Аударма теориясының отандық тіл білімінде зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Э. Хемингуэй шығармаларындағы лингвомәдени

ерекшеліктердің аудармада берілуі

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

Қандай тіл болсада оны түпкілікті қыр-сырына қанық болу үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткілікті бола бермейді. Алдымен ғасырдан-ғасырға ұласқан тарихымен қатар этностың бастан кешіргендері және мәдениетімен, ұлттың өзіне тән мінез-құлқымен толық танысу қажет. Халықты тану үшін сол халықтың тілі мен діні, әдет- ғұрпы, салт-дәстүрі және мәдениетін толыққанды ұғыну аса маңызды рөл атқарады. Сол арқылы халықтың мәдени қазынасы мен рухани байлығына, ұлттық болмысына, шығармашылығына, өнеріне хабардар боламыз. Сол үшін ел ақындарының, жазушыларының, зиялы қауымдардың еңбектерімен таныс болу басты қағидат десекте болады.

Тіл мен мәдениет қатар жүрген жерде әр адамда әлемге деген өзіндік дүниетанымы пайда болып, ұлттық-мәдени өзгешіліктер өзбетінше айқындала түспек. Әрбір адамның түрлі мәдениетті жеке тұлға ретінде сезіне біледі және қабылдайды. Сондай-ақ олар әлем жайлы өз түсінігі мен бейнесін қалыптастырады.

Біздің кейбір кезде жіберетін қателігіміз ол- өзге адамның мәдениетін жат көру. Осылайша бұл түсініспеушілікке, бір-бірінің мәдениетінсыйламауға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты да аударма кезінде де лингво-мәдени аспектілердің керек, әрі аса мән беру екенін түсінеміз. Әрине, мұның нәтижесі көңілге қонымды болады. Себебі, адамдар арасында мәміле, өзара түсіністік пайда болады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тілді меңгеру барысында бір сәтте бізге оғаш, өзге жаңа ұлттың мәдениетіне ене кетеміз. Сол тілдің сарқылмас рухани байлығы көз алдымызда ашылып, сол туралы көкжиегіміз кеңейеді. Тіл үйрену үдерісі арқылы мәдениеттің берік байланысы бар екенін түсінеміз. Демек, адам мәдениетті тіл секілді ақпаратқа толы ортадан бойына сіңіреді .

Аудармашы үшін үйреніп жатқан тіл мәтінін дұрыс әрі толық түсіну және оны нақты әрі сапалы аудару үшін де аудармашыға қос тілді де жоғары деңгейде меңгеру және мәдениетіне сан ғасырғы тарихы жайлы білім болуы маңызды. Сонымен қатар тағы айтып кететін нәрсе аудармашы екі мәдениеттің өзіндік стильдерін мен тәсілдерін егжей-тегжейіне жетіп, әр сөздің шығу тегі мен сөзжасамды, тарихи аллюзияларына жетік білуі тиіс.

Аударма кезінде қазақ әдеби тілінің толығыа түсуіне аса ықпал келтіреді. Мәселен, лексикалық қоры молайып, грамматикалық құрылымы дамып-қалыптасуына біршама септігін береді десекте болады. Бұрынырақта қазақ тіліне шетел туындыларынан қарағанда орыс тіліндегі әдебиеттер көп аударылатын еді. Дегенмен қазіргі таңда ағылшын және басқа да шет тілдерінен аударылатын туындылар күн санап саны арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда аударма ісінің лингво-мәдени аспектісін зер салып зерттеудің маңызын түсіндіреді.

Тіл майталмандары Ғ. Мүсірепов пен І. Кеңесбаев бірге жазған еңбектеріне көңіл аударатын болсақ аударма жайлы бірер сөздері бар: « Тіл мәдениеті саласынан ең қиын да күрделі мәселеге нені жатқызуға болар еді? » деген сұраққа: «Ол - аударма, одан қиын мәселе жоқ мәселе жоқ» дер едік» деп өз ойларымен бөліскен.

Сол себепті жазушының туындысымен сусындаған шығарманы аударушының ұлттық-мәдени түсінігі мәтін барысында және өзіндік қайталанбас стилі мен сөз саптауы айқын білініп тұрады. Соған орай көркем мәтінді аударушы тілдің мәдениетіне салып, ұлттық бояуын өшірмей, сараптап, саралап, ұлттың дүние-танымын мейлінше сақтауға барын салады. Әрине, екі тілдің оқырмандарына шығарманың көңілінен шығу үшін біліктілігін шыңдайтын және шеберлігін кәсіби түрде көрсететін іс.

Екі ұлттың барлық жағынан қамтысақ дәлме-дәл ұқсай бермейтіні тайға таңба басқандай анық. Яғни, күнделікті тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімі, жөн-жоралғысы, өзіндік түсініктерінде айтарлықтай ерекшеліктер, айырмашылықтар болатындығын негізге алу керек. Аударма үдерісінде екі тілдің байланысында типологиялық, географиялық жақындығы, бауырлас-қандас бір топқа жатпайтынын ескереміз. Сол себепті түпнұсқа мен аударма тілінде лингво-мәденитанымдық бірліктерді аудару барысында өзіндік қиындықтар тудыратыны сөзсіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неміс және қазақ тілдерінің құрамында “ақ” және “қара”атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыда)
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасуы және қолданылуы
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ономасиология және оның тіл білімі салаларымен арақатынасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz