Қоғамдық саясы жүйе


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: «Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы»

Орындаған: Тажиманова И.

Тексерген: Қаражан Қ. С

Алматы 2022ж

Тақырыбы:

«Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша «әділетсіз» айыпталуы»

Мазмұны:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоспар:

1. Қоғамдық кеңестік жүйе

2. Е. Бекмахановтың өмір жолы

3. Е. Бекмахановтың әділетсіз айыпталуы

4. Қорытынды

Негізгі бөлім

Қоғамдық саясы жүйе

Қоғамдық-саяси жүйеде 20 - жылдардың ортасында

орныққан қатаң әкімшіл-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.

Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс

тапты. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу,

мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты

олқылықтардың шегі болмады.

Кітаптың тағдыры

Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды.

Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х. Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді.

Е. Б. Бекмаханов

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов (15. 02. 1915, Төре ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 06. 05. 1966, Алматы) - тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946 жылы), профессор, Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962 жыл) .

К. Қасымұлы көтерілісі

Оның бұл зерттеуі 1947 жылы “ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан” деген атпен жарық көреді. Алайда Бекмаханов Кенесары Қасымұлының көтерілісіне феодалдық-монархиялық қозғалыс емес, ұлт-азаттық көтеріліс деп баға бергені үшін саяси қуғын-сүргінге душар болады. Жазғандарынан бас тартпаған Бекмаханов алдымен партиядан шығарылды. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетіндегі жұмысынан босатылды, тіпті ғылыми атақ дәрежелері жарамсыз етілді. Енді оған ешбір жерде жұмыс берілмейтін болды. Көп ізденістер мен өтініштердің нәтижесінде Алматы тысында бір ауылда мұгалімдік қызмет қана тапты. Сөйтіп кешегі ҚазГудың белгілі профессоры бастауыш мектептерге тарих пәнінен сабақ бере бастаған еді. Бірақ көп ұзамай, атап айтқанда 1952 жылы 5 қыркүйек күні Бекмаханов тұтқындалып, 25 жылға бас бостандығынан айырылып, жер аударылды.

Еңбек жолы

1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді.

Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады. Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А., 2005) кітабында баяндалады.

СССР ҒА тарих институтының пәтуасынан кейін Бекмахановтың алдынан даңғыл жол ашылуы керек еді. Алайда қазақстандық тарихшылар мәскеулік ғалымдардың пікірін місе тұтпады. Сол жылы шілде айының 14-і мен 19-ы аралығында Бекмахановтың аталған кітабы Қазақ ССР ҒА тарих, археология және этнография институтында тағы да бес күн бойы талқыланды.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялардың жіктелуі (классификациясы)
Қоғам туралы түсінік
Саяси ойлар
Қоғамдық кеңестік жүйе
Адам құқықтарын шектеуге бағытталған, қоғамдық өмірдегі партиялық бақылаудың күшеюі: кәсіби тарихшы Е. Б. Бекмахановтың Кеңесары Қасымов бастаған көтеріліс тарихын зерттеуі бойынша әділетсіз айыпталуы
Ұлы Карл империясының тарих сахнасынан жоюлуы
Әлеуметтанудың категориялары
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты
Қазақ тілінің зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz