Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі - бәсекеге қабілеттілікті зерттеу экономиканың негізі зерттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Экономика субъектілердің қызметі үшін стратегиялық және тактикалық жоспарларды әзірлеу үшін, сонымен қатар объекті ретінде техникалық деңгей мен сапаны арттыру жолында зерттеу жүргіземіз. Қазіргі уақытта, бәсекеге қабілеттіліктілік проблемасын зерттеу ең тиімді жән5е сонымен бірге қолдануға оңай әдістерінің жұмыс қабілеттілігін анықтайды.
Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайда бәсекелестік және бәсекеге қабілетті болу үлкен рөл атқарады. Жалпы бәсекеге қабілетті болу экономиканы жаңашылдап қалыптастыру еліміздің болашағы деп түсінемін. Экономиканы реформалаудың қазіргі кезеңінде экономикалық күш пен бәсекеге қабілеттілікті арттыру барлық институционалдық өзгерістердің нәтижелілігін айқындайтын негізгі проблемаларға айналуда. ҚР-да бәсекелестіктің күшеюі орын алуда, соның салдарынан кәсіпорын басшылары кәсіпорындарды басқарудың жаңа бәсекелестік жағдайларына күш салуда сонымен қатар, құралдарын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктерін үнемі іздестіруде. Бәсекеге қабілеттілікті оның барлық аспектілерінде арттыру жолдары қоғам өмірінің барлық қырларын көрсетеді, сондықтан дамыған нарықтық елдерде мемлекеттің жіті назарында. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын экономикалық қайта құрулар отандық өнеркәсіптік өндірісті көтеруге және шетелдік инвестициялар мен қазіргі заманғы технологияларды халықаралық нарыққа тарту негізінде қазақстандық өнімнің шығуына бағытталған.
ҚР - ның тұңғыш Елбасымыздың жақсы сөзі бар еді: «Ұлттық бәсекелестік бұл білімділіктің және біліктіліктің деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім мен оқу - іс тәжірбиесімен қамтамасыз ету». Осыған сәйкес, іс - шаралар мен тетіктер басты проблемалар арқылы өндірісті жаңдандыру, жаңа технологиялармен қамтамасыз ету, отандық кәсіпорындарға жақсы жағдай қамтамасыз ету, халықтың жұмысқа деген ынтасын ояту, жастарды жаңашыл білімге құлшынысын ашу, іс жүзінде ояту және арттыру жолдарын іздеу, еліміздің өнімін импорт және экспортын арттыру, ірі, орта, шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту деген мәселелерге жауап бере алатындай дамытуды алға қойып отыр. Сонымен қатар, Елбасының еліміздің бәсекеге қабілетті болу үшін бірнеше бағдарламалар шығарылған болатын, соның ішінде: «Индустриялдық - инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы», «ҚР - 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», «Қазақстан жолы - 2050» және т. б
Менің ойымша, басты мақсат бұл өндірісті жаңдандыру мен тетіктерді жабу болып қана қоймай, кәсіпорын мен өндірістердің инновациялық мүмкіндіктерін ашу және қолдағы бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып аз шығын шығара отырып сапаны жоғарлатуды тәжірбиеде қолдану.
Дипломдық жұмыстың зерттелу және даму жолы. Жалпы экономикада бәсекелес туралы теориялық негіздерді зерттей бастаған 1776 жылдан бастап А. Смит өзінің еңбегінде: «Бәсекелестіктің пайда болуы мен дамуының негізгі себептерінің бірі ол бәсекелестер арасында тауарлардың жетіспеушілігі»деп айтқан болатын. Сонымен бірге, тағы бірнеше ғалымдар өз үлесін қосқан болатын: Д. Рикардо, П. Буагильбера, Жаном Клодом Венсаном де Гурнэ, Уильяма Петти, Анн Роббера Жака Тюрго, А. Маршалл, М. Портер, XIX ғасырда, К. Маркс, Ф. Энгельс және тағы басқада экономистер зерттеген болатын. Ал отандық жетекші экономистерді атап өткен жөн: Ахметов К. Ғ, Сағындықов Е. Н, Ахметжанова С. Б, Оразалы С, Кошанов А. К. Бегім С, Сабден О. С және тағы басқалары өз үлестерін қосты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - бәсекелестік теорияның негізгі аспектілерін қалыптастыру мен әдіснамалық ережелерін қарастыру, бәсекелестікке әсер ететін факторларды зерттеу, «Ляззат» ЖШС кәсіпорнның бәсекеге қабілеттілігін басқаруын статистикалық және динамикалық көрсеткіштерімен талдау істей отырып, процесстің қалай жүзеге асырылғанын қарастырамыз. ҚР - ның бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелерін және оны арттыру жолдарына тоқталатын боламыз. Тағы да қоса кететін жағдай, жалпылай экономиканың бәсекеге қабілеттіліктің бағалау бөлімдеріне; кәсіпорын, тауарлар, салалар, шет мемлекет тәжірбиесі мәселесін жан - жақты қарастырамыз.
Дипломдық жұмыстың пәні - ҚР - кәсіпорындардың бәсекеге қабәлеттіліг басқару мен оны арттыру жолдарын зерттеу.
Зерттелетін нысан - «Ляззат» ЖШС кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу.
Теориялық және әдіснамалық негізі - Бәсеке деген өте өзекті мәселе және ауқымды тақырыптардың бірі. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз не? Бәсеке экономикаға не үшін керек? Біріншіден, бәсекеге қабілеттіліктің тұжырымдамасы экономикалық дамуға айтарлықтай маңызды болып келеді, кәсіпорын қатынасы ашық еркін экономика жағдайында бәсекелестілікке қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін анықтаудың методологиялық негіздерін, өнімділік және әлімдік нарықта іс - тәжірбие негізінде қарастыру болып табылады. Айта кеткен жөн, тауар өндірушілер арасындағы сұраныс шектеулі жағдайда өнімді өткізу процессінде күреске түсу, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасты реттеуші рыноктық жүйені қалыптастыру болып саналады. Екіншіден, экономика және бәсеке тығыз байланысты, экономика өрлеуі бәсекеге тең. Экономиканың өміршеңдігі, экономиканың ішкі және сыртқы дамуы, елдің әл - ауқатын арттыруға бәсеке өз үлесін қосады. Бәсекеге қабілеттілікті зерттеу макро, микроэкономика, сала және салааралық нарықтық экономикада негізгі ережелерді көздей отырып практика жүзінде іске асатын процесс.
Жұмыстың ақпараттық базасы - ҚР -ның Елбасының Жарлықтары мен Қаулылары, заңнамалық және нормативтік актілері, статистикалық зерттеулер, қабылданған бағдарламалық құжаттарынан құрылады.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы:
- Кәсіпорнынның бәсекеге қабілеттілігіне стстистикалық зерттеу жұмысын жасау.
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау және дамыту ерекшеліктері зерттеледі.
- Мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау туралы іс-шаралар жиынтығы.
- ҚР-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру.
- ҚР - ның бәсекеге қабілеттілігінің өзекті мәселелерін және оны арттыру жолдарына тоқталатын боламыз
Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік маңыздылығы - зерттеуде қолданылған ақпараттар тәжірбие ретінде қолдану және бағалау. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі- жұмыс кіріспе, үш тарау мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Бәсекелестік ұғымы және оның экономиканы дамытудағы рөлі
"Бәсекелестік" деген ұғым ежелгі дәуірде қалыптасқанына қарамастан, қазіргі заманда "бәсекелестік" термині неміс сөзінен шыққан «konkurrenz». Ғылыми әдебиеттерде "бәсекелестік" ұғымы латынның "concurro/concurencia" сөзінен шыққан, олардың көмегімен әр түрлі құбылыстар (бір жағынан бірігу және өзара ену, екінші жағынан тұтынушы үшін-соқтығысу) . Бәсекелестік-тауар өндірушілер (сатушылар) арасындағы бәсекелестік, ал жалпы жағдайда - кез келген экономикалық, нарықтық субъектілер арасында; жоғары табыс, пайда және т. б. алу мақсатында тауарларды өткізу арқылы табатын пайда.
Алғаш рет адамзат экономикалық бәсекелестік құбылысымен ежелгі уақытта, қарапайым тауарлық өндіріс жағдайында бетпе-бет келді. Қарапайым қоғамда қазірдің өзінде әр қолөнерші нарықтық алмасудың басқа қатысушыларына зиян келтіріп, өзі үшін барынша пайда табуға тырысты. Құлдық жүйенің пайда болуымен бәсекелестік тек күшейе түсті. Шаруашылықтар көбейе бастады, мәжбүрлі және жалдамалы жұмысшылардың жұмысы қоғамдағы орнын нығайта отырып, көбірек өндіруге мүмкіндік берді.
Бәсекелестікті зерттеу мәні мен оның ерекшелігі, экономика дамуына қалай әсер ететінін шетел теориктер XVII ғасырдан бастап зерттей бастады. Қазіргі уақытта бәсекелестік ұғымын зерттеу айтарлықтай іргелі әсерін тигізуде, дегенмен теория мен практикада ұзақ уақыт бойы ол тек нарықтың айқын атрибуты ретінде қарастырылды. Экономикалық ой бәсекелестікті капитализмнің дамуы жағдайында нарықтың жұмыс істеуінің негізгі тетігі ретінде тауар шаруашылығының күрделі жүйесі ретінде белгілегенге дейін бір ғасырдан астам уақыт өтті. Бәсекелестік - бұл нысанның белгілі бір нысанға ұқсас кезінде басқа нысандармен салыстырғанда нақты қажеттіліктермен шынайы қажеттіліктерді қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын процесс.
«Бәсекелестік» ұғымы экономикада тұрмыстық тілден және ұзақ уақыт бойы тәуелсіз бәсеклестікті, яғни екі немесе одан да көп адамдар арасындағы бәсекелестік деп қалыптасқан. Бұл категорияны түсіндіруге тұтынушының мінез-құлық тәсілі бәсекелестікті қалыптастырады, бастапқыда экономикалық әдебиетте түсінік бере бастады. Бәсекелестік адамның ішкі қасиеті ретінде қарастырылды, ол табиғи түрде қалыптасады және бәсекелестікке ұмтылатын адамдардың экономикалық мінез-құлқын көрсетеді.
Жалпы шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы бәсекелестік қажетті элементі ретінде «бәсеке» ұғымы тарихи түрде қарапайым тауар өндірісі арқылы жүзеге асатын экономикалық объект болып саналады. Онда, шағын тауар өндірушілер арасындағы нарықтық айырбастаудың басқа қатысушыларымен салыстырғанда тауарларды өндіру мен сатудың ең қолайлы жағдайларын жасау болып келеді.
Бәсеке - бұл нарықтық экономикада маңызды бақылау құралы. Нарықтық ұсыныс пен сұраныс тетігі тұтынушының талап- тілегін өндіруші мекемеге, ал ол арқылы - ресурс жеткізушілерге жеткізеді. Бәрақ, бәсеке өндіретін кәсіпорын мен ресурс жеткізушілерді тұтынушы талаптарының қанағаттандыруға мәжбүрлейді. Бәсекеге қабілеттлік арттыру үшін, өнімнің сапасына көңіл бөлген жөн. Негізі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы бағаланады. Жалпы кез - келген нарықта тұтынушының қажеттіліктері аса маңызды рөл атқарады. Жалпы әрбір кәсіпкер, кәсіпорын ашпас бұрын жалпы нарықты, тұтынушы қажеттіліктері, бәсекелес кәсіпорындарды сараптап зерттеу басты міндет болуы тиіс. Тұтынушының қажеттілігіне қарай, сонымен қатар нарықта қандай өнім түрі актуалды сияқты мәселелерге қарай кәсіпкер өз кәсіпорынын ашады. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі шаруашылық жүргізуші субъектінің меншік иесінің (басшылықтың, инвестордың) мүдделері тұрғысынан бағаланады. Басқаша айтқанда, өнімнің бағасы неғұрлым төмен болса, оның бәсекеге қабілеттілігі соғұрлым жоғары болады. Алайда, мұндай баға кәсіпорынды одан әрі кеңейту үшін қажетті экономикалық тиімділікті қамтамасыз ете ала ма, жоқ па - үлкен мәселе. Ең керемет өнімді шығаратын, бірақ оны созылмалы шығындармен жасайтын кәсіпорын бәсекеге қабілетті бола алмайды. Осыған байланысты, шаруашылық жүргізуші субъектінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тек оның өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау арқылы біз оны түбегейлі дұрыс деп санаймыз.
Осылайша, бәсеке деген ұғым былайша қалыптасады, біреуінің жетістігі әрқашан екіншісінің жоғалуын білдіреді. Экономистер бәсекелестікті компаниялардың өзара күресі ретінде сипаттайды. Олардың әрқайсысы өз мүдделерін қорғайды: ол кез-келген тәсілмен клиенттердің назарын аударуға, мүмкіндігінше көп тауарлар мен қызметтерді сатуға және сайып келгенде максималды пайда алуға тырысады.
Бәсекелестік - бұл тауар өндірушілердің бірдей мақсаты - табыс табу жолындағы мүдделердің қақтығысы болып табылады. Мұндай қақтығыс сөзсіз туындайды, себебі ол экономикалық қызметтің объективті жағдайынан туындайды. Оларға ұсақ тауар өндірушілердің көп болуы, өндірістік ресурстардың шектеулі болуы және төлем қабілетті сұраныс жатады. Сонымен қатар, өндіріс шығындарын азайту арқылы бәсекелестікте жеңіске жетудің мүмкін еместігі (еңбек өнімділігін арттыратын техникалық инновациялар жүйесінің дамымауы жағдайында) сол кезде бәсекелестерден қоршаудың басқа әдістерін қолдануға мәжбүр етті (мамандыққа шектеулер, тауарларды әкелуге тыйым салу және т. б. ), бұл бәсекелестік тұжырымдамасының мазмұнына әсер етті.
Экономика бастапқы шарығында «бәсеке» ұғымы бірнеше теориктермен байлынысты Уильям Петти (1623-1687) және Анна Роббер Жак Турго (1727-1781) сияқты классикалық саяси экономикалық мектептің қалаушыларымен тығыз байланысты. Бұл теориктер «бәсеке» ұғымын нарықтағы бағаны белгілеу арқылы «табиғи» деңгейді белгілейтін күш деп тұжырымдады. Кейінен бұл теорияны ары қарай дамытқан Адам Смит болған.
Адам Смит бәсекелестіктің негізгі құралы «табыс табу» деп санай отырып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныспен байланысын анықтады. Адам Смиттің пікірінше, тауардың тапшылығы сатып алушылар арасындағы бәсекелестікті тудырады. Менің ойымша, мен бұл теориктің пікіріне қосыламын, себебі егер де тауар тапшы әрі бағасы төмен болса, онда сатып алушылар арасында үлкен бәсекелестік туындайды. Екінші жағдаймен қарастыратын болсақ, тауардың тапшылығы тауар бағасын өсуіне әкеледі, ал нарықтағы тауарлардың артық болуы сатушыларды бәсекелестікке мәжбүр етеді, бұл тауар бағасын төмендетеді. Осылайша, бәсекелестік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі, яғни тепе-теңдік іске асады.
Адам Смит тепе - теңдік нүктесіне қайта оралу тек жетілген нарықта жүзеге аса алады, экономиканың осы күйінде ғана болуы үшін 3 шартты мәлімдейді: "біріншіден, бұл сауда немесе өнеркәсіптің бұл саласы бәріне жақсы белгілі болуы керек және ұзақ уақыт бойы белгілі бір аймақта болуы керек; ал екіншіден, ол өзінің қалыпты немесе табиғи күйінде болуы керек; үшіншіден, ол жалғыз немесе жалғыз емес болуы керек". Осы үш шарттан кейін толығымен бәсекелі нарықтың үш сипаттамасы былайша түсіндіріледі: 1) нарықтың барлық қатысушыларының ақпаратқа тең және толық қол жеткізуі; 2) әрқайсысы жеке-жеке нарықтық бағаға әсер ете алмайтын, нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың шексіз көп болуы; 3) әрбір өндіруші біртекті өнімді шығаруға маманданған және өнімнің саралануы жоқ деп түсіндірген болатын.
Адам Смит бәсекелестік ұғымын ашықтай зерттеген, бұл «көрінбейтін қол» әрекетімен және институционалдық механизмнің сапасымен анықтады.
«Көрінбейтін қол» аты аңызға айналған экономикалық категорияның бірі. Адам Смит осы еңбегінде ашық анықтама берген болатын: " . . . өйткені әр адам өз капиталын мүмкіндігінше отандық өнеркәсіпті қолдау үшін пайдалануға тырысады . . . ол қоғамның жылдық кірісінің мүмкіндігінше үлкен болуына ықпал етеді. Әрине, ол әдетте қоғамдық артықшылықтарды насихаттауды білдірмейді және оған қаншалықты көмектесетінін білмейді . . . ол тек өзінің қызығушылығын білдіреді . . . тек өз пайдасын көздейді, және бұл жағдайда, көптеген адамдар сияқты, ол көзге көрінбейтін қолымен нысанаға бағытталған. оның ниетіне кірмеген . . . ".
«Көрінбейтін қол» тек өткір бәсекелестік ортасында іске асады. Бұл қалай іске асады? Кәсіпкер үнемі өндіріс шығындарын азайту жолын іздеуге мәжбүр етеді, әйтпесе сату көлемінің өсуіне байланысты бағаны төмендетіп, кірісті көбейту мүмкін емес. Адам Смит осыған байланысты, алғашқы үш қадамды жетілдірген болатын:
- Бәсекелестік ұғымын күреске түсу деп байланыстырды, бағаны көтеру(сұраныс жоғары болғанда), бағаны төмендету(сұраныс азайғанда) .
- Бәсекелестің негізгі ұғымын «көрінбейтін қол» қағидасын ұстанды, оған сәйкес "тарту" - кәсіпкерлерді, "қол" оларды экономиканы дамытудың белгілі бір "идеалды" жоспарына сәйкес әрекет етуге мәжбүр ете алу механизімін салды;
- Теориялық тұрғыдан, жұқа әрі икемді бәсекелестік механизімді қалыптастырды ол салалық кірістің мөлшерін объективті түрде теңестіреді, салалар арасында ресурстарды оңтайлы пайдалануды қарастырды. Бәсекелестік механизмінің нәзіктігі тауарларға сұраныстың төмендеуімен сапасыз немесе қажетсіз қымбат өнімдер шығаратын фирмалар үлкен қиындықтарға тап болатындығында деп тұжырымдады.
XVII ғасырдың 70-ші жылдарында бәсекелестікті ары қарай дамытқан классикалық саяси экономиканың негізін қалаушылардың бірі, Пьер Лепезан де Буагильбер (1646-1714) ерекшеленді. Франция экономикасын жақсарту мәселелерін зерттей отырып, ол үкіметке ішкі нарықты кеңейтуге, тауарлар мен ақша айналымын өзгертуге, бәсекелес ұғымын енгізуге бірнеше реформалар ұсынған болатын. Сонымен қатар, Буагильбер экономика еркін бәсекелестік жағдайында жақсы дамиды деп сенді. Ол өз идеяларын "Францияның жағдайын, оның әл-ауқатының төмендеу себептерін және қалпына келтірудің қарапайым тәсілдерін немесе бір айда патшаға барлық ақшаны қалай жеткізуге және бүкіл халықты байытуға болатындығын" зерттеген болатын. Басқа да ғалымдар сияқты Буагильбер бәсекелестік теориясын зерттеп қана қоймай, тәжірбие жүзінде қолданды. Ол өз еңбегінде, экономиканың тепе-теңдігі мен прогресстің маңызды шарты қалыптастыру бұл пропорционалды немесе қалыпты бағалар екенін жазды. Ол әр салада өндіріс шығындарын және белгілі бір кірісті, таза кірісті жабуды қамтамасыз ететін бағаларды атады. Бағаны осылай түсіндіруде, әрине, сұрақ туындады: экономикада "оңтайлы бағалар" қалай қамтамасыз етілуі мүмкін? П. Буагильбердің пікірінше, бағаның мұндай құрылымы бәсекелестік еркіндігі жағдайында өздігінен қалыптасатын болады деп айтқан.
Альфред Маршалл (1842-1924) пікірінше, монополия бәсекеге толығымен қарама қайшы деп санаған. Біреуі нарықта өмір сүруі тиіс, екіншісі экономикадағы бар мәселе. Егер еркін бәсекелестік экономиканың оңтайлы жағдайы болатын болса, онда монополия экономикада антипод ретінде қалыптасады, яғни әлеуметтік әл-ауқатты төмендететін ұйым болы саналады деп түсіндірген. Келесі түсінік, тепе- теңдік теориясын негіздеу үшін бі-бірінен тәуелсіз экономикалық категорияларды қарастырды, соның ішінде бәсекелестік моделін және саты алушылар, нарықта қол жетімділіктің болуы, еркін бәсекенің тұрақталуы, нарықтық бағаға әсер ететін мүмкіндігінің болмауы. Баға тепе-теңдігінің ауытқуы кезінде тепе- теңдікке қол жеткізу механизімін Маршалл сату көлемінің ауытқуы деп қарастырды. Атап айтқанда, Маршалл моделінде өндіріс қорлары ерекше орны алды.
К. Марксқа тоқталатын болсақ, нарықтық құн мен нарықтық бағаны қалыптастыруда бәсекелестіктің рөлін анықтаған. Оның пікірінше, бәсекелестікті ғылыми талдау капиталдың ішкі табиғаты белгілі болғаннан кейін пайда болады деп тұжырымдаған. Осылайша бәсекелестіктің жүйелі тұрғыдан зерттеген. Сонымен қатар бәсеке ұғымын осындай бірнеше теориктер өз еңбектерінде бірнеше ақпарат қалдырған болатын.
Бәсекеге қабілеттілік түсінуде айырмашылық осы экономикалық категорияның мәні екендігімен түсіндіріледі. Қазіргі уақыттағы экономистер тұжырымдаманы әр түрлі санатта бөліп қарастырды.
Қазақстанда бәсеке ұғымын зерттеу 20 ғасырдың басында дами бастаған. Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасының жағдайында бәсеке ұғымына бірнеше теориялық нюанстарды зерделеген отандық ғалымдар: Сағадиев К. А., Қошанов А. К., Баймуратов у. б., Алиев У. Ж., Алимбаев А. А., Аубакиров Я. А., Сейтқазиева А. М., Саханова А. Н., Кенжегузин М. Б., Кадыржанов Е. К. және тағы басқа. Республиканың көптеген факторлар экономиканың моделін іске асыру үшін отандық ғалымдар Республиканың бәсекеге қабілетті болуы жаңа тәуелсіз мемлекеттер дамуының ерекше жолы деп қарастырған. Қазақстандық ғалымдар сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің ерекшеліктерін атап көрсетеді, атап айтқанда академик Қ. Ә. Сағадиев: "бәсекеге қабілеттілікті экономиканың тұрақты өсуінің салдары ретінде қарастырған жөн. Орнықты даму болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерге нұқсан келтірмей, елдің қазіргі ұрпағының қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді. Бұл үш бағыттағы прогресті білдіреді - экономикалық, әлеуметтік және экологиялық, олар бір-бірімен байланысты . . . бәсекеге қабілеттілік компанияларға немесе салаларға қатысты болған кезде түсінікті және өлшенеді . . . Дегенмен, бүкіл экономика туралы ойлау өте қиын" деп түйіндеген. Академик Ө. Б. Баймұратовтың пікірі осыған ұқсас, ол "ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі экономикалық жүйенің Халықаралық экологиялық стандарттарды сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарындағы бәсекелестік жағдайында адамдардың ақылға қонымды материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін білдіреді . . . Экономиканың адам денсаулығына зиянды тауарлар мен қызметтерді өндіру және тұтыну қабілеті оның гуманистік түсіндіруіндегі бәсекеге қабілеттілік ұғымына жатпайды"деп тұжырымдаған.
Жалпы соңғы 30 жыл бойында елдің, экономиканың бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызды бөлігі болып келеді. Бәсекеге қабілетті болу, ол елдің қалай өзінің экономикасының болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын айқындайды, ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, сонымен қатар экономикалық маңызы бар саяси процестерді басқару, ақпараттық құрылымның жоғары деңгейінде дамуы, білімнің деңгейі, біліктіліктің артуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайдыңы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен жүзеге асырылады.
Экономиканың дамуында басты рөл бәсекеге қабілеттілік және оның индикаторы, біріншіден, елдің өмір сүру деңгейі мен сапасын көтерілуі, тұрақтылық, екіншіден, елде заңдардың сақталу деңгейі, үшіншіден, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге неғұрлым жоғарлығы және тағы басқалары экономика дамуына үлесін қосады. Экономика жағдайында бәсекеге қабілеттілік әр қырлы өз әсерін тигізеді, бірақ бастысы экономиканың гүлденуіне тікелей әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz