КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпкерлік тәуекел
Орындаған: Мен-31 тобының студенті Д.Аманғали
Тексерген: э.ғ.м., оқытушы А. Ж Акмалиева.
Орал, 2021
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар және классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ АҚ-НЫҢ ТӘУЕКЕЛ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТӨМЕНДЕТУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақтелеком АҚ-ның қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері мен бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.1 Қазақтелеком АҚ-ның тәуекелдерді басқару жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және шетелдік тәжірибені қолдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы көптүрлi тәуекелдермен байланысты, оның әсер ету деңгейi нарықтық экономикаға өтуiмен күшейдi. Бұл iс-әрекетпен бiрге жүретiн тәукелдердi жеке арнайы қаржылық тәуекел тобына бөледi, олар кәсiпорынның жалпы "тәуекел портфелiнде" үлкен роль ойнайды. Кәсiпорынның қаржылық қорытындыларына қаржылық тәуекелдер әсерiнiң өсуi - мемлекеттегi қаржылық жағдай мен нарық конъюнктурасының тез өзгеруiмен, қаржылық қатынастардың кеңеюiмен, жаңа қаржылық технология мен құралдардың пайда болуымен және басқа да көптеген факторлармен байланысты. Кәсiпорынның қаржылық тәуекелi деп, белгiсiздiк жағдайда өз қаржылық iс-әрекетiн жүзеге асырғандағы керi қаржылық салдардың, табыс пен капиталды жоғалту формасында көрiнетiн, пайда болу ықтималдығы айтылады. Бұл тақырыптың өзектiлiгi экономикада жүрiп жатқан процестермен анықталады. Қазiргi кездегi экономикалық субъектiнiң тұрақты және табысты даму талпынысы, тәуекелдi басқару жүйесi әлi тек қалыптасу кезеңiнде болып жатқандықтан толық қолдау таба алмай жүр.
Қаржылық тәуекелдi басқару керi қаржылық салдарды болжау мен бейтараптандыру процесiн бiлдiрiп, оларды ұқсастыру, бағалау, алдын алу мен сақтандыруға байланысты.
Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді. Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді.
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдылығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.
Кәсіпкерлік тәуекел бұл бизнестің түріне байланысты компания қызметінің тәуекелі. Оның негізгі түрлері: өндірістік, коммерциялық және қаржылық тәуекел.
Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі, қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің қателері, көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды төлеу.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Оның себептері: өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және клиенттердің ұнату қабілетінің өзгеруі, бәсекелестердің әрекеті. Қаржылық тәуекелді басқару процесі алты сатыдан тұрады:
Мақсаттарды анықтау
Тәуекелді анықтау
Тәуекелді бағалау
Оларды жүзеге асыру
Нәтижелерді бағалау
Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарлауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға бір мезгілде көп қаражат жұмсау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың басты міндеттері:
Қаржылық тәуекелді басқарудың теориялық аспектілерін және экономикалық мазмұнын зерделеу;
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің әдістері мен тәсілдерін талдау;
Кәсіпорынның тәуекел деңгейін төмендету мен бағалауды, олардың қаржы тәуекелін басқаруды Қазақтелеком АҚ мысалында талдау;
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін жетілдіру жолдары мен дамыту мәселелеріне тоқталу болып табылады.
Қурстық жұмыстың объектісі: Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік тәуекел болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде қаржы тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері, тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы ретінде Қазақтелеком АҚ-ы алынып, оның қаржылық жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.
Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы сөз болады.
1 КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.[1]
Кәсіпкерлік тәуекел, яғни кәсіпкердің өз тәуекеліне кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы болып табылады. Мүліктің кездейсоқ жойылуы тәуекелін оның меншік иесі иеленеді, құрылыс обьектілерінің жойылу тәуекелін ереже бойынша мердігерге жүктелген, кәсіпкердің жауапкершілігі тәуекелі шарт бойынша тараптарға тиесілі. Кәсіпкерлік тәуекел туралы сақтандыру заңдарында айтылған. ҚР Азаматтық Кодексінде кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шартын бекіту мүмкіндігін қарастырады, кәсіпкерлік қызметтегі шығын тәуекелі кәсіпкерлердің контор агенттері міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерлерге байланысты емес шарттардың өзгеруі, сондай-ақ күтілген табысты ала алмай қалу мүмкіндігі, тәуекелі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекел - жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.
Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.[2]
Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:
1. Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:
а) өндірістік тәуекел - өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу;
б) Коммерциялық тәуекел - тауарларды іске асыру процесінде туындайтын себебі: коммерциялық қызмет нарығында күтпеген өзгерістер болып табылады.
в) Қаржылық тәуекел - кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым - қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т.б.
2. Масштабтылығы бойынша:
а) Локальді тәуекел - бөлек фирмалардың тәуекелі.
б) Салалық тәуекел - саланың өзіндік қасиетіне байланысты.
в) Елдік тәуекел - елге тән, оның әлеуметтік - саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.
3. Пайда болу табиғатына байланысты:
а) Субъективті тәуекел - кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.
б) Объективті тәуекел - стихиялық аппаттардың жеткіліксіз ақпараттығы несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.
4. Пайда болу саласы бойынша:
а) Сыртқы тәуекел - экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық аппаттар.
б) Ішкі тәуекел - тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағыдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.
5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:
а) Сақтандырылатын тәуекел - сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді;
б) Сақтандырылмайтын тәуекел - тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.[2]
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді. Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.[1]
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.[2]
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. Портфельдік термині итальян сөзінен Porte foglio шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.[4]
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т.б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio - таңдау, сұрыптау) - инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.[3]
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар және классификациясы
Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына - салынған капиталдан табыс алуға - тәуекелді анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынның қаржылық тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар.
Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.[5]
Қаржы тәуекелінің сыртқы белгілері келесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімдерінің кешіктірілуі, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, қаржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.
Кәсіпорынның тәуекелін бағалау үшін рейтингілік әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорындардың талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.
Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:
- тәуекел факторларын анықтау;
- тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;
- тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау.
Әр кәсіпорында жіберілетін тәуекелдің облысын анықтау қажет. Тәуекел облысы - жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын жоғалтулардың кейбір зонасы.
Тәуекел көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылыр диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.[6]
Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар:
- тәуекелсіз зона;
- минималды тәуекел облысы;
- жоғары тәуекел облысы;
- критикалық тәуекел облысы;
- жіберуге болмайтын тәуекел облысы.
Кәсіпкерлік субьектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет субьектілері ұғымы және мәртебесін ашу үшін құқық субьектісі және азаматтық құқық субьектісі ұғымдарын анықтау керек. Құқық субьектісі - құқықты танудың ең кең тараған категориясы, оған құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілетті қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары жатады. Жалпы құқықтық субьектілік бөлек құқық салаларына қолданумен нақтыланады. Мысалы, конституциялық құқықта сайлаушылар, депутаттар; еңбек құқығында - жұмыс беруші мен жұмысшылар; қаржы құқығында - салық төлеушілер мен салық қызметі органдары; қылмыстық құқықта - анықтаушы, тергеуші, айыпталушы, сотталған, сотталушы, т.б.
Ал азаматтық құқық субьектілерінің барлығы тұлға ұғымына біріктірілген және ол келесі 3 топқа бөлінеді:
1. Жеке. 2. Заңды тұлға. 3. Мемлекеттік пен әкімшілік аумақтық бөлініс.
Сонымен кәсіпкерлік қызмет субьектісі - бұл азаматтық құқық субьектісі болып табылатын және заңда көзделген тәртіпте тіркелген; мүлікті сату, пайдалану, жұмысты орындау, қызмет көрсету арқылы жүйелі түрде пайда табуға бағытталған өз тәуекеліне өз қызметін жүзеге асыратын азаматтық құқық субьектісі болып табылады.
2.Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпорынның дамуын қолдауда. Кәсіпкерліктің әлеуметтік - экономикалық маңызы нарықтық экономикада тұрғындардың қаржылық және өзіндік маңызы осы ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы потенциалды ұстанады. ҒТП бағыты бойынша сілтемелер тудырады және жұмыссыздық 16 мәселелермен әлеуметтік проблемаларды шешеді. ҚР-да қазірде кәсіпорынның бірнеше түрлері дамиды:
Қызметі бойынша: Өндірістік; Коммерциялық; Қаржылық. Шаруашылық етуші субъектілер мөлшері боыйнша: Шағын; Орта; Ірі бизнес субъектілер.
Ұйымдасқан нысаны бойынша: Жеке (индивид); Ұжымдық (АҚ, ЖШС).
Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады. ҚР - да кәсіпкерліктің экономикалық нәтижелері көбіне құқықтық база, салалық кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады. Кәсіпкерлік құрылымы мемлекеттік қолдау деңгейін анықтайды, яғни кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша меншікті жекешелендіру бойынша іске асады. Кәсіпкерлік қызметтің заңды негізі бойынша көптеген заңдар қабылданды, онда кәсіпкерлік сұрақтары қарастырылады:
Шаруашылық қызмет бостандығы, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, АК- ң, ӨК,МК дамуын мемлекеттік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау және т.б. Кез келген экономикалық қызмет өндірістік цикл типтік фазаларымен байланысты (өндіріс - айырбас - бөлу - тұтыну), яғни кәсіпкерлікті осыған байланысты 3 түрге бөледі:
1. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік тікелей өнім, тауар шығару, ақпараттар, қызмет көрсету және жұмыстарды іске асыру (еңбек күшін, өндірістік қорларды, материалдық ақпараттарды пайдаланады).
2. Коммерциялық кәсіпкерлік - тауар, ақша, сауда айырбас операциялыра, яғни сату, сатып алу бойынша мәмілелер жасалынады.
3. Қаржылық кәсіпкерлік - тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар сатылып және сатып алынады (негізінен рәсімдеу орын алады).[7]
Кәсіпкерліктің қатысушысы - меншік иесінің саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді, ол өз кезегінде кәсіпорынның нақты ұйымдық - құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық - құрылымдық нысаны - кәсіпорын бойынша партнерлер арасындағы ішкі қатынастарды және мемлекттік органдар және өзгеде кәсіпкерлер арасындағы қатынастардан тұратын нормалардың нақты жүйелерін айтамыз. Кәсіпорынның дұрыс дұрыс ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау әртүрлі факторларға байланысты:
- дербес капиталының болуы;
- кәсіпкерлік қызмет масштабы сипаты және оны тарту бойынша мүмкіндіктері;
- кәсіпкерлік жобаның іске асу мерзімі, жеке тәжірибесі;
- кәсіпкердің ұйымдық қабілеті;
- нарық жағдайында және бизнесті бастайтын көптеген мәнді ерекшеліктерге байланысты;
- кәсіпорынның сол немесе басқа нысанының ар - ұжданына байланысты.
ҚР-ғы кәсіпкерлік түрлері мынадай:
- заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға (ол екі топқа бөлінеді):
1 топқа: а) толық серіктестік - өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілікке ие болып және серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.
б) командитті серіктестік (сенім серіктестігі) - серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын толық серіктестік және өз салымдары соммасы шегіндегі шығындар тәуекеліне ие және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметке қатысатын салымшылардан тұрады.
в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - серіктестіктің қызметтерімен байланысты шығындар тәуекелін оның қатысушылары ұстанады және өз салымдары шегінде іске асырады.
г) қосымша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның қызметімен байланысты өз мүлкіне міндеттемелер бойынша субсидиярлы жауапкершілікті иеленеді және қоғамның құрылтай құжаттармен анықталған салымның құны шегінде іске асырылады.
2 топқа: арнайы құқықтық қабілеттілікке ие заңды тұлғалар жатады. Коммерциялық ұйымдар - мемлекеттік кәсіпорын жатады (қару-жарақ шығару және т.б.).[8]
Кәсіпкерлік нысандары: оның қатысушысының санына байланысты келесідей нысандарға бөлінеді: жеке (индивидуалды) және ұжымдық. Бұл нысандар ҚР Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның ұйымдастырушылық- құқықтық нысандарымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру шылық-құқықтық нысандары партнердің арасындағы ішкіқатынастар және басқа кәсіпкерлермен мемлекеттік органдармен қатынастарын білдіретін нормалардың жүйесін көрсетеді. Ұйымдастырушылық - құқықтық нысанды таңдау оның меншіктік капиталының болуы немесе оның өсуі кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы және нарық жағдайларымен бизнесті бастаушының ерекшеліктерінің заңды тұлғаны құрмай жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкердің және кәсіпкердің басқа да нысандарына байланысты оның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Ал ұжымдық кәсіпкерлікте бірнеше субьектілерге пайда тиесілі болады. Оған АҚ, кооперативтер, серіктестіктерді жатқызуға болады (ортақ меншік бойынша) серіктестік екі не одан да көп партнерлермен жүзеге асырылады.[9]
2 ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ АҚ-НЫҢ ТӘУЕКЕЛ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТӨМЕНДЕТУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің сипаттамасы
Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма Қазақтелеком акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.
Қазақтелеком АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің Қазақтелеком ұлттық акйционерлік қоғамын құру туралы 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.
Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады. Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.
Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік - бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік - ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.[7]
Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:
ТЛ = ( А1 + А2 ) - ( П1 + П2 ), (1.1)
мұндағы ТЛ - ағымдағы өтімділік, А1 және П1 - актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.
Перспективалық өтімділік - бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:
ПЛ = А3 - П3, (1.2)
мұндағы ПЛ - перспективалық өтімділік, А3 және П3 - актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.
№1 кесте. Қазақтелеком АҚ филиалының өтімділігін талдау
Активтер
2004ж.
2005ж
Міндеттемелер
2004ж.
2005ж.
Төлемдік +,-
2004ж.
2005ж.
1
2
3
4
5
6
7
8
Ең өтімді активтер, А1
9841
1861
Жедел міндеттемелер,
П1
918120
904030
-908279
-902169
Тез өтімді активтер,
A2
151381
142034
Қысқа мерзімді міндеттемелер,
П2
0
0
+151381
+142034
Баяу өтімді активтер,
A3
119729
82793
Ұзақ мерзімді міндеттемелер,
П3
0
0
+119729
+82793
Қиын өтімді активтер,
A4
2099281
2277002
Тұрақты міндеттемелер,
П4
1462112
1599660
+637169
+677342
БАЛАНС
2380232
2503690
БАЛАНС
2380232
2503690
-
-
Баланс өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.
ТЛ2004 = (9841 + 151381) - (9181120 + 0) = - 756898 мың теңге
ТЛ2005 = (1861 + 142034) - (904030 + 0) = - 760135 мың теңге
ПЛ2004 =119729 - 0 = 119729 мың теңге
ПЛ2005 =82793 - 0 = 82793 мың теңге
Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемлер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А1 П1, А2 П2, А3 П3, А4 П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлем қабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.
Қаржылық жағдайды талдаудың басты міндеті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.[10]
Көрсеткіш атауы
Көрсеткіш мәні
Өзгеріс
2004 ж.
2005ж.
Абсолюттік
%-бен
1.Өзіндік қаражаттар көздері
1462112
1599660
+137548
+9,41
2.Ұзақ мерзімді активтер
2103175
2279897
+176722
+8,4
3.Меншікті айналым қаражаттары
-641063
-680237
-39174
+6,11
4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
0
0
-
-
5.Запастар мен шығыстарды құру үшін меншікті айналым қаражаттары және ұзақ мерзімді міндеттемелер болуы
-641063
-680237
-39174
+6,11
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер
918120
904030
-14090
-1,53
7.Запастар мен шығыстардың құрылуының негізгі көздерінің жалпы көлемі
277057
223793
-53264
-19,22
8.Запастар мен шығыстар көлемі
115835
79898
-35937
-31,02
9. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі)
-756898
-760135
-3237
+0,43
10.Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі
құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі)
+161222
+143895
-17327
-10,75
№2 кесте. Қазақтелеком АҚ филиалының 2004-2005 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен
Қазақтелеком АҚ филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2004 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz