Топография және геодезия ғылымы


Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
«География және табиғатты пайдалану» факультеті
«География және жерге орналастыру, кадастр» кафедрасы
СӨЖ - 1
Пән:Топография геодезия негіздерімен.
Тақырыбы:Топография мен геодезияның даму тарихы.
Орындаған:Елеусіз Мерей
Тексерген:Дуйсенбаев Салават
Алматы 2022ж
Мазмұны:
- Кіріспе . . . 3
- Топография және геодезия ғылымы . . . 4
- Топография және геодезияның даму тарихы . . . 4
- Қорытынды . . . 9
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе.
Негізгі тақырып топография мен геодезия ғылымының мақсатын, міндеттерін айта отырып даму тарихымен танысу. Оқу материалында жалпы бұл ғылымның нені оқытады, қандай жағдаймен ғылым болды, осы сұрақтарға жауап және де топография мен геодезия ғылымдары зерттеушілер үшін жер туралы, оның пішіні мен көлемі туралы, жер бетін карта түрінде жеткізу және жергілікті жерді түсіру туралы маңызды білім беретінін анықтадым. Осы баяяндамада тарих арқылы басқа да дәлелдермен анықтамалар береді.
Топография және геодезия ғылымы.
Топография - жергілікті жерді географиялық түрде және геометриялық зертеулермен, үлкен ірі масштабты карта жасап дамытатын ғылым. Толығымен айтқанда жалпы карта жасау әдістерін, картада бейнелеу тәсілдерін, карталарды дұрыс пайдалану қағидаларын үйрету.
Геодезия - жер бетін биік дәлдікпен зерттеу, түрлі өлшеу әдістерімен жұмыс жасау үшін координаттық жүйелерді дамытатын ғылым. Бұл әдістер топографиялық әдістерді құрайды. Сонымен қатар жер бетіндегі қозғалыстарды, мұхиттар мен теңіздердің сызықтық өзгерулерін зерттейді.
Топография геодезия незіздерімен топографиялық карта мен план жасау әдістері, топорафиялық түсіру жұмыстары кешені, геодезиялық өлшеу аспаптары қарастырылады.
Топография мен геодезияның даму тарихы.
Топография мен геодезия ғылымдары шаруашылықтағы маңыздылығы өте жоғары болғандықтан ерте заманнан пайда болған. Жер бетін бейнелеу алғашқы адамдар бастады, мұндай мақұлдауды жазуды білмейтін халықтардың картографиялық сүреттері куә болып келеді. Мысалы, Солтүстік Американың эскимостардың кептірілген балықтағы, Мұхит аралдарының микронезийліктердің ағаш қабығындағы суреттері. Сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларында кездесетін алғашқы қауым кезеңінде өмір сүрген адамдардың жер туралы суреттері. Мұндай суреттер Солтүстік Италияда орналасқан үңгірдің қабырғасында, Солтүстік Кавказда Майкоп қаласы жанында жүргізілген археологиялық қазу жұмыстары барысында табылған күміс құмыраның бетінде жергілікті жердің суреті салынған. Бұл суреттерде адамдар қолданбалы қажеттілікті сурет түрінде берген, яғни көрсетілген жергілікті жер кімнің жері, бұл жерде қандай шаруашылық дамыған т. с. с., кейбір суреттер хабарлаушы болып келеді, яғни аң, балық аулау жерлерді, жайлаудың орналасқан жерін көрсетеді т. с. с.
Ежелгі Мысыр, Вавилон, Қытай, Үндістан елдерінде суармалы егін шаруашылығында «жерге өлшеулер жүргізу барысында тәжірибе жинақтауға алып келді, сөйтіп «жерді өлшеу» - геометрия және «жерді бөлу» - геодезия саласындағы теориялық білімінің тез дамуына септігін тигізді. Біздің заманымызға дейінгі XIV - XII ғасырларда Қытайда «бүкіл жерді» зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді: бұл жұмыстар жер танаптарын өлшеуіш тізбектер мен өлшеу шеберліктерін болғандығын көрсетті.
Бүгінгі ғылымдар Ежелгі Грециядан дамып бастайды, соның ішінде топография мен геодезияның негіздері салынған. Оның дәлелі біздің уақытқа дейін жеткен Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды өлшеу» деген еңбектері.
Ежелгі Рим кезінде топография мен геодезияның қолданбалы мәселелері дамыған, себебі өте үлкен империя болғандықтан ел туралы толықтырылған карталар қажет болған. Мұндайдың куәсі «Пейтингер кестесі» деп аталатын жол карталары. Ежелгі Римде алыс провинцияларымен байланыс жүргізу мақсатында, елді мекендер арасындағы жолдар картасы жасалынған және маршруттарға жалпы баяндама берілген. Мұндай карта бір көшірмесі ғана сақталған, оны XVI ғасырда Аугсбург қаласында Пейтингер деген неміс тарихшысы тапқан, сондықтан оны «Пейтингер кестесі» деп атаған.
Топография мен геодезияның келесі даму кезеңі Еуропада XVI - XVIII ғасырларда ірі мемлекеттер пайда болумен және шаруашылық пен сауданың дамуына байланысты. Осыңан орай территориялардың толықтырылған карталары жасалынды. Бұл түсірістер қарапайым аспаптармен жасалынған - компас, жіп немесе өлшеуіш-дөңгелек. Ара қашықтар мен бұрылыстардың бұрыштары тек ғана жолдармен жүргізілген, ал жергілікті жерді қоршаған объектілер көз мөлшерімен түсірілген.
XVII ғасыр геодезия үшін өте маңызды болды, 1609 жылы Г. Галилей италияндық астроном - геодезиялық бұрыш өлшеу және ара қашықтықты өлшеу аспаптардың негізгі бөлігін - астрономиялық көру дүрбісін ойлап тапты. 1616 жылы голландық Снеллиус өзі ойлап тапқан триангуляция тәсілімен алғашқы градустық өлшеулерді жүргізді. XVIII ғасырдың екінші жартысында (1783 ж) ағылышын Рамсден алғашқы теодолитті жасап шығарған.
XV - XVIII ғасырларда топография мен геодезияға аса маңызды көптеген картографиялық жұмыстар жүргізілген, жер бетінің ұсақ масштабты карталары, глобустар, атластары жасалынған. Жердің пішіні шар тәріздес екендігі дәлелденді.
1740 жылы Ц. Кассини Франция территориясы үшін трингуляцияның тіреу пунктер желісін жасау жұмыстарын бастады. Жасалынған желісі негізінде Францияның бүкіл территориясына 1:86400 масштабтағы мензулалық түсіріс жүргізіліп 1789 жылы аяқталды. Бұл түсіріс негізінде 1815 жылы топографиялық карталары жарық көрді (жалпы 182 карта) .
Трингуляцияны пайдалану топографиялық карталардың дәльдігін көтерді. Мұндай тәжірибе барлық еуропалық елдер бойынша тарады. Мұндай карталар алғаш рет әскери мақсатта пайдалан бастады. Осындай карталардың қажеттілігі көптеген еуропалық елдерде мемлекеттік картографиялы-геодезиялық мекемелердің пайда болуына алып келді. Осының салдарынан еуропалық мемлекеттерде топографиялық карталар шыға бастады. Бұл карталарда жер бедері пішіні штрих (бояу) тәсілімен көрсетілген, яғни жер бедерінің элементтері толық көрсетілмеген, әсіресе беткейлердің еңкістігі, жер бетінің абсолюттік биіктіктері. Бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысында жер бедері пішіндері изогипс немесе горизонталдар арқылы көрсетумен шешілген.
Топография және геодезия ғылымдарының Ресейдегі дамуы Қазақстан үшін аса маңызды болды. Ресейдегі топография мен геодезияның дамуы XVII ғасырда «Мәскеу мемлекетінің Үлкен сызбасы» деген еңбектен басталады десек қателеспейміз. Осы ғасырда орыс патшаларының шығыс жерлерді басып алу саясаты, ол территорияда карталастыру жұмыстарының дамуына алып келеді. 1667 жылы Тобыл әкімі П. Годунов Сібір картасын жасап шығады, 1701 жылы Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» атты 23 картадан тұратын алғашқы орыс географиялық атласы шығады. Бұл карталардың маңыздылығы олардың масштабында, басым бөлігі ірі масштабты, бүгінгі шолу топографиялық карталардың масштабына сәйкес - 1:200 000-тан 1:400 000 дейін. 1701 жылы І Петрдің бұйырығымен Мәскеу қаласында алғашқы математикалық-навигациялық мектеп ашылады, мұнда геодезисттерді дайындаған. 1715 жылы сол кездегі Ресей империясының батыс облыстарында топографиялық түсіру жұмыстары басталады. Нәтижеде 1:21000 тан бастап 1:84000 масштабқа дейін топографиялық карталар жарық көреді.
Топография мен геодезия ғылымдары даму үшін аса маңызды болған 1739 жылы ашылған Географиялық департамент, нәтижеде геодезия бойынша алғашқы С. К. Котельниковтың «Жас геодет немесе геодезияның алғашқы негіздері» деген геодезия бойынша оқулығы жарық көрді. 1779 жылы Мәскеу қаласында Межа мектебі, жер өлшеуіш мамандарды дайындайтын оқу орны ашылды. 1797 жылы карталар Депосы ашылады, кейін 1812 жылы Әскери-топографиялық депо деп аталады, ал 1822 жылдан бастап әскери топографтар корпусына айналады. 1845 жылы А. П. Болотов «Геодезияның жоғары және алғашқы курсы» деген оқулық жариялайды.
Кеңес үкіметі кезінде топография мен геодезия дамудың жаңа кезеңі басталады, ол 1919 жылы 15 наурызда «Геодезия мен картографияның бас басқармасы» құру туралы декретке В. И. Лениннің қол қоюынан басталады десек болады. Басқарманың алғашқы шаралырының бірі бұрыңғы орыс өлшемдерде берілген картографиялық материалдарды халықаралық метрикалық жүйеге келтіру болды. 1923 жылы барлық топографиялық карталар үшін метрмен көрсететін масштабтар бектілді. Осы жылдары топографиялық түсіру жұмыстары негізіне аэрофототопографиялық түсіру әдістері енгізілді.
20-шы жылдары Ф. Н. Красовский мемлекеттік геодезиялық желісін дамыту бағдарламасын жасап шықты.
1945 жылы масштабы 1:1 мемлекеттік топографиялық карта жасау жұмыстары аяқталды. Ал 50-шы жылдарының ортасында ҚСРО территориясының 1:1 масштабтағы тпографиялық карталары жасалынған.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жаңа геодезиялық инструменттер, аэрофототопографиялық әдістердің қарқынды дамуы ҚСРО территориясының басым бөлігіне 1:25000 масштабтағы топографиялық карталарын жасауға мүмкіндік берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz