Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Описание: Описание: nov-logo-kaz

СӨЖ

Пән: «Статистика»

Тақырыбы: «Статистика пәні мен міндеттері»

Тексерген: Кайранбеков Б. О.

Орындаған: Алембаева Л. С.

Мемлекеттік аудит-21

Нұр-Сұлтан, 2022

Жоспар:

1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

2. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы.

3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

4. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы.

5. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар

6. Қолданылған әдебиет

  1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.

"Статистика" (лат. status) - заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Итальянның "stato" - мемлекет, statisto - мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзі шығады. Қазіргі кезеңде "статистика" термині:

  1. статистика бұл мәліметтерді жинақтауға, қайта өңдеуге, қорытуға, сақтауға жэне жеткізіп беруге байланысты қызмет саласы;
  2. статистика - статистикалық жинақтарда, анықтамаларда, мерзімді баспасөздерде жарияланатын сандық көрсеткіштер;
  3. статистика - қоғамдық ғылымның бір арнаулы саласы және оның өзіне тән жеке пәні мен зерттеу әдістері бар ғылым.

Статистика қоғамдық ғылым ретінде бертінде пайда болды. Статистика ғылымының даму процесін XVII ғасыр дың аяқ кезінен Англия дан бастайды. Оның негізін Джон Граунт пен Вильям Петтидің "Саяси арифметика" атты еңбегі қалады. В. Петтидің еңбегінің маңыздылығы - ол сандық көрсеткіштер заңдылығын қолдана отырып, қоғамдағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен өзгерістерді анық көрсеткендігі, яғни өңдеу, талдау жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін айқындағаны.

Статистика тарихының екінші бір бастауы неміс ғалымы Г. Конрингтің еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекеттану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі.

Статистиканың одан ары дамуына неміс ғалымы Г. Ахенваль, бельгия ғалымы А. Кетле, англия ғалымы А. Боули зор үлесін қосты. А. Кетле - Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол бірінші халықаралық статистикалық конгрестің ұйымдастырушысы болып саналады.

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында статистика ғылымы қарыштап дами бастады. Мысалы, математикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсеткіштерді есептеу тәсілдері анықталады. Бұл салада П. Л. Чебышев, A. А. Марков, А. М. Ляпунов, С. Н. Бернштейн сияқты математиктер еңбек етті. Бұл кезде мемлекеттік статистика органдары да жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996-жылы заң мен ереже қабылданды және оның негізгі міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүйелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдарының бірі болып саналады.

2. Статистика пәні қоғамдық ғылым саласы.

Статистика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Демек, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, жинау, топтау, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды.

Статистиканың негізгі қасиеті - қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін сандық тұрғысынан қарастыра отырып, оның сапалық мәнін де анықтайды.

Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер жиынтық бірліктері деп аталады және олардың әрқайсысын сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика тілінде белгі деп атайды.

Белгілер сандық және сапалық болып екіге бөлінеді. Сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы, стипендия, айлық табыс мөлшері, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т. с. с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері, сорттары және т. б. Статистика мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен үрдісін сипаттайтын мәліметтерді жан-жақты зерттейді.

3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен заңдылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диалектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән зерттеу әдістері бар:

1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өңдеу және жинақтау; 3) жинақталган, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау. Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз.

Статистикалық бақылау - статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өндеу және жинақтау. Зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық процестердің топтық көрсеткіштері ірілендіріледі, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштері есептеледі.

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау. Мұнда көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Яғни, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады.

Жоғарыда көрсетілген статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бірінен-бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қорытынды жасалынбайды.

4. Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы.

Әлеуметтік-экономикалық статистика көптеген ғылымдармен байланысты. Сонымен бірге, ең алдымен статистикалық ғылымның саяси экономикамен тығыз байланысын атап өткен жөн. Экономикалық құбылыстардың сандық жағын зерттеуде статистика саяси экономика теориясына сүйенеді, онда экономикалық категориялардың мәні анықталады. Сандық көрсеткіштерді қолдана отырып, статистика нақты тарихи жағдайдағы экономикалық құбылыстардың нақты дамуының объективті бейнесін береді.

Статистика микро және макроэкономикамен, жекелеген салалардың экономикасымен, менеджментпен, маркетингпен, шаруашылық қызметті талдаумен, технологиялық және басқа пәндермен де байланысты.

Өз кезегінде статистика мәліметтерін барлық әлеуметтік ғылымдар пайдаланады. Статистика математика мен эконометриямен де байланысты. Статистика сандық сипаттамаларға қатысты болғандықтан, ол математиканың ережелері мен әдістерін кеңінен қолданады. Бұл, әсіресе, абстрактілі бірліктер жиынтығын және олардағы жалпы сандық заңдылықтарды зерттейтін Ықтималдық теориясы мен математикалық статистикаға қатысты.

Ал эконометрия статистикалық әдістер көмегімен бұқаралық экономикалық құбылыстарды зерттеп, экономикалық теориялар мен заңдылықтарды мөлшерлі түрде бейнелеуден тұрады. Сондықтан да ол экономикалық статистика маңызды бағыты әрі құрамдас бөлігі.

5. Статистиканың зерттеу тәсілдері туралы қазіргі көзқарастар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш
Статистикалық жинақтау, топтау
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz