Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі


1. 1 12 жылдық білім беру жүйесі - уақыт талабы . . .
1. 2 12 жылдық білім беруде қолданылатын жаңа технологиялар және
оларды қолданудың ерекшеліктері . . . 16
2 12 жылдық білім берудегі Қазақстан тарихы пәнінен білім сапасын арттыруда қолданылатын жаңа педагогикалық инновациялық технологиялар арқылы сабақ өткізу әдістемесі 2. 1 Модульдік оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі . . . 29 2. 2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі . . . 38 2. 3 Мультимедиалық оқыту технологиясы арқылы сабақ өткізу әдістемесі . . . 49Қорытынды . . . 58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Қосымша
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлем білім кеңістігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелеу байланысты. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын [1, 50 б. ] . Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ. Елбасы «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп ашып айтты [2, 2 б. ] . 12 жылдық білім беруде оқушылардың білімін арттырудағы бағытталған оқыту технологияларының орны ерекше.
Сапалы білім беретін мектеп бүгінгі күнде өзіндік мектеп реформасын қажет етпек. Сондықтан мектеп реформасын тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектепте бала оқытатын мұғалімдері жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап ету жағы бар.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту стратегиясына» сәйкес 12 жылдық білім беруге ауысудың басым бағыттарының бірі-тиімді қызмет ететін білім беру үлгісін қалыптастыру, Қазақстанның дамыған елдер арасында лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың жоғары сапалы деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның болашағын ойласақ-ұлттық даму, өмір сүру ерекшеліктеріне сай ұлттық мектептер қалыптасуы шарт, себебі, әр елге немесе әр мемлекетке бірдей бірқалыпты педагогикалық теория да, білім жүйесі болуы да мүмкін емес. Болашақ 12 жылдық мектеп қандай болуы керек, оның ерекшелігі неде?
Біріншіден - ол Қазақстан мемлекетінің мүддесіне сай болуы міндетті, олай болса ұлттық тәрбие алған бала өз елінің қамын ойлайтыны заңдылық.
Екіншіден - мектеп білім беру әдісіне жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар жасалынып, олардың мектептегі негізгі тұлға - оқушы мен бейнесін қалыптастыруды толық қамтитын, әрі қорғайтындай болуы тиіс және «жалаң» теориясымен шектелмей, балалар қабілетін аша отырып, білімге құштарлықты арттыру бағыты психологиялық іс-әрекетке негізделуі. Өйткені, білім қажеттілігін терең түсініп, оны үйренуге ұмтылған бала өмірге де жеңіл бейімделеді.
Үшіншіден - оқушының бастауыш жас кезеңінен кәсіби қабілетін, оның бағдарламасын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп, азаматтың сапасын жеілдірсек, сонда білім беру де болашақ елдің дамуы да нәтижелі болады.
Төртіншіден - тәрбие отбасынан басталады, сондықтан ата-аналардың мектеппен байланысын күшейту керек.
Бесіншіден - мектепке құқық тәрбиесін беру мен оқыту мардымсыз. Соның салдарынан балалар өздерінің міндеттері мен құқықтарына әрдайым сүйенеді [3, 39-41 бб. ] .
Жас мемлекетіміздің болашағы - бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы өзекті мәселені алдын алатын оқыту технологиялары. 12 жылдық білім беру үрдісінде мұғалім жаңа педагогикалық технологияны қолдануды төмендегідей кезеңдер арқылы іске асыра алады:
- І кезең - оқып үйрену
- ІІ кезең - меңгеру
- ІІІ кезең - өмірге ендіру
- ІҮ кезең - дамыту.
12 жылдық оқыту жүйесі - заман талабынан туындаған еліміз үшін аса маңызды бетбұрыс. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойындағы бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкіндігіне ие бола алады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. «Жаңа педагогикалық технология» ұғымы жиырмасыншы және жиырма бірінші ғасырларла ғалымдардың ғылыми зерттеуіне арқау болды. ХХ ғасырда жазылған еңбектерде қолданылған материалдар әлі күнге дейін өз құндылығы мен сапасын жойған емес. Осы ғылыми еңбектер негізінде мәліметтер қазіргі күнде де толықтырылып, өңделіп шығарылуда.
Қазіргі таңда 12 жылдық білім беру туралы арнайы кітаптар жоқ. Бірақ біз аталған тақырыпқа байланысты мәліметтерді мерзімді басылымдардан, яғни, газет-журналдардан таба аламыз.
Мәселен, «12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық дайындаудың нормативті қамтамасыз етілуі» атты Республикалық семинар материалдарын және «12 жылдық білім беру» журналының 2009-2013 жылдары шыққан басылымдарын айтуға болады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мысалы, белгілі ғалым Сократ оқыту үрдісінде оқушылардың ізденімпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан. Кейіннен бұл қағидалар Я. А. Коменский, А. Дистервег еңбектерінде дамытылды. Сонымен қатар, М. Н. Скаткиннің, И. Есимовтың, И. Я. Лернердің, М. И. Шамованың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді Ал Қ. Қараева, Э. Cаулеева, Қ. Наурызбаева, К. Бұзаубақова өз еңбектерінде «жаңа педагогикалық технология» ұғымына сипаттама бере отырып, оларды Қазақстан тарихы пәні бойынша қолдану әдістемесін көрсеткен. Д. Матрос жаңа ақпараттық технология түсінігін қарастыра келе, кез-келген әдістемелер мен педагогикалық технологиялар ақпаратты оқушыларға қайта өңдеуді ұсынатынын атап көрссетеді, демек, оның анықтамасы бойынша кез-келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология [45, 93 б. ] . Оқыту үдерісіндегі компьютердің маңызына өз еңбегін арнаған ғалым Г. К. Селевко: « . . . оқыту процесінің технологиялық негізін ақпарат пен оның өңделуі құрайтындықтан, кез-келген педагогикалық технология - бұл ақпараттық технология» деп көрсетеді [46, 93 б. ] .
Г. Д. Жангисинаның анықтауы бойынша оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары «оқытудың қазіргі заманғы технологияларын бағдарламалық әдістемелік жағынан интерактивті түрде қолдауды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс, бағдарламалардың инструменталдық құралдарының жиынтығы» [47, 29 б. ] . Жоғарыдағы ғалымдардың еңбектерімен шектеліп қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерді пайдаландым.
Зерттеу жүйесінің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар арқылы меңгертудің ұтымды және ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну. Сабақты мазмұнды игертудің тиімді амал-тәсілдерін айқындау. Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттер қойылды:
- жаңа педагогикалық технология арқылы қазақстан тарихын оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу;
- жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытудың тиімді жолдарын ұсыну;
- педагогикалық эксперимент арқылы жаңа педагогикалық технологияның тиімділігін дәлелдеу;
- педагогикалық технологиялар туралы мәлімет бере отырып, олардың бір-бірінен ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі: Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының іске асыру үшін 2011 жылдан бастап эксперименталды жұмыстар басталып, 2014 жылда жалғасын табуда.
Зерттеу жұмысының аумақтық шегі: Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының жалпы көлемі - 65 бет. Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
1 12 жылдық білім беру жүйесі және ондағы білім беруге қолданылатын оқыту технологиялары1. 1 12 жылдық білім беру жүйесі - уақыт талабы.
Білім беру саласындағы мемлекеттің саясатының дамуының негізгі бағыттары - аса маңызды мәселелердің бірі. Білім беру саласы ұлттық мемлекеттің дамуын қамтамасыз ете отырып, білім беру процесіндегі ұлттық идея мен әлеуметтік негіздерді ұштастыра білу керек. Білім берудің келешегі ұлттық психология мен тарихқа негізделіп және адамның, қоғамның, мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкес құрылады. Ал білім беру жүйесін реформалаудың маңызды қағидалары ұлттық мәдениет пен бірлікте болуында екендігі сөзсіз.
Біз, Қазақстан Республикасы 2015-2016 оқу жылында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енудің басты бір жолы. 12 жылдық білім беру жүйесі әлемнің 136 елінде қолданылады. Сонымен қатар, осы елдерде 12 жылдық білім берудің жүйелі қалыптасқан халықаралық стандарты бар. Қазіргі таңда әлемде 12 немесе 13 жылдық білім беру жүйесі қолданылады, тіпті кей мемлекеттерде 14 жылдық білім беру жүйесі құрастырылған. Жапонияда, Францияда, Америка Құрама Штаттарында, Швецияда, Канадада 12 жылдық білім беру жүйесі, Швейцарияда, Чехияда, Италияда, Германияда 13 жылдық білім беру жүйесі, ал Голландияда 14 жылдық білім беру жүйесі жүзеге асырылады. Бұл елдердің мектептерінде бастауыштың 3-6 жылдық, негізгі орта білімнің 3-6 жылдық, жоғары орта білімнің 2-4 жылдық сатылары қолданылады [4, 17 б. ]
Жапония мен Қазақстан мемлекетіндегі 12 жылдық білім беру жүйесін салыстырайын. Жапонияда 12 жылдық білім беру жүйесінің 6+3+3 сатысы қолданылады: бастауыш мектеп 6 жылдық, орта мектеп 3 жылдық, жоғары мектеп 3 жылдық. Бастауыш және орта мектепте S, A, B, C, D бағалау шкаласы қолданылады. Мектептерде аптасына бес күндік оқу жүктемесі енгізілген. Оқушылардың білім деңгейін тексеру үшін тест жүйесі қолданылады. Бастауыш және орта мектептерінде оқушылардың бойына «Жүрек, ақыл-ой, діл, ізгілік» идеясын дамытуды басшылыққа алады. Жапонияда жоғары мектептің 5 түрі бар: техникалық мектеп, сауда мектебі, ауылшаруашылық мектебі, флоттық мектеп және қосымша мектептер.
Енді Қазақстандағы 12 жылдық білім беру жүйесіне тоқталайын. Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесінің 5+5+2 сатысы қолданылады: бастауыш мектеп 5 жылдық, орта мектеп 5 жылдық, жоғары мектеп 2 жылдық. 12 жылдық мектеп экспериментінде 12 балдық шкаласы қолданылады. Мектептерде аптасына алты күндік оқу жүктемесі енгізілген.
12 жылдық білім беру стандарты Қазақстанның қазіргі орта білім беру саясатын әзірлеуде жаңа мазмұн бере, тұжырымдамалық сипатымен ерекшеленеді. 12 жылдық білім беру стандартының жалпы қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталып, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен» тұжырымдалған [5, 2 б. ] . 12 жылдық білім беру стандартында жаңа педагогикалық парадигма мен жаңа педагогикалық құндылықтарға өту қадамдар жасалынады.
2015 жылы 600 мың бірінші сынып оқушысы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды, олар үшін жаңа білім беру стандарттары әзірленуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2015 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан мектептерінде оқитын 2, 7 млн. баланың 600 мыңы 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бірінші сыныпқа барады. Болжам бойынша, 2015 жылға қарай 5 сыныпта 260 мың оқушы (13 мың жинақ-сынып), 11 сыныпта - 175 мың бала (8 мың жинақ-сынып) оқитын болады [6] .
12 жылдық эксперимент мектептердің білім сапасын тексеруде халықаралық PISA, TIMSS бағдарламалары бойынша тест алынады.
12 жылдықтың жүктемесін азайтудың маңызды факторларының бірі - «Бейіндік мектеп» профилдік оқыту бағдарламасы. Әзірленіп жатқан бағдарлама 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, зияткерлік мектептердің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің жоғары сыныптарына енгізіледі. Бұл мектептерге қабылдау ҰБТ негізінде жүзеге асырылады [7, 8 б. ] .
Қазір бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру және типтік оқу жоспарлары, 12 жылдық білім берудің оқыту бағдарламалары әзірленуде.
2015 жылға қарай «бейінді мектеп» профильдік оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламалары әзірленіп, қайта сынақтан өтеді [8, 12 б. ] .
Бейінді оқыту жеке оқытуды жүзеге асыру және білім беру процесін ұйымдастыру құрылымындағы мақсатқа сай өзгерістер есебінен жүргізілуі тиіс. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі айтулы жаңалық - мектеп шәкіртінің
тұлғасын әлеметтендіру. Біртіндеп оқушының бойында қалыптасатын әлеметтендіруді әрбір пән өз үлесін қосу арқылы іске асыратын болады. Әрине әлеметтік процесс мектептің шеңберімен шектелмейді, шынайы қоғамдық-әлеметтік-кәсіби проблемаларды шешуге шәкірттердің өздері араласа жүріп дамитын болады.
Бейінді оқытудағы мәселелердің жаңа шешімін іздеу мына істерді алға қояды [9, 13 б. ] :
- білім бердің мазмұнын оқу тәжірибесінен тыс шоғырландыруды күшейту;
- мектепті басқа оқу орындарымен біріге жұмыс істеуге бағдарлау (мектепаралық оқу комбинаттары, кәсіптік мектептер, кәсіптік лицейлер, колледждер, жоғарғы оқу орындары) ;
- мектеп оқушыларын олардың қабілеттерін, икемділіктерін, қызығушылықтарын және нарық сұранысын есерсе отырып, вариативтік негізде бейінді даярлаумен қаматамасыз ету;
- нақты мамандық таңдау үшін еңбек нарығы, мамандықтар әлемі туралы ұғымдарды қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бейінді оқытудың мақсаты кәсіби бағдарлау білігін қалыптастыру болып табылады:
- білім ортасын өнімді меңгеру;
- белгілі бір салада өзін-өзі таныту;
- белгілі бір мамандық таңдау, оқытудың мақсатын анықтау;
- сыртқы және ішкі ресурстарды тиімді қолдана білу;
- өзгермелі еңбек нарығы жағдайында білім ашуын жалғастыру туралы шешім қабылдау;
Сондықтан бейінді оқытудың негізі міндеті мынандай болып табылады:
- Кәсіптік бейімділік пен еңбекке баулуды жетілдіру, оқу үрдісін жаңа технологиялармен жарақтандыру;
- Оқушылардың қабілеттерін және нақты мүмкіндіктерін айқындап, дамыта түсу;
- Бейінді оқыту жүйесіндегі тиімді және сенімді құрал болуға тиісті білім сапасын бағалау ісін жүйелеу;
- Оқытуды бейінді саралауға, дербестендіруге жағдай жасау;
- Орта мектептің өзінде-ақ әртүрлі пәндерді тереңдете оқыту арқылы оқушылардың қызметін мамандық таңдауға үйлесімді бағдарлау қажет.
Оқушылар өзіне қажетті кәсіпті саналы түрде таңдауға даярлаудың мынандай кезеңдерден өтеді [10, 651-653 бб. ] .
- Уағыздау кезеңі (9-10 сынып) - кәсіптік бағдарлаудағы оқушылардың білімге қатысты сұраныстарын айқындап, жоғары мектепте бейінді оқытуды таңдауына байланысты шешім қабылдауға дайындығын бағалауды көздейді.
- Негізгі кезең (11 сынып) - қызмет түрлерін үлгілеу.
- Аяқтау кезеңі (12 сынып) - бейінді оқыту.
Кәсіптік бағдарлаудың уағыздау кезеңі оқушылардың білімге қатысты сұраныстарын айқындауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдардың негізгі кезеңінде оқу ісі әрі қарай білім алу үшін бейінді оқытудың бағытын таңдау туралы шешім қабылдау тәсілімен жүргізіледі. Бұл кезеңде білім қызметінің жеке траекториясы анықталады (бейінді бағдардың барлық субьектілерімен өзара іс-қимыл жасайтын сынып жетекшісі, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, жетекші, үйлестірушінің көмегі арқылы), кәсіп таңдаудың негізгі шектеулері, денсаулық мүмкіндіктері айқындалады [11, 13 б. ] .
12 жылдық оқытудың моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар шығару, коррекциялық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды аудару және бейімдеу іске асырылады. Оқулықтарды әзірлеу мен сынақтан өткізу функциялары бөлінеді. 2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірленеді.
2014 жылы 12 жылдық оқыту моделі бойынша 1, 5, 11 сыныптың, 2015 жылы 2, 6, 12 сыныптың, 2016 жылы 3, 4, 7 сыныптың, 2017 жылы 8, 9, 10 сыныптың оқушылары үшін баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар дайындалады. Осыған байланысты 12 жылдық білім берудің моделін бөліп қарастыруға болады [12, 344-345 бб. ] .
12 жылдық білім беру моделі мақсаты, міндеттері және тұжырымдамалардан тұрады. 12 жылдық білім берудің мақсаты - 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз ету.
Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттерді жүктейді [13, 42 б. ] :
- оқушының жеке тұлға ретінде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;
- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;
- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді қамтамасыз ету;
- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін қалыптастыру;
- білім мазмұнының инварианттық және вариативтік компоненттерінің арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білімдердің диалектикалық бірлігін қамтамасыз ету;
- оқушылардың оқу жүктемесін тұрақтандыру.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады [14, 1 б. ] .
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау.
Тұжырымдаманың міндеттері:
- 12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
- 12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
- Осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
- Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
- 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
- Жалпы орта білім беру құрылымы.
- Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
- Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
- Педагогикалық кадрлар.
- Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
- Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
- 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Қазақстандық оқулықтармен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі рұқсат еткен оқулықтар тізіліміне енген тарих, оның ішінде Қазақстан тарихы ғылымы бойынша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар да пайдаланылатын болады.
2015 жылы жалпы білім беретін білім беру ұйымдардың барлық оқушылары жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен және сандық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі [15, 47 б. ] .
Мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандартының басты идеясы қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелерін талаптар қою болып табылады. Құзырет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Құзыреттілік - іс - әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғалық қасиет. Болашақ 12 жылдық мектептегі білім сапасы - экономикасы дамыған демократиялық қоғам жағдайында әр түрлі салада мәселені өздігінше шешуге мүмкіндік жасай алатын оқушылардың білім алу нәтижесінде жеткен жетістігі деп түсінеміз.
Қазақстандағы білім беру практикасындағы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартындағы негізгі компонеттердің бірі базистік оқу жоспары болып табылады. Білім берудің деңгейін, сыныптар бойынша білім берудің мазмұнын игеруге бөлінетін оқу уақытын, оқу пәндері мен білім беру саласының құрамын, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін анықтайтын нормативтер шеңберін тағайындайтын базистік оқу жоспары. Базистік оқу жоспары инвариантты және вариативті (жылжымалы) бөлімдермен ерекшеленеді.
Инварианттық оқу жүктемесінде білім беру мазмұны
міндетті түрде барлық оқушылар үшін қордаланып берілген. Блоктық пәндер жиынтығында білім берудің негізгі компоненттері (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, коммуникативтік, эстетикалық дене) оқу жоспарына сәйкес білім берудің инварианттық мазмұнында блок түрінде беріледі, математика, жаратылыстану, қоғамтану, өнер, дене және еңбекке даярлау.
Вариативтік оқу жүктемесінде мазмұнын ата-аналардың және балалардың мүмкіндіктерімен күшіне сай қажетін ескере отырып мектеп қарастырады. Оқу жүктемесінің ішкі құрылысы баланың жасына тәуелді. Бастауыш сыныптарда вариативтік бөлігі әр сыныпта екі-үш сағаттан қосымша сабақ жүргізу арқылы оқу уақытымен жүзеге асады. Оларды өз тандауы бойынша әр сабақтарды негізінен жалпы-мәдени іскерлік қалыптастыруға бағыттап қолдануға болады. Вариативтік бөлімінің екінші сатысы әр сыныпта бес сағаттан факультативтен тұрады. Таңдауы бойынша мектепте вариативтік бөлімнің үшінші сатысы көпқырлы пәндер мен курстардан тұрады. Инварианттық және вариативтік бөлігі оқытудың әртүрлі бірдей емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz