Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Журналистика факультеті,Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

АНАЛИЗ
Тақырыбы: Қазақстандағы 1921-1922 жж 1931-1933 жж аштықтар.

Орындаған:Тажиманова И.
Тексерген:Кумганбаев Ж.Ж

Алматы 2022ж.
Тақырыбы:

Қазақстандағы 1921-1922 жж 1931-1933 жж аштықтар.

Мазмұны:

1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
Қазақстандағы 1921-1922 жж ашаршылық.
Қазақстандағы 1931-1933 жж ашаршылық.

3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе
Ашаршылық -- саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат. Оның ашық және жабық түрі бар. Біріншісі -- мүлдем үнемсіз қалу да, екіншісі -- үнемі шала құрсақ болып жүру. Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады (қ. Ашығу). А. жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемл-тердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді. Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті А-тарға жиі ұшырап тұрған. Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африкаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экон-сы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықар. ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.

Негізгі бөлім.
Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақ халқының бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкенін байқаймыз. Оларды 1919-1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адамды алып кеткен), 1931-1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) және 1946 жылдары болған аштық деп қарастыруға болады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15-20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Біз үшін ашаршылықтың зардабы өте-мөте ауыр тиді. Ғалымдар оның қазақ халқының дамуын 110 жылға кейін шегергенін айтады. Осы ретте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың: егер ашаршылық болмағанда, біз қазір 45-50 миллион халық болып отырар едік деген тұжырымында шындық бар. Мұны сол ашаршылыққа дейін біздің жарты санымыздан сәл ғана асатын өзбек халқының қазір 32 миллионға жетіп отырғанының өзі байқатады.

Ашаршылықтың үш кезеңі:
Бірінші ашаршылық -- 1916-1918 жыл. Бұған Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі азаматтық соғыстың басталуы, мал-мүлікті тәркілеу мен патша билігі жіберген жазалаушы армия басқыншылығы, сонымен қатар халық арасында таралған індет пен қатты суық және құрғақшылық себеп болды. Деректерге сүйенсек, бұл жұт салдарынан кемінде 1,5-2 миллион адам көз жұмған, ал 300 мыңнан 1 миллионға дейін адам босып кеткен.

Екінші ашаршылық -- 1921-1922 жыл. Оның үш себебі бар. Алғашқысы -- Азаматтық соғыс салдарынан қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұшырауы. Екіншісі - 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына келтірген зияны. Үшіншісі -- жұқпалы аурудың тарауы.

Үшінші ашаршылық -- 1929-1933 жыл. Оның себебі - Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын тіршілік көзінен айырып, жаппай және күшпен отырықшыландыру науқаны. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл жылдары 2,4 миллион адам аштықтан қырылған. 1930-1931 жыл аралығында 1 миллион 70 мың адам Қытай, Иран және Ауғанға қоныс аударған. Оның 414 мыңы кейін елге оралған.

Қазақстандағы 1921-1922 жж ашаршылық.
1921 жылы Қазақстанның 5 губерниясы - Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай және Адай уезі ашаршылыққа ұшырады.

1920-1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша, 1921 жылғы қиын жағдайда Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекенде нәубет кесірінен халық түгелдей дерлік зардап шеккен, яғни не аштан өлген, не босып кеткен.
1917-1923 жылдары аралығындағы қазақ жеріндегі халық саны:
1917 жыл -- 6 218 300 адам;
1920 жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялыларының көмегі
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
ГОЛОЩЕКИН ГЕНОЦИДІ
ҚЫЗЫЛТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ
Ашаршылықтың демографиялық салдары
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы
Ұлы жұт (1931-1932)
ҚАЗАҚТАРДЫҢ АТАМЕКЕНІНЕН АУА КӨШУI
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Пәндер