Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісін пайдалану


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

«Zerdе» интеллектуалдық турниріне қатысуға

ӨТІНІШ

р/с

Қатысушы
аты-жөні
Ғылыми жұмыс тақырыбы
Курс, мамандық

Ғылыми жетекші

аты-жөні, ғылыми атағы, қызметі

Байланыс телефоны, e-mail
р/с: 1
Қатысушыаты-жөні: Турарғазинова Арай Бақытқызықызы
Ғылыми жұмыс тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану»
Курс, мамандық:

1 курс,

01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

4S01140102

«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

Топ: ШТБ 21-09

Ғылыми жетекшіаты-жөні, ғылыми атағы, қызметі:

Самалбаева Нұршат Рамазанқызы

ағылшын тілі пәні оқытушысы

Байланыс телефоны, e-mail:

87477356734

Nurshat_samalbaeva@

mail. ru

Бағыты:

Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану»

Авторы: Турарғазинова Арай Бақытқазықызы

Мамандығы, курсы: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»

4S01140102 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі»

1 курс

Жетекшісі: Самалбаева Нұршат Рамазанқызы, Семей қаласы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы

Кеңесшісі: Маметекова Гаухар Серкказиновна, Семей қаласы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы

2022 жыл

Мазмұны

  1. Кіріспе

1. 1. Сабақ барысында көрнекілік әдісін қолдану

1. 2. Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісін пайдалану

  1. Негізгі бөлім

2. 1. Көрнекілік әдісінің түрлері

2. 2. Ағылшын тіліy игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызы

2. 3. Ағылшын тілі сабағында көрнекілік құралдары арқылы лексикалық дағдыларды қалыптастыру

2. 4. Ақпараттық-комуникативтік технологиялар негізінде ағылшын тілі сабақтарын жүргізу жүйесі

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Зерттеу жұмысының мақсаты: Көрнекілік принципінің теориялық негіздерін қарастыру және оны сабақ барысында пайдалану тәсілдерін талдау. Мектеп оқушыларының көрнекілік әдісінің көмегімен шет тілінде қоршаған дүниенің заттары мен процестерін қабылдап, түсіне алатындығын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Педагогикалық үдерістегі көрнекіліктің рөлін анықтау;
  2. Оқытудың дидактикалық принциптерін және оларды жүзеге асыруды қарастыру;
  3. Көрнекілікті ағылшын тілін оқытудың тиімді құралдарының бірі ретінде қарастыру;
  4. Шетел тілі сабағында лексикалық дағдыны белсендіру үшін көрнекілікті пайдалану тәжірибесін талдау;
  5. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияны қолданудың маңызылығын суреттеу.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ағылшын тілі сабақтарында көрнекілік әдістерін қолдану оқушы зейінін белсендірудің және пәнге деген қызығушылықты арттырудың ең жақсы құралы болып табылады, өйткені шет тілі пәні бойынша сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда да кез келген көрнекі материалды пайдалану танымдық іс-әрекетін белсендіруге ықпал етеді. Оқушылардың ой-өрісін кеңейте отырып, оқытылатын тілге деген қызығушылықтары артады.

  1. Сабақ барысында көрнекілік әдісін қолдану

Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп, түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру болып табылады. Көру арқылы қабылданған ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады. Көрнекілік әдіс - барлық пәнде сабақ сайын қолданылатын әдіс болып табылады. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты болдатыны анық. Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен де өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды және оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды.

Оқытудың көрнекілік әдісінің мынадай шарттарын ұсынуға болады:

  • көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
  • көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
  • демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
  • иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақтылау;
  • құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
  • сабақта көрнекіліктің алуан түрін қолдану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, себебі балалардың назары басқа жаққа ауып, тақырып бойынша ең негізгіні түсінбей қалады;
  • көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау;
  • оқушылардың өздері жасаған көрнекіліктердің әсері мол болатындықтан, көрнекілікті балалармен бірге жасау;
  • көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін, ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
  • балалардың жас ерекшеліктеріне қарай заттық көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану.

Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім беру қиын. Мысалы ағылшын тілін, немесе кез-келген басқа тілді үйретуде де ең нәтижелі және жиі қолданылатын әдіс - көрнекілік әдіс. Әсіресе, бастауыш және орта буын оқушыларына түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтар мен макеттерді көрсету арқылы сөздерді, сөз тәркестерін үйретіп, сөйлеуге баулуға болады. Көрнекілік өтіп жатқан тақырыпқа сай, көзге тартымды, эсттетикалық жағынан талапқа сай, көлемі ірі. екі немесе үш түстен болуы қажет деп есептеймін. Мысалы, «Спорттық киімдер», «Дүкенде», «Дәрігерде» тақырыптарын өткенде киімдердің, қажетті заттардың суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі киімдерді, бұйымдарды көрсету арқылы жүзеге асыруға және әр түрлі тірек кестелер, тірек сөздер, сызбалар арқылы да сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Ы. Алтынсарин: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Сондықтан оқушыларға білімді сапалы меңгертуде көрнекілік әдісін пайдаланудың маңызы зор.

  1. Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдісін пайдалану

Ағылшын тілін үйретудiң маңызды қайнар көздерi көрнекі құрал болып табылады. Көрнекілік оқушыларға нақты бейнелi түсінік берудiң бірден бір шарты. Қазақ совет энцеклопедиясында «Көрнекілік» оқытуда заттар мен құбылыстардың əр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітмін, әр қилы сыр сипатын сезiм мүшелерi арқылы байқауға, қабылдауға баулитын дидактикалықұ ұстаным деп қаралған. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған орта өмір процесін және заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түйсiгi қалыптасады. Көрнелік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелдiлiктi түсiндiру үшiн де қолданылады. Осы оқиғада диалектикалық материализм методологиясына негізделген дидактиканығ басты қағидаларының бірі болып табылады. Көрнекілікті прогресшіл педагогиканың тәлiм теориясына, баланың ойлау табиғатына сәйкес образдық тәсiл есебiнде XVII ғасырда Чехтiң ұлы педагогі Я. К. Коменский енгізді. Одан кейін атақты ғалымдар И. Т. Пестолоций, М. Бистерберг және орыс педагогі К. Д. Ушинский және тағы басқа көрнекілікті қолдану тіл материалын енгізу, бекіту, тiл ұстартуда жақсы нәтиже беретіндігіне баса назар аударған. Көрнекілік бертін келе оқу пәндерiнiң мазмұнына бейiмделіп дидактика мен методикадағы оқытудың негiзгi ұстанымдарының бірі ретiнде қалыптасты. Көрнекiлiктiң үлгiлерiн пайдалануға қазақтың ұлы ағартушы педагог ғалымы Ыбырай Алтынсарин де зор көңiл бөлдi. Ағылшын тілі сабақтарында қолданылып жүрген көрнекіліктер көп. Енді солардың кейбіреуіне тоқтала кетейік. Негізгі бір түрі - кестелік көрнекілік, оның артықшылығы: тілдік категориялардың ұқсастығын, айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып көрсетуінде болады. Мысалы: Forms of Nouns (Зат есімнің түрлері) . Сонымен қатар кесте көрнекілігі арқылы сан есім, сын есім, есімдік, етістіктің, т. б. сөз таптарының түрлерін, жасалу жолдарын дәл осылай етіп кестелер арқылы беруге болады. Әр сабаққа арналған түрлі-түсті суреттер көрнекілігі тіл сабақтарында жиі қолданылады. Бұл көрнекіліктің оқушылардың тілін дамытуға, тіл үйретуге, диалог құруына әсері мол.

Оқушылардың көрнекілік әдісін қолдануда суретпен жұмыс жүргізуі маңызды. Суретпен жұмыстың мақсаты - жаңа сөз үйрету, жай және құрмалас сөйлемдерді есту, қайталап айту, сұрақ-жауап әдісі арқылы ағылшын тілінің ерекшелігі, өздеріне таныс сөздермен қатар жаңа сөздерді меңгерту. Суретпен жұмыс мынадай тәсілдер арқылы жүргізіледі: төменгі сынып оқушыларымен сурет мазмұны туралы кіріспе әңгіме, суретке қарап ондағы заттардың атын ауызша атау, сурет бойынша диалог құрау, әңгіме құрастыру. Мәселен, «Суретке қарап әңгіме құра» деген ойынды сын есім және етістікті қолдану арқылы, сан есімді өткенде «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша өткізуге болады. Түрлі-түсті үлкен суреттер тақтаға ілінеді. Әрбір оқушы суретке қарап, бірнеше сөз не сөйлем айтады. Кім көбірек құрастырса, сол жеңімпаз болады. Бұл ойын арқылы оқушы көбірек сөйлем құрастыруға тырысып, сондай-ақ сөздік қорын да жетілдіре алады.

Ағылшын тілі сабақтарында қолданылатын көрнекіліктің бір түрі - дидактикалық карточкалар. Дидактикалық карточкалар оқушыларды қызықтырып, белсенділіктерін арттырады. Оқушы дидактикалық карточка арқылы орындау барысында ойланып еңбек етеді және оны орындауға қызыға кірісетін болады.

Шет тілін үйрету ойынының мынандай түрлері бар:

• фонетикалық ойындар;

• лексика-грамматикалық ойындар;

• рөльдік;

• режиссерлік ойындар;

• орфографиялық ойындар.

Шет тілінде «Лото», «Карта», «Домино», «Жұмбақтар», «Суреттер», «Сөзжұмбақтар», «Байқаулар», «Лингвистикалық ойындар», бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, нәрселерді сатып алу, т. б. түрінде де ойналады.

Негізгі бөлім

2. 1. Көрнекілік әдісінің түрлері

Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негізделеді. Көрнекілікті қолдану бала психологиясының ерекшеліктеріне, әсіріесе образдық ойлауға байланысты болады. Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.

- Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және мыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б. ) . Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізілдеді. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады:

- көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға жақсы көрiнуi тиiс;

- оқу материалын түсiндiру кезiнде көрсету жұмыстары жүргiзiлiп, соңынан нысана алынып тасталуы керек. Оны оқушыларға алдын ала көрсетуге болмайды;

- көрнекі құралдарды бақылау барысында әрбір оқушы мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмыс істеуі тиіс;

- көрсету кезiнде мұғалiмнiң ауызша баяндауы оқушылардың бақылауын дамытуға және көркем сөйлеуiн орнықтыруға ықпал етуi тиiс;

- оқушыларды бақылау жұмыстары нәтижесiне қорытынды жасай білуге дағдыландыру т. б.

Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрi терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардын ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді.

- Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады. Көрнекілік іс-тәжірибеде кеңейiп, небiр жана құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластикалық қапталган тарихтан карталар, альбомдар, атластар т. б. Жалпы молельдер аркылы құбылыстар мен процестердiң динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі түстi мәнін ашып көрсетеді. Олар аныктамаларды түсіндіру процесiн жеңілдетедi. Карта, диаграмма, графиктер, таблициялар бiлiмдi тез сапалы игеруге көмектеседі. Иллюстрация әдiсiн қолдана отырып, оның көрсетілу әдiсiне де көп мән беру керек. Көрнекті құралдың дидактикалық ерекшелiгiн, оның танымдық процестегі рөлі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойылған мәселесi иллюстрациялық материалдық оптималды көлемiн анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берiлетін (фотография, диаграммалар, таблицалар) мақсатты қолданады.

- Бақылау әдiсi. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылады. Бұл әдiстердiң iшiнде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі . Ол барлық оқу пәндерiн оқытуда кеңiнен қолданылады. Бақылау әдiсi сабакта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезiнде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалiмнiң басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерiнiң қалауы бойынша кеңiнен iске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдiсi оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бақылау әдiстерiн қолданудың тиiмдiлiгi мынандай тәсiлдердi қолдана білуге байланысты:

- байқаудың мақсатын анықтау;

- қабылдайтын нәрселердiң мөлшерiн белгiлеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгiлерiнiң iшiнен ең негiзгi, бастыларын ажырату;

- оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы - бақылау. К. Д. Ушинский "Бақылау-логикалық ойлаудың негiзi", - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектiгiн де ескертеді. Бақылау өткiзудiң негiзгi әдiстемелiк талаптары:

1. Мұғалім оқушыларды белгiлi нәрсені жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін, мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т. б. сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт беруiнiң маңызы зор. Бақылау тек көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты болуы керек.

2. Мұғалім бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажыратып, топтастыру, қорытындылау сияқты, ойлау процестерiн қолдануға басшылық етуi қажет.

3. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін, ең алдымен, бақылаудың мақсатын, байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемiн анықтап, жоспарын жасап беруі керек.

- Бейне әдiсі бөлiмдi игертіп қана қоймай, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда, жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметтi кеңiнен атқарады. Берілген әдiс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негiзделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесiн басқарудың түрлi тәсiлiн қолдануды қарастырады. Бейне әдiс дидактикалық және тәрбие мiндеттерiн шешедi. Бұл әдіс:

- жаңа бiлiм беруде, күрделi бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсiру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалдануы, тау жыныстарының қыртысын), яғни кұбылыстардың мәлiметiн ашып көрсете алмаудағы жылдам процестердi бақылау,

- күрделi машинамен механизмдердiң ықпалын динамикалық принципте түсiндiру;

- түрлi iс-әрекет түрлерiн алгоритмде орындалуын оқыту;

- шет тіл сабақтарында спецификалық орта құру;

- тест өткізудi ұйымдастыру;

- алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, модельдеу, қажеттi өлшемдi жасау;

- жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткiзуге жағдай туғызу;

- сыныптағы әр оқушының үлгерiмiн, білім берудің дифференциялык жағын ұйымдастыруды компьютерлік есепке алу;

- оқыту процесiн рационалазациялау, педагогикалық басқару сапасын көтеру жолдарында ғылыми ақпаратты игеру және оны оптималды жеткiзу көлемiн қамтамасыз ету.

2. 2. Ағылшын тіліy игеруде көрнекілік принципін қолданудың маңызы

Шет тілін оқытуда көрнекілік принципі ерекше рөл атқарады. Шетел тілін меңгеру кезінде объективті дүниені шет тіл формаларында бейнелеу жүйесін құру міндеті туындайды. Бізде мектептегі оқыту жағдайында шет тілдік орта болмағандықтан, объективті дүние көрнекіліктің көмегімен модельденеді. Шетел тілін оқытуда көрнекілік маңызды құрал ғана емес, сонымен қатар сөйлеудің жағдаяттық шарттылығын меңгеру құралы болып табылады. Көрнекіліктің көмегімен ауызекі қарым-қатынас жаттығатын оқу жағдаяттары құрылады, осылайша объективті шындыққа және өмірлік жағдайларға сөйлеу реакциясы игеріледі.

Көрнекі материал, жас ерекшеліктеріне қарамастан, әлдеқайда жақсы есте қалады. Көрнекілік - жаңа тілдің өзіндік қалыпта игерілуіне, оқушылардың сөйлеу процестерінің қалыптасуына негіз болады. Көрнекі құралдар оқу процесінің барлық кезеңдерінде: жаңа тақырыпты түсіндіруде, білімді бекітуде, іскерлік пен дағдыны дамытуда, үй тапсырмасын орындауда, оқу материалын меңгеруін тексеруде қолданылады. Шет тілін оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін оқу құралдарының кең ауқымы қарастырылған, олар сабақтар өткізілетін шет тілі кабинетінде шоғырлануы керек. Көрнекілік оқытудың тиімділігін арттырады, оқушының тілді мазмұнды әрі үлкен қызығушылықпен меңгеруіне көмектеседі.

Көрнекілік принципін қолдану - ең көне және маңызды қағидалардың бірі, бұл оқытудың тиімділігі оқу материалын қабылдау мен өңдеуге сезім мүшелерінің тиісті түрде қатысуына байланысты екенін білдіреді. Зерттеулер көрсеткендей, оқып жатқан нәрсенің иллюстрациясы бар әңгімені сүйемелдеу ақпаратты қабылдауды айтарлықтай жақсартады. Осылайша, ақпаратты есту арқылы қабылдаудың тиімділігі 15%, көру арқылы - 25%, ал оларды оқу процесіне бір мезгілде енгізу қабылдаудың тиімділігін 65% дейін арттырады. Ы. Алтынсарин: «балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген. Бұл жағдайды физиологтар мен психологтар адамның барлық сезім мүшелерінің өзара байланыстылығымен түсіндіреді. Егер адам көру және есту арқылы ақпаратты бір уақытта қабылдаса, онда тек көру арқылы немесе есту арқылы ғана келетін ақпаратпен салыстырғанда оның өткір қабылданатыны тәжірибе жүзінде дәлелденген. Осылайша, көру арқылы қабылдаудың тиімділігі есту арқылы қабылдауға қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазіргі жағдайда, оқу орындарында шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты оқытылатын шет тілінде мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысуға қабілетті және оған дайын оқушы тұлғасын дамыту және шет тілінде сөйлеуді өз бетінше жетілдіру болып табылады. Көрнекілік - білім алудың бастапқы нүктесі, көзі және негізі ретінде қызмет етеді; бұл оқу материалын оңтайлы меңгеруді және оны есте сақтауды қамтамасыз ететін оқу құралы; шығармашылық қиял мен ойлауды дамытудың негізін құрайды; алынған білімнің сенімділігінің критерийі болып табылады. Сонымен қатар, көрнекілік оқушылардың ақыл-ой белсенділігін жұмылдырады, ағылшын тілі сабағына деген қызығушылықты оятады, меңгерілетін материалдың көлемін кеңейтеді, шаршауды азайтады, шығармашылық қиялды жаттықтырады, ерік-жігерді жұмылдырады, ағылшын тілін үйренудің барлық процесін жеңілдетеді.

2. 3. Ағылшын тілі сабағында көрнекілік құралдары арқылы лексикалық дағдыларды қалыптастыру

Лексиканы оқыту туралы айтқанда, лексиканы түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл сұрақтардың ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету әдістемесі әр түрлі болады. Шет тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі - оны туған тілге аудару, оның аудармасын білу. Аударманы қолданудың жетістігі - сөздің туған тілден аудармасын жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай, сөйлемнің деңгейіне де аударамыз. Тілді аударып пайдалану оқыту барлық кезеңінде жүргізіледі. Сөз дыбыстан құралады, әріппен жазылады, оқу ережесі болады, сондықтан мұғалім сөздің айтылуын (translation), оқылуын (spelling), жазылуын (rules of reading), тани білуіне (recognize) үйрету керек. Мысалы:

A book [buk] - книга, кітап (көрсету)

This is a book. Give me a book. Take the book.

Принциптері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Оқытуда көрнекілік әдістер
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Сөйлеуге үйрету
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Ертегілер мен жұмбақтар арқылы ағылшын тілін меңгертуді дамыту әдістемесі
Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде тексеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz