Жамбылдың Жабаевтың дастандары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Жамбыл Жабаевтың эпикалық мұраларының тарихи көркемдік негіздері»

Орындаған: 4 курс студентті Мақсатқызы Аружан

Ғылыми жетекші:

Талдықорған, 2022

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖАМБЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨНЕР ЖОЛЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

1. 1 Ж. Жабаев өмірі мен шығармашылығын зерттеудің

қазіргі жай - күйі . . . 10

1. 2 Жамбыл шығармаларындағы өзекті мәселелер . . . 11

1. 3 Жамбылдың жұмбағы мен құдіреттілігі . . . 16

2. ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЭПИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ

ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

  1. Эпикалық шығармалар туралы жалпы түсінік . . . 25
  2. Жамбыл Жабаевтың эпикалық мұраларының тарихи

көркемдік негіздері . . . 27

2. 3 Жамбылдың Жабаевтың дастандары. Сұраншы батыр дастан . . . 38

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 40

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: «XX ғасырдың Гомері» атанған әйгілі суырыпсалма ақын Жабыл Жабаевтың шығармашылығы әр кез әр алуан зерттеу объектілерінің нысаны болып келе жатыр. Е. Ысмайылов өзінің саналы ғұмырында ақындар шығармашылығын өте көп зерттеген ғалым, соның ішінде халық ақындары, әнші-ақындар, ең бастысы, біздің өзіміздің зерттеу нысаны етіп отырған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын өте көп зерттеді деуге әбден болады. Сондай сүбелі зерттеулердің нәтижесінде «Ақындар», «Жамбыл және халық ақындары», «Ақындық өмір» атты зерттеу кітаптары дүниеге келді. Бұл еңбектердің қай-қайсысы болса да кезінде зор бағаға ие болған, халық ілтипатына ерекше бөленген бағалы еңбектер, ақынға атақ - абырой, ғылыми дәреже алып берген бұл кітаптардың дені әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ деп айтуға әбден болады. Жамбыл Жабаев шығармашылығын бір ғана Е. Ысмайылов зерттеді десек қателесеміз. Жамбыл шығармашылығы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, М. Жолдасбеков, С. Негимов, С. Садырбаев, т. б. зерттеулері жамбылтану ғылымына қосылған мол үлестер деп санаймыз. Әсіресе соңғы уақыттарға дейін осы салада жемісті еңбектеніп келе жатқан С. Садырбаев зерттеулерінің алар орны ерекше. Сол еңбектерінің ішінде «Фольклор және Жамбыл» деп аталатын монографиясының ғылыми мәні зор, жамбылтанудың жаңа бір белесі деп атауға болады. Сондай-ақ Н. Төреқұловтың «Жамбыл және Кенен » (1978), «Жүз жасаған бәйтерек» (1982), «Алатау асқарынан жыр асырған» (1996) деп аталатын кітаптарының қай-қайсысы болса да құнды, мәнді, ғылыми және әдеби тұрғыдан тағылымы өте мол еңбектер екені сөзсіз.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға Жамбыл Жабаевтың тарихи мұраларымен таныстыру. Жүз жасаған ақынның жүріп өткен өмірі мен өнері туралы тарихи бағытта зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

  • Мектеп оқушыларына Жамбыл Жабаев туралы тарихы сипаттама беру;
  • Жамбыл Жабаевтың эпикалық мұралары;
  • Жамбыл Жабаевтың мұраларының тарихи көркемдік негіздері;

Зерттеу пәні - Жамбыл Жабаевтың эпикалық мұраларының тарихи көркемдік негіздері

Зерттеудің жаңалығы. Жамбыл Жабаевтың эпикалық мұраларының тарихи көркемдік негіздері. Ақынның өмірі, өнері және тарихи мұралары зерттелді.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ЖАМБЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ӨНЕР ЖОЛЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫЖ. Жабаев өмірі мен шығармашылығын зерттеудің

қазіргі жай -күйі

«Жүз жасаған бәйтерек» Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық өнері ғибратты. Есмағамбет Ысмайыловтың жиырма бес жылдан аса уақыт үздіксіз зерттеген тақырыбы XX ғасырдағы халық ақындарының шығармашылығы еді. Ол әсіресе, жыр алыбы Жамбылдың поэзиясына айрықша назар аударды. «Халық ақындарының традициясын сақтаған ақын» («Социалистік Қазақстан 1938ж., 20 мамыр»), «Халық жүрегі» («Лениншіл жас» 1938ж., №5), «Ортақ ақын» («Қазақ әдебиеті» 1938ж., 10 сәуір) атты мақалалары ббір жылдың ішінде жарық көрді. Одан бергі жылдары да ғалым Жамбыл шығармашылығын зерттеуден қол үзген жоқ. Ұлы ақынның өмірі мен шығармаларын жан-жақты талдаған екі монографиясын «Ақындар» (1950), «Ақындық өмірі» (1965) жарыққа шығарды. Е. Ысмайылов бұл еңбектерінде Жамбылдың өмірі, ақындық ортасы, өнер салты туралы мәселелерге кеңірек тоқталды.

Жамбыл Жабаев 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысы Шу-көктерек ауданының жерінде Жамбыл тауының бауырында туған. Ұлы жүз Шапырашты ішіндегі Екей руынан делінген. Әдебиетші М. Жолдасбеков, С. Садырбаев, Н. Төреқұловтар да өз еңбектерінде осылай келтіреді.

Жамбыл Жабаев туған кезде Жетісу елі Орта Азияда қатал үкімін жүргізіп тұрған Қоқан хандығының қол астына қарайтынын көрсетеді. Ол кезде Орта Азиядағы Қоқан-Бұхар хандықтарына таяу үстемдік етуші ағылшын отаршылдарының ықпалы бар екендігін, сондай-ақ Қоқан хандығының қазақ халқына айрықша қатал үкім жүргізуінің екі түрлі себебін айтады. Оның бірі - қазақтың негізгі рулары кіші жүз бен орта жүз XVIII ғасыодан бері ерікті, еріксіз түрде Ресей қол астына қарап, онымен шаруашылық сауда-саттық қарым-қатынасын күшейтіп, ол экономикалық әсер XIX ғасырдың орта кезінде оңтүстіктегі қазақтар арасында да жайыла бастады. Ресейден келген капитализмнің күшті әсері оңтүстіктегі қазақ арасына жайылуына Қоқан хандығының бөгет жасағысы келді. Екіншіден, XIX ғасырдың 30-40 жылдарында Ресейдің саяси шаруашылық ықпалы қазақ даласына, Орта Азияға күшті жайылып жатқан кезде Қоқан хандығы Ресей әскерінің алдынан өзіне тіректі қорғану орындарын сайлап алмақ болды. Осы жағдайда Жетісудағы қазақ руларының, соның ішінде Жамбылдың руы Шапыраштының XIX ғасырдың 40-50 жылдарындағы тіршілігі өте ауыр еді, дей келе ғалым Е. Ысмайылов Жамбыл туған жылы қыс ішінде, боранды күнде, елдің үркіп, үдере көшуінің себебін түсіндіреді. Көшіп келе жатқан бір бөлек ауыл Екейдің Жапа сияқты жалшы кедейлерімен қатар Әшекей деген Дулаттың белгілі байынікі еді. Жапа соның әрі қоңсысы, әрі жалшысы. Артынан қуып келе жатқан жаудың бетінде, ұйтқып соққан боран астына да, көш жөнекей түйе үстінде Жамбылдың шешесі Ұлдан толғатып, ықтырма күркеде босанады, көш ертеңінде тағы жүріп кетеді деп, - Ысмайылов Жамбылдың дүниеге келген сәтін баяндайды. Әдебиетші Нысанбай Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек» атты еңбегінің «Боранды күні туған бала» тарауында бұл сәтті кеңірек жазады. Бұл Жамбылдың әке-шешсінің де, өзінің де өміріндегі де аса бір ауыр кезең еді. Жамбылдың өзінің туған кезі туралы айтқан өлеңі оны дәлелей түседі:

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей-көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.

Ел үркіп жүрген кезде күні-түні,

Қар қауып, мұз түскен Жамбыл екем,

Жұтынып суық ауа шыққан үні.

Сары аяз кө жөнекей боран күні,

Мен емес, суық демді ел де алыпты,

Тарылтқан қысаң заман кең жарықты.

Қара күн хан билеген қанды жорық,

Дегендей ел аузында сөз қалыпты . . . [1]

Жамбыл Жабаев туған кезде орыс әскерінің алды, шолғыншылары Қаратал бойына, 1848-49 жылдары Іле өзені бойларына жетіп, 1852-53 жылдары орыс әскерлері Алматы, Талғар, Қаскелеңге келеді. Әрі қарай Жетісу еліне жақындайды. Қоқан хандығының қанаушылық озбырлығынан ығыр болған еңбекші халық - орыстың қол астына қараса аз да болсын бұрынғы көрген қорлығымыз жеңілденер деген үмітте болды. Осы мақсат, үмітте Жетісу елінің Сұраншы, Сарыбай сияқты басты батырлары орыс әскері қатарында қызмет етті.

Жетісудің еңбекшіл халқы Ресейдің қол астына қарағанда қоқан хандығының қатал үстемдігінен құтылғанмен, жалпы қоғамдвқ таптық езішіліктен құтылған жоқ. Керісінше кедейлердің тұрмысы күн санап ауырлай берді. Бір жағынан қазақ еңбекшілері өзінің ішінде бай, феодал сұлтандардың қанауын көрсе, екінші жағынан, отаршыл патша әкімдерінің зорлығын, әкімшілік-саяси рухани қысымын көреді.

Е. Ысмайылов «Елінің Қоқан талауына, Қоқан шапқыншылығына ұшырағанын естіп, шет жағасын көзі көрген. Сондай-ақ патша әкімшілігі мен феодал, сұлтандардың халықты қалай қанағанын білген Жамбылдың ой-пікірі еңбекі халық өміріне байланысты болған», [2] - деп көрсетеді.

Жамбылдың балалық шағы қатал мінездіәкеден гөрі ақындыққа бейім шешесі Ұлданның тәрбиесінде көбірек өтеді. Ұлданның өзі ақын болмағанмен өлең-жырды, ескі күйлерді аса жақсы көріп, құмартып тыңдайды екен. Ұлданның нағашысы Қанадан атақты қобызшы болыпты. М. Жолдасбеков «Жүз жасаған жүрек» атты зерттеуінде Қанаданның шығу тегіне толық тоқталып өткен. Ал Н. Төреқұлов «Жүз жасаған бәйтерек» еңбегінде «Қара қобызды Қанадан», - деп Қанадан жайында сөз етеді. Жамбылдың домбыра тартып, ақындық жолға түсе бастаған кезінде Ұлдан үнемі - «Балама ғана нағашысының өнері қонған», - деп отырады екен.

Жамбыл Жабаевты әкесі жас кезінде молдаға оқуға береді. Бірақ ол қанша оқыса да, араб, парсы тілі араласқан ескі пәнін оқуынан ешнәрсе өндіре алмайды. Есіл-дерті молдадан, әкесінен жасырып домбыра тартып, өлең айтуға талпыну болады. Сондықтан, ақын өзі туралы:

Он жаста ойнап жүрдім бала болып,

Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып - дейді.

Әке тәрбиесінен өзінше бір ұстап қалғаны жылқы малын бағып-қағуға, асауды үйретіп мінуге икемділігі, қайраттылығы. «Жамбылдың жас кезінен домбыра мен өлеңге қандай үйір болса, мықты, асау ат, құнандарды үйретіп, жаратып мінуге, жылқыны бағуға да аса құмар болады», [3] - деп Е. Ысмайыловтың көрсеткеніндей, сол сияқты С. Мұқановтың еңбегінде жазылған: «Жакең 97 жасына дейін атына салт мініп жүрді. 1942 жылға дейін салт атпен Алатаудың биігіндегі Құлансаз деген жайлауға да шықты. Машинаға мініп жүрміз ғой, - деді Жакең 1938 жылдың жазында, үйіне сәлем бере барып отырған үкімет адамдарына, - бірақ оның тас жолға, құрғақ жолға, жазық жолға жүйрік екен. Мен өзім таудың биігін жайлап өскен кісімін. Оған шшықпай көңілім көншімейді. Машина бергендеріңе тәңірі жарлықасын. Енді маған бір жақсы ат тауып беріңдер, өзі жорға, өзі жуас ат болсын. - сол жылы өкімет сатып әперген күрең жорғаны Жәкең 1944 жылға дейін мініп жүрді» [4] деуі дәлелдей түседі.

Жамбылдың туған мекені бұрынғы Әулиеатаның маңайы, Шу өңірі. Тегі - кедей шаруа, жасында діни мектеп есігін ашқанымен, шала молданың шатпағына шыдамаған Жамбыл оқуды тастап кетеді. Талантты жас Жамбыл, оқу оқып, білім ала алмаса да, қаршадайынан өлең-жырға, шешендік сөзге әуестеніп, өзінің суырып салма ақындық өнерге икемділігін таныта бастайды.

Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері негізінен адамдар жөнінде, олардың іс-әркеттері мен түрліше ауыл оқиғалары жайында болады. Байлар мен кедейлердің арасындағы қайшылықтар да оның сана-сезімінен сырт қалмайды. Жамбылдың алғаш ақындық атын шығарған өлеңі - «Шағым». Бұл кезде ол небәрі он бес жаста екен. Өлеңінде діни оқудың жас буынға зияндылығын айтады. Таяқтың астына алып, дүрелеп оқытатын молдалардың жаттанды діни оқуын өткір сынға алады. Өлеңнің әр жолы келекеге толы:

Оқымаймын молдадан

Не оқытпақшы ол маған?

Бала келсе сабаққа.

Жем дәметкен дорбадан,

Ақ сәлдесін төңкеріп,

Көзін жұмып теңселіп,

Күн ұзынға боздаған.

Ақынның келесі өлеңі - «Кедей күйі». Бұл өлеңінде феодалдық патриархалдық өмір болмысын, кедейлерді қанау арқасында ғана өмір сүріп отырған байларды батыл санайды. Ел ішіндегі кесапаттың барлығы байлардың қорқаулығы мен өкімет билігін түгелдей өз қолдарына алған би-болыстардың озбырлығынан деп біледі.

Жас Жамбылдың алғашқы өлеңдері бүкіл Жетісу өңіріне даңқы жайылған Сүйінбай ақынға ұнайды. Кейін қарт Сүйінбай жас Жамбылдың ақын ретінде қалыптасуына көп ықпал еткен. Жас ақынның талантын байқап қалған Сүйінбай Аронұлы оған мынадай кеңес береді: «Балам, өлеңің жүректің терең түкпірінен жарып шығатын болсын. Жырларың жекелеген адамдарға ғана емес, бүкіл халыққа жағатын болсын. Сенің өлеңдерің адамдарға ақиқат пен әділдікті айтатын болсын. Жырлардың ел ішіне кең жайылып, ауыздан-ауызға таралып жүрсін. Сенің өлеңдерің өзіңнің айналаңда болып жатқан оқиғалар жөнінде болсын. Балалардың әбден жауыр қылып, таптап кеткен жеңіл жолын іздеуші болма» [1] .

Жамбыл содан бастап өлең шығару кейбіреулердің ойлайтынындай ерікеннің ермегі немесе тойынғанның толғауы емес екенін жақсы түсінеді, өлең шығару деген ең алдымен халық өмірін, оның тұрмыс халін көрсету, олардың көңіл күйін білдіру өнері екенін анық аңғарады. Алғашқы өлеңдерінде-ақ бай-манап, би-болыстарды әжуалай бастайды.

Жамбыл қазақ әдебиетінің мол қазынасынан көп нәрсені үйреніп тоқиды, өзінің төкпе ақынға лайық шеберлігін жетілдіре береді. Жамбыл айтыс кезінде көптеген ақындарды жеңіп отырған. Олардың ішінде айтыста ысылған Сарбас, Досмағанбет, Құлманбет сияқты атақты ақындар да бар еді. Бұл кезде суырып салма ақындық өнерін дамыта отырып, үлкен топшылаулар жасай алатын дәрежеге көтерілді, өмір шындығының көкейкесті мәселелеріне батыл бара білді, бұл жай оны өз заманының озық адамдарының қатарына қосты.

Жамбыл шығармашылығынң революцияға дейінгі кезеңінде айтыс үлкен орын алады. Ақындық шеберлігі мен әлеуметтік тақырыптың ұштасуы оның айтыстарын терең мазмұнды етеді. Мұның өзі айтыс кезінде оның өз қарсыластарын жеңіп шығуының алғы шарты есепті болатын. Жамбылдың ақын ретіндегі кемелдігі мен тапқырлығы, әсіресе, аты шулы Құлманбетпен айтысы үстінде көзге түсті:

Жақсылық жамандықты тексереді,

Кім жүйрік, кім шабаны екшеледі.

Елімннің ерлігімен мақтанамын,

Сырт дұшпан бізді көрген сескенеді.

Жалғыз-ақ сен болмасаң таз Құлманбет,

Қай ақынға бұл Жамбыл дос береді.

Батыр Саурық, Сұраншы жауда өлген,

Халық үшін шәйіт болып, жанын берген.

Елді қорғап өлгеннің арманы не?

Қылң қазақ құрметтеп соңына ерген.

Мақтанған байларыңнан оңғаны жоқ,

Төңіректің төрт бұрышын жалман өлген. [5]

Жамбыл қарапайым халық атынан сөйлейді, оның ой-пікірлері мен арман тілектерін білдіреді. Ақын жырының бұл ерекшеліктері оның Досмағанбетпен айтысы кезінде айрықша көрінеді. Тек хандар мен байларды ғана мақтап, оларды басына көтерген, қарапайым халықтың қайғысын көре білмеген Досмағанбетті Жамбыл екі жүзді деп айыптайды.

Жамбылдың ақындық серпіні әсіресе, айтыстағы ерен жүйрікті үлкен әңгіме. Оның ұстанған дәстүрі, шайырлық ерекшелігі, тапқырлығы біраз зерттеліп айтылған. Ұлы ақынның туғанына 100 жыл толуына арналып жасалған «Жамбылдың айтыстағы өнері» деген баяндамасында М. Әуезов айқынның айтыстағы шеберлігін, тапқырлығын терең талдап көрсетті. Айтыста ылғи жеңіске ие болып отыруының негізгі себептерін келтіріп, М. Әуезов былай дейді: «Бар айтысында Жамбыл ел қорғаны болған азаматты арман етеді. Ел бағына туған ұлы азамат шықса, ел көзіндегі жасты тыйса екен, қиял мекеніне жеткізсе екен, жаңа күн туса екен дегеннің арманы. Ол арманның екінші жағы өз заманындағы байға, ұлыққа, қажы-молдаға, төре тілмашқа, болыс-биге ызалы, кекесін болу. Құлманбеттің байларын, Сарбастың жуандарын, Досмағанбеттің дін үгітін, Шашубайдың Байбұландай саудегерін, Бақия, Барлыбектей шенді төрешіктерін Жамбылдың кісі құрым көрмейтіні сол».

Айтыста осындай түйінді ұстап, түбінде сонымен жеңу Жамбылдың айтыстағы негізгі тәсілі, кілті болады. Мұндай дәстүрді бойына дарытқан Жамбыл, әрине, сөздің де асыл маржанын тереді, өткір, жетімді сөздерді іздейді. Халық арасынан шыққан ақын-таланттарды тұншықтыруға тырысқан байлар мен мен патшаның әкімшілік өкімет орындарына Жамбыл батыл қарсы шығады, олардың арам пиғылдарын әшкерелеуге шақырады. Мұның айқын мысалы ретінде 1913 жыл Романовтар әулетінің 300 жылдығына байланысты өлең айтуды талап еткен Верный уездік әкімшілігінің бұйрығын орындаудан оның бас тартуын келтіруге болады. Патшалықты дәріптеуге арналып, Верный (қазіргі Алматы) қаласында көрме ұйымдыстарылады. Қазақ байлары той құрметіне көптеген ақ үйлер тіктіріп, оның ішін әбден жиһаздайды. Байлардың және соларға ұқсас басқа да үстем тап өкілдерінің жағымпаздықтың әшкерелеп, Жамбыл сол жерде «Өстепкеде» атты өлең шығарады. Ол өзінің бұл өлеңінде былай дейді:Үсін, Найман саңлағы

Өстепкеде жиылдың,

Жолдың ұшып шаңдағын

Алматыға құйылдың,

Желді күнгі қамыстай.

Жапырылып иілдің,

Келтірдіңдер намысты,

Бек қорланып күйіндім,

Бүйтіп қызық көргенше,

Өзі жақсы үйімнің.

Шұлғымаймын сендерше,

Керегі жоқ сыйыңның,

Қор болмаймын өлгенше,

Өлеңіме-ақ сыйындым [3]

Қазақ кедейлері мен шаруаларының аянышты ауыр тұрмысы, олардың үстем тап өкілдері тарапынан езіліп, қаналып, азап шегуі Жамбылдың жанына қатты батады. Ол өзінің алдына еңбекші халыққа қызмет етуді, оның арман-тілектерін жырлауды асыл мұрат, қасиетті парыз етіп қояды.

Жамбылдың «Құдайберген болысқа берген жауабы», «Шағым», «Әкеме», «Пұшықтың ұрыға айтқаны», «Жылқышы», «Сыртың бір сұлу жан екен», «Қуғын», «Кедей күйі», «Сәт сайланарда», «Мәмбетке» және басқа өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз сынай мінегенін, оның әр уақытта еңбекші бұқараның ауыр өмірін жырлағанын көреміз.

1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл халықпен бір сапта болып, майданның қара жұмысына адам алу жөніндегі патша әміріне қарсы үгіт-насихат жүргізеді. Патша әкімдері халықтың наразыллығын байқағаннан кейін, қулыққа көшіп, айла-шарғы жасап, еңбекші халықты үгіттемек, алдамақ болады. Бұған қазақ ақындарын, олардың өлеңін, жырын пайдалануды көздейді. Патша әкімдері осы мақсатпен бір топ ақынды (оның ішінде Жамбыл да бар) Верный қаласындағы сарайлардың біріне алып келіп, қазақтардан қара жұмысқа адам алу жөніндегі патша әмірін мадақтап өлең айтуды талап етеді. Бірақ Жамбыл бұл жерде олардың өздерін әшкерелеп, масқаралайтын жыр шығарады. Сонымен жергілікті әкімшіліктің Жамбыл бастаған ақындар тобына деген бұйрығы іске аспай қалады. Патшаның жалдамалы күзетшілері әлгі ақындарды апта бойы қамаса да, оларды көндіре алмайды, ақырында босатып жіберуге мәжбүр болады.

Патша өкіметі халықтың ұлт-азаттық көтерілісін аяусыз жаншып басқаны, оған қатысқан адамдарды, әсіресе басшыларын ұстап жазалағаны тарихтан белгілі. Осы қаралы, ауыр күндердің куәсі болған Жамбыл «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» деген өлеңдер шығарады.

1916 жылғы халық-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл қуғынға ұшырайды. Жамбылдың революцияға дейінгі шығармашылығына тереңірек үңілетін болсақ, біз халық өміріндегі әрбір маңызды оқиғаға оның үн қатып, өзінің көптеген шығармаларында сол тұстағы терең әлеуметтік мәселелерді қозғап отырғанын көреміз. Бұл ақын туындыларының таптық мәнін аңғартады.

Бір жағынан патша әкімдерінің, екінші жағынан жергілікті бай-манаптардың қыспағына түскен халық үнемі қуғын көріп, зорлық зомбылыққа ұшырайды. Осы кезде, яғни жасы жетпіске келген шағында, Жамбылдың ақындық шабыты сарқылғандай болады. Ұлы октябрь социалистік революциясының жеңісі Жамбылды рухтандырып, оған қайта қанат бітірді. Бұл жөнінде «Менің бақытым» атты әңгімесінде былай дейді: «Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар малдарды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күндерді көрдім, таудың асыл тасындай таза ауада тем алдым. Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді, көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді, өлеңдерім көктемдегі Іле өзеніндей тасыды, мен жасардым. Он сегіз жасар жігіттей шағыма келдім». Ұлы октябрь революциясының жеңісі арқасында қол жеткен теңдік пен азаттық тек Жамбылдың ғана қуанышы емес, сонымен бірге бұрын езіліп, қаналып, жаншылып келген барлық еңбекші халықтың жалпы қуанышы болғаны айқын.

Жиырмасыншы жылдардың басында Жамбыл бастаған халық ақындары қазақ ауылдарын социалистік жолмен қайта құру ісіне белсене араласты. Олар кеңестік жаңа өмірді асқан шабытпен, зор қуанышпен жырға қосты [6, 431 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Мектепте Жамбыл Жабаев өлеңдерін оқыту жолдары
Жамбыл Жабаев. Өмірі мен шығармашылығы
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Жыр алабы - Жамбыл
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің тарихы мен қызметі
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Жамбылдың өмір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz