Балжан Бөлтірік қазақтан шыққан алғашқы министр қыз


Жымбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
№23 Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі КММ
Шығармашылық жоба
Автордың тегі, аты: Искендер Арайлым
Сыныбы: 7-сынып
Жоба тақырыбы: «Ауылымнан шыққан дара тұлға»
Номинация: « Қазақстанның 100 жаңа есімі»
Жетекшінің ТАӘ: Кобеев Олжас Искендерович
Қордай ауданы - 2021
Мазмұны:
1. Кіріспе . . . 3
2. Өмір-дерек . . . 4
4. Жастық шағы . . . 5
5. Өмірлік жолдасы -Ескендір . . . 6
6. Ұл- қыздары . . . 7
7. Елге жасаған қызметі мен жетістіктері . . . 8-13
9. Әйел-аналар жайлы мақал, қанатты сөздер . . . 14
8. Қорытынды . . . 15
9. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 16
Балжан Бөлтірікова
(1921-1998)
Кіріспе
Менің өсіп-өнген жерім -Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Әлжан ана ауылы. Көбіңіз біле-бермейтін, қазақтың қара домалақ қызы Балжан апай да осы Әлжан ана ауылынан шыққан. Мен өзімнің Балжан апайыммен, сол кісі тұрған ауылда туғаныма қуанамын және мақтан етемін. Мен сөз еткелі отырған Балжан апайдың биыл еліміз 100 жылдығын атап өтуде. Балжан Бөлтірік қазақтан шыққан алғашқы министр қыз! Осы сөздерді естіген сайын менің көкейімде бірнеше сұрақтар туындайды «қиын заманда, әйелдердің құқығы еркектерден төмен болғанда қалай министр қыз атанды?»
Осы сұрақтардың жауабын білу үшін маған жетекшім Олжас ағай бағыт-бағдар беріп, бұл кісі жайлы зерттеуіме түрткі болды.
Жобамның мақсаты: Б. Бөлтірікованың туғанына 100 жыл толуына орай, оның еліне. жеріне жасаған қызметі, игі істері жайлы мәлімет беру. Қазақ әйелінің барлық қиындықтарды жеңе білетін «қырық жанды» екендігін дәлелдеу.
Алдымен ғаламтордан іздедім, ол жерден 1946-1990 жылдар арасында Қазақстанның саяси басқару жүйесiне әйелдердiң қатысуы мақаласынан Балжан апай жайлы көптеген ақпарат білдім . Бұдан соң зерттеуге деген қызығушылығым одан әрі арта түсіп, Балжан апайдың қазір осы ауылда тұрып жатқан жиен бауыры Бөлтіріков Тілеулес атадан сұхбат алдым. Осы сұхбат барысында Балжан апай жайлы біраз бұрын естімеген көптеген мәліметтер алдым. Сондай-ақ мектебіміздің кітапханашысы Мамытова Нұржан тәтей де өзінде бар біраз суреттер, естеліктерін көрсетті. Бұл жұмысты зерттеу барысында Қордай аулындағы №4 Б. Бөлтірікова атындағы орта мектепте де болып, ол жерден де біршама деректер таптым.
Негізгі бөлім
Өмір-дерек
Балжан Бөлтірікқызы 1921жылы, қараша айының 15 жұлдызында, Қасық ауылында, қарапайым отбасында дүниеге келген.
Руы- Ботпай, елі -Жәуіш.
Әкесі- Есекеұлы Бөлтірік.
Анасы-Бәтима.
Балжан апайдың үш бауыры болған. Үлкені Әлтай Бөлтірікұлы 1900 жылы туылған. Қасық ауылында тұрған Колхозда ферма меңгерушісі, Отар станциясында Казпотребсоюздың төрағасы, «Талапты» Колхозының зоотехнигі, парторгі және тексеру комиссиясының төрағасының қызметтерін аткарады. 1983 жылы мамыр айында дүние салды.
Екінші бауыры Бөлтірікұлы Сұлтан Қасык орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген. 1941жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, соғыстан қайтпай қалған.
Ал үшінші бауыры Бөлтірікұлы Төлебай 1914 жылы туған. Ол кісіде Ұлы Отан соғысына және фин соғысына қатысқан. Мәскеудің халық шаруашылық институтын бітірген. Алматыда өмірінің соңына тұрды. Мамандығы экономист болған. Сол мамандығымен әртүрлі мекемелерде қызмет істеді .
Балжан апайдың ата-анасы
Жастық шағы
Мектепте оқыған кезінде үлгілі, озат оқушы болған. Бесінші сыныпта оқып жүргенде, ауданнан жалғыз өзі озат оқушы ретінде Мәскеуге барып қайтқан. Бала кезден жаны жайсаң, мінезі жұмсақ, кішіпейіл болған. Қызмет істеп жүргенде ауылға келгенде үлкендерге сәлемдесіп, қолын алып, амандасатын. Төрден орын беретін. Мен министрмін демей, үлкен кісілермен әңгімелесіп, кейбір ұлағат сөздерін, ақылдарын тыңдайтын. Мектеп бітіргеннен кейін, институтқа түсіп, институтта озат оқушы ретінде Сталин стипендиясын алып тұрды.
Студенттік алтын шақ
Мұғалімдерге арналған демалыс орнында 1950 ж
Өмірлік жолдасы - Ескендір
Балжан Бөлтірікқызы 19 жасында, яғни 1940 жылы тұрмысқа шыққан Інісінің айтуы бойынша жолдасы, Балжан апайдың әрі досы, әрі кеңесшісі болған. Балжан Бөтірікқызы 50 жыл жолдасы Ескендір Қожабаевпен өмір сүрген. Балжан апай ел арасында, тіпті мұхит асып кетіп жүргеніне жолдасы қарсы болмапты. Жұмысына тек түсіністікпен қараған.
Қайран жастық шақ . . .
53 жыл отасқан алтын отбасы
Ұл-қыздары
Ұлы Алмат Қожабай Ескендірұлы 1945 жылы туған. Алматының халық шаруашылық институтын бітірген. Экономист қызметін атқарған. 2010 жылы қайтыс болды. Сонымет қатар немересі Бөлтіріков Руслан Ескендірұлы-фипломатиялық қызмет атқарады. Қазіргі кезде Корей елінде дипломатиялық қызметте. Бұл екінші қызы Бағланның ұлы. Бірақ өзінің фамилиясына ауыстырып алған. Өзіне тартқан осы баласы.
Балжан Бөлтірікқызының бір ұлы, екі қызы бар. Үлкені қыз бала Қажабай Лаура Ескендірқызы. 1941 жылы туылған. Шет тілдер институтын Қытай халык Республикасында бітірген. Ағылшын, Қытай, Жапон тілдерін өте жаксы меңгерген. Қытай тілінің тәжірибелі ұстазы болған. Әлі тірі.
Ал екінші қызы Қожабай Бағлан Ескендір. 1947 жылы туған Алматы қыздар институтын бітірген. Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты болған.
Абай атындағы мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.
Ұлы Алмат
Қызы Лаура Қызы Бағлан
Елге жасаған қызметі мен жетістіктері
Балжан Бөлтірікова Қазақстан тарихындағы алғашқы сыртқы істер министрі болған әйел және БҰҰ Бас Ассамблеясы жұмысына тұңғыш қатысқан қазақ әйелі. Республиканың сыртқы істерінің алғашқы наркомы болып тағайындалған ірі мемлекет қайраткері Төлеген Тәжібаевтан кейінгі Қазақстан тарихында БҰҰ Бас Ассамблеясының екі сессиясы (1966 жылы ХХІ және 1971 жылы ХХҮ) жұмысына қатысқан республиканың екінші, әйелдерден тұңғыш өкілі . 47 жыл еңбек өтілінің 20 жылын министрлік қызметте, 6 жылын Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлығында болып өткерген. 35 жылын өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім беруге арнаған жалпыға ортақ орта білімді енгізудің шешуші кезеңіне байланысты және мектептердің жаңа оқыту жүйесіне көшуі жолында белсенді әрекет етті. Ол 1970 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтының жанында педагогика саласында зерттеулерді үйлестіру кеңесін құруға ат салысты, инициаторы болды. Қазақ қыз-келіншектерінің арасында тоталитарлық кеңес үкіметі кезеңінің тек қана республика көлемінде ғана емес, КСРО және талай шетелдік мәжілістерге қатысқан қазақтың тұңғыш қызының еңбегі зор. 22 жасынан партия мүшесі болған Б. Бөлтірікова қоғам қайраткерлігі дәрежесіне дейін көтерілді. 1941-1949 жылдары Алматы қаласындағы қазақ орта мектебінің директоры болған Балжан 1949-1955 жылдары республиканың бастауыш және орта мектеп қызметкерлері кәсіподағының Орталық Комитетінің төрайымы, 1955-1966 жылдары қазақтың әлеуметтік қамсыздандыру министрі, 1965-1971 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан сыртқы істер министрі, 1971-1974 жылдары Қазақстан Оқу министрі, 7 рет қатарынан сайланған Қазақстан Жоғарғы кеңесі депутаты, СОКП ХХІІІ съезі делегаты. Ал 1965-1970 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі, 1975-1980 жылдары кәсіптік-техникалық білім беру комитеті төрағасының орынбасары, ал 1981 жылдан Одақ көлеміндегі дербес зейнетке шықты.
Төмендегі беттерде Балжан Бөлтірікованың түрлі салаларда қызмет еткен сәттерінен фото естеліктері берілген.
Алматы қаласының №12 мектеп директоры
Министрлер кеңесінің төрағасы Б. Бөлтірікова мектепте
1954 жыл. ВЦСПС делегаттар ХІ съезі
1966 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХІ сессиясы
КСРО Сыртқы істер министрі - Громыко А.
Қазақ КСР Сыртқы істер министрі- Бөлтірікова Б.
1970 жыл БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХV сессиясы
КСРО Сыртқы істер министрі - Громыко А.
Қазақ КСР Сыртқы істер министрі- Бөлтірікова Б.
АҚШ-тан КСРО-ға жіберілген адам- Добрынин А
Англияның Кембридж қаласында шыққан «Кто есть кто», Мәскеуден шыққан «Дипломатический словарь» атты сөздіктерде, Қазақстан энциклопедясында т. б. кітаптарда Б. Бөлтірікованың саяси қайраткерлік өмірбаяндары баяндалып, Еңбек Қызыл Ту орденімен т. б. медальдармен марапатталған. Әйелдердің жауапты қызмет атқаруына қоғамдағы адамдардың сенімсіздік көзқараспен қарауы әдетке айналған. Сондықтан да өз ортаңда нақты орныңды алу үшін күресу қажет. Сонымен қатар жалпы басшылықта ер кісілер болғандықтан бір-екі әйел басшылар әрқашан қай істе-де өз іскерлігін көрсетуі қажет. Б. Бөлтірікова еңбеккер әйел, ана және сүйікті әйел ретінде күйеуі Ескендір Қожабаевпен (көрнекті ғалым, еңбегі сіңген заңгер, оның өсуіне жәрдемдесіп, қолдап отырған) 53 жыл отасқан. Олардың балалары да түрлі салада тыңғылықты еңбек етеді. Анасы 18 құрсақ көтергенімен, солардың ішінен қалған 5 ұл-қыздың кенжесі, әрі жалғыз болғандықтан, әкесі әркез еркелетіп ұстаған. 7 рет Жоғарғы кеңеске депутат болған жылдарда өзі сайлаған жергілікті жердің мұң-мұқтажын ескеріп, мектеп, бала-бақша, мәдениет үйлерін, кітапхана т. б. осы сияқты халықтың күнделікті тұрмысына қажетті мекемелер салу, көп балалы отбасыларына көмектесу, шағыммен келген адамдар өтінішін орындау сияқты көптеген проблемалардың шешілуіне ұйтқы болған. Мысалы, Торғайда депутат болып сайланған аудан орталығында 1 мектеп, бала бақша, 400 орындық кинотеатр салуға көмектескен. Сонымен қатар ауданның дәрігер мамандығына тапшылығын ескеріп, 10 шақты баланы тікелей мединститутқа түсуге жәрдем жасаған. Тізе берсе, халық мұқтажын ескеруге өз үлесін қосуға талпынған. Сол кездегі ісіміз бен тәрбиеміз қазіргі басшылар ісімен салыстыру тіпті-де мүмкін емес. Әр нәрсе өз заманында ғой. 20 жыл министрлік қызметте 6 жыл Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлығында болып, күніне 4 сағат қана ұйықтайтынмын, қалған уақыт тек жұмысқа арналған, - дейді Б. Бөлтірікова өз естелігінде [18] 2 рет БҰҰ Бас Ассамблеясында КСРО мемлекетінен А. А. Громыко басқарған делегация құрамында болып, үлкен саяси мәселелерді шешуге араласқан. Жапонияда өткен әлемде атом қаруын болдырмау үшін атты бейбітшілік миссиясына 2 рет, Каирде өткен Азия және Африка елдерінің конференциясына қатысты. Одан кейін Сирияда, Солтүстік Кореяда, Чехословакияда болған. Осы іс-сапарлардың бәрінде де Кеңес Одағы атынан, Қазақ мемлекетінің өкілі ретінде қатысты. Өзіне-өзі қатаң талап қоятындығы, үлкен ізденгіштігі зор көмек болды. Осы талаптарды өзінің 2 ұл, 2 қызына да қойып, олар азамат, отбасының иелері, өздері-де ата-аналар болды.
Жалпы бүгінгі өз замандастарының басшылықта жүрген сіңлілерінің ішінде Ә. Беспаева, К. Өмірбаева, З. Қадырова, А. Жағанова, М. Ахметова сынды қыз-келіншектердің жан-жақты дайындығы, қоғамның қай саласында да іскерліктері қуантады. Басшылық орындарға әйелдерді қатыстыру қажет. Жалпы өмірдің тұтқасы - әйелдер. Жауапты қызметтегі әйелдердің тауқыметі зор. Дей тұрғанмен-де әйелдердің іскерлігі ауқымды. Осылайша, Балжан Бөлтірікова (дипломатиялық қызметтегі белсенді еңбегі үшін 1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденін алған) алғаш орден алған тұңғыш дипломат, республика сыртқы істер министрі болған тұңғыш әйел, ірі көрнекті мемлекет қайраткері болды.
Ғалымдар мен саясаткерлер әйелдердiң жағдайы, президент әйелдер жөнiнде, жаңа әйел бiрлестiктерi жайлы белсендi дискуссиялар жүргiзуде. Мұнда олар егер елiмiз әлемдiк өркениет арнасында болғысы келсе әйелдерге саясатқа енуiне жол беруге тиiс, партия мен қозғалыстар қызметiне, қоғамды басқару саласына енуiне даңғыл жол болуы тиiс деп есептейдi. Ал әйелдi үйге оралту керек, әйтпесе семья құруға, бала тәрбиесi нашарлайды дегенді алға тартушылар да жоқ емес. Біздің ойымызша, осылардың әрқайсының өз шындығы бар. Бiрақ жәй сөз айтысынан өзгерер ештеңе болмас, өйткенi әйел өз тағдырын өзi таңдайды. Бiрақ мемлекеттен тәуелдi болатын нәрсе: әйел өз тағдырын өзi таңдауда болған кедергiлер арқылы өте ме әлде қоғамның қолдауына сүйене ме деген мәселе еріксіз алға шығады. Тарихи прогресс қоғамның демократиялануы барлық азаматтардың басқаруға белсене үлес қосуы, саясатқа қатысудың жаңа түрлерінің пайда болуы, азаматтардың саясаттың субъектiсi, жасампазы ретiнде ролiнiң жоғарылауын талап етеді. Шынында қоғам саясаттан, басқарудан өз азаматтарының жартысын - әйелдердi тыс қоя ала ма? Бұрын Кеңестер Одағында олар халықтың 52, 7 пайызын, еркектер 47, 3 пайызын құрады. Қазақстан халқының жартысын - әйелдер құрайды. БҰҰ есебi бойынша жалпы әлемдiк жұмыс уақытының 2/3 пайдалану әйелдер үлесiне тиетiнiн көрсеткен. Әлемдегi әрбiр үшiншi семьяны әйелдер асырап отыр. Бұдан шығатын қорытынды екеу: 1. Кез келген өкiмет, егер шын мәнiнде қоғам, халық мүддесiн ойласа, әйелдердi қамқорламай тұра алмайды. 2. «Әйел кiмнiң жағында?» деген сұраққа кез келген қоғамдық қозғалыс, партия, ұйымдардың жағдайы тәуелдi.
Әйел-аналар жайлы мақал- мәтелдер мен қанатты сөздер
Қыз өссе - елдiң көркi, гүл өссе - жердiң көркi.
Жақсы әйел жаман еркектi - ер қылады.
Жаман еркек жақсы әйелдi - жер қылады.
Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы,
Ерлер көктен түскен жоқ, әйел оның анасы.
Алты ұл тапқан әйелді ханым десе болмас па,
Аға деген жігітті інім деуге болмас па.
Ердің жақсысы елімен ойласады,
Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.
Жәннат - ананың табанының астында»
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz