Уландырғыш заттармен жұмыс істеу


ХИМИЯ ЗЕРТХАНАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Студент зертханалық жұмысты жасаудың алдында келесі ережелерді орындауы тиіс:
1. Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады.
2. Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал-жабдықтардың тазалығын тексермей жұмысты бастамайды.
3. Тәжірибені жасағанда оқулықта көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.
4. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.
5. Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.
6. Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.
7. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.
Тез тұтанатын заттармен жұмыс істеу
Тез тұтанатын эфир, спирт, сіркеэтил эфирі, бензол, газ және т. б. заттармен жұмыс жасар алдында келесі сақтық ережелерді білуі керек:
1. Тез тұтанатын заттарды құйғанда немесе өлшегенде оларды оттан алыс ұстау;
2. Тез тұтанатын заттарды баяу, жалыннан алыс қыздыру;
3. Тез тұтанатын немесе ұшқыш заттарды жалыннан, электр плиткасы тұрған жерден алыс ұстау керек.
Қопарылғыш және күйдіргіш заттармен жұмыс істеу
Органикалық химияның зертханалық жұмыстарында металл натрий, күйдіргіш сілтілер, концентрлі қышқылдар, қопарылғыш заттар қолданылады. Осы заттармен жұмыс жасағанда сақтық ережелерін білу керек:
1. Металл натриймен, калиймен жұмыс кезінде көзге көзілдірік кию қажет;
2. Металл натрий, калийді қолмен ұстауға, сулы орынға немесе қалдық заттар салынатын ыдысқа тастауға болмайды;
3. Күкірт қышқылын сұйылту үшін суға күкірт қышқылын құяды;
4. Қышқыл немесе сілті қосылған қоспаның аузын қолмен басып тұрып немесе ашып қойып, қатты шайқауға болмайды.
Уландырғыш заттармен жұмыс істеу
Бром, хлор, азот оксидтері, ацетилен, анилин және т. б. заттар жасалынатын тәжірибелерді тартпа шкафта жасайды.
Жазатайым жағдайларда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек.
1. Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек: - Термиялық күйген кезде күйген жерді калий перманганатының ерітіндісімен немесе этил спиртінің ерітіндісімен жуып, күйікке жағатын майды жағып, үстіне мақта қойып, дәрігерге жіберу керек; - Қышқылмен күйген кезде бірден күйген жерді сумен жуып, 1%-тік сода ерітіндісіне батырылған мақта қою керек; - Сілтімен күйген кезде бірден күйген жерді сумен жуып, 1%-тік сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақта қою керек; - Броммен күйген кезде күйген жерді 1%-тік сода ерітіндісімен бромның қызғылт түсі кеткенше сүртіп, содан кейін күйген жерге 5%-тік мочевина ерітіндісіне батырылған мақта қою керек; - Сұйық фенолмен күйген кезде күйген жердің терісін глицеринмен сүртіп, содан кейін сумен жуып, глицеринге батырылған мақта қою керек; - Көзге қышқыл тиген кезде сумен тиянақты жуып, содан кейін, 2%тік натрий бикарбонатының ерітіндісімен шаю керек; - Көзге сілті тиген кезде сумен тиянақты жуып, содан кейін, 2%-тік бор қышқылының ерітіндісімен шаю керек.
2. Егер тәжірибе кезінде әр түрлі (анилин, фенилгидразин, нитроароматты қосылыстар және т. б. ) уландырғыш заттармен адам уланса, бірден таза ауаға шығарып дем алдырады.
3. Қолды шынымен кесіп алған жағдайда, жараға 3%-тік йодтың спирттегі ерітіндісін жағу керек. Егер қан тоқтамаса, онда жараға 10%-тік темір(111) хлоридінің ерітіндісіне батырылған мақта қойып, дәрігерге жеткізу керек.
4. Егер тәжірибе кезінде сынауықтағы немесе колбадағы заттар жана бастаса, тез ыдыстың аузын асбестпен немесе су орамалмен жабады, жану күшті болса, онда әрбір зертханада болатын құммен, жамылғымен өшіреді.
Зертханалық ыдыстар мен материалдар
Химиялық зертханалардағы аспаптар мен аппараттарды жасау үшін ең көп қолданылатын материалдардың бірі - шыны. Химиялық ыдыстарды жасау үшін суға сілтіге, қышқылға төзімді, температураның өзгеруіне өте төзімді шыны қолданылады. Бұл аспапты, борсиликатты және «молибденді» шынылар. Жоғары және төменгі температураларда жұмыс істейтін аспаптар шынының «Пирекс» деп аталатын түрінен жасалады. Оның ұлғаю коэффициенті өте төмен және температураның бірден -250 о С түсіп кетуіне төзімді. Оның кемшілігі - сілті әсеріне тұрақтылығының аздығы. Максималды термотұрақтылықты қажет ететін аспаптарды, жұмсару температурасы 1400 о С болатын кварц шынысынан жасайды. Мұндай термотұрақтылықта ол температураның өзгеруінде өте жоғары төзімділікке ие болады, себебі оның ұлғаю коэффициенті өте төмен (6·107см/ о С) . Кварц шынының кәдімгі шыныдан айырмашылығы ультракүлгін сәулелер үшін ол мөлдір. Сондықтан, ультракүлгін сәулелердің әсерінен жүргізілетін реакцияларда, аспаптардың кейбір бөліктері кварц шынысынан жасалады. Стақандар. Стақандарда қосымша жұмыстар жүргізіледі. Органикалық сұйықтықтармен жұмыс жасағанда оларды аз қолданылады. 100 о С температурадан аспайтын реакциялар үшін сосуд ретінде қолданылуы мүмкін, егер ауа мен ылғалды жіберуден процесті оқшаулау қажет болмаса. Колбалар. Колбалар жалпақ табанды және дөңес табанды болады. Біріншісінде көбіне ерітінділер дайындалады және сақталады. Оларды жоғары температураларда және вакуумның астында жұмыс жасағанда пайдалануға болмайды. 100 о С жоғары температурада сапасы жоғары шыныдан жасалған дөңес табанды колбалар қоданылады. Бұл колбалар тоңазытқыштармен, дефлегматорлармен, ректификациялы колонкалармен, қондырғылармен және қосымша бөліктермен, мысалы: хлоркальцийлі тұрба, термометрмен және т. б. жабдықталған. Өте күрделі операциялар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz