Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау
Диплом жұмысын жазудың күнтүзбелік кестесі
№
Іс - әрекет түрлері
Орындалу уақыты
Орындалу туралы белгісі
Дипломдық жұмысы туралы кеңестер алу, диплом тақырыбын таңдау
Зерттеу тақырыбын бекіту
Зерттеу жұмысына теориялық - әдіснамалық базаны жасақтау
Зерттеу жұмысыныың ғылыми аппаратын жасақтау
1 - бөлімді аяқтау, талдау
Зерттеу базасы, зерттелушілер туралы бастапқы ақпараттарды жинақтау
Тәжірибенің алгоритмін құрау, зерттеу әдістерін пысықтау, жетекшімен бірлесіп талдау
Тәжірибенің өткізу, нәтижелерін сандық және сапалық талдау негізіне шығару
Зерттеуді негізгі қорғау жұмысы алдындағы қорғауға ұсыну
Зерттеу жұмысының техникалық жағын өңдеу, зерттеуге қатысты рецензиялар мен пікірлерді жинақтау
Зерттеу жұмысын қорғау, дипломдық жұмысты ЖОО мұрағатына тапсыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 сӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері.
1.1 Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің лингвистикалық және психологиялық-педагогикалық сипаттамасы ... ... . ... ... ... ... . 9
1.2 Фольклор - балалардың сөйлеуін дамыту құралы ретінде
2 сӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ байланыстырып сөйлеу тілін ДАМЫТУДА ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
2.1. Анықтаушы эксперимент әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Оқыту эксперименттің нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Анықтамалар мен қысқартулар
Білім берудің арнайы ұйымдары - мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру, кеңес беру, оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар.
Екінші ауытқу - баланың негізгі ақауымен пайда болған және оның жеке дамуына кедергі келтіретін кемістік.
Коррекциялық оқыту - ақыл-ой мен физикалық дамуының жетіспеушілігін толықтай немесе ішінара түзетуді мақсат тұтатын оқытудың бір түрі.
СЖТД - сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалар
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Тәуелсіз мемлекет болғанымыздан бастап (1991) білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған мектептерде қазақ тілінде білім беретін сыныптар белсенді түрде ашылуда
Ғылыми әдебиеттерді зерттеу, олигофренопедагогика мен олигофренопсихология салаларында білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеулер жүргізілмегені байқалады. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктерін В.В.Воронкова [1], А.К.Аксенова [2], В.Г.Петрова [3], ал Қазақстандық ғалымдардан Қ.Қ.Өмірбекова [4], К.Ж.Бектаева [5], Г.Б.Ибатованың зерттеу жұмыстары мен оқу-әдістемелік құралдары бар. Олар балалардың сөйлеу тілінің дыбыс айтуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеу тілінің компонеттерін қарастырған, осы мәселеге байланысты әдістемелік ұсыныстар берді.
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың бір жолы фолклорлық шығарманы қолдану болып табылады.
Баланы фольклор түрлерімен таныстыру оның сөйлеу тілін дамытып, тілді эстетикалық қызметте меңгерту құралы болып табылады. Халық ауыз әдебиетінің шағын түрлерімен танысу барысында сөздік қоры байып, бейнелі сөйлеу, ақындық, шығармашылық сөйлеу әрекеті, эстетикалық, адамгершілік ұғымдары дамиды.
Г.С. Виноградова Фольклор - бұл балалық шақтың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне әсер ететін, демек, ең қызықты оқиғалар балалар өмірімен және күнделікті өмірмен байланыстыратын, қуанышты сәттерді еске түсіруге мүмікнді береді - деп жазған.
Балалардың сөйлеу тілін фольклорлық шығармалар арқылы дамыту туралы зерттеу жұмыстарын Ю.Г.Илларионова, Е.И.Тихеева, Ф.А.Сохин, А.М. Бородич, С.С. Бухвостова, О.С. Ушакова, А.П. Усова, К.Д. Ушинский, Е.Н. Водовозова, М.К. Боголюбская, В.В. Шевченко және т.б. жүргізген.Сонымен қатар, қазастандық ғалым Г.Б. Ибатова сөйлеу тілі жалпы дамымаған ІІІ деңгейдегі балалармен логопедиялық жұмысты ұымдастырудың жолдарын көрсеткен. Г.А.Абаева байланыстырып сөйлеу тілінің бағыттаушы критерийлерін ұсынған.
Дегенміне, білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың толық әлеуметтенуінде байланыстырып сөйлеу тілінің маңыздылығын, бастауыш мектеп кезеңінде қазақ тілінде сөйлеу тілін оқыту мен дамыту бойынша бағдарламалық-әдістемелік материалдардың жеткіліксіздігін назарға ала отырып, арнайы зерттеу пәні ретінде біз таңдаған зерттеу жұмысы өзекті деп тануға болады.
Зерттеу мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау және оны дамытуда фольклорлық шығармалар түрлерін қолдану.
Зерттеу пәні - сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалар.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер анықталды:
Қазіргі уақыттағы ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдау.
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау.
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудағы фольклорлық шығармалар түрлерін талдау, жинақтау.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізін сөйлеу тілі қарым-қатынас құралы туралы, сөйлеу тілі мен ойлаудың бірлігі туралы, сөйлеу тілінің тану мен қарым-қатынастағы орны туралы білімдер; Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы [6]; балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы маңызды жағы ретінде ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің психолингливстикалық мінездемесі (Д.Б.Эльконин [7], А.А.Леонтьев [8], Ф.А.Сохин [9], А.М.Шахнарович [10], И.А.Зимняя [11], О.С.Ахманова [12], А.В.Текучев [13], Е.А.Баринова [14], Э.Э.Вильчек [15], Т.А.Ладыженская [16]); қалыптағы балалардың ауызша сөйлеу тілінің қалыптасу заңдылықтары туралы психологиялық-педагогикалық ережелері (А.А.Леонтьев [17], Д.Б.Эльконин [18], О.С.Ушакова [19]); сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру ерекшеліктері жайында олигофренопедагогика ғылымының мәліметтері (В.В.Воронкова [1], А.К.Аксенова [2], В.Г.Петрова[3], Қ.Қ.Өмірбекова [4], К.Ж.Бектаева [5]), Г.Б. Ибатова, Г.А.Абаева құрады.
Зерттеу әдістері: психолингвистикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; педагогикалық тәжірибелер;
Зерттеу базасы:--------------------------.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер білім алуында ерекше қажеттілігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемелік жүйесі арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарындағы оқыту-тәрбиелеу үрдісінде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері: бірінші кезеңде - зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық және лингвистикалық әдебиеттерге талдау жүргізілді; ғылыми аппарат анықталды;
екінші кезеңде сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі туралы мәлімет жиналды;
үшінші кезеңде сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған коррекциялық жұмыс жүйесін ұйымдастыру және нәтижесін эксперименталды түрде тексеру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және тіркемелерден құралады.
І сӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
1.1. Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің лингвистикалық және психологиялық-педагогикалық сипаттамасы
Біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі қазақ балаларының байланыстырып сөйлеуі және оның дамуы болып табылады. Бұл мәселені шешу лингвистикалық, психологиялық-педагогикалық және әдістеме негіздерін қарастырмай мүмкін емес. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың сөйлеу мен ойлаудың бірлігі туралы ой Н.И.Жинкин [20], А.Р.Лурия [21], А.А Леонтьев [22], А.А Люблинскаяның [23] психологиялық зерттеулерінде қарастырылған.
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың ауызша байланыстырып сөйлеу тілін және оның ерекшелігін көптеген лингвистикалық, психологиялық және оқу-әдістемелік зерттеулер арналған (Б.Г.Ананьев [], Е.А.Баринова [], П.П.Блонский [], Л.С.Выготский [], Р.Е.Левина [], А.Н.Гвоздев [], И.Г.Гальперин [, А.В.Запорожец [], Н.Д.Зарубина [], Л.А.Колунова [], М.Леушина [], А.Н.Леонтьев [], Л.С.Рубинштейн [].
Сөйлеу күрделі функционалдық жүйе ретінде айқындалып, оны тілдің ымдау жүйесінің қарым-қатынас процесінде пайдаланады. Қазіргі таңда психология саласында сөйлеу әмбебап қарым-қатынас құралы ретінде қарастырылады.
Сөйлеу-бұл адамның танымдық қызметтің нақты ұйымдастырылған күрделі формасы, оның ішінде қарым-қатынас мақсатында мәлімдемелерді қалыптастыру және ақпаратты қабылдау үрдістері жүзеге асырылады.
В. Фон Гумбольдт сөйлеу әрекеті идеясын алға тартты және тілді адам мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын ретінде қарастыруды ұсынды. Ол алғаш рет тіл біліміне тілдік сана ұғымын енгізді. Танымал лингвист И. А. Баудуин де үлкен үлес қосты, ол тіл идеясын гетерогенді идеялар тобынан тұратын күрделі психикалық құбылыс ретінде дамиды: фонациялық, аудиттік және церебрациялық. Ол адам тілі мен сөйлеуінің кез-келген құбылыстарының мәні тек психикалық құбылыс деп санайды.
ХХ ғасырдың басында Ф. де Соссюр жеке адамның функциясы ретінде тіл (la langue) және сөйлеу (la parole) құбылыстарын, сондай-ақ тілдік қабілетті (faculte du language) қатаң ажыратуды ұсынды. Ол тілді адамдар тобының күш-жігерімен құрылған әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырды, лексика мен грамматиканы тілдің негізгі компоненттері деп санады, ал оның жүйелік ұйымында тілдің негізгі қасиеттерін көрді. Тіл-бұл әр белгінің оны белгілі бір тілдегі кез-келген басқа белгіден ерекшелейтін ерекше белгілері бар жүйе.
Л.С.Рубинштейн зерттеуі бойынша баланың тілі алғашында ситуациялық сипатта болады, бірақ уақыт өте келе даму үрдісінде сөйлеудің қызметі мен мазмұны өзгергеніне қарамастан бала оқу процесінде байланыстырып сөйлеу түрін меңгереді. Алғашқы кезеңдерде баланың сөйлеу тілі өзі дүниеге келген орта мен оның тұратын жақын шындықпен байланысты болады. Л.С.Рубинштейн ситуациялық және контекстік сөйлеу түрлерін бір-біріне қарама-қайшы қоймаған, керсінше екі түрін басым жағдай бойынша ажыратқан. Зерттеуші кез-келген сөйлеу тілінің контексі болады, сонымен қатар кез-келген сөйлеу тілі бір ситуацияға байланысты екенін тұжырымдаған. Балада контекстік сөйлеу тілі дамыған барысында ситуациялық сөйлеу тілін ысырып тастамайды, оған қоса бала үлкендер секілді сөйлеу тілінің мазмұны мен жалпы қатынас жасаудың сипатына байланысты бірде ситуациялық сөйлеу тілін, бірде контекстік сөйлеу тілін пайдаланады. Демек, контекстік сөйлеу тіліне затты байланыстырып мазмұндау керек болғанда ауысады және бұл мазмұндау бірнеше тыңдаушылар ортасына арналады.
А.М.Леушина А.С.Рубинштейннің пікірін қолдай отырып, сөйлеу дағдыларының алуантүрлі деңгейдегі қиындықтардың кезектілігінің өзара қатынасын айтады. Ерте жас кезіндегі сөйлеу тілінде - баяндаудың ситуациялық байланысы қолданылады. Қарым-қатынас тілінің қалыптасуы, қызметінің өзгеруі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының түріне, жағдайына, мазмұнына байланысты. А.М.Леушинаның зерттеуі балаларды ана тіліне оқыту әдістемесінің одан әрі дамуына көп ықпалын тигізді. Бұл ойды О.С.Ушакова да мақұлдаған, сөйлеу тілі көп жағдайда еркін болады: баяндаушы мәтін мазмұнын айту барысында жағымды сөйлеу тілінің түрін таңдайды және оның негізінде өз ойын айтуға ынталанады.
А.А.Леонтьев байланыстырып сөйлеудің ерекшелігін айқындауда монологтік сөйлеудің маңыздылығын көрсеткен. Монологтік сөйлеу - сөйлеудің белсенді түрі деп жазды (сөйлеуші өз баяндауын белгілі бір тәртіппен құрастыра алады және мазмұнынын біледі). Сонымен қатар монолог кезінде бала заттың атын атап қана қоймай, оны суреттейді. Диалог кезінде балада өзін-өзі бақылау дағдысы қалыптасады. Диалогті сөйлеуге үйрету монологтік сөйлеудің тууы және дамуының негізі болып табылады. Ал ауызша байлданыстырып сөйлеу диалогтік сөйлеуге қарағанда монологқа ұқсайды, сондықтан алдын-ала дайындықты қажет етеді.
Л. С. Выготский мектебінің дәстүрлерінде сөйлеу кез-келген басқа зияткерлік қызметке тән барлық белгілермен сипатталатын белсенді және мақсатты әрекет ретінде түсініледі. Психологиялық сөйлеуді қалыптастыру (өндіру) процесін ұйымдастыру қызметтің өзара байланысты фазаларының тізбегі ретінде түсіндіріледі. Л. С. Выготскийдің тұжырымдамасының маңызды әдіснамалық ұстанымы-сөйлеу және ойлау процестерінің өзара байланысы туралы идея. Тілдің өзара байланысты екі функциясы - қарым-қатынас (коммуникативті функция) және жалпылау, ойлау (танымдық функция) "қарым-қатынас пен жалпылау бірлігі"ретінде қарастырылады.
Дж. Брунер бала тілді бірлескен әрекетті реттейтін құрал ретінде үйренеді деп санайды, ал грамматикалық ережелерді игеру назар мен әрекет ережелеріне ұқсас жүреді.
Когнитивтік психологияның танымал өкілі В. Ниссер сөйлеуді қабылдау процесі перцептивтік белсенділіктің басқа көріністерінен түбегейлі айырмашылығы жоқ деп санайды. Оның пікірінше, таным адам қызметінің кез-келген актісінде, оның ішінде сөйлеу әрекетінде де бар.
Дж. Пиаже алғашқылардың бірі болып баланың тілдік санасын қалыптастырудағы биологиялық және әлеуметтік арақатынас мәселесін ғылыми негіздеді. Оның гипотезасы тіл пайда болатын әлеуметтік жағдайлар сенсоримоторлы интеллект дамуының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін жағдайлардың кең жиынтығының бөлігі болды. Дж. Пиаже қарым-қатынас функциясын орындайтын әлеуметтендірілген сөйлеуді және эгоцентрлік сөйлеуді, "өзі үшін"сөйлеуді ажыратуды ұсынды. 3-7 жас аралығындағы эгоцентрлік сөйлеу құбылысын алғаш рет Дж. Пиагет атап өтті және сипаттады, ол оны сөйлеудің коммуникативті емес түрі ретінде анықтады. Оның зерттеулерінде мектепке дейінгі жаста эгоцентрлік сөйлеу басым рөл атқаратындығы және балалардың барлық сөздерінің маңызды бөлігі екендігі анықтады.
Д.Слобин мен Дж. Грина еңбектерінде дамуының бастапқы кезеңдерінде балалардың сөйлеуін зерттелді. Балалардың сөйлеуі ерте кезеңдерде сөйлеу танымдық дамудың бірыңғай заңдылықтарымен анықталады және балалардың ойлау ерекшеліктері мен әлеуметтік өзара әрекеттесуімен тығыз байланысты деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
А. Р. Лурия, отандық нейропсихологияның негізін қалаушы және ХХ ғасырдың бірінші жартысында нейролингвистика тілдік және сөйлеу сипаттамаларының өзара байланысы мен өзара әрекеттесу мәселелерін дамыта бастады. А. Р. Лурияның айтуынша, адам миы-бұл ең күрделі функционалды жүйе, оның жұмысы мидың үш негізгі блогының белсенді қатысуымен және өзара әрекеттесуімен қамтамасыз етіледі. Бірінші блок адамның үнемі белсенді болуын қамтамасыз етеді, екінші блок ақпаратты алуға, өңдеуге және сақтауға жауап береді, ал үшіншісі бағдарламалау, реттеу және ағымдағы қызметті бақылауды жүзеге асырады.
Н.И. Жинкина мен И. А. Зимнейдың зерттеулерінде сөйлеудің психологиялық механизмдері туралы тұтас ғылыми теориялық тұжырымдама көрсетілген. Осы тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес негізгілері-түсіну механизмі, алдын-ала талдау және сөйлеуді синтездеу механизмі немесе сөйлеуді болжау, сөйлеу әрекетін мнемоникалық ұйымдастыру механизмі.
И. А. Зимняя сөйлеу қабілетін сөйлеу әрекетінің міндетті компоненті ретінде қарастырады. Бұл сөйлеу бірліктерін ассимиляциялау және оларды қолдану ережелерін меңгеру процесінде адамның сөйлеу қабілеті бар екенін көрсетеді. Сөйлеу қабілеті тұтас жүйе болып табылады және төрт ішкі жүйені қамтиды: лексикалық, грамматикалық, айтылым және семантикалық.
Білім алуында ерекше қажеттілігі балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері арнайы әдебиеттерде кеңінен қарастырылған, соның ішінде байланыстырып сөйлеу тілінің жағдайы көптеген авторлардың назарында болды. Олар: М.Ф. Гнездилов [34], В.Г.Петрова [35], А.К.Аксенова [22], Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б. Бектаева [36], Л.С. Вавина, Г.И. Гордиенко және т.б. Авторлар білім алуында ерекше қажеттілігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуы баяу қарқынмен дамиды және сапалы өзгешеліктерімен сипатталады, - деп тұжырымдаған. Интеллектуалдық дамуындағы және тілдік бұзылыстарын зерттеу әліде күрделі мәселе және ол жеткілікті зерттелмеген. Зияты зақымдалған балалардың сөздік қорлары олардың таным қызметтеріне, ойлау үрдісіне және қарым-қатынасына, жалпы психикалық дамуына байланысты дамиды.
Қалыпты деңгейдегі және білім алуында ерекше қажеттілігі бар балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің дамуы мен қалыптасу аспектілерінің ғылыми бағыты қазақстан ғалымдардың еңбектерінен де көре аламыз (С.Р.Рахметова [], Б.Б.Баймуратова [],Г.И.Уайсова [58], Л.И.Артыкова [59], К.М.Метербаева, Қ.Қ.Өмірбекова, К.Б.Бектаева, Г.Н.Тулебаева, Г.Б.Ибатова,Г.С.Оразаева және т.б.).
Қазақстандық зерттеушілер мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыстардың бірнеше бағыттарын қарастырған, олар: мәтінмен жұмыс кезінде ауызша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын бақылау; айналамен танысу кезінде; өз ана тілінің лексикасын меңгеру, ұлттық ойындар арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытужәне т.б.
Қортындылай келе, лингвистердің, әдіскерлердің, психологтардың зерттеу жұмыстарында сөйлеу тілінің даму теориясын, баланың сөйлеу тілінің даму заңдылықтарына, тіл қабілетінің табиғатына сай қалыптасқан көзқарастарын төмендегідей саралауға болады:
баланың сөйлеу тілі - бұл тіл құбылыстарының генерализациясының, үлкендердің сөйлеу тілін қабылдауы мен өзінің сөйлеу тілінің белсенділігінің нәтижесінде дамиды;
сөйлеу тілі психикалық дамудың әр түрлілігі: ойлау, есте сақтау, елестету, эмоция үрдістерінің орталығында орналасқан ядросы деп қарастырылады;
ана тілін оқудағы ең басты бағыт тілдік, сөйлеу тілі мен тілдің құбылыстарын қарапайым түсінуін қалыптастыру болып саналады;
Лингвистердің, әдіскерлердің, психологтардың зерттеулері біздің зерттеу жұмысымызға жүйелі келуге алғы шарттар жасады. Біз өз зерттеу жұмысымызда, жұмыс қағидасына - сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру - баланың қоршаған ортамен, ата-анасымен, мұғалімдермен, ересектермен, басқа балалармен өзара әрекеттер жағдайында жүзеге асатын процесс қағидасына сүйенеміз.
Жоғарыда айтылғанды қорыта келгенде, байланыстырып сөйлеу тілінің даму мәселелері көптеген зерттеушілерді қызықтырған. Олардың әрқайсысының ойынан, әңгімелеуге үйрету, мәселені шешуді түсінуіне қатысты көзқарастарынан көре аламыз.
1.2 Фольклор - балалардың сөйлеу тілін дамытудың құралы ретінде
Ерекше қажеттілігі бар баланың жеке тұлғасының үйлесімді дамуына фольклорды белсенді қолдану ықпал етеді. Халық өнері баланың қабылдауы үшін әсіресе қол жетімді екендігі белгілі. Фольклор сияқты жарқын және мәнерлі материал сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізу үшін қажет маңызды эмоционалды күш-жүгер береді. Сондықтан түзету жұмыстарында аффективті қиял мен сөйлеудің қалыптасуын ынталандыратын халық шығармашылықтарын белсенді қолданылуы керек. Қазіргі заманғы ғылымда адамның кейбір тілдік құзіреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін өнімді танымдық-семантикалық категориялар ретінде шағын фольклорлық түрлерді қолданады.
ІІ. Зияты зақымдалған балаларға арналған КОРРЕКЦИЯЛЫҚ 2 сынып оқушыларының ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің жағдайы
2.1 Анықтаушы тәжірибенің әдістемесі
Анықтаушы тәжірибе 2012 -2013 оқу жылының қараша айында Жамбыл облысы Шу қаласы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің зияты зақымдалған балаларға арналған коррекциялық сыныпта өтті. Оның міндеті - зияты зақымдалған балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің даму қалпын тексеру.
Зияты зақымдалған балалардың байланысқан баяндауларды (сөз тіркестері) құрастыру мүмкіндіктерін зерттеу үшін анықтауыш тәжірибе әдістемесі құрастырылды. Әдістемені құрастыру барысында жалпы және арнайы педагогикада, сонымен бірге байланыстырып сөйлеу тілін зерттеу әдістемелерінде қалыптасқан талаптарды ұстандық. Анықтауыш тәжірибе зияты зақымдалған балаларға арналған коррекциялық 2 сынып қазақ оқушыларының ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған.
Зерттеушілер, ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің жағдайы монологиялық сөйлеу тілінің композициялық түрлері: әңгіме, мазмұнын айту, суреттеу, хабарлау, талқылауды көрсетеді.
Бұл зияты зақымдалған 2 сынып оқушыларының ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуге арналған эксперименттің келесідей тапсырмаларын анықтауға көмектесті:
Осы міндетті шешу үшін оқушыларға келесідей тапсырмалар берілді:
Табиғи (шынайы) затты сипаттау;
Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Оқыған мәтіннің мазмұнын айту;
Берілген тапсырмаға сай әңгіме құрастыру.
Көрнекі және сөздік материалдарды іріктеу барысында мектеп бағдарламасының талаптары мен балалардың жас ерекшеліктері ескерілді.
Алынған мәліметтерді талдау көрсеткіштерін анықтауда қазіргі ғылымда қабылданған ережелерге бағындық. Ол ережелерде, сөйлеу тілі адамдармен ақпараттық қарым-қатынас орнату мақсатымен және меңгерілген тәжірибені сөйлеу тілін көрсететін күрделі және мақсатты бағытталған психикалық қызмет.
Жоғарыда біз, байланыстырып сөйлеу тілінің көптеген анықтамалары бар дегенбіз, олар бірін-бірі өзара нақтылап, толықтырып отырады. Сонымен қатар, байланыстырып сөйлеу тілінің дағдыларын дамыту көрсеткіштерінің критерийлері (көрсеткіштері) жеткілікті түрде жоқ.
Біздің зерттеу жұмысымызда, біз В.К.Воробьева мен Т.А.Ладыженскаяның ережелері негізге алынған Ғ.Ә.Абаеваның ұсынған байланыстырып сөйлеу тілінің бағыттаушы критерийлеріне сүйендік.
Осылайша, ауызша байланыстырып сөйлеу тілін талдау негізіне біз, келесідей критерийлер жүйесін анықтадық:
баяндаудың тақырыпқа сай болуы;
композициялық ретті сақтау;
баяндаудың мазмұндылығы;
өз бетімен орындауы.
Балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының дәрежесін анықтайтын басты көрсеткіш, біздің ойымызша, тыңдаушыға белгілі ақпараттық құндылығы бар және айтылымның тақырыпқа сәйкестігі бар балалардың өз бетінше немесе ересектің көмегімен логикалық ұйымдастырылған, толық байланысқан мәтін құрастыру болып табылады.
Хабарлау және суреттеу әңгімелердегі композициялық құрылымы әр түрлі болуы керек. Хабарлау (мазмұнын айту) кезінде мәтіннің композициялық құрылымы келесідей ашылады:
оқиғаның басталуы;
оның дамуы;
оқиғаның аяқталуы.
Г.А.Абаева жоғарыда көрсетілген кестедегі пікірді, хабарлаудың негізінде жағдай, оқиға болатын ойды ұстанады.
Ал суреттеу басқа кесте бойынша бағалануы керек:
объект аталған бөлімде, оның ерекшеліктері мен белгілері, оның жеке бөліктері толық анықталады;
заттың абстрактылы қасиеттері олардың маңызды өзара байланыстарында ашылатын бөлімі - заттардың бірыңғай тобына жатады. Өзге сөзбен айтқанда, баланың бойындағы тәжірибесі мен білімінің көмегімен қабылданғанды интерпритациялау.
Экспериментке 8 бала қатысты, оның бәрінде зияты зақымдалған балаларды халықаралық топтастыру бойынша F 70 диагнозы қойылған, яғни ақыл-ой жетіспеушілігі жеңіл деңгейде.
Анықтаушы эксперимент міндетіне зияты зақымдалған балаларға арналған коррекциялық 2 сынып қазақ оқушыларының ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің даму жағдайы кірді. Бұл сұрақтарды шешу үшін үш сериялы эксперимент жүргізілді. Балаларға мынадай тапсырмалар ұсынылды:
Қай зат алдыңда тұр? Осы зат (алма) туралы маған әңгімелеп берші.
Оқушыға сюжетті сурет ұсынылды. Сол сурет бойынша әңгімелеп беру тапсырылды. Егер оқушы тапсырманы орындауға қиналса, онда оған көмек көрсетілді. Мысалы: суретте не көріп тұрсың? Суреттегі бейнеленген заттар(адамдар) туралы айтшы. Былай баста. Қыс мезгілі.
Мен қазір Қасқыр мен кірпі ертегісін оқимын, сен тыңдап, маған мазмұнын айтып берші.
Жаңа жыл мейрамы есіңде ме? Сол мейрам саған ұнайды ма? Жаңа жылды есіңе түсіріп, сол мейрамды қалай өткізгенің туралы әңгіме құрастырып, айтып бер. Әңгіменің аты - Біз жаңа жыл мейрамын тойладық болсын. Суреттеуге таңданып алынған зат пен заттық сурет балаларға жақсы таныс болған. өз бетімен әңгіме құруға арналған тақырыптар тәрбиешілердің жоспарларынан алынып, балаларға таныс болды.
2.2 Зияты бұзылған балалардың байланыстырып
сөйлеу тілінің даму деңгейлері
Мәтіннің байланыстығының критерийлеріне сәйкес, алынған баяндаулардың талдауына тоқталайық. Жоғарыда көрсетілгендей, біз, келесі көрсеткіштеріне сүйендік:
баяндаудың тақырыпқа сай болуы;
баяндаудың мазмұндылығы.
композициялық ретті сақтау;
өз бетімен орандауы
Осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша алынған мәтіндерді талдаймыз.
Баяндаудың тақырыпқа сай болуы. Байланыстырып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz