Өндірістік сабақтарың ұйымдыстыру


Өндірістік сабақтарың ұйымдыстыру
Андирханов Ерден Амангельдинович
өндірістік оқыту шебері
«Үржар колледжі»КММ
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өндірістік оқыту шебері - оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға
2. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру
3. Өндірістік оқыту сабағының құрылымы
3. 1 Кіріспе бөлімі
3. 2 Негізгі және оқушыларды бағалау бөлімі
4. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,
ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді»
К. Д. Ушинский
1. Өндірістік оқыту шебері - оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға
Өндірістік оқыту шебері - оқушыларды оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында шебер оқушыларға жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады.
Жастарды оқытатын шебердің үлгілі жұмысы, өзінің білімін және тәжірибесін үйретуі, ұнамды қасиеттерді қалыптастыруы оларға үлкен әсерін тигізеді. Педагогтың жас маман жұмысшыларды тәрбиелеудегі еңбегі адамдардың іс-қимылындағы негізгі жауапкершілік болып табылады.
Сондықтанда өндірістік оқыту шеберіне көптеген талаптар қойылады:
1. Идеялық-саяси дайындығы. Қазіргі заман талабына сай маманды қалыптастыру, шебердің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлі мен жауапкершілігі жоғары болады. Оның барлық жұмысы жастарды өз Отанын сүюге, достықты сезінуге, жолдастыққа, ұжымдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеуге, мақсатына берілуге, еңбекке саналы қатысуға бағытталады.
Барлық іс-қимыл кезеңінде шебер бірбеткей, таза өз ісіне берілуі тиіс. Ол ғылыми және кәсіби білімін үздіксіз толықтырып отырады. Ол үшін өз бетімен оқып-үйренуі қажет.
2. Өз ісін терең білуі және мамандыққа сүйіспеншілігі. Шебер өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, оқушылар арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды.
Шебер әртүрлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөнінде шеберлігін көрсете білуі керек.
Өндірістік оқыту шебері оқушылардың үлгерімін және сабақтарға қатысуын үнемі бақылап отыруы (оқу жұмыстарының орындалуы, ұқыптылығы, өз бетімен үй тапсырмаларын орындауы), оқушылардың жалпы дамуын, тәртіп ережелерінің орындалуын, оқушыларды қоғамдық оқиғаларға бей-жай қарамауын, міндеті мен жауапкершілігін сезінуін, тазалыққа, қарапайымдылыққа еркіндікке тәрбиелеу (шешімді болуы, батылдығы, ынталылығы, табандылығы, т. б. ), оқушылардың материалдық - тұрмыстық жағдайын біліп отыруы қажет. Шебер осы байқауларды есепке алады, оқушы істерінің жақсы және кемшелік жақтарын белгілейді, кемшіліктерінің себебін анықтап, әрбір оқушының оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жақсарту шараларын жүргізеді. Әрбір оқушыға педагогикалық мінездеме жүргізу шеберге оқу-тәрбие процесін саралап отыруға мүмкіндік береді және жақсы жақтарын дамытуға жағдай жасайды.
3. Шебердің жалпы мәдениеті. Шебер оқушыларды тек белгілі мамандыққа оқытып қана қоймайды, оларды жан-жақты болуға тәрбиелейді. Оқушыларға шебердің жалпы мәдениетінің деңгейі, жеке тәртіп үлгісі үлкен әсерін тигізеді. Шебердің мәдениеті, білімі, адамгершілігі жоғары болғанда ғана, оның педагогикалық мақсаты тыңғылықты орындалады. Сонымен бірге шебер өз мамандығын басқа оқушылар ынта білдіретін ғылым салаларын да білуі керек (жаңа технологиялар) .
Педагогтің мәдени элементтерінің бірқатарына тоқталайық: сырқы көрінісі сөйлеу мәдениеті, педагогикалық тактісі.
Педагогтің эстетикалық тәрбиелі болу керектігін А. С. Макаренко жазған болатын. Шебер адамгершілігімен және ұқыптылығымен оқушыға үлгі болады. Жақсы шебер өзінің кәсіби жұмысына қалай қараса, өзінің сыртқы көрінісіне де солай қарауы тиіс.
Педагогикалық такті - оқу жағдайында әртүрлі мәселелерді шешуге оқушыларға педагогтік әсер етудің маңызды шарты. Шебердің педагогикалық тактісі ұстаздық шеберлігінің бір белгісі болып табылады.
Педагогикалық такті, біріншіден оқушыларға сыйластық білдіру және оларға талап қою, екіншіден, оқушыларға көңіл бөлу, үшіншіден, оқушыларға сенім арту және олардың әс-қимылын үздіксіз бақылап отыру.
Оқушылардың үлгірімі мен тәртібінің қорытындысын шығарып, шешім алуда асығыстықпен бағалау педагогикалық тактімен сәйкеспейді.
Әрбір оқушыға ұқыптылықпен келудегі педагогикалық тактіні оқушылар өте бағалайды. Педагогтің тарапынан ұйымшылдық және шыдамдылық таныту оқушыларға қоятын талапты төмен түсірмейді. Керісінше, тәрбиеленушілердің жіберген қателіктерімен күресуге ұстамды және шешімді болуы керек. Сонда ғана тәрбие жұмыстарының нәтижесі оң болады.
2. Өндірістік оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру
Өндірістік оқытуды жоғары әдістемелік дәрежеде өткізу үшін шебер сабаққа алдын-ала мұқият дайындалады. Жұмыстың озық әдістерін ұйымдастыруды қамтиды.
Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту, оларға компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді.
Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс атқара алады. Оқушы үлгерімінің жақсы болуы оқытушының сабаққа дайындығына байланысты. Шебер мен оқушының түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық қағидаттары, яғни тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымилығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда ғана, оқыту үдерісі тиімді болады.
Оқыту кезінде шебер оқушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауға, еңбек мәдениетіне үйретеді.
Оқыту үрдісінде ғылымилық қағидаттармен бірге жүруі керек, яғни оқытудың мазмұны, түрі және әдісі оқушылардың берген білімді игеру мүмкіндігі мен дайындық дәрежесіне сәйкес болуы керек.
Оқушылардың алған теориялық білімдерін өндірістік оқыту кезінде қолдана алады. Олар әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу, игеру, сонымен бірге техника қауіпсіздігі негіздерін біліп үйренеді.
3. Өндірістік оқыту сабағының құрылымы
Сабаққа дайындық кезінде шебер сабақтың әрбір кезеңін жоспарлап, дайындайды. Ол үшін әдістемелік әдебиеттерді оқып, оқулықтардың қажетті бөлімдерін, жаңа техника жетістіктерін қадағалап, оқушыларға берілетін білім әдістемелік және техникалық жағынан жоғары дәрежеде болуы керек.
Шебер сабақтың материалдық-техникалық жабдықтарын алдын-ала дайындауға, оқушылар жұмыс жасаған кезде техника қауіпсіздігін сақтауға, қажетті тапсырмалардың дайын болуын қадағалайды.
Ең алдымен, төмендегідей құжаттарды дайындау керек.
1) Оқу бағдарламасы.
2) Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
3) Сабақ жоспары.
4) Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесі.
5) Техника қауіпсіздігі жөніндегі есеп журналы.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды оқытушы оқу жоспарына және бағдарламаға сәйкес жасақтайды. Жұмыс орындарында бөлімшелердің ауысу кестесін, жұмыс орнының санын және сабақ кестесін есепке ала отырып жасалады.
Сабақ жоспарын оқытушы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша және жұмыс орнының санына байланысты біріктіре отырып, бөліктерге бөліп жасайды. Оның құрылымы төмендегідей болады:
1) Ұйымдастыру бөлімі.
2) Кіріспе нұсқау.
3) Кезекті нұсқау, оқушылардың өзіндік жұмыстары.
4) Қорытынды нұсқау.
5) Үй тапсырмасы.
Жоспарда техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқау және кіріспе, кезекті нұсқау бойынша берілетін бақылау сұрақтары қарастырылады.
Оқытушы жасалатын жұмыстарға жіберілетін уақыты есепке алып, яғни жұмыс күрделілігіне қарай технологиялық нұсқау парағына өзгертулер енгізіп отырады.
Міндетті өндірістік жұмыстар тізбесінде тақырыптар атаулары, орындалатын жұмыстар мазмұны, сағаты, орындау мерзімі, сапасы көрсетіледі, оқушылардың біліктілігі есепке алынады.
Өндірістік оқытудың оқу бағдарламасының бөлімдері және тақырыптары көлемі бірдей бөліктерге - белгілі бір уақыттың ішінде өтуге есептелген сабақтарға бөлінеді. Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады және кіріспе нұсқауды, оқушылардың өзіндік жұмыстары кезіндегі ағымдағы нұсқауды (тапсырманы), қорытынды нұсқауды біріктіреді.
Өндірістік нұсқаулар оқушылардың іс-қимылына бағыт беруді ұйымдастыру үшін негізгі педагогикалық іс-қимыл болып табылады.
4. 1 Кіріспе бөлімді ұйымдастыру
Кіріспе нұсқау өндірістік оқыту бағдарламасы тақырыптарын немесе бөлімдерін үйрену алдында өткізіледі. Оның мақсаты - оқу-өндірістік жұмыстарды тиімді әдістермен саналы орындауға әзірлеу, қателікті ескерту, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді.
Шебер нұсқауды өткен кезде оқушылардың арнаулы технология және басқа пәндерден алған білімдерін пайдаланады. Мұнда теориялық оқу сабақтары қайталанбау керек, бірақ практикалық маңызы бар кейбір сұрақтарды бірнеше оқушылардан сұрап, негізгі теориялық ережелерді, анықтамаларды еске түсірген дұрыс.
Шебердің кіріспе нұсқауының мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:
üОқушылардың қатысын тексеру, үй тапсырмасының орындалуын тексеру, оқушыларға оқу тапсырмасының мазмұнымен таныстыру, информатика жіне арнаулы пәндер бойынша өткен материалды қайталау;
üОқушыларды компьютермен жұмыс істеу талаптарымен таныстыру;
üОқу-өндірістік тапсырмаларды орындаудың тиімді әдістерін көрсету;
üТапсырманы орындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру;
üОқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
üОқушылардың көпшілігінің тапсырманы орындау кезінде қателіктер жіберетін жұмыстарын қайталап көрсету және түсіндіру;
üЖаңа материалды оқушылардың түсінгенін тексеру мақсатында екі-үш оқушының жұмысын көрсету және тапсырманы орындау әдістернін түсіндіру.
4. 2 Негізгі және оқушыларды бағалау бөлімі
Ағымдағы нұсқау - оқу-өндірістік жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың іс-қимылына жетекшілік ету. Оқушылардың ағымдағы нұсқауына дайындық кезінде шебер педагогикалық тәжірибесіне сай, белгілі жұмыстарды орындауда оқушылар тарапынан болатын қателіктерді және қиындықтарды ескереді.
Оқу тобының жұмысына жетекшілік жасаған кезде оқушыларды өндірістік тәртіпке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Жұмыс орнын ұйымдастыру және техника қауіпсіздігін сақтауға мұқият көңіл бөлінеді.
Оқушыларға көмек беру үшін шебер жұмыс орнына келіп, олардың жұмыстарын қарайды және қажетті нұсқау береді.
Бірінші айналып өту кіріспе нұсқаудан және оқушыларды жұмыс орындарына орналастырып болғаннан кейін бақылау мақсатанда жүргізіледі. Мұнда шебер оқушылардың жұмысқа түгел кіріскендігін, жұмысты ұйымдастыру және орындау кезінде қиындықтар жоқ екендігін тексереді.
Екінші айналыс кезінде шебер жұмыс орындарының дұрыс ұйымдастырылуын, жұмыс әдістерін, көрсетілген әдістердің игерілу деңгейін және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тексереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz