ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары ... ... .17

1.3 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары ... ... ... ... ... 22

II МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ

2.1 Компетенттік әдіс - қазіргі шеттілдік білім берудегі педагогикалық теория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

2.2 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға арналған жұмыстарды орындау барысында түпкі нәтижені бағыттай оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

2.3 Мәдениетаралық - қатысымдық құзіреттілікті қалыптастыруда жаңа технологияларды қолдану ... ... ... ..77

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 106

Шет тілін үйрену жолдарының түрлі әдістері

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізуі мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын табу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру жеткіліксіз, сондықтан сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы тиіс. Мұндай мәселелерді шешу үшін көркем мәтіндерді, жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Өйткені, көркем мәтіндер тілі үйреніліп жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шетел тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол, әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді деп көрсетеді Е.М.Верещагин [1, 48 б.]
Оқу процесін тиімді әрі белсенді етуге бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарының көптігіне, әртүрлі инновациялық тәсілдердің пайда болуына және олардың оқу процесіне енгізілуіне қарамастан, оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді шетел тілі сабақтарында қолдану өз алдына толық қаралған жоқ. Осы мәселенің шешімін табуға үлес қосу біздің жұмысымыздың өзектілігін көрсетті де, зерттеу тақырыбын Көркем мәтіндер негізінде шет тілін оқытуда тілдік оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін (құзыреттілігін) қалыптастыру деп алуға себеп болды.
Соңғы кездері мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалық байланыстың дамуы және мәдениеттер диалогы белсенділігінің артуы да шетел тілін меңгерудің прагматикалық құндылығын арттырып, шетел тіліндегі қарым-қатынас үшін игеруді негізге алуды көрсетті. Оқушылардың үйреніп жүрген шетел тілінің, яғни сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мүмкін емес. Ал мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді дұрыс қолдану өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Тілдік жоғары оқу орындарындағы оқушылардың шетел тілінде мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді қолдану үрдісі.
Зерттеу жұмысының пәні: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында көркем мәтіндер арқылы жаңа технологияларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда көркем мәтіндерді тиімді қолдануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдістемесін құру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, методологиялық әдебиеттерді зерттеу негізінде көркем мәтіндердің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудағы педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктеріне сипаттама беру;
- көркем мәтіндерді қолдану жолын көрсету;
- мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған сабақ үлгісін құрастыру;
- оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін құру.
Зерттеу жұмысының әдістері:
- Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша ғылыми әдістемелік әдебиеттерді оқып, оларға сипаттамалық, құрылымдық-мағыналық талдау жасау;
- Жаңа технологияларға талдау жасау;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолданудағы тәжірибені бақылау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: Шетел тілін оқыту әдістемесі мен лингвистиканың негізгі категориялары (С.С.Құнанбаева, Н.Д.Гальскова, И.Л.Бим), тілдік іс-әрекет теориясы (Л.С.Выготский, И.А.Зимняя), мәдениет және лингвотанымдық ақпарат теориясы (Е.М.Верещагин) және аутентивтік мәтіндер (В.Г.Костомаров).
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда, оның психологиялық, лингвистикалық және психолингвистикалық негізін ескере отырып, көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды пайдаланатын болсақ, олардың ерешеліктерін ескерсек, оқу процесінің заңдылықтары мен танымдық процестерін тиімді жүргізсек, онда оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру тиімді болады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы: Көркем мәтіндерді қолдану барысында оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік үлгісі жасалады және тәжірибелік тұрғыдан көркем мәтіндердің оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруға негіз болатындығының дәлелі келтіріледі.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы:
- Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың психологиялық, лингвистикалық ерекшеліктері анықталады;
- Көркем мәтіндерді және жаңа технологияларды қолдану үлгісі көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: жұмыс барысында жасалған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады. Бұл зерттеу жұмысының қорытындысын ұстаздар семинар сабақтарында, оқушылар курстық және дипломдық жұмыстарын жазуда пайдалана алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспеден, негізгі бөлімнен, екітараудан және жалпы зерттеу жұмысының қорытындысынан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне сипаттама

Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген интеграциялық процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтік мәдени кеңістіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы - жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иесімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қолға алынуда.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы - тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады деген тұжырымға келуге болады. Мысал келтіретін болсақ, атақты кеңес заманының ғалымы Е.М.Верещагин және В.Г.Костомаров мәдениет терминіне бірнеше анықтама берген, оларды атап өтсек:
:: Мәдениет-бұл қоғамның мәдени әдет-ғұрыптарын құрайтын материалдық және рухани дамудағы жеткен табыстарының жиынтығы.
:: Мәдениет-бұл тарихи экономикалық базис негізінде жинақталған қоғамның материалдық және рухани құндылықтары.
:: Мәдениет-бұл адамдар қоғамының өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жеткен жетістіктерінің жиынтығы.
:: Мәдениет-бұл кез-келген саладағы ой әрекеті мен шаруашылық әрекетіндегі даму дәрежесі.
:: Мәдениет-бұл білімді адам қажет ететін өмір жағдайының бар болуы.
Ал атақты лингвист С.Г.Тер-Минасова В.Г.Костомаровтың ойларын құптай келе, өзінің мәдениетке берген анықтамаларын одан ары кеңейткен:
:: Мәдениет - бұл білімділік, оқымыстылық.
:: Мәдениет - бұл белгілі бір уақыттағы белгілі бір адамдар тобының жалпы әдет-ғұрыптары мен сенімдері, олардың өмір сүру салты.
:: Мәдениет - бұл өзінің идеяларымен, өмір сүру салтымен, өнерімен қабылданатын белгілі бір қоғам.
:: Мәдениет - бұл белгілі бір халықтың белгілі уақыт ішінде жеткен жетістіктері мен салт-дәстүрлері.
:: Мәдениет - бұл белгілі қоғамда өз орнын тапқан белгілі бір ойлар, салт-дәстүр және өнерден құралады.[16;12]
Тілдің анықтамасы туралы ойларын жинақтай келе ф.ғ.д., профессор С.Г.Терминасова өз еңбегінде тілге төмендегіндей анықтамаларды берген:
:: Тіл дегеніміз - бір халықтың сөздерінің жиынтығы және өз ойларын дұрыс жеткізу үшін сол сөздердің құрылған қосындысы;
:: Тіл дегеніміз - адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажет белгілер жүйесі;
:: Тіл дегеніміз - адамдар ұжымының негізгі қарым-қатынас құралы болып өзіне-өзі пайда болған семиологиялық жүйелердің бірі. Бұл жүйе сонымен қатар дүниетанымды дамытатын және мәдени, тарихи салт-дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыруға көмектесетін дүние;
:: Тіл дегеніміз - қоғамдағы адамдардың екі жақты түсіністігін қамтамасыз ететін, ойлау процесін ақиқаттайтын және қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланылатын дауысты белгілердің және грамматикалық құралдың тарихи пайда болған дүниесі;
:: Тіл дегеніміз - қарым-қатынас мақсатында сөздерді пайдалана алу мүмкіндігі;
:: Тіл дегеніміз - бұл ұлттың немесе халықтың қолданатын ерекше сөздер жүйесі.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегелері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады. Мәдениеттегі тілдің рөлін төмендегі анықтамалардан байқауға болады. Тіл дегеніміз:
:: Мәдениеттің айнасы, себебі онда тек қана адамды қоршап тұрған орта ғана емес, сонымен қатар сол елдің менталитеті, оның ұлттық мінез-құлқы, салт-дәстүрі, нормалар мен рухани байлықтарының жүйесі көрінеді;
:: Мәдениет ошағы себепті халық жинақталған барлық материалдық және рухани байлықтар, білім мен дағдылар тілдік жүйеде, яғни фольклорда, кітаптарда, ауыз және жазба әдебиетінде жиналды;
:: Адамның жеке басын куәландыратын мәдениет құралы, себепті адам тіл арқылы өз халқының менталитетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін өз басына сіңіреді.
Әр түрлі ғылыми басылымдарда тілге көптеген түрлі ережелер берілген, солардың бәрін жинақтап, тұжырымдай келгенде шығатыны: тіл дегеніміз - өз ойын жеткізетін құрал, яғни қарым-қатынас құралы. Тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды, сондықтан тіл мен мәдениетті бірін-бірінен бөліп, ажыратып қарастыру мүмкін емес. Тіл дегеніміз - мәдениет, ал мәдениет дегеніміз - тіл.
Осы тұжырымдаманы ұстана келе қазақстандық ғалымдар А.Е.Карлинский, Р.З.Загидуллин, Г.М.Алижанова, Л.А.Коробова, С.К Абдыгаппарова, М.Е.Медетова, Е.Н.Нурахметов, Д.Д.Шайбақова сияқты ғалымдар мен іздеушілер айтылған мәселеге өз үлестерін қосқан.
Ғалым профессор А.Е.Карлинский Тіл - қарым-қатынас қаруы деп жазып келген де ойын Тіл - тек қана қарым-қатынас құралы, мәдениет пен қоршаған ортаның құбылыстарын бейнелейтін құрал ғана емес, ол мәдениеттің бір бөлігі деп тұжырымдаған.
Өзінің жұмысында ғалым Г.М.Алимжанова тілдің мәдениеттегі орнын анықтай келе ...тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуын қамтамасыз етеді. Тіл - мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру арқылы белгілі бір ұлтты құрайтын ең негізгі және ең күшті қару... деп жазды.
Жоғарыда айтылғандай зерттеу жұмыстарынан шыққан қорытындыны тұжырымдайтын болсақ, тіл мен мәдениет бір-бірін толықтырады және бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, яғни мәдениет жоқ жерде тіл, тіл жоқ жерде мәдениет бола алмайды.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктіліктің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С.Соловьева, Н.Е.Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М.Губина, Г.В.Елизарова, А.П.Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В.Елизарова, А.П.Садохин, К.М.Ирисханова, И.С.Соловьева, М.В.Плеханова, Н.С.Тырхеева т.б.) берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың мәдениетаралық біліктілікті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы мәдениетаралық біліктілігі адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения[19]. Бұл туралы келесі автор былай деп жазады: Межкультурная компетенция представляет собой сложную комбинацию знаний, умений, качеств и способностей личности, обеспечивающих выбор адекватных способов и стратегий коммуникативной деятельности и поведения коммуниканта в условиях межкультурного взаимодействия [20].
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации [23]. Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: Межкультурная компетенция - это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения [21].
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениеаралық қарым-қатынас біліктілігі ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін [22]. Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: Мәдениаралық біліктілік - басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі.
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз - МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. [11] Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту практикалық талапқа сай болу керек деп болжаймыз.
1) Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың талабы - бұл процестің практикалық тұрғыда өтуі болып табылады.
2) шынайы қарым-қатынас процесі іс жүзінде қалай өтуін біз толық болжап білмейміз. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс деп тұжырымдаймыз.
3) Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім, білік, дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалуы үшін жаңа, түрлі әдіс-тәсіл қолданылуы талап етіледі.
Көпшіліктің айтуынша, бөтен ел өкілімен қарым-қатынасқа түскен уақытта түсінбеушілік негізгі екі мәдени құбылыстың сәйкессіздігі мәселесінде. Сондықтан да ең алдымен,
4) Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, яғни шынайы түсіністік алғышарты мәдениетаралық талдау, ұқсастықтарын табу, саралау болып табылады.
5) Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық түрде меңгере аламыз.
Тілді мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде ол оқушылардың оны түрлі тілдік жағдаяттарда дұрыс қолдана білу біліктілігін қалыптастыру болып табылады. Аталған талаптар өрісімен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілікті дамытудың тиімді жолдарын анықтауға болады.
Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқыту үрдісінде түрлі әдістемелік амал-айлаларды ұтымды пайдалана білу өзегінде жатыр. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар мектептегі білім беру жүйесіне жаңа тыныс әкелгендей. Бұл дегеніміз Қазақстан мектептерінде ақпараттандандыру процесін жеделдету білім беру жүйесінің алға басуымен тепе-тең.
Аталған салада еңбектері жарық көрген ғалымдардың бірі - М.В. Кларин Педагогикалық технология - бұл оқытуда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды оқыту амалдарын және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті деген анықтама негізін береді. Жаңа технологияларды шет тілін оқытуда қолданудың тиімділігі бұл жастардың мамандыққа бағытталган түрде еркін дамуына жан-жақты білім алуына, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік береді [24]. Сонымен қатар әдістемелік тұрғыда мұғалімдердің жұмыс істеуіне, біліктілікті дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады, кең тыныс береді. Жаңа заманның технологиялық мүмкіндіктері, ақпараттық түрлі жабдықтар білім беру процесінің дамуына зор мүмкіндік береді және де оқыту ісінде оң нәтижеге жетелейді. Қазіргі таңда бірталай ізденушілер мен әдіскерлер еңбектерін аталган мәселені зерттеуге арнап, білім беру процесін ілгері дамытуда. Аталған мәселе бойынша педагогикалық, психологикалық, лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттей келе педагогикалық, әдістемелік мүмкіншіліктерін ескере отырып, біз келесі әдістемелік технологиялардың келесі түрлерін анықтап отырмыз. Оқушы бойында мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімді жолдарының бірі ойын технологиясы болып табылады. Гальскова Н.Д. пайымдауынша ойын методикасы арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесінің дисциплиналық моделінің тұлғаға бағытталған оқыту моделіне ауысуында болып отыр. Алда тұрған негізгі міндет түрлі интерактивті, жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білу. Ойын технологиясын қолданудың алғышарты балалардың психикалық ерекшелігінде болып табылады. Оқыту процесінде ойлау, ес, зейін, қабылдау және т.б. психологиялық факторларының ескерілуінің маңызы зор. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытуда ойын технологиясын қолдану баланың берілген елтанымдық материалды жеңіл қабылдап есте сақтауына көмегі көп. Яғни оқу прецесінде баланың когнитивтік қабілетін дамытады. Ойын барысында мұғалім бала зейінін мәдени ақпарат өрісіне шоғырлата алады. Әрбір ойынға қатысушы интенциясының өзегінде эмоциялық фактор жатады. Ойын актісінің эмоциялық сипаты елтанымдық материалды меңгерту процесінің эфективтілігін қамтамасыз етуші және баланың танымдық процесін дамытудың стимулы болып табылады. Сонымен ойын технологиясы универсалды сипатқа ие, сондықтан ойынды мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың мақсат, міндеттеріне сәйкестендіруге болады [28].
Оқушыга білім беру әдісін жаңарту мақсатында қазіргі мектеп практикасында түрлі тәсілдер қолдануда. Осындай жетік әдістердің бірі - проблемалық оқыту болып табылады. Проблемалық оқыту негізі белгілі бір мәселе өзегін ашып, жауап іздеу болып табылады. Білікті ұзтаздардың бірі М. Арғымбаеваның айтуы бойынша оқытудың проблемалық әдісіне: іздену, зерттеу, дамыта оқыту жатады. Және де оның сипаттамасы ретінде келесі факторларды атап өтеді:
- Проблемалық әдіс оқушыға берілетін білімді дәлелді, саналы түрде баяндай отырып алган білімінің дәлелді екеніне көзін жеткізу
- Проблемалық баяндау оқушыларды ғылыми тұргыдан ойлауға үйрете отырып, оларға ғылыми ізденудің үлгісін береді, оларды зерттеу ісіне жаттықтырады
- Проблемалық әдіс оқушының назарын тез билеп, берілген материалға қызығушылығын арттырады [30].
Аталған фактіге байланысты проблемалық оқытудың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда тиімділігі зор. Оның негізгі мәні мынада: жаттанды принципке негізделген білім беру студентке тек шешімі дайын мәселелер тізбегін ұсынатын. Бітіруші маманның теориялық білімі терең болғанымен көп жағдайда алға қойылған мәселені шешуде жас маман сасып калатын. Өте келе білім беру парадигмасының өзгеруіне байланысты түрлі әдіс-тәсіл қатары толықты. Проблемалық оқыту әдісі аталған мәселені қарастырады. Студентке белгілі бір проблемалық жағдайды өз бетімен шешуге, ізденуге төселдіреді. Мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында туындаған қандай да бір қарама-қайшылықты мәселе түйінін шешуге оқушыны төселдіреді.
Аталған әдістерден басқа жобалық әдіс тенденциясы да қарқын алып келеді. Бұл әдіске Душейная Т.В. берген анықтамасы бойынша түсінетініміз:
Жоба - оқушылардың өз бетінше жоспарланған және өздігінше осы жоспарды жүзеге асыратын жұмысы. Әрбір жоба өзегінде белгілі бір шешімді қажет ететін мәселе болады. Линво елтанымдық негізінде әрбір студент мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда оқушыларден практикалық мақсатқа сай тапсырманы, өздеріне ыңғайлы тәсілмен және ыңғайлы уақытта шығармашылықпен ұйымдастыру талап етіледі [31].
Т.Е.Божбанова Өзінің зерттеу жұмысында жоба әдісінің басты ерекшеліктерін атап өтеді: Әлемді тану, іскерлік ойлап шығарушылық, айқын мәнерлілік жоба әдісінің негізі болып табылады [32]. Яғни жоба әдісінің негізгі мақсаты: жан-жақты өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушының терең шығармашылық білім деңгейін дамыту және де жоғары білімді алдындағы мәселені шеше алатын компетентті жеке тұлғалар қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе байқағанымыз - қазіргі заман ағымында техникалық құралдардың мүмкіндіктері мен инновациялық мүмкіндіктерін ұштастырып оқыту мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне үйретуді ұйымдастырудың ұтымды тәсілі ретінде қарастырылып отыр.
Бірінші тарауда мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі терминінің мәнін ашып, сипаттама бердік. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі аясында тіл мен мәдениет арақатынасын, өзара байланыстылығын анықтауға тырыстық. Шетел тілін оқыту барысында мәдениетаралық түсіністік, тіл үйрену процесі мен мәдени түсінік қалыптастыру маңыздылығы анықталды. Өзіндік ой-пікірімізді ортаға салып, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту қазіргі заман ағымында білім беру парадигмасының талаптарына сай жауап бере алатынын түсіндік. Сонымен аталған мәселені зерттей келе қорытындылауымызша мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі өзге мәдениет өкілдерімен шынайы қарым-қатынас орнату мақсатында өзге мәдениет ерекшеліктерін және де өз мәдениетіңді құрметтей отыра, мәдениетаралық терең білік негізінде өзара түсіністік қабілетін қалыптастырып, оны мақсатқа бағытталған түрде қолдана отыра нәтижелі қарым-қатынас орната алу қабілеті болып табылатынын нақтылай түстік. Сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыруда ақтық нәтиже көрсеткіші ол мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
Шынайы мәдениетаралық қарым-қатынаста түсінбеушілік болмау үшін ақиқатқа сай лингвоелтанымдық құбылыс түсінігін қалыптастыру керек екендігі зерттеуде келелі мәселе болды. Сонымен қатар, мақсатқа бағытталған мәдениетаралық қарым-қатынас орната алу үшін мәдениетаралық біліктілік, өзге елдің әлемдік бейнесі, лингвоелтанымдық, лингвомәдени білім жинағы түсініктерінің қанық түрде меңгерілуі қадағалануы тиіс. Ол дегеніміз оқушыны өзі меңгерген білім, дағдыларды практикада дұрыс және нәтижелі қолдана алуының алғышарттарының бірі болып табылады. Аталған мәселеге байланысты отандық және шетелдік ғалымдар мен ізденушілер көзқарасын талдап, өзіндік көзқарасымызды қалыптастырдық және ол алдағы тәжірибелік оқыту барысында өз қолданысын табады. Сондай-ақ мәдениетаралық білік және ол жайындағы түсінік негіздерін көптеген ғалымдар мен отандық әдіскерлер еңбектерін зерттей келе орната алдық. Атап айтсақ, университетіміздің ректоры, академик С.С.Құнанбаева еңбегі, зерттеушілердің көрнекті өкілі Тер-Минасова С.Г., Садохин А.Г., Гальскова Н.Д. еңбектері зерттеу жұмысымыздың негізгі тірегі болды.
Қорыта келе, оқушы білімінің қандай да болмасын саласын жетік меңгеруі тек оқушының қабілетіне ғана байланысты емес, оны мәдениеаралық қарым-қатынасқа оқытуда оқыту процесінің әдістемелік және психологиялық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.

1.2 Оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары

Ең алдымен мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамытудың тиімділігі оқытудың психологиялық өзегінде жатыр. Әрине оқытуды ұйымдастыру процесі кезінде әрбір әдіскер ең алдымен оқытудың лингвистикалық, психологиялық және де әдістемелік негіздерін есепке ала отырып жүргізеді. Ал жалпы қарастырғанда оқыту пәні түрлі ғылымдармен байланысты қаралып, сараланып жатады. Өйткені әрбір зерттеу мәселені бірнеше қырларынан қаралып, мән-мағынасы ашылуы тиіс. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігі контекстінде шетел тілін оқыту психологиялық қырынан ашылып ұйымдастырылса, белгілі бір құзырлылық (біліктілік) деңгейіне жету жолы анық болар еді деп пайымдаймыз. Қазіргі таңда ұсынылып отырған жаңа технологиялар психологиялық негіздемелерді есепке алып жүзеге асырылған және де көптеген эксперименттер негізін құрайды. Сондай-ақ біздің қарастырып отырған зерттеу мәселесі де психологиялық сараптама елегінен өткені белгілі. Алайда, нақты белгілі бір инновациялық технология арқылы мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру мақсатында біз өзіміз үшін аталған мәселеге қарасты психологиялық негіздеменің жаңа бір қырларын түсінуге тырысып бағарымыз анық және де зерттеу мәселесінде оны басшылыққа аламыз. Сонымен қатар осы уақытқа дейін қарым-қатынас түсінігінің өзін, оның салаларын, механизмдерін түсіндіруде де бір жақты көзқарас жоқ. [26].
Қарым-қатынас түсінігінің аясы өте кең болып табылатын процесс. Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Дәл осы жағдаятта біз мәдениетаралық қарым-қатынас сипатын, феноменін ерекшелеп отырмыз.
Әдістемлік тұрғыдан алғанда қарым-қатынасты белгілі бір кодталған белгілерді бір субъектіден келесі бір субъектіге белгілі бір нақтыланған мақсатқа сай жеткізу, өзара алмасу; үш жақты процесс болып табылады: ақпарат беру, ақпарат қабылдау және өзара пікір алмасу деп берсек. Психологиялық тұрғыда тұлғаның қажеттілігінен туындаған, демек бірлескен әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекетке, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі, көп жақты процесі дейді. [27; 25]. Мәдениетаралық контекстте қарым-қатынас лингвомәдени, әлеуметтік-мәдени сонымен қатар инофондық сипаттағы мәліметті қабылдаумен байланысты. Берілген анықтамада қажеттілік, қабылдау, түсіну ұғымдарына көңіл бөлсек, қарым-қатынастың мақсаты айқындала түседі. Мәдениетаралық қарым-қатынас ол әрекет. Ал әрбір әрекетке бағыттайтын ең алдымен оған деген түрткі. Адамның қажеттілігі - оның өмір сүру көзі. Заман талабы адамға өз қажеттіліктерін байлайды. Қазіргі таңда әлеммен ашық түрде байланыс арқылы өмір сүріп жатқан заман. Жаңа деңгейлер жаңа қажеттіліктер болып жетелейді. Ал мәдениетаралық қарым-қатынаста өзге ел құбылысын қабылдау не болмаса сол елдің табиғатын түсіну маңызды емес пе? Бұл тұста психологиялық факторлар әдістеме негізін толықтыра түседі. Қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. Ол мидың күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі [27]. Қабылдауда өзге мәдениет құбылысы, яғни қарым-қатынас барысында өзге мәдениет өкілінің түр-сипаты, қозғалысы, ым-ишара, дене қозғалысы, қылығы адамның миына тұтас күйінде беріледі. Өзге мәдениет талдау мен саралау елегінен өткізіп барып, белгілі бір бейне сипатының миымызда орнығуына мүмкіндік береді. Бірақ көп жағдайда өзге мәдениет құбылысын қабылдаудан бас тартып жатамыз. Бұл біздің анализдік және синтездік әрекетіміздің нәтижесі деп ойлаймын. Мұнда қарым-қатынас барысында біздің анализаторлық қабілетімізге аталған қасиеттер бір мезгілде әсер етеді де миымызда өзге мәдениет бейнесі пайда болады. Ал біз өз кезегімізде психологиялық деңгейде белгілі бір реакциялық әрекет жасаймыз. Ол не кері реакция, не жағымды реакция болуы мүмкін. Жалпы атап айтсақ, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру барысында психологиялық факторларды ескере отырып, прагматикалық деңгейде оқыту әрекетін ұйымдастыруымыз қажет. Егер коммуниканттардың біреуі өзге мәдениет өкілінің әрекетіне байланысты белгілі бір құбылыстан бейхабар болса, онда ол оны тани алмайды. Себебі коммуникант миында ол туралы еш бейне қалыптаспаған. Дәл осы жағдайда тосындылыққа тап болған адам әрекеті жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мысалға, Жапондықтар мен Американдықтар арасында келіссөз өтіп жатыр делік. Американдық делегат мүшелері дүниетанымы, дамуы, көзқарасы түрліше, психологиялық ерекшеліктер де бар. Американдықтар өзіндік келіссөз жүргізу стиліне сай әңгіме барысында өздерін жігерлі, ашық, батылдау ұстайды. Американдықтарға жылдамдық мінез сай. Жапондықтар келіссөз жүргізу барысында жеке дара ерекшеліктеріне байланысты сабырлылық, ұстамдылық көрсетеді. Келіссөз барысында аралық үзілістер көп жасайды және де келіссөз мәнеріне байланысты әрбір мәселені талқылау барысында басын изейді. Бірақ ол ұсынысты қабылдаймын деген мағынаны білдірмейді, тек мәселені түсінгені не болмаса белгілі бір істің жөн-жоралғысын түсінгені туралы хабар береді. Ал американдықтар тек келісім берген кезде бас изеуі мүмкін. Мұндай құбылыстар сәйкессіздігінен бейхабар американдық делегат дүниетанымының ерекшелігіне байланысты түсініксіз қылыққа жат әрекет етуі мүмкін. Өйткені мұнда өзара не болмаса бір жақты мәдени құбылысты тану процесі болған жоқ.
Тану - заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі. Өзге ел құбылысын танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиынға соғады [27].
Мұндай жағдайда біз оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қолдауымыз керек. Егер қорытындылайтын болсақ, оқытуды ұйымдастыру үрдісінде оқытуудың психологиялық негізін әдістемелік негіздермен интеграциялық түрде қолдануды қадағалау керек. Өйткені мәдениетаралық қарым-қатынас өрбуі жеке дара индивидтің өзге ел феноменін қалай қабылдауға байланысты. Бұл серпіліс нүктесі іспеттес.
Жалпы жеке адамның танымдық процестеріне талдау жасасақ, онда жеке дара тұлғаның немесе субъектінің қарым-қатынас барысында психологиялық ерекшеліктері шешуші фактор екеніне көз жеткіземіз.
Атап айтқанда, таным процестерінің нақты түрлері және де таным операциялары арқылы мәдениетаралық қабілет дамуын мақсатты түрде іске асыра аламыз. Психологияда адамның түйсіне алу қабілеті сезгіштік деп аталады. [27]. Ағылшын тілі сабақтарында аталған заңдылықты ұстана отырып оқушылардың мәдени құбылыстар өзгешілігін айыра білуге, иномәдени құбылыстар өзгешелігіне икемделіп, өзара қарым-қатынас жасауға бейімдей аламыз. Ал өзге мәдениетпен өзара өарым-атынас барысында оқушылардың қабылдауын дұрыс қалыптастыру арқылы мақсатқа жете аламыз. Өйткені оқушылардың апперцепциялық қабілеті, иллюзиясы коммуникация барысында түсінбеушілікке жетелейді.
Иллюзия - оқушының объективті фактілерді қате түсінуімен түсіндіріледі. Апперцепция - мәдени құбылыстарды түрліше, өзіндік қабылдау ерекшелігі. [27]. Ал оқушылардың байқағыштық қабілетін дамыту арқылы мәдени құбылыстардың ұсақ детальдерін байқау қабілетінің қалыптасуына себепкер болады. Шетел тілін оқытуда лингвомәдениеттің оқушы миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуы еске байланысты. Қозғалыс, образдық, сөз-логикалық және эмоциялық естерді дамыту мультимедиялық құралдар арқылы мүмкін. Мәдени құбылыстар туралы түсініктер орнатуда анализ, синтез, абстракция, нақтылау, жалпылау сынды ой операцияларының маңызы зор. Сондай-ақ сөйлеу процесі арқылы адамның өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені де меңгеруге мүмкіндік алады. Зерттеу тақырыбына байланысты дәл осы жағдайда өзге елдің қоғамдық тәжірибесін меңгеру барысында аталған таным процестерін дамыту келелі мәселе болып табылады [27].
Мәдениетаралық тұрғыда тілдік үлгілер вербальді және бейвербальді түрде беріледі. Сөз көмегімен жүзеге асатын қарым-қатынас қаншалықты маңызды болса, бейвербал қарым-қатынас мәдениетаралық өзара қарым-қатынастағы маңызы соншалықты жоғары [27; 12; 25].
Сонымен, психологиялық тұрғыдан қарым-қатынас түсінігі ең алдымен танымдық процестермен байланысты. Жат ел мәдениетін тұлға ең алдымен психологиялық деңгейде қабылдайды. Сонымен қатар өзара арақатынас та психологиялық деңгейде жүреді. Тұлға өзін жат елге таныстыру барысында оның жалпы образы ескеріледі. Оның ішіне жеке тұлғаның эмоциясы (адамның сезімі, күйі, көңілі т.б.) ерік процестері мен жеке психологиялық ерекшеліктері (темперамент, мінез, қабілеттері) де кіреді. Аталған фактілердің барлығы өзара байланысты. Адам өзінің этнопсихологиялық қалыптасқан келбетінен тыс кете алмайды. Екі адамның өзара арақатынасын болсын, тіпті мәдениетаралық деңгейде болсын, ол өз көрінісін табады. Сондықтан да мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырып, дамыту процесінде психологиялық фактордың маңызы ерекше.

1.3 Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары

Еліміздің егемендік алып, басқа елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарға түсуі шет тілін оқытудың маңыздылығын көрсетіп, оның мақсатын анықтап берді. Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Олар өз әлемін, тілін, мәдениетін білмей, мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігіне қол жеткізу мүмкін емес. Басқа тілді қоғамда, мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де меңгеру керек. Оқушылар жаңа шығармашылық іс-әрекетке, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге, жеке тұлғалық және мәдениетаралық қарым-қатынаста туындайтын қарама-қайшылықты болдырмауға және оларды шешуге икемді болуы қажет. Осыларды шешуде көркем мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Көркем мәтіндер тілін оқып жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушылардың білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді. Мұндай көркем мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады.
Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады. Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді. Ал, кейде екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар болуы мүмкін. Ол, әрине, тілдегі ерекшеліктер ғана емес, мәдениетке тән өзгешеліктерге де байланысты болып келеді. Өйткені, әрбір тіл мен оны қолданушы тіл иелерінің өздеріне тән ерекшеліктері болады. Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бірін-бірі түсіне бермейді деп көрсетеді Е.М.Верещагин.
Қазіргі кезде адам өмірінде болып жатқан көптеген жаңа процестер, экономиканың дамуы, қоғамның жаңаруы, тіл мен қоғамның және тіл мен мәдениеттің екі жақты байланыстарына жаңаша көзбен қарауды талап етеді. Жаңа әлеуметтің мәдени кеністіктің пайда болуы білім беру жүйесінің алдына халықаралық мәдени-кәсіптік қарым-қатынастарды жүзеге асыра алатын мамандар дайындауды мақсат етіп қоюда. Тілді басқа мәдениетті таңдаудың негізгі құралы ретінде пайдалану, сол тілде сойлейтін елдегі құбылыстардың мәнін түсінуді қажет етеді.
Мәдениетаралық түсініктің дамуы - жаңа тілді үйренумен қатар жүретін процесс. Ал шетел тілін сол елдің мәдениетаралық байланысқа түскен кезде адамдар басқа мәдениеттің иегерімен қарым-қатынасқа түседі. Шетел тілін терең меңгергеннің өзінде тілдегі, күнделікті тұрмыс ерекшеліктеріндегі (киім кию, ұлттық аспаздық және тағы басқа), өзін-өзі ұсыну мәнеріндегі ерекшеліктер көп уақытта түсініспеушілікке әкеп соғуы сөзсіз. Бұл айтылған қағида тіл мен мәдениеттің тығыз байланысын көрсетеді. Осыған байланысты біртіндеп тілді оқыту барысында тілді ғана үйретіп коймай, сонымен бірге сол елдің мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін де қатар оқыту қажет.
Бұл мәселе көптеген ғалымдардың (Е.М.Верещагин, В.Г.Костамаров, Т.Г.Грушиевидская, В.Д.Попков, А.П.Садохин, С.Г.Тер-Минасова, С.Г. Агапова, Е.В.Милосердова, П.В.Сысоев, Н.В.Елухина, Э.П.Комарова, Н.Г.Баженова, М.В.Бергельсон) еңбектерінде қарастырылған. Бұл аталған ғалымдар тіл мен мәдениеттің тығыз байланысты екенін зерттеген еңбектеріне шолу жасай келе Мәдениеттің ең маңызды ұлттық-ерекшелік құраушысы - тіл, себебі тіл мәдениеттің қарым-қатынас құралы болуына ықпал ететін факторлардың негізгісі болып табылады деген тұжырымдамаға келуге болады.
Әр мәдениеттің өзіне тән тілдік жүйесі болады. Осындай жүйе арқылы сол мәдениеттің иегерлері бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасқа түсе алады.
Қазіргі таңда мәдениетаралық біліктілігінің (МБ) көптеген анықтамалары беріліп жүр (И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева, Ю.Л.Вторушина, Н.М. Губина, Г.В. Елизарова, А.П. Садохин т.б.), оның құрылымдық ерекшеліктері тұрғысынан көзқарастар (Г.В. Елизарова, А.П. Садохин, К.М. Ирисханова, И.С.Соловьева, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева т.б.). берілген түсіндірмелерді талдау ғалымдардың МБ-ті тәпсірлеудегі барлық көзқарастарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ғалымдардың бірінші тобы МБ адамның білімі мен іскерліктерінің, қабілеттіліктерінің жиынтығы деп көрсетеді. Ол туралы бір ғалымдар Овладение межкультурной компетенцией предполагает владение целым комплектом знаний (не только о языке и культуре, но и самом процессе межкультурного общения), формирование специальных способностей и умений межкультурного общения, воспитания особого отношения к собеседнику и процесу общения.
Ғалымдардың екінші тобы МБ ерекшеліктерін тұлғалық идея тұрғысынан тұжырымдауды ұсынады: Под межкультурной компетенцией понимается способность, позволяющая личности реализовать себя в рамках диалога культур, т.е. в условиях межкультурной коммуникации. Осыған ұқсас ойды келесі цитатадан да байқаймыз: Межкультурная компетенция - это основанная на знаниях и умениях способность осуществлять межкультурное общение посредством создания общего для коммуникантов значения происходящего и достигать в итоге позитивных для обеих сторон результатов общения.
Соңғы жылдардағы зерттеулерді талдау (2002 жылдан бері) ғалымдардың мәдениетаралық қарым-қатынас компетенция ұғымы туралы көп айтатындарын көрсетеді (О.Р.Бондаренко, В.В.Сафонова, Т.В.Ларина, И.А.Голованова, В.А.Брылева, Н.Е.Яковлева, И.П.Плужник, Л.Г.Ковтун, S.Luchtenberg т.б.).
МБ ұғымы өзінің түсіндірмесінде өзгеріске ұшырауда. Мысалы, Т.Баумер МБ кең және тар мағынасын ажыратады: Кең мағынада біз мәдениетаралық біліктілік деп басқа адамдармен сәтті қатысымға түсу қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет бала кезде көрініс беруі мүмкін және тиісті икемділік пен тиісті күш салудың арқасында ары қарай дамуы мүмкін. Отандық ғалымдар шетелдік әріптестерінің ойымен келіседі: Мәдениаралық біліктілік - басқа мәдениет феномендерін қабылдау, түсіну, тәпсірлеу қабілеті және туған ділі мен ұлттық дәстүрлер құндылықтарын салыстыру және оның басқа мәдениетпен ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алу, оларды сыни тұрғыдан түсініп, өзінің өмір көрінісін қалыптастыра алу іскерліктері. Бұл жерде қатысымға және өзара әрекетке дайындық қана емес, сонымен қатар, ерекше мәдени өзіндік түсінігі, өзін-өзі шынайы бағалауы, толеранттылық, эмоционалды тұрақтылық, өзіне деген сенімділік, қайшылық және шиеленісті болдырмау іскерлігі.
Жоғарыда айтылғаннан қорытындылайтынымыз - МБ тәпсірлеу кезінде басты назарда адамдардың бір немесе бірнеше лингвомәдени қауымдастықтарға жататындықтарына қарамастан, адамдардың өзара әрекетінің мәдени факторларын есте сақтау керектігі тұрады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігінің талаптары заман ерекшеліктеріне байланысты практикалық мақсатпен анықталады. Әуел бастан-ақ мәдениетаралық қарым-қатынас пәнінің негізін салушы Э.Холл мәдениетаралық оқыту өзге мәдениет өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста қолдану барысында меңгерілуі керек деп атап өткен. Сондықтан өзіндік ой тұжырымымыз бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың мәдениетарлық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін қалыптастырудың әдістемелік алғышарттары
Шетел тілі мұғалімінің кәсіптік және педагогикалық дамуы
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігіне сипаттама
Оқушылардың мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Пәндер