Қазақ тілі оқу пәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 497 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Нұр-Сұлтан 2021

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми- әдістемелік кеңесі шешімімен ұсынылды (2021 жылғы 13 мамырдағы
№ 5 хаттама).

Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу- тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. - Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2021. - 378 б.

Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Жинақ орта білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтеріне, әдіскерлерге, білім басқармалары мен бөлімдерінің, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің басшылары мен мамандарына арналған.

2
(C) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2021

Құрметті әріптестер!

Жаңа 2021-2022 оқу жылы қарсаңында Сіздерге Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы дәстүрлі Әдістемелік нұсқау хатты ұсынып отырмыз.
Әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны еліміздің педагогикалық сарапшылар қауымдастығымен талқыланды.
Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі екінші жыл пандемия жағдайында өтуде. Шектеу шараларына байланысты оқушылардың білімінде туындаған олқылықтардың орнын толықтыру өзекті міндетке айналды. Әрбір педагогке шәкірттерінің білімін толықтыру бойынша арнайы жұмысты ойластыру және тиімді жүргізу қажет болып отыр.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі - А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген Әліппе мен Букварь пәндерінің қайтарылуы. Бұл идея былтырғы тамыз конференциясында айтылған болатын. Бірінші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге салтанатты түрде Әліппе және Букварь оқулықтары табыс етіледі.
Мұғалімнің жүктемесі 18-ден 16 сағатқа азайтылды. Сабақ ұзақтығы 45 минутқа қайтарылды. Білім алушылардың оқу жүктемесі төмендетілді. Білім беру ұйымдарына қысқартылған оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі артты. Өткен оқу жылында оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспарларымен жеті жүз мектеп жұмыс жүргізіп, тәжірибе жинақтады. Осылайша мектептердің академиялық таңдау еркіндігі артты.
Жаһандық құзыреттіліктер таңдау курсын енгізу оқушыларымыздың бойында қазіргі қоғамның талаптарына сай білім мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы-ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтеді. Көрнекті педагогтің мұралары мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпады.
Күнде таңертеңгісін сабақ басталар алдында мектеп директорының оқушыларды қарсы алатын жақсы дәстүрі ұсынылып отыр.
Ең басты міндеттеріміздің бірі - оқушының білім алуы мен дамып- өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
Құрметті ұстаздар! Бұл Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 оқу жылында Сіздердің сенімді де ең қажетті көмекші құралдарыңыз болады деп сенеміз.

ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

+ Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту.
+ 1-сыныптарға Әліппе, Ана тілі, Букварь, Обучение грамоте,
Цифрлық сауаттылық пәндерін енгізу.
+ Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру.
+ Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру.
+ Жазғы мектеп есебінен оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарту.
+ Міндетті формативті бағалау.
+ Сабақ ұзақтығы - 45 минут.
+ 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында Жаһандық құзыреттіліктер
таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.
+ Мектептердің таңдауы бойынша Музыка оқу бағдарламасының
шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету.
+ Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан)
мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.
+ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.
+ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу
бағдарламаларын бейімдеу.
+ Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
+ Инклюзивті орта мәдениетін қалыптастыру.
+ Оқуға құштар мектеп, Дебаттар, Өзін-өзі басқару күні, Мектеп
театры жобаларын іске асыру.
+ Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын
қалыптастыру (қарым-қатынас, мектеп қоңырауы).
+ Мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру.
+ Ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
+ Білім алушылардың дене дамуының мониторингі.
+ Педагогтерді тарифтеу тәртібі бойынша ұсыныстар.
+ Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жетілдіру.
+ Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу.
+ Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысын күшейту.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұлғаны жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:
+ білім алушылардың білімін толықтыру;
+ оқу жүктемесі төмендетілген ҮОЖ-ын жүзеге асыру;
+ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
+ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті - білім алушының тұлғалық үйлесімді қалыптасуы, функционалды сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің дамуы үшін қолайлы, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ортасын құру.

1. ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГ ІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін ұйымдастыру кезінде Білім туралы, Педагог мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы (бұдан әрі - МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі - ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) https:adilet.zan.kzkazdocsV180 0017669;
Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) https:adilet.zan.kzkazdocsV130 0008424;
oo Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);

oo ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;
- Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы;
oo Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;
oo Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы (өзгерістермен 2018 жылғы
21 қыркүйектегі № 477 бұйрық);
oo Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы (өзгерістер мен толықтыруларымен 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №662 бұйрық);
oo Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы
№ 83 бұйрығы;
oo Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы;
oo Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы
№ 345 бұйрығы;
oo Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 28 тамыздағы
№ 374 бұйрығы;
oo Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығы;
oo Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы;
oo Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы;

oo Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығы;
oo Үздік педагог атағын беру қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйры ғы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы);
oo Үздік педагог атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 204 қаулысы;
oo Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығы;
oo Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығы);
oo Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы (өзгерістерімен және толықтыруларымен ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығы);
oo Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы;
+ МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының www.nao.kz сайтында орналастырылған.
+ Орта білім беру ұйымдарының әкімшілігінде МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламаларының бір данада шығарылған қағаз нұсқасы болуы керек.
+ Педагогтер МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламаларының электронды нұсқасымен жұмыс жүргізе алады.

2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген:
1) 2021-2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы: 1-сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы;
3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) сыныптарда:
күзгі - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда),
қысқы - 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі-12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда);

1-сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда).
2-11 (12) сыныптарда сабақтың сыныптардың оқу сабақтарының
ұзақтығы режимі:
- 45 минут.
қыркүйекте
-
Бірінші күніне
35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі (www.nao.kz).
Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан,
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, балаларды бастауыш білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы ҚР БҒМ 2018 жылғы
12 қазандағы № 564 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (2020 жылғы
7 тамыздағы №332 өзгерістерімен және толықтыруларымен) https:adilet.zan.kzrusdocsV180 0017553.

Бірінші сыныпқа қабылдау кезінде жалпы білім беретін мектептерде қабылдау емтихандарын, тестілеуді өткізуге жол берілмейді.

Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі таңдап алынған Үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүргізіледі.

Үлгілік оқу жоспарлары ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (2021 жылғы 25 наурыздағы № 125 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына сәйкес бекітілген).
ТАҢДАУ ҮШІН 2018 ЖЫЛДАН БАСТАП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ҰСЫНЫЛАДЫ (ҚР БҒМ
2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы (2021 жылғы 26 наурыздағы №125 бұйрықпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары
(оқыту тілдері, бейіндері, оқыту түрлері бойынша)

+ жалпы білім беретін мектептерге арналған - 12, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейіне - 3 (оқыту тілдері бойынша
№11-13 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейіне - 3 (оқыту тілдері бойынша №16-18 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейіне - 6 (оқыту тілдері және бейіндік бағыттар бойынша №21-26 қосымшалар).

+ гимназия сыныптарына арналған - 8, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейіне - 2 (оқыту тілдері бойынша №14, 15 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейіне - 2 (оқыту тілдері бойынша №19, 20 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейіне - 4 (оқыту тілдері және бейінділік бағыттар бойынша
№27-30 қосымшалар).

Үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы):
+ кешкі мектептерге - 6, оның ішінде: негізгі орта және жалпы ортаға -
4 (күндізгі оқу - 2 (оқыту тілдері бойынша №31, 32 қосымшалар), сырттай оқу
oo 2 (оқыту тілдері бойынша №33, 34 қосымшалар), бастауыш және негізгі орта білім берудің жеке сабақтары (сырттай оқу) - 2 (оқыту тілдері бойынша №35, 36 қосымшалар).
+ білім беру ұйымынан тыс уақытша білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарлары - 16, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі - 4 (оқыту тілдері, топтық және жеке сабақ бойынша №37-40 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейі - 4 (оқыту тілдері, топтық және жеке сабақ бойынша №41-44 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейі - 8 (оқыту тілдері мен бейінділік бағыттар, топтық және жеке сабақ бойынша №45-52 қосымшалар).
+ үйде оқытуға арналған - 8, оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі
oo 2 (оқыту тілдері бойынша №53, 54 қосымшалар), негізгі орта білім беру деңгейі - 2 (оқыту тілдері бойынша №55, 56 қосымшалар), жалпы орта білім беру деңгейі - 4 (оқыту тілдері мен бейінділік бағыттар бойынша №57-60 қосымшалар).
+ мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған - 34 (білім беру деңгейлері, оқыту тілдері, бейінділік бағыттары бойынша №61-92, 109-110 қосымшалар), оның ішінде: бастауыш білім беру деңгейі - 2, негізгі орта білім беру деңгейі - 8 , жалпы орта білім беру деңгейі - 10, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру - 2.
+ физика-математика мектептеріне арналған - 6 (білім беру деңгейлері және оқыту тілдері бойынша №93-98 қосымшалар).
+ олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне, спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептеріне арналған үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұндағы) - 4 (№105-108 қосымшалар).
+ ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұн) - 10 (№ 4, 5, 9, 10, 111-116 қосымшалар).

Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары бойынша әзірленген үлгілік оқу бағдарламалары ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы
№496 бұйрығымен бекітілген (www.nao.kz).
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркін дік беріледі (https:adilet.zan.kzkazdocsV19 00018172).

Білім беру ұйымы педагогикалық кеңестің шешімімен:
oo әр сыныпқа жеке-жеке;
oo параллель сыныптарға;
oo мектеп бойынша Үлгілік оқу жоспарының біреуін таңдауы мүмкін.

+ 2021-2022 оқу жылынан бастап қосымша енгізілетін жалпы білім беретін, арнайы және мамандандырылған мектептерге арналған төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы сайтында орналастырылады.
+ Жалпы білім беретін мектептер үшін жаңадан енгізілетін қосымша Үлгілік оқу жоспарларында оқу сағаттарының төмендетілуі негізінен вариативтік компонент есебінен жүзеге асырылды.
+ Жаңадан енгізілетін қосымша ҮОЖ-ға сәйкес Үлгілік оқу бағдарламаларына өзгерістер енгізілетін болады.

2021-2022 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен
Жаһандық құзыреттіліктер курсын таңдауға немесе басқа да элективті курстарды өткізуге болады. Аталған курс білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Жаhандық құзыреттіліктер (аптасына 1 сағат) курсына:
oo 5-сыныпта Парасаттылық және әдеп;
oo 6-сыныпта Экология;
oo 7-сыныпта Эмоционалды интеллект және сыни ойлау;
oo 8-сыныпта Медиасауаттылық;
oo 9-сыныпта Зайырлылық және дінтану негіздері;
oo 10-11-сыныптарда Кәсіпкерлік және бизнес негіздері жатады.
Академия сайтында орналастырылған ресурстар мен авторлық әзірлемелерді пайдалану ұсынылады (www.nao.kz).
Қазіргі қолданыстағы Зайырлылық және дінтану негіздері,
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерінің оқу бағдарламаларымен оқытуды жалғастыру ұсынылады (www.nao.kz).
Білім беру ұйымдары оқу материалдары мен ресурстар дайын болған жағдайда Экология, Медиасауаттылық, Парасаттылық және әдеп,
Эмоционалды интеллект және сыни ойлау курстарын 2021-2022 оқу жылында енгізуіне болады.
Парасаттылық және әдеп курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.
Экология курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді.

Эмоционалды интеллект және сыни ойлау курсы ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды.
Медиасауаттылық курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйретеді.
Зайырлылық және дінтану негіздері курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.
Кәсіпкерлік және бизнес негіздерін оқи отырып, білім алушылар кәсіпкерлік негіздерін, қаржылық сауаттылықты үйренеді, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша базалық білім алады, қазіргі нарықтық жағдайларда дербес қызмет ету үшін қажетті кәсіпкерлік ойлау дағдыларын меңгереді.
Жаһандық құзыреттіліктер курсын Биология, Қазақстан тарихы,
Дүниежүзі тарихы, Қазақ әдебиеті, Орыс әдебиеті пәндерінің мұғалімдері мен біліктілікті арттыру курстарынан өткен, сертификаттары бар басқа да мұғалімдер, әлеуметтік педагогтер, психологтар жүргізе алады.
2021-2022 оқу жылында ресурстар болған жағдайда педагогикалық кеңестің шешімімен 6-сыныпта Музыка оқу пәнінің шеңберінде домбыра тартуды үйретуге болады (аптасына 1 сағат). Домбыра тартуды үйрету мүмкіндігі болмаған жағдайда Музыка пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы толық жүзеге асырылады. Мектептің даярлығына қарай және білім алушылардың қалауы бойынша домбыра тартуды үйретуге оқыту тіліне қарамастан барлық мектептер ауыса алады.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің, Отырар сазы мемлекеттік академиялық фольклорлық- этнографиялық оркестрлерінің тұрақты шетелдік турлары, Димаш Құдайбергеннің, басқа да кәсіби ұжымдар мен орындаушылардың әлемнің әйгілі сахналарында жиі өнер көрсетуі бүкіл әлемде домбыраға деген жоғары қызығушылық тудырды.
Білім алушылар тек домбыра тартуды ғана үйреніп қоймай, сонымен қатар халық композиторларының шығармашылығымен, қазақ музыкасының тарихымен, Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова және басқа да қазақ халқының ұлттық өнері тұлғалары салған дәстүрлермен танысады. Домбыра курсын жүргізу үшін Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА- ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған ресурстар ұсынылады.
Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында барлық сыныптарда үлгілік оқу жоспарындағы Дене шынықтыру пәнінің үш сағатының бір сағаты Шахмат, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисі ойындарына, спорттық, бал биі, хореографияны оқытуға ұсынылады. Бұл сабақтарды өткізу үшін мектеп холдарындағы арнайы бөлінген орындарды пайдалануға болады.

Бастауыш сыныптарда әрбір сабақта дене жаттығуларын (сергіту сәті) өткізу қажет.
Білім алушының дене дамуының монито рингін жүргізу бойынша
Денсаулық арнайы жұмыс тобына а рналған ұсынымдар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.
+ 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.
+ 2-11 (12) сыныптарда күнделікті формативті бағалау жүргізіледі.
+ 2-11 (12) сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 10-ға дейінгі балмен бағаланады.
+ Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
+ Жеке меншік білім беру ұйымдары да Күнделік электрондық журналына қосыла алады. Ол үшін https:kundelik.kz сайтына қосылуға өтінім беруі қажет (ББҰ қосу командасы)
+ Күнделік электрондық журналын пайдалануға қатысты кез
қиындықтар туындаған жағдайда 8(727 )313-18-32 team@kundelik.kz қолдау қызметіне хабарласуға болады.
телефонына
келген немесе
+ Электронды журналды жүргізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар www.nao.kz. сайтында орналастырылған.

Сабақ кестесін құруда мектеп әкімшілігіне әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын, мектептің материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере отырып, автоматтандырылған бағдарламаларды пайдалану ұсынылады. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой еңбегінің жұмысқа қабілеттілігі динамикасын ескеру және
Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай саралау кестесін пайдалану қажет (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы).

+ Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылады. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптарыоқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілуі қажет.
+ Бұл ретте қосымша сағаттар бөлінбейді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылады.
+ Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бұл өзгерістер электрондық журналда көрсетіледі.
+ Электрондық журналдар мен күнделіктерді толықтыру бойынша техникалық қолдау кол-центр, қолдау қызметі арқылы көрсетіледі.

Мектепішілік бақылау
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 17-қосымшасына сәйкес дайындалады https:adilet.zan.kzkazdocsV200 0020317.
Оқыту процесінің сапасын арттыру, педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу мақсатында мектепішілік бақылауды күшейту қажет.
Оқу процесін ұйымдастыру мен мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады (1-кесте).

1-кесте. Білім беру ұйымдарының әкімшілігі үшін мектепішілік бақылау нормативтері

Бақылау нысандары
Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау
oo директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ;
oo білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ;
oo 1 сабаққа қатысу ұзақтығы - 45 минут.
2
Қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
3
Электронды сынып
журналдарын тексеру
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
4
БЖБ және ТЖБ-ның
жүргізілуін тексеру
мектептің бекітілген кестесі бойынша

5
Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР
қолдануы

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

Сабақтарға қатысу алдын ала дайындалған, білім беру ұйымының басшысы бекіткен жоспар және міндетті түрде ақпарат тақтасына орналастырылған кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға жол берілмейді.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу нәтижелері бақылау парақтарында, сабаққа қатысу журналында тіркеледі.
Сабақты бақылау, зерттеу мен талдау оқыту процесін жақсартудың, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуының, білім алушылардың білім сапасын арттырудың негізі болып табылады. Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
oo педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
oo сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;

oo педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Сонымен қатар педагогтің жұмыс сапасына шағым түскен жағдайда білім беру ұйымының басшысы оның сабағына қатысуы қажет.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқыту жағдайында мектепішілік бақылау онлайн форматта жүргізіледі.
Білім беру ұйымының әкімшілігі негізгі оқу пәндерінен жекелеген тақырыптар бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізуді, сыныптар мен өткізу мерзімдерін, қорытындыларды талқылауды жоспарлайды.
Сабаққа қатысудың мақсаты - оқу процесінің сапасын бақылау (мониторинг). Сабаққа қатысу барысында:
+ сабақтың оқу бағдарламасының мазмұн ы мен оқу мақсаттарына
сәйкестігіне;

формативті бағалаудың өткізілуіне; педагогтің кері байланыс жасауына;
білім алушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына; әрбір білім алушыға жеке көңіл бөлуге;
сабақта цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдануға;
оқыту
процесінде
белсенді
әдіс-тәсілдер
мен
технологиялардың
қолданылуына және т.б. назар аудару ұсынылады.
+ 1-11-сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша орта мерзімді жоспарлар
НЗМ ДББҰ АҚ сайтының Жүйелік- әдістемелік кешен блогында орналастырылған http:out.easycounter.comexternal smk.edu.kz.
+ Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды электронды немесе қағаз форматта ұсына алады.
2021-2022 оқу жылының басты міндеті - білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру.
+ 2021-2022 оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім алушылардың біліміне бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
+ Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді.
+ Білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізіледі.

+ Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізіледі.
+ Білім олқылықтарының орнын толықтыр у бойынша мектеп жұмысы алгоритмінің үлгісі ұсынылады (www.nao.kz).

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиетте рінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
4) эмоционалды қолайсыздық.

Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.
Барлық білім беру ұйымдарында мазмұнды оқу контенті (жетекші мұғалімдердің сабақтары, қарқынды оқытуға, жаттығулар, тестілер және т.б. арналған виртуалды зертханалар) бар цифрлы платформаларға қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Білім алушылардың біліміндегі олқыл ықтарды толықтыру жұмыстарында:
педагогке:
oo білім алушының артта қалу себептері н, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
oo жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
oo жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
oo жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму

жолын ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін дербес әзірлейді. Мысалы:
oo өткен және ағымдағы оқу жылдарындағ ы оқу пәні сабақтарының тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
oo пәндер бойынша өткен оқу жылының ма териалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне бөлу;
oo жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу материалдарын қайталау;
oo білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша сабақтар өткізу;
oo білім алушыларға күрделі тақырыптароқу мақсаттары бойынша жеке және топпен консультациялар өткізу;
oo өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
oo каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
oo формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
oo өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру;
oo білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
oo білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
oo білім беру платформаларын қолдану.
Негізгі оқу пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар әдістемелік-нұсқау хаттың Орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері атты 3-бөлімінде беріледі.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда 2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды.
Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін
20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

Білім сапасы педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Ыбырай Алтынсарин: Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі деп атап айтқан. Педагог - кәсіби, толерантты және жоғары мәдениетті, парасатты болуы тиіс. Ол білім алушылармен, ата-аналармен, әріптестерімен сыпайы қарым-қатынас стилін, сөйлеу мәдениеті мен кәсіби- іскерлік, педагогикалық әдеп ережелерін сақтайды.
Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдары педагогтің оң имиджін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға конкурстық комиссия құрылады.
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.

Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос лауазымына өткізіледі.
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары жәненемесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім алушылары мен түлектеріне педагог біліктілік санаты беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары жәненемесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог біліктілік санаты бар түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.
Педагог мәртебесі туралы ҚР Заңын және Кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңын іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.
Бір пән бойынша бос лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді. Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат) қосымша педагог қабылданады.
Бос лауазымның сағаттары 15 сағаттан кем болған жағдайда бөліп беруге рұқсат етіледі.
Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың негізгі параметрі болып табылады.
Тарифтеу - мектеп педагогтерінің білім деңгейіне, біліктілігіне, орындалатын жұмыс көлеміне, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігі мен сапасына қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:

+ МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және директордың орынбасары жүзеге асырады);
+ Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалады;
+ Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім алушылардың санына қарай жүргізіледі;
+ Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында белгіленген оқу қызметінің түрлері (инварианттық және вариативтік компоненттер) бойынша белгіленеді;
+ Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен бақылау табелі анықталады;
+ Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
+ Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды: мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі - апталық жалпы сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты жеке үстемеақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).
Жаңа оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау бастауыш, негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың базалық білімін тексеруге бағытталған бағалаудың жаңа моделі - білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингімен (бұдан әрі - ББЖМ) ауыстырылады. ББЖМ өткізу тәртібі ҚР БҒМ 2021 жылғы 5 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларымен реттеледі. Қағидалар орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарының меншік нысанына, ведомстволық
бағыныстылығына, түріне қарамастан қолданылады.
ББЖМ мемлекеттік бақылау түрі болып саналмайды, білім алушы үшін де, білім беру ұйымы үшін де ешқандай құқықтық салдары болмайды.
ББЖМ мақсаты - білім алушылардың оқу жетістіктерінің ілгерілеуін ұлттық деңгейде өлшеу арқылы орта білім беруді жүйелі жетілдіру.
4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін өткізіледі.
ББЖМ тестілеуі жыл сайын сәуір айында орта білім беру ұйымдарының базасында компьютер арқылы электронды форматта өткізілетін болады.
ББЖМ өткізілетін білім беру ұйымдарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган анықтайтын болады. Іріктеу параметрлеріне: аумақтық тиесілігі, ұйымның түрі, оқыту тілі, білім алушылар контингенті жатады.

Алдыңғы оқу жылдарында ББЖМ-ға қатысқан білім беру ұйымдары келесі жылы ББЖМ-ға қатысатын білім беру ұйымдарының тізбесіне кірмейді.
ББЖМ өтетін білім беру ұйымдарын таңдау бағдарламаға тізімді енгізу нәтижесінде кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Белгіленген аумақта шектеу шаралары мен төтенше жағдай енгізілген жағдайларда уәкілетті орган ББЖМ өткізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Тест тапсырмаларының саны, мазмұны мен түрі, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағаттардың саны МЖМБС-ға сәйкес тест спецификациясымен анықталады. Тест спецификациясын Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) әзірлейді.
Білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды ҚР БҒМ уәкілетті өкілдері (білім беруді басқарудың облыстық, аудандық органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттердің) жүзеге асырады.
Тестілеу рәсімдерін бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді, ББЖМ нәтижелерін статистикалық өңдеуді Ұлттық тестілеу орталығы уәкілетті орган белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
ББЖМ нәтижелері, оны аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарына хабарланады. Сондай-ақ білім алушылардың нәтижелері тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында бірден көрсетіледі.
ББЖМ нәтижелері бойынша әрбір білім беру ұйымы кері байланыс алады
oo білім беру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар түрінде әдістемелік көмек алады, бұл:
1) білім беру сапасына әсер ететін факторларды (білім алушылардың оқудағы қиындықтары, оларды даярлаудағы олқылықтар, педагогтердің кәсіби дамуына қажеттілік) анықтауға;
2) әдістемелік қолдау көрсетуді қажет ететін білім беру ұйымдарын анықтауға;
3) білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуетін күшейтуге ықпал
етеді.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы кешенді талдау
жұмысын жүргізе отырып, әрбір өңірдегі әрбір мектеп бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлейтін болады.
Білім беру ұйымдары педагогке оқу процесін жоспарлау үшін қажетті оқытудың белгілі бір кезеңдеріндегі білім алушылар жетістіктерінің деңгейі туралы қорытынды ақпаратты; педагогтер мен мектептің қызметін, оқу бағдарламасының меңгерілуін бағалауға қажетті сынып пен мектептің жетістіктері туралы ақпаратты; ата-аналар үшін олардың балаларының білім жетістіктері туралы ақпаратты алады.
ББЖМ нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет- ресурсында орналастырылады.

2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдары ЖАН БАСЫНА ШАҚҚАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ шеңберінде үнемделген қаражатты мектептің қажеттілігіне (жабдық, жиһаз, интерактивті тақта және т.б. сатып алу) бөлу бойынша дербес шешімді жүзеге асырудың тиімді механизмдерін пысықтауы қажет. Жылдың соңына дейін қалған қаражатты сауатты жоспарлау кезінде шығыстардың қосымша баптарына (күрделі жөндеу, жабдықтарды сатып алу және т.б.) жұмсауға болады.
ҚР Білім туралы Заңына сәйкес (63-бап, 3-тармақ) мектептер ақылы қызмет көрсете алады. Бұл қызметтерге:
+ қосымша білім беру бағдарламалары (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту);
+ оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар мен сабақтар циклдері) бойынша қосымша сабақтар;
+ пәндердің (сабақтар мен сабақтар циклдері) ғылыми негіздерін тереңдетіп оқыту;
+ білім алушылар мен тәрбиеленушілер және тағы басқалар арасында: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар т.б. іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
+ музыка аспаптарын пайдалануға беру және интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
+ жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету кіреді.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына бекітілген дене шынықтыру- сауықтыру және спорт ғимараттарын жалға беруде белгіленген тәртіпті қатаң сақтау талап етіледі (ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 ақпандағы № 65 бұйрығы).
Нысандарды мүліктік жалға беру сабақтан тыс және каникул уақытында төмендегі белгілі бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады:
1) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт саласындағы бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту);
2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар.
Ақылы қызмет көрсету үшін мектептер өздері келісім-шарт жасайды. Ақылы қызмет көрсету есебінен алынған табыс мектептің өз бетінше басқаруына түседі.

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттау туралы ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы

8 қаңтардағы № 410-VI ҚР Заңымен білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау институты енгізілді.
МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ - мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан профилактикалық бақылау арқылы 5 жылда
1 рет білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және ҚР Білім туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жиынтық бағалау рәсімдері
Қазақ тілі сабақтарында тірек-кесте технологиясын пайдалану жолдары
Оқушының сауаттылығын арттырудағы тілдік ұғымды меңгерту.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген жаттығулардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі сабақтарында сөз таптарын меңгертудің жолдары
Пәндер