Білім беру философиясы: теориялық негіздер мен тарихи даму


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

РЕФЕРАТ

Орындаған: Сүйіндік Айгерім (210105016)

Қабылдаған: Бақтыбаев Жанат

Тақырыбы: Білім беру философиясы

Кіріспе

Білім философиясы дегеніміз - жеке тұлғаның дамуын зерттеуге бағытталған, оның адамзат үшін маңызы мен қоғам үшін мәнін анықтауда қолданылатын білімнің теориялық мағынасының тарауы. Философияның бұл түрінің маңызды қызметі ретінде ұзақ мерзімге шағындалған білім беру стратегиясының негізгі ұстанымдарын жасау табылады.

Жалпы, білім беру құндылық ретінде есептеледі және оны бұл жолмен қарастырудың өзі үш түрлі блоктан тұрады:

  1. білім беру мемлекеттік құндылық ретінде;
  2. білім беру қоғамдық құндылық ретінде;
  3. білім беру тұлғалық құндылық ретінде.

Білім беру процесінің жеке адамға тікелей қатысы бар және оларды біріктірудің түрлі тәжирбиелері бар. Біріншіден, біз не нәрсені оқып, тереңінен мағынасына енуіміз керек? Екіншіден, оқып үйрену тәсілдерінің қайсысы тиімді? Үшіншіден, оқып жатқан ілімді қандай жолмен пысықтай аламыз? Яғни, білім беру процесі мен жеке тұлға арасындағы байланысты осындай сұрақтар арқылы ұйымдастыру тиімді жолдардың бірі болып саналады.

Білім философиясы қазіргі таңда арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шықты және бұл процестің орындалуы білім саласының технологиялық тұрғыда дамуына, білім ауқымының кеңеюіне, сонымен қатар, қоғам мен білім арасындағы мәселелердің зерттелуіне байланысты болды.

Білім берудің мақсаттары мен міндеттері, оның жүйелерінің тарихи маңызы секілді сұрақтар, білім философиясының дамуында айрықша үлкен рөл ойнайды. Білімді дамыту барысында ұзақмерзімді стратегиялық жоспарлар қойылады. Олар әлеуметтік-педагогигалық жолда пайда болған қиындықтарды жоюға бағытталады, осы саладағы мәселелерді шешеді. Жаһандық философия негізіндегі мақсаттардан жүйелі жағдайлардағы мақсаттарға көшудің қызметі болады. Оларды анықтау өте күрделі процесстердің бірі және бұл жұмысты атқаруда тек педагогикалық күштер жеткіліксіз және осы мәселеде білім философиясының күші үлкен қажеттілікке ие болады. Яғни, осындай мәселелерді шешу мақсатында субъективизмге жол ашылады, тәрбие жұмыстарында үлгі бойынша қызметтер атқару секілді қателіктер кетуі мүмкін. Осы себептен, білім саласында әдістемелік іс-әрекеттер жиынтығы жинақталып, әлеуметтік-педагогикалық міндеттілікті жасақтау шарт болып табылады.

Оқу-білім философиясының негізгі мақсаттарының бірі глобалдық тұрғыдағы адами қасиеттерді тікелей білім сферасына көшіру, трансформациялау болып табылады. Білім философиясының зерттеу объектісінде оның білім беруде құндылық деп есептелетіндігі және оқу-білім саласындағы құндылықтар есебінде қарастырылады. Сонымен қатар, әлеумет және білім беру салаларының даму қызметтерінің кездесу мәселелері де білім философиясының зерттеу нысанының негіздері болады. Білім берудің құрылымы қоғамдық қажеттіліктерден туындайды және оның негізгі салаларына қатысты орнықтырылады.

Білім беру философиясы мыналарды зерттейді:

Философия және білімнің шығу тарихы

Қазіргі білім беру жүйесі өзінің негізгі ерекшеліктерінде белгілі бір философиялық және педагогикалық идеялардың әсерінен дамыды. Олар 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Коменский, Песталоцци, Фребель және одан әрі Гербарт, Дистервег, Дьюи және ғылыми педагогиканың басқа да ғалымдарымен бірге "классикалық" Жүйені немесе білім беру моделін (мектеп моделі) құрайды. Бұл модель екі ғасыр бойы дамып келе жатқанына қарамастан, ол өзінің негізгі сипаттамаларында өзгеріссіз қалды.

Философия өзінің пайда болуының басынан бастап бүгінгі күнге дейін білім беру жүйесінің бар екенін түсініп қана қоймай, білім берудің жаңа құндылықтары мен шектерін қалыптастыруға ұмтылды. Осыған байланысты білімнің мәдени және тарихи құндылығын дамытуға атсалысқан Платон, Аристотель, Августин, Руссо есімдерін ұмытпау қажет. Философиялық ой тарихындағы бүкіл кезең өзін ағартушылық кезең деп атады. Кант, Шлейермахель, Гегель, Гумбольдт тұлғасындағы 19 ғасырдағы неміс философиясы тұлғаның гуманистік білімі мен оның өзін-өзі тану идеясын алға тартты және осыған негіздеді, жүйені және мектеп пен университеттік білім беруді реформалау жолдарын ұсынылды. Оған қоса, 20 ғасырда ірі ойшылдар білім беру проблемалары туралы ойланып, жаңа білім беру институттарының жобаларын ұсынды. Философия мен білімнің терең тарихына жеке-жеке қысқаша үңіліп өттік, алайда олардың өзара байланысы қандай?

Философия мен білімнің өзара тәуелділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан университеттерінде этномәдени білім беру мен тәрбие: тарихи-теориялық негіздер және ұлттық модель
Қазақстандағы білім беру: тарихи даму, заңнамалық негіздер және мемлекеттік принциптер
Еркіндік философиясы: тарихи-теориялық негіздер мен тұлға-қоғамдық өлшемдері
Әлеуметтану және микросоциология: теориялық негіздер мен тарихи даму
Мәдениеттанудың білім жүйесі мен мәні: теориялық және тарихи негіздер
Саясат пен білім философиясы: теориялық негіздері мен қоғамдағы рөлі
Білім беру әлеуметтануы: теориялық негіздер, деңгейлер және әлеуметтік мәселелер
Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері: теориялық негіздер мен әдістемелік тәсілдер
Этика және құндылықтар философиясы: тарихи типтер, негізгі категориялар және теориялық негіздер
Білім беру феномені: тарихи, теориялық және жүйелік аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz