Қаржы ғылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Narxoz University

Ғылым тарихы

Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырып: Қаржы ғылымы

Орындаған: Әбілханов Айбек Болатбекұлы

Кульжабаева Меруерт Толеухановна

Алматы 2022

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 4

1. 1 Қаржы ұғымы . . . 4

1. 2 Қаржының даму тарихы, кезеңдері . . . 5

2 Қаржы - қоғамдық дамуға әсер ететін механизм ретінде . . . 7

2. 1 Қаржының қалыптасуы: маңызы және мақсаты . . . 7

2. 2 Қаржының қоғамдық дамудағы рөлі . . . 8

3 Қаржының бүгіні мен болашағы . . . 9

3. 1 Қаржы мамандығының болашағы . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 11

КІРІСПЕ

Қаржы ғылымы ежелден бастау алып, әрбір кезеңдерде ерекшеленіп отырған ғылымдардың бірі болып табылады. Қаржы дегенде бәріміз көз алдымызға ақшаны елестетеміз. Яғни, біздің түсінігімізде нақты қаржы туралы ұғым жоқ болса да, оның адамзатқа қажет құрал екенін осыдан аңғарсақ болады.

Мемлекет экономикасында қаржы жүйесінің атқаратын қызметтері өте маңызды болып табылады. Қаржы жүйесінің жағдайына қарап экономиканың жағдайын болжауға болады. Қаржы жүйесінің қызметі экономикалық қатынастар жиынтығын туғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндірісте құру, пайдалануды жүзеге асырады және басқа да қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдылықтарды жүзеге асыру керек: ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның үйлесімі, шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу, республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты, инфрақұрылымы, кәсіби мемлекет. Осы басымдылықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді. Яғни, қаржы экономиканың даму процесін қамтамасыз етуге бағытталады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты қаржы ғылымының қалыптасу тарихын түсіндіре отыра, оның маңыздылығын, басқа да экономикалық салалармен байланысын, қазіргі және болашақтағы алатын орындары жайлы болады.

Қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудағы қаржылардың маңыздылығы ерекше. Сондықтан бірінші бөлімде мен қаржының пайда болу тарихын, экономикалық мазмұнын, қаржы жүййесінің ұғымын, экономикалық мәнін қарастырамын. Екінші бөлімде қаржының ғылым ретінде қалыптасуын ашып көрсетемін. Және үшінші бөлімді қаржы ғылымының бүгінгі және болашақтағы маңызы жайлы жазатын боламын.

1 ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қаржы ұғымы

Қаржы - бұл ақша емес, ол - құн қозғалысымен байланысты қоғамдағы экономикалық қатынастардың арнайы формасы. Қаржы экономикалық категория болып табылады. Кез-келген экономикалық категория сияқты, қаржы да арнайы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді білдіреді. Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді. Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.

«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.

Қаржы - нарықтық қатынастардың құрылымды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

1. 2 Қаржының даму тарихы, кезеңдері

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы ғылым құрылымы мен дамуына тән екі ірі кезеңді айқындауға болады. Алғашқысы, Рим империясы тұсында басталып XX ғасырдың ортасында аяқталған, қаржының классикалық теориясы деп аталады. Бұл кезеңді кейін қаржының неоклассикалық теориясы көрсететін екінші кезең ауыстырылды. Алғашқы теорияның мәні мемлекеттік қаржының басым болуында; екінші теорияның мәні жеке сектор қаржысының басым болуында.

Бірінші кезеңнің ұзақ болуына байланысты оны ішінара бөлек кезеңдерге бөлеміз. XIX ғасырдың қаржы ғылымының жетекші теоретиттерінің бірі профессор К. Рау оның дамуындағы үш кезеңді айқындады: ғылыми емес, ғылыми өңдеуде ауысуы, ғылыми.

Ғылыми емес жағдай кезеңі ең ұзақ кезең болды. Қаржы ғылымының тарихшылары бұл кезеңнің басын Ежелгі Греция мен Рим уақытына апарып тіркейді. Бұл жылдарда патриалхалды көзқарас үстем болған, соған сәйкес мемлекет қоғамдық қажеттіліктерге кәдімгі жеке тұлға ретінде жинақтау қаражаты бөлігінде қарастырылған мемлекет табыстары бірнеше қайнарлардан жиналған. Солардың ішінде негізгілері мемлекеттік жерлерді, кен орындарын, айлақтар және т. б. болып табылады.

Қаржы туралы ғылымды жүйелендіруге маңызы бойынша үлкен үлес Италиялық ғалымдармен қосылды. Жоғары Италия қалаларында XV ғасырда қаржы ғылымының дүниеге келуі жүзеге асырылды. Осылайша, қаржы саласындағы білімдерді жүйелендіру сұрақтарымен мынадай көрнекті ғалымдар айналысқан: Н. Макиавелли (1480-1540), Дж. Батеро (1540-1617) және т. б.

Бұл капиталды алғашқы жинақтау кезеңін ашқан ерте меркантилизм жылдары болды. Бұл ағымның негізгі идеясы мемлекеттің шаруашылық өмірге белсенді араласуымен көрініс тапты. Италиялық ғалымдардың еңбектері өзге де елдерде осындай жұмыстардың пайда болуына түрткі болды. Алғаш рет француз ғалымы Ж. Боден (1530-1596) қаржының анықталған жүйесін орындады, ол мемлекеттік табыстардың бірнеше қайнар көздерін анықтап берді: әскери өнім, сауда, шығару және кіру бажы, халықтан алынатын салықтар. Ағылшын философы мен экономисі Т. Гоббс (1588-1679) жанама салық салу идеясын белсенді насихаттады. Ал, У. Петти(1623-1687) салық саясаты арқылы шаруашылық өмір дамуын ынталандыру туралы идеясын өңдеді.

Жалпы XVIII ғасыр қаржы туралы ғылымның тұрақтануы мен нығаюы жоспарындағы түбірлі өзгеріс кезеңі деп есептеледі. Бұған түрткі болған физиократтар жұмысы болғанымен де, жүйелендірілген қаржы ғылымының алғашқы өкілдері - неміс ғалымдары Й. Юсти және Й. Зонненфелье ғылым саласындағы мамандар болды.

Екі жүз жылға созылған қаржының классикалық теориясының құрылуы мен дамуы кезеңі XX ғасыр соңында аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және одан кейін бірден әлем экономикасында өзгерістер пайда бола бастады.

XX ғасырдың 40-50 жылдарын қаржы ғылымының дамуында, оның логикасы мен мазмұнын қарастыруда, принципті жаңа кезеңінің басы деп атауға болады. Дәл осы жылдары қаржының неоклассикалық теориясы өз құрылымының бастауына ие болды.

Қаржы капиталының құрылуы барысында экономика дамуындағы қаржы нарықтарының рөлі маңызды бола бастады. XIX ғасыр соңында қаржы нарықтарында пайда болған беталыстарды, биржалар мен биржа саудасына қатысушылардың жұмыстарына стандартты келу машықтарын теориялық түсіну қажеттілігі біртіндеп қалыптаса бастады.

2 Қаржының ғылым ретінде қалыптасуы

2. 1 Қаржының қалыптасуы: маңызы және мақсаты

Қаржы үлкен ауқымды қамтитын күрделі ұғым. Қаржының даму тарихы жоғарғы бөлімде айтып кеткенімдей ұзақ уақытты қамтиды. Бастапқыда қаржы түсінігі бірден пайда бола қойған жоқ. Бұрындары адамзат жан-жағын танып біле бастағанда көптеген жаңа нәрселерді үйрене бастады. Кейбіреуі мал шарушалығымен айналысса, екінші біреуі егін шаруашылығымен айналысты. Ол кезде өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас сауданы үйренді. Егіннен түскен өнімдерді ет, балық секілді тағы да басқа өнімдерге ауыстыру арқылы өмір сүрді. Біртіндеп дами келе нағыз сауданы үйреніп бастады. Белгілі бір тауарды сатып алу үшін ақша бірліктері ойлап табылды. Бастапқыда алтын, күміс тиындар арқылы сауда жүргізді. Одан бері нақты бір заттың құнын есептеуді үйренді. Яғни, оны өндіруге кеткен шығындарды, жол шығындары секілді шығындарды жатқызу арқылы тауардың құнын ойлап тапты. Сол арқылы затты өз құнын төлеу арқылы сауда жасалынатын болды. Қазіргі таңда осы құнды төлеу үшін ақша құралы ойлап табылды. Ақша өз алдына бөлек ұғым болып қалыптасты. Ақша айналыс, құн өлшеу, қорлану қызметтерін атқарады. Осы қызметтерді жүзеге асыру кезінде қаржылық қатынастарды тудырады. Бұдан шығатын қорытынды, қаржы - ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешілігі - олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әртүрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан, қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі.

Қаржының түрлі мақсатта ақша қорларының қозғалысында көрінуі - оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.

Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экномиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен сипатталады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы - бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары, қорланымдары мен қорлары жасалып, пайдаланылады.

Қаржының қажеттігі объективті мән- жайдан тауар -ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізушілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың, соның ішінде құн заңының іс-әрекеті болып табылады. Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.

2. 2 Қаржының қоғамдық дамудағы рөлі

Адамзат бұл өмірде әрдайым даму үстінде болады. Жаңа ойлар мен идеяларды жүзеге асыруға тырысады. Соның арқасында әлемде жыл сайын жаңа ғылымдар, жаңа салалар пайда болып келеді. Әрине, оның бәрі адамзаттың жетістігі болып табылады. Менің ойымша, әрбір сала қаржы саласымен байланысы бар деп ойлаймын. Себебі, қаржы қатынастарының көмегімен басқа салалар қаржыландырылып отырады. Сол арқылы қаржылық қолдау, алып дами түседі.

Қаржының қоғамдағы атқаратын рөлі өте үлкен және маңызды болып табылады. Олардың көмегімен өсудің қарқындылығы, салалардағы технологияның жетістігі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы және ұлттық шаруашылықтың басқа салаларындағы жетістіктер қамтамасыз етіледі. Олар өндірістің негізгі күші - жұмысшыларды қалыптастыруға және сапалы өзгертуге қатысады.

Қаржы өндіргіш күштердің қарқынды дамуына әсерін тигізеді, қоғамдық өндірістің құрылымын өзгертуге, оны күшейтуге және капиталды орталықтандыруды күшейтуге көмектеседі. Жұмыс күші жаңа сипатқа ие болады: оның квалификациясы өзгереді, құрылымы және қажеттіліктері өзгереді.

Мемлекет қаржыны шаруашылықтың қоғамдық нысандарын қолдау үшін пайдаланады: мемлекеттің экономикалық секторын дамыту үшін; білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту үшін; көптеген әлеуметтік, экономикалық бағдарламалады жүзеге асыру үшін.

Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз етуді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуін талап етеді. Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен өңірлерге ерекше көңіл аударылып, оларға қаржылық ресурстарды қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, өңірлердің, шаруашылық жүргізудің төменгі буындарының арасында ұтымды, ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен көлемде жаңғыруы болуы мүмкін.

Қаржы мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды береді.

Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады.

Қаржы қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы болып табылады.

3 Қаржының бүгіні мен болашағы

3. 1 Қаржы мамандығының болашағы

Жоғарыдағы бөлімдерде қаржы туралы көптеп айтып жатырмын. Ал, бұл қаржы саласының және онымен айналысатын маман иесінің негізгі қызметтері қандай және болашақта қалай өрбуі мүмкін деген сұрақ туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы - ақша қатынастарының ажырамас бөлігі
Ғылымды дамытудың басты бағыттары
Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесіндегі негізгі саланың бірі
Мұрат Жұрынұлының Ұлттық Ғылым академиясы президенті ретіндегі тарихи рөлі
Кеңес дәуіріндегі заң ғылымы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазақстандағы PR-дың болашағы
Әлеуметтік институттар, қызметтері
Қаржы менеджменті жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz