Бағзыдан жеткен баба жыр
БАҒЗЫДАН ЖЕТКЕН БАБА ЖЫР
«Манас» дастанының мың жылдығына
Бүгін біздің қай.қайсымыздың да көңіліміздің төріне ықлым замандар қойнауынан мызғымастан мың жасаған айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты Батыр тіріліп келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе.бет қалдырып, арғы.бергімізді сарапқа салдырмақшы. Мұндайда уақыт пен кеңістіктің жік.шекарасының бәрі өз.өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен өрбітіп, бір тамырдан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз. Өткенге бойлаған сайын арамыз жымдасып, айырмамыз азая түсетіндей. Бәріміздің де, арғы бергіде талайды тамсандырып, талайды табындырған небір сүлейлерді тудырған екі аяқты нәсілден екендігімізді қапысыз ұғына түскендейміз. Бірақ, осынау әбден басы ашық ақиқаттың өзіне бар.бар уақытта мадиықтанып, масаттана қоймайтынымыз тағы рас. Қайта оған қаралай ұялып, қаралай арланатын, ара.тұра таусыла тарығып, дағдара торығатын шақтарымыз да аз емес.

Манас дастанының мың жылдығына
Бүгін біздің қай-қайсымыздың да көңіліміздің төріне ықлым замандар
қойнауынан мызғымастан мың жасаған айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты
Батыр тіріліп келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе-бет
қалдырып, арғы-бергімізді сарапқа салдырмақшы. Мұндайда уақыт пен
кеңістіктің жік-шекарасының бәрі өз-өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен
өрбітіп, бір тамырдан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей
тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз. Өткенге бойлаған сайын арамыз
жымдасып, айырмамыз азая түсетіндей. Бәріміздің де, арғы бергіде талайды
тамсандырып, талайды табындырған небір сүлейлерді тудырған екі аяқты
нәсілден екендігімізді қапысыз ұғына түскендейміз. Бірақ, осынау әбден басы
ашық ақиқаттың өзіне бар-бар уақытта мадиықтанып, масаттана қоймайтынымыз
тағы рас. Қайта оған қаралай ұялып, қаралай арланатын, ара-тұра таусыла
тарығып, дағдара торығатын шақтарымыз да аз емес.
Өйткені, әуелден табиғаттан айрықша жаратылғанымен, талайды бастан
кешіріп, талай жерде ауызы күйгенімен, айнала болмыстың қырық қатпар
құпиясы мен ұңғыл-шұңғылын үңіле зерттеп, жансыз ортаның бейтарап
самарқаулығынан туындайтын қияметі мен жанды ортаның жаны ашымас
қысастығынан балалайтын қиянатының қыр сырын түгел біліп, кемел мен
кесірді, естілік пен есуастықты, абзалдық пен арамдықты айна-қатесіз айыра
алатындай биік парасатқа бірден-бір ие Адамзаттың өз ақылына өзі
мойынұсынбай, өз білгенін өзі жүзеге асыра алмай, әлге дейін әуре-сарсаңда
жүргеніне қалай қынжылмассың?! Дүние жаратылып, су аққалы өзі жер-жебіріне
жеткізе мансұқтаумен келе жатқан талай жексұрындық пен кесепатты, озбырлық
пен зұлымдықты өзі қойдай қоздатып, түйедей боталатып жатқанына қалай
күйінбессің?! Ендеше, сондай өзгелерді түгіл өзін-өзі аяп, өзін-өзі желеп-
жебеуге жетіле қоймаған желбас нәсілден өрбитіндігіңе несіне жетісіп
масатанбақсың, несіне жетісіп мақтанбақсың?! Қалайша өз бармғыңды өзің
тістеп, қаралай пұшайман болмассың?!
Солай бола тұрса да, сарсаңға түскен санаңды сабасына оралтып,
сергелдең болған сезіміңді сабырға шақырып, тәркке ұшыраған тәуекеліңді
тәубеге келтіретіндей, медеті мол мерейлі жәйттер де баршылық. Мәселен,
құдайдың ғана қолынан келердей талай таңғажайып адамның да қолынан келіп
жатады екен. Айтсаң ақылың жетпестей, ойласаң қиялың жетпестей талай
ғаламат алты қат аспан үстінде де емес, жеті қат жердің астында да емес,
тап өз іргеңде, тап өзің басып жүрген топырақта да жүзеге асып жатады екен.
Ондайда басқа тараптарда емес, тап осында, басқа сипаттарда емес, тап
осылай жаратылғаныңа шексіз риза болады екенсің. Төбең көкке жеткендей боп,
қуанады екенсің.
Бүгін де, міне, тап сондай риясыз сөзімге бөленіп отырмыз. Өйткені,
тек бір жұрт, бір ұлт, бір ағайын-аумақ қана емес, күллі адамзат нәсілін
шаршысына толтырып шаттандыра алатындай, өз құдіретін өзіне түсіндіріп
масаттандыра алатындай айрықша себептің, айтулы оқиғаның әлемет әсеріне
емін-еркін кенеліп отырмыз.
Жә, әуелі жырға дес берелікші: Баяғының аңызы – айтсақ кірер маңызы.
Ежелгінің аңызы – ескөргенге маңызды. Кейі жалған, кейі шын – кейінгілер
көңілі үшін... Көбі өтірік, көбі шын – көпшіліктің көңілі үшін көтермелеп
айтамыз, көкжал Ердің жөні үшін. Жанында болған кісі жоқ, жалған сөзбен ісі
жоқ. Төрінде жатқан кісі жоқ, өтірікпен ісі жоқ, – бабалардың аңызы,
бастамасқа болар ма? Аталы сөз маңызы айтпай ішке қонар ма? Шежіреден ұққан
сөз, өсіп-өрбіп шыққан сөз; кәрілерден алған сөз, халық аузында қалған сөз;
аңыздарға толған сөз, ат көтермес болған сөз; азғындарға жуымай, азаматқа
қонған сөз... Өрендерден қалған сөз, еншіге жұрт алған сөз, ой-жүрекке
қонған сөз, толқыта іште толған сөз; жауға аттанған батырдың жан серігі
болған сөз; естігеннің мейірі емін-еркін қанған сөз; шешен біткен шерткен
сөз, мешеу көңілін еріткен сөз; боран соққан қырменен, қиқу-айқай шуменен,
сүрінбейтін тілменен, қарлықпайтын үнменен, арқар өрген белменен, бұлт
айдаған желменен, тайталаса жарысып, бірге жасап келген сөз, баласына атасы
мәңгі еншіге берген сөз; мөлдіретіп моншақтай жұрт саралап терген сөз...
Пәлі, пәлі...
Жақпар құзды жапыра құлаған тау суындай тасқындай төгілмей ме?!
Атаңа қоқи, айырқалпақ жомоқшы-ай! Аузың қандай айтқыш еді?! Көзің
неткен көргіш еді?! Көңілің неткен түйгіш еді?! Тер шығатын теріден емес,
қан шығатын тамырдан емес, жас шығатын жанардан емес, жай әншейін жел
шығатын желпілдек ауыздан желпіне шыққан бір көпті құзғынның да ғұмыры
жетпес ұзаққа, құмайдың да аяғы жетпес қиырға алып қашып, мың жыл, мың бел,
мың асқар асырып жүрген де осындай перен қасиетің ғой...
Расында да, ықылым заманаларға куә болған, талай ұрпақтың тілін ашып,
талай ұрпақтың көзін жұмдырған, мың жасап, миллиондардың көкірегінде тұнған
жырдың Тынық мұхиты – Манас атты Ата Дастанның өлі күнге құлағымызды
елітіп, көңілімізді еліктіріп, жүрегімізді еріте жөнелетіндей ерекше сиқыры
неде екен?!
Бәлкім, аспан астын бір өзі толтырып жатқан ақ жаулықты Ана Алатаудай
апайтөс алып бітімінде шығар...
Бәлкім, көкжиектің көрпесін қалай тартқыласа да, қайда тартқыласа да,
бәрібір сирағы шығып қала беретін салқар Сары Арқадай көл-көсір көлемінде
шығар.
Расында да, Манас ежелгі үндінің Махабхаратасынан екі жарым есе,
ежелгі гректің Иллиадасы мен Одиссеясын бірге қосқандағысынан жиырма
есе көп. Бүгінде қолда бар алпыс бес нұсқаның ең сүбелілерінің бірі Саяқбай
Қаралаев жырлайтын нүсқа жарты миллион жолдан асады.
Көлемі қара жердің төрт тарабын түгел көмкөргендей, еңсесі бұлғақтаған
Бұланайдың да тебесінен қарайтындай осыншама заңғар дастанның өн бойында
көңілден шықпайтындай олпы-солпы бір шумағы, бір жолы жоқ,
таңғалдырмайтындай, тамсандырмайтындай селкем-шалыс бір сөз, бір теңеуі
жоқ. Мазмұны ақар-шақар сеңгірдің сексиме тұмсығынан жемтігін болат
серіппедей бір-ақ ытқып, бауырға ап, баса қалығысы көп тұрған тау тағысының
бұлшық етіндей тып-тығыз. Бітімі жылтырай семірген жолбарыстың жылмағай
жонындай жұп-жұмыр. Жер бетіндегі Алатаудың қанша көркем болғанмен
опырайған ойқы-шойқысы, жапырайған жалба-жұлбасы, ебілі-себіл елбе-желбесі
жеткілікті. Жыр сомдаған Манастау қанша заңғар, қанша алып болса да,
мөлдіретіп меруерттен, жалтыратып жақұттан, лапылдатып лағылдан құя
салғандай. Көздің жауын алардай көркем, сұғы өтердей сұлу. Қайтіп таңдай
қақпассың?! Қайтіп басыңды шайқамассың?! Мың жыл бойына ең сұңғыласы мен
ғұламасын, тапқыры мен айтқырын Ата Дастанға жұмылдырып, мың қайтара қырнап-
жонып, мың қайтара елеп-екшеп, мың қайтара сылап-сипап, мың қайтара әрлеп-
нәрлеп, әлемде тендесі жоқ Жыр Асқарын сомдап шыққан ақпа-төкпе Ата
Қырғыздың аруағынан қайтіп айналмассың, ақылына қайтіп бас ұрмассың!..
Мың жасаған Ата Дастанның алдына жүгініп, аузына үңіліп, мың күн
тыңдасаң да, ынтығың еш басылмасы, ықласың еш тарқамасы хақ. Өйткені,
көзіңнің сорасын сорықтырмай, көңіліңнің жарасын айықтырмай, жаныңды
шүберекке түйгізіп, қылп-қылп еткен ақ алмастың жүзімен жалаңаяқ
жүгірткендей, төбе шашынды тік тұрғызып кірпігіңе шық тізгізіп, ет-
жүрегіңді елжіретіп, ойыңды он саққа, қиялыңды қырық саққа тентіретіп,
албастының алдына барғандай, көзбаушының көзінде қалғандай, қараптан-қарап
арбалып, қараптан-қарап қармалып қалатының да, жорғадай тепеңдеп, жортақтай
секеңдеп, жолбарыстай атылып, арыстандай ах ұрып, лапылдай жанып,
лекілдей құйып, теректей теңселіп, желектей жайқалып, шалғындай шайқалып,
обырдай омақасып, жанқастадай жағаласып, жағын сауып, жалынын төгіп, еркіңе
қоймай, еліктіре елпілдетіп, желіктіре желпілдетін, елжірете еңкілдетіп,
қақпақылдай қаққылап алып жөнелетін жойқын жомоқшының аузынан аузыңды,
көзінен көзіңді ажырата алмай, шырмауықтай шырмалып қалатының да тегіннен-
тегін емес.
Сүйегіңді сүліктей сорып, жүрегінді жегідей жеп, баурап алып бара
жатқан ақтүтек жыршының көмейінен ағыл-тегіл ақтарылып жатқан аласапыран
сөздің шұрайы да, ол бейнелеген көріністердің көз тартар шырайы да емес.
Қаз-қалпында қайта орнай қалған бағзы заманның, баба заманның мың жыл
бойына сейілудің орнына қойыла, азаюдың орнына қалыңдай түскен бабаулаған
зары мен батпан-батпан мәні. Талайды көріп, талайға тезіп келе жатқан
тарланбоз жұртыңның тақсыретті тарихы мен тауқыметті тағдыры. Мың жыл
бойына бабалардың басын қатырын, қанын қайнатып, жүйкесін шамырықтырып
келген екіүдай хәлдер мен екіүдай жолдардың шиырлары мен шытырмандары енді
сенің де ойыңды ойсытып, қиялыңды қысыратып, жүрегіңді шымшылай бастайды.
Бағзының кебінен бүгінгінің уайымымен уланып, бүгінгінің кейпінен ежелгінің
өксігі мен өкінішін аңғараалмай. Қызылды-жасыл табиғат пен қырғын-қызық
думандар, үланасыр тойлар мен ызы-қиқы шайқастар, салтаттық сайрандар мен
өжеңдеген даулар, ғашықтықтың буы мен батырлықтың дуылы – бәрі-бәрі көрген
түстей ғайып боп, көкірегінде көлкілдеп көне қыжыл оянады. Қайтадан қаралай
мысың құрып, қайтадан арғы-бергінің айықпай келе жатқан ащы запырандарыңа
күмп бересің. Қайтадан қаралай мысың құрып, қайтадан ескірмеген ежелгі
көптер есіңе түседі...
Сонда ол жағыңды таянып, жанарыңды шылайтындай, қабырғаңды қайыстырып,
бұғанаңды майыстыратындай неткен көп, неткен гөй-гөй...
Иә, мың жыл бойына ауыздан түспей, жырланып келе жатқан Ата дастанның
болмыс-бітіміне кейінгі ұрпақ, кейінгі сананың қосқан жапсырма сипаты
қандай көп болса, ол алғаш рет ауызға іліккенге дейін халық басынан өткен
көптің сүйек пен сүйек, етпен ет сіңісіп кеткен түбегей сипаттары да тап
сондай көп. Бәлкім, соңғысы алдыңғысынан да басым түсер. Өйткені, әу баста
қиялды қозғап, сөзімді тербеп, жаңа бір жойқын дастанның тууына түрткі
болған түп себеп те сол мың жылдан бұрынғы терең қатпарларда жатыр ғой.
Осының басын ашып, дәнін аршып айтудың орнына біреулер дастанды қырғыз
халқының арғы-бергіде басынан еткен оқиғаларының әншейін жиынтығындай
көрсе, біреулер әуелде сондай бір ғана оқиғадан өрбіп, сосын кейінгі болып
өткен оқиғаларға жалғаса салған, өз-өзінен ұзарып, өз-өзінен ұлғайып жатқан
ұлан-ғайыр әлқиссадай көреді.
Жоқ, олай емес. Манас – бір жұрттың басында арғыбергіе болып өткен
оқиғалардың басын қалай болса, солай біріктіре салған далима дастан емес.
Ол – бабалар тұсында бас алып, аталар аяғына жеткізе алмай, әкелердің әлі
келмей, тек жер басып жүрген жаңа ұрпақтың тұсында ғана біржолата жүзеге
асуы ықтимал асыл мұрат, асқақ мақсаттың туу, өрбу, орнығу жолының рухани
шежіресі. Түптеп келгенде, төрт кезеңнен тұратын дастандық дәуірдің әр
кезеңінде де бір сипатты құбылыс қайтадан көрініс беріп, қайтадан бір жол,
бір жүйемен өрбиді. Әр кезеңде әр кейіпкер жеке дара бастан кешетін бір
сипаттағы ұқсас коллизиялардың драматизмі сатылап күшейіп, одан туындайтын
концепциялық пайым да сатылап тереңдей түседі. Бұл бүкіл бір ұлттық
ғасырлар бойы жүзеге асыра алмай келе жатқан ең басты мүддесінің ұрпақ
ауысқан сайын күрделіленіп, ұрпақ ауысқан сайын өткірленіп келе
жатқандығының көрінісі. Уайымның арманға, арманның үмітке, үміттің сенімге
айналуының қырық қатпар қиын да қызық құбылма жолы. Бұл мақсат – ұрпақтан
ұрпаққа ұласып келе жатқан аңсарлы мақсат. Бұл тақырып – ұрпақтан ұрпақ
өрбітіп келе жатқан өзекті пәтуа. Ұлттық сананың уызымен мәйегі, ұлттық
құлықтың уыты мен жұлыны. Сонда қырғыздардың ұлттық парасатының бірден-бір
өзегі болған бұл пәтуа қай кезеңнен бас алды, ұлттық поэзиясының бірден-бір
тіні болған бұл тақырып қай көздерде ауызға ілікті?
Бұл сауалға жауап іздесең, әңгіме әріге кетеді. Дүние жаратылып, су
ағатын әлімсаққа барып бір-ақ тірелед. Ғарыш жаратылғанына 18 миллиард жыл
болса, біз басып жүрген жұмыр жердің жаратылғанынан бері төрт жарым
миллиардтай жыл өтіпті. Санасыз тіршіліктің пайда болғанына үш жарым
миллиард жыл толса, саналы тіршілік бар болғаны қырық мың жылдай уақыт
бұрын ғана пайда болыпты. Оның отыз мыңдайын үйірлестік үрдісте өткізген
екіаяқтылар тек соңғы он мың жылдықта ғана қауымдастық үрдіске көшіпті.
Біреуі су жағалап, балық аулап, бреулері ну жынысқа сүңгіп, аң қуалап,
біреуі желек басынан мәуе теріп, біреуі шөптің басын үшіп, дән жинап,
экваторға жуық бойлықтар бойынан басталған бұл құбылыс қашқан мұзбен бірге
көшкен аңдарға ілесіп, ен байтақ Еуро-Азия кеңістіктеріне де жетті. Мұнда
да әркім өз үйренген қарекетпен қорек айырып, соған лайық қоныс иемденді.
Дән теріп, миуа жинаған терімшілер мен балық аулаған балықшылар отырықшы
боп дария сағалап, бірте-бірте диханшылық пен кәсіпкерлікке көшті. Аң
қуалаған аңшылар бірте-бірте малшыларға айналып, жұлдызға қарап, жол
бағдарлап, топырақ жалап, жер танып, жел иіскөп өріс, шөп иіскөп қоныс
тапты. Алдарындағы сатырлаған төрт аяқтылардың өрісі мен қонысын ойлап,
аспандағы бұлттың аңысын аңдады. Суының молайып, шөбінің көбеюіне
байланысты бірде күнгейге, бірде теріскейге ағатын өзендердің алаптарына,
біресе Еуропаның біресе Азияның ен байтақ жазираларына алма-кезек ауып
қонып, екі құрлықты көктей өтіп, екі мұхиттың арасында жөңкілді де жүрді.
Көшкені сайрандай, қонғаны мейрамдай қызық дәуреннің басы шадыман
болғанымен, аяғы шырғалаңға ұласты. Тарих пен табиғаттың нағыз
еркебұландарындай көрінетін көшпенділердің ең ұзақ үстемдік құрған аймағы –
қазіргі біз өмір сүріп жатқан кеңістік. Сібір мен Орталық Азия таулары мен
далалары. Оған куә – Манас дастанының өзі. Ондағы көсілте баяндалатын көл-
көсір хикаяларда сүреттелетін дәстүрлер мен салттар, мінездер мен құлықтар
мотор, мінген мына бідерге де әбден таныс, әбден түсінікті. Кейіпкерлері де
ежелгі дүниеден тіріліп келген бейтаныстай емес, тап қазір кіріп келген
есіктес көршіңдей тіптен етене. Тартып жүрген тауқыметтері мен кешіп жүрген
көптері де бес саусақтай белгілі. Сөйтсек, қазір жүзеге асыра алмай
күйзеліп жүрген жәйттеріміздің бәрі мың жыл бұрынғы бабаларымыздың да
өзегін өртеген күйіктер екен.
Бір ғүлама айтқандай, Еуро-Азияның әр алуан жер бедері әр алуан
үрдіспен өмір сүріп, әр алуан мәдениет түзетін әр алуан этностардың
қалыптасуына жағдай жасады. Табиғи әр алуандық олардың бейбіт өмір сүруіне
кемектеспесе, кедергі келтірген жоқ. Жаны бар пайым. Бірақ, ай астында
баянды не бар? Тек кім-кім де өз үйренген аяда өзі үйренген әдіспен ырзық
айыра алған замандарда ғана жағдай солай болғаны рас. Ал бас өсіп, ауыз
кебейіп, үйреншікті аяда үйреншікті әдіспен күн көру қиындай бастағанда,
әлгіндей қоян-қолтық қоңсыластықтың да шырқы бұзыла бастады. Тіпті бір
үлгімен өмір сүретін үрдістердің өзі бір-біріне ауыз салатынды шығарды.
Әсіресе, бұл көпшенділерге жәйсіз тиді. Олар енді бұрынғыдай түк шыққан
жердің бәрі қонысым, су түскен жердің бәрі суатым деп, аяғы жеткен жердің
бәрін иемденетін әдеттен бой тартуға мәжбүр болды. Оны самсаған сары қолы
бар көп тайпалардан гөрі әлім-берім аз тайпалар ертерек сезінді. Белгілі
бір жинақы кеңістікке кіндіктен байланып, қауымдастықтың берік түрлеріне
көшуге тура келді. Бұрынғыдай жөңкіле жөнелген жойқын нөпірлерге қосыла
салып, арқадан қаққанның алдына түсіп, мандайдан сипағанның соңына ілесіп,
жетекте кеткендер тарихтың дәлізінде қалып, шамасына қарай шарқ ұрып,
жағдайына лайық жайлы қоныс таба білгендер көп нәсілді адамзаттың құтхана
мешітінен өз құжырасын иемденді. Соны алдымен түсініп, алдымен ыждаһат
қылған қауымдардың бірі қырғыздар болған сыңайы бар.
Сондықтан да, олардың аты тарих сахнасына өзімен тұстас шыққан
тайпалардың көбіндей, әр қауымның құрамына бір сіңіп, өз дербестігін жойып
алмай, бүгінгі тарихқа да аман жетті. Қырғыздардың аты қытай деректерінде
біздің дәуірімізге дейінгі 201 жылдардан бастап ұшырасып, біздің
дәуіріміздің VІ-Х ғасырлары арасында жиі кездеседі. Олар жайлы деректер VІ-
ІХ ғасырлардағы орхон-енисей тас жазбаларында да мол жолығады. Сондай
құлпытастардың бірінде қырғыздардың Орхон мен Тола бойындағы ұйғыр
патшалығын құлатқаны жазылған. Бұл қытай жылнамалары айтуынша, 847 жылы
болған оқиға. Демек, В. Бартольд айтқан қырғыз мемлекеттілігінің
дәуірлеуі тап осы кезеңге сәйкес келеді. Қырғыздардың отырықшы, көшпенді
көршілеріне көп тиісіп, көп жеңіске жететіні де осы тұс. Бұрынғыдай емес,
бастары бірігіп, ауыздары қосылатыны да осы тұс. Сол қырғыз кейінгі
мұсылман тарихшыларының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы еңбектерінде Батыс Тәншәнді
жайлайтын, жау келгенде қатын-балаларын құз-қияға шығарып жіберіп, тар
шатқалдарда бекініп, көршілерінің шапқыншылығына батыл тойтарыс бере алып
жүрген аса жауынгер халық ретінде бейнеленеді.
Біздіңше, ұлы дастанның оқиғалық төсегін қырғыздардың ІХ-ХІ ғасырларда
Алтайда жүріп ұйғырлармен, қидандармен шайқасқанымен де, XV-XVII ғасырларда
Тәншәнде жүріп көрші хандықтармен шайқасқанымен де біржола байланыстыруға
болмайды. Сол сияқты ондағы айтылған әр соғыс, әр шайқасқа, әр кейіпкерге
нақты тарихтан нақты балама іздеудің де жөні жоқ. Дастан екі мың жыл бойына
тарих назарында келе жатқан халықтың басынан өткен оиқғаларды кезек-
кезегімен көзінен тізіп баяндап шыққан көркем шежіре емес. Сол екі мың
жылдық халық тағдырының негізгі өзегі болған іргелі ел, тұтас жұрт болып,
әлемдік болмыстан өз орнын табу жолындағы күрделі күресті тұтастай шолып,
күрделі тарихи процестің әлеуметтік-философиялық тұңғиықтарына бойлаған
тарихи пайымдық, тарихи уайымдық эпос. Оның басты сарыны – баста тұрған
дәуренді дәріптеу емес, бастан ауған дәуренді жоқтау, оның қайта оралуын
аңсау.
Қырғыз тарихындағы ондай кіндік кезеңнің бұдан мың жыл бұрын орхон-
енисей бойларындағы ұлы жорықтар мен ұлы жеңістерге сәйкес келетінін
материалдық ескерткіштер тайға таңба басқандай дәлелдеп түр. Ұлттық идея
дегеніміздің өзі – іргелі ел болуға, өз мекеніңді өзің иемденіп, өз
болмысынды өзің шыңдауға ұмтылу екені белгілі. Қырғыздардың бұндай ниетті
нақты жүзеге асыруға да әлгі кезеңде кірісіп, алғашқы нәтижелерге
жеткендігі мәлім. Ендеше, істегенін ауызбен бекітіп, артық ұрпаққа өсиет
қып қалдыратын көшпенділердің ондай дәстүрін ол кезде ұмытып кете қоюы
мүмкін бе? Жоқ. Олай болса тасқа қашап дерек қалдырған айтулы оқиғаның
сөзбен баяндалатын рухани дерегі қайда? Ол бүгінгі Манастың алғашқы
нұсқалары болуы әбден мүмкін. Дастанның негізгі сюжеттк-фабулалық арқауы да
сол кезең оқиғаларына сайма-сай келеді. Стильдік-көркемдік төсегінің ең
терең қабаттары да сол кезеңнің эстетикалық-дүниетанымдық сипатымен астасып
жатыр. Ал, концепциялық уытының тіні түзіп тұрған негізгі идея сол кезең
оқиғаларының басты мақсаты болғаны тарихтан белгілі. Ендеше трилогияның,
әсіресе, Манастың жеке өзіне байланысты алғашқы бөлігінің идеялық,
фабулалық, көркемдік төсегінің сол кезеңде туған тұңғыш нұсқалардан өрбіп
жатуы әбден ықтимал. Бір ұлттың бір мың жыл бойы жырлап келе жатқан негізгі
шығармасының географиялық аясы мен кейіпкерлік құрамы кейінгі ғасыр
құбылыстарына орай түбегейлі өзгеріске ұшыраса, онда тұрған таңданатындай
ештеңе жоқ. Бәрі өзгерсе де бастапқы кіндік идея өзгерген жоқ, оған түрткі
болған кіндік оқиға мен кіндік кейіпкер өзгерген жоқ. Өйткені, ол идея әлі
күнге түгелімен жүзеге асып болған жоқ. Сондықтан да, әу баста ұлы жорықта
ұлы жеңіске жеткен ұлы қолбасшыны жоқтаудан шығуы ықтимал әйгілі дастанның
бсынан аяғына дейін өткенді дәріптей отырып, бүгінгіні қомсыну, ертеңге
үміттене отырып, көлденеңнің кесепатынан сескену сарыны басым түсіп жатады.
Бұл дегенше жеткен жұрттардың емес, жете алмай жүрген жұрттардың тарихи
санасына, көркемдік танымына тән сипат. Трилогияның алғашқы бөлімімен
кейінгі бөлімдерінің көркемдік болмысы мен композициялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz