетілген операциялар орындалады. Триггерлер күрделі талаптарды орындау үшін қолданылады.
Идентификаторлар. МБ - ң құрылымын құрған кезде идентификаторларға ережелер мен келісімдерді орнату крек. Объекттер аттарының келісімі үшін Microsoft SQL Server бір қатар ережелер орнатады.
Транзакция . Microsoft SQL Server - де транзакция деп бір рет орындалу керек процедуралардың жиынтығын атайды. Егер де, транзакция орындала бастаса, онда ол толығымен аяқталмауы керек немесе толығымен болдырылмауы керек.
Microsoft SQL Server транзакцияның басталуын немесе аяқталуын анықатуы үшін келесі транзакциондық командалар қолданылу қажет олар:
Begin TRANsaction. Бұл оператор Microsoft SQL Server - ге барлық келесі операцияларды топтастыру және транзакцияны орындауды бастау туралы хабарлама үшін қажет.
Comit TRANsaction. Бұл оператор Microsoft SQL Server - ге ағындағы барлық операциялардың орындалуын ачқтау туралы бұйрық береді. Нәтижеде ол транзакция аяқталынады және де ол дискке сақталуы керек.
ROLLBACK TRANsaction . Бұл оператор Microsoft SQL Server - ге транзакцияның өңдеген барлық өзгерістерін болдырмауы және бастапқы қалпына келтіру туралы бұйрық үшін қолданылады.
SAVE TRANsaction . Бұл оператор пайдаланушыға транзакцияның ішінде сақтау нүктесін орнатуға мүмкіндік беретін транзакция.
- SQL кестелеріндегі мәліметтердің модификациясы
Мәліметтердің модификациясы DELETE (өшіру), INSERT (қою) және UPDATE (жаңарту) ұсыныстары арқылы орындала алады. SELECT ұсынысы сияқты бұл ұсыныстар базалық кестелермен де, ұсынулармен де операциялар жасауға болады.
DELETE ұсынысының мынандай форматы бар олар:
DELETE
FROM базалық кесте ұсыну
[ WHERE фраза ] ;
Және көрсетілген кестенің барлық жолдарын өшіруге мүмкіндік береді немесе WHERE фразасында белгіленген жолдарын өшіруге мүмкіндік береді.
INSERT ұсынысында келесі форматтардың бір түрі болады:
INSERT
INTO {базалық кесте ұсыну} [( бағана [, бағана] . . . ) ]
VALUES ({константа айнымалы} [, { константа айнымалы}] . . . ) ;
немесе
INSERT
INTO { базалық кесте ұсыну} [( бағана[, бағана] . . . ) ] сұратудың тармағы
Бірінші форматта кестеге VALUES (мән) фразасының тізімінде көрсетілген өрістердің мәнімен бірге жолдар қойылады және мұндағ і-ші мән бағааналар тізіміндегі і бағанаға сәйкес келеді. Егер де тізімде VALUES фразаларда модификацияланған кестенің барлық бағаналары және олардың тізбегінің тәртібі кестені бейнелеуде бағаналардың тәртібіне сәйкес келетін болса, онда INTO фразасында бағаналардың тізімін түсіруге болады екен.
Екінші форматта бірінші сұратудың тармағы орындалады, яғни SELECT ұсынысы бойынша жадыда жұмыс кестесі құрастырылады, содан кейін жұмыс кестесінің жолдары модификацияланатын кестеге жүктеледі.
UPDATE ұсынысының да екі форматы болады. Соның ішіндегісінің біріншісі ол:
UPDATE ( базалық кесте көрсетілуі }
SET бағана = мән [, бағана = мән ] . . .
[ WHERE фраза ]
мұндағы мән - бұл
бағана амал константа айнымалы
және жаңартылып жатқан кестенің бағаналарын ғана қосы алады, яғни модифицияланатын кестенің бағаналарының бірінің мәні басқа бағанаға немесе амалға ауыса алады.
Екінші формат модификацияланатын кестенің мәндерін бағаналардың мәндері бойынша басқа кестеден жаңартуды жүргізуге мүмкіндік беретін ұсынысты бейнелейді. Өкінішке орай деймізбе, МББЖ - ң қатарында бұл форматтар бір-бірінен және стандарттан өзгешеленеді.
- Модификация ұсынысын құрастыру
SELECT ұсынысын жақсы түсінгендер үшін DELETE, INSERT және UPDATE ұсыныстарын құрастыру операциялары қиындыққа түспейді. Егер де, осындай құрастыру процесінде мынаны ескерген жөн:
Егер де WHERE фразасының DELETE және UPDATE ұсыныстарында енгізілген сұратулардың тармағы болса, онда бұл сұраудың тармағының FROM фразасында жолдары өшірілетін кесте еске алынбауы керек. INSERT ұсынысының сұрату тармағында да мәліметтер жүктелетін кесте еске алуынбауы керек.
Мәліметтер модификациясын құрастыра отырып, МБ - ң қайшылықсыз сақталынатындығын әрдайым есте сақтау керек.
АРНАЙЫ БӨЛІМ
2. 1 SQL - Серверде жұмыс істеу принциптері
SQL кестелері. Реляционды мәліметтер базасында ақпарттар жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде берілуі мүмкін. SQL тілінде қолданытлатын кілтердің үйлесімділігі ( CREATE TABLE my_table - my_table деп аталатын кестені құру) сұратулар үшін “ұсыныс” деген атқа ие болады. SQL - де кестелер CREATE TABLE ұсынысы арқылы құрылады. CREATE TABLE ұсыныс базалық кестенің атын, бағаналарының аттарын және осы бағаналардағы мәліметтердің типтерін спецификациялайды. CREATE TABLE - орындалынатын ұсыныс. Егер де SQL - серверіне CREATE TABLE сұратуын беретін болса, онда ол кесте жүйе кестені құрастырады. Бастапқыда ол кесте бос болады, яғни кесте бағаналардың аттарынан тұратын жолдан тұрады, бірақ та жолдардың мәліметтері болмайды. Кестеге ақпараттар INSERT командасы ұсынылғаннан кейін ғана қойылады.
SQL сұратуларының құрылымы. Бір немесе бірнеше кестелерден кез-келген мәліметтерді алған кезде барлық сұратулар бір ғана SELECT ұсыныс арқылы орындалады.
2. 2 SQL командаларының типтері
SQL тілінің командалары бірнеше топқа бөлінеді. Негізгі типтері:
- DDL (Data Definition Language) - мәліметтердің анықталу тілі. Бұл топтың командалары мәліметтер қорының объектілерін құрамын құру және өзгерту үшін қолданылады.
- DML (Data Manipulation Language) - мәліметтерді басқару тілі. Бұл командалары мәліметтер қорының объектілеріндегі ақпаратты басқару үшін қолданылады.
- DCL (Data Control Language) - мәліметтерді басқару тілі. Командалар мәліметтер қорында сақталған ақпаратқа кіруді басқаруға арналған.
- DQL (Data Query Language) - жиі қолданылатын командалар, мәліметтер қорына сұранымды құруға арналған.
SQL мәліметтерінің типі
SQL - де пайдаланылатын мәліметтер типтернін келесі топтарға бөлуге болады:
- Жолдық типтер;
- Дата мен уақытты көрсетуге арналған типтар;
- Сандық типтер.
Жолдық типтер.
SQL - де екі жолдық типтер бар олар:
- Белгіленген ұзындықты символдық жолдар;
- Айнымалы ұзындықты символдық жолдар.
Белгіленген ұзындықты символдық жолдар.
Белгіленген ұзындықты символдық жолдар деп сақталған мәліметтер, өріске енгізілген нақты жолдың нақты өлшемінен тәуелсіз, жадының бір ғана көлемін алады.
Айнымалы ұзындықты символдық жолдар.
Айнымалы ұзындықты жолдың ұзындығы барлық мәліметтер үшін тұрақты емес, ол мәліметтер қорының кестесі өрісінде сақталған жолдың нақты өлшеміне тәуелді болуы керек.
Сандық типтер.
Сандық типтер былай бөлінеді.
- Бүтін санды типтер;
- Белгіленген нүктелі заттық типтер;
- Жүзуші нүктелі заттық типтер;
- Белгіленген және айнымалы ұзындықты екілік жолдар.
Бүтін санды типтер .
ANTI SQL стандартымен негізінде екі бүтін санды типтер орнатылады:
- INTEGER - 4 байтты пайдаланатын таңбалы бүтін сан. 2147483648 - ден 2147483647 - ге дейінгі диапозондағы сандарды бере алады;
- SMALLINT - 2 байтты пайдаланатын таңбалы қысқа бүтін сан. 32768 - ден 32647 - ге дейінгі диапозондағы бүтін сандарды бере алады.
Белгіленген нүктелі заттық типтер.
Бұл типтер бөлшек сандарды нақты беру үшін қолданылады. Типтер қателіктер жіберілмейтін екілік формада жүзгімелі нүктелі заттық сандарды беруде қолданылады. Бұл типтер шын мәнісінде ондық нүкте түрінде бейнеленетін бүтін санды типтер болып келеді.
Жүзгімелі нүктелі заттық типтер.
Әдетте бұл типтер ғылыми және инженерлік есептеулерде қолданылады. Бұл типтер мәліметтер қорына енгізуде үнемі қандай да бір қателіктер жіберіп отырады. Бұл қателік аз болса да, кейбір жағдайларда осындай қателіктер кешірілмейді және үлкен қателікке алып келуі мүмкін. Сол себепті, бұл типтер ақшалай шамалы мәндерді сақтауға қолданылмайтын типтер болып келеді.
Көп себептерде екі жүзгімелі нүктелі заттық типтер пайданылады:
- FLOAT - бірлік дәлділікті сандар;
- DOUBLE - екілік дәлділікті сандар.
Екілік жолдар.
Екілік жолдар салыстырмалы сирек пайдаланылады. Көбіне осындай типті өрістер жалаулар немесе екілік маскалар ретінде пайдаланылады. Символдық жолдар сияқты, екілік жолдар белгіленген және айнымалы ұзындықты болады.
Дата мен уақытты берілген типтер.
Аты айтып тұрғандай бұл типтер дата мен уақытқа қатысты ақпараттарды сақтау үшін қолданылады.
SQL- стандартында дата мен уақыт туралы ақпаратты сақтауға арналған кеолесі мәліметтерді типтерді анықталған:
- DATA - датаны сақтау үшін қолданылады;
- TIME - уақытты сақтау үшін қолданылады;
- TIME STAMP - дата мен уақытты сақтайды;
- INTERVAL -екі дата мен уақыт моментіндегі уақыт аралығын сақтайды.
2. 3 SQL көмегімен мәліметтер қоры басқару
Реляциялық МҚ - ол жолдар мен бағандардан тұратын екі өлшемді кестеде сақталатын байланысқан ақпарат болып келеді және МҚБЖ терминінде жазу деп аталатын әрбір жол мәліметтердің бір ерекшелігіне сәйкес келуі мүмкін. Өріс деп аталатын кестенің әрбір бағаны мәліметтердің типінің әрбір мәнінен тұрады. Солай келе, реляциялық МҚ негізі ақпараты бар екі өлшемді кесте болып келеді.
Бірақ МҚ бір кестеден тұратын сирек кездеседі. Мәліметтермен күрделі және қуатты операцияларды өрнектеу үшін өзара байланысқан ақпаратты фрагменттері арасындағы байланысқа байланысты болып келеді. Кестенің жолдары арнайы ретпен орналаспауы керек себебі, жүйенің максималды иілгіштігін қолдау үшін. МҚ жүйелерінде ақпаратты реттейтін қуатты функция бар.
Кестенің өрістері реттеледі, жолдардан айырмашылығы және оларға ат беріледі. Кестенің әрбір бағанына ат қоюлуы керек.
Көп жағдайда SQL көп қолданушылары бар компьютерлік жүйелерде жұмыс істейді, сәйкесінше оларды өзара ажырату қажеттілігі туады. Мұндай жағдайда қолданушының хұқын тексеретін код болуы керек. Компьютермен сеанстың басыда қолданушы жүйеге өзінің арнайы идентификаторын айтып кіреді. Кірудің идентификаторын пайдаланатын кез-келген адамдар саны, жеке қолданушы болып табылады.
Көптеген SQL орталарындағы әрекеттер арнайы идентификаторлармен сәйкес рұқсат етілмеген. Кесте немесе басқа объект толық билігі бар қолданушыға тәуелді болады. Және де қолданушыда объектілермен әрекеттер жүргізу артықшылығы бар.
Мәліметтер қоры туралы қысқаша түсінік және мәліметтер қорының объектілерін басқару
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері
Мәліметтер қоры ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым болып келеді. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен бірге олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін қамтиды екен. Сондықтан қазіргі мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай алады екенбіз.
Мәліметтер қорын құру қағидалары
Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланады.
Мәліметтер қоры - ең алдымен бұл кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай-ақ процедуралармен бірқатар басқа объекілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады екен. Таблицаның идентификатор аты болады.
Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты - мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптермен жазылады, бір сөзден тұрады және тағы басқа.
Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер, суреттер және тағы сондай сияқты болуы мүмкін.
Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізді алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.
Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты болады. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қоырның кестелерінде жазбалар қандай да оларды енгізу ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке немесе бөлімдер бойынша реттлеген немесе туған жылының өсуіне қарай және тағы басқа қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz