Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ақмола обылы білім басқармасы жанындағы
Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын)
Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжіМКҚБ

Педагогика,психология және
Жеке пәндер әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: тіл байлығы тәрбиеден басталады

Мамандық атауы:0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Пәні: тіл дамыту әдістемесі

Орындаған___________Хурманхазы Айсулу
Ғылыми жетекшісі__________Құрметқызы М
Курстық жұмысты қорғаған бағасы___________

Кафедра меңгерушісі_______________
Хаттама №____ ____ _________20__ж.

Көкшетау 2021-2022 жж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім сөздік қоры. Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту.
1.1 Балалар бақшасының тәрбие программасы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері ... ...

ІІ бөлім.
1.1 Тіл дамыту сабағындағы инновациялық технологиясының тиімлілігі ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
Қосымша материал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бала ана тілінің қыр-сырын терең меңгермейінше, қоршаған орта, табиғат жайында білім алуы, жалпы даму үдерісі ойдағыдай болуы мүмкін емес. Өйткені тіл - адамдар арасында табиғат сыйлаған ең құдіретті қатынас құралы. Адамзат тіл көмегімен өз ойын жеткізіп, өзгенің жан сырын ұғына алады. Бала тілі жетілген, дамыған сайын оған білім беру, ақыл-парасатын дұрыс пайымдай білуі жеңілдірек әрі ұтымдырақ болмақ. Тілі жақсы дамыған бала санасын, жүрегін билеген сезімін дәл, шебер жеткізе алады. Оқу материалдарын ойдағыдай меңгереді, табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі артады. Алайда, әлі күнге дейін бала тілін дамытудың теориялық және тәжірибелік тұрғыда шешімін таппаған мәселелері көп.
Тіл дамыту ұғымының мәні неде, тілді қалай дамытуға болады деген сұрақтарға психологтар, әдіскер ғалымдар, ұстаздар тарапынан түрліше сипаттама беріліп келеді. Бір топ ғалымдар бала тілі ой-өрісінің, түсінігі мен өмір тәжірибесі негізінде өзгеріске түсіп, дамып қалыптасады деген көзқараста. Бала тілін дамыту үшін арнайы оқытуды ұйымдастырудың қажеті жоқ. Тек ауызша және жазбаша сөйлеуге тақырып ұсынып, баладан соны баяндау талап етілсе болғаны дейді. Екінші бір тобы тіл дамытуды баланың өз ой-пікірін ауызша және жазбаша формада жүйелі байланыстырып беруге дағдыландыру деп біледі. Сондықтан тіл дамытуда мазмұндама мен шығарма түрлерін көптеп жаздыруды ұсынады. Енді бір ғалымдар тобы ана тілі сабақтарында игерілген білімді пайдалана отырып, соның негізінде бала тілін дамытуды ұсынады. Ол үшін игерген пән материалдары, атап айтқанда, сөз, сөз тіркесі, сөз таптары, сөйлем, орфография, орфоэпия және пунктуациядан, т.б. білімдерін іс жүзінде пайдалануға мүмкіншілік тудыратын арнаулы грамматикалық жаттығулар, мазмұндама мен шығарма жаздыру қажеттігін айтады. Расында, тіл өте күрделі, сонымен қатар ғылыми тілмен айтқанда дифференциалды құбылыс. Тілдің дыбыстық жүйесі мен сөздік құрамының, грамматикалық құрылымының, синтагмалық қатынастың өзара сатылай байланыста орнығатындығын дұрыс пайымдай білу нәтижелілікке қол жеткізетін бірден-бір жол. Тілі шыққан бала ана тілінде өздеріне таныс тақырып бойынша қатарластарымен, тәрбиешімен сөйлесу, пікір алысу қажеттігін өтегенімен, олардың тілі әлі жетілмеген, шикі тіл болып табылады. Олар сөйлеудің ауызекі - тұрмыстық, диалогтік түрін игергенмен, ой-пікірін жүйелі, байланыстыра баяндауы, монологтік сөйлеу жүйесін әлі меңгермеген. Бала ана тілінің күнделікті отбасы, ошақ қасында пайдаланатын бірқатар сөздерді білсе де, арнайы сабақтарда, оқу үдерісінде пайда болған түсініктер мен ұғымдарды жеткізуге дәрменсіз. Балалардың сөздік қоры жұтаң. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсінік білімі таяз. Озат ұстаздар пікірінше, бала тіліндегі сөйлем құрау формалары бір сарынды, қарапайым. Балада сөйлеудің монологтік түрін құру дағдылары
қалыптаспаған. Өз ойын жүйелі жеткізе алмайды. Кітаппен жұмыс істеуге машықтанбаған. Тыңдаған шығармаларының тілі мен құрылысын, мазмұны мен негізгі ойын өз бетінше саналы түрде игере алмайды. Құрылған жоспар бойынша баяндау дағдыларын игермеген.
Мұндай кемшіліктер ғалымдар зерттеулерінде де анықталып, жан-жақты сөз болып келеді. Бала тілін дамыту ісін тек жазба жұмыстарын жүргізу арқылы бір жақты жүргізу толық нәтиже бермейтіндігін зерттеу жұмыстары толық дәлелдеп отыр. Баланың ауызша және жазбаша тілін дамыту жан-жақты кешенді ұйымдастырылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Тіл дамыту сабақтарында бала бойын­да айту-есту жағы дамиды. Атап айтқанда, айтылған ой, пікір, әңгімені зейін қоя тыңдау, сөзді анық, түсінікті айту, дыбыстарды дұрыс үйлестіру, дыбыстарды әріптерге айналдыру дағдылары қалыптасады. Сөз құрамына мән бере, орфоэпиялық ережеге сай оқу машығы орнығады. Біртіндеп сөздің логикалық мағынасын қабылдау қалыптасады. Сөздің атауыштық қызметін, сөйлем мәнін, оқылған мәтін мазмұнын, қоршаған орта құбылыстарының сырын түсініп, өз іс-әрекетіне есеп береді. Өзінің ауызша және жазбаша сөйлеуін бақылап, жіберген қателерін түзету дағдылары қалыптаса бастайды.

Зерттеуші ғалым Р.Шаханованың жазуынша, бала тілін дамыту деп тілді іс жүзінде пайдалана білуге, шынайы дүниедегі заттар мен құбылыстар болмысын бейнелеуге қажетті сөздерді таңдап, өз ойын, сезімі мен эмоциясын жүйелі жеткізе білу дағдыларын қалыптастыра білу деген сөз.

Мектепке дейінгі мекемелерде бала тілін дамыту барысы қоршаған орта, табиғат құбылыстарына бақылау жүргізу; тәрбиешімен, достарымен, үлкендермен тұрмыстық қатынаста әңгімелесу, пікір алмасу; көркем әдеби шығармалар тыңдау, арнайы жаттығу жұмыстарын жүргізу сипатында орын алады. Тәрбиелік мәнге ие ертеңгіліктерде, кездесулер мен саяхаттар барысында тіл дамыту жұмыстарын алдын ала әзірленген әңгімелесулер түрінде шебер ұйымдастыра білу тәрбиешінің шеберлігін арттырса, балалардың да кез келген құбылысқа ерекше мән бере қарай білу машығын қалыптастырады. Оқу сабақтарында баланың сөздік қоры мен сөздік құрамы кеңейіп, баий түссе, грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында бала тілі жүйеге келтіріліп, кемшіліктер мен қателіктер түзетіледі. Тіл шеберлігі артып, дұрыс сөйлеу дағдысы орнығады. Бала тіліндегі пассив сөздер активтендіріліп, грамматикадан алған білімдерін іс жүзінде кең түрде пайдалануға мүмкіндік туады Сөйлеу, ең алдымен, сыртқы сөйлеу және ішкі сөйлеу болып екіге бөлінеді. Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып жіктеледі. Ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінсе, диалогтың өзі кезекті және жарыспалы болып екіге бөлінеді. Көріп отырғанымыздай, сөйлеу формаларының өзі сан алуан. Бірақ біз бұл жерде сөйлеу түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын сөз етпейміз. Айтарымыз - бұл мәселенің өте күрделі екендігіне көз жеткізу. Жоғарыда сөз болып отырған сөйлеу түрлерінің әрқайсысының дамыту әдіс-тәсілдері бірдей десек үлкен қателікке бой алдырар едік. Өйткені сөйлеудің бұл формаларының арасында жалпы ұқсастық болғанымен, өздеріне тән

ерекшеліктері де бар екені мәлім. Сөйлеу түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін салыстыра отырып, ауызша және жазбаша сөйлеуге үйрету тәсілдерін бірдей, бір негізде алып қарастыруға болмайтындығына көз жеткізуге болады. Салыстырыңыз, табиғатқа бақылау жасап отырған баланың өз сезімін жеткізуде дайындықсыз әңгімелеуіне қарағанда арнайы дайындықтан соң баяндауы нәтижелі болмақ.
Ата-анасы ана тілінде сөйлеген отбасындағы балалар таза сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады. Ал, отбасында үлкендердің орыс тілінде сөйлеуі, баланы тіл дамыту үрдісінен айырады. Ана тілін бойына сіңіріп өскен баланың тілі жатық, ойы анық болары сөзсіз.

Педагог-тәрбиеші өз тілін жетік білсе, бала ұлттық педагогика негізінде тәрбиеленеді.

Ана тілің -- арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, -- деп Қ. Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, сәбиді ана тілінде еркін сөйлеуге бала жастан баулу педагогтардың басты мақсатының бірі болып табылады.

Қазақ тілім, ана тілім деп намысымызды көкке көтеруге сіз болып, біз болып ат салысуымыз керек. Әрбір қазақ баласы отбасында қазақ тілінде сөйлеуге дағдыланса, одан тәлім-тәрбие алатын бала да тез меңгеріп үйренеді деп ойлаймын. Сондықтан, баланың ана тілінде еркін сөйлеп, ойын анық жеткізуді сәби шағынан қолға алсақ,оның болашақ өміріне қажетті дағдылардың бастамасына жол ашқанымыз.Баланы жас кезінен ұлтжанды, өз ана тілін, елін, жерін сүйетін паттриоттық сезімге баули білсек, олар өскен соң ұлттық тәрбиенің жемісін берері сөзсіз. Ендеше, балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге көп көңіл бөлейік.

І. ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОРТАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тіл және қоғам
Тіл дамыту әдістемесі - педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.
Әдістеменің басты міндеті - балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

І бөлім сөздік қоры. Балалар бақшасындағы балалардың сөйлеу тілін дамыту.
0.1 ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Балалар бақшасының тәрбие программасы.

Балалар бақшасының тәрбие программасы тілді үйрету жөніндегі арнаулы сабақтарда жұмыстың мынадай тқрлерін қамтиды:
балалар тілін дыбыстық мәдениетке тәрбтелеу;сөздік қорын байту;
грамматикалық дағдыларын қалыптастыру;
қоршаған ортамен:адамдарды тұрмыстық және өндіпістік қызметінен табиғатпен,қоғамдық өмірмен (бүкіл халықтық мерекелерге арналған ертеңгілік ойындарды дайындау мен өткізуге қатыса отырып)таныстыру үшін байланыстыра сөйлеуге-монолог пен диалогке-үйрету;
көрекем әдебиетпен танысу,жатқа білу.
Жұмыстың түпкі мақсаты әр баланың байланыстырып сөйлеуді меңгеруі
болып табылады: айналадағы заттарды суреттеп айту үшін, басынан кешкен
оқиғаларды әңгімелеп айтып беру үшін,өзіне мәлім құбылыстардың себептері және андары жөніндегі қарапайым түсінік болуы үшін жеті жастағы бала монолог түрінде сөйлей білуге тиіс.
Ойын монологындағы сөйлемнің грамматикалық құрлымы(морфология және синтаксис тұрғысынан), лексемаларды қолдану,сөйлеудің монологиялық әсемдесу(даустың әуезділігі,орфоэпия,просодия-интона ция жағынан алғанда)і әдеби нормаға сәйкес келуі керек.
Тәрбиеші баланы монологтік сөйлеуге әрбір компонентті(грамматиканы, лексиканы, фонологияны) жеке-жеке,біртіндеп үйренетіндей етіп алып келеді: тәрбиеші балалармен диалогтік сөзді меңгеруіне көмектесе отырып сөйлеседі,ондағы әрбір реплика - синтаксистік жағнан дұрыс көркемделген сөйлем болады; бірақ сөйлемді дұрыс құру үшін сөздің морфологиялық формасын дауыс арқылы ажырата білуді үйрену керек ,демек, балаларды сөз
түрлендіруге - септеу мен жіктеуге үйрету керек; лексикалық мағынасы түсінікті сөздерді ғана септеген және жіптеген дұрыс, осыдан келіп тәрбиешінің мыналай міндеті туындайды - әр баланың сөздік қорын мүмкіндігінше байыту керек; сөздің лексикалық мәнің, оның формасының грамматикалық мәнін, сөйлемдегі инонацяның мағынасын өзгенің сөйлеуіндегі фонемалар мен просодемаларды дауыс арқылы ерекшелеуді үйренгенге ғана түсінуге болады, ал бұл өз сөзіндегі дыбыстарды артикулдеуді және фразадағы интонацияны модулдеуді - оның құрамындағы барлық просодемаларды үйренгенде мүмкін болады, демек, тәрбиешінің міндеті баланың тілінің дыбыстық жағын жетілдіру.
Монологтік сөйлеуді игере отырып, балалар өздеріне нақты оқиғалар жайлы айтып, нақты заттарды суреттеп беретін, немесе нақты құбылыстардың себептері мен салдарын талқыға салатын тәрбиешінің ауызынан шыққан монологтік сөзді қағып алады.Өзінің әнгімесінде, суреттеуінде,талқылауында тәрбиеші балалардың өмірлік тәжірибесінде сүйенеді және сонымен қатар бұл тәжірибені кеңіте түседі (айналадағылармен таныстырып отырады).
Балалармен еркін сөйлескеде тәрбиеші оарға сөздерін байланыстырып, аяқталған сөйлеммен сөйлейді. Тәрбиеші балаларға сөйлемдегі лексикалық мағынасын түсіндіретін сөздерді бөліп сөйлеп ерекшелейді. Тәрбиеші текстен жекелеген дыбысты бөліп алып, баланың оны дұрыс артикулдеуін үйретеді. Мәселен балдырған кекештене сөйлеп, {р} дыбысын бұзып айтады.
Қанат, аңдардың қалай ырылдайтыны сенің есінде ме? - деп сұрайды тәрбиеші. - Ыр-р-р, ы-р-р-р.Бала ойынға араласып кетеді де ырылдап жүріп, ақыры өзіне қиын көрінген дыбыстың артикуляциясын меңгереді.
Тәрбиеші арнайы сабақтарда байланыстырып сөйлеу және оның компоненттермен де осы тектес жұмыс істейді: ол балалараға байланыстырушы тексті оқып немесе айтып береді (жас мөлшеріне қарай түрлі көлемде), егер балаларды грамматикалық формаларды қолдануға жаттықтыратын болса, онда текстегі сөйлем мен сөз үйлесімін, егер лексикалық мағынасын балаларға түсіндіруге тура келсе, онда сөз үйлесімі мен жеке сөздерді жеке-жеке бөледі; егер балаларды сөзді дұрыс айтуға жаттықтырса,онда жекелеген сөздің дыбысын бөліп айтады.
Әдетте балалардың тілін дамыту жөніндегі сабақтар кітап оқумен - көркем шығарманы тындаумен немесе болған оқиға жайлы тәрбиешінің монологтық әңгімесін немесе арнайы даярланған әңгімемен (диалогпен) басталады. Балалар байланыстырып сөйлеуді тыңлап болған соң (монолог немесе диалог), лексикалық, грамматикалық, фонетикалық дағдыларды теңестіру мақсатымен оларды жекелеген сөздерге, сөз үйлесіміне, дыбыстарға, дыбыс үндестігіне адаптацияланған (үйрету мақсатына лайықталған) тілдік дидактикалық материалдармен жаттықтырады.
Жекелеген сабақтар грамматикалық және дұрыс айту дағдыларын дамытуға (дауыс мәнері мен интонациясын жетілдіре түсу үшін); лексикалық дағдыларды дамытуға (жинақтау сөздерінің мағынасын түсіну қабілеттілігі, мәселен, ойыншық деген сөздің төрт бұрыш, бала, аю дегеннен айырмашылығын білу; өсімдік деген сөздің шөп дегеннен айырмашылығын білу; шөп деген сөздің жолжелекен, беде дегеннен айырмашылығын білу және т.б) арналуы мүмкін. Мұндай сабақтарда байланыстырушы текспен жұмыс істеу бағыныңқы сипатта болады және оқу уақытының аз мөлшерін алады, бірақ біржола шығарылып тасталмайды.
балалар бақшасының тәрбие программасы тілді оқыту жөнінде мынадай сабақтарды өткізуді ұсынады.

Жас
топтары
Бір сабақтың
ұзақтығы
(минутпен)
Сабақтар

Аптасына
Айына
Жылына
3 жаста
10-15
4
16
192
4 жаста
15-20
3
12
164
5 жаста
15-20
3
12
164
6 жаста
20-25
4
16
192
7 жаста
30-35
4
16
192

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Программаның... әрбір бөлімі бойынша айына шамамен төмендегідей сабақ өткізіледі:
Программаның бөлімдері
Сабақтар
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Айына
Жылына
Көркем әдебиетпен танысу...
3-4
1
Диалогтік байланыстыра сөйлеуді үйрету...
2
0,5
Монологтік байланыстыра сөйлеуді үйрету...
2
0,5
Сөзді дұрыс айту мәдениетіне тәрбиелеу...
1
0,25
Сөздік қорды байыту...
1
0,25
Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру...
1
0,25
Өлең текстерін жатқа білу...
1
0,25

1.2 Балалар бақшасында тіл үйретудің әдістері мен тәсілдері ... ...

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

ІІ бөлім.
1.1 Тіл дамыту сабағындағы инновациялық технологиясының тиімлілігі ... ... .
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мəселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тəрбиелеу мен оқыту баланың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болуы тиіс. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған əлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тəрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен,технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр.
Тұңғыш елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына арналған жолдауында Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу - тəрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық əлеуметін дамытудың, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Үздіксіз білім беруге көшу, компетенцияға негізделген білім, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану,білім берудің ашықтығы, көкейкестілігі, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру; білім берудегі инновациялық əдістер.
Инновация термині ғылымға XIX ғасырда
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
енді. Ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген ұғымды білдіреді. XX ғасырдың 30 жылдары И.Шумпетер, Г.Менш инновация терминін ғылымға енгізді. Осы кезден бастап, инновация, инновациялық процесс, инновациялық потенциал терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновациялық үдерістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асыру.Технология ежелгі гректің techno - өнер, шебер, білгір жəне logos - білім, ғылым деген сөздерінен шыққан. Сонымен технология - шеберлік, өнерлік, білгірлік туралы ғылыми ұғым. Технология сөзі көптеген ұғымды білдіреді, олар: Белгілі бір маңызды əрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын əдіс (В.Даль сөздігі). Белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданынатын өнер, біліктілік, əдістəсілдер (В.М. Шепель). Белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен əдістəсілдер жүйесі (И.Г. Зайнышев).
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз, - дейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мектепке дейінгі ұйымымызда инновациялық технологияны пайдалану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асырылады:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1-кезең - оқып үйрену;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2-кезең - меңгеру;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3-кезең - өмірге енгізу, тәжірибеде қолдану;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4-кезең - дамыту, нәтижесін тексеру.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұйымдастырылған оқу қызметінде инновациялық технологияларды пайдалану арқылы біз:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- Балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын оятамыз;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- Өз бетті ізденуге, зерттеуге, яғни өзін ­ өзі дамытуғы мүмкіндік туғызамыз;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары
Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің тілінің дамуына әсері
Мектеп жасына деиінгі балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші педагогтардың сөйлеу мәдениетін қарастыру
Мектепалды даярлық тобында балалардың сөздік қорын дамыту
Балалар тілін дамыту әдістемесі
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Бала тілін дамытудың әдістер мен тәсілдері
Сөйлеу дағдысын дамыту
Пәндер