ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДАМУ БАҒЫТЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
І тарау. ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКА
1. 1. Интернеттегі ақпарат кеңістігі
1. 2. Қазақстандағы интернет журналистиканың дамуының алғашқы
кезеңдері
- . Шетелдік интернет сайттарының Қазақстандағы интернет журналистикаға ықпалы
Негізгі бөлім
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ АКПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
2. 1 Жаңа медиа: даму тенденциясы мен проблематикасы
2. 2 Интернеттегі БАҚ-тың пішіндері мен ақпарат тарату функциялары
2. 3 Жаңа медианың қалыптасу жолындағы қазақстандық журналистер мен ғылымдардың көзқарастары мен еңбектері (Асхат Еркімбай)
ІІІ тарау. ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ - ЖАҢА МЕДИАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН БОЛАШЫҒЫ
3. 1. Онлайн -телевидениенің қалыптасуы
3. 2. Интернет телевидениенің ақпарат тарату тиімділігі және аудиториясымен қарым-қатынасы
3. 3. Интернет-журналистиканың дамуындағы әлемдік тәжірибе Қорытынды
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Журналистика саласына өзгеше серпіліс алып келген, бүгінгі таңда ақпараттың нағыз алаңына айналған интернет журналистика - қоғамның да үлкен бөлшегіне айналды. Қазақстандағы интернет журналистиканың даму бағыты белгілі бір кезеңдерді қамтиды. Оның дәстүрлі БАҚ-тан да айырмашылығы да жер мен көктей. Ал ұқсастығы екі бағыт та ақпараттың таралуын, оның өзектілігі мен маңыздылығын, жаңашылдығын басты назарда ұстайды. Интернет журналистика ақпарат таратуда жылдамдық жөнінен өте үлкен көрсеткішке ие. Басты ерекшелігі осы болғандықтан, басқа журналистиканың бағыттары мен саласын ығыстырып отыр. Халықты газет-журнал, тіпті телевизия саласынан алыстатқан ғаламтордың ақпаратпен ғана емес, басқа да жаңашылдығымен қызықтырып отырғаны рас.
Ақпараттық технологияның дамуына байланысты жаңа мүмкіндіктер де туындап отыр. Жеке тұлға мен ұжымдық жұмыстардың ара жігін ажыратуда да таптырмас мүмкіндік беріп отырған журналистиканың бұл түрі қоғам үшін ыңғайлы. Біріншіден, дәстүрлі журналистикаға радио мен телевизия, баспасөз, газет-журнал қатарына жаңаша онлайн-журналистика аяқ басты, яғни интернеттегі журналистика. Басты айырмашылығы шектен тыс жылдамдығында яғни оперативтілігінде. Сонымен қатар, үнемі оқырмандармен тікелей байланыс, дәл қажет уақытта онлайн кеңес пен өзара диалог. Ал ең бастысы нәтиженің көз алдыңда көрініп тұратындығын назарға алсақ болады. Ол дегеніміз, сайтқа кірген әрбір оқырман саны, көрілім мен қаралымның жоғары көрсеткіші, яғни рейтингті анық бақылап отыруда интернет журналистика бірінші қатарда. Веб-аудиторияның нағыз барометрі.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Дипломдық жұмыстың өзектілігі дәстүрлі БАҚ-пен интернеттің өзара сабақтастығы, ақпараттың басқа журналистика саласындағы таралу жылдамдығы мен интернеттегі ақпараттың өзгешелігі. Қазақстандағы интернет журналистиканың даму бағыты.
Диплом жұмысының МАҚСАТЫ:
Бірінші мақсат, интернет журналистиканың дәстүрлі журналистикадан өзгешелігіне назар аудару. Қазақтандағы интернет журналистика мен шетелдік интернет журналистиканың даму бағыттарына талдау жасау. Екінші мақсат, интернет журналистиканың қоғамдағы өзіндік орнына тоқталу, жан-жақты саралау.
МІНДЕТТЕР:
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер туындады:
- Интернет журналистиканы ақпараттың әр бағытында сараптау;
- Интернет журналистиканың өзгешелігін жіктеп көрсету;
- Интернеттегі журналист позициясын айқындап алу да негізгі міндеттер қатарына қосылып отыр.
ЗЕРТТЕУ ПӘНІ МЕН ОБЪЕКТІСІ
Журналистика саласына қатысты әдебиеттер мен газет материалдары, интернет журналистика туралы ғаламтор-сайттарындағы ақпараттар мен оқу-әдістемелік кітаптар қарастырылып зерттелді.
ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
- Интернет журналистика жан-жақты зерттелудің нысаны болды;
- Ақпараттық, көркемдік ерекшелігі талданды;
- Интернет журналистиканың қалыптасқан барлық нұсқасына сараптама жасалынды;
Маңыздылығы - журналистиканың жаңашыл бағытының ерекшелігі зерттеліп, ең өзекті тұстары басты нысанаға ілікті. Ақпарат кеңістігіндегі атқаратын орнына талдау жасалынды.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Біршама зерттеулерден құралып жазылған диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, кестелер мен сараптамалық сауалнамадан, қорытынды, әдебиеттер тізімінен құралды.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, ғылыми маңыздылығы негізделді, оның объектісі мен пәні анықталды, зерттеудің мақсаты мен міндеттері тұжырымдалып, тәжірибелік мәні көрсетілді. Теориялық-әдістемелік база және зерттеу әдістері талқыланды.
Бірінші тарауда интернет журналистиканың ерекшелігі, жаңа бағытқа қатысты бірнеше материалдар айқындалып, интернет журналистика уақыты мен мән-мағынасы тереңнен талданды, алғашқы даму кезеңдер нысанға алынып сарапталынды.
Екінші тарауда Қазақстандағы интернет журналистиканың ақпараттық кеңістікте қалыптасуы. Жаңа медиа, оның дәстүрлі журналистикадан ерекшелігі, кемшілігі Жаңа медианы қалыптастырушы өкілдер: (Асхат Еркімбай, Ербол Азанбек) жұмыстарына кеңірек сараптама жасалынды. Жаңа медианың қоғамға маңыздылығы айқындалды. Ақпараттық сайттардың құрылымына талдама жүргізіліп, олардың құрылуы, даму кезеңдері. Сауалнамалар мен кестелер құрылып, қорытынды нәтижесі де сарапқа алынды.
Үшінші тарауда - интернеттегі телевизия мен оның болашағы мен құрылымы жайлы толыққанды зерттеу жүргізіледі. Интернет арналарды, бағдарламалардың мысалында шетелдік және отандық медиаөнімдер талданады. Онлайн-телевизияға қажетті бағдарламалар мен фунционалды жабдықтамалар туралы да зерттелді.
Қорытындыда тұжырымдамалар баяндалып, диплом авторының тарапынан ұсыныстар жасалды, тақырыптағы зерттеудің ары қарайғы бағыттары да көзделінді. Қолданылған дереккөздер тізімінде кітаптардың атаулары, мақалалар және өзге ақпарат көздері көрсетілген.
І. ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКА
Интернет журналистика - соңғы уақыттағы журналистика саласына енген үлкен жаңалық. Бүгінгі таңда журналистиканың жаңа түрі көптеген өзгеріс алып келгені рас. Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медианың ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады. [ 1. №11. -15-23 б. ]
Интернет журналистика - XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет - журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары. Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы - оның интернеттегі құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды. Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай, блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті, ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ ты ығыстырып тастауыда мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір - бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады - мыс. Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден -бір дәлелі болмақ. Интернет - журналистика - дәстүрлі журналистиканы эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы. [2. №1. - 34-57 б. ]
Интернет журналистиканың басты спецификасы - ақпарат таратудағы мәтіннің ерекшелігі. Интернет ақпарат таратушыға шексіз мүмкіндіктер сыйлайды, бірақ сол мүмкіндік пен арнайы бағдарламаларды сәтті қолдана білу маңызды болмақ. Мәселен, фото мен видеоны жүктеудегі ескеретін жайттар. Егер мәтін өзекті тақырыпты қамтып тұрса, оған жұртшылықтың назарын аудару үшін сәтті таңдалған фото-видеолардың атқаратын қызметі жоғары. Болған оқиғаны суреттеп жазу үшін, оған сәйкес видеожазба немесе фото керек. Сондықтан, кәсіби журналистердің қасына оператор, фотографтарды алып жүретіні белгілі. Ал ондай кәсіби фотограф пен оператор болмаса, соңғы уақытта бұл кәсіп түрін де журналистер өздері меңгеруге тура келіп отыр. Сурет сапасы жоғары болуы маңызды болғандықтан, журналист тек кәсіби мамандармен серіктес болғаны жөн.
Журналист - әмбебап мамандық. Дамып келе жатқан мобильдік жүйе интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігін айқындап отыр. Ол - әртүрлі форматтағы бағдарламалармен жұмыс жасай білу, аудиторияны кеңейту. Видеожазбалар мен аудиофайлдар ұялы телефон үшін ақпарат таратуда үлкен рөл атқарады. Ақпараттың көзі болып табылатын ұялы телефонның да қоғамда өз орны қалыптасты. Әлеуметтік желілерді дұрыс әрі ұтымды қолдана білу де журналистің бүгінгі міндетіне айналғаны шын. Себебі ақпараттың көзі болып табылатын құрал ретінде интернеттегі сайттан гөрі, қарапайым халық әлеуметтік желіні көп тұтынады. Сондықтан әрбір әлеуметтік желінің өз заңдылықтары мен ерекшеліктерін білуіміз шарт. Журналист үшін қолдану әдістері мен ұтымды тұстарын назардан жіберіп алмау қажет болады. Мұнда әлеуметтік желінің коммерциялық бағыты, жас ерекшеліктері мен әлеуметтік топтар, сондай-ақ, қызығушылықтар жатады.
Ең алдымен журналист кең танымал, стандартты түрлерін емес әлеуметтік желінің басқа да артықшыларын орынды қолдана алғаны дұрыс. Мысалы, GIF-анимацияның әлеуметтік желідегі қолданысы. Философиялық сұрақтарға жауап іздеудің орнына, GIF-файлдарды жаңалық деп тануға болады ма, оған мән берудің маңызына назар салған жөн.
Сонымен қатар, интернет журналист өз өзіне заңгер. Олай дейтініміз, интернет журналистикада ақпарат таратудың ережелері мен сақтау керек заңы бар. Әсіресе оны халыққа жеткізуде ескеру керек бірнеше талаптарды естен шығармаған абзал. Демек, «жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, ақпаратты ғаламторда жарияламас бұрын бәрін мұқият тексеруі қажет. Өйткені таралған әрбір материалға журналистің жауапты екенін ескерсек, бұл өте қауіпті. Яғни, заңды білу журналистке жүктелген міндет десек артық емес.
Сонымен интернет журналистикада журналистке қажетті кеңестер:
- Өте белсенді серіктестік құру. Яғни видео-операторлар мен фотографтардың кәсіби-сапалысымен жұмыс жасау;
- Медиафайлдарды дұрыс қолдану мен кең пайдалана алу;
- Таратылған ақпарат мәтінінің құрылымы, заңға сәйкестігі, журналист жауапкершілігі.
Интернетте материал берудегі бірнеше заңдылықтарға да тоқталып көрейік. Тәжірибе көрсеткендегідей, өмірде болған оқиға мен ойдан шығарылған оқиғалар назарға тез ілігеді. Құрғақ сараптамаларға қарағанда дер кезінде жеткізілген оқиғаларға көп көңіл бөлінеді. Аудиторияның қызығушылығын ескеру керек. Қандай ақпаратты жиі оқып, қарайтынын саралап, мәтіннің де стилі мен жазылу ерекшелігіне де мән берген абзал. Ақпарат өз мақсатты аудиториясын дұрыс табуы үшін уақыт пен кеңістік маңызды екенін ұмытпау қажет. [3. 33-34 - 298 б. ]
Журналистика - газет-журнал, радио мен телевидение ғана ма?! Иә, ол интернет журналистиканың келген уақытына дейін солай болатын. Ал қазір барлығы өзгерді. Әлемдік кеңістікті қамтып, ақпарат таратудағы оперативтілігімен таң қалдырып келе жатқан интернет журналистика БАҚ-та әжептәуір өзгеріс алып келді. Жаһандану заманында, барлық әлем бір ғана ұялы телефонға сыйып тұрса, әлемнің түкпір-түкпірінен ақпарат алып отырсаңыз, күндіз-түні қолдануға ыңғайлы болса, ақшаға газет-журнал сатып алып, телебағдарламалардың монтаждалуын күтіп отырдың не қажеттіліі бар? Бұл әрине бүгінгі күннің ойлау жүйесі. Интернет журналистиканың қарқынды дамып келе жатқаны интернетке деген қолжетімділік пен еркіндік.
Барлығы қалай бастау алды?
Интернет журналистика өзінің қалыптасуын кеңселер мен фирмаларда, мекемелер мен үйде пайда болудан бастады. Бұл - ХХ ғасырдың аяғы болатын. Ескере кететін жайт интернет журналистиканың дами бастауы - тек журналистика жанрлары мен журналист мамандығын ғана емес, басқа да дамушы мамандықтарға өз әсерін тигізе бастады. Жаһандық желі ең алдымен ақпарат жылдамдығын талап етті. Сондай-ақ ақпараттың тексерілген, фактісі бар, шындыққа жанасатын болуы басты нысанаға алынды. Содан кейін, фото-бейнесіз ақпараттың құны төмендеп, бүгінде фотосыз, бейнесіз жарияланған ақпарат түкке жарамсыз болып қалды.
Ерекшеліктері:
Интернет журналистиканың дамуы - оқырманмен тікелей байланысқа шығуға алып келеді. Газет немесе телевизия саласының журналисті өзінің мақаласын, яки дайындаған сюжетінің уақытынан бұрын жан-жақа тарамайтынын білсе, ал интернет журналистика керісінше бұл заңдылықты қажетсіз санайды, ақпаратты тез, жылдам, ауқымды тарату интернет журналистиканың басты жетістігі. Өйткені ақпаратты тез таратқан сайын оқырман саны көбейіп, өз аудиториясы кеңейеді. «Тәтті», «ыстық» жаңалықтар кімді болмасын қызықтыратыны анық.
Көптеген интернет басылымдар ресми БАҚ өкілі ретінде мәртебеге ие, ал кейбірі ондай ресми тіркелімнен өтпегені де бар. Интернет журналист белгілі бір аппарат пен жұмысқа қабілеттілігіне қарамайды. Газеттегі журналистке қойылатын кейбір талаптар интернет журналистке қойылмайды. Интернет журналист көп жағдайда болған оқиға орнына барып, интервью алып, репортаж жасап, жаңалыққа қатысты жандармен сұхбаттасып, пресс-конференция мен кездесулерде отыруды қажетсіз санайды. Ол әр қалада, әртүрлі мамандықпен айналысатын адам болуы да мүмкін. Тіпті олардың тұрақты кеңсесі мен арнайы жұмыс орындары да болмайды.
Жаһандық желінің пайда болуда бірнеше жақсы тұстары бар. Мысалы, журналистердің жұмыстарын біршама жеңілдетті, оны әлдеқайда қауіпсіз етіп, оқырмандарға жаңалықты уақытылы жеткізуді алып келді.
Алайда сапа жағы әлі де ақсап тұрғанын атап айта аламыз. Мәтінді сапалы жаза алмайтыны тек қана оқырмандар үшін емес, мамандар үшін де үлкен мәселеге айналып отыр.
Қазіргі таңда журналистика мамандығы әлемде өзіндік орны бар және елдің назарында болатындықтан сынға көп ұшырайды. Өзге кәсіп иелерінің қателіктерін халық көп біле бермейді, ал журналистің олқылығы бірден жария болады. Себебі, оның айтқандарын миллиондаған адам тыңдайды, көреді, оқиды. БАҚ құралдарынан басқа ғаламтор кеңістігінде де журналисттік қызметтің аясы кеңейген. Бұған жауаптылар да журналисттер. Сол журналисттердің бағындырар биігі қандай болмақ деген сауал да жиі ұшырасады. Мұнда журналистердің негізгі қызметі төмендегідей болмақ: интернет кеңістігінде жұмыс істеу; қажетті ақпаратын табу; әр түрлі жанрлар мен стилдерді қолданып веб-парақшалар жасау; веб-сайттар дизайнын жасап, безендіру және желідегі ақпараттың сапасын бағалай білу. Бұл да халыққа қызмет көрсетудің бір түрі болғандықтан өткен кіммен үлгі алатынымыз да айқын. Бізге үлгі-өнегені алыстан іздеудің қажеті жоқ. Кешегі Алаш азаматтары нағыз идеал болуға әбден лайық. Олар халыққа қалтқысыз қызмет етудің нағыз үлгісін көрсетті. Кейінгі кезеңде журналистика табыс көзіне де айналып келеді. Біз оны дұрыс емес деп те айта алмаймыз. Бірақ журналистика тек пайда табудың құралына айналып кетсе, онда қоғамда үлкен қақтығыстар туғызуы мүмкін. Оған жол бермес үшін журналистика қоғамның бейбіт дамуына қызмет етуге тиіс. Яғни, «қазақ журналистикасы, ең алдымен, халықтың білім-білігін, талғамын арттыруға қызмет еткені жөн» Интернет журналистиканың да қоғамдағы ролі осымен айқындалмақ . [4. 90 - 31, 31б. ]
Интернет журналистика cоңғы онжылдық көлемінде әлемдік интернеттің дамуымен қатар танымалдылық пен жаппай қолданысқа ие болған журналистиканың жаңа, тың бағыты. Өзін журналист рөлінде сынап көргісі келетін кез-келген тұлғаға шексіз мүмкіндігі бар, ерекше санат.
Азаматтық журналистика, индивидуалды журналистика, гонзо-журналистика, блоггерлік - мұның бәрі осы интернет журналистиканың бағыттары. Интернет журналистика саласы біздің де елімізге ғаламдық үрдіспен келіп жеткен ең жас, әрі тың бағыт. Аталған сала ЖОО да пән ретінде оқыту-ағарту істері енді-енді қолға алына бастады. Интернет журналистика - өткен ғасырдың аяғына қарай, интернет аудитория қалыптасқаннан кейін шыққан ұғым. Журналистиканың бір түрі. Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары - телеарна, радио, газеттерден аудиориясын әлдеқайда тез қалыптастырды. Мысалы радио алғашқы 50 млн-дық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі 4-ақ жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады. Яғни, бір мезетте дыбыс, видео, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер бере аласыз. Дәстүрлі ақпарат құралдарында осыларды жеке-жеке небір командалар жүріп жасайды. Ал, интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол - бір адам - бір БАҚ . [5. 380 - 28, 29б. ]
1. 1. ИНТЕРНЕТТЕГІ АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ
Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы - жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі. Екіншісі - баспалардың пайда болуы. Үшінші серпіліс - электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т. б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.
Ал ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс - компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық - коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар басты күшке айналып келеді.
«Ақпараттық қоғам» туралы ұғымды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жапон ғалымдары ұсынған еді. Қазірде бұл озық идея адамзат өркениетінің, ғылым мен білімнің өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық - саяси құрылымының жетілуі мен оның тұрақты дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті. Идеяның негізгі тұғыры - желілік - ақпараттар технологиясы болып табылады. Және бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Себебі қазіргі таңда қоғам тұрмысындағы қажетті барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал болып отыр. Ал бұл үрдісті әлем әлеуметтанушылары адамзат қоғамы өзінің даму жолында «ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда.
Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Марокко, Маврикия, Эстония секілді т. б. көптеген елдер ақпараттық қоғамның негізін қалаудың көш басында келеді. «Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық - ақпараттық инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994 жылы шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы «Ақпараттық қоғамға - Еуропалық жол» атты жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия «Ақпараттық қоғамға - финдік жол» деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР «Ақпараттық қоғамға - германдық жол» атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы елдерде қабылданды. Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру мақсатында «Үлкен сегіздік» елдері 2000 жылы әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың «Окинава хартиясын» бекітті. »
Бағдарламалардың басты мақсаты интернет арқылы компьютермен халыққа білім беруді күшейту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру, электрондық құжатпен дүниежүзі елдерімен ақпарат алмасуды қалыптастыру. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органдарының құжаттары мен кітапханалардың, оқу орындарының және басқа да санаткерлік орталықтардың түрлі ақпараттық ресурстарына қол жеткізу. Бұл идеялар жыл өткен сайын маңызы арта түсуде. Соның нәтижесінде әрбір мемлекетте электрондық э - үкімет (e - government) пайда болып жатыр. Біздің елде де бұл бағдарлама жүзеге асырылуда. Ақпараттық қоғамда электронды үкімет пайда болғаннан кейін, әрине басқа салалар да тыс қалмауда. Яғни кәсіпкерлікті дамытып экономиканы арттыруға негізделген э - бизнес (e - business), азаматтардың тұрмыстық тіршіліктеріне қатысты э - азамат (е - citizen) іспетті т. б. нысандары жан -жақты дамуда. [6. 208 - 98, 99 б. ]
Журналистің жұмысы ақпарат пен оның ақпараттың объектісінен құралады. Қажетті ақпаратты алу үшін бірнеше қолжетімді талаптарды орындаған абзал. Көптеген ережелер ақпаратты дайындау барысында туындайды. Зерттеу, интервью және әртүрлі құжаттар. Журналистік зерттеу мен сараптама, эксперимент журналист үшін ең ауыр әрі қиындыққа толы методика. Ақпараттың сәтті әрі орынды жеткізілуі тақырыптың толықтай ашылуында.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz