Шәкәрім және парсы әдебиеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Шәкәрім және парсы әдебиеті

Мазмұңы

  1. КІРІСПЕ . . . 3
  2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны.

1. 1. Шәкірім және оның заманы.

1. 2. Шәкәрімнің шығыстың жырларындағы жеткен белесі.

1. 3. Шәкәрім Құдайбердіұлы парсы әдебиетінің туындыларын аударған тұлға . . .

III. Қорытынды . . .

  1. Пайдаланылғын әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу, олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.
Ұлтымыздың қоғамдық-философиялық ойы тарихында терең із қалдырған қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Шәкәрім Құдайбердіұлының творчествосы энциклопедиялық білімділігімен, философиялық-теориялық ізденістеріндегі новаторлық әрекет-сипатымен ерекшеленеді. Алдыңғы қатарлы озық идеяларға сүйене отырып, Шәкәрім адамилық бастаманың шешуші ролі бекітіле көрсетілетін философиялық, этикалық міндеттерді осы тұрғыдан қайта қарастыруды талап ететін бірегей гуманистік ілім жасады.
Егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекетіміздегі қоғамдық- тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайларға байланысты болып жатқан үрдіс өзгерістер барысында туындап жататын қайшылықтарды шешу, өз жолын, өз идеяларын нақтылау мен дамыту, дүниетанымдық қағидаларымызды айқындау, ұлттық сананың өсуі, мәдениетің қайта өрлеуі, халықтың рухани бастауларға көңіл және үзіліп қалған идеялық жалғастылықты іздеп толықтыру, жаңа қоғамымыздағы жеке адамдардың нақтылы әрекеттері мен қоғамдық ойларын жаңылмай саралау кезеңінде дүние бақытты және үйлесімді болуға тиіс және болады деп сенген, бірақ ол заман әрбір адам өзіндегі “нәпсі кеселін” жойып бүкіл адамзат тағдырына немқұрайдылықпен қарауды қойғанда ғана орнайды деп болжаған Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық ілімі, оның ішінде өзін- өзі іздеу және тануға, іштей түлеу, ширығу және дамуға құрылған бірегей адам концепциясы маңызды да ерекше жаңалық, терең де соны толықтыру болмақ. Өйткені қандай да болмасын, жаңа қоғамның сапалық жаңалығы, оны қалыптастырудағы жетістіктер сайып келгенде сол қоғамдағы әрбір тұлғаның имандылық жағынан жетілдіруімен өлшенеді. Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адам мәселесін зерттеудің актуалдығын біз осыдан түйеміз.
Шәкәрім көзқарасындағы адам мәселесі шығыс пен батыс философиялық ілімдерін қатар қарастырып, керектісін алған синкретикалық сонылығымен қазақ қоғамының ΧΙΧ ғасыр аяғы мен ΧΧ ғасыр басындағы рухани және болмыстық ерекшеліктерін бейнелеуімен қазақ ұлттық философиясының антропологиялық дүниетанымының іргетасын қалап тұр.
Тақырыптың зерттеліну дәрежесі:
Тоталитарлық мемлекет, басқару-әкімшілдік жүйе үстемдігі философияда да, бүкіл мәдениет тұтастығындағы сияқты философиялық бірлікті ыдырататын, маңызды мәселелерден бас тартып, философиялық ой-әрекеттің түрін ғана бейнелейтін қауіпті деформацияларға әкелді. Ашық апологеттік сипатқа ие болған мұндай философияда адам мәселесінің жете зерттеленуі тежеліп, реалды индивидтер болмысының өзіндік ерекшелігі мен қайталанбастығы еленбеді. Мәдениетімізде ұзақ жылдары бойы насихатталып келінген философиялық сциентистік мұраттардан енді ғана арыла бастаған бұрынғы Кеңестер Одағы философтарының адам мәселесіне деген ықылас-назарының күшеюін осылай түсінеміз.
Бұл жағдай қазақ ұлттық философиясындағы адам мәселесіне де қатысты. Адамның өзі туралы, өз табиғаты, қоғамдағы орны мен ролі, өз еркінің бостандығы жайлы түсінігі ежелден түрлі рухани салаларда: фольклорда, әдебиетте, поэзияда, өнерде қалыптасты. Бұл жайлы қазақтың белгілі жазушы ғалымдары мен археолог, этнограф, тарихшы, ежелгі дәуір әдебиетін, қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілері еңбектерінен құнды мағлұмат алудамыз.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері:
Зертеу мақсаты - Шәкәрім Құдайердіұлының

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны.

Шәкәрімнің шығармашылық өмірбаяны бүгінде зерттеу еңбектерінің нысанасына айналып, жаңа кезеңнің дәстүрлі үрдісі ретінде көрініс беріп отыр. Шәкәрім поэзиясының қоғамдық өмір мен табиғат құбылыстарын көркем оймен қабылдаудағы және жеткізудегі көркемдік танымы мен тарихилығы өзара тереңнен тамырласып жатқан тақырыптық-идеялық, эстетикалық, философиялық ізденістері мен даму жолдары, стильдік, тілдік, бейнелеу амал-тәсілдері, ақындық өрнектерінің қалыптасуы жайында зерттеу жүргізу - қазақ әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті мәселе.
Шәкәрім - өзінің жарты ғасырдан астам уақытқа созылған шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Төңкеріске дейін, яғни 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан Шәкәрімнің «Қазақ айнасы», «Қалқаман - Мамыр», «Жолсыз жаза, яки кез болған іс», «Еңлік - Кебек» атты кітаптары жарыққа шығады. Ақынның жекелеген шығармалары сол кездегі қазақ баспасөзінде жарияланды. Шәкәрімнің Физулиден аударған «Ләйлі - Мәжнүн» дастаны Ташкенттегі «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы бірнеше санында басылды. Одан кейін бұл поэма С. Сейфуллиннің бастыруымен 1935 жылы Алматыда «Ләйлі - Мәжнүн» деген атпен жарияланды. А. С. Пушкиннен аударған «Дубровский» әңгімесі жеке кітап болып басылды. Бұл әңгіме 1935 жылы орыс ақынының қазақ тіліндегі таңдамалы өлеңдерінің жинағына енді. А. С. Пушкиннің Шәкәрім аударған «Боранын» Б. Кенжебаев 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 2-ші санында жариялады. Ақынның бір топ өлеңдері 1978 жылы Ленинградта шыққан М. Мағауин құрастырған «Поэты Казахстана» жинағында жарияланды.
Осындай мол мұра қалдырған Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығы көркемдік құралдарды қолдану амал-тәсілдері жағынан талдауды қажет етеді.
«Ақын ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-астарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік, көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге бой ұруына, әрі соншалықты құпия, күрделі тоқылуға бейімдеді. Ш. Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымының бүгінгі күнге дейінгі зерттелу деңгейіне арнайы тоқтала отырып, пайымдалғаны көрсетілді. Белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің ат салысуымен ақынның өмірі мен шығармашылық жолына, әдебиеттану ғылымында алатын орны туралы ауқымды еңбектер жазылды. Дегенмен ақын поэзиясының көркемдік құрылымы негізінде сөз қолдану амал-тәсілдері мен көркемдегіш құралдарды пайдалану деңгейінде жүйелі қарастырылған зерттеу еңбектері әлі де көріне қойған жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Шәкәрім шығармаларында кездесетін тіліміздің образдық, суретшілдік, өлең өрнегінің түрленіп құбылуы, ақынның тілдің көркемдегіш құралдар қызметін жете түсініп, көркемдеп, әсерлі, жетік, мәнерлі қолдана білуі жеке зерттеуді, көп ізденісті қажет етеді.
Осы жоғарыда аталған мәселелер аясында зерттеу жасай отырып, алдымызға қоятын мақсатымыз: Шәкәрім шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен ақын шығармаларында көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін саралау. Сол көркемдегіш құралдар арқылы өлең өрнектерінің түрленуінде өзі өмір сүрген орта мен қоғамның сипатын әсерлі бейнелей білуіне көз жеткізу. Шәкәрімнің ақындық даналығы мен даралығын белгілейтін, поэзиясының көркемдігі мен суреттілік сырларының тереңдігін, рухани байлығын, қиялының ұшқырлығын, қабылдау қабілетінің жоғары екендігін дәлелдейтін осынау күрделі құбылыстардың шығармаларында керемет көрініс тауып, өзіндік бағыт-бағдар алуы мен көркемдік нақыстар туғызуына негіз болғандығын байқадық

Шәкәрім ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі оқиғаларға, қоғамдық құбылыстарға қызу үн қосты.
Өрісі кең, өресі биік, толғауы терең өз замандастарынан озық тұрған Шәкәрім өзі пайымдаған тарих тағылымын келер ұрпаққа қазақы рух арқылы жеткізуге саналы түрде барады. Бұл - ақынның бір ерекшелігі болмақ. Осы ерекшелік оның көркемдік дүниетанымының дұрыс қалыптасуына көмектесті. Сондықтан да Шәкәрім терең білім, көп оқу-ізденіспен құбылыс пен болмыстың барша сырын жан-жақты қарастыру арқылы біліктілік аясын кеңейтті. Кеңейтіп қана қойған жоқ, өзінше пайымдау жасады, сол парасат-пайымды өзінше саралады, көркемдеп, әсірелеп айтуға тырысты. Шығармаларына өзгеше сипат, әсем суреттеу, көрнекті көркемдік берді. Қоғамдық құбылыстарды, әлеуметтік-саяси жағдайларды шұрайлы тілмен, көркем сөзбен дұрыс қорытынды жасай алатын саналылыққа жетті.
Зерттеу барысында Шәкәрім шығармалары бойынша 2145 (екі мың бір жүз қырық бес) картотека жиналды. Мысалдардың барлығы дерлік ақынның Алматыдағы «Жазушы» баспасынан 1988 жылы жарық көрген «Шәкәрім Құдайбердиев шығармалары» (өлеңдер, дастандар, қара сөздер) кітабынан алынды. «Жолсыз жаза», «Қазақ айнасы» жинақтарымен салыстырылды.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысының негізгі нысанына «Шығармалар жинағы» (1988), «Жолсыз жаза» (1988), «Қазақ айнасы» (2003), «Иманым» (2000), «Үш анық» (1991) еңбектері алынды.
Зерттеудің дереккөздері ретінде ақынның жоғарыда аталған туындылары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорындағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының сирек қолжазбалар қорындағы, «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығы қорындағы тағы басқа материалдар дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы сан қырлы, күрделі құбылыс, сондықтан да жұмыстың ең негізгі нысанасы ақын поэзиясында көркемдегіш құралдардың (троптардың) қолданылу ерекшеліктері мен лексико-грамматикалық байланысы қарастырылады.
Жұмыстың методологиялық негізіне әдебиеттану мен әдебиет зерттеушілерінің еңбектерін, Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, З. Ахметов, Ш. Қ. Сәтбаева, Р. Бердібаев, М. Базарбаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Р. Нұрғали, Ш. Елеукенов, Ғ. Есім, Б. Әбдіғазиев, Қ. П. Жүсіп, У. Қалижан, М. Хамзин, т. б. оқымыстылардың еңбектерін негізге алдық. Аталған еңбектерде Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық жолы, өмірі жайында айтылады. Зерттеу еңбектерінде ақынның қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени, әдеби өмірге белсене араласып гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы екендігі туралы баяндалады. Әсіресе, Шәкәрімнің кеңес дәуіріне дейін де, одан кейін де жарық көрген еңбектері пайдаланылды. Осы диссертациялық еңбектің негізіне Шәкәрім поэзиясының көркемдік сыршылдығы, жаңашылдығы, сөз-образдары, сөйлеу тіліндегі өзгерістер мен стильдік амал-тәсілдері алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына белгілі бір дәрежеде үлес қосады. Әсіресе, әдебиеттегі көркемдік тәсіл мен көркемдегіш құралдардың сипатталуына, өлең құрылысындағы ерекшеліктердің берілуіне септігін тигізеді. Шәкәрім мұрасының зерттелмей жатқан жақтарын, жарияланбаған шығармаларын толықтыруға жол ашады. Еңбектің нәтижесін Жоғары оқу орындарында жүргізілетін қазақ әдебиеті тарихы бойынша оқылатын дәрістер мен арнаулы курстарда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар ұсынылды:
• Ш. Құдайбердіұлы өз шығармаларында өзі өмір сүрген орта мен қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірін молынан қамти отырып, сол қоғам келбетін суреттеуде сөздік-образдарды жасауда көріктеуіш құралдарды кеңінен пайдаланды;
• Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығының сан қырлылығы - оның суретшілдік, сөздерді көркемдеп, тапқырлықпен қолданылуынан көрінеді. Ақынның жаңа өмірге көзқарасы мен түсінігі өлеңдеріндегі сөз-образдары, стиль ерекшелігі, сөйлеу мәнері, әр түрлі сөйлесу үлгісінде (диалог) құрылған өлеңдерінде берілген;
• Ш. Құдайбердіұлы өзі пайымдаған тарих тағылымын, өмірдің түрлі құбылыстары мен тылсым сырларын келер ұрпаққа қазақы қалып, ұлттық рух арқылы жеткізуге саналы түрде барған;
• ежелгі дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын поэзиясында көрінуі ауыз әдебиет үлгілерінің жаңарып, жаңғыруы негізге алынды;
• өлең өрнегіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны көрсетілді. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері көрсетілді;
• көркемдік тәсілдерді диалог арқылы қолдана отырып, өлең өрнегіндегі көркемдегіш құралдардың қолданылу аясында адамның психологиялық сезім иірімдеріне тереңнен толғағандығын көруге болады;
• ақын табиғатты адам өмірімен байланыстыра отырып табиғи суреттерді жандандыруда көркем сөз қолданыстарын шебер пайдаланған;
• Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының стилі, көркемдік құрылымы, сөз мәнері, тілі, өлең тармақтарындағы ұйқас пен үйлесім мәнері ақынның өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ - парсы әдебиеттерінің ортақтастығы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Шәкәрім және шығыс әдебиеті
Шәкәрім және Хафиз: өнер философиясындағы үндестік
Хафиздің өмірі мен шығармашылығы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы. Шәкәрім - Абайдың бауыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz