Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі
Дәріс тақырыбы: Эмоционалды интеллекттің мазмұны мен құрылымы
Эмоциялық интеллект - психология ғылымында қарқынды зерттеу нысанына айналған өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бойынша мыңдаған кітаптар мен мақалалар жарыққа шығарылған, эмоциялық интеллектіні дамытуға арналған көптеген тренингтер жүргізіледі.
Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Эмоциялық интеллект идеясы Эдуард Торндайк, Джой Гилфорд, Ганс Айзенк сынды авторлар зерттеуге алған әлеуметтік интеллект ұғымынан шыққан. Когнитивті ғылымның қарқынды дамуына байланысты интеллектінің ақпараттық, компьютер тәрізді модельдеріне баса назар аударылып, ойлаудың аффективті жағына айтарлықтай мән беріле қоймады. Әлеуметтік интеллект ұғымы тану үрдісінің аффективті және когнитивті жақтарын байланыстырушы буын екендігі ескерілмеді. Кейін әлеуметтік интеллект саласы аясында адам танымын есептеуші машина емес, когнитивті-эмоциялық үрдіс ретінде қарайтын түсініктер қалыптаса бастады.
1990 жылы Питер Салоуей эмоциялық интеллект ұғымын алғаш анықтап, Эмоциялық интеллект атты мақаласын жарыққа шығарды. Питер Салоуей және оның авторласы Джон Майер эмоциялық интеллектіні эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару ретінде анықтайды. Аталған ғалымдардың анықтауынша, эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады: 1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті; 2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау; 3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті; 4) эмоцияны басқара білу.
Қазіргі таңда эмоциялық интеллект феноменін, оның құрылымын, даму жолдарын одан әрі терең зерттеу өзекті, себебі аталған құбылыс - тұлға аралық өзара әрекеттесу үдерісінде адамдар арасында туындайтын эмоциялық үрдістер мен жай-күйлерді терең ұғыну арқылы адамдармен қарым-қатынасты оңтайландыру мүмкіндігін ашады. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні тұлға бойында дамытуды біртұтас қоғамда психологиялық мәдениетті арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыруға болады.
Эмоциялық интеллект ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.
Шетелдік психологияда П. Салоуей, Дж.Мэйер және Д. Карузо бойынша: эмоциялық интеллект - әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ой, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті, эмоциялық интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалын тигізеді Нақтырақ айтқанда, эмоциялық интеллект - эмоциялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру (интерпретациялау) және қолданумен байланысты интеллект түрі.
Д. Гоулман (ЭИ мәселесін анағұрлым терең зерттеген ғалымдардың бірі): эмоциялық интеллект - тұлғаға өзін-өзі сезінуге, түрткілендіруге, көңіл-күйін басқаруға, импульстік көріністерді бақылауға, фрустрациядан бекіну, күнделікті өмірде табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар жиынтығы; өз интеллектісін көрсету тәсілі.
Р. Бар-Он: қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы.
Д. Майерс: эмоциялық интеллектуалды адамдар өзіндік санасының жоғары дәрежеде дамуымен ерекшеленеді. Олар өз эмоциясына дисфункционалды депрессия, мазасыздық, ашу арқылы нұқсан келтірмеуге тырысып, өмір сүреді. Олардың жанашырлық (эмпатия) көрсете білу қабілеті айналадағы адамдардың эмоциясын дұрыс түсініп, олармен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді - олар достарына, әріптестеріне қалай қолдау көрсету керектігін, дау-жанжалды қалай шешу қажеттігін біледі.
Шетелдік психолог-зерттеушілер пікірінше, эмоциялық интеллект -- өзінің және өзгелердің эмоциясын тани білу, оларды басқара алу; эмоцияны басқару мүмкіншілігі - адамдардың тұлға аралық өзара әрекеттесуіне анағұрлым тиімді бейімделуге көмектеседі.
Ресейлік психологиялық ғылымда эмоциялық интеллект ұғымын алғаш қолданған Г.Г.Гарсковая. Ғалым бұл ұғымды енгізу үшін екі негіздемені келтіреді: интеллект ұғымының біртекті, ұқсас болмауы және интеллектуалды операциялардың эмоциямен жасалуы [2].
И.Н. Андрееваның пікірінше, эмоциялық интеллектіні дамыту - аса өзекті мәселе, себебі эмоцияның бейімделуші табиғаты индивидтің белсенді өмір сүруіне мүмкіндік жасап, тұлғаның белгілі бір ортаға бейімделу қабілетін және оның қоғаммен үйлесімді қатынасын арттырады. Эмоциялық интеллект - эмоциялық ақпаратты талдауға, өңдеуге және қолдануға интеллектуалды қабілеттердің жүйелі көрінуі болып табылады. Эмоция тұлғалық құрылымдармен, тұлғалық иденттілікпен тығыз байланысты, адамның негізгі мотивациялық жүйесін бейнелейді. Сондықтан, эмоциялық интеллектіні дамыту тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына зор ықпалын тигізеді [3].
И.Н. Андреева эмоциялық интеллект ұғымының шығу тарихын зерттей отырып, өзінің зерттеу жұмыстарының бірінде А.Р. Лазарус концепциясынан келесідей қағидаларды келтіреді:
әрбір эмоциялық реакцияның айрықша тану немесе бағалау қызметі бар;
эмоциялық жауаптың белгілі бір синдромы бар, оның әрбір компоненті жалпы эмоциялық реакцияның қандай да бір күйін білдіреді.
Жоғарыда аталған концепция авторы Р. Лазарус пікірінше, эмоцияның пайда болу реті келесідей: қабылдау - алғашқы бағалау - зерттеу белсенділігі - (бағаланатын жағдаяттағы эмоциялардың жеке маңызы) - екінші бағалау - әрекет жасауға тенденция - әсерлену, физиологиялық өзгерістер және моторлық реакцияларға тенденция көрінісі ретіндегі эмоция [3].
Эмоциялық интеллект - өзінің және өзге адамдардың эмоциясын түсіну, сондай-ақ өзгермелі қоршаған орта және өзгермелі талаптарға эмоциялық бейімделу қабілетінен тұрады [4]. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары адамдар өзге адамдардың эмоциясы мен сезімдерін едәуір жақсы түсінеді, өзінің эмоциялық өрісін басқара біледі, сондықтан олардың қоғамдағы мінез-құлқы анағұрлым лайықты, икемді болып келеді әрі айналадағылармен өзара қарым-қатынаста өз мақсаттарына оңай қол жеткізеді
Ресейлік психологияда эмоциялық интеллект терминіне О.К. Тихомировтың зерттеу нысанына алған эмоциялық ойлау ұғымын ұқсас деп санауға болады. О.К. Тихомиров эмоциялық ойлау ерекшелігін сипаттай келе, эмоциялық күйлердің міндеттерді шешу үрдісіне қатысатындығын тұжырымдаған. Ғалымның анықтауынша, ақыл-ой іс-әрекетімен барлық эмоциялық құбылыстар - аффект, эмоция, сезімдер байланысты. Эмоцияның ойлау үрдісімен өзара байланысы - барлық эмоциялық күйлердің ойлау үрдісінде басқарушы, эвристикалық қызмет атқаратынынан көрінеді. Сонымен қатар, О.К. Тихомировтың зерттеулері ақыл-ой іс-әрекетінің эмоционалды басқарылатындығын, яғни эмоциялық белсендіру - интеллектінің жемісті іс-әрекетінің шарты болып табылатындығын дәлелдейді.
М.А. Манойлова пікірінше, эмоциялық интеллект - ішкі тұлғалық және тұлға аралық бағыттылығы бар когнитивті, рефлексивті, мінез-құлықтық, коммуникативті қабілеттердің өзара байланысқан жиынтығы. Эмоциялық интеллект - адамның ішкі жай-күйінде, айналадағыларға деген эмпатиялық қатынаста, идентификацияда, эмоциялық күйлермен мінез-құлықты бақылау және рефлексиялауда, эмоциялық ақпаратты айналадағы адамдармен қарым-қатынаста қолдануда, мақсатқа жету тәсілдерін таңдауда көрінеді [5].
Эмоциялық интеллект келесі құрылымдық компоненттерден тұрады:
Өзінің эмоциясын тану. Субъектінің эмоциялық тәжірибесі үшін эмоцияны сезіну мен оны сөзбен жеткізе білу (анықтау) аса маңызды. Эмоцияларды сөзбен айтыпжеткізудің негізгі қызметтерін бөледі. Олар: тәжірибе, тұлғааралық коммуникация, эмоциялық экспрессия.
Эмоцияларды тану алекситимияға шалдыққан адамдарда қиындық тудырады. Алекситимия (сөзсіз сезім) терминін америкалық психиатр Сифнес енгізген. Алекситемияның маңызды белгілері мыналар болып табылады: өз сезімдерін сипаттап бере алмау; сезімдерді және дене түйсіктерін ажырата алмау; қиялдың жетімсіздігі, ебедейсіздік.
Эмоцияларды тану - эмоцияларды дұрыс қабылдап, анықтауға, сипаттауға мүмкіндік беретіндіктен, анағұрлым тиімді коммуникация, яғни қарым-қатынас орнатуға зор ықпалын тигізеді.
Эмоцияны меңгеру - өзін-өзі бақылаумен байланысты. Дұрыс эмоциялық экспрессия физикалық және психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды факторы болып саналады. Эмоцияларды тежеу әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Онымен қоса эмоциялық экспрессияны бақылай алмау тұлға аралық қарым-қатынасты қиындатады. Сондықтан, эмоциялық экспрессияны бақылай алмау мәселесі субъектінің өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар үшін де қолайсыз болып келеді. Сонымен қатар, эмоционалды экспрессия тұлғааралық қатынастар сапасына да ықпал етеді. Мәселен, белгілі бір жағдайларда аса ұстамдылық, шыдамдылық көрсеткен адам немқұрайлы, селқос, тәкаппар болып танылады, бұл өз кезегінде өзге адамдарда таңдану немесе жақтырмау сияқты жағымсыз қатынасты қалыптастырады.
Я. Рейковский эмоцияларды көрсету (білдіру) қиындықтарының келесі себептерін келтіреді:
- адамдар қоғамда қалыптасқан эмоция көріністері түрлерін меңгермеген;
-өзін-өзі бақылай алмаудан қорқумен байланысты өз сезімдерін білдіріп қоюдан немесе айналадағы адамдардың жазғыруынан күлкіге қаламын-ау деген ойдан қорқу (абыройын түсіруден немесе мазақ болудан қорқу);
- туа біткен факторлар;
отбасында және өзіне жақын ортада үстемдік ететін мінез-құлық нормаларын игеру.
Эмоцияларды түсіну. И.А. Романованың анықтауынша, өзін-өзі түсінудің эмоциялық, сезімдік, эмпатиялық сипаты бар, әрі өзін-өзі тану тереңдігі эмоциялық қабілеттердің даму деңгейімен байланысты, ол өз кезегінде эмоцияларды ұғынуды қамтамасыз етеді. Эмоцияларды ұғыну - оларды санаға бекітуді меңзейді. Дегенмен, санаға кез келген эмоционалды үрдіс бекітіле бермейді немесе керісінше болуы мүмкін. Осыған байланысты, эмоцияларды ұғынуға байланысты екі құбылысты бөлуге болады:
іс-әрекет ағымына және субъективті әсерлерге ықпал ететін дербес және біріккен үрдістің көрінуі (бұл жағдайда адам әлдебір нәрсені сезініп жатқанын біледі, бұл сезім бұрынғыдан ерекшеленеді);
шын ұғыну - сөздік (белгілік) категорияларда көрінетін жеке жай-күйлері туралы білімдермен нәтижеленеді. Ұғынудың бұл екінші түрі эмоциялары басқару үрдісі, эмоцияларды алдын ала көру қабілеті негізінде жатыр.
Эмоцияларды түсіну - оларды көрсете, білдіре алу мүмкіндіктерімен байланысты. Эмоция тілін меңгеру - сол мәдениетте қалыптасқан эмоция көріністерін меңгеруді, сондай-ақ адамның өмір сүретін және жұмыс істейтін ортасындағы адамдар эмоцияларының жеке көріністерін түсінуді талап етеді. Эмоцияларды түсіну оларды білдіруден әлдеқайда күрделі.
Эмоцияларды түсіну - эмпатияның даму деңгейімен де байланысты. К. Роджерс бойынша басқа тұлғамен қарым-қатынастың эмпатиялық тәсілінің бірнеше қыры бар. Эмпатия өзгенің жеке әлеміне ену және ол әлемде өзін өз үйіндегідей сезіну. Эмпатия қарым-қатынастағы серіктесінің өзгермелі жан тебіреністеріне деген сезімталдықтан тұрады. Бұл дегеніміз өзгенің өмірімен уақытша өмір сүруді бейнелейді. Эмпатияға қабілеттілік, жанашырлық - жауапкершілікті, белсенділікті, жігерлікті, нәзіктікті, қайырымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді.
Өзге адамдардың эмоцияларының жеке-дара ерекшеліктерін түсіну қиындықтарының келесідей себептерін бөлуге болады:
өзінің жеке басына ғана көңіл бөлу - өзге адамдардың эмоциялық күйін байқай алмауға және дұрыс бағаламауға әкеледі;
өзге адамдардың эмоциясымен байланысты үрейлену сезімі;
өзге адамдардың эмоцияларын түсінбеуден қандай да бір пайда табу.
Эмоциялық интеллект (EQ) - стрессті түсіру, айналадағылармен тиімді қарым-қатынас орнату, қиындықтарды жеңу және жанжалдарды бәсеңдету үшін эмоцияларды позитивті және конструктивті бағытта түсіну, анықтау, қолдану және басқару. Эмоциялық интеллект - күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс-тұрысымызға, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоционалды интеллект деңгейі жоғары болса, онда ол өзінің және өзге адамдардың эмоциялық күйін тани біледі, адамдарды өзіне жақын тартып, баурап алады. Эмоцияларды түсіну - өзге адамдармен дұрыс қатынаста болуға, қызметте үлкен табыстарға қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге мол мүмкіндік береді.
Ғалым-зерттеушілердің анықтауынша, эмоциялық интеллектінің төрт атрибуты бар:
Өзіндік сана. Тұлға өз эмоциясын және өз ойлары мен мінез-құлқын, өзінің күшті және әлсіз тұстарын ұғына біледі, өзіне-өзі сенеді.
Өзін-өзі басқару. Тұлға өзінің импульсивті сезімдері мен мінез-құлқын бақылай алады, эмоцияны позитивті бағытта басқарып, бастамашылдық көрсете біледі, өз міндеттерін орындайды және өзгермелі жағдайларға оңай бейімделеді.
Қоғамдық сана. Адам өзгелердің эмоциясын, қажеттіліктері мен қызығуларын түсінеді, эмоциялық сигналдарды аңғара біледі, әлеуметтік қатынастарда өзін қолайлы сезінеді.
Қатынастарды басқару. Басқалармен жақсы, үйлесімді қатынастарды дамыту әрі сақтау, оларды шабыттандырып, қолдау көрсету, жанжалды басқара білу.
Сонымен эмоциялық интеллект ықпал етеді:
Жұмыстың нәтижелі болуына. Эмоциялық интеллект жұмыс орнында әлеуметтік қиындықтарға бағдарлануға, басқаларды басқаруға және оларды түрткілендіруге, жетістіктерге жетуге көмектеседі. Сондықтан эмоциялық интеллектіні кәсіби мүмкіндік ретінде қарастыруға болады.
Физикалық денсаулыққа. Егер стресс жағдайын басқара алмаса, ол қиын мәселелердің туындауына әкеледі. Стрессті қадағалап, басқара алмаудан қан қысымы көтеріліп, иммундық жүйе әлсірейді, жүрек ұстамасының тәуекелдігі артады, қартаю үрдісі тездейді.
Психикалық денсаулыққа. Басқарылмайтын стресс психикалық денсаулыққа да әсер етпей қоймайды, адам мазасыздық, депрессияға ұрымтал болып келеді. Егер адам өз эмоцияларын басқара алмаса, ұнжырғасы түсіп, көңіл-күйі де болмайды. Оның үстіне басқалармен берік қатынастар орната алмаудан адам жалғыздық күйін кешеді.
Қарым-қатынасқа. Егер адам өз эмоцияларын түсініп, оларды бақылай білсе, өзгелерге де түсіністікпен қарап, жеке өмірінде де, қызметте де үйлесімді қарым-қатынас орната алады.
Сонымен, мақаламызды қорытындылай келе, эмоциялық интеллект - бұл өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну, өзінің және өзге адамдардың эмоцияларын басқара білу қабілеті, осы білімдерді белгілі бір мәселелердің туындау себебін анықтауда тиімді қолдану және оларды шешу. Адамның өмірдің қай саласында болмасын жетістіктерге кенелуі тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоциялық интеллект сапасына да байланысты деп тұжырымдаймыз.
Әдебиет
1. Кузовкин В.В., Баранникова С.А. Концептуализация понятия эмоциональный интеллект в психологической науке Психология и школа. № 2 2014.
2. Гоулман Д. Эмоциональный интеллект. - М.: АСТ: АСТ Москва: Хранитель, 2008. - 478 с.
3. Андреева И.Н. Развитие эмоциональной компетенции педагога Психология образования сегодня: теория и практика: Материалы Международной научно-практической конференции Под ред. С.И. Коптевой, А.П. Лобанова, Н.В. Дроздовой. - Мн., 2003. - С. 166-168.
4. Большой психологический словарь - 4-е изд. Сост. и общ.ред. Б.Г.Мещерякова, В.П. Зинченко. - М.: АСТ: АСТ МОСКВА; СПб.: Прайм-Еврознак, 2009. - 811 с.
5. Манойлова М.А. Развитие эмоционального интеллекта будущих педагогов (Монография). - Псков: ПГПИ, 2004. - 60 с.
2 дәріс
Тақырыбы Эмоциялардың ресурстық күші және олардың басқаларға әсері
Эмоционалдық өзін-өзі реттеу - өзгелердің психикасына әсер етпестен өз тәжірибесімен күресу мүмкіндігі. Эмоцияларды қалай басқаруға болатыны туралы мәселе, бәріне де қатер төндіреді. Адамның эмоционалды болу фактісі күмән туғызбайды. Қуаныш, қайғы-қасірет, таңданыс, қуаныш және басқа эмоциялардың жарылуы біздің өмірімізге енеді, әр іс-қимылмен бірге жүреді, қандай да бір себептермен пайда болады, ал кейде айқын себептер жоқ. Сіздің өміріңізді эмоцияларсыз ұсыну өте қиын.
Дегенмен, кейбір ғалымдар эмоциялардың қажеті жоқ, тіпті біздің өміріміз үшін қауіпті деп санайды. Олар эмоцияларды атавизм деп санайды - алыс ата-бабалардан ер адамға қажетсіз, ескірген элемент. Эмоциялардың ашық көрінісі, өзін-өзі реттеудің әлсіз механизмдері нашар адамдар немесе артта қалған мәдениеттер өкілдеріне тән. Мүмкін заманауи өркениетті адамдар өмірді қиындатпауы үшін эмоциялардан толығымен құтылуы керек
Американдық психолог Фредерик Скиннер: Біз сезімнің біздің ақыл-ойымызға және қан қысымына зиянды екенін білеміз.Шындығында, әдеттегідей зорлық-зомбылық мақсатты әрекетке кедергі келтіреді, тәртіпті бұзады. Ерекше ауыр жағдайларда, тыныш болу үшін, субъект өзінің барлық энергиясын жұмсау керек, өзін-өзі реттеудің барлық әдістерін пайдаланады. Эмоционалдық толқудың пайда болуы қандай?
Әдетте эмоциялар қиындық тудырмайды, керісінше, өмірді айтарлықтай жеңілдетеді, жүктің бір бөлігін мидан босатады. Бұл қалай жүзеге асады? Сіз бейтаныс адаммен танысқаныңызды және оны сізге ұнамайтындығын сезінгеніңізді елестетіп көріңіз. Әрі қарайғы әрекеттердің барысы түсінікті. Маған ұнамайды, бұл біздің байланыстарымызды шектейді. Бізге ұнайтын біреу - біз дос боламыз. Және неге және неге - біз түсінеміз, егер ештеңе жоқ.
Мидың кешенді аналитикалық жұмысын бірнеше секундтан кейін эмоциялайды. Кейде, әрине, адамға немесе оқиғаның ішіндегі нәрселерге ұқсамайтын немесе ұнамайтын нәрсені түсіне алмайды. Сезіктілерге негізделген өздігінен реттелетін өзін-өзі реттейтін әдістемелерге сенімсіздікпен қарай отырып, сіз өзіңіздің шашыңыздың түсімен немесе дауысыңыздың дыбысымен таң қалдырасыз және уақыттың өзінде сіз жаман мінезді белгілерді байқамайсыз. Немесе керісінше, сөйлеу қателіктері мен паразиттердің сөздеріне тітіркенгендіктен, жандардың керемет импульсіне назар аудару оңайға соғады.
Сезімдерін білдіре отырып, адамдар ішкі кернеуден арылтады.Эмоциялардың арқасында біз бір-бірімізді жақсырақ түсінеміз, басқа адамдардың ішкі күйін бағалай аламыз. Эмоциялық құбылыстар адамдарды біріктіреді, бірлескен қызметті жүзеге асыруға көмектеседі. Сондай-ақ, эмоциялар күшті ынталандырушы әсерге ие және жылдамырақ оқытуға үлес қосады. Сондықтан эмоциялар адамға қажет және маңызды және эмоционалдық өзін-өзі реттеу адамға өз сезімдерін дұрыс түсінуге және сындарлы түрде білдіруге көмектесуге арналған.
Эмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеу механизмдері
Жоғарыда айтылғандай, эмоциялар адамдарға көп пайда әкеледі, бірақ кейбір жағдайларда олар өте қолайсыздықты тудырады. Ашулану, жеккөрушілік немесе дүрбелең күші астында адам ахуалды бақылауды жоғалтады, сыпырғыш әрекеттерді жасайды, қатал шешім қабылдайды. Эмоционалдық өзін-өзі реттеу теңгерімді қалпына келтіруге, өзіне сенімділікті қалпына келтіруге, тәжірибе алмасуға, жойқын салдарларын барынша азайтуға көмектеседі. Эмоцияларды қалай басқаруға болады?
Өзін-өзі реттеудің барлық механизмдері екі үлкен топқа бөлінеді: сындарлы және конструктивті емес. Өзін-өзі реттеудің конструктивті емес жолдары психологиялық қорғау қағидаты бойынша жұмыс істейді.Олар уақытша жеңілдік береді, себебі жағымсыз оқиғалар подсознанияға мәжбүрлейді және біраз уақыт бойы адамды алаңдамайды. Мұндай механизмдер шынымен тиімді емес Теріс эмоциялар өмір сүруді жалғастырады және міндетті түрде бірінші мүмкіндікті көрсетеді.
Өзін-өзі реттеудің сындарлы әдістері қоршаған әлемге шынайы бейімделуге ықпал етеді. Ғылымда олар күресу мінез-құлқының атауын алды. Адамның бейімделу қабілеттілігін арттыратын эмоционалдық өзін-өзі реттеу, өз еркімен таңдау жасайды. Эмоционалдық құбылыстардың сипатын және олардың пайда болу себептерін түсіну негізінде адам су басқан тәжірибенің құрбаны болып қалады және оның эмоциялық реакцияларын саналы түрде болжайды.
Көптеген адамдар өрт қазірдің өзінде толығымен нашар болғанда эмоцияны қалай басқаруға болатынын ойлайды. Өрттің салдарын жоюдан гөрі алдын-алу оңай. Бірлескен басқару мінез-құлық құмарлықты жандандыру ғана емес. Өзін-өзі реттеудің өзіндік механизмдері ішкі ресурс болып табылатын жеке қасиеттер болып табылады, жағдайға лайықты жауап береді және жағымсыз өрттердің пайда болуына жол бермейді.
Қателік мінез-құлық қорлары келесі жеке сипаттамалар болып табылады:
* ішкі құндылықтардың болуы, әлемдегі өз орнын анықтау, оның өмірлік міндеті;
* өмірдегі жетістіктер мен сәтсіздіктердің маған, менің қабілеттеріме байланысты екендігіне сену;
* оптимизм, жақсыға деген сенім, жоғары өзін-өзі бағалау;
* өзін-өзі қабылдау, табиғи мінез-құлық, қорқыныштың болмауы және қателесу;
* іскерлік қарым-қатынас, қарым-қатынас, терең және тығыз эмоционалды байланыстарды орнату және қолдау қабілеті;
* қазіргі кезде өмір сүру қабілеті;
* тәуелсіздік, тәуелсіздік және таңдау еркіндігі;
* олардың өмірі үшін жауапкершілікті алуы, әлеуметтік жетістігі.
Эмоционалдық өзін-өзі реттеудің жеткіліксіз жолдары
Австриялық психиатр Пол Вацлавик адамның бақытты болу үшін өте жаман жабдықталғанын айтады. Эмоционалдық өзін-өзі реттеу механизмдерін ұмытып кеткенде, адамдар қиындықты туындатады, тек бақытсыздыққа ұмтылады. Бақытсыз адам әрқашан бірдеңе істеу керек, достарымен және туыстарымен сөйлесуге болатын нәрсе бар. Оның өмірі оған толық оқиғалар сияқты көрінеді.
Сондықтан, көптеген актерлер өздерінің шын мәніндегі сәтсіздіктеріне адалдықпен араласады немесе болмаған бақытсыздыққа тап болады.Қателер мен жеңіліске ұқыптылық сақталады, әр мүмкіндікті шығарады. Адамдар өзінің тәжірибесінен ләззат алады және оларды өзгелермен бөліседі. соңында, адам стресс жағдайда өмір сүруге үйренген, содан кейін әр түрлі қырсық өз таба бастайды.
Жеке айқын ашулы және қозған, ол сіз өз қатал тағдыры кездеседі әркімге шағымданды, алаңдаушылық көрсетеді, және құпия қуанады: Алақай Тағы poperezhivat Содан кейін есте нәрсе болады бар!. Ал мен арнайы ештеңе, және қабылданған уақыт қажет емес, және шулы ... және ешқандай жолы эмоциялық өзін-өзі реттеу бойынша барлық қажетті емес. Эмоцияларды қалай басқару керектігі күн тәртібінде емес.
Жалпы ақтауға Мен оны көмектесе алмаймын., Жалқау мәлімдеме Өте жиі біздің сөзінде мұндай өрнектер болып табылады: Сіз бұл болды қайда: Мен Қатты қорыққан болды , Мен азап шабуыл болды , Қорқыныш күзетшілер мені аңдаусызда , Мен, жүйке тозуы, ширыққан болды ... сұрағым келеді Бұл барлық болып жатқан, ал уақыт? сіз өз ішкі әлемде бұл бүкіл беспорядок рұқсат кім? не істеп еді?
Эмоциялар - вирус немесе шетелдіктер емес.Олар бізге сыртқы әлемнен шабуыл жасай алмайды. Кез-келген сезім ішкі әлемде туындайды, яғни. адамға тәуелді, оның тілегі мен тәжірибеге деген ықыласы. Әр адам қандай сезімге душар болады деп шешеді. Егер сіз қайғылы болсаңыз, онда қандай да бір себептермен сізге қажет. Сіз осыдан пайдалы боласыз. Сонда тіпті эмоционалды өзін-өзі реттеудің ең ақылды тәсілдері сізге көмектеспейді.
Қандай да сирек кездеседі, қолында ұстауды білетін батырлықтар, эмоцияларды қалай басқаруға болатындығын біледі. Әдетте бұл адам өз тәжірибесінен шыға алмайды, шектейді, басқаларға көрсетпейді. Бірақ бұл ешқандай эмоция жоқ дегенді білдірмейді. Ішінде дауыл қапалайды. Ал бетінде - тыныш және тегіс. Эмоционалдық өзін-өзі реттеуді тоқтату неврозға және түрлі соматикалық ауруларға тікелей жол.
Бұрын пайда болған эмоция еш жерде жоғалып кетпейді. Егер ол басылған болса, кейбір органдарда бұлшықет қысқышы пайда болады. Эмоцияларды неғұрлым жиі басып кетсеңіз, соғұрлым көп қысқыштар. Ақыр соңында, дене бұзылулармен жұмыс істей бастайды, денесі ауырады. Ғылымда психоматиканың пайда болуына психикалық факторлардың әсері зерттелетін барлық бағыт бар.Мысалы, ғалымдар гипертонияның жетекшілері жиі асқазанның жарасына ие екендіктерін көрсетті.
Эмоционалды жағдайды өзін-өзі реттеудің тиімді әдістері
Шиеленіскен жағдайда қалай әрекет ету керек? Эмоцияларды қалай басқаруға болады? Жауап қарапайым - сезімді басудың қажеті жоқ. Оларды түсінуді үйрену керек. Адам эмоциялары - жақсы жұмыс істейтін сигналдық жүйе. Виртуалды қызыл жарық қоршаған ортада маңызды нәрсе болған кезде пайда болады.
Теріс эмоциялар бізді ескертеді, ықтимал қауіп туралы ескертеді, ақылсыздықты болдырмайды. Эмоциялардың өзінен емес, тәжірибенің себебін табуды және жоюды үйреніңіз. Ескерту сигналын бұзып, қауіпті жоюға болмайды.
Қызығушылықтардың қарқындылығын тиімді төмендету өзін-өзі реттеудің келесі жолдарына көмектеседі:
- Физикалық белсенділік. Кез келген физикалық жаттығу өзін-өзі реттеудің тамаша механизмі болып табылады. Эмоциялық саланы жеңілдету үшін спортпен жүйелі түрде айналысудың қажеті жоқ. Бірнеше сеансты жасау үшін тәжірибе ортасында жеткілікті, қарқынды секірсе немесе баспалдаққа көтерілу үшін тез қарқынмен жүру. - Таза ауада серуендеу. Жылдам серуендеу-ақ физикалық жаттығу. Қозғалыс кезінде тыныс тез өтеді, қан оттегімен қаныққан болады. Миы қосымша тамақтану алады және әлдеқайда жақсы жұмыс істей бастайды. Сіздің ойларыңыз оңтайландырылып, эмоционалдық стрессті туғызған мәселенің оңтайлы шешімі өзі.
- Вокалдық жаттығулар. Практикалық психологтардың арасында түйсік эмоциялар сөзі бар. Ол өзін-өзі реттеудің вокалдық әдістерін белгілеу үшін қолданылады. Дыбыстарды жаңғырту кезінде дыбыстық сымдар қуатты шығаруға ықпал ететін күшті тербелістерді шығарады. Ән айтумен және қатты дыбыстарды жасағанда, адам сол арқылы теріс эмоциялардан босатылады.
- Гимнастика саусақ үшін. Біздің саусақтарымыздың маңында сигналдарды миға жіберетін көптеген рецепторлар бар. Қажетсіз эмоцияларға жол бермеу үшін өзін-өзі реттеудің осындай тетіктерін қолдануға болады: бір-бірлеріңе алақандарды мұқият сүртіп, балшықтан немесе қамырды мұқият шайқаңыз.
- Температура контрасты. Жауынгерлік эмоциялар ыстық затпен байланысты.Егер сіз ыстықты салқындату керек болса, температура өзгерісін қолданыңыз. Ашық терезенің жанында демалаңыз, суық сумен жуыңыз немесе мұзды маңдайыңызға қойыңыз.
- Визуализация. Эмоционалдық өзін-өзі реттеу өз эмоцияларымен бөлісуді үйренген адам үшін өте оңай нәрсе болып табылады. Бұл визуализация әдістерін қолдана отырып жасалуы мүмкін. Теріс эмоциялар ауыр бас киім, тікенді шарф немесе қатты белдік деп ойлап көріңіз. Кедергі жасайтын аксессуарды ақыл-ойынан босатып, еркін сезінесіз.
- Объектіні ауыстыру. Егер сіздің эмоцияларыңыз белгілі бір адаммен байланысты болса, оларды кейбір жансыз нысанға ауыстыруға тырысыңыз: портрет, боксшы алмұрт, плюшевые ойыншық, қағаз бумасы. Ашулануыңа қатаң жауап беріңдер, барлық ызалығыңызды білдіріңдер, күңкілдеп, өмір сүріңдер.
2 дәріс
Тақырыбы: Көшбасшының негізгі эмоционалды қасиеттері мен дағдылары
Эмоционалды интеллект жəне көшбасшылық арасындағы байланыс
Көшбасшылық - біздің өміріміздің барлық салаларына еніп, ұйымдар мен өзге де құрылымдардың тиімді қызмет етуінің алғышарты болып табылатын біліктілік қасиеті. Тиімді түрде көшбасшы бола білу мəселесі əсіресе əлеуметтік жəне психология ғылым салаларында кеңінен зерттеліп жүрген маңыздылығы жоғары тақырып болып табылатыны белгілі жайт.
Қазіргі күні ғылымда көшбасшылық мəселесіне қатысты сан алуан түрлі теориялар жасалып, оның тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар тізімі анықталған. Алайда осыған қарамастан, ғылымның түрлі салалары аталған мəселені ары қарай зерттеп келеді.
Дəстүрлі түрде көшбасшылық қасиеттерге ие тұлға нəтижелерге қол жеткізудің нақты жоспарын құра білетін жəне оны іс жүзінде іске асыра білетін стратег ретінде қарастырылады. Алайда көшбасшы рөлі мұнымен аяқтала қоймайды. Оның алдында əрқашан тұратын басты міндеттердің бірі өз идеясымен қол астындағы адамдарды еліктіре білу, бүкіл ұйым немесе компания ішінде қажетті эмоционалды күйді тудыра білу болып табылады. Өзінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz