Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің жырлануы және көркемдік ерекшелігі . . .

1. 1 Сәкен Сейфуллин өмірі, шығармашылығы және зерттеушілер пікірі . . .

1. 2 Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі . . .

2. Сәкен Сейфуллиннің өлеңдерінің қалам ұш әлемі

2. 1 Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің негізгі тақырыбы мен көркемділігі . . .

2. 2 Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің көріктеуіш тәсілдері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Зерттеу жұмысың өзектілігі. ХХ ғасырдағы қазақтың жаңа әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллин аз ғана ғұмырында өлшенбейтін мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы қаламынан туған шығармалар көркем образдар арқылы терең идеялар айтып, эстетикалық игіліктер жасады. Соның ішінде әсем табиғатты жырына қосып, табиғат жыршысы болып атанды.

Сұлу Сәкен, сырбаз Сәкен, сырлы Сәкен, сұңқар Сәкен Сейфуллин талантымен де, табиғатымен де ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Күні бүгінге дейін ақынның өз заманындағы тағдыр-талайы, әдебиеттегі орны, шығармаларының көркемдігі, адами тұлғасы туралы зерттеушілер әр түрлі пікірлер қалдырды. Осы аталмыш жұмысымда зерттеушілердің пікірлеріне сүйене отырып ақынның туған жердің табиғатын суреттейтін шығармаларының көркемдік ерекшелігіне талдау жасап тоқталамын.

Зерттеу нысаны. Сәкен Сейфуллиннің өлеңдері мен поэмаларындағы табиғат суреттерінің өмірмен байланыстылығы, табиғат сұлулығын жырлаған шығармаларын көркемдік ерекшеліктері тұрғысынан зерттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Сәкен Сейфуллиннің қоршаған ортаның сұлу табиғатын әсем жырларына өзек еткеніне көз жеткіздік, қазақ халқының ер жүрек батырларын, ел қорғаны болған тұлғаларын жырға қосып, ақын лирикасының негізі - махаббатты әспеттеуде жатқанын аңғардық, соны ашуға тырыстық.

Осы мақсаттарды орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • Сәкен Сейфуллин өлеңдері мен поэмасының табиғатын таныту және ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып, жеке автор қолданысындағы сөздердің ұлттық танымдық, көркемдік ерекшелігін сипаттау;
  • Ақын поэзиясында жырланатын табиғат суретінің көркемдік сипатын ашу;
  • Ақынның шығармаларындағы көркемдегіш құралдар: теңеу мен эпитеттердің, троп пен фигура түрлерінің көркем бейне, образ жасауда қолданылуынан нақты мысалдар келтіре отырып талдау жасау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Сәкен шығармашылығындағы көркемдік жүйе туралы зерттеулерге шама-шарқымызша үлес қосу. Зерттеулерде мәселе белгілі бір ортақ тақырыптардың аясында қарастырылатын. Зерттеу жұмысымыз арнайы әрі нысанды мақсатта жүргізіліп, Сәкен Сейфуллиннің туған жердің табиғатына арналған туындыларындағы көркемдегіш құралдар мен айшықтаулардың қалай қолданғанын көрсетеді.

Көркемдік - поэзия үшін жырдың сұлулығы, әсем нақышты сүйкімділігі, адами болмысын билер әсерлілігі.

Зерттеу дереккөздері. Сәкен Сейфуллиннің поэзиялық шығармалары алынды.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық материалдары. Жұмыстың теориялық әрі әдіснамалық негіздері ретінде С. Қирабаевтың, М. Қаратаевтың, Т. Кәкішевтің, С. Мұқановтың т. б. зерттеушілердің еңбектерін негізге ала отырып, ақынның шығармаларын басқа ақындар шығармаларымен салыстыра қарастырып зерттедік.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының негізгі нәтижелерін мектеп оқушыларына, ЖОО студенттеріне сәкентану курсы бойынша факультативтік сабақ өткізуде, теориялық ұғымдарға қатысты көркем образдарға талдау жасауда қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің жырлануы және көркемдік ерекшелігі

1. 1 Сәкен Сейфуллин өмірі, шығармашылығы және зерттеушілер пікірі

Қазақ еліне тəуелсіздік келгеннен бері талай игі істер жасалып жатыр. Соның ең негізгілерінің бірі - рухани байлығымызды жаңаша бағамдау. Бұл қазақ халқының тарихына, мəдениетіне, əдебиетіне, өнеріне, əн-күйіне, тұрмыс-тіршілігіндегі əрқилы машықтары мен тəлім-тəрбие саласындағы үлгі-өнегесіне, не керек, бір сөзбен айтқанда, рухани əлеміне жаңа заман биігінен қарап, салыстыра зерттеу, дəстүрдің озығы мен тозығын айқындап, өркениетіміздің бұрмаланбаған келбетін, ылайланбаған кəусəр ойын сол қалпында жеткізу, жалғандыққа ұрынбаған шын табиғатын таныту мақсатынан туып отыр. Қазақтың “Өнер алды - қызыл тіл“ деген мақалы жөнінде совет тұсында білдіртпей жасырып, қазір ашық айтып келе жатқан бір ойым бар: ол - “қазақ үшін сөз - материалдық байлық“ деген пікір. Қазірде де бұған қосылмайтындар табылар, сонда да осы пікірімді түсіндіре кеткенімнің артықтығы жоқ. Əдетте, материалдық байлық дегенді қолмен ұстап, көзбен көретін дүние деп есептейміз де, əр елдің интеллектуалды (зиялылық) парқын зəулім сарайлар, көркейген қала, салынған жол, не керек, өмірде нақты қолданатын заттарға қарап бағалап, мəдениетінің өскен-өспегендігін соған қарап баға беру əдетке айналған, əлі де одан ұзап кете қойған жоқпыз. Марксизмнің материалистік теориясы көшпенділердің мəдениеті бар деп танымағандықтан көшіп-қонып жүріп өмір сүрген халықтарды тағылық жайлаған ел деп білді. Оған В. И. Лениннің қазақ сахарасы туралы: қараңдаршы, мына далиған далада жабайылық, нағыз тағылық жалаған ғой деп нығырлап айтқаны осының нақты мысалы. Осындай тұжырымдарға сеніп, біз өзіміздің елдік намысымызды да, өрелі ойымызды да таптаттық. Міне сондай уақытта, “сөз - материалдық байлық“ дегенді ашық айту қиын болуының үстіне қауіпті де еді. Қазақ даласына əлдеқалай саяхаттап келгендер болсын, не қазақ даласының нəрін сормақ ниетпен келсін, не қазақты өзінің құлына айналдырғысы келген отаршылдар болсын, əйтеуір рухын езіп, жан дүниесін жүдетіп, орыс халқының санын көбейту саясатын жүргізгендер алаш ұлдарын тең көрмесі бұлай тұрсын, оның ұнжырғасын түсіріп, меселін басу үшін түрлі “хикаяларды“ ойлап шығарды, халықтығымызға қауіп төндірді. Тарихымызды өздерінің ойына ылайықтап жазды, өз білгендерін істеді.

1974 жылы 25 шілде күні Ғабит Мүсіреповпен магнитафон арқылы сұхбат өткізгенімде бір керемет ой айтты: “орыс патшасы бізді сырттан иемденгеніне мəз болушы еді, ал советтер бізді іштен алып кетті ғой“ деген соң алаш қайраткерлеріне байланысты сұрақтарымды əдейі қоюлатып, əлгі ойына тізгін тастағанымда“ патшалық құрылыс тұсында қазақ даласы өзінің мəдениеті, əдебиеті, тұрмысы оқшаулықта болды. Демек, бұл елдің ішкі дүниесінің жасырынып жатқан жері болған“ (Т. Кəкішев. “Ескірмейді естелік“, 1994. 290-291 беттер) дегені əсіресе сөз өнеріне тікелей қатысты болса керек. Сонда Ғабеңнің “Дүниеде бір ой айтылуы қиын, айтылған ой өлмейді“ (293) дегеніне бақсақ, “сөз - материалдық байлық“ деген пікірдің шындыққа жақын екендігіне шүбə болмасқа керек. Қазақтың өлмейтін ойды көп айта білгені сөзінен анық көрінеді.

Құдай қазаққа басқаны бермесе де сөзді берудей-ақ беріп баққан. Сөзбен бар жағдайдың жөнін келтіре аламыз. Сөзбен қайғылыны жұбат- қанбыз, ердің құнын шешкенбіз, қуаныш-шаттығымызды аспандатқанбыз. Сөзбен зəулім қалалар мен салтанатты сарайларды салғанбыз. Сөзбен уанғанбыз, сөзбен қуанғанбыз. Ұлттың рухына қажеттінің бəрін сөзден тапқанбыз. Сондықтан, қазақ пен сөздің кіндігі бір. Осындай құдіретке көтерілген сөз өнерімізді, соны жасаушыларды қадірлей білмесек, онда біз дүниедегіні парықтау қабілетінен айрыламыз. Тарихтан үміт ете алмаймыз. Оның шет жағасы шығып та жатыр. Өзіне дейін өзгелер де өмір сүргенін аңғармайтын, өз айтқанынан басқаны түкке тұрмайды деп білетін “данышпандар“ шыға бастаған уақытта тарихи қайраткерлердің қайсы болса да сасық көкіректен “сыбағасын алып“ таяқ жейді екен. Оған басқаларды былай қойғанда өңгені емес, сөздің жанын білетін шығар деп ойлайтын Мұхтар Мағауиннің бес кітаптан тұрмақ “Мен“ хамсасы жəне оған байланысты “Егемен Қазақстан“ мен “Қазақ əдебиеті“ газеттерінде жазылып жатқандар, жұмсарта айтқанда, əшейінгі ожарлықтың көрінісі. Əрбір қайраткердің ісі өзінен кейінгілердің бүгінгі түсінігімен емес, өзіне дейінгілерге қарағанда не тындырғанымен, өзі өмір сүрген заман түсінігімен бағаланатынын ұқпау əрине білгеннің ісі емес. “Менің кім екенімді бүкіл қазақ халқы біледі“ деп ойлайтын Мұхтардың аузынан шықпағаны жөн еді. Мұндай ауру кəзір бүкіл əдебиет əлемін жаулап барады. Баяғыда жалғыз Белгібай ағамызды білуші едік, енді оның баласы түгіл, немере-шөберелері шыға бастапты. Сəкендердің “сырты ғана жылтыраған, құр кеуде. Сірə іші əнте қуыс. Басы да қуыс“ екендігін өздеріне салыстыра қарап анықтайтындар шығуда. Бұған əлеуметтік тосқауыл болмаса, қазақ əдебиеті мен мəдениеті шынында да қуыс кеуделерге толып кетер . . .

Керуеннің көше берерін “Қазығұрт“ баспасы қазақ ақын-жазу- шыларының көп томдықтарын шығару үрдісімен-ақ аңғартып жатыр. 2004 жылы, тілейік мейлі, тілемейік мейлі, қазақ халқының ғана емес, бүкіл дүние жүзінің тарихында керемет үрдіс жасап, адамзат дамуына талай қиындық пен жақсылықтарды əкелген төңкерістің, соның жырын жырлаған əдебиеттің серкелері Сəкен, Ілияс, Бейімбеттердің 110 жылдығы болады. Өздері өмір сүрген заманнан, өздері орнатқан қоғамнан рахат көре алмай, қорлық-зорлыққа тап болған ұлыларымыздың шығармалар жинақтарын шығару елдігіміздің үлкен белгісі, санамыздың ұлы қуанышы. Осыған орай олардың кешегі рухын, түсінік-танымын бүгінгі ұрпаққа таныстыратын, сəті түскен кезде көркемдік лəззатына батыратын, ақыл-санасының өсуіне ықпал жасайтын туындылары жарық көрер алдында қалың оқушыға тəуелсіздік əкелген көзқараспен олардың өмір жəне өнер жолдарын, тарихтағы орындарын жаңаша баяндап берген орынды болмақ.

Ақынның негізгі поэмаларында жаңа заман тақырыбының азаттық жолындағы күрес идеясы жырланады. Сәкен шығармалары жастарды адами құндылықтарға, терең ойлы болуға, тарихи құндылықтарды білуге, тілді құрметтеп, отансүйгіштікке құрметтеді. Сәкен Сейфуллиннің барлық шығармалары біз үшін алтын қордың бірі. Бүгінде атамыздың туылғанына 125 жыл толды Еңбек адамдарының ортасында болып, олардың мехнатты өмірін, әділетсіздікке қарсы күресін көріп болашақ ақынның таптық ой-санасының ерте оянуына әсер етеді. Ол кісі Омбы қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Сәкен Сейфуллин Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жердегі ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. Осында жүріп ақын 1916 жылғы халықтың ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алды. Көтерісшілерге тілектістік білдіріп, өлеңдер жазады. Сәкеннің қоғамдық, шығармашылық жаңа өмірі 1917 жалдан басталады. Қоғамдық саяси зор жұмыстарымен әдеби шығармашылығын қанаттаса жүргізе отырып, Сәкен Сейфуллин жиырмасыншы жылдардың өзінде көрнекті ақын болып қалыптасты. 1922 жылы оның «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы, «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» деген пьесалары жеке-жеке кітап болып басылды Сол замандағы халықтың мұңын, қайғы-қасыретін жеткізу, азаттық жолындағы күрес сияқты тақырыптарды өз шығармашылығына арқау етеді. Сонымен қатар балалар әдебиетінің негізін қалап, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелетін шығармалар жазған. Атап атсақ, "Маузер", "Бандыны қуған Хамит", "Бұлшық ет", "Балалар" т. б социалистік реализм жолымен жазылған еңбектері бар. Маузер поэмасында ерлік көрсеткен қазақ еңбекшілерінің жарқын бейнесін жастарға әсерлі түрде суреттеп берген. Тастамады қолынан Қан аққан ер маузерін. «Босамандар» деді де Қанын сүртті аузының, - деген өлең жолдарында қан майдан күресіндегі кейіпкердің шыдамдылығын, табандылығын сипаттады. Мұнда халық бостандығы үшін революциялық күрес үстінде өзі қатты жарақаттанған болсада кейіпкердің Отанға деген сүйіспеншілігі, өлім хәлінде жатсада, берілмейтін қайсар мінезі жастар санасына қозғау салатыныда суреттелген. Ал, «Бұлшық ет» өлеңінде еңбек еткен адамның табысын жырлаған. Еңбек еткен адам құрметке ие болып қана қоймай, отанын да, халқында әрқашан сүйсіндіріп, даңққа бөлеп отырғанын жастар қауымына үлгі-өнеге етіп көрсеткен. Шаттық, қызық еңбекте, іс істейміз сүйсіне. Темір қалақ үн қосар, күшті қолдың биіне. Көкке өрлетіп қалаумен, 172 Қышыл қышты тізелту. Қызыл күннің астына, Орпатымыз қызыл ту . . . Бұл өлеңінде игі жұмыстардың барлығы біз үшін істеліп жатқандығы және бұған жастардың өздері де ат салысу керектігі айтылған. Сәкен Сейфуллин әділдік, теңдік жолында өзінің ойын іркіп қалған емес. Оны мына көркем шығармаларынан байқауға болады: «совет баласы», «Қызыл ат», «Біздің тұрмыс» т. б Бұл шығармаларында жастарға әділдік, отансүйгіштік сонымен қатар қайсар мінезді болуға шықырады. Сәкен өзінің лирикалық шекарасын батылдықпен кеңете алған ақын. «Ананың хаты», «Анаға жауап» сиқты өлеңдерінде ана мен бала арасындағы сағынышты суреттеді. Бұл өлеңдерінде ескі өмірдің қайғысын көп тартып, баласын өмір үшін күреске тәрбиелеген ана, жаңа қоғам иесі баланың нақты образдары нақты суреттелген. Осылайша, Сәкен Сейфуллин лирикалық ақын есебінде адамгершілік мінездерді, айырлмас достықты, ана мен бала арасындағы үзілмес байланысты қастерлеуші және сол сезімдерді жырлаушы болған. Көңіл-күй лирикаларының ішінде «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамның рухани жан дүниесін түсіне алатын сыр сандығын ашып, сым пернесін баса білетін достарға Сәкен Сейфуллин Қолыңда жемің барда шырқ аналып, жем таусылса, жалт беретін жанама достарды қарсы қойды. Өлең идесы өмір шындығынан туған терең философиялық ойды аңғартады. Өлеңнің қайталанып келетін жолдары мен сөз тізбектері ақын ойын нақтылап ашып, ерекше көркемдік ойнақылық береді. Өлеңде адал достықты және шын достыққа нағыз дос ие болатынын, оның баға жетпес байлық екенін айтады. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин халық аңыздарына суйеніп, елдің батырлықты, дәстүрлернің адамдық ізгілікті, қазақ жерінің әсем табиғатын суреттейтін поэмалар жазған. Қазақтың ең шарайлы өлкесі - Көкшетау туралы шығармашылығы реалисьтік стильде жазылған. Бұл мәдени мұрада табиғаттың көркем бейнесі әсерлі суреттелген.

1. 2 Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі

Сәкен Сейфуллиннің табиғат лирикасына арнап жазған өлеңдері көптеп саналады, олар: алдымен әрине «Көкшетау», «Аққудың айырылуы» поэмалары, «Біздің жақта», «Далада», «Тау ішінде», «Жайлауға көшу», «Май айы», «Қара жер», «Жаңа жыл», «Қарлығаш», «Жазғы түнде» т. б. өлеңдері. Табиғат лирикасы - лирика жанрының бір түрі, ақынның ішкі жан дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, суреттеуі арқылы танылатын өлең - жырлар. Табиғат лирикасының алғашқы белгі, нышандарын фольклорлық поэзиядан байқауға болады. Өйткені қашанда адамзат табиғатпен етене жақын. Сондықтан айнала қоршаған орта және оның түрлі жаратылыс сырлары адамның назарын өзіне аударған. Осындай жағдайда ақындар табиғатқа арнап лирикалық өлеңдер жазып отырған. Біреулер табиғаттың пейзаждық суреттерін жасаса, енді бір ақындар сол табиғат арқылы қоғамдық өмірді, адамның ішкі көңіл - күйін астастыра жырлаған. Табиғат лирикасын айтқанда, ұлы Абайды еске аламыз. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап жазған өлеңдері осы уақытқа дейін оқушысын тамсандырып келеді. Абайдан соңғы қазақ ақындары да (С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, І. Жансүгіров) табиғат лирикасын көптеп жазды. Ал бүгінде табиғат туралы жазбаған ақындарды кездестіру қиын. Демек, табиғат лирикасы өзінің мәңгілік жырлана беретін тақырып екенін айғақтайды. Сәкен де өзі көрген әрқилы өмір талқысының кездейсоқ суреттерін ысырып тастап, оның аржағындағы өмірдің әдемілігін көре білді. Сәкеннің өлеңдері көп бояулы, адам өмірінің мән - мағынасын түсінуге, әдемілікті, құндылықты бағалауға бастайды - деп жазады ҚР ҰҒА академигі, сәкентанушы ғалым, сыншы С. Қирабаев «Сәкеннің ақындығы туралы мақаласында. Сұлудың көз жасындай жазғы түннің мөлдір шығы, меруерт тасындай жайнаған жұлдыз, айна алдындағы сұлудай таранған өзен бойындағы тал, созылып, шашырап, қалтырап аққан өзен суы, Арқаның еркін даласында, тыныштықта тау баққан қазақтың ерке баласы, жазғы түннің ләззатын татқан ғашықтар, өткен жастықты бейнелейтін күзгі табиғат суреті - бәрі де осы көп бояудың бірін - бірі толықтырып, жарасып тұрған полотно сияқты. Тәңір жомарттықты жасайын десе аямайды, бере салады. Сәкенді сұлу, сымбатты қылып жаратты, дарқан дарын берді, ал кіндік кескен жеріне көрікті табиғат сыйлады. Ол әсем ән мен күмбірлеген күйге арқау болған - Сарыарқа, Нұра, Есен өзендерінің құбылаға бет алған өрісіндегі Аба тауының бауыры болса, соның қойнауындағы Қарашілік деген жер оның атамекені -деп жазды жазушы Амантай Кәкен «Сәкен жасай береді» естелігінде. Бір - бірімен ұштасқан дөңестер мен белестер, түйе өркеш адыр тау, шоқылар. Самал желмен тербеліп, мойнын көкке созған тал, терек, ақ балтырлы қайың, топ - топ шілік. Бірлі - жарым жұпар иісті қарағай. Әр сайдың, әр қырқаның баурайында 251 шоқталып өскен. Арасында жүгірген аң, ұшқан құс. Бірде ойпаң жазық, бірде жылға, сайлары мол, адырлы, қырқалы өңір мал өрісіне жайлы, шабындық жерлер. Жаз шыға солтүстікке - Ақмолаға бет алған көш Есен өзенінің бойына біраз тоқтайды, Алда - Нұра, Маржанкөл, Құндызды деген жерлер. Күзге қарай ел қыстауға көшеді, тағыда құлпырған Есеннің бойын жайлайды. Сәкеннің дүние есігін ашып өскен, балалық шақтың бал қызығын өткізген жері осы. «Туған жерім, өз елім», «Жазғы кеш», «Жайлауға көшу» атты өлеңдеріне өзі туып - өскен жер, ел тіршілігін сүйіспеншілік сезіммен жырлайды. Сәкен Сейфуллиннің туған жер, туған ел, табиғат сұлулығына арнаған бірнеше өлеңдеріне қысқаша мәлімет беріп өтейік: «Тау ішінде» - өлеңін ақын қазақ аулының табиғатына, тіршілігіне байланысты шығарған. Тамылжыған түнде қалғыған тауды оятып, баяулатып ән салған, армандай аруын сол сиқырлы әнмен сұрау салып іздеген жігіт көңілі сұңқардай қанаттанып, сонау биіктікті шарлайды. Ән салдым есіп майда жаяулатып, Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып. Толқындай мың құбылған әнімді естіп, Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып. Ақбоз атым қояндай, еркелеп басар аяңдай. Тербеді даусым ауаны, Дыңылдап қалқып баяулай, Әй, әй, сүмбіл шаш, Тәтті сөзің, Қара көзің, Білгейсің келгенімді жалғыз өзің. Осындай сюжет пен сурет, әрекет пен сезім тұтастығы шағын бір өлеңнің бойынан жарастық тапқан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәбит пен Сәкен шығармашылық байланыстылығы
Сәкен Сейфуллин -әдебиет сыншысы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ поэзиясындағы ұлттық сипат
Қазақ әдебиеті - күні бүгінге дейін халықтың ауыз әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
А. Нұрқатовтың әдебиетке қосқан үлесі
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
С. Сейфуллин шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz