Қазақ тілінің тағдыры


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кирлицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топтың реформаларға қарсылық көрсетуі.

Орындаған: Тажиманова И.

Тексерген: Кумганбаев Ж. Ж

Алматы 2022ж.

Тақырыбы:

Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары: қазақ тілінің араб таңбасынан кирлицаға ауысуы және А. Байтұрсынов бастаған топтың реформаларға қарсылық көрсетуі.

Мазмұны:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.

Білім беру жүйесіндегі кеңестік үкімет реформаларының қарама-қайшылықтары.

Қазақ тілінің араб таңбасынан кирлицаға ауысуы.

А. Байтұрсынов бастаған топтың реформаларға қарсылық көрсетуі.

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоспар:

І. Тіл жанашырлары.

2. 1 Қазақ тілінің тағдыры.

2. 2 Араб әліпбиін қолданған

дұрыс па?

2. 3 Қазақ тілі: өткені мен бүгіні.

20 ғасыр басында қазақ тілі араб графикасынан латын

әліпбиіне ауысқан кезде мұндайды бастан бір өткерген

болатынбыз. Латын әліпбиіне көшу сол заманда қалай жүргізілгені мен қазір қалай өтіп жатқаны туралы таратып баяндайық.

Бұл тарихи кезезеңдерді қысқаша "араб - латын кирилл" деп белгілейік.

Негізгі бөлім.

Қазақ АКСР Орталық атқару комитеті 1928 жылдың 14 желтоқсанында

жаңа әліпбиді енгізу туралы шешім шығарды. Бұл шешім шыққанға дейін ұзақ талқылаулар, түркологтардың съездері, Орталық Азия елдерінің республикааралық мәслихаттары сан рет өткен болатын. Осының ішінде 1924-1927 жылдар аралығында араб графикасын қолдаушы(консерваторлар) мен латын әліпбиін қолдағандар (новаторлар) арасындағы пікірталастарға нақтырақ тоқталыпкетсек. Оған себеп: қазақ тілінің ерекшелігін сақтай отырып, жаңа әліпбиді талқылауға тап осы екі тарап шақырылғын болатын.

Ол кезде де латын әліпбиіне көшу мәселесі Қазақстанға өзге түркі тілдес елдермен салыстырғанда кешірек келгенін айта кету керек. Мұны Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізіндегі жан-жақты қарастырылып, ғылыми негізделген әліпбиінің қолданыста болуымен байланыстыруға болады. Ол кезде төте жазумен сауатсыздықты жоюға бағытталған түрлі оқулықтар жарияланды және бұл кітаптардың тиімділігі бірден өз нәтижесін берген болатын. Төте жазуды Қытайдағы қандастарымыз осы күнге дейін

пайдаланып келе жатқанын айтпасақ та белгілі.

Осы тұста латын әліпбиін қолдаған новаторларға басты қарсылас Ахмет Байтұрсынұлы болды, ол өз ойын былай тұжырымдаған еді: "Біз, қазақтар Тілдік элементтерімізді бұрынырақ бағамдап алғанбыз, оларды сәйкес дыбыстармен белгіледік, дұрыс жазамыз, оқимыз, орыс, неміс, француз, Ағылшындар мен өзгелерге қарағанда жылдамырақ сауат ашамыз. Енді не керек? Әліпбиімізді латынға көшіру керек дейді, өйткені біздің әліпби біздікі емес - арабтікі . . . ".

Ахмет Байтұрсынов

Қазақ халқының XX ғ-дың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы

Байтұрсынов әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалды. Ол Қазақ Білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924), Түркітанушылардың бүкілодақтық 1-құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады.

Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде

Ғалым сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Қазақ халқы тұтынып отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтады. А. Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу керек: жақсы әліпби тілге шақ болу керек;

Жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелері көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады;

әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс; Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әліпби болмақ

XX ғғ Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихы

1920 - 30 ж.

1929 ж.

1937 ж.

1930 ж.

1945 - 60 ж.

1928 ж.

республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді.

латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады.

Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: пікір . . .

Біз араб алфавиті негізінде өз әліпбиімізді жасадық. Сол секілді, араб харпін жазба машиналарына қолайландыру әдістерін де жетілдіріп жатырмыз. Соңғы жылдары тіпті, машинаға араб және орыс қарпін қатар енгізуге де қол жеткізілді. Түркі халықтарының 90 % ежелден араб шрифін қолданып келеді, және осы шрифт жүйесі негізіндегі жазу мәдениетін қалыптастырған. Жазба мәдениет ұғымына шрифт пен оны қолданумен байланыстының бәрі кіреді. Жазба мәдениеті қалыптасқан халықтарға шрифт жүйесін басқамен ауыстыру - оңай іс емес. Бір жүйеден екіншісіне сатылай өткеннің өзінде көп уақыт, құралдар мен күшті қажет етеді. Әсіресе, жазу мен оқуды параллельді екі жазу бойынша ұйымдастыру, параллельді баспаларды шығару қажет болады. Мұндай мәдени және материалдық мүмкіндікті қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарының бірде бірі иеленіп отырған жоқ. Жаңа алфавитке өту үлкен қаржы, күш-қуат пен еңбекті талап етеді. Академиялық жұмыстарды жүзеге асыру, баспаханаларды жарақтандыру, параллельді баспа жұмыстарын игеретін ұстаздарды даярлау, т. б. - мұның барлығы 9-10 он күннің немесе 9-10 миллионның шаруасы емес. Сол себепті, харіпті өзгерту біз үшін ірі қоғамдық-экономикалық маңызы бар, үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселе болып табылады. Халық, соның ішінде, сауаттылар жаңа алфавитке көшудің артықшылықтары мен пайдасы айқын көрініп тұрған жағдайда ғана бұл бастаманы қолдайтындығы сөзсіз. Керісінше, жаңа алфавиттің салыстырмалы түрде еш артықшылығы жоқ. Араб харпін латын әріптерімен өзгерту мәселесі көптеген ғалымдардың екі алфавитті салыстыра зерттеуге мәжбүрледі. Менің келтіретін дәйектерім жеке пікірім емес, осы мәселені зерттеген көпшіліктің зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.

А. Байтұрсынов ату жазасы алдында

Сонымен, 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тіліне ықшамдап өзгерту жолында еңбек еткен ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың әр жылдары жазған мақалалары мен оқулықтарын талдаған кезімізде оның араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сай етіп өзгерткенін, араб жазуында жоқ әріптердің таңбасын өзі ойлап тапқан

1910ж. Жаңа қазақ әліпбиі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік тірегі - тіл
Ұлы даланың ұлтаралық тілі: көркем сөйлеу негізі
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік кепілі
Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметі
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Қазақ тілі - мемлекеттік тілі
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы
Казақ тілі — қазақ халқының ана тілі
Мемлекеттік тіл саясаты
Ахмет салған әдебиеттегі елшілдік ұраны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz