Жырау шығармаларының зерттелу тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қaзақстан Рeспубликасы Бiлім жәнe ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Сұлтанова А.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БҰХАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ (9 СЫНЫП)

МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС

7М01701 -ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕН ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЙЫНДАУ (ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ)

Алматы, 2022

Қaзақстан Рeспубликасы Бiлім жәнe ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Қopғaуғa жiбepiлдi»

Филология факультетінің

деканы

«» 20 ___ж.

МАГИСТРЛІК ЖҰМЫС

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БҰХАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ (9 СЫНЫП)

«7М01717» − «қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау» мaмaндығы бoйыншa

Oрындaғaн
Ә. Сұлтанова
Oрындaғaн:

Ғылыми жeтeкшi

ф. ғ. д., профессор

Ә. Сұлтанова:
Oрындaғaн: Кафедра меңгерушісі
Ә. Сұлтанова:

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. БҰҚАР ЖЫРАУ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

1. 1 Бұқар жырау өмір сүрген кезең

1. 2 Жырау шығармаларының зерттелу тарихы

1. 3 Жырау шығармаларындағы ұлттық құндылықтар

2. БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Бұқар жырау шығармаларының тәрбиелік мәні

2. 2 Жырау толғауларындағы елдік мәселелерін оқыту

КІРІСПЕ

Диссертация жұмысының өзектілігі . Халық жадында сақталып, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жеткен жыраулар поэзиясы ұлттық мұра, ортаймас қазына, баға жетпес құндылықтар, оларды оқыту да білім мен тәрбие берудегі маңызды мәселе. Жыраулар поэзиясының мазмұнындағы ұлттық таным-тәрбие қазіргі тәуелсіздік кезеңінде таптырмас құрал болуы керек . Қазіргі білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытуға қойылып отырған талап - тілектер білім беруді әлемдік стандарттарға жақындату үдерісін қалыптастыруда. Осы талаптар үдесінен шығуда жыраулар поэзиясын соның үшінде Бұхар жырау толғауларын ұлттық құндылықтар мазмұнында оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдері мен оқыту жолдарын жүйелеу өзекті мәселе болып отыр. Қызғылықты, әсерлі хикая оқырман қауымның танымы мен өресін кеңейтіп, өткен тарих шежіресіне өзге көзқараспен қарауға үндейді.

Диссертация жұмысының негізгі мақсаты . Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ұлттық әдістеме ғылымында, оның ішінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінде жекелеген авторлардың еңбектерінде жалпылама қарастырылып келгенімен, ғылыми әдістемелік тұрғыдан әлі де болса білім мазмұнын жаңарту жағдайында арнайы зерттеуді қажет ететін жыраулар поэзиясының ғылыми негіздерін анықтау, сапалы әрі тиімді оқыту әдіс-тәсілдерінің жиынтығын құрастыру -9 сыныпта Бұхар жырау поэзиясын оқыту әдістемесін жасау.

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттер қойылды:

  • Бұхар жыраулар толғауларындағы ұлттық құндылықтардың орнын анықтау;
  • Бұхар жырау шығармашылығын оқытудың ғылыми педагогикалық негіздерін жүйелеу;
  • 9 сынып оқушысында жыраулар поэзиясын оқытуда қалыптасатын құзіреттіліктерін анықтау;

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жасалған бағдарламада берілген Бұхар жырау поэзиясын оқыту әдістерін жүйелеу

Диссертация жұмысыныңғылыми жаңалығы. Бұхар жыраулар толғауларын оқу, түсіну, тану дағдысы - педагогика, психология, әдістеме тұрғысынан дәйектелді;

- Жыраулар поэзиясын оқытуда 9 сынып оқушысында қалыптасатын құзіреттіліктер анықталып, жүйеленді;

- Қазақ әдебиеті сабағында қалыптасатын рухани құндылықтардың орны, маңызы, тәрбиелік мәні 9 сыныптарда берілген Бұхар жырау поэзиясы арқылы тұжырымдалды;

- Қазақ әдебиеті сабағында жыраулар поэзиясын оқытудың ғылыми дидактикалық ұстанымдары анықталып, мектеп бағдарламасына енгізу мәселесі 9 сыныптар бойынша талданды;

- Әдебиет сабағында Бұхар жырау шығармаларын оқытудың мазмұны анықталып, тиімді әдістемелік жүйесі жасалады, жаңа инновациялық бағыттары оқу үрдісіне енгізіледі;

-Әдебиет сабағында Бұхар жырау толғауларын оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденеді.

Диссертация жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында зерттеу негізінде алынған нәтижелер және ғылыми тұжырымдардың, сондай-ақ қорытынды пікірлердің теориялық және практикалық мәні үлкен. Ғылыми нәтижелерді Қазақстанның жоғары оқу орындарында және тарих пен филология факультеттерінде өтетін арнаулы курстарда, семинарлар мен қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытатын білім беру мекемелерінде пайдалануға болады.

Диссертация жұмысының әдістері . Диссертация жұмысында тарихи-функционалдық, типологиялық, салыстырмалы-тарихи әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.

  1. БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ

1. 1. Бұқар жыраудың өмірбаянымен таныстыру әдістемесі

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артында өшпес ақыл, сөнбес мұра қалдырған көрнекті жырау - Бұқар Қалқаманұлы. ХVІІІ ғасырда өмір сүріп, ел тағдырын ойлап, сол кезеңдегі күрделі мәселелерге жауап іздеп, хан мен халық арасындағы алтын көпір бола білген жыраудың жыр-толғаулары үнемі әлеуметтік мазмұнға құрылып отырғаны белгілі. Бұқар жыраудың ұзақ ғұмырындағы өмірлік деректері толық сақталмаған, нақты бірізділікке түспеген. Тек сол ғұмырының көпшілік бөлігін Абылай ханның жанында ақылшысы болып өткізгені мәлім. С. Сейфуллиннің Бұқарды «Абылай ханның ақылгөйі» дейтін сөзі оған берілген ең жоғары баға. Кімге де болса, соның ішінде ханға ақылшы, кеңесші болу оңай емес. Ал Абылай сынды үш жүздің басын біріктіріп, ел тарихында есімі ерекше ұлқталған тұлғаға ақылшы болған жырау да кемеңгер жан. Бұл ретте М. Әуезов те «Әдебиет тарихы» еңбегінде: «Бұқар жырау Абылайдың жанындағы уәзірі, заман күйін сынға алып, қорытынды айтып, бет нұсқайтын кемел ақылшысы. Абылай ханмен бірге қалың елге де өсиет айтады. Айтатын сөзінің барлығы да күнде қазақ елінің басына келіп тұрған саяси хал, тарихи дәуірге арналады. Ел билеген ұлықтың ішінен шыққан болғандықтан ақылының көбі елді бастап, билеп жүрген басшыларға, артынан ерген елге арналады» деп баға берген.

Жыраудың өмір сүрген жылдары туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Қ. Жұмалиев өзінің «Қазақ әдебиет тарихы» атты зерттеуінің екінші томында Бұқар жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болған деген пікір білдірген. М. Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырым жасап, Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында өлген дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған тұсқа сәйкес келеді. Х. Сүйіншіәлиев Бұқар жыраудың өмір сүрген уақытын 1684-1782 жылдар деп көрсетеді. [Х. Сүйінішәлиев «VІІІ- ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті», Алматы «Мектеп»1989ж. ] Ж. Тілепов жыраудың туған жылын 1684 жыл деп береді. «Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті» аттыз ерттеуінде: «Өмір сүрген уақытын жырау мұрасын зерттеген авторлар әртүрліше көрсеткен. Біз, солардың ішінде профессор Х. Сүйіншалиев еңбегіндегі жырау - 1684-1782 жылдар аралығын қабылдағанды орынды деп есептедік», - деп көрсеткен [Тілепов Ж. Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті: оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 220] .

Қ. Мұхаметханов жыраудың 92 жасында дүниеден өткенін хабарлайды [«Қазақ әдебиет» газеті. - №31, 32, 1982 ж. ] . Автор Бұқардың заманында өмір сүрген белгілі Үмбетей жыраудың «Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген толғауы бойынша ой қорытады. Қ. Мұхаметов бойынша, жырау 1685 жылы туып, 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең қлшемімен жазлғанына күдіктенбесек, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:

«Менің жасым тоқсан үш,

Мұнан да былай сөйлеуім

Маған да болар ауыр күші», - дейтіні және тағы бірде:

«Күнінде мендей жырлайтын,

Тоқсан үште қария

Енді саған табылмас», - деп толғайтыны бар. Бұдан өзге толғауында:

«Тоқсан бес деген тор екен

Дүйім жанның қоры екен», - дегені де бар.

Бұқар жыраудың тоқсан бес жастан артық өмір сүргені туралы толық деректер бар. Оның өзінің жырларынан да бұған дәлел табуға болады. Сөз аяғында жыраудың өмірінің соңында халқымен ақтық қоштасу сөзін келтіреміз: «Асан қайғы болған жердің көбінде мен де болдым. Түркістан, Сығанақ, Сайран, Жанкент, Ташкент қалаларын көзіммен көріп, Балхаш, Жетісу өлкесін, Сарыарқаны араладым. Сонда мен не көріп, не білдім? Иә, көргенім де, түйгенім де аз емес. Оның ішінде менің ең алдымен көргенім талай қиыншылықты басынан өткізіп, барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп ұлан байтақ жерге ие болып қалған берекелі елім болды. Жер мен ел егіз». Біраз демін алып:

«Ата-ананың қадірін, балалы болсаң білерсің,

Ақ тәніңнің қадірін, жаралы болсаң білерсің

Бостандықтың қадырыін, жазалы болсаң білерсің,

Дәулетіңнің қадірін, мал кеткенде білерсің.

Ажарыңның қадірін, сән кеткенде білерсін,

Тіршіліктің қадірін, жан кеткенде білерсің.

Аңдып жүрген дұшпанды дәл жеткенде білерсің» -деп Бұқар жырау халқымен ақтық рет қоштасыпты (11) . Қорытындылай келгенде, Бұқар жыраудың 92-95 жас аралығындай өмір сүргенін топшылауға болады.

Бұқар жыраудың әкесі - Қалқаман өз заманында батыр болған кісі. Ал жыраудың өзі әкелік еткен ұлдары - Ақдербіс, Жарылғап, Жанта болды. Осы ұлдарының ішінде Жарылғап ұрпақтарына әкесінің жыраулық қасиеті дарып, елге танымал бірнеше ақын-ғалымдар шыққан. Айта кетсек, Құреке ақын мен ғалым Б. Аяпбергенов те Жарлығаптан тараған Бұқар ұрпақтары. Жыраудың асыл тегі туралы А. Тоқсамбаева былай деп топшылайды: «Арғыннан - Қодан, одан - Дайырқожа, одан - Қара, одан - Мейрамсопы, одан - Сүйіндік, одан - Алтынторы, Құлыеке, Бегім. Алтынторыдан - Мәмбетәлі, Жолымбет, Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен - Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан - Бұқар жырау. Бұқардың да үрім-бұтақтары аз емес, олардың көпшілігі жырау дүниеге келген атамекенін қоныс етіп отыр.

Заманында көмекейі бүлкілдеп жырмен сөйлегендіктен «Көмекей әулие» атанған «сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың өмірі, Аюптың сабыры, Қарынбайдың байлығы, Аплатонның ақылы керек» [304 б. М. Көпеев. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері. 7-том. Павлодар, 2006] деп, Бұқар жыраудың көл-көсір еңбегін түгел хатқа түсіре алмағанына өкінішін білдіріп кеткен МәшҺүр Жүсіп Көпейұлының еңбегі зор. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, Бұқар жыраудың Тәуке хан тұсында Ордадағы белді биі, батагөйі болғандығы аңғарылады. Тәуке ханнан кейінгі билік құрған қазақ хандарымен Бұқар жырау Абылайға дейін ортақ тіл табыса алмай, өмірден мұқтаждықты көп көрген. Бұқар жырау ерекше бедел мен құрметке Абылай хан билік құрып тұрған кезде ие болды. Абылай хан таққа отырған кезде Бұқар ел арасына атағы жайылған ақын, дуалы ауыз би, едәуір жасқа келген егде адам еді.

Бұқардың өмір сүрген кезеңі секілді туған жері де нақтыланбаған, яғни түрліше көзқарастар бар. Әдебиетші Қ. Мұхамедханов Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйене отырып, жыраудың дүние есішгін ашқан мекені Жиделібайсын, Елібай деп көрсетеді. Себебін түсіндіргенде, Бұқардың әкесі Қалқаман қалмақтармен күрес кезінде ығыса келе Жиделібайсын жеріне тоқтаған дейді.

Зерттеушілердің айтуына сүйенсек, Бұқар жырау 1702 жылы Көкілташ медресесін тамамдайды. Осында оқып жүріп ол араб, парсы тілдерін меңгереді. Медреседе оқып жүргенде шығыстың жеті кереметі атанған алып ақындардың жырларын оқып, көңілге түйеді. Көкілташ медресесінде жүргенде Бұқар Түркістан қаласына сапар шегеді. Ондағы қасиетті әулиелердің рухына тағзым етіп, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметтерімен» танысып, зерттейді. Осылайша алғашқы білімді мұсылманша алып, ол жолдың тереңіне бойлай білген жырау, өзінің насихат жырларында мұсылмандықтың адамгершілікке жол бастайтын имандылық тәрізді қағидаларын өз өлеңдерінде, ұтымды пайдалана білді. Бұқар шариғат заңдарын, сопылық ілімнің мақамдарын жетік білген ойшыл.

Бұқар заманында өмір сүрген билер мал-дәулетімен емес, сөзімен кісілікті болған. Олардың көбі кедей өмір сүрген. Сөзімізге дәлеле ретінде Орманбай бидің үйіне Абылай келіп қалғандағы Бұқардың сөзі:

Хан Абылай келгенде,

Тоқты сойсам жетпейді.

Енесін сойсам тоқтының,

Оның орны бітпейді, - деген екен.

Бұл сөздерден Бұқардың мал жиюды мақсат етпегендігі білінеді. Өзінің мәртебе жолын Әз Тәукенің ақ сарайында бастағанымен жасы алпыстан асқан шағында да кедейлік өмірді серік еткенін ғалымдар жазып кеткен. Осы орайда М. Мағауин: «Бұқар малсыз адам екен деп жазады Мәшһүр. Өзіне ағайын бір байдан мінуге ат сұрапты. Бай бергісі келмей, бірталай уақыт алдаусыратып жүріпті де, ақыры бір күні Бұқардың қолына екі қары бөз қыстырып қүтылмақ болыпты. Сонда Бұқардың айтқаны:

«Бұқарекең - біз келдік,

Ақан, Төбет байларға,

Бесті берсең семіз бе

Жаздай Бұқар жайларға.

Бермеймін деп атама,

Асауыңды матама.

Шынжырынан берік тартсам,

Шамырқанып, шамданып,

Шалқасынан жата ма,

Алпыстағы Бұқардың

Сілесі құрып қата ма,

Құлдарың мен күңдерің

Мерекеге бата ма,

Келіп едім өзіңе,

Түнеугі айтқан сөзіңе.

Тіпті разы болмаймын

Керегенің басында

Екі қары бөзіңе.

Бермей қалсаң осы жол,

Жолықпаймын деп ойлама

Жортуылшы ердің кезіне».

Бұл Ақтабан шұбырындыдан соңғы аласапыранның тұсы, атадан ұл, анадан қыз айрылып, исі қазақ күйзелген дәуір. Осы қилы заман кезінде Бұқардың шаруашылығы шайқалып, дәулеті суалған болуы да мүмкін» деп жазады. Келтірілген деректерге сүйенсек Бұқар өз заманының кісілікті адамы болған, бірақ ол көтерген мәртебе байлықпен емес, әділ билікпен келген.

Бұқар жырау өмірі туралы деректер қазақ әдебиетінде көп кездесе бермейді. Жырау туралы мәліметтерді алғаш оқулыққа енгізген М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев және М. Жолдыбаев ғалымдар болды. Олар өздерінің «ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты оқулығына Бұқар жырау өмірі мен толғаулары туралы мәлімет енгізді. Аталған ғалымдар Бұқардың туып өскен жерін Баянауыл аймағы деп көрсете келе, қаржас яғни арғын ішінде алтынторы деп аталатын рудан шыққан деп пайымдайды. Деректерге сүйенсек, Бұқар діни білімі бар, оқыған кісі. Жыраудың толғауларында діни көзқарастар анық байқалады. Мысалы, «Тәңірім сөзі құранды айт», «ақтан сия танытқан, дәуіт пенен қаламды айт» сынды өлең жолдарынан Бұқардың діни сауаты бар адам екенін аңғаруға болды.

Бұқар өмірінен кездесетін хабарлардың бірі - оның Абылай ханның, тұсында өмір сүріп, халықтың жағдайын феодалдық тұрғыда қабылдауы. Сол себепті де жыраудың бізге жеткен толғаулары әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді көтереді. Ол хандық билікті нығайтуды мақсат ете отырып, Абылайдың жанындағы кеңесшісі болды. Е. Ысмайылов: «Бұқар ақын ғана емес, Абылайдың қолшоқпар биі. Ол XVIII ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде үстем болды» [42 Е. Ысмайылов. Ақындар. 1956 Алматы] деуінің себебі де осында. Осы тұрғыда Абылай мен Бұқар арасындағы қарым-қатынасты зерттеуші ғалымдар әртүрлі бағалайды. Сол зерттеулерді саралай келе, Бұқар Абылайдың жүргізген саясатына қарсы болғанын аңғардық. Бір кездері Абылай хан үйсін руынан шықан Ерден батырдың елін шауып, тонатпақ болады. Сонда Бұқар хан бұйрығына қарсы шығып «Ерден өз құлың, оны тонама, Алатаудан әрі асып, шүршіт жаудан олжа тап» деген екен. Бұл жағдайдан бөлек, Абылай орысқа қарсы шығып, соғыспақ болғанда да, жырау ханның бұл ойымен келіспей, «Орыспен соғыспа» деген әмір сөзін айтады.

1. 2. Жырау шығармаларының жариялану мәселелері

Жыраудың шығармалары ХХ ғасырдың 20-30-жылдарынан бастап жинақталып, зерттелінген. Ең алғаш «Таң» журналында жыраудың «Бірінші тілек тілеңіз», «Айналасын жер тұтқан», «Ей, Абылай, Абылай», «Ай не болар күннен соң», «Ақсаңнан биік тау болмас», «Ал тілімді алмасаң», «Керей қайда барасың», «Ханға жауап айтпасам» атты толғаулары жарық көрген. Бұқар жырау шығармаларының басылып шығуына еңбек сіңірген қайраткердің бірі де бірегейі - Сәкен Сейфуллин. Ол өзінің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты зерттеуінде «Ай не болар күннен соң», «Жал құйрығы қаба деп», «Керей қайда барасың», «Асқар таудың өлгені», «Қалданменен ұрысып», «Атам болған жиырма бес», «Құбылып шыққан бәйшешек», «Әй, Абылай, сен он бір жасыңда» толғауларын бастырып шығарған. Осыдан кейін әртүрлі хрестоматиялар мен басылымдарда жыраудың толғаулары жарияланып келді.

Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген - белгілі ғұлама, фольклорист әрі ділмар ақын М. Ж. Көпеевтің айтуынша, Бұқар жырау - «қарадан шығып хан болған» өз заманының ең ықпалды билерінің бірі. Өз заманындағы жандар бұл кісіні «көмекей әулие» деседі дейді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев жырау туындылар ел аузындан жинаған, яғни көне көз қариялардан тыңдап, қағаз бетіне түсірген. Бұқар тоғауларын өағаз бетіне түсіріп қана қоймай, ғылыми тұрғыда Бұқар шығармашылығының зерттелуіне жол ашқан бірден-бір зерттеуші болды. Толғаулардың ғылым үшін қажетті болған туу тарихы мен айтылуын да қызықты етіп жеткізе білген. Сондықтан көмекей әулиенің жырларын зерттеушілер М. Ж. Көпеевтің жазбаларын негізгі түпнұсқа ретінде қарастырады.

Бұқар жырау мұралары 1920-1930 жылдардан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Оның мұрасы әр жылдарда әртүрлі жинақтарға еніп, жарық көрген. Мәселен, Бұқар жыраудың үлкенді-кішілі 49 толғауы «Алдаспан» жинағына еніп жарық көрді. Даланың дара данасы Бұқардың шаңға көмілген Пекин архивіндегі 36 толғауын Мұхтархан Оразбайұлының атамекеніне қайтаруы да үлкен мақтаныш әрі рухани байлығымызға қосылған үлес. Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталған. Ол өзінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы әдебиетке арналған ертеректегі оқу кітабында: «Жыраудың мақсаты, міндеті - «не болса сол көңілі ашар», «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи уақиғаның мазмұн бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады. Олжа, табыс, абыройлы ханмен қатар үлеседі. Өзі хан қасына жуан рудың - Арғынның қосқан «табан шөңгел биі» болуға лайық . . . Бұл жағынан қарағанда, Бұқар, Орта жүз ханы Абылай болса, соның орталық елі, жуан бел руы - Арғын ішінен шыққан анық үстем тап адамы болады. Бұқар сонда үлкен, қырағы саясаттың толғаушысы боп, әрбір сөзін ірі-ірі уақиғалардың ірі мәселенің тұсында ғана айтады. Сол сөздері жыраудың таптық-қоғамдық мазмұнын көрсетіп, дәуірінің тарихи сырын ашады», - дейді.

Бұқар жырларының жарияланып, басылуында Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, И. Н. Березин секілді ғалымдардың еңбегі зор. Сонымен қатар бір-екі толғау Құранғали Халидұғлының «Тауарих хамса Шархи» атты кітабында жарық көргенін айта аламыз. Әдебиеттанушы ғалым Ж. Смағұлов ұлттық әдебиеттану ғылымында Бұқар жырау шығармашылығының алғаш зерттеліп, жиналуында «Бұқар шығармаларына Г. Потанин де ерекше көңіл бөлген екен» дей келе «Төртуылдың төрт ұлы тауды жайлап» деп басталатын өлеңінің орысша аударылған нұсқасы Потанин жазбаларында жарияланғанын айтады. Бірақ, осы өлең Бұқар шығармалары жарияланған 1962 жылғы «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» атты жинаққа да, «Үш ғасыр жырлайды» (1965), «Бес ғасыр жырлайды» (1984) аталатын жинақтарға да енбегенін айтады. «Себебі, олардың түпнұсқасы сақталмаған. Шоқан да, Г. Потанин де өз аудармаларында өлеңдердің мазмұнын беруді басты мақсат тұтып, қара сөзге жақын аударған. Сондықтан қазақша нұсқасы хатқа түспеген немесе ұмытылған. Ал, Г. Потанин өз жазбаларында кездесетін енді бір топ өлеңді арнайы тапсырма беру арқылы Имантай Сәтбайұлына жаздырып алып жариялаған (Олар жоғарыдағы жинақтарға да енген) . Бұл айтылғандар Бұқар жырау мұрасын жинап-жариялаудағы, хатқа түсіру мен ғылыми тұрғыда игерудегі алғашқы қадамдар еді» деген пікір білдіреді. Және де Бұқар мұрасының басқа да орыс ғалымдарының зерттеу еңбектерінде кездеспейтінін айта келе «Г. Потаниннен басқа қазақ даласын зерттеген орыстың ориенталист, фольклорист ғалымдарының еңбектерінен Бұқар туралы ешбір дерек кездеспейді» деп ойын түйіндейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Бұқар жыраудың шығармаларын мектепте оқыту
Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жыраушы тұлғалар
Ақын жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер
Жыраулар поэзиясындағы портрет
Жиенбай жырау шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz