Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздеріне тоқталу
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті КАҚ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап беру
Орындаған: ЮП-20-3 тобы студенті Меңдеш Ә.А.
Рецензент: з.ғ.к., профессор Бұғыбай Д.Б.
Ақтау 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ..5
Қылмыс жасаған адамды ұстау түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДАРДЫ ҰСТАП БЕРУ ШАРАЛАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20
2.1 Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру шаралары шегінен шығып зиян келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2 Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ату қаруын заңға қайшы колдануы және мұндай әрекеттерді саралау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыс жасаған адамдарды ұстау және оларға зардап келтіруге деген азаматтардың құқығын іске асыру туралы уақыт аралығын сынай отырып, ол біріншіден, көпшілік жағдайларда жекелеген азаматтардың қылмыскерді ұстауы қылмыс жасалу кезінде немесе қылмыс жасалғаннан кейінгі таяу арада іске асырылады. Осыған байланысты практикада азаматтардың қылмыскерді ұстау құқығының соңғы кезеңі туралы мәселе сирек туындайды. Екінішден, әдетте азаматтар талап мерзімінің өтуі жылдар бойы есептелетін ауыр қылмыс жасаған адамдарды белгілі бір уақыт өткеннен кейін ұстап жатады. Ал бұл қылмыс жасалғаннан кейін кез-келген уақытта қылмыскерді ұстау мүмкіндігін білдіреді. Сондықтан мұнда азаматтардың қылмыскерді ұстау құқығын талап мерзімі деген формальдық түрдеғі талаппен шектеуге болмайды. Осыған ұқсас пікірді С.В.Бородин Ұстаудың құқыққа сай екендігін анықтау үшін кінәлінің қылмыс жасау кезеңімен өткен уақыт ұстауға әсер етпейді [16]. Осы пікірмен А.Б.Ивановта келісіп, талап мерзімін белгілеу және қолдану - жеке азаматтарға емес, әділ сот органдарына белгіленген ереже болып табылады деген пікір келтіріп, Бұл органдар қылмыс жасаған адамды өздерінде ұстап, оның әрекеттерін дұрыс саралап, адам жаңадан қылмыс жасаған жағдайда талап мерзімі өтті ме, сонан кейін ғана оның өтініш байланысты жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы мәселені шеше алады,-деген пікір келтіреді [10]. А.Б.Иванов қылмыскерді ұстаушы адам бұл мәселелердің барлығын жеке өзі шеше алмайды деп , өз ойын негіздейді.
Жұмыстың өзектілігі. Қылмыс жасаған адамның қауіптілігінің бір көрінісі, ол бұрын қылмыс жасаған адамщың қылмыстық жолға қайта түсуі болып табылады (рецидив). Бұл көбінесе қылмыскердің бұрынғы қылмысының ашылмауына байланысты болады. Мысалы, Р. атты азамат алғашқы қылмыстың жауаптылығынан қашып, 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының территориясында бес адамды өлтіріп, 3 адамды өлтіруге оқталған және өзін ұстау барысында 2 полиция қызметкерін ауыр жаралған. Сонымен қылмыскерді мәжбүрлі ұстау, тек қана оның тарапынан қылмыстық жауаптылықтан бас тарту әрекеттері көзге түскенде ғана орын алады.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстап берудің басты сипаттамасын қарастыра отырып, қазіргі кездегі оның тәртіптеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздеріне тоқталу;
Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру шаралары шегінен асып зиян келтіру және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ату қаруын заңға қайшы колдануы арқылы және мұндай әрекеттерді саралау тәртібіне анализ жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы және теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАП БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ
Қылмыс жасаған адамды ұстау түсінігі және оның маңызы
Қылмыс істеген адамды ұстау - қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін, ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушімен басқа азаматтардың да құқығы бар. Бұл -- әркімнің қызметтік және азаматтық парызы.
Қылмыс жасаған адамды ұстау шаралары шегінен аспай ұстау-заңда келтірілген белгілер мен негіздерден көрініс таппақ.
Ең алдымен қылмыс жасаған адамды заң талаптарына сай ұстаудың белгілеріне келетін болсақ, ол қылмыс құрамының төрт элементі болып табылатын қылмыстың объектісі, субъектісі, объективтік жағы мен субъективтік жағы төңірегінде анықталады.
Заң талаптарына сай қылмыс жасаған адамды ұстаудың субъектісі ретіне қылмыстық заңда кез келген адамды келтіреді.
Г.В.Бушуев былай дейді: Қылмыскерлерді ұстауға барлық адамдардың құқықтары бірдей, бірақ арнайы өкілеттігі бар адамдарға қойылатын талап ерекше. Бұл жерде Бушуевтің айтайын дегені, арнайы өкілеттігі бар орган қызметкерлеріне заң бойынша арнайы міндеттер жүктеледі. Кей авторлар қылмыскерді ұстау субъектісі ретінде тек қана ұстауға арнайы өкілеттігі бар кұқық қорғау органы қызметкерлерін келтіреді. Бұл мәселе туралы И.С.Тишкевичтің көзқарасына тоқталатын болсақ, ол құқық пен міндетті ажыратпайтын тәрізді. Оның пікірінше, қылмыскерді ұстауға барлық адам құқылы, соның ішінде жай азаматтар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де. Бұл қате тұжырым тәрізді, өйткені, И.С.Тишкевич құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыскерді ұстау міндетін ұстау құқығымен теңестіреді. Ол өз зерттеуінде қылмыскерді ұстау мазмұнын кең қарап, ұсталушы адам ретінде тек қана қылмыскер танылады деп батыл қорытынды береді. Ал біз өзіміз қылмыстық заң теориясынан білетініміздей, іс-әрекетінде қылмыс құрамы болған адам ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын білеміз. И.С.Тишкевичтің пікіріне ұқсас пікірді Ю.В. Баулинде Қылмыстық құқықтық ұстауға тек қана қылмыскер тартылады, қылмыскер ретінде іс-әрекетке дайындалған, оқталған адамда жатады дей отырып келтіреді [13].
Қылмыстық-құқықтық ұстау институтының субъектісіне дұрыс мазмұн беріп, оның табиғатын толық ашуға Ю.А. Демидов, П.А.Феоделова, Л.В.Франк секілді ғалымдар үлес қосты. Олардың пайымдаулары бойынша, қылмыс жасаған адамнан қандай да бір қауіп төнгенде азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы адамды қылмыстық-құқықтық ұстауға кұқықтары мен міндеттері пайда болады.
Қылмыскерді ұстау негіздеріне ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы бойынша мыналар жатады:
1. Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау-оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу мақсатында қолданылатын іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы,
2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
2) көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстің 130-бабында көзделген тәртіппен ұсталса. Яғни ол тәртіпке мыналар жатады:
1.Жәбірленушінің, сондай-ақ кез келген өзгеде азаматтардың жаңа қол сұғушылықтың жасалу мүмкіндігінің жолын кесу мақсатында қылмыс жасаған адамды ұстауға қүқығы бар.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда ұсталған адамға ол қарсылық көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 33-бабында көзделген шекте дене күші мен басқада құралдар қолданыла алады. Егер ұсталған адамға қару немесе өзге де қауіпті заттар немесе қылмыстық іс үшін мәні бар заттар бар деп ұйғаруға негіз болса, оны ұстаған азамат ұсталушының киімін тексеруге және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет органдарына беру үшін ондағы заттарды алуға құқылы.
3) ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе түратын үйінде қылмыстың ізі табылған кезде;
4) жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолдануы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілген адамдарды ұстауға құқылы.
3. Адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жері болмаған немесе сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ұсталады [2].
Сонымен, қылмыстық-құқықтық ұстау субъектісіне былай қорытынды беруге болады. Қылмыстық-құқықтық ұстау субъектілері ұстаушы және ұсталушы тараптарға бөлінеді. Ұстаушы таран ретінде кез-келген адам танылады. Яғни арнайы өкілетгілігі бар құқық қорғау органдары қызметкерінен бастап, кез келген азаматқа дейін қылмыстық-құқықтық ұстау институтының субъектісі бола алады.
Ал ұсталушы тарап ретінде, қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларында орын алған негіздерге сәйкес ұсталуға жататын адамдар алынады. Яғни, бұл адамдардың іс-әрекетінде міндетті түрде қоғамға қауіптілікпен кінә болуы тиіс және олар ұстауға жататын адамдар болуы керек, сол сияқты қылмыскерді ұстау шараларын жүзеге асыруда қарсылық көрсеткен адамдар жатады. Криминология ғылымына сәйкес, қылмыстың алдын-алуға байланысты субъектілер ретінде бүкіл қоғам, азаматтық қоғамның барлық институттары мен мемлекет танылады. [5].
Заң ережелеріне сай қылмыскерді ұстаудың объективтік белгілері ретінде қылмыскерді ұстаушы адамның қылмысты болдырмау үшін қылмыскерге қатысты оның бостандығын қандай да бір белсенді әрекеттер арқылы шектеуі танылады.
Көптеген әдебиеттерде қылмыскерді ұстау-белсенді әрекет арқылы жасалады деп анықталған. Заң нормаларына сүйенсекте қылмыс жасаған адамды ұстау, тек белсенді әрекет арқылы жүзеге асырылады. Мысалы қылмыскер аса қауіпті болса, оның қолын байлап, арнайы мемлекеттік органға жеткізу[6].
Қылмыс жасаған адамды ұстаушы ұстағаннан кейін бірден арнайы органға хабарлауы тиіс. И.С.Тишкевич айтқандай, Қылмыскерді ұстаушы адам куәгер болса да, жәбірленуші болса да қылмыскерді дереу құқық қорғау органдарына жеткізуі керек,[11].
Қылмыс жасаған адамды ұстау- объективтік белгілеріне орай құқықтық әрекет болып табылады. Сондықтан да қылмыскерді ұстаудың объективтік белгілері дегеніміз, қылмыскерге күштеп немесе психикалық әсер ету, не алдау арқылы оның бостандығын қысқа мерзімге шектеу болып табылады.
Қылмыскерді заң ережелеріне сай ұстаудың субъективтік белгілеріне қылмыскерді ұстаушының ниеті, мақсаты жатады.
Практикалық материалдарға сүйенсек, қылмыскерді ұстаушылардың негізгі мақсаттарының қатарына-қылмыскерді тиісті құқық қорғау органына жеткізіп, оның өзге қылмыс жасауына жол бермеу жатады.
Қылмыс жасаған адамды ұстау аса қажетті жағдайларда жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыс жасаған адамды дереу ұстау-қылмыстық іс жүргізу заңында кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерінің бірі ретінде келтірілген. Мұндай іс- әрекеттер келесі жағдайлар орын алғанда қолданылады: 1)қылмыс жасаған адамды ұстап, қоғамнан оқшаулау алдын-ала тергеудің дұрыс жүргізілуіне қажет болғанда немесе қылмыс жасаған адам тергеу әрекеттеріне бөгет жасайды, сондай-ақ қылмыстық әрекеттермен айналысуы мүмкін деген күмән болғанда; 2)бұлтартпау шарасын дереу қолдануға мүмкіндік болмағанда, яғни объективтік қолайсыз жағдайлар орын алып, (түнгі уақыт, стихиялық жағдай) немесе қамауға алуға толық негіздер жоқ болғанда жоғарыдағы әрекеттер жүзеге асырылады [6]. Қылмыс жасаған немесе жасалған қылмыс бойынша сезік туындаған адамдарды қылмыстық іс жүргізу заңы негізінде ұстау әрекеттерін орындау, қылмыскерді ұстау туралы қылмыстық-құқықтық реттелуге барлық жағдайларда толық сәйкес келе бермейді. Өйткені қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыскерді ұстауды процессуалдық әрекет ретінде таниды және адамға зиян келтіре отырып ұстау шараларына барлык кездерде сәйкес келе бермейді. Зиян келтірудің заңды және заңсыздық мәселесі құқық қорғау оргғандары қызметкерлері үшін заңға сай актілермен: қаулылармен, бүйрықтармен, нүсқаулармен жарлықтармен, ал жекелеген адамдар үшін қылмыстың жасалу уақиғасымен және оған заң жүзінде мұрсат беруімен анықталады.
Яғни қылмыстық іс жүргізу заңындағы қылмыскерді ұстау туралы бұл негіздер, адамға зиян келтіру және зиян келтірмей-ақ ұстауды да қамтиды.
Енді тақырыбымыздың негізгі мәселесі болып табылатын қылмыс жасаған адамды заң нормаларына сай ұстау негіздеріне тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
Қылмыстық іс жүргізушілік ұстаудың негіздері болып мыналар табылады: 1)адам қылмыс жасау кезінде немесе қылмыс жасағаннан кейін; 2)қылмысты көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші қылмыс жасаған адамды тура көрсеткенде; 3)сезікті адамның үстіне немесе оның киімінде, не оның тұрғын үй-жайында қылмыс белгілері табылса; 4)қылмыс жасады деген күмән пайда болған өзге жағдайларда орын алады.
Енді ұстау негіздерінің әрқайсысына жеке-жеке тоқтала өтейік.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сезікті адамды тікелей қылмыс үстінде, оқиға болған жерде ұстауы сирек кездеседі. Сондықтан да осы қарастырылып отырған негіз көбінесе жеке адамдарға арналады,
Заң ұстау әрекеттерін орындауға қылмыс жасалғаннан кейін де жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Егер де қудаланушы адам жасырынып, қашып кетсе ұтсау әрекеттері өзге негіздер бойынша жүргізіледі. Көптеген әдебиеттерде ұстауды бірден қылмыс жасағаннан кейін ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтың талап мерзімі шегінде де жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қылмыс жасаған адамды қылмыс жасалғаннан кейін ұстау мынандай жағдайлада орын алады. Егер адам қылмыскерді көп уақыт өткеннен кейін таныса, онда дереу өзі ұстауға немесе тиісті құқық қорғау органына хабарлауға болады. Қылмыстық жауаптылықтың талап мерзімі шегінде құқық қорғау органынан жасырынып жүрген айыпталушыны ұстауда ең алдымен ол адамға ұстау әрекеттері орындалып, кейін бұлтартпау шарасы қолданылады.
Қылмысты көрген адамдар, соның ішінде жәбірленішулер, қылмыскер ретінде адамды тура көрсету негізінде ұстау.
Бұл жерде заң нормаларындағыдай, "қылмысты көрген адамдар" мен "жәбірленушілер" деп көпше түрде айтылады. Бірақ, практикада жиі кездесетін жағдайдың бірі, ол бір ғана жәбірленушінің қылмыскерді білуі. Осының өзі де қылмыс жасаған адамды ұстауға негіз болып табылады. Бұл ұстау кезеңінде жәбірленушілер ресми түрде жәбірленуші ретінде танылмағандықтан, біз оларды "қылмыстан зардап шеккен адам" деп танығанымыз жөн сияқты.
Қылмыстың оқиғасын көрген адамдар қылмыскерді тура көрсетуі керек. Олардың қылмыс жасаған адамға қатысты болжам арыздары адамды ұстауға негіз болып табылмайды.
Ұсталушы адамда немесе оның киімінде, өзінде, не оның үйінде қылмыстың анық ізі табылу негізінде ұстау.
Бұл жерде сөз тек қана "іздер" туралы ғана емес, сонымен қатар қылмыскерді әшкерелейтін заттай дәлелдемелер (қару, ұрланған тоналған бағалы заттар) туралы айтылып отыр. Іздер нақты, ашық көзге көрінбейтіндей болуы керек, олар арнайы сараптама жүргізуді қажет етпейтіндей болуы керек.
Егер де тінту, алу, куәландыру ұстауға байланысты емес, қозғалған қылмыстық істі тергеу процесіне сәйкес жүргізілсе, онда қылмыс іздері және өзге де заттай дәлелдемелер адамды ұстау туралы қаулы шығаруға негіз болады.
Жедел іздестіру қызметінің материалдарында ол адам жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік болғанда адамды ұстауға негіз болады.
Сонымен қатар, адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге негіз беретін деректер болғанда: 1)ол адам жасырынуға әрекет жасағанда; 2)оның түрақты түратын жері болмағанда; 3)сезіктінің жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
"Ұстаудың өзге де жағдайларына" адамның өз кінәсін мойындап келуі, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану, сараптама нәтижелері мен жедел-іздестірудің өзге де мәліметтері жатады.
Өз кінәсін мойындап келуді адамды ұстаудың ерекше негізі ретінде бөлек қарастырған дұрыс. Қызметтік-іздестіру иттерін қолданудың нәтижелерін де негіз ретінде бөліп қарастыруға болады. Қызмет иттерін қолданудың нәтижелері, соның ішінде итті қолдану туралы хаттама күдік туындаған адамды анықтау органына жеткізуге негіз бола алады.
Жедел іздестіру сипатындағы өзге де мәліметтерге келетін болсақ, егер мұндай мәліметтерді жариялап, оның іс жүргізушілік тексеруіне жол берілмесе қылмыс жасаған адамды ұстау негізгі ретінде қарастыру мүмкін емес. Сонымен бірге ұстау негіздері қылмыстық іс құжаттарында бекітіліп, ол прокурорға, қорғаушыға, сотқа түсінікті болуы тиіс. Азамат өзінің қандай негіздерге байланысты ұсталғанын білуі керек. Ұсталған адам өзінің ұсталу негіздерін тек қана сілтемелерден (құқық қорғау қызметкерлері ұсталған адамға ештеңе айтпай-ақ өзінің түсінуі) біліп қана қоймай, ұсталу негіздерінің мазмұнын толық білуді талап етуге құқылы.
Ұстау негізіне қатысты мынандай да көзқарастар кездеседі: "Ұстауға негіз болып, қандай да бір сезіктіге қатысты қоғамның қатынасы оны ұстауға негіз ретінде қаралады".
Тергеу және прокуратура органдары халықтың ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты негіздерімен ұстау әрекеттерін жүзеге асыруда. Кейін қоғамның осы пікірі негізсіз ұсталынған адамдарды босатуға кедергілер келтіреді.
"Қоғамдық пікір" ұстау мен қамауға алудың негізгі бола алмайды. Ал заңмен көзделген негіздердің жоқтығына байланысты сезіктінің қауіпсіздігі мәселесін құқық қорғау органдары камтамасыз етуі тиіс.
Практикада көп кездесетін жағдайдың бірі, ұстау хаттамаларында адам өлтіргені үшін ұсталады, ұрлық жасағаны үшін сезіктенеді деген сияқты ұстаудың негізі мен ниетін көрсетпеу болып табылады. Азаматтардың қандай негізде ұсталғанын білуі ешкімнің негізсіз қамауға, ұстауға және қуғынға ұшырауға жатпайтыны туралы құқықтык қағидадан туындайды.[6].
Енді адамды ұстауға қатысты бірнеше ғалымдардың ой-пікірлерін салыстырғанды жөн көріп отырмыз.
Ғалымдар ұстаудың түрі ретінде бірнеше негізді көрсетеді. Мысалы, И.Т.Фролов өз еңбектерінде ұстаудың бірден-бір негізі ретінде адамның қылмыс жасауын келтіреді. Бірақ қылмыстық заңда ұстаудың осы негізінің ғана болуы қылмыскерді ұстауға көп үлесін қоса брмейді. Тағы бір ұстаудың негізі болып қылмыскердің өз қылмысын мойындап келуі бола алады-дейді .
Ал Г.В.Бугищев. мен М.Н.Якубович сияқты криминалистер қылмыстық-құқықтық ұстаудың екі негізін ашып көрсетеді.
1) егер ол адам қылмыс жасаса және ол қылмыстық жауаптылықтан
қашып кетеді деген қауіп орын алса;
2) егер адам аса ауыр қылмыс жасаса.
Б.А. Куринов қылмыс жасаған адамды ұстаудың негізі ретінде оның ұстау кезінде қарсылық білдірді, Қашқақтау әрекетін келтіреді В.И. Ткаченко ұстаудың келесі негіздерін белгілейді.
1) ұсталушы адам қандай да бір қылмыс жасаса;
2) қылмыскердің тиісті органға бару кезінде қарсылықтары орын алса.
Осы айтылған пікірлердің барлығын біріктіретін бір жайт, ол қылмыскерді ұстаудың заң талаптары негізінде орындалуы болып табылады. Ұстау әрекеттері заң талаптарына сай орындалмаса, онда заңсыз ұстау ретінде сараланады.
1.2 Қылмыс жасаған адамды ұстау негіздері
Қылмыс жасаған адамға зардап келтіре отырып ұстаудың тағы да бір заңды жағдайы ретінде ұстау уақыты танылады. Бұл жерде де қажетті қорғанудағыдай кылмыскерге зардап келтірудің бастапқы жөне соңғы уақыттарын анықтау қажет болады. Мысалы И.И.Слуцкий қажетті қорғану мен қылмыс жасаған адамды ұстау әрекеттерінің арасындағы айырмашылық, ол қылмыскерге зардап келтіру қылмыс жасалғаннан кейін мүмкін болады,-дейді. Ал А.В.Наумов, В.Ф.Кириченко, Н.Н.Паше-Озерский қылмыскерді ұстау және оған зардап келтіру қүқығын қылмысқа даярлану уақытының басталуымен- ақ анықтайды. Біздің ойымызша бұл мәселені бір келкі шешуге болмайтын тәрізді, себебі адамның әрекеттерін кейбір жағдайларда қажетті қорғану, ал кейбір жағдайларда қылмыскерді ұстау ережелері бойынша қарастыру керек болады. М.С.Гринберг айтқандай, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын жағдайлар өз ерекшелігіне қарай, әлеуметтік- саяси және құқықтық ерекшелігі бойынша өз-ара шектесіп ажыратылады . Мұны былай түсінуге болады. Қылмыскерге қарсы әрекеттер жасау кезінде адам бір қылмыстық-құқықтық жағдайдан екінші жағдайға ауысып жатуы мүмкін. Мысалы адам шабуыл әрекетке тап болып қажетті қорғану жағдайындағы әрекеттерді орындаумен ғана шектелмеи, артынан зардап келтіре отырып қылмыскерді ұстау әрекеттеріне көшуі мүмкін Немесе керісінше, қылмыскер ұсталудан жалтару мақсатында ұстамақшы болған адамның өзіне шабуыл жасағанда, адамда қажетті қорғану жағдайы орын алады. Сондықтан қылмыс жасаған адамға зиян келтіре отырып ұстау құқығы, қылмыс жасауға дайындық уақытынан басталып, қылмыс жасау кезінде және қылмыс аяқталғаннан кейін де бола алады деп ойлаймыз. Ю.В.Баулиннің зерттеуінше қылмыс жасаған адамға зиян келтіре отырып ұстау 89,7% жағдайда қылмыс жасау кезінде немесе қылмыс жасалғаннан кейін болған. Сондай-ақ ол өз еңбегінде қылмыс жасалып кеткеннен кейін ұстау әрекеттерін орындау мүмкіндігі туралы мынандаи мысал келтіреді. Қылмыскер С. азаматша Б-ны тонап және зорлап кетеді. Жәбірленуші бұл қылмыс туралы жергілікті милицияға хабардайды, бірақ іздестіру әрекеттерінен оң нәтиже шыға қоймайды. Бір ай өткеннен кейін сол жылы Б күйеуімен көшеде кетіп бара жатып, өзін зорлаған адамды танып қалады және күйеуіне айтады. Б-ның күйеуі қылмыскердің қашқанына және қарсылық көрсеткеніне қарамай ұстап, оны милицияға тапсырады.
Бұл мысалдағы бірнеше айлар өткеннен кейін қылмыс жасаған адамды ұстаудың болуы және оны ұстау кезінде зиян келтіру, қылмыскерді ұстау уақытының соңғы кезеңін анықтаудың маңызды мәселе екендігін білдіреді. Әдебиеттерде бұл мәселені әдетте қылмыстық жауаптылыққа тартудың талап мерзімімен немесе қылмыскер сотталып, бірақ белгілі бір себептермен жазаны өтеуден жалтарған жағдайларда айыптау үкімінің орындалуының талап мерзімдерімен байланыстырады. Қылмыс жасаған адамға ұстау мақсатында зиян келтіру, қылмыстық құқықтық қатынас сақталған кезеңде құқыққа сай деп бағаланады, яғни қылмыстық жауаптылықтың немесе үкімнің талап мерзімдері кезінде азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға немесе оған зиян келтіруге құқығы бар деп есептеледі. Ал И.С.Тишкевич және Г.В.Бушиев қылмыс жасаған адамдарды ұстауға және оларға зиян келтіруге мүмкіндік беретін уақыт аралықтары рақымшылық немесе кешірім жасау, қажетті кылмыстық істерде жәбірленушінің арызы болмауы және РСФСР ҚІЖК 5-бабында көзделген қылмыстық істі жүргізуге кедергі жасайтын басқа да жағдайлардың болуымен анықталады,- деп есептейді [16]. Бұл бағыт туралы Ю,В.Баулин, қылмыс жасаған адамдарды ұстау бойынша құқыққа сай әрекеттерді орындау уақытын қылмыстық құқықтық қатынастың сақталу кезеңімен байланыстыру негізсіз болар деп сын келтіреді. Ю.В,Баулиннің пікірінше, қылмыскерді ұстау туралы қоғамдық пайдалы әрекеттерді жасауға байланысты мемлекетпен азаматтардың арасындағы құқықтық қатынас, қылмыстың жасалуына байланысты қылмыскер мен мемлекет арасындағы қатынастан мүлдем өзгеше сипатқа ие болып табылады .
Бізге мұндай пікірмен келісу қиын, өйткені қылмыс жасаған адамды ұстаудың және осындай кезде оған зардап келтірудің мақсаты қылмыстық заңда көрсетілгендей қылмыскерді тиісті органдарға тапсыру болып табылады. Міне, осы қылмыс жасаған адамды үкімет органдарына тапсыру және оның үстінен әділ сотты жүргізу үшін, сондай-ақ оның жаңадан қылмыс жасау мүмкіндігін шектеу мақсатында мұндай адамдарды ұстау кезінде зардап келтіру құқығының өмір сүруін белгілі бір уақыт аралығымен анықтау керек. Біздің мұндай шешімге бару себебіміз қылмыстық құқық ережелеріне қайшылық тудырмау болып табылады, яғни ҚР ҚК сәйкес, қылмыстық жауаптылық және қылмыскерді ұстау қүқығы ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмысқа дайындалу уақытынан басталып, жауаптылық немесе айыптау үкімінің талап мерзімдерінің ету аралығында қолданылады. Демек қылмыскерді ұстау және осындай кезде оған зардап келтіру осы уақыттар аралығында ғана мүмкін болады. Ал мұндай адамдарды ұстау мақсатында зардап келтірген азамат жауаптылықтың талап мерзімінің өткендігі немесе қылмыстық істі жүргізуді қысқартатын жағдайлардың болғандығын білмесе, онда оның әрекеттерін қателескен ұстау ережесі бойынша бағалау керек. Яғни ұстаушы адам бұл жағдайларды білуге мүмкіндігі болса ғана қылмыстық жауаптылық туындайды және қылмыс жасаған адамдарды ұстау шаралары шегінен шығу ретінде емес, жалпы тәртіпте саралануы керек. Себебі мұндай кезде ұстаушы адамда ҚК 100 және 110-баптарда келтірілген ережелерді бұзу орын алмайды, ол адамда тек нақты жағдайлардан қателесу орын алады.
Қылмыс жасаған адамдарды ұстау кезінде заңға сай зиян келтірудің шегі мен ұстау кезінде қылмыскер қауіптілігінің дәрежесі
Қылмыс жасаған адам ұстау әрекеттері кезінде қарсылық көрсетсе немесе жауаптылықтан жалтару үшін қашқанда, ұстауды жүзеге асыру үшін қылмыскерге мәжбүрлі түрде зиян келтіру орын алады. Егер ұстау әрекеттері заңда белгіленген жағдайлар негізінде жүзеге асырылса, мұндай зиян келтіру заңды болып табылады.
Қылмыскерге зиян келтіру мына жағдайдарды сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс: 1)мәжбүрлілік;
2) анықталған бағыт;
3) арнайы мақсат.
Заңға сәйкес зиян келтіру тек осы жоғарыдағы жағдайлар орын алғанда ғана көрініс табады, оларды сақтау әр уақытта міндетті болып табылады. Яғни бұл жағдайлар қылмыс жасалғаннан кейінгі де, қылмыстың жасалу кезіндегіде ұстау әрекеттерінде сақталуы тиіс.
Қылмыскерді ұстау шараларын дұрыс жүргізу, эділ соттың мүдделерін іске асыруға жол ашады десек те болады. Өйткені мұндай әрекеттер қылмыскердің жауаптылықтан бас тартуына жол бермейді, оның дер кезінде қылмысын әшкерелеп, мемлекеттік органдарды іздеу салу шараларын жүргізуден босатады.
Қылмыс жасаған адамның қауіптілігінің бір көрінісі, ол бұрын қылмыс жасаған адамщың қылмыстық жолға қайта түсуі болып табылады (рецидив). Бұл көбінесе қылмыскердің бұрынғы қылмысының ашылмауына байланысты болады. Мысалы, Р. атты азамат алғашқы қылмыстың жауаптылығынан қашып, 10 жыл ішінде Қазақстан Республикасының территориясында бес адамды өлтіріп, 3 адамды өлтіруге оқталған және өзін ұстау барысында 2 полиция қызметкерін ауыр жаралған. Сонымен қылмыскерді мәжбүрлі ұстау, тек қана оның тарапынан қылмыстық жауаптылықтан бас тарту әрекеттері көзге түскенде ғана орын алады.
Егер адам өзін заңсыз ұстау барысында қарсылық білдірсе, онда оның әрекеттері жеке адамдарға қарсы қылмыс деп бағаланбайды, ал заңсыз ұстау әрекеттерін жасаған адам басқару тәртібіне қарсы қылмыс жасаған деп танылады.
Бұл айтылған ой-тұжырым сот тәжірибесіндеғі қылмыстық істерден көрініс табады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы қаулыларының біріне сүйенсек, Капышев пен Айдаровтың ісі бойынша қызметкер адамның заңсыз әрекеттеріне қарсылық көрсетуі қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекет ретіне қарастырылмайды делінеді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келесек, мынандай қортынды шығады:
а) өкімет өкіліне немесе қоғамдық тәртіпті қадағалаушы қызметкерге көрсетілген қарсылық заңды және заңсыз ұстауға байланысты құқыққа сай және қылмысты әрекет ретінде саралануы мүмкін;
ә) қылмыскердің қарсылық білдіруі ұстаушы адамда қажетті қорғану жағдайын білдіруі мүмкін.
Ұстау барысында қарсылық білдірген қылмыскерге зиян келтіру, тек қылмыскердің заңсыз әрекеттері орын алғанда ғана пайда болады. Заңсыз ұстау барлық кезде қылмыс ретінде саралана бермейді. Адамды заңсыз ұстау немесе осындай ұстау түрінде зардап келтіру үшін қылмыстық жауаптылық, тек кінәлі өзінің ұстауға бағытталған әрекеттеріне заңсыз екендігін білгенде ғана туындайды. Заңсыз ұстауға әкімшілік құқық бұзушылық та жатуы мүмкін. Сондықтан бұл жерде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстау әрекеттерін жүргізуге мәжбүрлілік болды ма деген сұраққа жауап беру қажет. Яғни әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жауаптылықтан жалтару әрекеттерін жасағандығы үшін күш қолдана отырып ұстау шараларын жүргізуге құқық беруге болады, бірақ адамның денсаулығына ауыр немесе өміріне зардап келтіре отырып ұстау шараларын жүрғізуге болмайды. Себебі мұндай зардаптар әкімшілік құқық бзушылық жасаған адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінен асып кетеді. Яғни келтірілғен зардаппен құқық бұзушылық жасаған адамның қауіптілік дәрежелері сәйкес келмейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық мазмүны бойынша қылмысқа қарағанда қауіптілігі темен дәрежелі және кейбір түрлері бойынша басқа сипатта болғанмен болғанымен, ол міндетті түрде жауаптылыққа әкеледі. Әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзушы адам заңсыз әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сондықтан да өкімет өкілдері осындай құқық бұзушылық жасаған адамдарды арнайы органға жеткізуге міндетті және құқылы.
Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтару, оның зияндылығын тыю кезінде сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін.
Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ бұл әрекеттер білгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекеттерде қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі-қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті әрекеттерді тыю, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Сол сияқты қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органға жеткізу және оның жаңа қол сұғушлық жасау мүмкіндіғін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетгі шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс больп табылмайды.
Жұмыстың бұл бөлімінде қылмыс жасаған адамды ұстау шараларын жүргізу кезіндегі заңды және заңсыз зиян келтіру мәселесі талқыланды. Ендігі мәселе қылмыс жасаған адамды ұстау барысында әр түрлі зардаптар келтірудің заңдылығын қарастыру қажет.
М.Н. Якубовичтің пікірінше "Қылмыскерді ұстау барысында күш қолданып ұстау, тек қылмыстық жауаптылықтан қашқанда ғана қолданылады".
Біздің ойымызша, қылмыс жасаған адамды ұстау барысында оған зиян келтіруге қатысты осы айтылған негіздер жеткілікті және қанағаттанарлықтай емес. Е.А.Фролов қарастырған мысалдар қылмыскерге зиян келтірудің мән-жайларын толық көлемде қамтымайды. Сонымен қатар бұл зерттеуші мәжбүрлілік туралы айтқанда, қылмыскердің мінез құлқық ұстауға қатыскан азаматтың құралымен күшін қамтымайды. Ал қылмыскердің тұрғылықты жайы немесе жасырынған жері белгілі болғанда күш қолдану әрекеттеріне жол бермуі азаматтардың мәжбүрлі ұстау әрекеттерін шектейді.
М.Н.Якубовичтің қылмыскерді ұстау негізі мен ұстау барысында зиян келтіру шегізіне қатысты ұсынысьшен келісу қиын. Қылмыскердің жазадан, жауаптылықтан қашуы салдарынан келтірілген зиян-заңды негіз ретінде қарастырылады деген пікірі жан-жақты объективті зерттеліп, дәлелденбеген.
Біздің, зиян келтіруге деген мәжбүрліліктің құрамы қылмыскердің мінез құлқы, оның күші, мүмкіндігі және ұстаушы адамның ұстау құралын қамтуы сияқты элементтерден тұрады. Осыған орай мәжбүрлі зиян келтіру бірнеше факторлармен тығыз байланысты екенін аңғарамыз. Бұл мән-жайларға сай қылмыскерді ұстау барысында зиян келтірудің негіздерін немесе қажеттілігін былай жіктеуге болады:
1. Қылмыскердің тұлғасын және оны ұстау барысындағы әрекеттерін
көрсететін факторлар;
2. Қылмыскерді ұстаушы адамға мінездеме, сипаттама беретін факторлар.
Тек осы факторлардың нәтижесінде ғана біз қылмыскерге келтірілген
зияның мәжбүрлі немесе мәжбүрлі емес екенін анықтай аламыз.
Қылмыскер ұстаудан қашқанмен, оған зиян келтірмей-ақ ұстау әрекеттерін жүзеге асыруына мүмкіндігі болса немесе қылмыскер тарапынан ұстаушы адамға карсы әрекеттер орын алмаса зиян келтіруге мәжбүрлілік орын алмайды. Енді ұстау барысындағы қылмыскерге мәжбүрлі зиян келтіруді білдіретін факторларды қарайық. Бұл факторлардың алғашқы тобына қылмыскердің кез-келген әрекеті емес, тек оның ұстау әрекеттерін көнбеуі, жалтаруы кезіндегі әрекеттері жатады. Өйткені кылмыскер ұстаушының әрекеттеріне көнсе, оған зиян келтіру қажетсіз болады. Қылмыскердің ұстау әрекеттерінен қашқақтауы мына төмшдегі әрекеттеріиен көрініс табуы мұмкін: қылмысты тоқтату туралы адамдардың өтінішін көнбеуі, қылмысты жасағанын дәлелдейтін заттарды жоюы, тиісті органға баруға қарсылық көрсетуі, қылмыс жасаған жерден қашуы, құқық қорғау органдарына бара жатқанда жарты жолдан қашып кетуі, қарсылық көрсетуі, ұстаушы адамға шабуыл жасауы. Бұл жағдайлардың бәрінде қылмыскер ұстаушы адамға белсенді түрде қарсылық білдіреді. Көптеген жағдайларда қылмыскерді ұстауда осы аталған факторлардың бірнешеуі бірден болады. Мысалы, қылмыскердің тиісті органға барудан бас тартуы және оның оқиға болған жерден қашу әрекетерін белсенді түрде көрсетуі немесе оқиға болған жерден қаша отырып, өзін ұстамақшы болған адамға қарсылық білдіріп, оған шабуыл жасауы. Осы аталған әрекеттердің қай-қайсысы қылмыскерге зиян келтірудің себебі бола алады. Ұстаушы адам қылмыскердің тұлғасын, оның қауіптілігін, кінәлігін, тәртібін, жеке қасиеттерін ескере отырып тұжырым, қорытынды жасауы тиіс. Егер қылмыскер тарапынан ұстаушы адам күткен қауіп жоғалса, алғашқысына зиян келтіру заңсыз болып табылады. Мысалы, Л. және К.деген азаматтар М. атты ұрыны көріп, соның артынан қолдарына таяқ, тапанша алып қуады. М. артында қуып келе жатқандардан құтыла алмайтындығын білгесін тоқтап, өзін ұрмауын сұрайды. Бірақ ұстаушылар оның өтінішіш құлақ аспай, соққыға жығып, оның денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келтіреді. Бұл мысалдан біз қылмыскерге зиян оны ұстау шарасы ретінде емес, қарсылық корсетпеген адамға қажетсіз келтірілгенін көреміз. Осы тәріздес жағдайларда келтірілген зиян заңсыз болып табылады.
Екінші топқа қылмыстық қылмыс жасаған адамға күш қолданбай ұстау мүмкін емес факторлар жатады. Бұл факторлар ұстаушы адамның құралы мен мүмкіндігіне және қылмыскердің ой - ниетімен әдіс - тәсіліне байланысты болады. Бұл жерде сонымен қатар екі жақтың да адамдарының саны, жас мөлшері, жынысы, физиологиялық жағдайлары, қылмыскердің қарулануы мен ұстаушы адамның қылмыскерді ұстауға бағытталған өзге де әрекеттері қамтылуы тиіс. Айта кететін бір жайт, ол қарсылық көрсеткен қылмыскер әрекеттерінің дәрежесі ұстаушы адамға ғана емес, сол сияқты үшінші адамдар үшін де қауіпті болуы мүмкін. Мысалы құтылып кету үшін дереу кепілге адам алуы мүмкін. Қарсылық көрсеткен қылмыскерді ұстаушы адам сол қылмыскердің қолынан құрбан болуы ықтимал немесе қылмыскер тарапынан денсаулығына, өміріне зиян келуі мүмкін. Бұл жайт туралы М.И, Якубович Қылмыскерғе мәжбүрлі зиян келтірудің бір белгісі ретінде оны ұстаушыға нақты төніп тұрған қауіптің анықтығында деп мынандай мысалы келтіреді. А. К. деген азаматшаны жерге құлатып, пышақпен қорқыта отырып, оның бас киімін тартып алмақшы болады. Жәбірленуші көмек шақырып, айқайлай бастайды. Оның дауысын атты әскери қызметші Д. естіп, оқиға болып жатқан жерге келіп, қылмыскерді ұстамақшы болады. Солдатты көрісімен жәбірленуші қылмыскердің қолында пышақ барын айтады. Д. осы кезде белбеуін шешіп алып А-ның арқасынан бірнеше рет соғады. Қылмыскер пышағымен бұрылған сәтте Д. оның қолындағы пышақты белбеумен соғып жерге түсіреді. Кейін қылмыскер қашып кетпеуі үшін Д. белбеумен сермеп, қылмыскерді үйдің қабырғасына тақайды. Уақытында келген полиция қызметкерлерінің көмегімен қылмыскер ұсталып, арнайы органға жеткізілген. Бұл жерде келтірілген зиян орынды болып саналып, жәбірленушінің қауіпсіздігі мен денсаулығына зиян келтірілмеген.
Жоғарыда келтірілген мысалға қарап, ұстаушы адамның қылмыскерге зиян келтіруінің бір себебі, ол ұстаушы мен үсталушы күштерінің тең болмауына байланысты болуы да мүмкін. Сол себепті көптеген әдебиеттерде көрініс тапқан қылмыскерге зиян келтіру ұстаудың жалғыз әдісі, амалы болуы керек деген пікірге қарсылық білдіруге болады. Сол сияқты көптеген зерттеушілер қылмыскерғе мәжбүрлі түрде зиян келтірудің аса қажеттілікке ұқсайтынын айтады. Мысалы, Е.А.Фролов был ай дейді: Қылмыскерді ұстау барысында (аса қажетгіліктегі сияқты) зиян келтіру-адамның алдында тұрған мақсатқа жетудің жалғыз мүмкіндігі. Бұл пікір заңға негізделмеғен және қылмыскерді ұстау барысындағы мәжбүрлі зиян келтірудің негізгі факторларының ерекшеліктерін қамтымайды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 34-бабында аса қажеттілік туралы Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни, белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қаушты жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауыпты басқа амалдармен жою мүмкін болмаса орын алады делінген Басқаша айтқанда, заңнан туындап отырғандай, зиян келтіру қауіптілікті жою үшін жалғыз амал-әдіс болуы қажет. Қылмыскерді ұстауға қатысты ұстаушы адамдар үшін мұндай жағдай заңда көзделмеген.
Мәжбүрлі зиян келтіру заңды әрекет ретінде көптеген әдебиеттерде тек аса қажеттілік жағдайымен байланыстырылады. Сонымен қатар, мәжбүрлілік қоғамға қауіптілікпен құқыққа қарсы әрекетті білдірмейтін өзге мән-жай ретінде де қарастырылады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz