Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

НҰР-CҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

«51 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯ» КММ

« . . . БІР ҒЫЛЫМДЫ КӨРСЕҢІЗ» АТТЫ АБАЙ ҒЫЛЫМИ ЖОБА БАЙҚАУЫ

ТАҚЫРЫБЫ : Ә. КЕКІЛБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТ ТАБИҒАТЫ МЕН ТАРИХИ ТАҒДЫРЫ

СЕКЦИЯСЫ : ӘДЕБИЕТТАНУ

ОРЫНДАҒАН : ОҢҒАРОВА АҚМАРЖАН

9-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

ЖЕТЕКШІ ПӘН МҰҒАЛІМІ: СӘРСЕНБАЕВА ЗОЯ СӘБУҚЫЗЫ

ФИЛОЛОГИЯ МАГИСТРІ, АСПИРАНТ

2021 ЖЫЛ

Аннотация

Бұл ғылыми жобада казак әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалалардың бірі, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев прозасындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын ашылған. Автордың жазушылық шеберлік тәжірибесін таныту мен айқындау, саралау мақсатында, оны өзге тарихи шығармалармен салыстыра талданған.

Кейіпкер және түптұлға (прототип) табиғатындағы ортақ белгі мен байланысқа, бірлікке назар аудара отырып, кейіпкер жан дүниесі мен мінез қырларын, дүниетанымы мен көзқарастарын суреттеудегі қаламгер шеберлігі ашылған. Кейіпкер бейнесін сомдаудағы қаламгердің идеялық-тағылымдық ой-танымдарына жаңаша көзқарас тұрғысында баға берілген және тарихи тұлғаны сомдаудағы автор және кейіпкер, өмір шындығы мен құжатты дерек материалдарының көркем туындылардағы қаламгердің көркемдікпен қолдану шеберлігі көрініс тапқан. Ә. Кекілбаев прозасындағы тұлға және қазақы болмыс, ұлттық мінез көріністерін саралап, жазушы романдарындағы тотолитарлық жүйе трагедиясының ақиқаты ашып көрсетілген.

Ғылыми жобада сонымен қатар, «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Күй», «Шыңырау», «Ханша-дария хикаясы» повестері, «Ұйқыдағы арудың оянуы», т. б. кітаптарындағы деректерге сүйене отырып, қаламгердің жеке мұрағатында сақтаулы қолжазбалары, жинаған материалдары, сұхбаттасу кезінде айтқан пікірлері мен пайымдаулары, сондай-ақ сол дәуірден жазылған бірқатар Ресей зерттеушілерінің жазбалары да басты назарға алынды.

№51 мектеп - гимназиясының 9- сынып оқушысы Оңғарова Ақмаржанның «Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тарихи тағдыры» тақырыбындағы ғылыми жобасына

П І К І Р

Оңғарова Ақмаржанның «Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тарихи тағдыры» тақырыбындағы орындаған ғылыми жобасы казак әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалардың бірі, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев прозасындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын аша білген. Автордың жазушылық шеберлік тәжірибесін таныту мен айқындау, саралау мақсатында, оны өзге тарихи шығармалармен салыстыра талдаған.

Сонымен бірге, Ә. Кекілбаев шығармашылығының жанрлық табиғаты, олардағы хандар, ел билеушілері бейнелерінің суреттелу ерекшеліктері жазушы мұраларының композициялық-сюжеттік құрылымдары негізінде талдап көрсеткен. Қаламгердің тарихи туындыларындағы хандар мен ел билеушілер тұлғаларының әдебиет тарихындағы әдеби-көркемдік, идеялық-мазмұндық мән-маңызын ашып, жазушының «Үркер», «Елең-Алаң» тарихи романдарындағы хандар, ел билеушілер бейнесі өзіндік ізденіс тұрғасынан жеке зерттеу еңбектің нысанасына алынған. Жұмыс жоспарға сәйкес барлық сұрақтарының мазмұны толық ашылған және ғылыми жоба талапқа сай, өз деңгейінде орындалған. Ақмаржанның келешекте жақсы ғалым болады деп үміттенуге болады.

Пікір беруші:

№51 мектеп-гимназиясының З. С. Сәрсенбаева

қазақ тілі мен әдебиетінің

мұғалімі, филология магистрі

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе
Кіріспе:
Кіріспе: 1. Ә. Кекілбаев прозасындағы тұлғалардың ұлттық мінездері.
Кіріспе: 1. 1 Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс.
Кіріспе: 1. 2 Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тағдырының бейнеленуі.
Кіріспе:
Кіріспе: 2. Ә. Кекілбаевтың кейіпкер тұлғасын сомдаудағы стильдік даралығы.
Кіріспе: 2. 1 Жазушы романдарындағы аңыздық сарын және көркемдік шешім.
Кіріспе: 2. 2 Ә. Кекілбаевтың адам және қоғам мәселесін көтерудегі қаламгерлік шеберлігі.
Кіріспе:
Кіріспе: Қорытынды.
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Ғылыми жобаның жалпы сипаттамасы. Біздің зерттеу нысанасына алған ғылыми жобамыздың тақырыбы «Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тарихи тағдыры» деп аталады. Жалпы еліміздің егеменді ел болып қалыптасуында ұлттық идеалогияның алатын өзіндік орны бар. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: «Әбекең - әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!» [1. ] деген еді. Расында да, қазақ әдебиетіне теңдесі жоқ таңдаулы туындыларын берген қаламгер Ә. Кекілбаев шығармашылығы өз халқының ұлттық табиғаты мен тарихи тағдырын таңбалағандығымен құнды.

Тақырыптың өзектілігі. Жазушының жалпы барлық жанрда жазылған туындылары секілді, прозалық шығармалары да қазақ халқының өткені мен бүгінінен сыр шертетін, келешегіне көз жіберіп, ой жүгіртетін халқының шын мағынасында рухани қазынасына айналған туындылар. Ол үшін ең асыл, баға жетпес құндылықтар - ұлтының рухы, ұлтының тілі, ділі, салты мен ғұрпы. Ә. Кекілбаев қай тақырыпқа қалам тартса да, оның шығармаларынан қазақ халқының күй-жайы, тыныс-тіршілігі, рухани болмысы анық танылып тұрады. Әлем әдебиетінінің озық өкілдерімен иықтас тұрған маңдайалды жазушымыз Әбіш Кекілбаев шығармашылығын зерттеу - бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі деп білеміз.

Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің басты мақсаты - казак әдебиеті тарихында нық орын алған көрнекті тұлғалалардың бірі, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев прозасындағы тарихи тұлғалардың көркемдік болмысы мен олардың тарихи тағдырын және көркемдік жинақтау мақсатындағы жазушының өзіндік суреткерлік қырларын ашу. Автордың жазушылық шеберлік тәжірибесін таныту мен айқындау, саралау мақсатында, оны өзге тарихи шығармалармен салыстыра талдау барысында мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • кейіпкер және түптұлға (прототип) табиғатындағы ортақ белгі мен байланысқа, бірлікке назар аудару;
  • кейіпкер жан дүниесі мен мінез қырларын, дүниетанымы мен көзқарастарын суреттеудегі қаламгер шеберлігін ашу;
  • кейіпкер бейнесін сомдаудағы қаламгердің идеялық-тағылымдық ой-танымдарына жаңаша көзқарас тұрғысында баға беру;
  • тарихи тұлғаны сомдаудағы автор және кейіпкер, өмір шындығы мен құжатты дерек материалдарының көркем туындылардағы қаламгердің көркемдікпен қолдану шеберлігін таныту;
  • Ә. Кекілбаев прозасындағы тұлға және қазақы болмыс, ұлттық мінез көріністерін саралау;
  • Жазушы романдарындағы тотолитарлық жүйе трагедиясының ақиқатын ашып көрсету;
  • Ә. Кекілбаев прозасындағы тарихи шындық және көркемдік шешімді зерделеу;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әбіш Кекілбаев шығармашылығы туралы С. Әшімбаев, Б. Майтанов, Ш. Елеукенов, С. Шарабасов, Н. Ақыш, Г. Піралиева, Т. Әбжанов, т. б. сынды әдебиеттанушылар мен сыншылардың зерттеулері мен Ә. Кекілбаев прозасы туралы баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер талданды.

Ғылыми жобаның нысаны. Зерттеу барысында «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдары, «Күй», «Шыңырау», «Ханша-дария хикаясы» повестері, «Ұйқыдағы арудың оянуы», т. б. кітаптарындағы деректерге сүйендік. Қаламгердің жеке мұрағатында сақтаулы қолжазбалары, жинаған материалдары, сұхбаттасу кезінде айтқан пікірлері мен пайымдаулары, сондай-ақ сол дәуірден жазылған бірқатар Ресей зерттеушілерінің жазбалары да басты бағытымызға негіз болды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Ғылыми жобамызда Әбіш Кекілбаев - ұлттық әдебиетімізге ұлттық рух, ұлтжандылық идеяларының тарихи категория ретінде дендеп еніп, тұрақтауына мұрындық болған болған жазушы. Бұлай деп айтуымызға себеп, оның шынайы суреткерлік дарынын дәлелдейтін шығармалары болып табылады деген тұжырым жасадық.

  • Ә. Кекілбаев шығармашылығының жанрлық табиғаты, олардағы хандар, ел билеушілері бейнелерінің суреттелу ерекшеліктері жазушы мұраларының композициялық-сюжеттік құрылымдары негізінде талданып, сараланды;
  • Қаламгердің тарихи туындыларындағы хандар мен ел билеушілер тұлғаларының әдебиет тарихындағы әдеби-көркемдік, идеялық-мазмұндық мән-маңызы ашылып жазылды;
  • Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-Алаң» тарихи романдарындағы хандар, ел билеушілер бейнесі өзіндік ізденіс тұрғасынан жеке зерттеу еңбектің нысанасына алынды;
  • Жазушының тарихи тұлға бейнесін жасаудағы жаңа әдеби-теориялық ізденістерге бой ұрып, әдебиет теориясына жаңа түр мен мазмұн әкелгені айтылды;

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • Ә. Кекілбаев тарихи тұлға бейнесін суреттеуде әлем және қазақ әдебиеті тарихындағы дәстүрлі арналарды жаңа дәуірге сай жалғастырған сөз зергері;
  • Тарихи тұлғаларды сомдауда қаламгер әдеби, тарихи және құжатты деректерді көркем туындыларында шығармашылық шеберлікпен өрнектеген; Соның ішінде «Үркер», «Елең-Алаң» атты тарихи романдарындағы тарихи тұлғалар бейнелері әдеби процеске зор ықпалын тигізген шығармалар болды;
  • Тарихи тұлға бейнелерін бедерлеудегі сөз зергерінің жанрлық, көркемобраздық суреттеу тәсілдері әдеби дамуда прогрестік мәнге ие болды;
  • Ә. Кекілбаев - ұлттық тұрмыс-салттың жетік білгірі, кейіпкер психологиясын жіті байқағыш, озық ойлы қаламгері, жоғары рухты кейіпкерлер жиынтығын суреттеудің талантты шебері;
  • Жазушы қазақ халқындағы ең ерекше кәсіптің бір түрі - құдықтың, құдықшылық кәсіптің жай-жапсарын шебер суреттеуші.

Зерттеудің дереккөздері ретінде қаламгер шығармашылығы, қазақ әдебиеті тарихы мәселелеріне арналған зерттеулер, монографиялық еңбектер, әдебиеттану ғылымындағы теориялық-методологиялық негіздеме зерттеулер мен бұқаралық ақпарат беттерінде, интернет сайттарында берілген деректер басшылыққа алынды.

Ғылыми жобаның зерттеу тәсілдері. Зерттеу әдістері мен тәсілдері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Әбіш Кекілбаев шығармашылығын зерттеу барысында жүйелі-кешенді, нақты талдау, жинақтау, қорыту, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды.

Ғылыми жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, жұмыстың ғылыми жаңалығы, жұмыстың мақсат-міндеттері, зерттеу тәсілдері сипатталады.

1. Ә. КЕКІЛБАЕВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕРІ.

1. 1 ЖАЗУШЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ БЕН ҚАЗАҚЫ БОЛМЫС

Қазақ халқының белгілі ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері Темірхан Медетбек: «Әбіш Кекілбайұлы - еліміздің рухани тіршілігінде болсын, саяси-әлеуметтік өмірінде болсын қайталанбас құбылыс. Ол - феномен. Ол - тұтас әлем. Ол айтқан сайын, қадалған сайын тереңдей түсетін шыңырау әлем. Ол шыңыраудан әлі талай ұрпақ сусындап, талай ұрпақ қуаттанары сөзсіз. Ол - рухани ұлы тұлға» [1. ] - деп жазғанындай, Ә. Кекілбаев прозасындағы ұлт табиғаты мен тарихи тағдыры бейнеленген туындыларын әдеби тұрғыда талдау, баға беру - Ғылыми жобаның басты ғылыми жаңалығы болып табылады.

Өткен ғасырдың алғашқы ширегінде ғұмыр кешкен алаш арысы, қаламы қарымды көсемсөз шебері Мәнен Тұрғанбай: «Қазақ қатарға кіріп жұрт болсын деген кісі тәрбиенің жолынан айрылмасқа керек, әуелі қазаққа кім екенін, адамшылық құқығын білдіруге, онан соң жақын ағайын, туғандарын сүйгізіп, міндетсіз қызмет қылдыруға, онан соң Отанын танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмысы, жұрт намысы деген сөзді тоқып көңіліне кірізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға тырысу керек» [1. ] - деп жазған еді. Іргесі жаңа қарқынмен қайта қаланған ұлттық әдебиетіміздің көрнекті тұлғасы «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланды.

Әр халықтың ұлттық мінезі мен ұлт ретіндегі өзіндік табиғаты белгілі бір санаға сай қалыптасады. Оны қалыптастыруға әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық ортаның талабы себепші болады. Философия ғылымдарының докторы Т. Бурбаев: «Ұлт табиғаты, ұлттық мінез мәселесі - табиғаты жағынан күрделі құбылыс. Ұлттық мінез дегеніміз - синкретті рухани тұтастыққа негізделген адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, ойлау ерекшелігі, дүниені сезінуі мен қабылдауы, саналық пен бейсаналылықтың тұтастығы. Ұлт табиғатын да осы қасиеттер айқындайды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа бейсаналық түрде жеткізіліп, ұлт өкілдерінің мінез-құлқы мен дүниеге көзқарасында, өмір салты мен әдетінде, дәстүрі мен салтында, философиясы мен ғылымында, мәдениетінде, өнері мен музыкасында, жалпы рухани болмысында көрініс табады. Советтік дәуірде ұлт табиғаты коммунистік идеология тұрғысынан қаралып, «совет адамын» қалыптастыру теориясы ұлт ерекшеліктерін жоюға бағытталды» [2, 238-б. ], - деген ғылыми тұжырым жасайды. Онысы заңды да, өйткені, ұлттық мінез тікелей ұлтқа тән болмысты қапсыра құшақтайтын біртұтас әлем.

Философ, академик Д. Кішібеков рухтың ұлт тағдырындағы орнын былайша түйіндейді: «Рух - халықтың материалдық, күнделікті өмір тәшпұшынан тыс, әрі жоғары тұрған жан-дүниесі, оның бет-бейнесінен көрінетін биік еңсесі, мәртебесі мен жігері. Оның негізі - өткен тарихы, салт-санасы, жыр-дастандары, жазба әдебиеті, ата-бабалардың өнегелі, ерлік істері мен айтқан даналық нақыл сөздері, қиындықтарда желеп-жебеп жүретін аруақтары, сарқылмас күші, мұғалмас қаруы. Оны қорғайтын, қайрап-суыратын халықтың ізгі армандарына суарылған жалынды ұрандық сөздер мен биік мақсат-мұраттар. Қазақ халқының мерейі үстем, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы жарқын, мақсат-бағдары жоғары ата-бабаларының өсиетіне берік. Осыдан келіп оның рухани бейнесі сомдалады» [3, 167-б. ], - деп қазақтың менталитеті қазақтың кейіпкер бойында қандай қасиеттерден нәр алуын санамалап береді.

Тәрбиенің түп тамыры, қайнар көзі ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрыптарымызда десек, Ә. Кекілбаевтың ұлттың ұлылығын танытуда қоғамдық қызметімен ғана емес, қалам қуатымен жасаған қымбат қазынасы қазақ әдебиетіне қосылған қомақты дүние. Өсиет-өнегені ой жүгіртіп, толғанып, тұщынып барып қабылдаған қаламгер шығармаға қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын дәйекті материал ретінде алған. «Күй» повесін автор Абыл күйші аруағына ескерткіш дейді. Шығарманың негізгі идеясы - бейбітшілік пен адамгершілік күресі. Әбіш осы күй өнерінің құдіретін повесінде әдемі бейнелеген. Қазақ күй арқылы өзінің өткені мен бүгінін таниды. Жаны жұмбақ өнерлі ұлтының қатпар-қалтарысын қапысыз ұғатын ұлттық рух менталитетінің құпиясын күйінен аңғарамыз. «Күй» повесінің соңында күштіні жазалау Жөнейттің өзіне сор болып жабысады. Жан дүниесіндегі арпалыс оны күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырады. Жер үшін өмір бойы бір-бірімен шайқасып келген түркімен қазақ халқы магиялық тылсымға сенген. Жаманшылығын сол түстен сезініп, іштей күйзелетін әдет екеуіне де тән.

Суреткердің «Ханша-дария хикаясы» - әйгілі монғол жаулаушысы Шыңғыс ханның ақырғы сәтін бейнелеген шығармасы. Мұнда жазушы ханның жер бетінен өзі жойып жіберген халықтың сұлуына іңкәрлігі билеушінің өліміне себеп болғанын өрнектейді. Ол бүкіл таңғұт елін қырғанымен, Гүрбелжін сұлуды бағындыра алмайды. Ана рухы, әйел даңқы, құдіреті жай өмірде де биік қой. Повесте жазушы аңыз арқылы халық ұғымымен үндестіре отырып, әйел рухын жауыздықты ауыздықтаушы ретінде де оның ұлылығын биіктете түскен. Ақыры жарты әлемді табанына таптаған дию, Гүрбелжін рухынан, адамгершілігінен жеңіліс табады.

«Бәйгеторы» повесінде Бәйгеторы қасқыр соққан күннен бастап бірден көзге түсіп, ауыздан-ауызға ілігіп, Сейістің қолына тиеді. Сол бір кездердегі Бәйгеторының көтеріңкі көңіл күйі, шалқыған қуаныш сезімі уақыт өте күдік пен қорқынышқа ұласады. Әсіресе оның артынан шыққан дүбірге қорқа қарауы, тіпті жүрегі шаншып, мазасыз күй кешуі - адам жанында болар күйініш- сүйініш сезімдерден алынған. Тұлпар мен қазақ егіз ұғым тәрізді. Жігіттің «тұлпары», «серкесі», «сұңқары» деген тіркестер тегін айтылмаса керек. Жылқы мінезді қазақ қашанда қиындықтан, азаптан қашпай, алдына қойған мақсатын орындау барысында «жүйріктігінен», «тұлпарлығынан» танбаған. Тұлпар, жүйрік болатын құлынды танып, оның сол деңгейден табылуы үшін бар күшін салған. Демек, «тұлпарлықты» аңсау қазақ менталитетіне тән.

Әбіш егер ел ішінде алауыздықтың ала құйыны ашкөзділік пен дүниеқоңыздықтың ақ түтегі кірсе, онда ол үлкен қауіп пен қатердің астында қалатынын барынша қазып, барынша қадап айтумен келеді. Іргені тек ынтымақ бекітіп, шаңырақты тек бірлік ұстап қалады деп ұғады. Сондықтан да ол қазақ менталитетіне етене адам мен адам арасындағы жарасым, ұлт пен ұлт үйлесімін жеткізе бейнелеуге барлық күш жігерін арнап келе жатқан қаламгер десек, артық айтпаған болар едік. Жазушының аты аталғанда ең алдымен ауызға ілігетін ондай жүрек жарды туындылары «Көлденең көк атты», «Тасбақаның шөбі», «Керек адам», «Міне, керемет», «Ақырғы аялдама» әңгімелері мен «Бір шөкім бұлт», «Бәйгеторы», «Құс қанаты», «Шеткері үй», «Бір шоқ жейде» т. б. хикаялары дер едік.

«Бәсеке» қаламгердің түр жағынан да, мазмұны жағынан да, ұлттық құлық пен мінезді келістіре кестелеген қуатты туындысы, қазақ прозасына қосқан жаңа табысы болды. Бұл шығармада үнемі байлық пен барлық есірткеннің жолы бола бермейтінін меңзеген қатал тағдырдың сабағын жазушы оқырманға сыншыл көзқараспен бейнелеп береді. Бала бақытын байлаған даңғой, үркеппе әкенің келеңсіз қылықтарын әшкерелейді.

Философиялық, аналитикалық суреттеу тәсілі - Ә. Кекілбаевтың сүйіп қолданатын тәсілдері. Ұлтының кешегі, бүгінгі болмыс-бітімін, рухани әлемдегі психологиялық, әлеуметтік, этикалық, адамгершілік менталитетін суреттей отырып, өз кейіпкерлерін барлық қырынан аударып-төңкеріп, қырнап-жонып, бүгіп-жазып дегендей жете танытып, қилы мінездер галереясымен армансыз жүздестіреді. Қаламгер шығармаларының жақсы оқылатыны, бізше, өмірлік шындықты күрделі адамдық қасиеттерді қылықтан емес, құлақтан іздейтіндігінде.

Ә. Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесіндегі нұсқалы ой - қоғамда бір күн киіз, бір күн мүйіз, бір күн періште, бір күн пері Онбайлардан «шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас» Қарабалалар қадірлі ырыс. Олар қара төс, қара балғаның арқасында «өзіне жұрттың ісі түскенімен, өзінің жұртқа ісі түсіп жарытпағанына» шүкіршілік етеді. Аузы «беремге» икемді, «аламға» ауыр. Халық басына түскен тауқыметті қайыспай көтеретін кереге жалды - Кертарлан. Сондықтан әмсе Қарабалалардың - қолы құтты, жолы болғыш, жаны жомарт. Ұлттық рухани құндылық, рухани байлыққа әр халықтың тілі, діні, ділі, адамгершілік қасиеттері, ұлттық салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жатады. Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» [4, 37-б. ], - деген сөзі ұрпаққа біліммен қоса адамгерішілік тәрбиесі қатар берілу керектігін ұғындырады.

Айталық, «Құс қанаты» повесіндегі жаулығы қарқарадай қара кемпірдің бар болмысында жат санап, үрпие қалар еш артықтықты сезбейсіз, ана сезімінің күрделі шындығы судың бетіне қалқып шығады. Қара кемпірдің бүгіні - келінінің ертеңі, келінінің бүгіні - енесінің кешегісі. Қара кемпірдің қадірі, басының бағалылығы, есті жұрт есігінен сығалағанының өзін қағбаның қара тасын сүйгендей жағасы жайлау боп жүргені - оның қазақтың үш киелісі - қара жұрт, қара шаңырақ, қара қазанның иіне қанып, иісі аңқып тұратыны, оған адалдығы, иманы кәмілдігі, қазақы менталитет дегеніңіз осы қара кемпірдің бойында тұнып тұр.

Қаламгер шығармаларында нағыз адамдық белгісі - кісілік. Ізгілік - ізгілікпен қайтады, адамгершілік - адамгершілікпен қайтады. «Бір шоқ жиде» повесінде осы қағиданы ұстана отырып жазушы Тілеу мен Күдері арасындағы бір-біріне деген шынайы сыйласымдылық, адал достық, қимастық сезім сияқты толып жатқан қазақ халқының бойынан табылатын ізгі қасиеттерді ашып көрсетеді. Суреткер әсіресе, жастарды өркөкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді. Жазушы ұлт рухын аша түсуде этнографиялық өрнектерді қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ - МӘДЕНИ СТЕРЕОТИП
Ұларбек Нұрғалымұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық болмыс
Дулат Исабеков – роман жазушы, суреткер. Жазушының Қарғын романының көркемдік құрылымы
ДУЛАТ ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДА ПСИХОЛОГИЗМНІҢ КӨРІНУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі қазақ көркем прозасындағы автор бейнесінің тілдік көрініс
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Тақырып идеяға тартылған жол
Қазақтың ұлы жазушылары
Жазушы және өмір шындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz