Тарихи рөлі


СӨЖ
Факультет: География және табиғатты пайдалану
Кафедра: Рекреациялық география және туризм
Тапсырма: "Мәдениеттану пәнінің қоғамдағы рөлі" сіздің ойыңыз?
Орындаған: Ергешов Д
Тексерген:
Мазмұны
- Кіріспе . . . 2
- Мәдениеттану ғылымы . . . 2
- Тарихи рөлі . . . 2
- Мәдениеттану пәнінің қоғамдағы рөлі . . . 3
- Қорытынды . . . 3
Мәдениет - бұл адам баласының ажрамас бөлігі, ол адамның сөйлеу мәнерін, тарихы терең салт дәстүрін жәнеде кісінің адамилық құндылықтарын сіпаттайды. Мәдениет бір халықтың көрсеткен сыпайылығы, мейрімі, қонақжайлылығы. Бүгінгі таңда мәдениет тек атап өткен қасиеттермен шектелмейді, мәдениет ғылым ретінде де дамып, адамдарға оң пайдасын тигізуде. Бұл эсседе мен мәдениет пәнінің қоғамға тигізер пайдасы туралы сөз қозғайтын боламын.
Мәдениеттану - бұл мәдениет туралы ғылым және философиялық ілім. Мәдениеттану жеке дара ғылым ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа турлерімен сабақтастығын, қарым - қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Мәдениеттану пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан - жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылымы теориялық тұрғыда талдау жасайды. Мәдениеттану бұл тек қана гуманитарлық ғылым саласында ғана емес, жалпы теоретикалық пәндер қатарына кіреді, себебі ол адамзат баласының мәдени өміріндегі сан алуан турде қарастырады. Мәліметтану ғылым ретінде қалыптасуына антропология, тарих, психология, педогогика секілді ғылымдар өз ықпалын тигізген. Мәдениеттану негізгі мақсаты дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу.
Бұл термін қазақ тіліне арабтың “маданият” - қала, қалалық деген сөзінен келіп шыққан. Бұл ортағасырдағы мұсылман мәдениеттінің өркендеу кезіңімен тығыс байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген, ал кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж. ) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
- мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
- мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері;
- мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
- агро мәдениет
Мәдениеттің қоғамға беретін әсері өте орасан, сол жайлы мен бұл тұрғыда туризм саласында мәдиниет жайлы айтатын болам.
Туризм саласының дамуымен туризм мәдениеті ғылымның назарына көбірек түсуде. Мәдениет пен туризм бір-бірімен тығыз байланысты және адамзаттың дамуымен бірге жаңа дамуды қажет етеді. Туризм мәдениеті либералдық тәрбие мен эстетикада, экономика мен мәдени алмасу саласында маңызды рөл атқарады. Туризм - бұл өте заманауи қызмет, оның танымалдығы күн сайын артып келеді. Бұл тұтас сала, туристік демалысты ұйымдастырумен және тұтынушыларға әртүрлі қызметтермен қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындарды біріктіретін сала. Жалпы, туризм дегенде достарына, туыстарына қонаққа баратын, мерекелерде, демалыста демалып, жай ғана уақыт өткізетін адамдарды айтамыз.
Туризм тұлғаны дамытады, танымдық ой-өрісін, шығармашылық және ұйымдастырушылық қызметін кеңейтеді, шаршаудан босатады, ойын-сауық пен демалыстың көптеген түрлерін ұсынады.
Мәдени аспектіде туризм халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші бола отырып, мәдени мұралар мен тарихи құндылықтарды сақтауға, әртүрлі ұлт өкілдерінің өзара мүдделерін қалыптастыруға ықпал етеді, ұлттар арасындағы төзімділік пен сыйластықтың артуына әкеледі. олар, ұлтаралық және халықаралық қатынастарды тұрақтандыруға әсер етеді.
Қорытындылап айтсақ, мәдениет бұл адамды тұлға ретінде қалыптасу үшін үлкен ықпалын тигізеді. Ал туризм саласында туризм саласын дамыту тұрғысында айрықша дәрежеге жеткен десек қателеспейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер;
- https://tourlib. net
- 1-дәріс. pdf
- https://ru. wikipedia. org/wiki/. kz
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz