Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Биология-география факультеті
Ботаника кафедрасы

Өндірістік іс-тәжірибе есебі
Қорытындысы бойынша
5B070100-Биотехнология мамандығының 3-курс студенті
Ермекбай Гүлнұр Ғабидуллақызы Қарағанды Мемлекеттік хайуанаттар бағында (31 мамырдан, 19 маусым аралығында практикадан өттім

Практика жетекшісі : Байжанов Ербол Тасболатұлы
Қабылдаған: Қартбаева Гүлназ Толымбековна

Қарағанды 2021 жыл

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Жануарларды ұстау жағдайларына қойылатын негізгі талаптар
2.2 Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері
2.3 Жануарлар рационының негізгі принциптері мен нормалары
III. Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Хайуанаттар бағы - тірі жабайы жануарларды тұрақты жағдайда ұстап, көрмеге қойюмен айналысатын мемлекеттік кәсіпорын. Тірі жабайы жануарларды иемдену хайуанаттар бағының ерекше жауапкершілігін анықтайды. Тек аздаған ғана мекемелер өз коллекцияларының алдында, келушілер мен қоғамның алдында осындай жауапкершілікті мойнына ала алады.
Хайуанаттар бағы жоғарғы қауіпті мекеме болып табылады.
Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағы - бұл ірі зоологиялық, ғылыми - ағартушы мекеме, жергілікті маңыздағы ерекше қорғаудағы табиғат таймағына жатқызылғандықтан хайуанаттар коллекциясына ғана емес сонымен қатар бақтық массивтің флорасы мен фаунасына да ерекше ұқыптылықпен қарауды міндеттейді.
Хайуанаттар бағының негізгі міндетіне жабайы фаунаны қорғау және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау болып табылады, ол үшін мыналар қажет:
1. Жануарлардың генофондын сақтау мақсатында қолда ұзақ уақытқа ұстауға және көбейюге жағдай жасау.
2. Тұрғындардың арасында жабайы жануарларды қорғау мәселелері бойынша ғылыми-ағарту жұмыстары мен мектеп оқушыларымен, тиісті саладағы жоғарғы оқу орындары мен колледждердің студенттерімен жабайы табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыратын сабақтар өткізуге жағдайлар жасау .
3. Хайуанаттар бағының жағдайында түрлерді сақтауға әсер ететін жануарлардың биологиясын зерттеу және мақсатты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
4. Жабайы табиғатты қорғауға септігі тиетін хайуанаттар бақтарымен, үкіметтік, табиғатқорғау және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, Қазақстанның және шетелдің қоғамдық экологиялық ұйымдарымен ғылыми және мәдени ынтымақтастық орнату.
Тарихы: Алғаш хайуанаттар бағы б.з-дан 1500 жыл бұрын Мысырда, 1000 жыл бұрын Қытайда (Білім бағы деген атпен) ұйымдастырылған. Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секциядахайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етедіҚарағанды зообағы 1938 жылы құрылған.Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны - 1000 бас.
Қарағанды зообағы 1938 жылы құрылған.Территориясы жағынан 43,5 гектарды құрайтын аталмыш зоосаябақтың 8 гектары игерілген.1987 жылы әйгілі Қарағанды зообағында 159 түрлі 700ге жуық сан алуан жануарлар ұсталған. Оның ішінде 69 түрі жәндіктер, 25 түрлі құстар, 14 бауырымен жорғалаушылар, амфибиялардың 3 түрі, және де балықтың 25 түрі бар мекендеген. Бұл хайуанаттар бағында Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлардың 5 түрі, КСРО Қызыл Кітабына 14 түрі және 8 түрі - Қазақ КСР Қызыл кітабына енгізілді. 1980-жылдардың аяғында Қарағанды зообағы: Қарағанды Мемлекеттік Универсиеті,Қарағанды Медициналық Институты,Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Қарағанды табиғат қорғау қоғамы, қалалық мектептер және басқа да ұйымдармен ынтымастық орната білген. Нәтижесінде зообаққа 800 мыңға жуық адам хайуанаттар бағын аралап , таң қаларлық табиғатпен аңдарды тамашалай алатын болған. 2012 жылы Қарағанды хайуанаттар бағына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді.Қазіргі таңда хайуанаттар бағына келушілер саны 175 мың адам. Осы Зообақта бүгінгі таңда көптеген хайуанаттардың түрлері бапталуда. Атап айтқанда балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар.

2.1 Жануарларды ұстау жағдайларына қойылатын негізгі талаптар

Хайуанаттар бағының жануарларды ұстауға арналған арандары, торлы арандары мен басқа да орындары олардың биологиялық ерекшелігі мен қажеттілігіне, сонымен қатар негізгі зоогигиена ережелеріне сай болуы қажет:
- таза , тиісті көлемде және тазалауға ыңғайлы болуы қажет;
- қажетті температуралық режимді ұстап отыру керек;
- кәрізбен жалғасқан суағарлары бар лас сұйықтық сіңіп кетпейтін еденнің болуы;
-желдеткіштердің (ішкі ауаны сыртқа шығаратын) және жарықтандырудың (күндізгі және эритемді шамдар) болуы;
1. Жануарларды ұстайтын ғимарат пен арандарды жобалау мен жөндеу барысында бірінші кезекте сонда мекендейтін жануарлардың қажеттілігі ескеріледі, екінші кезекте оларды күтуде(тазалау, азықтандыру және т.б.) ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы және үшінші кезекте ғана жануарларды келушілерге көрмеге көрсету жағдайлары ескеріледі.
2. Жануарларды ұстап көрмеге қоюға арналған барлық күрделі ғимараттар электрлі энергиямен (жарықтандыруға, қосымша жылытуға, және басқа қажеттіліктер үшін), су құбыры мен кәрізбен қамтамасыз етілуі қажет.
3. Суық және қоңыржай климат белдеулерінің жануарлары - орын ауыстырушы және ұйқыға кететіндерінен басқалары жыл бойы жылытылмайтын ашық арандарда ұсталады.
4. Климаттық ендікті мекендеуші кейбір түрлерді(субтропикалық және тропикалық жануарлар) ұстауда егер олар жерсіндірілмеген болса қыс мезгілінде жануарларды ұстауда қойылатын талаптарға сай температура, жарықтандыру мен ылғалдылығы қарастырылған жылытылатын ғимарат ішіне кіргізіледі.
Жылу сүйгіш түрлерді ұстағанда жануарларды жергілікті ортаға үйрету үшін бірте-бірте шынықтыру әдісі қолданылады. Жылусүйгіш жануарларды ұстау үшін қажетті температураның болжамдық көлемі 1.1 таблицасында


п\п
Жануарлар тобы
Ауа температурасы
градуспен С
Ауа ылғалдылығы %
Су температурасы градуспен С
1
Орташа приматтар
18-22
60-70

2
Кіші приматтар
22-27
70-80

3
Пілдер
10-20
60-70

4
Бегемот, тапир
10-20
60-70
10-12
5
Кенгуру, кемірушілер
10-20
60-70

6
Ірі жыртқыштар
10-20
60-70

7
Кіші жыртқыштар
10-20
60-70
10-15
8
Антилопалар, алайлар
10-15
60-70

9
Тропикалық құстар
15-20
70-80

10
Страустар, тырналар
1015
60-70

11
Теңіз арыстаны
10-20
60-70
Min4-5
12
Морж
5-15
60-70
Min4-5
13
Жыландар, кесірткелер
20-25
60-70

14
Қолтырауындар
18-25
60-70
30-35
15
Тасбақалар
18-20
60-70
18-20
16
Жылысу балығы

23-29
17
Суықсу балығы

Жазда 17-20

*Төлдеген аналықтар үшін ауа мен судың температурасы 5 град.С көтеріледі.
5. Сумен байланысты жануарлар үшін бөлмеде бассейн жасақталады:
- Бассейндердегі су қажеттілікке сай өзгертіледі, бірақ аптасына екі реттен сирек болмауы керек(аквариум мен бассейндердегі балықтарға арналған су ағынды қылып жасалады немесе судың 13 бөлігі күнделікті ауыстырылады және айына бір рет толықтай ауыстырылады).
- ұсақ суқоймаларындағы бауырымен жорғалаушылардың сулары күнде ауыстырылады, ал қолтырауындарға арналған үлкен бассейндердегі су айына екі реттен сирек болмауы керек.
-жарғақаяқтабандыларға ағын су дұрыс.
Балықтарға арналған аквариумдар мен бассейндерге ауа компрессор арқылы жіберіледі. Жылы су балықтарына арналған аквариумдарға өсімдіктер отырғызылады, сонымен қатар судың температурасын өлшеуге арналған аспаптар мен жылу реттегіш орнатылады.
6. Жануарлар тұратын бөлмелердің едендері резеңке немесе пластикті жамылғымен жабылуы мүмкін, ағаштан, бетоннан(астынан жылытушысымен) немесе топырақтан болуы да мүмкін. Асфальтті едендерге жол берілмейді. Егер едендер қатты жамылғыдан болса, онда жануарлардың жататын жерінде жұмсақ төсеніш(шөп, сабан, ағаш жаңқасы, ұсақталған ағаш қабығы, шым, жапырақ, мүк және т.б.) болуы қажет.
7. Жануарларды ұстауға қолданылатын материялдар жануарлар үшін қауіпсіз болуы керек. Құм, жаңқа, вермикулит және ұсақталған малта тастарды көптеген бауырымен жорғалаушылардың террариумдерінде төсеніш ретінде қолдануға болмайды. Табиғи талшықты материалдар(жіптердің үзінділері, кендір жіп, талшықтар және т.б.) құстар мен көптеген сүтқоректілер үшін өте қауіпті болып табылады.

2.2 Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері

Осындай сан алуан түрі кездесетін хайуанаттар бағында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің биология-география факультетінің биотехнология мамандығының 3 курс студенттері өңдірістік іс-тәжірибеден өттік. Іс-тәжірибе барасында, ең алдымен Қарағанды Мемлекеттік Хайуанаттар бағының, биолог жетекшісі Байжанов Ербол Тасболатұлымен қашықтан конференция арқылы жүздестік. Осы үш аптаның ішінде жетекшіміз Ербол Тасболатұлымен әрқашан ватсап, желісі, ұялы телефон, интернет арқылы электрондық почтамен хабарласып, әр аптаға тапсырма алып, тығыз байланыста болдық. Тәжірибе жетекшіміз бізге таныстыру өткізіп, хайуанаттар бағының барлық 6 бөлімімен және хайуанаттарымен таныстырды қашықтық оқу арқылы. Сонымен қатар сол әр бөлімге жататын хайуанаттарды азықтандыру нормативтерімен де таныс болдық. Біз іс-тәжірбиеден өтіп жүріп әр жануарлардың мінездерін және қыр-сырын сайт арқылы, интернет арқылы, Қарағанды хайуанаттар бағының жеке инстаграмма парақшасынан әрдайым өтіп жатқан жаңалықтарды білдік. Бұл инстаграмма парақшасына өзіміздің ой-пікірімізді, жақсы жағынан көріп, хайуанаттар бағында үлкен жұмыстар өткізіліп жатқанын көрдік. Жаңадан ғимарат салынғанын және де жаңа станартпен ғимарат салынып жатқанын жеткізді жетекшіміз. Қарағанды Мемлекеттік Хайуанаттар бағында әрбір хайуанатқа жағдай жасалғанын да байқадық. Мекен ететін жеріне қарай оларға тіршілік ортасы, әр жануардың өзінің биологиялық картасы, ветеринариялық картасы бар және де тамақтандыру рационы қарастырылғаны туралы бізге түсіндіріп жетекшіміз айтып отырды. Сонымен қатар осы өндірістік іс-тәжірибе өту барысында көптеген нәрселерді үйрендік. Әр жануарларға қалай тағам беруді, оларға қалай, қандай тағам дайындауды, міне осының бәрін біз іс-тәжірибе барысында көріп, үйрендік. Мұндағы қызмет жасайтын қызметкер ағай , апайларда өз кәсіптерінде жануарларға деген ерекше күтім жағдайын көрсетіп, оларды жақсы көріп аса қамқорлықпен қарайтындығы бізге инстаграмма парақшаларынан бірден сезілді.
Қарағанды хайуанаттар бағында бірнеше бөлім бар:
- Жыртқыш аңдар бөлімі;
- Орнитология бөлімі;
- Герпетология бөлімі;
- Приматтар және Аквариум бөлімі;
- Тұяқты жаунуарлар бөлімі;
- Дрессура бөлімі және Азықтандыру бөлімі - бұнда теңіз шошқасын, егеуқұйрық, қоңыздарды өсіреді. Оларды Герпетология, Жыртқыш аңдар, Орнитология (құстар) бөлімінде, Балықтар, Маймылдарға азық ретінде береді екен.

Жануарлардың топтары
Жас төлдің келу мерзімдері, айы
Негізгі бас қатарына ауыстыру мерзімдері,
жыл
Хайуанаттар бағындағы өмірінің орташа ұзақтығы, жыл.
Жарамсыз
дыққа шығару мерзімі, жыл
Приматтар: ұсақтары
3 айға дейін
4
8-10
9-10
Орташалары
2-3
4
12-15
14-17
Ірілері
6
8 жыл
20-25
19-22
Жыртқыштар:

Ірі мысықтар
3-4
3-4
15-17
14-15
Орташа мысықтар
2-3
1,5-2
12-15
11-12
Ұсақ мысықтар
2-3
1-1.5
10-12
9-10
Ұсақ куньилар
2-3
1
8-10
7-9
Ірі куньилар
3-4
2
10-15
9-12
Жанаттәрізділер, шұбалаңқұйрықтылар
2-3
1
10-12
9-10
Ұсақ иттектестер
2-3
1
8-10
7-9
Қасқырлар
2-3
2
12-15
10-12
Аюлар
Інінен шыққаннан кейін 2-3 айдан соң
3-4
20-25
18-20
Кеміргіштер, кенгуру, басқа ұсақ сүтқоректілер
Інінен шыққаннан кейін 2-3 айдан соң
1
7-15
6-12
Тұяқтылар : Ірі бұқалар
3
2
15-20
12-15
бұландар
2
1.5-2
12-15
10-12
бұғылар
2
1-1.5-2
10-12
9-10
антилопалар
3
2
18-25
17-20
түйелер
3
3-4
20-25
19-20
пілдер
3
4-5
50-60
45-50
Ескекаяқтылар
6
4-5
25-30
22-25
Құстар: ірі тотықұстар
3-4
2-4
35-40
30-35
Орташа және кіші тотықұстар
2-3
1.5-2
15-20
10-15
Ұсақ көгершіндер
2
1
7-10
6-8
Ірі көгершіндер, тукандар
3
1.5
10-15
9-10
Құтандар
3
1
8-10
7-9
Ләйліктер, тырналар
3
1.5-2
15-20
14-15
Страус түйеқұсы мен басқа да ірі құстар
3
2
15-20
14-18
Ірі су құстары
2
1
10-12
8-10
Ұсақ су құстары
3
2
20-25
18-20
Тауықтектестер, қырғауылдар
2
1
8-15
7-12
Әнші құстар мен басқа да ұсақ құстар
2
0.5
5-7
4-5
Ірі жыртқыш құстар
4
3-5
30-40
25-30
Балықтар: ұсақ аквариумдық
1-2
0.5
1-3
1
Орташа аквариум балықтары
1-2
0.5
5-8
5
Суықсу балықтары
4-6
2
10-15
10
Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылар:
Орташа қосмекенділер мен орташа бауырымен жорғалаушылар
2
1
7-10
5-8
Ұсақ қосмекенділер мен ұсақ бауырымен жорғалаушылар
2
1
7-10
5-8
Орташалар
4
1.5
10-15
8-12
Ірі бауырымен жорғалаушылар
6
2
17-25
16-23
Кіші құрлықтық тасбақалар
4
2
25-30
22-25
Кіші су тасбақалары
4
1.5
10-15
9-10
Ірі тасбақалар
5
3-5
50-70
45-65
Қолтырауындар
5
3-5
20-25
18-22

Жыртқыш аңдар бөліміне бірнеше жануарлар кіреді. Айта кетсек Африка Арыстаны, Амур жолбарысы, тау арыстаны, ягуар, қара түлкі, ақ түлкі, қоңыр аю,сұр қасқыр, қарсақ, қара қасқыр, күзен,үнді жайрасы, сурикат, жанат тәрізді ит, жанат, сары түлкі, ұзынтұмсық ,борсы, ақ тиін.
Қарағанды Мемлекеттік Хайуанаттар бағында кездесетін (сур.1) қасқыр. Еркек қасқыр шамамен 50 килограмм болады, ал ұрғашысы 45 кг болады. Тұрғылықты жері жердің солтүстік жарты шеңберінде өмір сүреді. Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп.
Африка Арыстаны жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқымының (Felidae) қатарына кіретін,үлкен мысықтар тұқым тармағына (Pantherinae) жататын төрт пантер (Panthera) тұқымының бірі. Жолбарыспен қатар қазіргі мысық тектес аңдардың ең ірісі және кейбір еркектерінің салмағы 250 кг-нан асады. Арыстанның ең ірі түрі жолбарыстың ең ірі түрінен үлкен не кіші деп нақты айту қиын.
Орнитология (грек. ornіtos - құс және logos - ғылым) - зоологияның құстар, олардың жүйеленімі, жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер бетіне таралуын зерттейтін саласы. Қарағанды зоосаябағында кездесетін құстар тізімдері. Түйе құс Эму, Сұр қаз, Барқылдауық үйрек Құрғақмұрын қаз, Ақбауыр қаз, Ніл қазы, Аққұйрықты субүркіт, Дала бүркіт.

Герпетология бөлімі герпетология (грек. -- "бауырымен жорғалаушы, жылан, жануар") - зоологияның қосмекенділер (немесе қосмекенділер) мен бауырымен жорғалаушыларды (немесе бауырымен жорғалаушыларды) зерттейтін бөлімі.
Американдық тарақан;
Ахатина;
Көктілді жабысқақ;
Батпақ тасбақасы;
Токи жамасқысы;
Жоңғар атжалманы;
Диадемалық жылан;
Египеттік жарқанат;
Құм көлбар жыланы;
Жолбарыс питоны (жылан) т.б.
Балықтар (лат. Pisces) -- негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хайуанаттарды азықтандыру нормативтері
Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
Шымкент хайуанаттар бағы
Жаңа типті мектептерде оқу үрдісінің оқушылар ағзасының физикалық дамуына және жұмыс қабілеттілігіне әсері.
Алматы қаласы жайлы
Жапондық коя балықтарын өсіру ерекшеліктері
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Баянауыл табиғи ұлттық саябағы
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Пәндер