Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тәсілдері
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Смагулова Лаура Нурабековна
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі
Орал 2022 ж.

Қорғауға жіберілді
Каф. меңгерушісі
Утегалиева Б.Б
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Орындаған: Смагулова Л.Н.
Ғылыми жетекшісі: Сәуле Ислямовна
Орал 2022 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 Орта мектеп жасындағы оқушыларға ағылшын тілін меңгертуді ұйымдастырудың формаларының мәні, мазмұны және түрлері ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ағылшын тілін оқытуда жеткіншек жастағы оқушылардың жас ерекшелігін ескеру ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Ағылшын тілін оқытудың интерактивті әдістері - орта мектеп жасындағы оқушылардың танымдық әрекетін дамытудың негізгі факторы ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдысын көрнекіліктерді қолдану арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бірінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың заманауи әдіс - тәсілдері ... ... ... ... .
2.1 Оқушыларға ағылшын тілін оқытудың түрлі жолдарын және идеяларын пайдаланудың заманауи ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.3 Ағылшын тілін оқытуды дамытуда интерактивті әдістері мен сурет көрнекіліктерін қолдану кезінде алынған тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Екінші бөлім бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы: Осыдан бірнеше жыл бұрын мектеп жасындағы балаларына шет тілін қалай оқыту мәселесі біздің елімізде де, сонымен қатар шет елдерде де соңына дейін шешімін таппаған мәселердің бірі болатын. Көптеген әдіскерлер және оқытушылар оқушыларды өзге тілді оқытуға қызығушылық танытса да, осы мәселе туралы бірнеше кітаптар, диссертациялар, мақалалар болса да, оқушыларды өзге тілдерді үздіксіз оқыту Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін барып бастауын тапты. Осы уақыттарда АҚШ-та орта мектепте шет тілдерін оқыту науқаны басталған заманауи тіл қауымдастығы пайда болды. Осыған орай көптеген тәжірибелер барлық мемлекет бойынша орта мектептерде ұйымдастырылып басталды. Бұл барлық сыныпта тіпті кіші жастан бастап та өзге тілді оқытуды бастау керектігін дәлелдеу үшін жасалды. Себебі осы тәжірибе егер де іске асып жатса жақсы нәтижелерге қол жеткізу мүмкін екендігін көрсетті.
Қазірде заманауи қоғам қарқынды дамып келе жатыр және шет елдермен деген қарым - қатынастың дамып келе жатқаны өзге тілдерді меңгерумен байланысты болып тұр. Білім берудегі басты басымдықтардың бірі - шет тілдерін мектеп кезінен бастап үйрену. Көптеген мектеп мекемелерінде, сонымен қатар түрлі білім беру орталықтары оқушыларды дамытудың алғашқы кезеңдерінде шет тілдерін оқыту бағдарламаларын әзірлейді.
Оқушыларға ағылшын тілін оқыту мәселесі қазіргі заманғы білім беру үшін маңызы зор екені бәріне мәлім. Бұл мәселе оқушыларға ағылшын тілін үйрету қажеттілігі туралы ғылыми дәлелдерге негізделген. Жалпы балаларға ерте жастан шет тілін үйрену олардың бастапқы қабілеттеріне қарамастан пайдасы бар, өйткені ол баланың психикалық қызметінің дамуына, оның есте сақтау қабілетіне, ойлау қызметіне, қабылдауына, фантазиясына сөзсіз өз әсерін тигізеді. Айта кететін жайт, ол баланың жалпы сөйлеу, түсіну қабілетіне ынталандырушылық, қызығушылық әсерін де тигізеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Ағылшын тілін оқыту үшін кіші сынып кезі ғана қолайлы кезең деп айту қате деп білемін, себебі жаңа ақпаратты алу қай кез болмасын, бастысы ынта болса үйренуге кеш емес деп білемін. Оқушының ынтасын өзі ғана емес, мұғалім де ашуға ықпал ете алады. Орта сынып оқушылары (10 - 15 жас) тілдік қабылдау қабілеттеріне ие: олар өз сөйлеуінде тәжірибесі бар, жаңа материалды тез меңгеріп, күнделікті қолдана біліп қана қоймай, өз ойын жақсы айта алады.
Орта мектепте ағылшын тілін оқыту тарихына шолу жасасақ. Ол 1947 жылдан бастау алған, яғни осы жылы Министрлер кеңесінің Орта мектепте шет тілін оқытуды жақсарту туралы қаулысы шет тілдерді оқытудың әрі қарай дамуына септігін тигізген құжат болды.
Кейін 1961 жылы тағы бір қаулы шықты. Бұл Шетел тілдерін оқытуды жаңарту туралы қаулы болды және кейінгі он жылдықтағы шет тілі барысын, мақсат - міндеттерін айқындап берді. 1977 жылғы қаулы Орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту деп аталды және көптеген өзгерістер әкелді.
1947 жылғы қаулыдан кейін орта мектептерде ағылшын тілін оқыту қолға алынды, сонымен қатар ағылшын тілінде және ағылшын тілін оқытатын арнайы мектептер ашыла бастады.
Бұл кезде бағдарлама бойынша бірнеше талаптар қойылды. Олар: оқи білу, түсіну, шет тіліндегі мәтіндерді аудара білу, ауызша сөйлеуді түсіну, бір сөзбен ауызша мен жазбашаның негізін қалау болды.
60-шы жылдар ағылшын тілін оқытуда жемісті жылдар болды. Осы жылдары методикаға байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылды, ең бастысы мектептерде практика жүзінде қолданыла бастады.
Бүгінде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланды, оқушы өзі қысқаша сөйлемдер құрап айту, берілген ақпаратты қабылдау және дауыстап қатесіз оқуға үйретіледі. Ауызша кіріспе бөлімнен басталатын бұл бағдарламаның бекітілген өз уақыты болады. Бұл кезеңнің негізі - ауызша сөйлеуге үйрету болып табылады.
Екінші кезеңде қабылдау механизмі қалыптасады, өз ойымен сөйлемдер құрауға дағдылана бастайды, күнделікті қарым - қатынас тіліне үйренеді. Тыңдалым, оқылым дағдылары, оқығаның аудармасыз түсіну де дамиды. Бұл кезеңде ауызша сөйлеуді де ұмытпаймыз, оқуға да үлкен мән қойылады.
Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күрделене бастайды, яғни қарым - қатынас тілі ғана емес, қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми - ағартушылық тақырыптары да қамтылады. Осы үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқылым бірдей деңгейде алынады.
Оқушылардың сөйлеп үйренуі кезінде бірнеше қиыншылықтар кездесуі мүмкін, бірақ ойларын жаңа әдістермен енгізіп түсіндіру арқылы ағылшын тілінде сөйлесу барысында аса қатты қиыншылықтар болмайды. Себебі, оқушыларға жаңа тіл қызықты жолмен жеткізілсе, олар оны ойын түрінде қабылдап, қайталана берген материалдың қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады, үлкен қызығушылықпен меңгере бастайтын болады. Ағылшын тіліндегі жаңа сөздер, аудармалары қызықты сөздер олардың жадында тез сақталып қалатын болады.
Оқушы шет тілін қызыға оқуы үшін, оқытушы тілді әр түрлі әдіс - тәсілдер мен көрнекіліктерді дұрыс қолдану арқылы жеткізе білуі тиіс. Есту бейнесі міндетті түрде көру арқылы бекітілуі қажет, яғни оқушы тек естіп қана емес, үйреніп жатқан сөздердің бейнесін визуалды жадына сақтауы өте маңызды. Сол үшін оқытушы ақпараттық технологияларды, түрлі плакат, ватман секілді заттардың көмегіне жүгінуі өз пайдасын тигізері анық.
Дипломдық жұмыстың нысаны: Орта мектепте оқитын оқушыларға ағылшын тілін меңгертудің заманауи әдіс - тәсілдері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні: Орта мектепте оқитын оқушыларға ағылшын тілін оқыту методикасы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын қалыптастырып, соның нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық дамуына атсалысу.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
Орта мектепте ағылшын тілін оқыту, ағылшын тілін орта мектепте оқытудың заманауи тәсілдері ұғымдарының мәнін нақтылау;
Дипломдық жұмыстың тақырыбына сәйкес ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдерін зерттеу;
Орта мектептерде шетел тілін оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін анықтау;
Оқушылардың шетел тілі сабағында интерактивті әдістер мен көрнекілік құралдар қолданылуына анализ жасау.
Дипломдық жұмыстың әдістері: Ағылшын тілінен методикалық нұсқаулықтарды зерттеу, бақылау, педагогикалық - психологиялық тәжірибе, түрлі әдебиеттерді зерттеу.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы: Оқушыларды орта мектепте интерактивті әдістерді, көрнекілік құралдарды қолдана отырып, ағылшын тілін оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері қарастырылады. Бұл ағылшын тілін оқыту теориясына белгілі бір үлес қосуға септігін тигізеді. Тыңдалымға, оқылымға, жазылымға, естуге үйрететін жаттығуларды ағылшын тілін меңгеру барысында түрлі әдіс - тәсілдерді қолдану методикасының теориясы қарастырылған. Шығармашылық белсенділіктерін нығайту арқылы көрнекі құралдарды, интерактивті әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың өзге тілде сөйлеу қызметін меңгеру барысында оқылым және шығармашылық дағдыларын жетілдіру жолдары белгіленеді.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы: Шет тілін үйретуге арналған түрлі оқыту технологияларын қалай қолдануды қарастырылуымен анықталады, ол дегеніміз жазу, сөйлеу қызметтерін меңгеру сапасын арттыруға мүмкіншілік береді. Әдіскерлер дайындаған бағдарламалар, тексеру тесттерімен методикалық материалдар мен оқу - әдістемелік кешендер жане аудиоматериалдар ағылшын тілін үйретуде қолданыс табады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломдық жқмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, тақырыптың мақсаты мен міндеттері және де теориялық маңыздылығы, практикалық құндылығы анықталады.
1 Орта мектеп жасындағы оқушыларға ағылшын тілін меңгертуді ұйымдастырудың мәні, мазмұны және түрлері
1.1 Ағылшын тілін оқытуда жеткіншек жастағы оқушылардың жас ерекшелігін ескеру
Мектеп пен білім алу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқушылар білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Оқытушының міндеті - оқу материалдарын қайталай беру арқылы материалды жадына сақтауға үйрету болып табылады.
Бұл жастағы оқушылар өнегелі адамдардың істерімен масаттанады.
Осы тұрғыдан оқушының мінезін тәрбилеу, ықыласы мен қабілетін дамыту дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек.
Осы ерекшелікті есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру қажет. Оқушылар, әсіресе жеткіншек жасындағылар қоғамға пайдалы істерге ықыласты, ұжымшыл, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерді көруге ынталы, спортты ұнатады.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5 - 8 сыныптарда оқитын кезеңіне сәйкес келеді де, 10 - 11 жастан 14 - 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Бірақ, кейбірінде жеткіншектік жастың басталуы 5 сыныпқа көшу кезеңімен тура келмей, бір жыл ерте немесе кеш болуы мүмкін. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны, оның өтпелі, бетбұрыс, қиын кезең деген атауларында бейнеленген.
Жеткіншек жастағы оқушының жеке басы дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым - қатынас орнатуға бағытталады.
Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез - құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, көп жағынан әлі де бала болып жүріп, елеусіз есейеді.
Жеткіншектің өз басындағы басты, өзіне тән жаңа мінезі оның өзі туралы енді бала емеспін деген түсініктің пайда болуы. Ол өзін үлкенмін деп сезіне бастайды, есеюге және өзіне басқаның осылай деп қарауына әрекет жасайды.
Мектеп пен оқу жеткіншек балалардың өмірінде үлкен рөл атқарады. Бұл жастағы оқушылар білімді, қатал, әділ, мейірімді де әдепті, сабақта жұмысты қарқынды ұйымдастырып, оған оқушыларды тарта білетін, барлық балалар үшін жауап бере алатын мұғалімдерді ұнатады.
Жеткіншектік шақ -- болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс - әрекетін жүзеге асыруға ұмтыла бастайтын кезең екендігін әрдайым жадыда ұстау қажет.
Жасөспірім кезеңнің көптеген теориялары бар. Бұл шақ бала мен үлкеннің арасындағы өтпелі кезең болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, үлкендер баланың өмірлік іс - әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.
Әрбір жас шағы бала үшін психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог - маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі өзіндік ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт деп білемін.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан - жақты дамуы мен мінез - құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10 - 15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым - қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамдық жатсыну әдеті пайда болады.
Қоғамның алғашқы ұжымы -- отбасы, бала бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде олардың ықпалын ерекше сезінеді. Отбасының жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата - аналарының айналысатын жұмыстары, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейлері баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата - аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында өз үлесін тигізеді.
Бұл жаста өмір ортасының қарама - қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі -- өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым - қатынасын, өмірден өзінің орнын табу. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда оқудың атқаратын рөлі ерекше.
Өкінішке орай, кейбір оқушылардың оқу пәндеріне деген ынтасының болмауынан сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірімдермен жұмыстағы басты педагогикалық идея: іс -- әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл класс ұжымы алдында өзін -- өзі сенімді ұстауына жағдай туғызады; құндылықтарын қалыптастыру; мінез құлқы мен рухани дамуына қарым - қатынастарын ұлғайтады.
Осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі оқушылардың әрбірімен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педогогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Жасөспірімдер өмірінде, яғни толық орта білім беру жолына таңдау жасайтын кезеңде, оқушылардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады.
Адамның жалпы ақыл - ой қабілеті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz