Мензуланы орнату


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «__География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Мензуралық түсірістегі станцияда жүргізілетін жұмыстар»
Орындаған: Чишебаева Аружан Тексерген: Құттыбаев А
Алматы, 2022ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мензулалық түсіріс туралы жалпы түсінік
2. Мензуланың құрылысы мен тексерулері
3. Мензуралық түсірістегі жүргізілетін жұмыстары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жергілікті жердің картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін геодезиялық өлшеулер процесін түсіріс деп атайды. Егер түсіріс нәтижесінде жердегі заттардың, нысандардың контурлары мен өзара пландық орны, яғни жергілікті жердің жай-жапсарын анықталатын болса, онда түсіру горизонтальдық деп аталады. Егер жердің жай-жапсарымен қоса жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық деп аталады. Егер жердің жай-жапсарымен қоса жердің бедері түсірілетін болса, онда түсіріс топографиялық деп аталады. Қолданылатын аспаптар мен әдістерге байланысты түсірістер мынандай түрге бөлінеді: Теодолиттік түсіріс, Тахеометрлік түсіріс, Мензуралық түсіріс, Аэрофототопографиялық түсіріс, Жердегі стереотопографиялық түсіріс және невилерлеу болып табылады. Түсірістер арқылы геодезиядағы басты маңызды нәрсе жер бетінің, бұрыштардың өлшеулері алынады. Геодезия үшін әрбір түсіріс маңызды. Соның ішінде мензуралық түсіріс топографиялық планды далада түсіру үшін қолданылатын түсіріс түрі.
Мензулалық түсіріс тцралы жалпы түсінік
Мензулалық түсіріс шағын учаскеде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады және тікелей далада топографиялық планды жасауға мүмкіндік береді. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға негізделген. Нүктелерге дейінгі ара қашықтық өлшеуіш рейканың көмегімен өлшенеді, ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған территорияны түсіргенде ара қашықтықты кипрегельдің объективіне бекітілген ара қашықтық өлшеуіш саптамамен өлшейді. Мензулалық түсірістің артықшылығы оның көрнектілігі болып табылады, себебі түсіру процесі кезінде планды жергілікті жермен салыстыруға мүмкіндік туады, ал кемшілігі: жұмыстың негізгі бөлігі далада өтетіндіктен, қыста және жауын -шашынды күндері жұмыс істеуге мүмкіншілік болмайтындығы, жабдықтардың қолайсыз үлкендігі, істелетін жұмысты бөлудің қиыншылығы, себебі өлшеулер және планды сызуды тек қана бір орындаушы жасайды.
Мензулалық түсірісте түсіргі жүйесінің жиі болуы талап етіледі. Түсіргі жүйе жергілікті жердің жағдайына және түсірістің қажетті дәлдігіне байланысты графикалық немесе аналитикалық әдістерімен құрылуы мүмкін. Аналитикалық әдістерге қиылыстырулар, теодолиттік және тахеометриялық жүрістер, ал графикалық әдістерге геометриялық жүйе, қиылыстырулар, мензулалық және буссольдық жүрістер жатады. Ашық жерлерде жүйелерді құрады, ал жабық жерлерде жүрістер жүргізіледі. 1:5000 және одан ұсақ масштабпен алынған түсірістер үшін геометриялық жүйелерді құрғанда әрбір нүкте үш пунктен қиылыстырылуы керек, ал қиылыстыру бұрыштары 30º және 150º -тан артық болмауы тиіс. Қабырғалары 0, 4 мм үшбұрыш қателіктеріне жол беруге болады. Трапецияда бастапқы пунктер 2-ден кем болмауы керек.
Түсіріс алдында планшетті дайындайды: ол үшін Дробышев сызғышының, штаненциркуль мен координатогарфтың көмегімен қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі. Түсіріс негіздеуін жиілендіру мензулалық жүрістермен: негізгі түсіргі және өтпелі нүктелермен атқарылады. Негізгі жүрістегі салыстырмалы қиыспаушылық жүрістің ұзындығының 1:300 -нан, ал пландағы ұзындық қиыспаушылық 0, 8-1, 5 мм-ден аспауы керек. Жүрісте болған қиыспаушылықты паралелль сызықтар әдісімен графикалық жолмен бөледі (жүрістің нүктелері арқылы қиыспаушылықтың бағытына параллель жүргізілген сызықтарға сәйкес пропорционал кескінділерді салады) . Нүктелер арасындағы салыстырмалы биіктікті екі мәрте анықтайды олардың алшақтығы 100 м болған кезде қиыспаушылық 4 см -ден аспауы тиіс.
Өтпелі нүктелер, яғни геодезиялық жүйе пунктері түсіргі негіздеулер нүктелерінен және де қиылыстырулардан, сондай -ақ геодезиялық жүйе пунктерінің аралығындағы жармадан рулеткамен немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады.
Әр түрлі масштабтағы түсірісте аспаптан рейкаға дейінгі ең үлкен қашықтық 150 - 350 м. ал план масштабындағы пикет аралығы 2 см болуы тиіс. Анық контурларды түсіргенде олардың пландағы бұрыштарын 0, 4 мм дәлдікпен анықтайды, содан соң оларды сызықтармен қосады. Жолдарды түсіргенде пикеттерді бір жағынан алады да, жолдың енін өлшейді. Егер жолдың ені план масштабына салынатын болса, онда оның екінші жағын біріншісінен пареллель етіп салады, немесе жолдың ені масштабсыз түсірілетін болса, онда пикеттер осьтің бойына салынып шартты белгімен кескінделеді.
Жер бедерін түсіргенде суайрықтары мен тальвегтердің сызықтарын анықтайды: бұл үшін шыңдардың, беткей етегінің, алқап сағасының және басқа да сипатты нүктелердің биіктік белгілерін анықтайды. Планда горизонтальдарды жүргізуге қажетті пиктердің биіктіктерінен басқа плотинаның, бөгеттің, шлюздің, көпірдің, трубалардың, квартал бұрыштарының, үйінді мен қазба үстінің және етегінің, олардың, құдықтың, төбенің және т. с. с. биіктік белгілерін анықтау керек. Су деңгейінің төмендеуін 15 см сайын анықтап, күнін көрсетіп жазады. 5 -ке еселі горизонтальдарды қалыңдатып, беткейдің бағытын бергштрихтармен көрсетеді. Түсіріс барысында биіктіктер мен контурлар калькасын жасап, оны тушьпен сызады. Түсірістің тесеруін далалық тексеру нәтижесінде жүргізеді. Тексеру пикеттерін биіктіктер мен контурлар калькасына қызыл тушьпен көрсетеі. Ситуацияны тексергенде табиғи жердегі өлшеген ара қашықтық планда анықталған шамасынан айырмашылығы план масштабында 0, 8 мм -ден артық болмауы тиіс. Горизонталь орындарының биіктік айырмашылығы жер бедері қимасының 4/1 бөлігіне дейінгі биіктікте болуы тиіс.
Мензуланың құрылысы мен тексерулері
Мензула штативтен, тұғырықтан және мензулалық тақта -планшеттен тұрады. Тұғырық планшеті штативтен біріктіру қызметін атқарады және де планшетті центрлеуді, горизонтальдауды және бағдарлауды қамтамасыз етеді. Мензуланы жұмыс жағдайына келтіру үшін деңгей аспабы, тіктеуіш бар центрлеу айыры және бағдар -буссоль қолданылады. Планшет жазықтығын горизонталь жағдайға келтіруге арналған цилиндерлік деңгей, әдетте кипрегельдің сызығына бекітіледі. Тіктеуіш бар центрлеу айыры планшетті жергілікті жердегі нүктенің үстіңгі центрлеу үшін қолданылады. Бағдарбуссоль планшетті жер шарына алғашқы бағдарлау үшін қолданылады.
Түсіру жұмыстарын бастамастан бұрын, алдымен мензуланы мынадай тексерулерден өткізу керек:
1. Мензула айтарлықтай орнықты болуы тиіс. Осы шарттың орындалуын тексеру үшін мензуланы орнатып, оның үстіне кипрегельді қойып, онымен жергілікті жердегі қандай да бір нүктені нысандайды да, кипрегель сызғышының кесілген қыры жағымен планшетте қарындашпен сызықты сызады. Осыдан кейін тақтаның бұрышын жай ғана саусақпен басады да, содан соң саусақты көтереді. Егер осы кезде кипрегельдің жіптер торының орталық нүктесі бұрынғы қалпына келетін болса, яғни нысаналанған заттан ауытқып кетпесе, онда бірінші шарттың орындалғаны.
2. Мензула планшетінің жоғарғы беті жазықтық болуы керек. Осы шарт арнаулы тексерілген сызғыштың көмегімен орындалады, бұл үшін сызғыштың қырын планшеттің үстінде әр бағытта басып ұстайды.
3. Планшеттің жоғарғы жазықтығы мензуланың айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс. Осыны тексеру үшін планшеттің жоғарғы жазықтығын алдын ала тексерілген деңгей аспабы арқылы үш көтеру винттерінің көмегімен горизонталь жағдайға келтіреді. Осыдан кейін планшетті вертикаль осінің төңірегінде айналдырып, деңгей аспабының үлбіреуігінің орнына ауытқыған -ауытқымағанын қарайды. Егер үлбіреуік ауытқымаса, онда шарттың орындалғаны. Жоғарыда айтылған шарттарды қанағаттандымайтын мензула жөндеуден өтуі тиіс.
Мензуралық түсірістегі жүргізілетін жұмыстар
Геодезиялық жұмыстарды жүргізер алдында, ең алдымен аспапты дұрыс орнату керек. Сол сияқты мензулалық жұмысты жасау үшін ең бірініші аспаптан бастаймыз. Алдымен жұмысты жүзеге асыру үшін геодезиялық жұмыстарды қажет планшет келтіруі мүмкін пункттері негіздері, тор, бұрыштары шеңбер, көйлек, содан кейін оптикалық терезе орналасқан жерлерді дұрыстаймыз. Қарындаш түсіріледі белгілер мен бұрыштары болуы тиіс қатты және әрқашан өткір, қажет болған жағдайда, оңай және тез жұмыс жасауы тиіс. Барлық артық карандаш желісі болуы тиіс, ауа райының қолайсыздығына байланысты жойылған жағдайларда дақ пен кірден сақтауы үшін. Егер өлшеу бұрыштары арасындағы жасалған желілерімен, онда үлгі биіктігін немесе басқа бейнеленетін объектті анықтау. Бірақ бұл барлық объекттерді анықтау болып табылмайды. Мензулла көмегімен өлшенген биіктік картасында жерде оларды көрсету және жер бедерін анықтау. Егер жер учаскесі өлшенетін үлкен жерде, 15-тен астам шаршы шақырым, салу керек тірек геодезиялық желіні толықтырылса, оның тармақтарында түсіру, аналитикалық торлары көрінеді. Ол үшін масштабы 1:5000 жүргізуге рұқсат етіледі, 1 түсірілім желісі арқылы жүргізілуі қажет. Нүкте жүргізілетін мензулалық түсіру және топографиялық түсірілімі, ерекшеліктері тәуелді, жер бедерінің түріне және жердің тірек-тармақтары кезінде геодезиялық түсіру немесе желілері алынады.
Жұмыс тәртібі:
Ең алдымен дұрыс құру жоспарын жерлерде ғана емес, дайындық жұмыстары жүргізілу барысында қадағалау қажет. Және бірқатар шарттары болуы керек.
- Мензуланы орнату;
- Шанышқы мен деңгейлегіш арқылы мензуланы дұрыс қою;
- Деңгейлегіш пен көтергіш винттерін дұрыстау;
- Меридиан бағыттында магниттік желілерді дұрыс орнату;
- Бастапқы құбырларды пайдаланып, кипергельді орнату;
- Бастапқы қисық жаңа нүктелерге дейінгі қашықтықты есептеу;
- Биіктік нүктелері бойынша тиісті формула;
- Биіктік нүктелерін негізге ала отырып, планшетте түсіруге;
- Планшетте жіңішке сызықтың бағытын анықтау
... жалғасыМензуралық түсірісте нүктелердің плншеттегі орындары тура, кері және құрама қиылыс арқылы анықталады. Тура қиылыстыруда мензуланы А нұктесіне орнатып, АВ бойынша бағдарлайды. АВ ның проекциясы планшетте сызылған. Кипрегельді а нүктесі арқылы С ға көздеп, бағытын сызып алады. Одан кейін В нүктесі мензуланы орнатып, ВА ға бағдарлайды. Кипрегельді в нүктесі арқылы тағы да С ға көздеп, с бағытын сызады. Сызылған екі бағыттың қиылысқан нүктесі жер бетіндегі С нүктесінің пландағы орны болып есептеледі. Ауысу нүктесі - мензулалық топографиялық түсіру кезіндегі нақтылап толық түсіру ушін аспапты орналастыратын нүкте. Ауысу нүктесі орнын графикалық қиылыстыру әдістерімен анықтайды. Әдетте түсіру торабы нүктесінде немесе кезекті. Ауысу нүктесінде жұмыс аяқталғаннан кейін жаңадан анықталатын нүктеге бағыттайды. Содан кейін оны түсіру торабының екі нүктесінен кері бағытта нысаналау арқылы анықтайды. Ауысу нүктесі түсіру торабының нүктелеріне қосымша болып есептеледі. Олар жиілігі жергілікті жердің жағдайына байланысты ауысу нүктелерінің арасында бөрінбейтін кеңістік болмауы қажет. Шағын телімде мензула мен кипрегель қолданылып атқарылады және осы арқылы тікелей далада топографиялық план жасауға болады. Түсірісті жасау жергілікті жердегі нүктелердің планшеттегі өзара орындарын графикалық түрде анықтауға негізделген. Нүктелерге дейінгі арақашықтық кипрегельдің қашықтық өлшеуішімен және қашықтық өлшеуіш рейкамен өлшенеді, ал бұрышты графикалық түрде салады. Құрылыс салынған аумақты түсіргенде, арақашықтық кипрегельдің объек- тивіне бекітілген арақашықтық өлшеуіш саптамамен өлшенеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz