Құқықтық журналистиканың функциялары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Байтас Б.

Тергеу аяқталмай тұрып жазылған журналистік материалдардың қоғамға тигізер оң және теріс ықпалы (2012 ж. Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиға негізінде)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы 5B050400 - Журналистика

Алматы, 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
_____ ___________
Кафедра меңгерушісі, с.ғ.д., профессор_____________Cұлтанбаева Г.С.

Байтас Б.

Тергеу аяқталмай тұрып жазылған журналистік материалдардың қоғамға тигізер оң және теріс ықпалы (2012 ж. Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиға негізінде)

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Мамандығы 5B050400 - Журналистика

Орындаған: ______________ Б. Байтас
Ғылыми жетекші: _______________ С. Жұмабекұлы
Норма бақылаушы: ________________ Т.Жәнібек

Алматы, 2021
РЕФЕРАТ

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Тергеу аяқталмай тұрып жазылған журналистік материалдардың қоғамға тигізер оң және теріс ықпалы (2012 ж. Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиға негізінде)

Зерттеу жұмысының бет саны: 65 бет.

Зерттеу жұмысында қолданылған суреттер саны: 10 сурет.

Зерттеу жұмысында қолданылған кестелер саны: 4 кесте.

Зерттеу жұмысында қолданылған диаграммалар саны: 3 диаграмма.

Зерттеу жұмысының мақсаты

Қазақстандағы криминалистік журналистиканың жағдайын, журналистік міндеттерді нақтылап, 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиғаны талдай отырып, кейбір кемшіліктерді ашып көрсету. Қылмыстық іс орын алған жағдайда нақты ақпарат бере отырып, манипуляциялық әрекеттерге жол бермеу қажеттіліктерін, қоғамдық резонанстың кері бағытта орын алуынан сақтану жолдарын көрсету.
Қылмыстық әрекеттер қарсаңындағы ақпарат тарату мәселелері - Қазақстанда нақты шешімін таппаған, кей жағдайда ірі әлеуметтік мәселелердің тұтануына себепкер болатын дүние. Дипломдық жұмыс барысында осындай әрекеттерді тізбектеп көрсетіп, шетелдік тәжірибелерді қолданысқа енгізу, халықаралық журналистика этикасына бағыну шарттарын жөнінде ізденеміз.

Зерттеу жұмысының өзектілігі

Елімізде қылмыстық істерге, ұлтаралық қақтығыстарға, ұсақ бұзақылықтарға, тағы да басқа құқық бұзушылық әрекеттерге қатысты журналистиканың қатынасы төменгі деңгейде. Бұл тұжырымды диплом жұмысы барысындағы сәйкес бөлімдерде нақты айғақтармен дәлелдеп шықпақпыз.
Салалық журналистиканы (біздің жағдайымызда криминалистік журналистиканы) дамыту арқылы қоғамда шындыққа негізделмеген, ақпарат тарату ісінің халықаралық қағидаларына қайшы келетін әрекеттердің алдын-алу жұмысын ілгерілету қажет.

Зерттеу жұмысының нысаны

Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі нысаны - 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетінде орын алған (басты кейіпкер - Владислав Челах) қайғылы оқиға негізінде тергеу жұмыстары аяқталмай тұрып, сот үкімі шықпай тұрып жарияланған ақпараттардың қоғамға тигізетін кері әсерін анықтау. Дау-дамай туғызатын және қоғамдағы теріс көңіл-күйді қалыптастыратын ақпараттық өнімдердің өңін айналдырып, бейтарап түрде жариялау бағыттарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері

- сот үкімі шықпай, тергеу аяқталмай тұрып жарияланған ақпарат өнімдерінің пайдалы және зиянды тұстарын анықтау;
- сот үкімі шықпай, тергеу аяқталмай тұрып жарияланған ақпарат өнімдерінің кемшіліктерін нақтылау;
- салалық журналистиканың даму деңгейінің төмендігінен қазақ журналистикасына тиетін залалды анықтау;
- қылмыстық істерді тергеу барысы мен журналистиканың өзара қатынас деңгейін көрсету.

Зерттеу жұмысының әдістері

- Арқанкерген шекара бекетіндегі қайғылы оқиғаны мысалға ала отырып, зерттеу нысанын түрлі әдістер арқылы тереңнен тану;
- журналистік этика мен халықаралық журналистика талаптарын, оқиғаның орын алу себебін анықтау;
- еліміздегі осы оқиғаға ұқсас жағдайларды қарастырып, өзара салыстыру;
- қылмыстық іс жасауға итермелеген кейбір факторларды анықтау.

ГЛОССАРИЙ

ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚР ӘМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті;
ҚР ҚК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі;
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары;
ҚР ӘК - Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексі;

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7

І. САЛАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАЗМҰНДЫҚ СИПАТЫ

1.1. Құқықтық журналистиканың зерттеу нысандары мен құқық қорғау органдарының құрылымдары арасындағы байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.2. Алдын ала тергеу, адвокаттық қызмет, прокурорлық қадағалау және сот істерінің арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтар ... ... ... ... ... ... .. 20

ІІ. ҚЫЛМЫСТЫҢ АШЫЛУЫ МЕН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУҒА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТАҒЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ БАСПАСӨЗДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ

2.1. Арқанкерген оқиғасының алдын ала тергеу кезінде БАҚ құралдарында жарық көру себептері: заңдылықтар мен заңсыздықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 0
2.2. Арқанкерген оқиғасының апелляциялық, кассациялық сот шешімдерінен кейін де көпшіліктің көңілінде күдік қалдыру себептері: дәлелдер мен дәйектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Ел арасында Челах қылмыскер ме, жоқ па? деген сұрақ әлі күнге дейін шешімін таппай тұр. Бір топ кісі оның әрекетін әшкерелер, түрлі деректермен оның қылмыскер екенін растауға тырысса, енді бір лек бұл мәселенің көлеңкелі тұстары бар екенін, жас жігіттің мұндай ауыр қылмысқа мәжбүрлі түрде баруы мүмкін екенін айтып даурығысады.
Біз 2012 жылдың 30 мамыры күні орын алған Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиғаны тергеуге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат өнімдерінің қоғамға қаншалықты кері әсер ететіні жайында жазғалы отырған дипломдық жұмысымыздың негізгі нысаны ретінде таңдадық.
2012 жылдың 30 мамырында Алматы облысының территориясында орналасқан Қытай мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара бойындағы Арқанкерген шекара бекеті түгел өртеніп кетті. Оқиға орынында 14 шекара қызметкері мен орманшы жанып кеткен. Барлығы 15 адамның сүйегінің қалдықтар ғана қалған.
Осы шекара бекетінде борышын өтеп жүрген 19 жастағы шекара қызметкері Владислав Челахты сот қылмыскер деп танып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, Сарыбөктер шекара бекетінің бастығы Алексей Фомин өкілеттілігін асыра пайдаланып, заңға қайшы әрекеттерге уақытылы шара қабылдамағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаматтық белсенділер мен тәуелсіз адвокаттар аталмыш іс төңірегінде түрлі мәселелерді көтеріп, сот өздерінің талабын назарға алмағаны туралы дау шығарды. Сондай-ақ, журналистердің көпшілігі түрлі бағытта, түрлі астарда ақпарат таратып, қоғамда қызу талқылау басталған-ды.
Сот материалдары бойынша қылмыстық іс 2012 жылдың 28 мамыры күні орын алған. Дегенмен, ұл туралы алғашқы ақпарат 30 мамыр күні тарай бастайды. Өрт орын алған күні Үшарал аймақтық басқару тобына қарасты Шығыс шекара бекетінің қарамағындағы Арқанкерген шекара бекетінен 12 адам мен бір орманшының денесі табылса, 1 маусым күні тағы да екі шекара қызметкерінің сүйек қалдықтары табылған. 5 мамыр күні тірі қалған 19 жастағы шекара қызметкері Владислав Челах өз қаруластарына қасақана қастандық ұйымдастырды деген күдікке ілініп, сотқа дейінгі тергеу изоляторына жеткізілген. 7 маусым күні күдікті Челахтың өз кінәсін мойындағаны туралы дерек жария болды. Челахтың туысқандары мен ата-анасы бұл әрекеттің мәжбүрлі түрде істеліп отырғанын, балаларының қылмыскер екенін сенбейтінін мәлімдеген.
2012 жылдың 1 қазанында Владислав Челах тарыпына екі және одан да көп адамдарды өлтірді, әскери мүлікке зақым келтірді, қару ұрлады, орманшы мен басшының жеке заттарын ұрлады, бөтен тұрғын үйге заңсыз кірді деген айыптар тағылды.
2012 жылдың 11 желтоқсанында судья Ербол Ахметжанов күдікті Владислав Челахтың 15 адамның өліміне жауапты екені туралы шешім шығарып, оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Сонымен қатар, қылмыскер деп танылған азаматты ерекше режимдегі колонияда жазасын өтейді деген шешім қабылданды.
Сот процесінде Челах әскери мүлікті жою және қаруды тәркілеу бойынша кінәсін мойындады. Челахтың жақтастары оның кінәсіздігін талап етіп, мезгіл-мезгіл оны қолдайтын акциялар ұйымдастырады. Челахтың қолдау тобы әлеуметтік желіде белсенді жұмыс істейді, Қазақстан Президентінің атына жазылған петиция бойынша қол жинайды. Бүгінгі таңда Челахты қолдаушылар тобында 20 мыңнан астам адам бар. Челахтың жақтастары жас сарбаз 10-нан астам қарулы әріптестерін оңай өлтіре алмайды, іздерін жасыру үшін әскери ғимаратты жалғыз өзі өртей алмайды деген пікірде.
Тергеу барысында және сот отырысында айыпталушы шекара бекетінде өз қаруластарын өлтіруге шектен тыс қорлау мен жасы және қызметі үлкендер тарапынан істелген әлімжеттік әрекеттер себеп болғанын айтқаны көпшіліктің есінде екені анық.
Арқанкерген шекара бекетіндегі қайғылы оқиғаға байланысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі - қайтыс болғандардың нақты саны туралы мәселе. Владислав Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов өзінің қорғаушысының кінәсіз екеніне сенімді бола отырып, оқиға орынында қаза тапқандар саны он бес адамнан көп екенін мәлімдейді.
Forbes Kazakhstan журналына берген сұхбатында Серік Сәрсенов былай деп пікір білдірген: Сот пен тергеу нәтижесінде шекара бекетінде он бес мәйіт болған деп айтады... Мен Арқанкерген шекара бекетінде орын алған оқиға салдарынан 19 адамның көз жұмғанын мәлімдеймін. [1]
Адвокаттың айтуынша, офицерлер үйінің ішінде екі темір кереуеттің астынан адам сүйектері табылған. Тек бір төсек астындағы сүйектер сараптамаға жіберілді. Екінші кереуеттің астындағы сүйектер жіберілмеді, Сәрсенов оларды шартты түрде он алтыншы мәйіт деп санайды. Сонымен қатар, үйдің, асхананың және азық-түлік қоймасының кіреберісінде көптеген қалдықтар табылған. Адвокат сот кезінде Челахтың офицерлер үйінде белгісіз біреудің мәйітін көргенін айтқан сөзіне сілтеме жасайды.
Қазақстан әскери прокуратурасы 11 сарбаздың мәйіті анықталғанын хабарлады. Өзге шекара қызметкерлері - Денис Рей, Мейірхан Именов және Рүстем Ақылбаевтың денелерін қалдықтар арқылы анықтау мүмкін болмапты-мыс.
Аталмыш мәйіттерді анықтау мақсатында Берлин Чарит институтында молекулалық-генетикалық сараптама жасалды. Сараптаманың нәтижесі бойынша Рүстем Ақылбаевтың денесі анықталды. Басқа органдар үшін неміс ғалымдары жеке сәйкестендіруге жарамды ДНҚ жасушаларын анықтай алмайтындықтарын алға тартыпты.
Денис Рей мен Мейірхан Именовтің ата-аналары бүгінгі күнге дейін белгісіз мәйіттердің сүйектерін жерлеуден бас тартады. Сараптаманың алғашқы нәтижелері белгілі болған кезде Мейірхан Именовтің әкесі Сағындық Именов Азаттық радиосына сұхбат беріп, төмендегідей пікір білдірген:
Бұл қалдықтарды қалай аламыз? Бұл сүйектердің кім екенін және кімге тиесілі екенін кім біледі? Мен ұлымның тірі екеніне сенімдімін, мен оны табуды талап етемін. Біз өзіміз де іздей бастаймыз. [2]
Денис Рейдің анасы да сұхбаттарында осы сарындағы әңгімелерді айтып, жауапты органдардан баласын табуды талап еткен. Дегенмен, Арқанкерген оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық іс Владислав Челах пен Алексей Фоминді жазалаумен шектелді. Мұндай мазмұндағы әңгіме - әлі күнге дейін ел арасында желдей есіп тұрған әңгімелер қатарынан.
Арқанкерген шекара бекетіндегі оқиға кейіпкерлерінің жақындары, Владислав Челахтың түрмедегі өмірі, денесі анықталмаған әскери қызметкерлердің туыстарының жай-күйі - қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жиі-жиі қалам тартатын, таспаға басатын тақырыптарының бірі.
Қылмыстық іс орын алғаннан кейінгі екі тәулік уақыт бойы ресми ақпараттың жарияланбауы, Владислав Челахтың адвокатының қаза тапқандары санын төрт адамға артық етіп көрсетуі, сараптама қорытындысында екі шекара қызметкерінің денесінің анықталмауы, қоғам белсенділерінің көтеріп жүрген мәселелері - елді алаңдататын, заң үстемдігін орнатуды көздейдін азаматтарды ойландыратын жайттар.
Қазақ журналистикасындағы барлық салалардың (телевизия, радио, мерзімді және жалғасымды басылымдар, интернет басылымдар) өкілдері аталмыш мәселе бойынша түрлі журналистік зерттеулер жасады. Дегенмен, осы орайда көпшілік назарына түсе бермейтін өте нәзік мәселелердің бар екені анық.

Біз осы дипломдық жұмысымызды екі тарауға жоспарладық. Алғашқы тарауда 2012 жылдың 30 (28) мамырында Арқанкерген шекара бекетінде орын алған қылмыстық іс туралы тарқатып, шетелдік басылымдардың ақпараттарын сараптап, оқиғаның шығу себебі, орын алу себебі сияқты түрлі факторларды қамти отырып, тұтас оқиғаны саралап шықпақпыз.
Екінші тарауда Арқанкерген шекара бекетіндегі қылмыстық іс қарсаңында Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының әрекетіне шолу жасамақпыз. Журналистердің моральдық құқық, этикалық талаптарды сақтауы, бейтараптық саясат ұстануы сияқты мәселелер қарастырылады деп жоспарланды.

1.1. Құқықтық журналистиканың зерттеу нысандары мен құқық қорғау органдарының құрылымдары арасындағы байланыстар

Құқықтық журналистика - бұл қоғамдағы құқықтық, заң жөніндегі мәселелерді қарастыратын журналистиканың бөлімі. Құқықтық журналистика ешқандай күштік құрылымдардың немесе заң органдарының құралы болып есептелмейді. Керісінше, журналистика қоғамдағы құқықтық мәселелерді көтере отырып, көпшілікке ақпарат таратады.
Журналистердің шығармашылық жұмыстарда құқықтық білімдерін, тұжырымдамалары мен тәсілдерін қолдануы (құқық және қылмыс тақырыбына арналған жарияланымдар мен бағдарламаларда) заңды құбылыс. Бірақ бұл тұжырымдардың заңдық негізде ешқандай салмағы жоқ. Құқықтық журналистика - медициналық, ғылыми, әскери журналистика сияқты салалық журналистиканың бөлігі.
Құқықтық журналистиканың функциялары
Құқықтық журналистиканың функцияларын анықтау үшін оның әлеуметтік сипаттамаларын және қоғамның құқықтық өмірін қамтитын журналистердің мақсатты қатынастарын қарастырайық.
Біріншіден, бұл заңды фактілер туралы мәліметтер (оқиғалар, әрекеттер, құбылыстар, істер) мен құқықтық мәселелердің қоғамда таралуының басты көрінісі.
Екіншіден, заңды фактілерді түсіндіру және талдау, құқық қорғау басқа да органдардың қызметіне түсініктеме беру.
Үшіншіден, бұқаралық аудиториямен кері байланысты қамтамасыз ету (заңгерлердің оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптары).
Төртіншіден, заң тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен нақты жобалар.
Құқықтық журналистикада әр түрлі, бір-бірінен мүлдем өзгеше бағыттар бар:
- құқықтық (адвокаттарға арналған көптеген мамандандырылған басылымдар, ғылыми және кәсіби);
- қылмыстық (бұқаралық ақпарат құралдарындағы қылмыстар туралы жедел хабарламалар, қылмыстық әділет органдарының қызметін талдау және т.б.);
- соттық (сот туралы және сот істері туралы, оның ішінде азаматтық іс жүргізу туралы басылымдар мен хабарлар);
- консультациялық (адвокаттардың тыңдаушылар, теледидар оқырмандарының сұрақтарына адвокаттардың жауаптары жарияланған өзекті құқықтық мәселелер бойынша хабар таратады).
Авторлардың мақсаттары басылымдардың, айдарлар мен бағдарламалардың бағытына сәйкес келеді. Мысалы, мамандандырылған заң журналдары заңгерлердің әлеуметтік тобының теориялық, кәсіби құқықтық санасын қалыптастыруға, тәжірибе алмасуға, заңнамадағы өзгерістер туралы білуге ​​бағытталған. Құқықтық журналистиканың қылмыстық бағыты аудиторияны қоршаған шындық туралы максималды ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарына тән. Бұл бағыт қылмыстық фактілер туралы есеп беріп қана қоймай, оларды талдайтын, биліктің заң шығарушы және сот тармақтарының қызметін бағалайтын және оларға түсініктеме беретін сапалы басылымдарда да бар [1].
Сонымен, заң журналистикасы қоғамның құқықтық өмірінде болып жатқан процестерге қатысады, бұл әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеттесу әлемі сияқты құқықтың өмір сүру формасын білдіреді. Біздің ойымызша, құқықтық процестер қоғамның рухани саласына қатысты екені анық. Демек, құқықтық журналистика қоғамның рухани өмірінде болып жатқан процестерге қатысады және барлық идеологиялық институттарға тән танымдық, тәрбиелік, тәрбиелік және ұйымдастырушылық функцияларды орындайды.
Қоғамдағы позитивті құқықтық ахуалдың қалыптасуы құқықтық ақпараттар жүйесімен, адамдарды ағарту, оқыту және тәрбиелеу жүйесімен тығыз байланысты. Белгіленген құқықтық тақырыптағы ақпарат нәтижесінде барлық ақпарат құралдары оны қарапайым әрі түсінікті мәтінде көпшілікке таратады.
Бұқара халық заң процестерін жетік меңгермеген болуы мүмкін. Міне, осы тұста ақпарат құралдары құқықтық мәселелерді негізга ала отырып, көпшілікті дұрыс әрекеттерге үндейді. Демек, құқықтық журналистика жанама функция ретінде қоғамды тәрбиелеу міндетін де атқарды. Тәрбиелеу дегеніміз:
- білім мен мәдениетті тарату және насихаттау;
- құқықтық салада - құқықтық мәдениет, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Кеңес заманында құқықтық білімді насихаттау функциясы әділет органдарына, прокуратураға және тіпті соттарға жүктелген. Қазіргі уақытта бұл функцияны құқықтық институттар іс жүзінде жүзеге асырмайды, және бірде-бір құқықтық құрылым, шын мәнінде, адамның және қоғамның құқықтық идеялары жүйесіне мақсатты түрде ықпал етіп, құқықтық құндылықтар мен идеалдарды насихаттаумен айналыспайды.
Бұқаралық ақпарат құралдары бүгінде құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықтық мәселелерге дұрыс көзқарас қалыптастыру сияқты идеологиялы міндеттерді атқарып келеді.
Әрі қарай біз құқықтық құрылымдар мен құқықтық журналистиканың басты басылымдары туралы сараптап, түйген дүниемізді қағаз бетіне түсіреміз.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі бүгінгі күні даму сатысында келе жатқаны белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан әртүрлі факторларды ескере отырып, өзінің құқықтық жүйесін белсенді түрде қалыптастыруда [2].
Жалпы, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі роман-германдық құқықтық жүйеге жатады деп атап өтуге болады. Құқықтың негізгі қайнар көзі - нормативтік құқықтық акт. Сонымен, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң дегеніміз - Конституцияның нормалары, оған сәйкес заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарт және республиканың басқа да міндеттемелері. Конституциялық Кеңестің және Республика Жоғарғы Сотының нормативтік шешімдері бұл ретте маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында қолданыстағы заң термині Конституцияның нормалары тек декларация емес, тікелей қолданылатындығын атап көрсету үшін қолданылады. Сондай-ақ, осы нормаға сәйкес тек Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келетін осындай нормативтік құқықтық актілер жарамды деп танылады.
Қазақстанның ұлттық заңы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қабылдаған ережелерден ғана емес, сонымен қатар республиканың халықаралық шарттарынан және басқа да міндеттемелерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес заң шығарудың субъектілері болып халық, Президент, Парламент, Үкімет және орталық атқарушы органдар табылады. Сонымен бірге 4-баптың 1-тармағында қолданыстағы заңға Конституцияға сәйкес қабылданған Конституциялық Кеңес пен Республика Жоғарғы Сотының нормативтік құқықтық шешімдері кіретіндігі көрсетілген. Бұл органдардың нормативтік актілері қолданыстағы заңның элементтері болып есептелмейді.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі біртекті әлеуметтік қатынастарды реттейтін абстрактілі әмбебап мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде құқықты түсінікке негізделген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің айрықша ерекшелігі - адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын конституциялық тұрғыдан тану және бекіту, заң шеңберінде қорғау болып табылады.
Құқықтың негізгі қайнар көзі - жоғары өкілетті орган Қазақстан Республикасының Парламенті немесе референдум арқылы қабылдаған заң.
Сонымен, референдум арқылы 1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. 1998 жылғы 8 қазанда Конституцияға он тоғыз өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы. Ол сонымен бірге барлық басқа (конституциялық және әдеттегі) заңдар мен ережелер үшін заңды негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы барлық заңдар мен заңға тәуелді актілердің конституцияға сәйкестігін бақылауды Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде кодекстер - салалық сипаттағы кодификацияланған нормативтік құқықтық актілер маңызды рөл атқарады. Олар әдеттегі құқықтың заңды күшіне ие болғанымен, олар мәні бойынша тиісті құқық саласында орталық және басым болып есептелетіні белгілі.
Әр түрлі атқарушы билік органдары қабылдаған заңға тәуелді актілер мен ережелер (қаулылар, циркулярлар, нұсқаулықтар, ережелер және т.б.) маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы заңдар мен заңға тәуелді актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалайды [3].
Қазақстан Республикасындағы құқық қайнар көздері азаматтық заңнамада қолданылатын жүйесінде әдет-ғұрып, негізінен, көмекші рөл атқарады. Сонымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (жалпы бөлігі) іскери әдет-ғұрыптар азаматтық заңнаманың қайнар көзі бола алады деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасында сот құқықты жасаушы емес, оның жаңа құқық нормаларын жасауға құқығы жоқ. Бірақ ол қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруде үлкен еркіндікке ие.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 78-тармағында соттардың адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқығы жоқ деп көрсетілген.
Егер сот қолданылуы тиіс заңның немесе басқа нормативтік құқықтық актінің адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын бұзады деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруы және Конституциялық Кеңеске осы іс бойынша нақты әрекет етудің жолдарын көрсетуді сұрап жүгінуі тиіс.
Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың нормативтік шешімдері нормативтік құқықтық сипатта болады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің маңызды белгілерінің бірі - Конституцияның үстемдігі қағидаты. Бұл принциптің әртүрлі аспектілері бар.
Мемлекет және құқық теориясында құқықтық мемлекет және конституциялық мемлекет ұғымдарының сәйкес келуі туралы пікір айтылады, өйткені жоғары заңдық идеялар мен принциптер Конституцияда көрсетілген. Демек, Конституцияның үстемдігі дегеніміз - мемлекеттің Конституцияға бағынуы туралы идеяны, сонымен бірге Конституция негізінде барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметі болатындығын білдіреді.
Сонымен, Конституцияның үстемдігі қағидаты бойынша Қазақстандағы аумақтық тұтастық, ұйымның унитарлық нысаны және президенттік басқару нысаны негізделеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарғы заңды күші конституциялық заңдармен қатар, қарапайым заңдардың да, басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келмеуі, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар және олардың бірлестіктері Конституцияға сәйкес келуі керек.
Нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, Конституцияға қайшы келетін ережелердің күші жойылды деп танылып, күші жойылатындығы туралы ереже ерекше назар аудартады.
Конституцияның ең жоғарғы заңды күшін көрсететін маңызды сипаттамаларының бірі ретінде Конституцияның тікелей әрекет ету қасиетін атап өту керек.
Бұл ереже мемлекеттік органдар Конституция нормаларын өздері реттейтін қоғамдық қатынастарға тікелей қолдануы керек дегенді білдіреді.
Конституцияның тікелей әсері оның әрекет ету құқығынан да көрінеді, өйткені Конституция нақты заңдардың қолданылуын тікелей көрсетеді. Ол сонымен қатар мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ереже шығарушы өкілеттіктерін анықтайды.
Конституцияның нормалары тікелей немесе тікелей реттеуге жататын қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар болмаған жағдайларда қолданылады:
- егер қоғамдық қатынастарды реттеу үшін арнайы ережелер қабылдау қажеттілігі болмаса;
- егер қолданыстағы нормалар Конституция нормаларына қайшы келсе.
Сонымен қатар, құқықтық нормаларға мемлекет деңгейінде ратифкацияланған халықаралық шарттар да жататынын атап өтуіміз керек. Ратификация деген қандай ұғым? Осы мәселе төңірегінде бірқатар түсінік беріп өткен абзал.
Ратификация - бұл Қазақстан Республикасының Парламентімен келісу арқылы республиканың халықаралық шартпен байланысты болуға келісімін білдіру тәсілі.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Парламенттің ратификациялануына жатады [4]:
1) іске асыру үшін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізу немесе жаңа заңдар қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелер белгілеу талап етілетін;
2) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық делимитациясы туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту туралы келісімдер, сондай-ақ эксклюзивті экономикалық аймақ пен Қазақстан Республикасының континенттік территорриясын делимитациялау туралы;
3) ядролық қарусыздану немесе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі мемлекетаралық қатынастардың, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы бейбітшілік келісімдері мен шарттардың негіздері туралы;
4) егер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және басқа қауымдастықтарға қатысуы туралы, егер мұндай келісімдерде оларға Қазақстан Республикасының егемендік құқықтарының бір бөлігін жүзеге асыруды беру көзделсе немесе заңды міндеттемелер белгіленсе, олардың органдарының шешімдері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмесе;
5) мемлекеттік қарыздар және Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмектері туралы.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары ратификациялануға жатады, оларды жасасқан кезде уағдаласушы мемлекеттер оларды келесі кезекте ратификациялау туралы уағдаласады.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерді қабылдауы да ратификациялауға жатады. Өйткені, егемене мемлекет ретінде еліміз шартта көрсетілген құқықтарды иеленіп, ортақ талаптарға келісетінін растау арқылы қарым-қатынас жасау мүмкіндігін туғызады.
Сондықтан, ратификациялаудың алдында халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі талқыланып, сараптама жасалады. Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламенттің, Премьер-Министрдің, депутаттардың жалпы санының кемінде бестен бірінің талабы бойынша Конституциялық Кеңес ратификациядан бұрын Парламент халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының Конституцияға сәйкестігін қарайды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылған халықаралық шарттар ратификацияланбайды және күшіне ене алмайды.
Парламент ратификациялаған заңдар Қазақстан Республикасының заңдарына қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. Егер біз заңдарды қарапайым және конституциялық деп қарастырсақ, ратификацияланған заңдар қарапайым заңдарға қарағанда белгілі бір деңгейде үстемдікке ие болады. парламент ратификацияланған халықаралық келісімдер дереу іске қосылады. Өйткені, халықаралық келісімдер қоғам тыныштығын, адамзаттық қарым-қатынасты, экономикалық аймақтарды бірге пайдалану мәселелелерін, адам құқықтарын қорғауды, келісімнің қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын айқындауды қарастырады.
Конституцияға сәйкес Республика қатысқан барлық заңдар мен халықаралық шарттар ашық дереккөздерде жарияланады. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған қаулылар және басқа да актілер қазақ және орыс тілдерінде, Егемен Қазақстан, Заң, Казахстанская правда және Юридическая газеталарда жарияланған.
Қазақстан Республикасының заңдары көрсетілген газеттерде немесе оларға ресми қосымшаларда Қазақстан Республикасының Президенті қол қойғаннан кейін жеті күн ішінде, оларды қабылдағаннан кейін жеті күннен кешіктірмей жарияланады. Парламенттің ведомостарында, Егемен Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде Қазақстан Республикасы заңдарының жариялануы ресми болып табылады.
Бұл актілердің барлығы басқа баспасөз органдарында жариялануы, теледидарда, радиода жариялануы, телеграф арқылы берілуі, тиісті органдар мен ұйымдарға жіберілуі мүмкін. Бұл - құқықтық журналистиканың міндетіне кіретін, жаңа заңдар мен қаулыларды, жаңа келісімдерді барынша насихаттау және ауқымды аудиторияға жариялау науқаны болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің басқа нормативтік сипаттағы актілері Егемен Қазақстан және Казахстанская правда газеттерінде немесе оның ресми қосымшаларында жарияланғаннан кейін он күн өткеннен кейін бүкіл республикада күшіне енеді.
Заңдардың күшіне енуінің көрсетілген мерзімдері Республика Парламенті актіні қабылдаған кезде оның күшіне енуінің басқа мерзімін белгілеген жағдайларда қолданылмайды.
Ратификациялауға жатпайтын Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар, сондай-ақ оған қосылу Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған үкіметаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы жинағында жарияланған.
Жинақта Қазақстан Республикасы үшін күшіне енген халықаралық шарттар, оның ішінде ведомствоаралық шарттар, сондай-ақ қосылуы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған шарттар, оның ішінде Халықаралық шарттардың, келісімдердің және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің бюллетені ретінде айқын көрсетілген.
Түпнұсқа мәтіндері шетел тілдерінде жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары осы тілдердің бірінде қазақ және орыс тілдеріне ресми аудармасымен шығарылады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер де ресми түрде, яғни оларды қабылдаған мемлекеттік органдардың атынан жариялануға тиіс. Тек содан кейін оларды нақты бағытта қолдануға болады. Бұл жағдайда біз Президенттің нормативтік жарлықтары, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың шешімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері туралы айтып отырмыз.

1.2. Алдын ала тергеу, адвокаттық қызмет, прокурорлық қадағалау және сот істерінің арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтар

2014 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (бұдан әрі - ҚР ҚІЖК) қол қойды. Жаңа заң арнайы дайындалған тұжырымдаманың ережелерін іске асырады. 2010 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты Қылмыстық істерді тергеудің оңайлатылуы мен жылдамдығы туралы.
Жаңа Қылмыстық процестік кодекстің негізгі міндеттері - сотталушының ғана емес, сонымен бірге жәбірленушілердің де құқықтарын барынша қорғау, сот процесінің әділеттіліктің негізгі қағидаларын бұзбай жеделірек жүргізу.
Континентальды құқық жүйесінің дамыған елдерінің - Германияның, Францияның, сондай-ақ өзінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жақында жаңартқан елдердің - Түркия, Эстония, Латвия, Грузия, Ресей, Молдова, Украина және т.б. тәжірибесі қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу жүйесін реформалауға байланысты алдын ала тергеу ұғымын сотқа дейінгі тергеу деп ауыстырады [5, 11 б].
Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің күшіне енгеніне жеті жылдан астам уақыт өтті және жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын іс жүзінде жүзеге асыруға қатысты алғашқы қорытындылар жасауға болады. Бұл жарияланымның өзектілігі Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің енгізілуімен, сондай-ақ жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу режимін қолдану тиімділігі проблемаларын тікелей зерттеумен көрінеді. Заңның жаңа редакциясының мақсаты - сотқа дейінгі тергеу режимінің қылмыстық іс жүргізу аспектілерін зерттеу.
Біз білетіндей, сотқа дейінгі тергеу режимі Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі жаңалық болып табылады және оған дейін бұл режим кеңестік кезеңде де, посткеңестік кезеңде де болмаған.
Жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі қабылданғанға дейін болған, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі тергеу шарттарының жиынтығынан бастау алады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі сатыдағы оңайлатылған іс жүргізу әртүрлі тергеу кезеңдерімен хаттамалық және жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу түрінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 190-бабында сотқа дейінгі тергеудің негізгі айырмашылықтары осы режимді кіші және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін, сондай-ақ, егер фактіні растайтын жиналған фактілер жеткілікті болса, ауыр қылмыстар үшін пайдалануға болатыны нақтыланды. Қылмыс жасады деп күдікке ілінген айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, қылмыстық әрекеті арқылы келтірген шығындары туралы мәліметтерді толық растаса, сотқа дейінгі тергеу аяқталды деп есептеледі.
Сотқа дейінгі жедел тергеу өтінішті, хабарламаны сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген күннен бастап 15 күн ішінде аяқталуы керек. Ал бұл режимнің сотқа дейінгі тергеудің және сот талқылауының басқа түрлерінен айырмашылығы - бұл уақыт аралығы. Мысалы, қылмыстық істерді қылмыстық құқық бұзушылықтар деп аталатын хаттамалық іс жүргізу кезінде қылмыстық қудалау органдарына істің мән-жайын анықтауға, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша хаттама жасау үшін заңмен 3 тәуліктен аспайтын мерзім беріледі.
Хаттама түрінде негізгі құжат қылмыстық теріс қылық туралы хаттама болып табылатынын атап өткіміз келеді, ал сотқа дейінгі тергеу режимінде істегі басты құжат айыптау болып табылады. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу режимі протокол түрінде жүргізілмейтіндігін атап өткен жөн.
Хаттамалық нысандағы істерді анықтама органының қызметкерлері зерттейді, сотқа дейінгі тергеу режиміндегі сотқа дейінгі тергеуді тергеуші де, анықтаушы да жүргізе алады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында протокол түріндегі қылмыстық істерді учаскелік инспекторлар тексереді, олар Нұр-Сұлтан қаласының барлық ауданында әр тоқсанға тағайындалады.
Алдын ала тергеу нысандарының біріне анықтама да кіреді. Тергеу түріндегі қылмыстық істерді тергеу бір ай ішінде жүзеге асырылады. Бұл нысандағы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу режиміндегі негізгі құжат айыптау болып табылады [6, 23 б].
Бірақ біз білетіндей, анықтау түріндегі барлық қылмыстық істерді анықтау органының қызметкерлері - штаттық анықтаушылар тергейді. Сондай-ақ, Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі жаңалық - бұл қылмыстарды тергеу барысында процессуалды келісім деп аталатын, екі нысанда шығарылған жаңа институтты енгізу:
1) кінәні мойындау туралы мәміле түрінде;
2) ынтымақтастық туралы келісім түрінде.
Кінәні мойындау туралы мәмілені жасауға болатын жағдайлар жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу шарттарымен бірдей, бірінші кезекте қылмыс санаттарына, сондай-ақ күдіктінің өзінің кінәсін мойындауына және оның толық келісімімен айыптау.
Кінәні мойындау туралы мәміледе адамның айыпталушы мәртебесі болатындығында айырмашылық бар, бұл сот процедуралық бөлмеге шығарылғанға дейін процестік мәміле жасалуы мүмкін, ал жеделдетілген түрде сотқа дейінгі тергеу режимі қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында ғана қолданылады.
Біздің ойымызша, бұл - екі түрлі институт. Ең алдымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға әр түрлі жазалар қарастырылған. Процестік келісім сотта бітімгершілік іс жүргізу барысында қаралады.
Ынтымақтастық туралы процессуалдық келісімге келетін болсақ, оны облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор, олардың орынбасарлары, ал сотталған адаммен - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары бекітеді. Іс жүзінде бұл институт процедуралық келісім сияқты тиімді қолданылмайды.
Хаттамалық нысанды, жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуді, процессуалдық келісімді қамтитын жеделдетілген сотқа дейінгі іс жүргізу жағдайында мұндай істерді қарау Қылмыстық істің 382-бабында көрсетілген шарттарды міндетті түрде сақтай отырып, қысқартылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тергеу практикасында жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу проблемаларының бірі сот ісін жүргізу тілін белгілеу болып табылады. Белгілі болғандай, сот ісін жүргізу тілі күдіктінің еркін сөйлейтін тілін ескере отырып белгіленеді. Бірақ нашар кәсіби дайындықтың, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлерінің мемлекеттік тілді қанағаттанарлықсыз білуіне байланысты, кейбір іс жүргізу құжаттарының жарамсыздығына әкеп соқтыратын Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген принциптер бұзылады [7, 56 б].
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам орыс тілін жетік білмейтін адамды мәжбүрлеп түрлі әрекеттер жасайды, мысалы, орыс тілі оның ана тілі деп жариялауға мәжбүр етеді, бұл біздің ойымызша дұрыс емес, бұл күдіктінің құқығының тапталуына әкеп соқтырады. Нәтижесінде, прокурор аталған құқықбұзушылықтарды анықтай отырып, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қосымша тергеуге жіберу арқылы аталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.
Тағы бір мәселе - прокурордың қылмыстық істерді қосымша тергеуге қайтару кезінде сараптаманың болмауы. Қылмыстық-процестік кодексте қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты тізбесі жоқ, олар үшін сотқа дейінгі тергеу режиміндегі қылмыстық істер тергеу түрінде қосымша тергеуге жіберіледі, ал ол үшін - алдын ала тергеу түрінде өткізілген жұмыстардың қорытындысы қажет.
Дау тудырған мәселе жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу режимінде қылмыстық тергеуді бастаудың процедуралық тәртібі. Бұл үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам арнайы бұйрық шығаруы керек пе, ол кімге және қандай мерзімде хабарлануы керек және осы мәселелерді қылмыстық тергеуді жүргізетін органның органдарымен келісу қажет пе? Бұл мәселелер Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттелмеген.
Біз сотқа дейінгі тергеу ісіне бірқатар толықтырулар енгізуді ұсынамыз. Қылмыстық іс жүргізуді жеделдетілген режимде бастаған кезде қадағалаушы прокурордың міндетті түрде ескертуімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның жеке шешімін шығару қажет екендігі туралы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабында осы шешімді қабылдаған күннен бастап 24 сағат ішінде қаулы шығару керек. Сондай-ақ, прокурор қосымша тергеуге қайтарған істер бойынша айырмашылықты келесі жолмен жүргізу қажет: анықтама түріндегі қосымша тергеуге қайтарылған барлық қылмыстық істер Заңға сүйене отырып тергеу түріндегі тергеу істеріне сілтеме жасауы керек [8].
Біз бұл режим уақытты едәуір үнемдей алады деп қорытқымыз келеді, өйткені жеделдетілген сотқа дейінгі тергеуде қылмыстық істер бойынша тек тергеу әрекеттері және басқа да процессуалдық әрекеттер жүзеге асырылады, олардың нәтижелері бойынша айыпталушының кінәсінің басқа дәлелдемелері жазылады. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу режимін қолданудың алғашқы 10 айында оң нәтиже қалыптасты, өйткені бұл оңайлатылған іс-тәжірибе іс жүзінде белсенді қолданылады және көбірек адамдар ішкі істер органдарымен ынтымақтастыққа дайын органдар, сол арқылы азаматтардың Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметкерлеріне деген сенімін арттырады.
Қазіргі уақытта кез-келген азамат қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы саласында белгілі бір білімге ие емес, бұл олардың қылмыстық құқық бұзушылықтарды дұрыс ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ біз білетіндей, заңды білмеу адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Біз Қазақстан Республикасы дамудың векторын Батыс елдеріне бағыттаған және өз заңнамасында шет мемлекеттердің қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттелген нормаларды белсенді қолданатын кезеңде өмір сүріп жатырмыз [8].

Жаңа ҚІЖК - бұл ғылым мен практиканың жемісі, оның нормаларында қылмыстың алдын-алу мен күресудің, сондай-ақ қылмыстық процесте жеке тұлғаның құқықтарын толық қорғаудың прогрессивті тәжірибесін кең ғылыми қолданудың нәтижесі.
Жалпы, жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі ішкі істер органдарының қызметкерлерінен қылмыстық процестің негіздерін жақсы білуді және оның адам құқықтары механизмдерін түсіну үшін қоғам мен мемлекетте кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Енді негізгі тақырыбымызға оралып, Арқанкерген шекара бекетінде орын алған аса қайғылы жағдайдың сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының қалай жүргізілгені туралы тарқата айтпақпыз.
2012 жылдың 30 (28) мамыры. Арқанкерген шекара бекеті. Шекара бекетіндегі өртенген ғимараттар. Түгел жанып кеткен 14 шекара қызметкері және орманшы. Тірі қалғандар санатындағы 19 жастағы шекара қызметкері Владислав Челах осы оқыс оқиғаға жауапты, аса ауыр қылмысқа барған азамат ретінде күдікке ілінеді. Көп ұзамай ол аса ауыр саналатын қылмыстық әрекетке барып, өз қаруластарының өмірін қиғаны үшін, қару ұрлағаны үшін, біреудің үйіне рұқсатсыз кіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оның ата-анасы, туыстары, достары, әлеуметтік желіде арнайы топ құрған жиырма мыңнан астам азаматтар, қоғам белсенділері, адвокаты бұл шешіммен күні бүгінге дейін келіскен емес.
Сот үкімімен келіспейтін көпшіліктің негізгі аргументі - 19 жастағы Владислав Челахты 15 адамды түгел өлтіріп, із қалдырмау үшін оларды өртеп жіберді деген күдіктің негізсіздігі, ақылға сыймайтындығы. Бұл мәселе төңірегінде қоғамда түрлі алып-қашпа әңгімелер, қауесет сөздер, болжамдар жеткілікті.
Аса ауыр жайт. Қайғылы жайт. Он бес үй қара жамылды, қан жұтты. Тіпті, екі адамның сүйегі анықталмады. Оны анықтауға Германиядағы ең үздік институт қызметкерлерінің де шамасы жетпеген.
Арқанкерген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҚ-тың қоғамдық функциялары
Журналистика ұғымы, міндеттері
Журналистиканың функциялары
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Қазіргі саяси журналистика
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Ражиожурналистиканың функциялары
Интернет – ақпарат құралдарының қайнар көзі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Пәндер