МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

№188 мектеп-гимназия КММ

Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мұраларының фольклормен сабақтыстығы

Орындаған: Әбдірашит Ә. Ә.

Ғылыми жетекші: Бияшова Б. Қ.

2021-2022 оқу жылы

КІРІСПЕ

Ғылыми зерттеу жұмысының өзектілігі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасы халықпен қауышып, рухани бай мұрасын кейінгі ұрпағы игере бастады. Кеңестік бәле-жаладан жазықсыз күйген қайраткерлердің Үркер жұлдызындай алғашқы ақталғандары әдебиетшілер екені белгілі. Олардың бай шығармашылығы жалпы қазақ әдебиетінің шарықтауының негізі және қазақ әдебиеті мен әдеби бай тілінің көрінісі ретінде алынатын ғажап дүние болмақ. Қазақ поэзиясында сөз өрнегінің әсемділігімен, мазмұндық тереңдігімен және көркемдік жаңашылдығымен ерекшеленетін М. Ж. Көпейұлы мұрасын тілдік жағынан да көркемдік жағынан да зерттеп жазылған жұмыстар қазақ ғылымына қосылған сүбелі еңбектер қатарынан орын алады. Біз зерттеу жұмысымызда ақын шығармаларындағы фольклорлық сабақтастықты, үндестікті талдауды мақсат еттік. Қазақтың сөз өнерін жаңа белеске көтерген ойшыл ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мұрасын жаңа бір қырынан талдау зерттеу жұмысының өзектілігін танытады. Қазақ поэзиясын тақырыптық, мазмұндық жағынан байытып, көркемдік талаптарының тұғырын биіктеткен Мәшһүр мұрасы фольклормен тығыз байланыста. Сондықтан, көркем сөз шебері ретінде қазақ әдебиеті көркемдік деңгейінің дамуы мен нығаюын үлкен бір деңгейге көтерген ірі тұлғалы суреткердің рухани қазынасы фольклормен үндесе отырып, қазақ әдебиетінің қазынасын толықтырғандығын айқындау әдебиеттану ғылымының кезек күттірмес мәселесі деп қарастырамыз.

Көрнекті ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы - адамзаттық, азаматтық мәселелерді көркем поэзия тілімен бейнелеп, ұлттық поэзиямызды қайталанбас жыр жауһарымен байытқан, соңына үлкен шығармашылық мұра қалдырған талант иесі. Ол бүкіл саналы өмірін халқының, ұлттық тарихын, тыныс-тіршілігін жырлауға арнады. Сонымен қатар халықтың бай мұрасы ауыз әдебиетін жинап бастыруда орасан зор еңбек етті. Бұл дипломдық жұмыста Мәшһүр Жүсіптің шығармаларындағы фольклорлық дәстүр көрінісімен қатар, көрнекті қаламгердің ақындық шеберлігі, көркемдік-стильдік ізденістері кеңінен қарастырылып, ақынның қолтаңбасы айқындалды.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылық лабораториясын кешенді түрде қарастырып, ақынның өмір шындығы мен көркемдік пайымдау, ақындық ойлау мен поэтикалық құрылым жүйесін түзу ерекшеліктерін зерттеу, ақынның бай мұрасының фольклормен сабақтасығын айқындау.

Осы мақсат-мұраттарды жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойылды:

  • ақынның бай мұрасының зерттелуіне назар аудару;
  • қазақ әдебиетіндегі фольклорлық дәстүрді қарастыру,
  • Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мысал өлеңдеріндегі фольклорлық сарын көрінісін анықтау;
  • ақынның тұспал өлеңдеріндегі фольклорлық дәстүр үлгілерін салыстыру;
  • ақынның арнау өлеңдері халық ауыз әдебиетіндегі арнау жанрының жалғасы екендігін айқындау;
  • жұмбақ, ертегі, т. б. жанрлардағы шығармаларындағы фольклорлық дәстүр;
  • азаматтық, гуманистік сарындағы лирикасының идеялық, эстетикалық мән-мағынасын ашып көрсету;
  • ақынның өмір, қоғам, адам тағдыры туралы философиялық ой-толғаныстарын, еңбек адамын бейнелеу ерекшеліктерін және көңіл-күй, табиғат лирикасының әр түрлі сыр-сипаттарын ашу;
  • ақынның поэзиясындағы оқырманның ой-санасына, эмоциялық сезіміне әсер ететін астарлы балама, бейнелі сөздер - теңеу, эпитет, метафора, метонимия, символ және т. б. көріктеу құралдарының ақын қолданысындағы әр түрлі амал-тәсілдерін айқындау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Ғылыми жұмыста Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығына қатысты әр кезде айтылған пікір, тұжырымдарды сарапқа сала отырып, оның поэзиясына тән сипаттарды, көркемдік ерекшеліктер мен идеялық, тақырыптық бағыттарды айқындау, соның негізінде ақынның шығармаларына ғылыми талдау жасау, қазақ әдебиетінің тарихында алатын орнын анықтау және ақын шығармашылығындағы фольклорлық дәстүрді мысал арқылы салыстыра отырып айқындау жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында талдау, жүйелілік, жинақтау, салыстырмалы талдау, тұжырым әдістері пайдаланылды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ДӘСТҮР

Мәшһүр Жүсіптің гуманистік, адамгершілік идеяларын - адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерлеуі прогресшіл, жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой - санасының жарқын көрінісі болғаны және халықтық түпкі түбегейлі арман мүдделерін терең түсінуден туғаны анық. Мәшһүрдің дүниетанымы, қоғамдық ой-пікірлері, философиялық, эстетикалық көзқарастары негізінен ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасты, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің ішінде ойшыл, ақын, фольклор жинаушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танымал болған. Мәшһүр атының өзі соның айғағы. М. Ж. Көпейұлы қайталанбас өзіндік ақындық тұлғасын танытатын сипат қасиеттер - лирикасына тән нақыл насихатшылдық, фәлсапашылдық, поэмаларындағы дастаншылдық дәстүр, шығыс ақындарының көркемдік үлгі-өрнектерін қызықтауы, шежірешілдігі, дін исламды қарапайым қазақ өмірімен суреттеп түсіндіруі, ілімнің шыққан тегі дін екенін және ілім мен дінді бөлмеу керектігін айтуы және шығармаларында дін Исламның ақиқаттылығы, құндылығы, қадір-қасиеті, адамзат өміріндегі пайдаларын уағыздауы т. б.

Мәшһүр-Жүсіптің замандас басқа тұлғалардан ерекшелендіретін белгісі, әдебиетке қосқан жаңалығы - Құран Кәрім сүрелерін өлеңмен жеткізуі. Оған дәлел мына өлеңдері: «Ықылас сүресі», «Қанағат туралы жұмбақ өлең» т. б. Мысалы «Ықылас сүресі» өлеңінде ықылас сүресі пайғамбарымызға (с. ғ. с) қалай түскендігі және сол сүренің қадір-қасиеті айтылады.

Ақынның бай мұрасының бүгінгі таңдағы зерттелуіне келер болсақ, ақын мұрасын кейінгі ұрпаққа танытушы ғалым ф. ғ. д., профессор Қ. П. Жүсіптің еңбегі ұшан теңіз. Ғалым: «Еліміздің Егемендік алуымен байланысты Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мол мұрасын зерттеуге кеңінен мүмкіншілік туды. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған «мәдени мұра» бағдарламасына орай, мәшһүртанушылар ақынның туғанына 150 жыл толуына «Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 20 томдығын дайындап, басып шығаруға белдерін бекем буып отыр. Қазір мәшһүртанушылар ақынның шығармашылық лабораториясын әр қырынан қарастыруда» [1], -дейді.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы, фольклортанушы ғалым, профессор Н. Жүсіповтің ақын мұрасы жөнінде тұжырымдарына үңілсек: «Оларды өзара жіктесек: ақынның өлеңдері 3 - томды; дастандары - 3; жинаған айтыс үлгілері - 2; аудармалары - 3; ауыз әдебиеті туындылары - 3; қазақтың тарихы, діні, философиясы, этнографиясы, педагогикасы, шаруашылық ойлары т. б. - 6; фольклор үлгілері - 10 томды т. б. қамтиды» - дейді [2, 12 б. ] . Шынында да, ақын дастандары мен өлеңдерінің жинастырылып, көп том болып жарық көргендігіне көз жеткізуге болады.

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің бай қазынасының тілі де бүгінгі таңда жан-жақты зерттелуде. Көптеген ғылыми мақалалар жариялауда. Ақын мұрасының тілдік жағы да жан-жақты зерттеле бастады, мәселен, мәшһүртану ғылыми зерттеу орталығының директоры, ғалым А. Қ. Тұрышов ақын шығармаларының лексикалық тұрғыдан зерделеп, сырын ашып, докторлық диссертациясын ұсынса, А. О. Кәріпжанова ақын шығармаларындағы фразеологизмдер коннатациясы жайлы ғылыми еңбегін қорғады. Г. Т. Кәріпжанова және Б. М. Қадыровалардың ғылыми мақалаларында ақын шығармалары концептуалды талдауға түсіп, танымдық тұрғыдан айқындалады. Академик А. Қ. Тұрышев М. Ж. Көпейұлы мұрасының зерттелуін бес кезеңге бөліп қарастырады. Ғалым бірінші кезеңге «Дала уалаяты» газетіндегі М-Ж. Көпеев турасындағы алғашқы пікірлер және өзінің мақалаларын жатқызады.

Мәшһүр Жүсіп - фольклорист. Ол жөнінде ғалымдар: «М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, М. Базарбаев, Х. Сүйіншәлиев, Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев т. б. сынды ғалымдар да ақын шығармашылығына жұртшылық көңілін бөлгені, әсіресе оның жинаған фольклор үлгілеріне ерекше назар аударғаны бізге мәлім ( Қоңыратбаев Ә. М. Ж. Көпейұлы лирикасы. // Қазақ әдебиеті. 19 июнь. 1959. -Б. 3; Базарбаев М. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеудің кейбір мәселелері. // Қазақ тілі мен әдебиеті. №10. 1958. -Б. 31-39; Сүйіншәлиев Х. -Ғылыми мәні зор еңбек. // Қазақ әдебиеті. 2 декабрь. 1980. -Б. 3; Әуезов М. Әдеби мұра және оны зерттеу. -А. 1961. - 358 б. ; Кенжебаев Б. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. -А. :Мектеп. 1976. -Б. 63-65; Дүйсенбаев Ы. Ғасырлар сыры. -А. : Жазушы. 1970. -Б. 7-10 т. б. ) .

Сондай-ақ кезінде әдеби мұраларды зерттеуге арналған 1959 жылғы ғылыми теориялық конференция шешімінде де Мәшһүр-Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін көп жинаған ірі фольклорист ретінде бағаланған болатын» [2] -деген тұжырым жасайды.

Ақынның фольклорлық мұраны жинап бастырғандығы жөнінде мағлұматтарды фольклорист ғалым Н. Қ. Жүсіпов еңбектерінен ұшырастырамыз. Онда ғалым төмендегідей мәліметтерді берген: «10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазалық болғаннан-ақ Мәшһүр-Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз жүзінен де жинаумен айналысады. Арасында өзі айтысқа түсіп, қаламмен де жазып айтысып жүреді. Өзі турасында Мәшһүр-Жүсіп: «Үш жүздің баласы, қазақтан шыққан қария, шешен сөзге ұста, тапқыр, ойшыл, кеудесінің есігі бар, көзі жіті, көңілі қырағы, бір тіл емес, әр тілде білетін оқыған, тоқыған, жүйрік, білгіш адамдармен ойда-қырда, талай жерде жолығып, талайынша сөйлестім, - деп айтқан жерлері де жоқ емес. - Ата білген, шежіре болған бұрынғының көне қарияларына көп сөйлестім: Қаракесек ішінде Бердалы қожа, Қанжығалы қария Бөгенбайдан шыққан Саққұлақ- сондай жұрт аузында шежіре атанған қариялардан естідім . . . Абулғазы Баһадүр хан шежіресін құрттай бала күнімде оқыдым . . . Науаны бәрін барып ақтардым. Түрік жұртынан шыққан мір ғалым Шырынзахралдин Әмір Науаның күллісі қолымда. Бала жасымнан Мұса Шорманмен таныстым. Бұхарай-Шәріп пен Хатымкәрдә болып шыққан Қамар хазіреттің мәжілісінде болып өмір кешірдім. Мұны жазғаным мақтан үшін емес, ақтан үшін», - дейді.

Жасынан ел аузынан, қағаз жүзінен жинаған үлгілі сөздерінің біразын 1880-1885 жылдары Омбы қаласынан шығатын «Дала уалаяты» газетінде бастырды.

Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасы өте бай. Оның көптеген өлеңдері, поэмалары, мысалдар, нақыл сөз, мақалалары мен эпистолярлық қазынасы бар. Мәшһүр жүсіптің жан-жақты қаламгер болып қалыптасуына қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, шығыс пен батыс әдебиеті айтарлықтай әсер етті.

«Мәшһүр-Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар. Бірі - өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы; екіншіс - шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; үшіншісі - батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялылары әсері» [2] .

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс - салт жырларын, ертегі, мақал - мәтел, ақындар айтысы т. б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпеев ел арасынан «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Сайын батыр», «Нәрік ұлы Шора батыр» т. б. тәрізді батырлар жырларын; «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» лиро - эпосын жазып алған. Мысалы, «Қыз Жібек» жырының желісі негізінде «Гүлшат-Шеризат» дастанын жазғанын аңғарамыз» [ 3, 148 б. ], - дейді ғалым А. Тұрышов.

М. Ж. Көпейұлы мұраларының фольклормен сабақтастығын қарастыру үшін, алдымен дәстүр сабақтастығы ұғымының мәнін түсіндіре кету орынды болады деп санаймыз. «Дәстүр» және «дәстүр сабақтастығы» деген ұғымдарды алып қарар болсақ, бұл ұғым тек гуманитарлық ғылым салаларының ғана қарастырар мәселесі емес, адам мен қоғам арасындағы байланысқа негізгі себепкер болатын барлық ұғымдардың қарайтын мәселесі, яғни, әдет, ғұрып, салт, дәстүр, үрдіс, дағды деген ұғымдармен тығыз байланысты болып келеді. Үрдіс, дәстүр, салт барлығы адамзаттың мінез-құлқы мен танымы мен дағдысына байланысты алынатын құбылыс. Орыс ғалымы В. Г. Белинский зерттеулерінде бұл ұғым жан-жақты саралауға түсіп, анықтама берілген. Ғалым «ұғым - даусыз нәрсе» деп есептейді [4, 102 б. ] . Сонымен қатар, ол: «Дәстүр» (латын тілінде traditio - берілу) - ұзақ ғасырлар бойы әртүрлі қоғамда, топта және әлеуметтік топтарда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа өтетін мәдени мұра. Дәстүр негізінде қоғамдық қалыптасу, мінез-құлық нормасы, идея, әдет-ғұрып жүйеленеді. Қоғамның қандай саласы болмасын дәстүр қалыптасады», -дей келе, мынадай анықтама берген: Қоғамның қандай саласы болмасын дәстүр қалыптасады» [4, 102 б. ] .

Қазақ әдебиетіндегі дәстүр сабақтастығы сонау көне дәуірлерден жалғасын тауып келеді. Ауыз әдебиетінің мол қазынасынан нәр алған ақындар ел мүддесін жырға қосып, сонау тарих кезеңдерінен келе жатқан ұлт тағдыры мәселесін әдеби туындыларының тақырыбы ретінде ұстана отырып, жаңаша жырға қосқан. Әр ақын ортақ идеяны әртүрлі стильмен, жанрмен, көркемдік тілдік ерекшелігімен бейнелеп, даралығын аңғартса да дәстүр сабақтастығын байқатады. Лирикаға негізделген дәстүр сабақтастығынан ұлттық өрнектің ұшқынын аңғару да қиын емес.

«Дәстүр сабақтастығы» дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мәдени мұраның қай кезеңде де, қай дәуірде жазылса да, өз ерекшелігін таныта отырып, көне дәстүрден тысқары қалмай сақтай отырып, әркелкі бейнеге түсуі, жалғасын табуы, жан-жақты сабақтаса байланысуы болып табылады.

Қазақ поэзиясының шалқар дариясындағы лирикалық өлеңдердің көркемдік негізі - фольклор. Халықтық поэзиядағы ұрпақтан-ұрпаққа таралған бұқаршылдық сарындар, тұрмыстық-әлеуметтік оқиғалар, халықтың мұң-мұқтажы, арман-тілегі, танымы т. б. жырланады.

Мысалы, көне түркі дәуірлеп жеткен сарындарға құлақ түрсек, елін, жерін қорғау азат ғұмыр кешу, ел іргесін кеңейту сияқты мемлекеттік мәселелердің бел ортасында басы ноқтаға сыймайтын батырлар, қаһармандықпен қамал алған қолбасшылар тұлғалары өркештеніп көрінеді. Халық бейбіт өмір сүру, бақуатты тұрмыс құру, “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” тыныштықты аңсау сарындарын тікелей батыр туған ұлдарының есімдерімен байланыстыра жырлаған.

Әдебиет әлемінде ұлылығымен де сұлулығымен де, тереңдігімен де ерекшелінетін ерен дарын Абайдың ақындық күмбезінің сән-салтанатын Дулат соққан мұнарасыз елестету мүмкін емес. Көркем ой-сана жүйесінде, әдеби даму дүниесінде сабақтастықтың тамырластықтың болуы заңды да. Хас суреткер көркемдік тәжірибені мұқият сақтап, жаңартып отырады.

Ал Мәшһүр Жүсіп шығармаларын ауыз әдебиетінің заңды жалғасы, фольклорлық бай мұра ақын өткен мектеп десе болады. Асылы, Мәшһүр Жүсіп қазақ өлеңінің көркемдік көкжиегін кеңейтіп, ішкі толқын тебіреністерді, ағыны қатты сезім иірімдерін және нәзік иірімдерін байытқан, сөздік-образдық, бейнелілік пен тұспалдауды дамытқан ақын. Көркемдік шеберлік дегеніміз мейілінше кең ұғым. Бұл-қыруар құбылыстарды қамтиды, ақын-жыраулардың философиялық-эстетикалық көзқарастарымен, мәдениетімен, тақырып шеңберімен төркіндес.

Мәшһүр Жүсіп өмір, тіршілік, тұрмыс хақында, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толқып тебіренеді.

Сайып келгенде, қазақ әдебиеті тарихында әр ақын өзі өмір сүрген дәуірдің айтулы жыршысы болған. халықтың әл ауқатын жіті бақылап отырған. Мысалы М. Ж. Көпейұлы да өз жырына халық тіршілігінің жүдеу тарта бастағанын, жердің тозғанын, жергілікті халықтың нулы, сулы өңірлерден айырылғанын, елдің отарлаушылардың езгісінде жаншылып, берекесі қашқанын, ана тілінің өрісі тарылғанын өткір сезініп жырға қосқан.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Ежелгі дәуір әдебиетіне» де қатты көңіл бөлгендігі шығармаларын оқығанда айқын көрінеді. Қорқыттың «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз қаған» туралы аңыздың желісін, Әл-Фарабидің дүние түсінігін, таным мәселесін, Махмұт Қашқаридің - медицина, астрономия қағидасын, Жүсіп Баласағұнның - ақыл, білім, тіл жайындағы ілімін, Қожа Ахмет Иассауиден дінге берік болуды, адалдықпен өмір сүруді, адамды сүю сияқты тәлімдерді үйреніп, білім алған. Ал Қожа Ахмет Иассауидің шәкірттері Сүлеймен Бақырғани мен Ахмет Йүгінеки ислам шеңберіндегі түркі еліне жақын сопылық поэзия үлгілерін насихаттап, адамгершілік, әдептілік, ынсап, қанағат ұрығын сепкендігін тарихи мәліметтерден білеміз. Бұл бағытта да Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көп ізденіп, еңбектенгені шығармаларынан белгілі. Бұндай тәлім - тәрбие күллі Орта Азия мұсылмандарының рухын көтерді. Рабғұзидің «Нух ‘алайһи с-салам» хикаяларының (Нұхтың кемесі, топан су) желісі, Лұқман Хакимнің әділдік ұлағаты Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Шайтанның саудасы» хикаясын жазуына әсер еткен.

«Шайтанның саудасы» өлеңі. Расында, шайтанның базарға барып сауда жасауы, дерексіз ұғым: зорлық, алдау, күншілдік, тәкәппарлықты белгілі бір бұйым тәрізді тез сатуы т. т - бәрі өмірде болмайтын шартты әрекеттер жемісі.

Шығарма басындағы Ғайса пайғамбардың: «Жұрт барса, тері, терсек, жүн сатады, сататын малғұн сенің не тұлың бар?» - деп шайтанға сауал қоюы өмірде іске асуы ықтимал, шындыққа сай келетін сөз қолданысын танытады. Ал шайтанның жауабы - шарттылық айнасы:

Артқаным бір есекке ылғи жалған,

Жалғанда өтірік жоқ мұнан қалған.

Нанбасаң еріп бірге көзіңмен көр,

Базарға қызығымды қалай салған.

Жүгім бар бір есекке мекер хайла,

Мұнымен келтіремін үлкен пайда.

Бір тиыннан он тиын пайда аламын,

Көптің басы қосылған жиын жайда.

Артқаным бір есекке өңкей зорлық,

Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық.

Мен алмай оның малын кім алады,

Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық.

Пайдасыз бос орынға жүрмеймін тек,

Көрінген бір жерім жоқ ешкімге жек.

Мастанып артқандықтан тәкәппарлық,

Жүре алмай бара жатыр мына есек.

Көріп отырғанымыздай, «бір есекке ылғи жалған» арту, сөзбе-сөз ұғынсақ мүмкін емес. Себебі «жалған» көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін дерексіз ұғым. Ал, сол дерексізді бір есекке жүк ретінде артудың өзі оны заттандыру, бір жануар көтеруіне лайық салмақ мөлшерін межелеу белгісі. Сондай-ақ екінші бір есектегі жүктің, күншілдіктің, белгілі бір көлемге ие болғаны, Сондай-ақ ол жай жіп емес, жібек, кендір арқанмен буып тартқан күйінде бейнеленген.

Сонымен бірге, келесі бір жүктің, заттанған тәкәппарлықтың ауырлығы соншалық, оны артқан есек «жүре алмай бара» жатады. Мұның бәрі қазақ даласын жайлаған: жалғандық, күншілдік, зорлық, тәкәппарлық, ашкөздіктің т. т қаншалық салмақты, көлемді екенін көзбен көріп, қолмен ұстарлық қалыпқа, заттандыруға көшіру арқылы әсерлі бейнелеу үлгілері болып табылады. Қорыта айтсақ, адамдар арсындағы теріс істерді олардың өзіне сынатып қоймай, жиі кездесетін ағаттықтарды сол қалпында алмай, бәрін оқшау орта, ерекше әрекет, шартты сюжет көмегімен бейнелеу ақынның суреттеу құралдарының байлығын танытады. Ақын осы оқиға, шартты әрекетті пайдалана отырып, не бір өткір сынды да шартты бейне, шайтан атынан айтқызады.

Шаршарсың базар барсаң басың қатып,

Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып.

Жұрт билейтін ұлықтар таласумен,

Алады зорлығымды пұлға сатып.

Неге болыс болады малын шашып?

Қашан болып шыққанша жанталасып.

Текке тиын біреуге кім береді,

Зорлықпенен алмаса үкімі асып.

Қарсы келсе бетіне басын шайнар,

Құнсыз-пұлсыз кедейдің соры қайнар.

Өзі апарып ұлыққа тығар малын,

Ішпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.

Шынында да, ел билеушілердің тізгініне ие болуы көбінесе әділдікпен емес, қайта зорлық, парақорлық арқылы іске асатыны белгілі. Оның үстіне солай қызмет етуі тек Мәшһүр-Жүсіп өмір сүрген ортада емес, кейін де етек алу мүмкіндігін ескерсек, ақынның тек бір кезең емес, бар заманда орын алуы ықтимал, демек жиі қайталанып отыратын кеселдерді шебер жинақтай білгенін көреміз. Басқа да олқылықтар секілді тәкаппарлықты да ақын жай сынап өтумен шектелмейді, оны да биігіне жеткізе, жіліктеп ашады:

Біреуі ұн, біреуі пұттап май алады,

Біреу қой, біреу тайынша, тай алады.

Тәкаппарлық «жүгіді» қалтасы мол,

«Жетілген» надандыққа бай алады.

Томпиып қалтасына жүрген сыймай,

Біреуге ешбір жанға көзі қимай.

Алған соң тәкаппарлық сатып менен,

Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай.

Бай біткен болғандықтан қарабауыр,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық таным
АБАЙ ЖӘНЕ МӘШҺҮР ШЫҒАРМАЛАРЫ
ХХ ғасыр басындағы мысал жанры және Молда Мұса
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
МӘШҺҮР ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ДЕРЕК КӨЗІ
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы қазақ шежіресін зерттеуі туралы
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы психологиялық таным үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz