Қазақтың ұлттық киімі - қамзол


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақтың ұлттық бұйымы - камзол әшекейлеу
Орындаған:
Жетекшісі:
Секциясы:
Бағыты:
2021ж
Мазмұны
Аңдатпа
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2. 1 Ең әдемі киім - ұлттық киім
2. 2 Қазақтың ұлттық киімі - қамзол
2. 3 Камзолдың пайдалық - утилитарлық сапалары
3. Практикалық бөлім
4. Қорытынды
Ұсыныстар
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Аңдатпа
«Ең әдемі киім - ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.
Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған. Мысалы камзол.
Ғылыми жобада камзолды жасау, әшекейлеу өнері зерттеледі.
Аннотация
«Самая красивая одежда - это одежда твоей нации", - говорили великие люди. Ни вид, ни модель национальной одежды казахского народа не уступали ни одному народу. Его художественные образцы представлены в этнографических музеях и выставках мира. В национальной культуре ценная одежда являлась подарком, памятником, знаком в дипломатических отношениях. Уважение к лошади, халату расценивалось как проявление уважения.
В давние времена народные мастера создавали различные модели одежды, характерные для казахской действительности, удобные в носке. Камзол, например.
В научном проекте изучается искусство изготовления, декорирования камзола.
Annotation
"The most beautiful clothes are the clothes of the nation, " great people said. Neither the type nor the pattern of national clothing of the Kazakh people was inferior to any other people. Its artistic examples are presented in ethnographic museums and exhibitions around the world. In the culture of the nation, precious clothing was a gift, a monument, a sign in diplomatic relations. A horse, a robe, was considered a manifestation of respect.
In ancient times, folk craftsmen created various types of clothing that are characteristic of the Kazakh identity, which is convenient to wear. For example, a doublet.
In the scientific project, the art of making and decorating a Doublet is studied.
Кіріспе
Қазақ халқының қол өнерінің бір саласы - киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес.
Қазақ халқының ұлттық киімдеріп ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлсек; ерлер киімдеріне айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ, ішік, саптама, етік жатады. Ал әйелдер киімдеріне қос етік, койлек, камзол, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрік, көкірекше жатады.
Өзектілігі: Қазіргі таңда күні бүгінге дейін өзінің ата-дәстүрін құрметтеп өзінің ата кәсібі ретінде қолөнер шеберлері оларды дамыта отырып қайта жаңғырту үстінде.
Мақсаты: Сыныптастарыма қазақтың ұлттық киімі камзол тігудің қыр - сырларын көрсету
Міндеттері:
- қазақтың ұлттық киімдерімен танысу;
- әйелдер киімінің ерекшелігін зерттеу;
- камзол ұлттық киімін тігу жолдарын көрсету;
Гипотеза: Егер мен қазақ ұлттық киімі - камзолды әшекейлеу, тігу жайлы көбірек білсем, маған білгенім болашақ мамандық (тігінші) таңдауда көмегі тиер.
Зерттеу әдістері : іздеу, талдау, салыстыру, зерттеу, бақылау.
Жаңалығы: Бұрынғы кезде казақтың қызы 12-13 жасынан бастап бойжеткен деп есептелетін. Бұл жасында бойжеткен қыздар әсіресе өзгеше және көркем киінетін. Олар сұлулығын көзге түсетіндей аса әдемі киімдерді киген, таққан қымбат әшекейлерімен таң қалдырып етіп жүрген. Үстіндегі көйлектеріне көшсек, олар аса бос емес, керісінше өзіне шақ, тіпті кеудесінен тарлау, ыңғайлы, қыз баланың кеудесін жауып тұратын болған, ал етегі ұзын және қос етекті болған. Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадайды. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дәл осы желеткені қатты тартып тастап жас қыздар өз төсін жасырған. Желеткені не камзолды белден буып тұратын белбеу атты бұйым алтыннан, күмістен және былғарыдан жасалған . Осы жастағы қыздар тек қана ашық түсті киімдер киген, себебі бұл жастықтың белгісі болған.
Қарт әйелдердің үстіндегі камзол болса аса бай оқалы өңірмен безендірілген. Камзолдары қымбат, сапалы матадан тігілетін, көбінесе көк не жасыл түсті болатын. Олардың әшекейлері көбінесе тана және жылтыр болатын. Қалталарына күміс тіс шұқығыш пен күміс тарақтарын салып алатын. Жас қыздар сияқты шаштарына әрлендірілген шолпы тақпаған және де алтын-күміс алқа салмаған.
Негізгі бөлім
Ең әдемі киім - ұлттық киім
Адамзаттың арғы тарихынан, Адам ата мен Хауа ана заманынан бері адам баласы тіршілік етіп ұрпақ жалғастыру үшін табиғаттың тылсым күштерінің сан алуан сындарына қарсы күрес жүргізу арқылы ұзақ та күрделі даму сатыларынан өтті. Адамзаттың тірі қалу жолындағы күресі бүгінде үлкен бір өнерге айналып отыр.
Кеңістік барлық заттың өлшемі болса, уақыт - әртүрлі кезеңдегі болған оқиғалардың өлшемі. Осы кеңістік пен уақыт қосылғанда ұлттық тарих басталады деген тәмсіл бар. Ал қазақстандықтар үшін Қазақстан тарихын терең зерттеу және оны дұрыс түсіну − басты мәселенің бірі. Ол үшін барлық деректер баршылық.
Адамзат палеолит кезеңінде тігіссіз киімдерді пайдаланса, неолитте, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін меңгергеннен кейін иықтан, мойыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Мысалы, үнділер сари, шалма кисе, римдіктер тога, ежелгі гректер гиматий киді. Өткен ғасырларда киім маусым ауысуына, ыстық пен суықтың алмасуына байланысты болса, уақыт өте келе адамдардың жас айырмашылығына, жынысына, әлеуметтік дәрежесі мен өмір сүру ортасына, діни сенімдеріне байланысты қалыптасып дамыды.
«Ең әдемі киім - ұлттық киім» деген екен ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі саналады.
«Заттың құны жылтырында емес, сапасында» демекші, қазақ ұлттық киімдері тек табиғи таза материалдардан: аң терілерінен, жүннен, киізден, былғарыдан және матадан тігілген. Жалпысында, қазақ халқының қолөнері − көне заманмен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның басты салаларының бірі - киім тігу. Қазақ халқының ұлттық киімдері қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, дала жағдайына ыңғайланған сан алуан әшекейлерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.
Қазақтың көне ұлттық киімдеріндегі ою-өрнектерді сақтай отырып, қазіргі уақытқа ыңғайланған сан алуан киімдер мен әшекейлерді қолданысқа енгізуге, күнделікті гардеробымызды ұлттық үлгіде тігілген киімдермен толтыруға болады деп ойлаймын. Ұлттық үлгіде тігілген киім арқылы жастардың бойына патриоттық сезім ұялатуға болады. Отандық өндірісті қолдай отырып, экологиялық таза материалдан бірталай киім мен әшекейлерді киюге жол ашу керек. Мысалы, мектеп оқушылары, студенттер және мемлекеттік қызметшілердің костюмдері мен галстуктарына қазақтың ұлттық элементтерін салып күнделікті жұмысқа кисе несі айып?! Шетелдерге өзіміздің ұлттық элементтері бар сапалы киімдерімізді ұсына отырып, отандық өнімдерімізді экспортқа шығаруға барлық күш-қуатымызды салсақ жөн.
Абайдың айтуынша, «киім кию салты арқылы адамның мінез-құлқы, қоғамдағы орны, болмысы анықталады», сондықтан еліміздің жастары сәнді және әдемі киінсе, олардың өмір сүру сапасы да жақсара түседі.
Қазақтың ұлттық киімі-қамзол
Қамзол - әйелдердің ұлттық киімінің бір түрі, оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл, сапалы кездемелерден тігіледі. Камзолды кей жерлерде «жеңсіз бешпент» немесе «көзекей» деп атайды. Камзолда жең де, жаға да болмайды және де екі өңірі тек тыс пен астардан тұрады. Камзолдың астары үшін көбінесе атлас, шағи, торғын пайдалынады. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай етіп тігеді. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасаған, алтын, күміс жалатып, асыл тастан көз орнатқан қаусырма қадалады. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді.
Қыздар мен жас келіншектер киетін өте сәнді болады. Оның екі омырауына алтын, күміс жалатқан қозалар, шарбақ түймелер, меруерт, маржандар тағылады. Кейбір жерлерде күміс теңгелерді тесіп тағып қояды. Қазіргі кезде жергілікті өнеркәсіп орындары барқыт пен пүлішпен сәндеп тіккен камзол шығаратын болды.
Камзолдың пайдалық -утилитарлық сапалары
Камзолдың пайдалылығы: тиімділігі (сенімділігі мен жарамдылығы), эргономикалығы (шағындылығы мен ыңғайлылығы, киім мен адамның өзара әсері, конструкцияның қарапайымдылығы), үнемділігі (материалды тиімді пайдалану мен сәйкестігі), технологиялылығы (өңдеудің тиімді әдістері мен құралдарын талап етуі), конструктивтілігі (материалда негізгі кеңістікте ұйымдастыру әдістері мен конструкцияның өзара байланысы, сондай-ақ, костюмнің жұмысқа жарамдылық қызметін оның кеңістік ұйымдастыруға сәйкестеуге ұмтылуы қағидалары бойынша анықталады) .
Камзолдың эстетикалық сапалары: бейнелілігі (көркемдік мазмұнына формасының сәйкес келуі), байланыстылығы (рухани мүмкіндік пен адам қажеттігін өтеуге форманың сай келуі), ағымдылығы (материал мен форманың өзара әсері), ұйымшылдығы (композиция мен форманың өзара әсері) бойынша анықталады. Камзолдың көркемдік мәнерлілігі күрделі құрылым. ол көптеген нәрселерге негізінен байланысты. Камзолдың мәнерлілік туғызу үшін, оған бейнелік, поэтикалық және идеялық-эмоциялық мағыналар берілді.
Сондай-ақ, форма мәнерлілік күші ретінде көрінеді.
Форма / лат. Форма-сыртқы түр/-мазмұнының сыртқы көрініс, мазмұн бөлшектерінің өзара әсері, байланысы, типі мен құрылымы .
Көркемдік форма - ішкі ұйымдасу, көркемдік - мәнерлік құрылымы жүйесі арқылы белгілі бір өнер түрінің көркемдік азмұнын сипаттау үшін жасалған көркем шығарманың құрылымы. Камзолдың көркемдік формасын жасау арқылы оның мазмұндылығы эмоциялы қабылданып, эстетикалық мағынаға ие болады. Форма техникалық, тәуелділік және бейнелілік шешімге байланысты әркімге әртүрлі әсер етеді. Әрі белгілі жағдайға, уақытқа байланысты формасы өзгеріп отырады. Камзолдың адам денесіне лайықталып тігіледі, ал адам болса белгілі ортада өмір сүреді. Демек, адам - орта - форма құрылымдық байланыста болады. Камзолдың кеңістігі қалпы, алатын орыны - оның формасы болады. Ол өзінің силуэтімен анықталады.
Силуэт /фр. Silhuet-сыртқы көрініс/-костюмнің жазықтықтағы әр қырынан көрінуі. Мысалы, Камзолдың алдынан, артынан, жанынан көруге болса, аяқ киімді үстінен, астынан (табанынан) және жанынан көруге болады. Осы жағдайда әртүрлі тоғысқан және орналасқан сызықтарды байқаймыз.
Камзолдың көріністерін салып үйрену үшін немесе көріністерді дұрыс ажырата алу үшін оңай заттардың әртүрлі көріністерін қарап үйрену қажет.
Практикалық бөлім
Қамзол сызбасына қойылатын негізгі талап:
- денеге қонымды болу;
- сәнді, ұлттық нақыштармен ерекшеленеді;
Қамзол:
- жеңсіз және жеңді (ұзын, қысқа) ;
- қима бел және тік пішінде болады.
Қауіпсіздік ережесі:
- Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал. Ол үшін қайшы, ине-жіп, мата, сантиметрлік таспа керек.
- Ине-жіпті ауызға салма, арнайы түйрегішке түйре!
- Жұмыс кезінде және жұмыс соңында құрал-жабдықтарыңды жинақы ұста
- Жұмыс соңында жұмыс орныңның тазалығын байқап, жұмыс орныңды ретке келтір.
- Жұмыс кезінде аса ұқыптылық қажет ететіндігін естен шығарма!
- Қайшыны досыңа ұсынарда сабымен ұсын, ашық қалдырма!
1. Камзол тігу
-Қағазға үлгі сызба дайындау
-Матаға түсіру
-Көктеу жұмыстары
2. Қамзолдың сызбасын сызу
Бұл сызба үш бөлікке бөлінеді: тор , артқы бой және алдыңғы бой.
Тор бір-біріне тік бұрыш жасай екі сызық жүргізіледі. Тік сызық - артқы бойдың орта сызығы, көлденеңі - желке сызығы.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің өлшемі алынып, оған 4 см қосылады (48+4=52 см) . Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығы болады.
Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып оған 3 см қосылады (48/3+3=19 см) . Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық жүргізіледі. Бұл - алдыңғы бойдың орта сызығы болады.
Желке сызығынан төмен қарай бойдың орта сызығы бойымен артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы (38 см) салынып, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Сөйтіп, бел сызығы анықталады.
Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың сызығы бойымен 16-20 см өлшемі алынады да, табылған нүкте көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосылады. Жамбас сызығы осылай анықталады.
Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2, 5 см қосылады (48/3+2, 5=18. 5) . Табылған нүктеден желісе сызығына дейін тік сызық жүргізіледі.
Бұл жауырын ені сызығы болады.
Жауырын ені сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің төрттен бір бөлігі салынып, оған 0, 5 см қосылады (48/ 4+0, 5=12, 5) . Сөйтіп, қ олтық ойындысының кеңдігі табылады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігіне тең (48/8=6 см) тік сызық жүргізіледі. Осылай қолтық ойындысының шығыңқы сызығы табылады.
Жауырын ені сызығынан бастап қолтық ойындысының шығыңқы сызығына дейінгі қашықтық (кеуде сызығы бойымен) қақ бөлінеді де, бөлу нүктесінен жамбас сызығына дейін тік пунктер сызық жүргізіледі. Бұл - бүйір сызығы
болады.
3. Мата таңдау.
Барқыт - бет жағы тығыз түкті, жұмсақ мақпал мата. Жіңішке жолақтарының арасы тақырланып келген түрін шибарқыт деп атайды. Түгі қалың болып, жолағы жуан келсе жуан шилі барқыт деп аталады. Мақпал - жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі. Мақпалдың үш түрі бар: қара мақпал - қара барқыт; қой мақпал - түкті пүліш; қырмызы мақпал - қызыл күрең барқыт. Қазақ халқы мақпал деп көбіне бір тегіс, түгі тықыр әрі түсі қара барқытты атаған. Мақпалдан бешпет, қамзол, кәзекей, тақия, қасаба, бөрік, т. б. ұлттық киім түрлері мен күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (тұскиіздер, төсек жапқыш, т. б. ) тігіледі. Қамзолдың түйме орнына қапсырманы пайдаланады. Қамзолға астарлық үшін атлас матасын қолданады.
4. Түс үйлесімділігі. Түс таңдау мәселесіне келсек, кез-келген киімдегі маңызды бір мәселе түсі болып табылады. Ол адамның сезіміне, көңіл күйіне күшті әсер етеді. Адамның түсі қабылдауының өз заңдылықтары бар. Қыздар көбінесе алқызыл түсті камзол киген, қызыл түс байлықтың, күннің, оттың, өмірдің символы. Ал орта жастағы әйелдер, қарт әжелер негізінен көк, ақ түсті киімдер камзол киген.
5. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау.
А) кестелеп өрнектеу
Ә) зерлеу
Б) оқалау
В) жапсырма (аппликация) бастыру
Камзолдың соңғы сатысы бұл ою-өрнектердің айналасын көмкеру жұмыстарына кірісеміз. Әрбір ою-өрнектің тұсына моншақты тігіп, әсемдейміз.
Қамзол тігу кезіндегі бөлшектерді қатырмалау
Тігін тігуде қатырмалау термині киімнің жекелеген бөлшектерін аралықтөсеммен жабыстырып, желімдеп бекіту мағынасын білдіреді.
Пішім бөлшектеріне аралықтөсем материалдары үтік көмегімен жапсырады.
Желімдік төсем материалы - флизелинді тігіске 5 мм жеткізбей пішеді.
Флизелин тігінен созылмағанымен көлденеңінен аздап созылады. Флизелиннен бөлшектерді пішу кезінде пішім бөлшектерінің бойлық жіп бағытын ескерген жөн.
Пішім бөлшектері шетінен аралықтөсем шықпауы керек.
Өйткені, желімдеу ұнтағы үтіктеу тақтасына және үтікке жабысуы мүмкін.
Қамзолды желімді төсем материалдарымен қатырмалау.
1) Қамзол бөлшектерін және желімді төсем материалдарын пішіп алу.
2) Пішім бөлшектерін желімді төсеммен қатырмалау (өңірасты, пішімдік әдіп) .
Иық және бүйір тігістерін тігу. Тігісті матаның қалың жұқалығына қарай артқа жатқызып немесе екі айырып үтіктеу.
Паутинка Флизелин
Қорытынды
Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, ой-қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы, байқағыштығы артып, дамып отырады. Сондықтан ғасыр бойы тарих жолымен дамып, оның ұлттық қадір-қасиеттерін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып келеді. Қазақтың әрбір ұлттық өнері өзінің сипатымен емес сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай сан ғасырлық тарихтың үлгісін сақтап келеді. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, ауыз әдебиеті үлгілерінде де әсемдікке баулу, сұлулығын сүйсіне білуге тәрбиелеу мақсатында айшықты сез өрнегімен суреттеп те отырған.
Халық педагогикасы - тәрбие жөніндегі халықтың ой-тәжірибесінің жиынтығы. Бала санасына аса бай халықтық өнер бірте-бірте сіңеді. Халық сол арқылы ұрпағымыз өнегелі, өнерлі, еңбек сүйгіш, сұлулықты қадірлеп, бағалай білуге ұмтылдыру мақсатында аз еңбек еткен жоқ. Ұлттық өнер көптеген ғасыр бойы өзінің спецификалық бейнесі мен халықтық танымын қалыптастырып отырады. Одан халық үні, ежелгі қазақ даласын мекендеген көшпенділердің дәстүрі мен әдет-ғұрпы айқын көрінеді. Бүгінгі таңда, халық шеберлері мен ұсталар тың ойларды туғызып оны жаңа мазмұнымен
байыта отырып, халықтық өрнектеу өнерін жетілдіру мен дамытуды жалғастырып келеді. Қазақ халқында «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген ұлағатты соз бекер айтылмаған.
Халықтың сонау арғы кезеңіндегі мәдени өміріне ой жүгіртіп көрсек, ерте замандардан он саусағынан өнер тамған іскер шеберлердің өнерлері шежіре болып төгіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz