Саяси жүйенің қызмет ету механизмі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университеті

Тақырыбы: Саяси жүйенің қызмет ету механизмі

Орындаған:Раипова Райхан ПД-001

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.
Қоғамның мүдде- мақсаты объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Мемлекеттік биліктің басты қызметтері
Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы туралы
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары туралы ақпарат
Қоғамның саяси жүйесі қызметінің түсінігі және Қазақстан Республикасындағы саяси процестер
Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары
МЕМЛЕКЕТ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Құқық социологиясының пәні
Пәндер