ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1. ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
1. 1Заманауи интерьер стильдерінің Қазақстанда даму үрдісі.
1. 2Экодизайн стильінің адамдардың тұрмыс қажеттілігінде қолдану ерекшеліктерінің шешімдері
1. 3 Экодизайн стильін қалыптастыруда көркем әдістерді қолдану жолдары
1. 4 Экодизайн стильін қолдана отырып көркем шығармашылық жобаларды орындау тәсілдері
2. ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙН ЭКОСТИЛЬІ НЕГІЗІНДЕ
ДИЗАЙНЕРЛЕРДІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2. 1 Болашақ дизайнерлерді заманауи интерьер экодизайн стильі арқылы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін дамыту
2. 2 Заманауи интерьер дизайны экостильі арқылы болашақ дизайнерлердің көркемдік шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін дамытудың жолдары
3. ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕРІ ДИЗАЙНЫ ЭКОСТИЛЬІ НЕГІЗІНДЕ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДІҢ ИНТЕРЬЕРІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3. 1 Заманауи интерьер дизайны экостильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласында екі бөлмелі пәтердің интерьерінің дизайн-жобасы
3. 2 Заманауи интерьер дизайны экостильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласында екі бөлмелі пәтердің интерьерінің ерекшіліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Тақырып өзектілігі.
Қазіргі уақытта еліміздің экономикасы қарқынды дамуда, сонымен қатар сәулет өнері де өзіміздің ұлттық нақышта көркейіп келеді, ал дизайн өнері саласы елімізде кеш дамыса да, осы уақытта еліміздің барлық өндіріс саласында өз қажеттіліктері бойынша сұранысқа ие болып отыр. Жалпы тұрмысымызға қажеттілігі өте зор заманауи дизайн интерьері стильдерінің қалыптасуы заман талабына сай, қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі болып саналады, әсіресе экодизайн стильіне деген сұраныс ерекше деп айта аламыз. Дизайн интерьері дербес бағыт ретінде қалыптасқанына көп уақыт өткен жоқ, бірақ қоршаған кеңістікті түрлендіру, өз қалауынша әсемдеу адам баласының бойына ертеден қалыптасқан. Интерьер стильдері біздің психологиялық және эмоционалдық жағдайымызға үлкен әсер беретіні ертеден белгілі, сол себепті адамдарға пәтердің ішкі көрінісін және түстік шешімдерін әрқашан өзгертіп тұруға құштарлықтарын туғызады. Біздің пайымдауымызша, дизайн интерьері күшті визуалды әсерге ие сол себепті, біз алдымен қолданбалы функцияларды орындауымен байланысты деп ойлаймыз, дизайн интерьерлерін әдептеуді жобалау барысында ең көп сұранысқа ие қолданбалы дизайны екені белгілі, себебі ол пәтердің, немесе үйдің жөндеуін толығымен қайта өзгертуін қажет етпейді. Қазіргі уақытта, біз білетін заманауи дизайн интерьерінің көптеген стильдері бар. Осы стильдерді біз қазіргі жағдайда тұрмысымызда пайдаланатын барлық интерьерлерде кеңінен қолданамыз. Заманымыздағы қоғамның сұраныстарына байланысты, дизайн интерьерін жобалауда және әдептеуде дизайнерлеріміз қай уақытта болмаса да өткен дәуірдегі стильдердің шешімдерін басшылыққа алып отырған және осы стильдердің шешімдері қазіргі таңда барлық сәулет және дизайн өнерлерінде кездесіп отырады, мұндай байланыстың болуы ол заңдылық. Қазіргі өркениетті заманымызда басқа өнер шығармалары сияқты тұрмысымыздағы дизайн нысандарын көпшіліктің көркем қабылдау мәдениеттілігі жоғары деңгейде дамып келеді.
Жоғарыдағы айтқанымыздан түйіндейтініміз замануи интерьер дизайны экостильдерінің қазіргі өркендеу дәуірімізде өте қажеттілігін білсек те, оны адамдардың тұрмыс тіршілігінде өмір сүруге қажетті пәтерлерде пайдалану мәселелерінің толық шешімін тапты деп айта алмаймыз. Бұл жөнінде елімізде сәулет және дизайн өнерінде ұлттық дәстүрлер мен нақыштардың өзара үйлесімімен дизайнерлерімізді көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы көркемдік ізденіске баулып, шығармашылық-жобалар туындатар замануи дизайн интерьері стильдері біздің дизайнерлеріміздің назарынан тыс қалды деп айта алмаймыз, дегенмен толық шешімін тапты деп айту да қиын. Осы айтылған мәселелерге байланысты туындаған мәселе бізге «Нұр-Сұлтан қаласындағы экодизайн стильіндегі екі бөлмелі пәтердің интерьер дизайнын жобалау ерекшіліктері» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізуге себебші болды. Зерттеудің мақсаты: ғылыми зерттеу жобасы бойынша заманауи интерьер дизайны экостильінің даму мен қалыптасу үрдісін зерттеп, заманауи интерьер дизайны экостильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалау. Зерттеудің нысаны: Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлердің пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер экодизайн стильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалау. Зертеу пәні: заманауи интерьер экодизайны стильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлердің пәтерлерінің жобаларын көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде жобалау. Зерттеудің міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер эко - дизайн стильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру негіздерін айқындау; Зертеудің ғылыми жаңалығы:
1. Замануи интерьер дизайны экостилдерінің дамуы мен қалыптасуын зерделей отрып олардың келешекте Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер экодизайн стильі негізінде екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру негіздерін айқындады. 2. Шетелдік және отандық замануи интерьер дизайн эко стилдерінің біздің қоршаған ортада пайдалануымыздың ерекшеліктері мен жолдары зерделенді. Теориялық құндылығы: заманауи интерьер дизайны экостильдері арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы дизайнерлердің тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер экодизайн стильі негізінде екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастырды.
Тәжірбиелік құндылығы:
1. Замануи интерьер дизайны экостильдері негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер эко - дизайн стильі негізінде екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобалар дайындалып, тәжірибелік ұсыныстар жасалды.
2. Еліміздегі замануи интерьер дизайны эко - стильдерінің дамуы мен қалыптасуының еркшеліктері анықталып оның жобаларының тұрмысымызда пайдалану жолдары қарастырылды.
3. Еліміздің замануи интерьер дизайны эко - стильдерінің дамуы мен қалыптасуы зерттеліп, замануи интерьер дизайны эко - стильдерінің келешектегі даму үрдісі анықталды және Нұр-Сұлтанға келетін шетелдік қонақтар мен қаламыздағы болашақ дизайнерлеріміздің талап-тілектерін анықтау мақсатында сауалнама құрастырылып, қажетті деректер жинақталды және сарапталды.
5 Ғылыми-ізденіс жұмысы бойынша Халықарылық және республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына қатысып, зерттеген тақырыбы бойынша баяндамалар мен мақалалар жарияланды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер заманауи нарық талабына сай заманауи интерьер дизайны экостильдері арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер экодизайн стильі негізінде екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру қажетті деңгейде ұйымдастырылса, онда олардың екі бөлмелі пәрдің заманауи интерьер экостильінің дизайн-жобасын дайындаудағы шеберлігі жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені оған маман ретінде заманауи интерьер дизайны экостильдері үдерісінде көркем шығармалық жобаларды дайындаудағы шеберлігінің жүйелілігін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер эко - дизайн стильі негізінде Нұр-Сұлтан қаласындағы екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру негіздерін айқындау;
- Замануи интерьер дизайны стильдері арқылы дизайнерлердің көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастырудың дизайн - жобасы;
- Замануи интерьер дизайны стильдері арқылы дизайнерлердің көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастырудың Нұр-Сұлтанға келетін шетелдік қонақтар мен қаламыздағы болашақ дизайнерлеріміздің талап-тілектерін анықтау мақсатында сауалнама құрастырылып, нәтижелері анықталды;
Диссертацияның көлемі мен құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден және қорытындыдан, үш тараудан, кестеден, суреттен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі 70 бет.
I-тараудың қортындысы -замануи интерьер дизайн тарихына талдау жасай отырып, интерьер дизайнының стильдеріне жоғары ғылыми деңгейде анықтама берілген. Интерьер дизайны стилдері адам қауымының тұрмыс тіршілігімен бірге өз қажеттілігінде дамып келеді және алдағы уақытта дами береді. Әр стилдердің өздеріне тән ерекшеліктерімен қалыптасып, адам тұрмысында өз қажеттілігінде пайдаланады. Зерттеліп анықталған интерьер дизайнындағы стильдік бағыттар қазіргі таңда толықтай тұрмысымызда пайдалануға болатындығы айқындалған.
Интерьер кеңістігінде заманауи дизайн стильдерін қалыптастыруда көркем әдістерді қолдану жолдары туралы қорта айтсақ, интерьер кеңістігін әдептеуде көркем әдістерді шешімді пайдалану арқылы шығармашылық жобаларды жоғарғы деңгейде ұйымдастыруға болады, бұның нәтижесі адамдардың интерьер кеңістігінде өзін жайлы сезініп, тұрмыс тіршілігін жоғарғы деңгейде қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Замануи интерьер дизайн стильдерін қолдана отырып осы саладығы отандық және шетелдік мамандардың шығармаларының озық үлгілерін пайдалану жағдайында дизайнерлердің көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Замануи интерьер дизайны стильдерінің адамдардың тұрмыс қажеттілігіндегі дамуы мен қалыптасу үрдісіндегі ерекшеліктерін зерделей келіп Нұр-Сұлтан қаласындағы экодизайн стильіндегі екі бөлмелі пәтердің интерьер дизайнын жобалау.
II тараудың қортындысы - дизайнерлердің көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін заманауи интерьер дизайн стильдері арқылы дамытудың ғылыми педагогикалық алғышарттарын анықтауға негіз болды:
- біріншіден, алыс-жақын дизайнерлердің қолынан шыққан туындыларды, олардың әдіс-тәсілдерін тереңдей зерттеу қажет;
- екіншіден, осы уақытта ертеден келе жатқан стильдерді жаңғырта пайдаланып, жаңашыл ізденістер жасап жүрген дизайнерлердің шығармашылық жобаларының қолтаңба даралығын айқындай зерделеу қажет;
- үшіншіден, кешегі мен бүгінгі дизайнерлердің қолданысындағы әдіс-тәсілдер негізінде заманауи интерьер дизайн стильдерінің бүгінгі технологиясын нақтылау қажет;
III тараудың қортындысы - дизайнерлердің Нұр-Сұлтан қаласындағы экодизайн стильіндегі екі бөлмелі пәтердің интерьер дизайнын жобасын дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру үшін заманауи нарық талабына сай заманауи интерьер дизайны экостильдері арқылы Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлер пәтерлерінің жобаларын дайындаудағы көркемдік тұрғыдан жоғарғы деңгейде дайындау бейімділігін заманауи интерьер экодизайн стильі негізінде екі бөлмелі пәрдің дизайн-жобасын жобалаудағы көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігін қалыптастыру қажетті деңгейде ұйымдастырылса, онда олардың екі бөлмелі пәрдің заманауи интерьер экостильінің дизайн-жобасын дайындаудағы шеберлігі жоғары деңгейде қалыптасады, өйткені оған маман ретінде заманауи интерьер дизайны экостильдері үдерісінде көркем шығармалық жобаларды дайындаудағы шеберлігінің жүйелілігін дамытуға мүмкіндік тудырады.
Осы шарттардың сақталуы болашақ дизайнердің тұлғалық қасиеттерін дамытуға, теориялық білімдерді қалыптастыруға, таңдалған мамандықтың дәйектемесін нығайтуға ықпал етеді, яғни көркем шығармашылық жобаларды дайындаудағы шеберлігінің негізгі компоненттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1. ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ ЭКО-СТИЛЬДЕРІНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҮРДІСТЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
1. 1Заманауи интерьер стильдерінің Қазақстанда даму үрдісі.
Заманауи интерьер дизайны бүгінгі таңда әр түрлі стильдерді негіз етіп отыр. Айта кететін ең негізгі, қазіргі кезең қағида ол жалпы Қазақстанда әкімшілік ғимараты болсын, тұрғын құрылыс ғимараты болсын - заманауи стилін қолданылып жүр және осы стильді қолдану күннен күнге ұлғайып келеді.
Бұл жолға қазақ дизайнерлері бірден түскен жоқ. 20 ғасырдың 90 жылдары және екі мыңыншы жылдардың басында әкімшілік, азаматтық сонымен қатар сауда және мейрамханалар мен дәмханалар, офисттік және өндіріс ғимараттары «Еуро жөндеу» деген эклектикалық стильді кеңінен қолданды және Қазақстанның осы кезеңдегі 90 пайызы, көбі интерьер дизайнын осы бағытта әрлеп, безендіріліп көркемдеді. «Еуро жөндеу» деген ұғым Қазақстан интерьер дизайнында көптеп кездеседі (16-сурет Евро жөндеу) .
Бірақ 2005 жылдан бастап Қазақстан интерьер дизайнында этно стиль кеңінен қолданылды. Қазақстанда бұл стильдің пайда болып, кімдер себепші болғаныөте бір жүйеге келмейтін шығармашылық құбылыс. Мүмкін тапсырыс берушілер, әлде интерьер дизайнерлері өздері сол тапсырыс берушілерге үрдіс болды ма? (17-сурет. Эклектика. Улттық нақышта әрленген стиль) .
Біздің ойымызша дизайн мамандығын игерген және дизайн мекемесін басқарушылар арасында қазақтан шыққан мамандар аз болып және олардың дайындау бағдарламалары мазмұнында ұлттық-этникалық тапсырмалар жоқтың қасы болды. 2005 жылдан шамамен алғанда дизайн мамандығын меңгерген адамдар саны көбейіп, әсіресе қазақ бөлімін бітіріп диплом алғандар кейін шығармашылық еңбектерінде алғашқы кезде ізденіс ретінде одан тапсырыс берушілерге өздерінің ұлттық-этника тақырыбына арналған жұмыстарын көптеп ұсынған деп тұжырымдауға болады. Бұл жолға әрине қазақ интерьер дизайнерлері диплом жобасы ретінде одан кейін ізденіс шығармашылық түрінде дамытып тапсырыс болмаса да өздерінің шеберлігін шыңдата түсті. Ғылыми тұрғыда болмаса да жалпы дизайнға арналған «интерьер» журнал беттерінде және жалпы көз көріс деректерге сүйене отырсақ қазақ интерьер дизайнында ұлттық-этника тақырптар кейінгі кезде кеңінен орын алып жүр. Бұның алғашқы кезде кездескен қиыншылықтары көп болды. Ең бірінші бүгінгі интерьер дизайнына керегенің элементтерін әсіресе қабырғаларға төбеге шаңырақтың стилизацияланған пішінін сонымен қатар тері, алаша, түскиіз реңінде жасалған бейне көріністер кеңінен орын алды. Бірақ уақыт өте бұл қазақ интерьер дизайнында эклектика кеңінен қолдана басталды. Жоғарыда айтқандай Эклектика әртүрлі типті қисыны келмейтін қазақ интерьер дизайнында эклектика кеңінен қолдана басталды [37] .
Жоғарыда айтқандай Эклектика әртүрлі типті қисыны келмейтін стильдерді үйлестіру. Сондықтан бір кезеңде Қазақстан интерьер дизайнында қазақ, шығыс, еуропа дизайн элементтерін қосым ұйымдастыру кеңінен қолдана басталды. Оған себеп болған жәйдің біреуі- ол интерьер дизайны әрлеудегі қолданылатын материялдар Ресейден, ҚХРдан азды-көпті Еуропадан келуі. Әрине бұл елді мекендердің әрлеу материялдарында қолданылатын ою-өрнек, әшекей мотивтері қазақ этносының көркем қол өнер немесе ұлттық нақыштағы интерьер дизайнына үйлесімі жоқ жайлар еді. (18-сурет. Ұлттық нақыштағы заманауи интерьер стильі) .
Сондықтан жобалап алғанда 2008-2009 жылдардан бастап Қазақстан дизайнерлері интерьер дизайнын ұйымдастыру барысында осы саладағы әлемдік жетістіктерге және дизайнерлердің тәжірбиесіне сүйене отырып, қазақтын интерьерін заманауи стиль талабына сай қалай әрлеу, қалай әшекейлеу, қалай безендіру, қандай өрнектер түрлерін, әсіресе қандай түр-түс коллоритін тиімді және ұтымды жақтарынкеңінен қолданып, қазіргі таңда заманауи интерьер дизайны бағдар алып дами басталы. Алдымен тұрған үй-пәтер немесе азаматтық ғимараттарға көңіл аударайық. Олар үй иесі, оның жолдасы және үлкен-кіші жанұя мүшелері. Кейде осы жанұя мүшелері дизайнерлердің жұмысын қиындатады, неге десеңіз әр жанұя мүшесінің талғамы әр түрлі, ақырындажалпы қонақтар отыратын бөлме дизайнерлер еншісіне тиеді.
Азаматтық тұрғын үй интерьер дизайны осы жалпы қонақтар отыратын бөлмені әрлеуден басталады.
Ең алдымен жалпы бөлменің көлемі, и табиғи жарық түсу күші тағы басқа интерьер компоненттері еске алынады. Одан ейін қабырғаны әрлеу проблемасы. Қазіргі таңда қабырғаға кілем, түскиіздер ілінбейді. Сондықтан түсқағаздардың өрнектелген мотиві, кірпіштің фактурасыне болмаса жай ақ түсті қабырға, түс коллористика реңі, болмаса қабырғаларға керек әшекейлерді дизайнерлердің өздері жасау ықтимал және жасап та жүр. Одан кейін жиһаз проблемасы бар. Асадал, кебенсе, сандық, төсек ағаш тағы басқа қазақ үй жиһаздарын заманауи интерьер дизайнында қолдануға мүмкіндік аз. Сондықтан бұл жиһаз түрлерінің қандай функция атқаратынын біліп зерттеп соған сай жиһаздар жобаларын жасап және бүгін интерьер көлемінің пропорцияларына сай әр түрлі жиһаздар жасауы керек. Оның бәрін тізіп жатпай қойса да болады. Төбе проблемасын шешу қиын да жеңіл. Неге жеңіл? Әрине төбе проблемасын интерьердің ең бір шешілімі табылған нәрсе сияқты - ол шаңырақ. Ал сол шаңырақтың түп-нұсқасына ұқсас әшекейді қоюдың мүмкіндігі шамалы- бұл қиын проблема. Бірақ шығармашылық ізденістің шеңберін кеңейтсек бұл проблеманы да ұтымды шешуге болады. Шаңырақ бейнесін стилизациялап, күрделендіру. Қазіргі заманауй интерьер дизайнында перде проблемасы шешімі әлі табылмаған. Неге десеңіз қазақтардың үйлерінің терезесі үлкен болған. Перде өзінің функциясын тек түнде терезені жабуға арналған, киіз үйде перде мүлде болмаған. Ал тарихқа үңілсек төсек ағаштар жан-жағынан перделенген. Сондықтан сол перделердің формасын, әшекейін бүгінгі күннің біріншіден атқаратын функциясын еске ала отырып, екіншіден формасы мен түс коллористикасы ұтымды пайдаланып қазақ интерьер дизайнының проблемасын шешудің мүмкіндігі бар.
Заманауи интерье дизайнының тағы бір көкейкестілігі ол еденді жабатын жабдық кілімдер. Қазір біріншіден жиһаз түр-түсі, ою-өрнегімен үйлестіре отырып және перделердің формасымен үйлесімін таба отырып кілем төсеніш проблемасын тудырмауға болады.
Жоғарыда талданған мәселелер ол заманауй стильді қазақ-этнокалық интерьер дизайнының азаматтық яғни тұрғын немесе пәтерді ұлттық нақышта әрлеу жолдары. Енді көніл бөлейін деп отырғанымыз ол заманауи интерьер стильін қазақ ұлттық- этникалық нақышта әкімшілік, өнеркәсіп ғимараттарын әрлеу-әшекейлеу түрлері. Жоғарыда айтып кеткендей азаматтық тұрғын үй-пәтер интерьерін ұйымдастыруда әр жанұя өкілдерімен кездесіп отырсақ, әкімшілік, кәсіпорын, сауда-саттық, мейрамхана-дәмхана интерьерін ұйымдастыруда ондай проблемма жоқ. Бұл жұмысты атқарғанда дизайнерлер текқана бір тапсырыс өкілімен кездесіп ол осы ғимараттың иегерімен ақыл-кеңесе бтырып іске асырады.
Әкімшілік, кәсіпорын, сауда-саттық-ойын, мейрамхана-дәмхана интерьерін кіре берістен бастап бүкіл ғимараттың ішкі көрінісін заманауи стильдерге сүене отырып кей жерінде ұлттық нақыштағы элементтер қосып безендіруге болады. Тіптті бұл ғимараттардың атынан бастап-экстерьеріне дейін бір стилде болуы әбден ықтимал. Осы ғимараттардың әсіресе ойын-сауық, мейрамхана-дәмхана кшендерінің интерьерінде қазақтың жиһаздары, текемет, сырмақ, түскиіз, құрақ көрпелер мен ыдыс-аяқ, тостаған, ет салатын табақ бәрін стилизациялап заманауи дизайн стильіне келтіруге әбден болады. Ал әдейі бөлек бөлмелердің интерьерінде жиһаз, ыдыс-аяқ сонымен қатар ішкі көріністің ұйымдастыру жолдары тек қана нағыз қолдан жасалған және нағыз табиғи материялдарды қолданған бұйымдардан тұрыуы мүмкін. Айтылғандарға мысал ретінде көптеген ғимараттар көрінісі жеткілікті.
Осы орайда ой қорта айтарымыз, замануи интерьер дизайн тарихына талдау жасай отырып, интерьер дизайнының стильдеріне жоғары ғылыми деңгейде анықтама жасадық. Интерьер дизайны стилдері адам қауымының тұрмыс тіршілігімен бірге өз қажеттілігінде дамып келеді және алдағы уақытта дами береді. Әр стилдердің өздеріне тән ерекшеліктерімен қалыптасып, адам тұрмысында өз қажеттілігінде пайдаланады. Зерттеліп анықталған интерьер дизайнындағы стильдік бағыттар қазіргі таңда толықтай тұрмысымызда пайдалануға болатындығы айқындады.
1. 2 Интерьер дизайны эко - стильдерінің адамдардың тұрмыс қажеттілігінде қолдану ерекшеліктерінің шешімдері.
Дизайн интерьерінің тарихы көркем стильдер мен үйдің жабдықтауының дамуымен анықталады. Мәдениет пен дәстүр, ауа-райы мен қол жетімді материялдар, ғылыми өнертабыстары мен сауда және тұрмыстық өмірдің қысымымен дамыған.
Дизайн интерьері тарихы қашан, қайда немесе қалай туындағанын айту оңай емес. Нақты қай уақытта пайда болғанын айтуға болмайды. Ежелгі дәуірден бастап адамдар өз тұрғын орталарын әрлеген. Алғашқы адамдар өздерінің тұрғын орталарының қабырғаларына тері және жануарлардың сүйектері көмегімен үңгірлердегі тасқа қашалған аңдар мен адамдардың суреттерін бейнелеген. Интерьер дизайнының тарихы ежелгі адамдар, ежелгі өркениеттер мәдениетінің туындауы және кейін даму жолының барлық қадамдарының өткен мезетінен басталғаны ешқандай күмән тудырмайды.
Жалпы интерьер тарихына ғылыми көзқараспен үңілсек ол біздің жыл санауымыздан талай ондаған мың ғасырлар Ориньяк-Солютре және Мадлен кезеңінен басталады. Неге десеңіз адамдар үңгірлерді темдене бастағанда оның ішіне кескіндеме Альтамир, тасқа қашаған суреттер және табиғи бояумен графикалық жұмыстарды келесі ұрпаққа қалдырған. Интерьер тарихының келесі кезеңі ол алғашқы адамдар өздерінің тұратын мекендеріне ғимараттарды салу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz