Сот шешімдерін орындау саласындағы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы


Түйін
Дипломдық жұмыста Сот ісіндегі құжаттар мен жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшеліктері мен сот жүйесіндегі іс жүргізу қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық қатынастардан туындайтын істерді сот ісінде іс жүргізу бойынша реттеуді қарастырылды.
Аннатация
В дипломной работе рассмотрены теоретические особенности документов и документов общего производства в судопроизводстве и процессуальное регулирование в судебной системе дел, возникающих из уголовных, административных, гражданских и уголовных отношений.
Annatation
The thesis examines the theoretical features of documents and documents of general proceedings in court proceedings and procedural regulation in the judicial system of cases arising from criminal, administrative, civil and criminal relations
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Сот ісіндегі құжаттар мен жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшеліктері . . . 6
1. 1 Сот жүйесіндегі іс жүргізу және олардың теориялық негіздері . . . 6
1. 2 Жалпы іс жүргізу құжаттарының теориялық ерекшелігі . . . 13
2 Сот шешімдерін орындау саласындағы қылмыстардың
қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . . 26
2. 1 Сот жүйесін және жалпы іс жүргізуді құжатпен қамтамасыз ету . . . 26
2. 2 Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық қатынастардан
туындайтын істерді сот ісінде іс жүргізу бойынша реттеу . . . 39
Қорытынды . . . 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 43
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикасы тәуелсіз егеменді мемлекет. Оның ата заңы өз Конституциясы бар. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп ресми түрде қабылданды. Осыған орай мемлекеттік тіліміз барлық салада қолданылуға тиіс. Десек те осы уақытқа дейін сот жүйесіндегі іс қағаздарының қазақ тіліндегі үлгісібылай болып келеді. Кең байтақ Республикамыздағы халық соттарынан келіп түскен сот құжаттарының жазылуына байланысты. Республика сот құжаттарының мемлекеттік тілде жазылғаны жөн. Бұл заман талабынан туындаған кажеттілік.
«Сот билігімен шешімдері, үкімдері құқық қорғаудың заңдылықтары мен шешімдері қазақ тілінде таңға таңба басқандай анық жазылмаса, қарапайым халық сот ісінің мән жайын түсіне бермеуі мүмкін. Әр түрлі соттардағы сот құжаттарының маңызы ерекше екендігі бәрімізге де белгілі.
Азаматтық істер мен қылмыстық істерді жүргізу заң талабына сай әрі нақты, сауатты соттардағы сот мекемелерінің іске қатысты құжаттарды жазғанда оған қойылатын негізгі талаптарынан ауытқымауы қажет. Көпшілікке арналған сот құжаттарының үлгілері сот істерін жүзеге асыруға тікелей араласып жүрген халық судьясына сот мәжілісінің хатшыларына басқа да процестерге қатысушыларға және де заң оқу органда оқып жүргендерге іс тәжірибелік көмекші құрал ретінде саналды». [1]
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттелінетін тақырыптың әртүрлі аспектілері келесі ғалымдардың еңбегінен көрініс тапқан: А. Н Ағыбаев, С. М. Рахметов, Т. Ә. Бапанов, Е. О. Алауханов, Е. З. Турғумбаев, Е. Ә. Оңғарбаев, А. А. Смағұлов, А. Н. Трайнин, Р. Б. Құлжақаев, В. Ф. Кириченко, А. В. Волженкин, В. Н. Кудрявцев, Ю. И. Ляпунов, В. Е. Мельникова, З. А. Незнамова, Г. П. Новоселов, И. Я. Козаченко, И. Ш. Борчашвили, Р. Орымбаев, С. С. Молдабаев, Б. В. Здравомыслов, М. Д. Лысов, А. Я. Светлов, Н. В. Кожевников, Н. О. Лаговиер және т. б.
Диплом жұмысының мақсаты және міндеттері Сот құжаттардың үлгілері 1995 жылы 1-наурызға дейін қабылданып келген заңдарға негізделініп жазылған. Жинақты дайындау барысында соттардың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі үлгі боларлық құжаттарды, сот істері жөніндегі үлгі тәжірибелі кеңінен қолданылады. Үлгідегі кейбір кісі есімдері мен атауларды шартты түрде көрсетуі қажет.
"Құжаттарды жазуда 1959 жылы Қазақ ССР қылмыстық кодексі 1959 ж Қазақ ССР-нің қылмыстық істер кодексі, 1963 жылы Қазақ ССР-інің Азаматтық іс кодексі, 1963 жылы Қазақ ССР-інің Азаматтық істерді жүргізу кодексі, 1979 жылғы Қазақ ССР-інің Еңбек жүргізу кодексі, 1979 жылы Қазақ ССР Еңбек туралы заңдар кодексі, 1984 ж Қазақ ССР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, 1969 ж Қазақ ССР-інің неке және семья туралы кодексі қолданылған болатын. Осы заңдардың қадағалау болып табылады.
Жұмыс объектісіне - мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметін қалыптастыру аясында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің пәні болып билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды және жаза тағайындауды реттейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының нақты нормалары табылады.
Зерттеудің методологиялық және теориялық негізі . Дипломдық зерттеудің методологиялық базасы диалектикалық әдісті тануға қызмет ету және оған негізделген формальды-логикалық, тарихи-құқықтық, жеке-ғылыми, нақты-әлеуметтік, салыстырмалы-құқықтық зерттеу әдістері. ». [1, 4б]
«Сот билігін жүзеге асырумен байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындау бойынша сот қызметкерлерінің қызметі сот ісін жүргізудің заңмен билігін нысандарымен реттелетінін көрсетеді. Қазақстан Республикасы аумағында да қылмыстық азаматтық жәнеде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерімен айқындалады. Сот билігін жүзеге асыруда азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтары мен мекемелердің құқықтары заңды мүліктерін қорғауға соттар заңдылықтарын қатаң және де бұлжытпай сақталулары тиіс.
Соттардың бүкіл қызметін анықталуына еліміздің тәуелсіздікті алғаннан кейін барлық жағдайлар жасалғанын бәріміз де білеміз. Құқықтық мемлекеттердің қалыптасуына және сот құқықтық реформаны өткізу кезінде соттардың рөлін және беделін арттыру үшін көптеген жағдай, шаралар жасалынған. ». [1, 6б]
Ең бастысы сот төрелігін іске асыруда соттардың тәуелсіздігі нақтылы түрде іске асырылып отырған жайы бар. Соңғы он жыл ішінде еліміздің заң шығаратын органдары мен соттардың және құқық қорғау органдарының қызметіне маңызды материалдық және де белгілі бір формада іс жүргізу заң нормалары қабылдана бастады.
«Ең басты сот, сот төрелігін іске асыруда соттардың еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Республикамыздағы сот тәжірибесі көрсеткендей, сот билігінің жүзеге асыруда сот және одан да ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқанына қарамастан маңызды сот құжаттарын оның ішінде үкімдермен шешімдерді ескіргеннұсқаулар бойынша толтыруды жалғастырып келетін және де соттарға қойылатын қазіргі кездегі талаптар бойынша өз қызметтерін атқарады.
Сот құжаттары үлгілерінің жиналған практикалық қызметкерлердің атап айтқанда судьялардың басып шығуы қуантарлық емес, бірақ соған қарамастан істейді.
Қалай десек те, республикамызда мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. ». [1, 7б]
Одан шығудың жолы орыс тіліндегі нұсқауларды негізгі ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарынсақтап, ұлттық іс-қағаздарды жүргізуді мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда мемелекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру жинақтап айтқанда құжат айналымын іске асыру бүгінгі таңда өткір тұрған мәселенің бірі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін осы санадағы істі жандандыру керек, ол бұл мемлекеттік деңгейде енді-енді қолға алынып жатқан шара. “Іс қағаздарын жүргізу” бұл мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардағы басқару-реттеу, азаматтық қатынасты рәсімде, нормативтік актілерді даярлау ісіне қатысты ресми құжаттардың үлгілерін қамтудың құны.
Жұмыстың құрылымы Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, негізгі бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сот ісіндегі құжаттар мен жалпы іс жүргізу
құжаттарының теориялық ерекшеліктері
1. 1 Сот жүйесіндегі іс жүргізу және олардың теориялық негіздері
Сот әділдігін жүзеге асыру барысында азаматтардың істерді қарап шешкен кезде бірінші сатыдағы сот материалдық және процедуралық құқық қалыптарын қолдануда біраз іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Соттың бұл іс әрекеттері сот қарастыруы ретінде жазбаша түрінде тіркелінеді.
«Азаматтық істерді жүргізу кодексі іс жүргізу ретінде бірінші сатыдағы сот қаулыларын екіге бөледі.
Сот шешімі - істі негізінен қараған бірінші сатыдағы сот қаулысы (Азаматтық істерді жүргізу кодексінің 188 - бабы) .
Ұйғару - істі ешпейтін, бірақ азаматтық істі негізінен қараған кезде туындайтын кейбір мәселелерді шешетін сот қаулысы (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 220 - бабы) №
Шешім мазмұны соттық құқықты пайдаланудағы іс-әрекетінің бірнеше этапын қамтиды:
а) Даулы қатынастардың мазмұнын анықтау және де оны даусыз жағдайға келтіру (сот шешімінің тақырыбы) .
ә) Даулы материалдық қатынастарды шеше алатын құқықтық қалпын анықтау (сот шешімінің кодексі) .
б) Сот белгілеген материалды құқықтық қатынастарды субьектілердің құқықтары мен міндеттері көлемін анықтау. Соттың іс-әрекетінің бірінші екі этапты негізінде шешім мәтініне қолданылған материалдық құқық қалпының мазмұнына толық сәйкестікте тұрақты құқықтардың жүзеге асырылуы және міндеттемелердің орындалуы мерзімі мен тәртібі туралы соттың өкімі қоса жазылады. ». [2, 5б]
Шешімдердің нысаны мен мазмұны Азаматтық істі жүргізу кодексінің 134-150 - баптарымен анықталады.
«Дербес іс жүргізу құжаты ретіндегі сот шешімін жазбаша түрде судья жасайды.
Шешімнің кіріспе бөлімінде шешім шығарылған уақыт пенорын, шешімді шығарған соттың аты-жөні, сотқұрамы, сотмәжілісінің хатшысы, прокурор, егер ол қатысқан жағдайда іске қатысқан басқа да адамдар, өкілдер, дау тақырыбы көрсетіледі.
Шешімнің сипаттау бөлігі талапкердің (арызданушының) талабын және де жауапкердің қарсылығын (қысқаша мазмұнын), іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін қамтиды. Егер талапкер сотісін жүргізу барысында талаптың негізін немесе тақырыбын өзгертсе, мөлшерін азайтса немесе көбейтсе, ол туралы шешімнің сипаттау бөлігінде жазылуы керек. ». [2, 8б]
Ал енді шешімнің дәлелдеу бөліміне келетін болсақ, оның іргетасы мынада, онда қаралған негізі бойынша сот қорытындылары егжей-тегжейлі және негізделген түрде баяндау керек. Бұның мазмұнын шартты түрде үшке бөлуге болады:
а) Сот анықтаған нақты мән-жайлар;
б) Қорытындылар негізделген сот нақты мән-жайлар туралы дәлелденіледі, сондай-ақ сол немесе басқа дәлелдерді қабылдануы себептерін талқылау;
в) заңды топтастыру яғни, тараптардың құқықтық қатынастардың түрін анықтау және оларды реттейтін заңға сілтеме.
«Шешім сот мәжіліснде зерттелген дәлелдерге ғана негізделінеді. Шешімдегі құқықтық қатынастарды заң бойынша топтастыру үшін істі қараған кезде басшылыққа алған заңға сілтеме ғана жасауға болады, немесе толық, яғни қалыптық акт атынан және баптық тиісті номерінен басқа сот нақты жағдайларға қатысты заң мазмұнын талқылауы мүмкін. Қажетті жағдайларда тиісті құқық қалыпын қолданудың мәселелері бойынша түсініктемелер беретін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумында қалыптық қаулыларына сілтеме жасауға болады.
Шешім - істің ақырғы шешушісі, сондықтан қарау бөлімі соттың анықтаған ісінің нақты мән жайларынан туындайтын жан-жақты қорытындылардан тұрады». [2, 9б]
«Онда соттың барлық мәлімдеген талаптар бойынша не қаулы еткенін, кім, кімнің пайдасына, қандай іс әрекет жасауы керек екендігін даулы құқық талаптарының қайсысына берілгенін анық және нақты көрсету қажет. Мәлімделген талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан кезде кімге қатысты және неден бас тартқанын анық айқындау керек. Сот шешіміне қойылған негізгі талаптар - заңдылық пен негізділік (Азаматтық істі жүргізу кодексінің 189 - бабына сәйкес) . Процедуралық құқық қалыптарын дәлме - дәл сақтап және материалды құқық қалыптарында толық сәйкестікке шығарылған шешім заңды болып табылады.
Егер де шешім шығарылған кезде сотта қолдануға жататын заңды қолданбаса, немесе қолдануға болмайтын заңды қолданса, немесе заңды теріс түсінген болса, онда ол шешім іс жүргізу заңына сәкес заңсыз болып табылады (Азаматтық іс жүргізу кодексінің 189 - бабына сәйкес) . ». [3]
«Іс жүргізу негізінің бұзылмауы немесе дұрыс қолданылмауы бұл істі шешуге әкеліп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін болған жағдайда ғана шешімді бұзуға негіз бола алады. Шешім шығарылған кезде Азаматтық істерді жүргізу кодексінің 307 - бабының 2 - бөлігіндегі көзделген іс жүргізу, яғни істі құжаттандыру қалыпы бұзылса, ол қайткенде де бұзылуға жатады. Егер де шешімде сол іске қатысты бір жайлы болса, сот тексерген дәлелденген мен расталған мәлім, дәлелдеуді қажет етпейтін фактілер болса, сондай-ақ белгіленген фактілерден туындайтын сот қорытындыларын толық қамтитын шешім негізді болып табылады. ». [3, 7б]
«Жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қызметінің ерекшеліктері, сот шешімдерін, сот үкімін немесе өзге де сот актісін, сот шешімдерін, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ұйғарымдарды, нұсқамалар мен қаулыларды, мүліктік өндіріп алу бөлігінде қылмыстық істер бойынша үкімдер мен қаулыларды, сондай-ақ өзге де органдардың қаулыларын орындамағаны үшін мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының азаматтық және қылмыстық жауаптылығы ашылады Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қылмыс түрлеріне қарсы күрес саласындағы ғылыми бағыттар мен тәсілдер, осы қылмыстар субъектілерін жіктеу, Қазақстан Республикасындағы сот орындаушыларының қызметі туралы статистикалық мәліметтер. ». [3, 12б]
«Түйінді сөздер: қылмыстық жауапкершілік, мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, атқарушы құжат, сот шешімін орындамау, сот талабы. Құқықтық мемлекетте демократиялық қағидаттарды іске асыру адамның конституциялық құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін сақтамай мүмкін емес, оның түпкі буыны сот шешімдері мен өзге де құқық белгілейтін құжаттарды орындау болып табылады. Сот шешімдерін уақтылы орындау Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген Сот төрелігі жүйесінде құқықтық қағидаттарды іске асырудың және адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғаудың маңызды бөлігі болып табылады. ». [3, 14б]
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот шешімдерін орындауды мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жүзеге асыруға уәкілетті. Бұл ретте жыл сайын жеке сот орындаушыларының штат саны ұлғаюда және тиісінше жеке сот орындаушыларының іс жүргізуіндегі орындалған құжаттардың саны екі есе және одан да көп ұлғаюда (кесте. 1) . Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі республикалық палатамен бірлесіп облыстың барлық аудандарының жеке сот орындаушыларын қызметтермен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының саны 1200 құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық (500 бірлікке) артық, ал жеке орындау саласындағы көмекшілерді есепке алғанда барлығы 4000-ға жуық адам тартылған. Қарағанды облысы - 116. Басқа өңірлер де олардың санын арттыруда. Орта есеппен бір2016 жылғы I тоқсанда жеке сот орындаушыларының орындауында 924 мың өндіріс болды, бұл мемлекеттік сот орындаушыларының істер санынан 300 мыңға жуық (666 мың) артық.
Сонымен қатар, олардың жұмысының көрсеткіштері олардың құжаттарды тиімді орындайтындығын көрсетеді. Мәселен, 2016 жылдың 3 айында олар Теблице 1 Көрсеткіштердің атауы 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 9 ай 2014 ж. 2015 ж. 2016 ж. I тоқсан Жеке сот орындаушыларының штат саны 142 214 304 519 700 1200 Жеке сот орындаушылары орындаған құжаттардың саны 4766 37 456 87 126 228 000 666 000 924 000». [3, 22б]
«Қазақстан Республикасындағы электрондық сауда алаңы жұмысының статистикасы _ № Қызметтің атауы (Сауда алаңының объектісі, лот және т. б. ) Саны (теңге/бірлік) 1 тыйым салынған мүлікті сату бойынша бірыңғай электрондық сауда алаңындағы аукциондардың барлығы 11 230 2 тыйым салынған мүліктің барлық түрлері бойынша жалпы сомасы 273 686 913 038. 35 теңге 3 ашық сауда-саттық 438 4 Сауда-саттық болмады 5853 5 сауда-саттықтың күші жойылды 1043 6 жеңімпаздың қолтаңбасын күтеді 272 7 жеңімпаз 3624 хаттамасына қол қойды 8 тыйым салынған мүліктің барлық түрлері бойынша 55 987 021 849. 04 теңге сомасына сатылды 9 сатып алушылар саны 7725 10 сатушылар (жеке сот орындаушылары) саны 417
11 борышкерлердің тыйым салынған автокөлік құралдарын электрондық сауда-саттықта сату 121 12 Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жер учаскелерін электрондық сауда-саттықта өткізу 34 13 Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған жылжымайтын мүлікті электрондық сауда-саттықта өткізу 190 14 тыйым салынған мүлікті өткізудің өзге де объектілерін электрондық сауда-саттықта өткізу 93 Мемлекеттік сот орындаушыларымен (15. 9 млрд теңге) салыстырғанда 4 млрд теңге (19. 3 млрд теңге) көп, заңды тұлғалардың пайдасына айыппұлдар мен істер үш есе көп орындалды» [4] .
«Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының 02. 04. 2010 ж. № 261-"атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңымен (бұдан әрі - атқарушылық іс жүргізу туралы Заң) және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы сот орындаушылары институты әділеттілік пен ашықтық қағидаттарына сай келетін сот шешімдерін неғұрлым сапалы және уақтылы орындау бағытында үнемі жетілдіріліп отырады. ». [4, 8б]
«Қабылданған сот шешімдеріне, сот үкімдеріне сәйкес борышкерлердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынады және ол электрондық сауда алаңы арқылы сатуға қойылады. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша тыйым салынған жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жалпы сомасына 11 230 аукционы тіркелді- 273 686 913 038. 35 теңге, толық іске асырылған - 55 987 021 849. 04 теңге. ». [4, 10]
«Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құқықтары мен міндеттерінің маңызды бөлігі олардың сот шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілігі болып табылады. Сонымен, атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 132-бабында- мемлекеттік сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындауы не тиісінше орындамауы заңдарда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Жеке сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 150-бабына сәйкес осыған ұқсас құқықтық жауаптылықта болады, бұл ретте осы баптың 2-тармағында жеке сот орындаушысы Атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа тұлғаларға келтірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық іс-әрекетті жасау салдарынан туындаған залалды өтеуге міндетті деп көрсетілген. ». [4, 12б]
«Сот шешімдерін, сот үкімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚК) 430-бабына сәйкес қудаланатын қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылады. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде шығарылған сот шешімдерін іске асырудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар ҚР ҚК 430-бабында көзделген қылмыстың негізгі тікелей объектісі болып табылады. ҚР ҚК 430-бабының 1-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқару құжатын алты айдан астам уақыт ішінде орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергі келтіру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға жазаланады. ». [4, 16б]
«ҚР ҚК 430-бабының 2-бөлігінде адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекеттер үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны белгіленген. ҚР ҚК 430-бабының 3-бөлігінде, осы баптың 1-бөлігінде немесе 2-бөлігінде көзделген, олар бойынша өндіріп алу сомасы қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген он мың айлық есептік көрсеткіштен асатын әрекеттер, ал сол сияқты оларды орындауға кедергі жасау бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. ». [4, 20б]
«Алайда, қазіргі уақытта ҚР ҚК 430-бабын қолданудың бірқатар проблемалары бар. Біріншіден, сот актілерін орындамауға қылмыстық-құқықтық тыйым салудың алғышарттары теориялық тұрғыдан әзірлеуді қажет етеді, өйткені зерттелетін қылмыстық-құқықтық тыйым бланкеттік (жанама түрде анықтайтын) сипатта болады. Екіншіден, қолда бар статистикалық деректерге қарамастан (кесте. 3) сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындауға кедергі келтіретін субъектілер тобы туралы мәселе ғылымда даулы болып қала береді. ». [5]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz