Химиялық байланыс және зат құрылысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

А Л Ғ Ы С Ө З

Қазіргі уақытта бейорганикалық химиядан отандық және шетел ғалымдары қадамынан туған көптеген оқу құралдары бар.

Бейорганикалық химия пәні бойынша зертханалық және практикалық жұмыс жасауға арналған әдістемелік нұсқаулық әсіресе біздің республикамыздың студенттер қауымы үшін өте қажет.

Бейорганикалық химияның бұл оқулығы программаға сәйкес және республика студенттер қауымының тікелей мұқтажына, талап-тілегіне байланысты туып отыр.

Бұл еңбекте - бейорганикалық химия пәні бойынша зертханалық және практикалық жұмыстар қарастырылған. Химиялық ыдыс, құрал-жабдықтар туралы мәліметтер, әр тақырып бойынша қысқаша зертханалық жұмыс пен практикалық тапсырмалар келтірілген.

Бұл оқу құралы көптілдік білім беру жағдайында жалпы білім беретін мектептердің химия пәнінің бағдарламасы бойынша жасалған, сонымен қатар білім алушыларға бейорганикалық химияны тереңдетіп оқытуға арналған төл туынды.

Қолдарыңызға тиіп отырған бұл оқулықтың кемшіліктері болуы мүмкін. Оған байланысты сын-ескертулеріңізді ризашылықпен күтіп құп аламыз.

Сөзімнің соңында кітапқа рецензия берушілер: химия ғылымының докторы, профессор К. У. Джамансариева мен доцент, PhD докторы С. С. Сатаева, химия ғылымының кандидаты, доцент Л. И. Байтлесова жолдастарға қолжазбамызды қарап көрсеткен көмектері үшін шын ілтипатпен алғыс айтамыз.

Г. Ж. Сдикова

М. Ш. Хайруллина

А. Ж. Искакова

МАЗМҰНЫ

1.
Зертханада жұмыс істеу ережелері
6
1.: 1. 1.
Зертханада жұмыс істеу ережелері: Химиялық зертханадағы техника қауіпсіздігі
6: 9
1.: 1. 2.
Зертханада жұмыс істеу ережелері: Химиялық ыдыстар. Құрал-жабдықтар.
6: 12
1.: 2.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Химиялық байланыс және зат құрылысы Зертханалық жұмыс №1

Химиялық байланыс және зат құрылысы

6: 47
1.: 3.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Химиялық реакциялар және олардың жүруінің негізгі заңдылықтары

Зертханалық жұмыс №2

Гидроксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу

Зертханалық жұмыс №3

Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың сапалық құрамын тәжірибелермен дәлелдеу

Зертханалық жұмыс №4

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы

6:

50

53

56

1.: 4.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Металдардың, бейметалдардың жалпы сипаттамасы Зертханалық жұмыс №5

Типтік металдар, бейметалдар және екідайлы элементтердің химиялық қасиеттері

6: 61
1.: 5.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Маңызды s элементтер және олардың қасиеттері

Зертханалық жұмыс №6

Натрий, калий, кальций, магнийдің маңызды тұздарының үлгілерімен танысу, металдардың химиялық белсенділігін салыстыру.

Практикалық жұмыс №1

"Негізгі топша металдары" тақырыбына эксперименттік есептер шешу.

6:

64

67

1.: 6.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Маңызды d элементтер және олардың қосылыстары

Зертханалық жұмыс №7

Cu 2+ , Fe 2+ , Fe 3+ , Zn 2+ иондарын анықтауға арналған сапалық реакциялар.

Практикалық жұмыс №2

«Қосымша топша металдары» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару

6:

69

72

1.: 7.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Маңызды p элементтер және олардың қосылыстары

Зертханалық жұмыс №8

Ортофосфор қышқылы, фосфаттар мен гидрофосфаттардың қасиеттерімен танысу Практикалық жұмыс №3

Аммиактың алынуы, аммиактың сулы ерітіндісінің және аммоний тұздарының қасиеттерін зерттеу. Практикалық жұмыс №4

Сапалық реакция көмегімен ерітіндідегі иондарды анықтау

6:

75

77

81

1.: 8.
Зертханада жұмыс істеу ережелері:

Практикалық жұмыс №5

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын қорытындылау тақырыбына эксперименттік есептер Қолданылған әдебиеттер

6:

85

114

1.:
Зертханада жұмыс істеу ережелері:
6:
1. ЗЕРТХАНАДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Жұмыстың орындалуын дұрыс жүргізу зертханалық жұмыстарды орындаудың негізі ережесі болып табылады. Сондықтан білім алушылар зертханалық жұмыстарды орындар алдында техникалық қауіпсіздік ережелерін білу керек және ол ережелерді қатаң сақтау қажет.

  • Жұмыс істейтін орынды таза және ұқыпты ұстау.
  • Кездейсоқ төгілген сұйықтықты тез сүлгімен сүртіп, үстелді сумен жуғаннан кейін, құрғақ сүлгімен сүрту қажет.
  • Жұмыс істейтін орында бөгде заттар жатпау қажет.
  • Үстелде жұмысқа қажетті ыдыстар, оқу құралы мен зертханалық жұмыстарға арналған арнайы дәптері жату қажет. Барлық жазбаларды бөлек қағаздарға жазбай, тек арнайы дәптерге жазу қажет.
  • Барлық ыдыстар, жабдықтар және реактивтер үстелге белгілі ретпен орналастырылады.
  • Заттарды пайдаланғаннан кейін, қайтадан өздеріне арналған орындарға қойылады.
  • Реактивтердің ластанбауын қадағалап отыру қажет.
  • Реактивтері бар шыны ыдыстардың тығындары

үстелге жоғарғы бетімен қойылады.

  • Шыны ыдыстарды ұзақ уақыт ашық қалдыруға болмайды.
  • Шыны ыдысты еш уақытта басқа ыдыстың тығынымен жаппау қажет.
  • Әрбір шыны ыдысты пайдаланғаннан кейін, өзінің тұрақты орнына қойылады.
  • Егер шыны ыдыстан құйылып алынған реактив толығымен жұмсалмаса, оны қайтадан сол ыдысқа құюға болмайды.
  • Пайдаланылған сүзгіш қағаздарды, тұнбаларды, сынған шыныларды, қағаз қиындыларын, шырпыларды және т. б. су құбырына лақтырмай, арнайы орындарға салу қажет.
  • Жаққышты тек шырпымен жағу керек. Газды жаққышты жаққанда, жалынның ішке еніп кетпеуін қадағалау керек. Егер олай болса, онда кранды тез жауып, тек 1-2 минуттан соң жаққышқа ауа келетін тесікті алдын-ала азайтып, жаққышты қайтадан жағады.
  • Электр энергияны, дистилденген суды үнемдеп жұмсау қажет.
  • Әрбір тәжірибені жасамас бұрын, оның оқулықтағы

мазмұнымен танысып, әрбір реактивтің неге қосылатынын және қандай реакция жүретінін нақты білу қажет.

  • Реактивті қолданбас бұрын, қажетті реактив алынғанын білу үшін, шыны ыдыстың сыртындағы атауын оқиды.
  • Тәжірибе үшін заттар мен реактивтердің минимальды мөлшерін алады, мысалы, жартылай микроәдісте 3-5 тамшыдан артық емес.
  • Әрбір тәжірибенің нәтижелерін арнайы зертханалық дәптерге жазады. Жазба қысқа және нақты болуы тиіс. Дәптерге мына нәтижелерді енгізу қажет: жұмыстың мақсаты, бастапқы заттың атауы, қолданылатын реактивтің атауы, реакция теңдеуі, оның сыртқы көрінерлік эффекті-тұнба, түсі, сипаты (кристалды немесе аморфты), ерітіндінің түсінің өзгерісі, бөлінетін газдардың түсі мен иісі т. б.
  • Егер тәжірибенің қорытындылары түсініксіз болса, оқытушыдан сұрап алу қажет.
  • Оқытушымен ақылдаспай, тәжірибенің жүргізілу барысын өзгертуге болмайды.
  • Тұнбаны тәжірибеден кейін қалдырмай, оны сол мезетте-ақ ерітіп, ыдысты жуады.
  • Егер талдау барысында

тұнбасы немесе ерітіндісі бар ыдысты аз мерзімге міндетті түрде қалдыру қажет болса, оларға айқын жазылған қағазын жапсырып қою қажет.

1. 1. Химиялық зертханадағы техникалық қауіпсіздік

Химиялық зертханадағы техникалық қауіпсіздік сақталмаса төмендегідей жағдайлар болуы мүмкін:

реактивтермен және газдармен улану, кейбір реактивтерден және ыстық заттардан күйік алу, шыны ыдыстармен және зертханалық жабдықтармен дұрыс жұмыс істемеген кезде қол жарақаттары.

Уланудан сақтандыру

Реактивтермен жұмыс істер алдында міндетті түрде олардың қасиеттерімен, денеге қалай әсер ететіндігімен танысулары тиіс, ал улы газдар бөлінетін тәжірибелерді желдеткіш шкафта жүргізу қажет. Кез-келген заттармен, (улы емес заттармен де) жұмыс істеп болған соң қолды мұқият жуу қажет. Зертханада тағамдарды сақтауға немесе жұмыс орнында тамақтануға тыйым салынады.

Газдың иісін арнайы ережемен анықтайды. Реактивтердің дәмін көруге рұқсат етілмейді.

Тәжірибе жүргізу уақытында химиялық реактивтердің неғұрлым аз мөлшерін пайдалануға керек,

себебі бұл олармен улану мүмкіндігін азайтады.

Күйіктен сақтандыру

Күйік термиялық және химиялық болуы мүмкін.

Қыздырғыш жабдықтармен дұрыс жұмыс істемегенде немесе қатты қызған заттарға байқаусыз тиіп кеткенде термиялық күйік алады. Осындай күйік алғанда дәкені жаңа дайындалған 5% калий перманганаты ерітіндісіне немесе 96% этил спиртіне малып, күйген жерге таңып қою қажет.

Алғашқы көмек көрсету үшін зертханалық дәрі-дәрмек қобдишасында келесі дәрі-дәрмектер болуы қажет: 3% иодтың спирттегі ерітіндісі, стерилденген мақта, жалпақ және жіңішке дәкелер, резеңке жгут, 2% бор қышқылы ерітіндісі, 1% сірке қышқылы ерітіндісі, 2% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі, 10% темір (ΙΙΙ) хлориді ерітіндісі, 5% калий перманганатының ерітіндісі, мүсәтір спирті, вазелин, валериан тамшылары, пластырь.

Қышқыл және сілтілердің концентрлі ерітінділері ауыр,

нашар жазылатын химиялық күйіктер туғызады. Кейбір ерітінділері де, мысалы, құрамында концентрлі күкірт қышқылы кіретін хром қоспасы да осындай қауіп туғызады. Еденге қышқыл төгілген жағдайда үстіне құм сеуіп, оны жинап алып, бөлмеден шығарып, ал

төгілген жерді сода ерітіндісімен өңдеу қажет. Концентрлі қышқыл ерітінділері қолға, бетке немесе киімге тиген кезде оны құбыр астындағы судың көп мөлшерімен 10-15 мин. ішінде шайып, содан соң 3% сода ерітіндісімен өңдеу қажет.

Қатты сілтілермен және олардың концентрлі ерітінділерімен де сақтықпен жұмыс істеу қажет. Сілтінің кесектерін немесе түйіндерін қолмен алуға болмайды, тек қана пинцетпен алу қажет. Калий немесе натрий гидроксидін суда еріткенде жылу бөлінетіндіктен ерітуді шыны ыдыста жүргізу қажет. Дайындалған концентрлі ерітіндіні біраз тұрғызып, суытады.

Сілті ерітіндісі денеге тиген уақытта зақымданған жерді 2% бор қышқылы немесе 1%-сірке қышқылы ерітіндісімен, содан кейін сумен жуу қажет. Қышқыл

немесе сілті ерітінділерінің көзге тиюі өте қауіпті. Бұл жағдайда кран суының көп мөлшерімен жуып, артынан дәрігерге қаралу қажет.

Шынымен жұмыс істеу

Химиялық шыны ыдыстармен, әсіресе шыны түтіктермен жұмыс істегенде

және жабдықтар жинау барысында қолды жарақаттап алу мүмкін. Бұл жағдайда жараны жақсылап (шыны үгінділерін алып), сумен жуып, 5%-иодтың спирт ерітіндісін жағып дәкемен таңу қажет.

Химиялық ыдыстар.

Құрал жабдықтар

1. Жалпы қолдануға арналған ыдыстар: сынауықтар, құйғыштар (қарапайым және бөлгіш), стакандар, тегіс табанды колбалар, кристаллизаторлар, конусты колбалар (Эрленмейер), Бунзен колбалары, салқындатқыштар (түзу, кері, шар тәрізді, Сокслет, Диморт), реторталар, дистилденген суға арналған колбалар.

2. Шыны ыдыстар: Кипп аппараты, Сокслет аппараты, Кьельдал колбасы, Клайзен колбасы, дефлегматорлар, Вульф ыдыстары, Тищенко

ыдыстары, ареометрлер, Дрексель ыдыстары, дөңес табанды колбалар, арнайы салқындатқыштар, қайнау және балқу температураларын анықтайтын құрылғылар, эксикаторлар, хлоркальцийлі түтікше.

3. Өлшеуіш ыдыстар: өлшеуіш цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар, микробюреткалар, өлшеуіш колбалар.

4. Фарфор ыдыстар: буландырғыш ыдыстар, фарфор келі мен түйгіш, табақшалар, фарфор үшбұрышы, Бюхнер воронкасы, фарфор қасық, қыздыруға арналған ыдыстар.

5 . Металдық құралдар: штатив қысқыштар (Гофман бұрандалары, Мор серіппелері), тигельді қысқыштар, пинцеттер, металдық тигельдер, металдық ыдыстар, ұстағыштар, металдық келі мен түйгіш.

Химиялық ыдыстар және басқа да құрал- жабдықтар.

Зертханадағы барлық жұмыстар сәйкес ыдыстарды немесе құрал - жабдықтарды қолдану арқылы іске асады. Қолданылатын ыдыс түрі, зертханада істелінетін жұмыстың сипатына байланысты.

Химиялық ыдыстарды шынының ерекше түрінен дайындайды, олар өздерінің химиялық беріктілігімен және термиялық төзімділігімен ерекшеленеді.

Кейде өте жоғары температураға төзімді және тез салқындатқанда сынып кетпейтін, кварцтан дайындалатын арнайы ыдыстарды қолданады.

Сонымен қатар зертханада фарфордан отқа төзімді және түссіз немесе жартылай түссіз пластикалық массадан жасалған ыдыстарды қолданады.

Шыны ыдыстар

Химиялық шыны ыдыстар негізгі үш топқа бөлінеді: жалпы қолданылуға арналған ыдыстар, әрбір химиялық зертханада болады және әртүрлі мақсаттар үшін қолданылады; арнайы қолданылуға арналған ыдыстар, белгілі бір мақсаттар үшін қолданылады; өлшеуіш ыдыстар, сұйықтардың, ерітінділердің және газдардың дәл көлемін есептеуге арналады.

Жалпы қолданылуға арналған ыдыстар

Сынауықтар 1-сурет. Жіңішке цилиндр формалы, түбі дөңестелген шыны ыдыс; олар әртүрлі өлшемді,

диаметрлі және әртүрлі шыныдан дайындалады. Сынауықтардың ең басты қолданылуы аналитикалық және микрохимиялық жұмыстар үшін. Сынауықтар

қарапайым және калибрленген түрлері болады, тәжірибелерді аз реактивпен жүргізген кезде, жалпы ғылыми және оқу зертханада пайдаланатын ыдыс. Осы түрлерінен басқа сынауықтардың градуирленген және центрифугалы түрі болады.

Реактив мөлшері сынауықтың ішінде жарты көлемінен аспауы тиіс. Сынауықтағы реактивті шыны таяқшамен немесе сынауықтың аузынан мықтап ұстап, төменгі жағынан сәл әлсіз түрткі жасау арқылы араластыруға болады. Сынауықтың аузын саусақпен

жауып, сілкіп араластыруға болмайды.

Сынауықты су моншасында немесе спирт шамда қыздырады. Алдымен оның үстіңгі бөлігін қыздыру қажет. Түбін қыздырған кезде сұйықтың кенеттен қайнап, шашырауы мүмкін. Сол себепті қыздыру барысында сынауықтың ауызын өзіңе немесе жаныңдағы адамға қаратып ұстамау қажет.

Сынауықтарды ағаш,

пластмасса немесе металл штативтерде сақтайды. Сынауықты жуған кезде арнайы жууға арналған құрал қолданылады.

provette-di-vetro-isolate-7596487 probirka-sdeleniem

1 сурет - Қарапайым және калибрленген сынауықтар

Химиялық құйғыштар 2 сурет - с ұйықтарды құюға, фильтрлеуге т. б. жұмыстар үшін қолданылады. Олар әртүрлі өлшемді болады. Сүзуге арналған құйғыштар 60° бұрышты болады. Жұмыс істегенде оларды арнайы штативке немесе қарапайым

зертханалық штативтің сақинасына орнатады. Сұйықтарды ыдыстарға құйған кезде құйғыштың шетіне дейін толтыруға болмайды.

Аналитикалық жұмыстар үшін арнайы аналитикалық құйғыштарды қолданған жөн.

Осындай құйғыштардың төменгі бөлігі ұзартылған болып келеді және түтікшесінің жоғарғы бөлігінің диаметрі төменгі бөлігінің диаметрінен

әлдеқайда кіші болып келеді. Бұндай құрылысты құйғыш сүзу үрдісін тездетеді.

download 9

2 сурет - Химиялық құйғыш

Тамшылатып құйғыш 3 сурет - реакциялық ортаға аз мөлшерден, сұйық реактивті тамшылатып құюға арналған. Бөлгіш құйғыштан айырмашылығы, олар жіңішке қабырғалы, жеңіл және көбіне төменгі бөлік түтікшелері ұзын болып келеді. Құйғышты колба аузына шлиф немесе резеңке тығын арқылы орналастырады. Тамшылатып құйғыштармен жұмыс істер алдында, шыны тутікшеде орналасқан шлифті вазелинмен немесе арнайы маймен жұқалап майлаған жөн.

1) 2)

3 сурет - Құйғыштар

1) тамшылатып құйғыш,

2) бөлгіш құйғыш

Бөлгіш құйғыш - әртүрлі араласпайтын сұйықтарды бөліп алуға арналған. Олар көбіне цилиндрлі немесе алмұрт тәрізді формалы болып келеді және шыны тығынмен бекітілген болып келеді.

Бөлгіш құйғыштардың сыйымдылығы әртүрлі болады және сыйымдылығына байланысты қабырғасының қалыңдығы да өзгереді. Олар тамшылатып құйғыштарға ұқсас болып келеді, дегенмен көбіне цилиндрлі тәрізді және қабырғасы қалыңырақ болып келеді.

Химиялық стақандар 4-сурет - әртүрлі көлемді, жұқа қабырғалы стақандар. Өлшемі әртүрлі, шүмекті және шүмексіз, қарапайым және градуировкасы бар болады. Басқа химиялық құрал- жабдықтар секілді химиялық стақандарды балқуы қиын және химиялық төзімді шынылардан да жасайды.

Қарапайым шыныдан жасалған химиялық стақандарды жалын үстіне немесе электр пешінде қыздыруға болмайды. Бұларды тек асбест торы арқылы немесе су моншасында қыздырады. Химиялық стақандардан басқа зертханада кейде қалың қабырғалы немесе термиялық төзімді стақандарды да қолданады.

Олар әртүрлі өлшемді, сыйымдылығы да әртүрлі болып келеді және қыздырып істелінетін жұмыстарға арналады.

4 сурет - Химиялық стақандар

Тегіс табанды колбалар 5 сурет - әртүрлі көлемді болады, 50 мл-ден бірнеше литрге дейін. Бұндай колбаларды қарапайым немесе арнайы шыны түрлерінен, сонымен қатар кварцтан да дайындайды.

Оларды әртүрлі мақсатта көптеген жұмыстар үшін, дистилденген суды, ерітінділерді сақтау үшін де қолданады. Оларды тек асбест торы арқылы немесе су моншасында қыздырады.

5 сурет - Тегіс табанды колбалар

Конусты колбалар Эрленмейер 6, 1 сурет - көптеген жұмыстар үшін қолданылады, әсіресе аналитикалық жұмыстар, соның ішінде титрлеу үшін өте қолайлы. Олардың көлемі

шүмекті және шүмексіз болуы мүмкін. Қарапайым шыныдан жасалған конусты колбаны асбест торында немесе кез келген моншада қыздырады.

1) images 2)

6 сурет - 1) Конусты

Fig. 6. 1) Conical flasks,

колбалар,

2) Вакуум астында сүзуге арналған колба

Соруға арналған Бунзен колбалар 6, 2 сурет - сүзу әдісінің вакуум-сорғыш арқылы жүргізген кезде қолданады. Оның вакуум-сорғышпен байланысатын арнайы түтікшесі болады. Бұндай колбалардың сыйымдылығы мен пішіні әртүрлі болады. Зертханада өзінің тұрақтылығы мен ыңғайлылығына байланысты көбіне конус пішіндісін қолданады.

Бунзен колбасын атмосфералық қысым түсуіне байланысты, қалың шыныдан жасайды. Бунзен колбасымен жұмыс істер алдында колбаны мұқияттап тексеру керек.

Реторталар 7 сурет - әртүрлі препарат алу жұмыстарына пайдаланатын қалың қабырғалы ыдыс. Әртүрлі көлемді және әртүрлі пішінді, арнайы тубуспен және тубуссыз болады. Реторталардың басты қолданылуы жоғарғы температурадағы және қалыпты қысымдағы айдаумен байланысты.

Реторталардың сыйымдылығы 2-3 литрге

дейін болады. 2-3 литрден жоғары сыйымдылықты реторталарды тек арнайы тапсырыс бойынша дайындайды.

Тубусы бар ретортамен жұмыс істеу барысында, келесіні есте сақтаған жөн: қыздырып болған соң, ретортаның тығынын бірден алып тастау керек, өйткені салқындағаннан кейін оны алу қиынға түседі.

скачанные файлы

7 сурет. Реторталар

Кристаллизатор 8 сурет - қаныққан зат ерітінділерінен кристалдарды алуға пайдаланады. Олар жұқа және қалың қабырғалы,

әртүрлі диаметрлі және көлемді бола алады. Кейде кристаллизаторды буландыру үшін де қолданады, бұндай жағдайда тек су моншасын қолданады.

chasha_kristallizatsionnaya2

8 сурет. - Кристаллизатор

Салқындатқыштар - зат суытатын немесе зат қайнағанда пайда болатын булардың конденсациясын өткізетін құрылғы. Оларды заттарды айдау және экстракцияландыру т. б. процестерге қолданады. Конденсатты (салқындатылған бу) жинауға арналған салқындатқыш тіке болып саналады, ал конденсаттың салқындатқышқа оралу процесі кері салқындатқыштар қызметіне тән. Құралға және жұмыс типіне байланысты салқындатқыштардың түрлері болады. Негізінен, салқындатқыштың әрбір түрі екі бөліктен тұрады: салқындатқыш түтікшеден - форштос және сыртқы бөлігінен (муфта) тұрады. Салқындатқыштың негізгі екі

түрін ашып көрсетеді: тіке және кері.

Т і к е Л и б и х с а л қ ы н д а т қ ы ш т а р 9 сурет - айдау кезінде қолданады. Булар салқындатқыш түтікшеде салқындай отырып, қайта сұйыққа айналады да муфтаға құйылады.

К е р і с а л қ ы н д а т қ ы ш т а р 10, 11, 12-суреттер.

Зертханада көбіне Сокслеттің шар тәрізді кері салқындатқышын қолданады. Диморт салқындатқышын тура және кері ретінде де қолдануға болады.

kholodilnik_s_pryamoy_trubkoy 9) 9ydfu 10) 11) 12)

9 сурет - тіке,

10 сурет- кері,

11 сурет - Сокслет,

12 сурет - Диморт салқындатқыштар

Арнайы қолдануға арналған ыдыстар.

Дөңес табанды колбалар 13 сурет - органикалық және бейорганикалық синтездерде, сонымен қатар кейбір зерттеу жұмыстарында қолданады.

Тегіс табанды колбаларға байланысты айтылғандар дөңес табанды колбаларға да байланысты. Бұндай колбалар әртүрлі көлемді бір, екі, үш және төрт мойынды болып келеді. Бірнеше мойынды колбалардың әрқайсысының өзінің қызметі болады. Мысалы, бір мойнына термометр, екіншісіне бөлгіш құйғыш орналастырады, ал үшіншісіне салқындатқышпен байланыстырады. Дөңес табанды колбаларды жазық жерге орнату үшін ағаштан, резеңкеден және басқа да материалдан жасалған қойғышты қолданады. Олар әдетте биік жандары бар сақина тәрізді немесе ойыңқы келген қысқа цилиндр түрде болады. Сақинаның немесе ойықтың өлшемі колба өлшеміне сәйкес келуі тиіс. Қыздыру үшін асбест торын қолданады.

скачанные файлы (6) скачанные файлы (4) скачанные файлы (2) скачанные файлы (5)

13 сурет - Дөңес табанды колбалар

Къельдал колбасы. Пішіні алмұрт тәрізді және

мойыны ұзын болып келеді. Бұндай колбаларды Кьелдал бойынша азотты анықтауға қолданады, олардың сыйымдылығы әдетте 300-ден 800 мл-ге дейін болады. Кьелдал колбалары балқуы қиын және термотөзімді шыныдан дайындалады.

Дистиллдеуге арналған колбалар . Сұйықтарды айдау үшін арнайы колбаларды қолданады, мысалы Вюрц, Клайзен, Арбузов және т. б. колбалары.

Кең тараған түрі Вюрц колбасы 14, 1 сурет. Сыйымдылығы 50 мл-ден 1-2 л-ге дейін. Ұзын мойнынан, жіңішке және ұзын түтігі жалғасқан, дөңес табанды колба.

Клайзен колбасы 14, 2 сурет Вюрц колбасынан айырмашылығы мойыны екі түтікшемен жалғасып, оның екіншісі сәл бүгілген түтікшесі тағы бар. Төменгі қысымдағы сұйықтарды айдау үшін қолданады.

Арбузов колбасы 14, 3 сурет Клайзен колбасының жетілген түрі.

Арбузов колбасының сыйымдылығы әдетте 20-дан 1000 мл-ге дейін болады.

1) 2) 3)

14 сурет - Вакуум айдауға арналған колбалар:

1 - Вюрц,

2 - Клайзен,

3 - Арбузов

Эксикаторлар 15 сурет - қалың қабырғалы шыныдан жасалған құрылғы. Эксикатор арнайы шыны қақпағымен жабылған.

Эксикаторларды баяу кептіру үшін және ылғалды жеңіл сіңіретін заттарды сақтау үшін арналады. Олардың төменгі бөлігін арнайы ылғал сіңіргіш заттармен толықтырады, мысалы, хлорлы кальциймен, алюминийдің сусыз тотығымен және т. б.

Эксикаторлардың негізгі екі түрін көрсетеді: қарапайым және вакуум-эксикатор. Вакуум-эксикаторлар арнайы шүмекпен байланысқан, шүмек ыдыстың жанында немесе қақпағында болады. Осы шүмек арқылы оны вакуум сорғышпен байланыстырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Молекуланың кеңістіктегі құрылысы
Пәнаралық байланыста оқушы тұлғасын дамыту мәселелері
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Қазіргі заманғы химия оқулықтарына қойылатын талаптар
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану әдістемесі
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Заттардың молекулалық құрылысы
Атом-молекулалық ілім. Стехиометриялық заңдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz