Математиканы оқытудың жалпы әдістеріне шолу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ . . .
: 3
МАЗМҰНЫ: 1 МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ…… . . .
: 7
МАЗМҰНЫ: 1. 1 Математиканы оқыту және ұлттық дүниетаным . . .
: 7
МАЗМҰНЫ: 1. 2 Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері . . .
: 12
МАЗМҰНЫ: 1. 3 Жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың маңызы . . .
: 27
МАЗМҰНЫ:

1. 4 Математиканы оқытудағы ғылыми таным әдістері . . .

2 МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ФАКУЛЬТАТИВТІК САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .

:

29

43

МАЗМҰНЫ: 2. 1 Математика пәнінен факультативтік сабақтардың пайда болу тарихы . . .
: 43
МАЗМҰНЫ: 2. 2 Математика бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын талаптар . . .
: 50
МАЗМҰНЫ:

2. 3 Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері . . .

2. 4 «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» факультативтік курсы . . .

:

54

63

МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 68
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 72

КІРІСПЕ

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, егемендік алған тұста осы елдің келешегін жалғастырар, экономикасын, мәдениетін көтерер ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің талабы. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені, қазіргі өркениетке жеткізетін құрал- тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында» былай делінген:

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз иновациялық экономика құра алмаймыз. Барлық деңгейдегі технологиялық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт»- деп «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты президент жолдауында атап көрсетілгендей бүгінгі күн мектептегі білім бері бағытында жаңаша көзқарасты талап етіп отыр.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педогогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беріу қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елбасымыз білім саласына қойылған талаптары ерекше. Біз тәрбиелеп отырған ұрпақ дүниенің кез-келген жерінде білім алуға, қызмет атқаруға қабілетті, ғылым мен техниканың кез-келген саласын меңгере отырып, тіл меңгеру қабілеті жоғары, бәсекесестікке қабілетті болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетніңің ғылыми - педогогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі дамыған қоғам деңгейінде еліміздің ертеңі үшін мектеп қабырғасынан шығармашылық қабілеті дамыған, әлеуметтік белсенділігі жоғары тұлғаларды тәрбиелеп шығару қажеттілік деп санасақ, оның негізі осы математика пәнің оқытуда жатыр.

Математика - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететін пәннің бірі.

Қазіргі уақытта мектепте математиканы оқыту процесі терең қайта құру кезеңін бастан кешуде. Мектеп алдына білім беру мен тәрбиелеудің сапасын арттыру, ғылым негіздерін берік меңгеру, әрбір пәнді оқытудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету міндеттері қойылады.

Математиканы саралап оқытудың қажеттілігін негіздейтін шындық оқушылардың оқу материалын меңгеру қарқынында, меңгерген білім мен іскерлікті өз бетінше қолдану қабілеттерінде орын алып отырған айырмашылықтар болып табылады.

Факультативтік курстар-бұл пән бойынша оқушылардың білімін тереңдетуге, мектеп білім берудің сынып-оқу жүйесі шеңберінде әрбір оқушының мүдделерін ескеруге және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сараланған оқытудың ең жаппай және тиімді түрі.

Математиканы оқушыларға қалай түсіндіру керектігін, оның әдіс-тәсілдерін, жаңа технологияларды дұрыс меңгеруін қадағалайтын осы- математиканы оқыту әдістемесі пәні.

Математиканы оқыту әдстемесі соңғы жылдары қарқынды дамып, мазмұны жағынан да, кемелденіп, әр алуан методикалық әдебиеттер совет-шетел методистерінің, әсіресе Ф. В. Шаталовтың, П. М. Эрдниевтің және т. б. озат тәжірибелерімен қорлана түсті.

Болашақ математика мұғалімі математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұның, әдіс-тәсілдерін, методикалық

зерттеулерді, есеп шығарудың және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану методикасын, оқушыларды оқу ісіне жұмылдыру тәсілдерін, педогогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына

Математика сабағында факультативтік сабақтар жеке оқыту үшін қолайлы және жағдайлар бар. Біріншіден, факультативтік сабақтар үшін оқушылар меңгеруі тиіс білім мен іскерліктің міндетті минимумы белгіленбеген, факультативтік курстар бағдарламалары қатаң, тұрақты емес және айтарлықтай вариацияларға жол береді; екіншіден, факультативтік сабақтар міндетті сынып сабақтарымен салыстырғанда оқушыларға жеке көзқарасты жүзеге асыру үшін көп мүмкіндіктер бар, өйткені факультативтік топ 10-15 адамнан тұруы тиіс, ал мұндай топта материалды зерттеудің жеке қарқыны мен деңгейі туралы нақты мәселе қоюға болады. Бұл параграфта математикадан факультативті өткізуге негізгі ерекшеліктер мен ұсыныстар берілген. Міне, олар қысқаша:

а) Математика пәні бойынша факультативтік курс оқушылардың математикалық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.

б) факультативтік курс оқушылардың өзіндік, шығармашылық және ойлау қызметін қалыптастыруға ықпал ететіндей құрастырылуы тиіс.

в) факультативтік курс практикамен байланысты болуы керек.

г) факультативтік курс оқушылардың факультативтің мазмұнына, сондай-ақ оқу процесінің өзіне қызығушылығын тудыратындай етіп құрылуы тиіс.

д) факультативтік курсты оқыту процесі оның барлық кезеңдерінде даралануы тиіс.

е) факультативтік курс ол бағытталған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленуі тиіс.

ж) факультативтік курста шешуші рөл жаттығуларға бөлінуі тиіс.

з) факультативтік курсты әзірлеу кезінде міндетті бағдарламаның ықтимал бөлімдерін қайталау және тереңдетуді қарастыру қажет.

и) факультативтік курс жаттығуларының жүйесін әзірлеу кезінде оны мұғалім тарапынан оқыту процесіне, оның нәтижелеріне ағымдағы бақылауды қамтамасыз ету және оны барынша жеңілдету мақсаты қойылуы тиіс.

Факультативтік курсты әзірлеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Жоғары сынып оқушысылар оқу үдерісін олардың болашағы үшін беретіні, болашақ қызметі туралы өз пікірлеріне қаншалықты жауап беретіні тұрғысынан бағалайды. Сондай-ақ олар таңдаған мамандығына байланысты қажетті пәндерге көбірек қызығушылық таныта бастайды, олардың оқуға деген қызығушылығы сайлау сипатында болады.

Жоғары сынып оқушыларының психологиясын жасауға болатын негізгі қорытындылар:

- Жоғары мектеп жасында оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін табысты шешу үшін барлық қажетті алғышарттар қалыптасады.

- Бұл алғышарттар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру бойынша оқытудың мақсаттары мен міндеттерін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар білім беру міндеттерін табысты шешу тәрбиелеу мен дамыту міндеттерін шешуден қол үзбей оқыту мүмкін емес жағдайлар жасайды.

- Осы міндеттерді шешу үшін оқытудың білім беру, тәрбие және дамыту міндеттерінің бірлігіне негізделген оқытуға кешенді көзқарас қажет.

- Оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін кешенді шешуге бағытталған оқыту нысандары мен әдістерін жетілдіру, атап айтқанда факультативтік сабақтарды өткізу кезінде осындай тәсілдің мүмкіндігін зерттеу қажет.

Нәтижесінде жоғары сынып оқушыларымен алгебра бойынша факультативтік сабақтар осы сабақтарда оқушыларды білім алуға, тәрбиелеуге және дамытуға кешенді көзқарас жасау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерге ие екендігі туралы қорытынды жасауға болады.

Тақырыптың өзектілігі:

Математиканы оқыту әдістемесін толық қарастыру арқылы математиканы оқытудың өзекті мәселелерін, дифференциалдық теңдеулерді факультативтік сабақтарда оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру әдістерін, жоғары сыныпта факультатив сабақтарын оқытудың әдістемесін нақты ашып көрсету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

- Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселерімен таныстыру (Математиканы оқытудың әдістері, жоғары сыныпта факультатив сабақтарды оқыту әдістерін, ғылыми таным әдістері) .

- Жоғары сыныптарда дифференциалдық теңдеулерді факультативтік сабақтарда оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерімен таныстыру

(факультативтік курс оқушылардың өзіндік, шығармашылық және ойлау қызметін қалыптастыруға ықпал ететіндей құрастырылуы, тереңдетіп оқыту мәселелері, математиканы оқытуда есептің рөлі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту) .

Дипломдық жұмыстың міндеті:

  • Әлемдік білім теңсіздігіне шығуда техникалық бағыттағы ғылым салаларын дамыту, әсіресе математиканың оқыту сапасын көтеру кезек күттірмейтін міндет болып табылады;
  • Математиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін

қалыптастырып, ізденпаздыққа баулу.

- Математика пәні бойынша факультативтік курс оқушылардың математикалық мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы.

- Факультативтік курс оқушылардың факультативтің мазмұнына, сондай-ақ оқу процесінің өзіне қызығушылығын тудыратындай етіп құрылуы.

- факультативтік курсты әзірлеу кезінде міндетті бағдарламаның ықтимал бөлімдерін қайталау және тереңдетуді қарастыру .

  • Оқушылардың инновациялық технологияларды қолдануы;
  • Сабақ уақытын тиімді пайдалану;
  • Мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

Практикалық маңыздылығы: Оқушыларға математиканы оқыта отырып, оларға дифференциалдық теңдеулерді факультативтік сабақтарда оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, сабақта көрнекі құрал жабдықтарды қолдану тәсілдерін меңгерту.

Қазіргі ахуалы: Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында, мектептерде осы математиканы оқыту әдістемесін оқыту басты мәселелердің бірі болып отыр, өйткені тек осы пәнді оқи отырып қана біз болашақта жақсы ұстаз ала аламыз. Бұл пәннің негізі міндеттерінің бірі оқушыларға математиканы оқыту әдсітерін, факультатив сабақтарды оқыту әдістерін, жаңа технологияны меңгеру жолдарын, көрнекіліктерді қолдану тиәсілдерін үйрету болып табылады. Осы пәнді дұрыстап оқыта отырып қана біз білімді де саналы ұрпақ ала аламыз.

Зерттеу обьектісі: Математика сабақтарында жоғары сыныптарда дифференциалдық теңдеулерді факультативтік сабақтарда оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: : дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

Практикалық базасы: Қалалық кітапхана мен АрқМПИ кітапханасының тақырыпқа қатысты кітапшалары, оқулықтары, баспасөз материалдары мен мақалалар жинағы.

І. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  1. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

Қазіргі кездегі қоғамның даму сатысы ғылыми-техникалық прогресс дәуірі деп сипатталады. Бұл дәуірде өндіргіш күштерді дамытуда сапалы өзгерістер болып, ғылым өндірістің жетекші күшіне айналады, ғылыми прогрестің ішкі күштері ұлғайып, ғылыми жаңалықтардың өндірісте қолданылуы жеделдетіледі. Мұндай күрделі және қарқынды прогрестерде күннен күнге маңыздылығы артып отырған математика ғылымы жетекші орын алады.

Математика ғылым мен техниканың тілі, таным әдісі. Оның көмегімен өмірде болып жатқан көптеген құбылыстар мен процестердің математикалық модельдері жасалынып зерттеледі, алдын-ала болжаулар айтылады. Ғылыми техникалық прогрестің негізін құрайтын компьютерлендіру процессі - электронды есептеуіш машиналардың пайда болып, оның одан әрі дамуына байланысты адамдар қызметінің көптеген саласының, өндірістің автоматтандырылуы - математикасыз жүзеге асырылмайды.

Осыған орай ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде жас ұрпаққа математиканың негізін меңгерту, білім беру мен тәрбиелеудің бірден-бір негізгі мәселесі болып табылады.

Математиканың ғылым ретінде дамуы, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай, жеке дәуірлерге бөлінеді. Академик А. Н. Колмогоров математика ғылымының дамуын төрт кезеңге бөліп берді:

  • Көне дәуірден басталып біздің дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырларға

созылған математиканың туу кезеңі. Бұл кезеңде математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді, солардан қорланған ережелер жинағынан тұрды.

  • Математика өз алдына ғылым болып бөлініп шыққан, біздің

дәуірімізге дейінгі IV-V ғасырлардан бастап, біздің дәуіріміздің XVII ғасырына дейін созылған элементар математика кезеңі. Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты - тұрақты шамалардың зерттелуі.

  • Аналитикалық геометрияға айнымалы шамаларды Р. Декарттың

(1596-1650) енгізуімен және И. Н ь ю т о н (1642-1727) мен Г. Лейбниц (1646-1716) жасаған дифференциалдық және интегралдық есептеулерден басталатын айнымалы шамалар математикасын жасау кезеңі. Кезеңнің ақыры математикада маңызды өзгерістер пайда болған. XIX ғ. орта шеніне дейін созылды. Қауырт та жемісті дамудың бұл кезеңінде осы кезде жоғары мектепте, оның ішінде университеттерде, қазіргі математиканың классикалық негіздері ретінде оқытылатын барлық негізгі ғылыми пәндер шықты.

  • Математика пәні мен оның қолданылу ауқымыныың едәуір

кемелденген, көптеген жаңа математикалық теориялардың ашылуымен сипатталатын айнымалы қатынастар кезеңі, яғни XIX ғасырдың ортасынан басталатын қазіргі математика кезеңі. Қазір математика ондаған әр түрлі салалардан тұрады, олардың әрқайсысының өзіне тән мазмұны, өз әдіс-тәсілі және қолданылу аумағы бар [1, 80 б] .

Ф. Энгельс өз заманының математика ғылымын: «Таза математиканың объектісі - шын дүниенің кеңістік формалары мен сандық қатынастары, демек, мұның өзі - өте реалдық материал» деп, аса дәлдікпен анықтап берді.

Математика ғылымы тереңдеп, күрделеніп, зерттеу объектілері кеңейе түсті. Сөйтіп, кеңістік формаларымен сандық қатынастардан басқа болмыс жайында материалдық негізде адамзат ақылымен құрылған анағұрлым жоғары абстракцияларды қамтиды.

Математика пәні, басқа ғылымдар сияқты, өзіне тән төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

  • Математика заттардың абстракцияланған қасиеттерін - сандарды

(заттардың жиынтығы емес) және геометриялық фигураларды (нақты денелерді емес) зерттейді. Зерттеу кезінде математика өзінің абстракцияларын абсолюттендіреді: абстракцияларды даму барысында пайда болған математикалық ұғымдар одан әрі баяндандырылып, берілген мәлімет ретінде қарастырылады. Мәселен, қазір белгілі болса да, нақтылы кеңістіктің қасиеттері Евклид ұйғарған кеңістіктен өзгеше, ол жасаған геометрия, өз мәнін нақты кеңістіктің мүмкін модельдерінің бірі ретінде ғана сақтап қалды.

  • Математикалық нәтижелерді алудың негізгі әдісі - логикалық

қорытынды. Логикалық қорытынды эксперименттік тексеруге сүйенбейді.

  • Логикалық қорытындылардың салдары ретінде математикалық

қорытындылардың ақиқаттығы даусыз. Егер алғашқы сілтемелер қабылданса, онда математикалық жолмен одан алынған нәтижелер де ақиқат болмақ. Ал, алынған нәтижелер тәжірибеден алшақ болса, онда қабылданған сілтемені зерттеу керек.

  • Математикадан пайда болатын абстракциялар нақтылы заттардың

қасиеттерін тікелей жалпылайтын абстракциялардың топологиялық кеңістік, алгоритмдер, жалпы алгебралық жүйелер және т. б. сияқты неғұрлым жоғары деңгейдегі абстракцияларға қарай сатылап дамиды.

  • 5) Математиканың бір ерекшелігі - оның қолданымының

әмбебаптығы. Математикалық моделін жасауға болатын ғылымның кез-келген саласында, қалаған дәлдікте нәтиже алуга болады. Мұнда зерттеуде қолданылатын ұғымдар мен әдістер мазмұннан алшақтаған сайын, осы әдістердің қолдану шеңбері кеңейе түседі. Алайда математиканың әмбебаптығы абсолютгі емес. Математикалық әдістерді қолдану мүмкіндігінің өзі - ғылымның абстрактылық дәрежесін көрсетеді.

  • Ғылымдар жүйесінде, математика айрықша орын алады. Себебі,

математика материалды дүниенің мазмұнынан бөлініп алынған кеңістіктік формалары мен сандық қатынастарын зерттейді. Ал табиғаттану ғылымдары (физика, химия, биология және т. б. ) материя қозғалысының түрлерін немесе информацияны беру (информатика, автоматтар теориясы және т. б. ) түрлерін зерттейді. Ал математика материяның ешқандай қозғалысының түрлерін зерттемейді, демек, математика гуманитарлық ғылымдарға да, табиғаттану ғылымдарына да жатпайды. Ол барлық ғылымдарда қолданылатын ұғымдардың негізін қалайды. Мысалы «жиын», «құрылым» «жүйе»,

«изоморфизм» сияқты математикалық ұғымдар, басқа ғылымдарда да кең қолданылады [2, 205 б] .

Демек математиканы оқып үйрену адамның ақыл-ойының дамуына да үлкен әсер етеді. Оқушы математиканы оқып білу барысында ғылыми таным әдістерін (индукция мен дедукция, жалпылау мен нақтылау, анализ бен синтез, классификациялау мен жүйелеу, абстракциялау мен аналогия) игеру негізінде логикалық ой қорытуға, өзінің ойын дәлелдеп жеткізуге жеке берілген ереже бойынша әрекет етуге, өз жұмысын жоспарлауға, оны орындаудың тиімді жолдарын іздестіруге үйренеді. Математикалық ой қорытулардын әсемдігі мен сұлулығын байқайды және түрлі геометриялық формалар мен симметрия идеяларын қабылдауға үйренеді.

Ал математиканың абстракциялы ұғымдары адамдардың практикалық қажеттілігінен пайда болғаны, математика ғылымының бізді қоршаған дүниені танып білуде және оны меңгеруде, ғылымдар жүйесінде атқаратын рөлі мен алатын орны, ғылыми танымдығы және практикадағы рөлі оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыруға, тәрбиелеуге бірден-бір негіз болып табылады.

Жалпы білім беретін орта мектептерде математиканы оқытудың негізгі мақсаттарын былай тұжырымдауға болады:

- қоғамның әрбір мүшесіне күнделікті өмірде және еңбек ету әрекетіне қажет болатын, мектептегі басқа пәндерді игеруге, үзіліссіз оқып білу жүйесінде өзінің білімін одан әрі жалғастыруеа, математикалық тілді меңгеруге жеткілікті болатын математикалық білім мен іскерлікті оқушылардың игеруін қамтамасыз ету;

- математикалық идеялар мен әдіс -тәсілдер туралы және олардың қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды зерттеп танудағы мақыздылыгы туралы түсінік қалыптастырып, оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындағы қатынастарды өздігінен орнату іскерліктерін қалыптастыру және шыңдау, олардың нақтылы шындықты математикалық әдіс-термен меңгеруіне көмектесу;

- оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікте елестету қабілетін, дуниеге гылыми көзқарасын қалыптастыру, табиғатты ғылыми жағынан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелей алуға үйрету.

Қазіргі таңда қазақ мектептерінде математиканы оқытудың мақсаттарын жүзеге асыруда ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін ескеру өмір талабы болып отыр. Өйткені түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т. б. халықтық рухани сезімін, адамгершілік қасиетін, міңез-құлқын қалыптастырып қоймай дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер, соның ішінде математикалық білім, негізінен мағлұмат береді. Мысалы, табиғаттағы құбылыстар арасындағы қатынастардың сандық сипаты мен нәрсенің табиғи-физикалық кескіні болып табылатын геометриялық формалар қазақ халқының дүниетанымында ұлттық өзіндік сипатқа ие болып, өмірлік тәжірибеде кең қолданыс табуының ғылыми негізін құраған. Жалпы қазақ халқының танымдық мұрасы өте мол. Сол мұраның кейбіреулері «тылсым дүние» сериясынан шыққан «Қазақтардың дүниетанымы» атты кітапта ерекше бір қырынан баяндалған. Қазақ халқының тарихындағы әлі белгісіз немесе ұмытылған рухани мұраларды ашатын және оларды әртүрлі қырларынан көрсететін, жүйелейтін зерттеулер мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер қажетгігі қанағаттандырылатын сәт те алыс болмаса керек.

Олай болса математиканы қазақ мектептерінде оқытуда және оның көмегімен тәрбиелеуде халықтың өзінің даму барысында жинақтаған адамгершілік пен мәдениеттің, білім мен іскерліктін, ең құнды және де күнделікті өмірге қажетті элементтерін жас ұрпақтың бойына дарыту қажетгілігі мектептегі білім беру мақсатын нақтылауды талап етеді [3, 217 б] .

Математикадан білім беру мен тәрбиелеуді ұлттық салт-санамен, дәстүрмен сабақтастыру төмендегі екі мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек:

  • оқушыларға математикадан білімді игертумен сәйкес іскерлікті, дағдыны

қалыптастыру негізінде оларды қазақ ұлтының танымдық мол мұрасымен таныстыру;

  • қазақ халқының ерекше тәрбиелік және танымдық мәні бар баға жетпес

асыл қазынасын (әдет-ғұрып, өлең-жырлар, ұлттық ойындар т. б. ) математикалық білімді оқушыларға саналы игерту мен соған сәйкес іскерлікті, дағдыны қалыптастыруда тиімді пайдалану;

Атап айтсақ: бірінші жағдайда - оқу мазмұньның ерекшелігі математикалық зандылықтардың, фактілердің, сандық қатынастардың, кеңістік формаларының қазақ халқының дүниетанымында қолданыс табуын ашып беруге бағытталуы тиіс. Яғни, бұл жағдайда математикалық білім таным әдісі ретінде пайдаланылатыны көрсетіледі. Ал, екінші жағдайда-қазақ халқының ұлттық мұрасын математикалық білімді игерудің тиімді формасы ретінде пайдалануы көзделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы мектепте математикалық білім беру
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты және оқыту әдістері
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Математиканы оқытудың мақсаттары
Математиканы оқыту әдістемесі
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Математиканы оқытудың арнаулы әдістемесі
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz